Инфоурок Информатика СтатьиБілім беру үдерісін технологияландыру мектептегі білім беру мазмұнын жаңартудың қоры ретінде

Білім беру үдерісін технологияландыру мектептегі білім беру мазмұнын жаңартудың қоры ретінде

Скачать материал

 

«Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп» КММ

 

 

 

 

Тақырыбым:

«Білім беру үдерісін технологияландыру  мектептегі білім  беру

мазмұнын жаңартудың  қоры ретінде».

 

 

 

Информатика пәнінің мұғалімі: Мукушева Гульмира Толегеновна

ШҚО Үржар ауданы, Үржар ауылы

3 деңгей 2012 жылы ИПК Өскемен қаласы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Білім беру үдерісін технологияландыру  мектептегі білім  беру

мазмұнын жаңартудың  қоры ретінде».

Қазақстан Республикасында ел басшылығының адами капиталды дамытудың қажеттілігі мен маңыздылығын түсініп, білім беру жүйесін реформалауды бастауға және жүргізуге жан-жақты қолдау көрсетудің нәтижесінде білім беруді қарқынды дамыту мен жаңғырту мүмкін болып отыр.

Қазақстандық білімді жаңғыртудың жалғастырылуын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік  бағдарламасы қабылданды.Бүгінгі таңдағы білім беру саласының басты міндеті – осы  мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып, осы саланың сапалы қызмет көрсету аясын кеңейту. Бұл бағдарламада әрбір педагогтың бәсекеге қабілеттілігі бүкіл білім кеңістігіндегі бәсекеге қабілеттілікпен байланыстырылады, бұл заманауи жағдайда білімді ақпараттандыру үрдісінсіз дамымайды.

Білімді ақпараттандыру – бұл әлемдік қауымдастық талаптарына сәйкес ақпараттық технологиялардың білім үрдісіне енгізу үдерісі, педагогтың жаңа формациядағы жалпы білім және кәсіби даярлығының сапасын арттыру. 

Қазіргі даму кезеңінде білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісін барынша технологияландыру мәселесі басты орынға қойылып отыр. Мазмұнды және оқыту технологиясын жаңарту негізінде орта білім берудің сапасын елеулі арттыру мақсатында экспериментті «e - Learning» электронды оқыту жүйесі енгізілді.

 e - Learning электрондық оқыту жүйесі - Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына қосылған ауқымды мемлекеттік жоба.[1] 
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық – құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу.
Демек, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік – ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы.
Сабақ үрдісін ақпараттандырудың негізгі мақсаты – оқушылардың ақпараттық ортаға ену дағдыларын қалыптастыру, сабаққа қажетті мәліметтерді іздеу, сұрақтарға жауап алу, ақпараттық ресурстарды пайдалана білу, олардың қайда орналасқанын және қандай мақсатта қолдануға болатындығын меңгерту болып табылады. 
Бұл мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін: 
1.Сабақта оқытудың АКТ - ны тиімді қолдана білу. 
2. Оқушының таным белсенділігін қалыптастыру барысында шығармашылық ізденістің тиімді жолдарын үйрету, білім сапасын көтеру. 
3. АКТ - ны оқытуда тиімділігіне көз жеткізу. 
4. Оқушылардың жеке тұлғасын зерттеу 
5. Оқушылардың пәнге деген тұрақты қызығушылығын тудыру.  
AutoPlay Media Studio бағдарламасының– бұл дискінің автоматты түрде жүктелуін жасайтын бағдарлама. Бұл бағдарлама арқылы электронды оқулық, портфолио, CD\DVD визиткаларын, презентациялар, қарапайым ойындар, электронды фотоальбом, жоғары сападағы бейнефайлдар, қарапайым дыбыстық және бейнелік ойнатқыштар жасауға болады. Электронды оқулықтар оқушының бiлiм сапасын бақылау жүйесiн өзгертуге мүмкiндiк жасайды.

Осы AutoPlay Media Studio бағдарламасының  көмегімен  10 «в» сынып оқушысы  Попов Евгений «Электронды күнделік» құрып ғылыми жобада қорғап  2014 жылы       ІІІ-орынға ие болды.   Дәстүрлi оқытуда әр оқушы оқытушы тарапынан бақылау өте жиi болмай қалуы да кездеседi, ал электронды оқулықтың көмегiмен оқыту үрдiсiнiң әр кезеңін бақылай алады. Тiптi кейде тапсырманың дұрыс орындалуын ғана қадағалап қоймай, қате орындаған жағдайда оқулықтың тарауына, керектi тақырыбына немесе қажет ақпарға сiлтемелер берiп отырады. Бұл оқушы үшiн, электронды оқулықтар бiрiншiден үлкен көмек, жеңiлдiктер туғызса, екiншiден, сол материалды автоматты түрде бақылап, әдiл бағасын беруге, оқушыға қажетiне қарай кеңес беруге, сол жайында барынша мәлiмет алуға мүмкiндiк жасайды. Лабораториялық жұмыстардың да әдiстемелiк нұсқалары; бiлiмдi бағалау критерийлерiн айқындайтын тапсырмалар; бақылау тестiлерiнiң жинағы немесе сол электронды оқулықты ашып отырған жерінен интернет желісіне қатынап Padlet, Kahoot.it e-learning Apps, ойын түріндегі тестілеу бағдарламасына қатынап тест тапсырмасын орындау және нәтижесін көруге болады. Телекоммуникациялық құрылғыларды қолдану арқылы консультация түрлерi мен графигi; керекті бейне роликтерге тез қатынау мүмкіндігі жасалды. 

11 «в» сынып оқушысы Русланова Әсель НК-Графика бағдарламасында информатика, математика, физика, черчение және геометрия  т.б пәндерде ең тиімді және ұтымды бағдарламасында қалай қызықтығып есептер шығару жолдарын көрсетіп, ғылыми жобасын  2015 жылы қорғап шықты.



 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан әлемдік білім беру кеңістігіне енуі отандық білім дамуының стратегиялық жоспарын әзірлеуді және соған орай ұлттық білім жүйесінің жетістіктері мен білім дамуындағы жалпы әлемдік үрдістерді ескеретін жаңа үлгісіне көшуді талап етуде.

Білім бере отырып, тиімді жолмен жаңа заман тұлғасын қалыптастыру әр ұстаздың мақсаты екені анық. Білім мазмұнын жаңартудың ғылыми негізіне оқушы белгілі бір қажетті біліктер мен дағдылардың иесі, оқу әрекетінің субъектісі, әр түрлі мәдениеттер мен өз көзқарасы тұрғысынан білімді, сауатты, өз ойын дұрыс әрі шебер жеткізе білетін, мәдениетті тұлға.                                 Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Білім берудің мақсаты - жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алған терең білімнің, кәсіби дағдыларының негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті, дені сау жеке тұлғаны қалыптастыру керек» делінген.  «Адам ұрпағымен мың жасайды» дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз – оқу. «Надан жұрттың күні – қараң, келешегі - тұман» деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өспейтіні сияқты жас ұрпағымызда тәрбиелемесек өспейді, өнбейді.  

7 «д» сыныбындағы оқушы Delphi 7  бағдарламасында  Казбанов Виктор «Үрджар райский –уголок» деп туған жерге деген сүйіспеншілігін осы ғылыми жоба арқылы елге таратпа электронды оқулық жасап қорғап гран-приді иелеңді.

         

Қорыта келе айтарым, оқу үрдiсiнде электронды оқулықты қолданудың маңызы өте зор. Бүгінгі таңда ұстаздардың алдында тұрған міндет ақпараттық коммуникациялық технологияның жетістіктерін пайдалана отырып оқушының білімін, ойлау қабілетін, ерік-жігерін, шығармашылықпен өз бетімен жұмыс жасай білетін заман талабына сай бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Сонымен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану ерекшеліктеріне байланысты білім беру саласында электрондық оқыту құралдарын дайындау күн тәртібіндегі негізгі мәселе болып саналады. 

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің //Қазақстан халқына Жолдауы/,2014 
2. ИФМ журналы және МИФ, газеттер мен ұстаздарға арналған журналдар.

3.  «Өрлеу»  Бағдарлам 3 деңгей 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Білім беру үдерісін технологияландыру мектептегі білім беру мазмұнын жаңартудың қоры ретінде"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Инструктор по туризму

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 966 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.04.2016 1452
    • DOCX 4 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мукушева Гульмира Толегеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мукушева Гульмира Толегеновна
    Мукушева Гульмира Толегеновна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11056
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Создание и обеспечение электронного архива с использованием информационно-коммуникационных технологий

Специалист по формированию электронного архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 36 человек

Курс профессиональной переподготовки

Математика и информатика: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель математики и информатики

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 53 человека

Курс профессиональной переподготовки

Информатика: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель информатики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 151 человек

Мини-курс

Основы классической механики

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методика образовательных игр с детьми раннего возраста

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 36 человек

Мини-курс

Фитнес: вопросы здоровья и безопасности во время тренировок

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе