Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Конспекты / "Біліктілікті арттыру - уақыт талабы" (қысқа мерзімді курстан алған тәжірибесімен бөлісу)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

"Біліктілікті арттыру - уақыт талабы" (қысқа мерзімді курстан алған тәжірибесімен бөлісу)

библиотека
материалов

БІЛІКТІЛІКТІ  АРТТЫРУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

 

Қазіргі таңда Қазақстандық білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне енуі аясында педагогтің жеке тұлға ретіндегі бейнесі, оның кәсіби біліктілігі айрықша мәнге ие болуда. Себебі педагог білім беру үрдісін жаңартудағы басты тұлға болып келеді. Бұл жаңарудың бастамасы қаншалықты серпінді, шығармашыл болса, ол келіп құятын білім айдыны да сондай дәрежеде болатыны сөзсіз. 
Елбасы Н.Назарбаевтың қазақстандық мұғалімдердің кәсіби дамуы саласындағы жаңа көзқарасы педагогтердің біліктілік арттыру жүйесіне оң өзгерістерді енгізуге мүмкіндік беріп, түбегейлі жаңғыруын шыңдай түсті. 
Осының алғашқы жаңару нышаны ретінде педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру жөніндегі «Өрлеу» біліктілік арттырудың ұлттық орталығы акционерлік қоғамының құрылғанына бір жыл толуда. 
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы міндеттерді шешу мақсатында «Өрлеу» БАҰО» Акционерлік Қоғамының негізгі стратегиялық бағыттарының бірі - педагог қызметкерлердің біліктілігін арттырудың мазмұнын әлемдік және отандық тәжірибе негізінде жаңарту жұмыстарын атқарып, оңтайлы мазмұнды істерді жүзеге асыруда. Осы орайда «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты да алғашқы қадамдарын біршама оңтайлы істерден бастады деуге болады. Ол қадамдар педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстары мазмұнының жаңаша бағытта жүзеге асырылуы. Сондай-ақ деңгейлік Бағдарламалар орталығы құрылуы. Орталықтың құрамындағы білікті жаттықтырушылар үшінші деңгейлік курстарын өткізуде. 
Орталықтың негізгі мақсаты - деңгейлік Бағдарламалар курсы бойынша педагог қызметкерлердің сапалы біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету болып табылады. Осы мақсатты жүзеге асыруда келесі қызметтер аясында мазмұнды істер атқарылуда. Ол қызметтер мазмұнына деңгейлік біліктілік арттыру курстарын өткізу, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының тәжірибесін таратуға қатысу, педагогтердің тәжірибелік жұмыстарын тарату жұмыстарына қатысу, біліктілік арттыру жүйесіне жаңа технологияларды енгізу болып табылады. Ағымдағы жылдың тамыз айында деңгейлік курсынан өткен педагогтер үшін педагогтердің білім беру саласындағы тиімді тәжірибесін жетілдіру, тарату бағыттарында жетекшілік ету, педагогикалық шеберхана, өзекті мәселелерге қатысты форумдар және т.б. мазмұнды іс-шаралар өткізіліп тұрады. Мәселен тамыз айында деңгейлік курстарынан өткен педагогтер үшін «Жаңа толқын» облыстық педагогикалық шеберханасы өтті. Педагогикалық шеберхананың негізгі мақсаты - біліктілікті арттыру деңгейлік курсын аяқтаған мұғалімдердің үздік тәжірибесі негізінде өзгертілген басымдықтарын анықтау. Міндеттері:
-кәсіптік педагогикалық қарым-қатынас үшін жағдай жасау;
-мұғалімдердің педагогикалық практикасында оқудың жаңа бағыттарын пайдалану бойынша тәжірибе алмасуды ұйымдастыру;
-«LessonStudy» тәсілін пайдалану тәжірибесін оқуға мұғалімдердің назарын тоғыстыру. 
Осы мақсат-міндеттерді жүзеге асыру аясында педагогтер өзара жаңаша бағыттағы ұйымдастырылған жұмыстарының мазмұны, оқушыларға білім беру барысындағы жүйелілік жайында тәжірибе алмасып, ой бөлісіп, шеберлік сыныптарын өткізді. Деңгейлік курсынан өткен педагогтердің тәжірибесін педагогикалық шеберхана арқылы тарату дәстүрлі түрде жүргізілсін деген ұсыныстары да қабылданды.


 Осы бағытта жұмыс атқаратын педагог кәсіби біліктілігін арттыруда өз-өзін дамытудың жаңа сатысына көтерілуі тиіс. Қандай да бір әрекеттің нәтижесінде қандай да бір өнім жасалмаса немесе қандай да бір жетістік болмаса мәнсіз болады. Сондықтан мұғалімнің үздіксіз білімін жетілдіріп тұруы жеке жоспарында міндетті түрде белгілі бір мерзімде қол жеткізілген нәтижелер тізімі болуы тиіс. Осы орайда «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты деңгейлік курстарда жүргізілетін жұмыстар¬дың әдістерін, түрлерін, мазмұнын әрдайым жетілдіріп отырады. Бұл біліктілікті арттыру жүйесінің жаңа әдістері болашақта біздің оқушыларымыздың білімінен айқын көрінуіне септігін тигізері анық.


Елбасының білім саласына жасап жатқан қамқорлығын білім беру саласы қызметкерлері толық сезініп, білім сапасын арттыру жолында тынбай еңбек ететіндіктеріне сенімдімін.




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 16.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров156
Номер материала ДВ-346664
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх