Білім
беру мазмұнын жаңарту жағдайында музыка сабағын оқытудың мазмұндық және
технологиялық аспектілері
Елбасымыз Н.Ә Назарбаевтың халыққа жолдауында айтқанындай
«Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына
сай білім қажет. Қазақстанда 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең
ететін-білім. Қазіргі заманда жастарға ақпаратты техникамен байланысты әлемдік
стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет »деп атап
көрсеткеніндей, инновациялық әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдану жаңаша білім
берудің бір шарты.
Болашақтың бүгінгіденде нұрлы болуына ықпал етіп,адамзат
қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп өркендеуін
,өркениетті дүниеде өзіндік орын алу оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, дамыту
бағытына байланысты. Қазіргі кезде білім беру саласын ,қамтудың әр түрлі
техникалық құралдарын пайдаланусыз елестету мүмкін емес. Сондықтанда ,уақыт
талабына сай білім мазмұнын жаңарту –бүгінгі күннің басты міндеті. Еліміздің
білім беру жүйелерінде ХХ1 ғасыр жастарына білім беру мен тәрбиелеу бағытында
сан алуан жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда қоғам алдында
қойылып отырған басты міндеттердің ең бір өзектісі –бүкіл білім жүйесін
түбегейлі жаңартып,дүниежүзілік деңгейге сәйкес келетін жастарға сапалы білім
беруге жағдай жасайтын және олардың үйлесімді дамуына ,жеке бастың тұлға
ретінде қалыптасуына бағытталған жаңа үлгідегі әдістеме жасау.
Ал мұғалімнің негізгі ұстанған мақсаты-білімнің жаңа
үлгісін жасап,белгілі бір көлемдегі білім мен білік дағдыларын меңгерту,оқу
материалын қаншалықты меңгергенін бақылаудың сан түрлі жаңа әдіс-тәсілдерін
іздестіру ,жаңа техналогияларды сабақта тиімді пайдалана білу.
Бүгінгі таңда
білім беру мазмұнын жүйелі жаңарту жағдайында
сапалы біліммен қамтамасыз ету басты орында тұр. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың
Қазақстан халқына жолдауы «Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді
Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек» деген қатаң
қағиданы ұстана отырып, оқу үрдісі жан-жақты жаңа әдіс-тәсілдермен ұштастырылып
оқушылардың өз бетінше өмір сүрулеріне қажетті білім алу дағдыларын
қалыптастырып бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу мақсат етілуде.
Әдістемелік және ғылми материалдарды зерделей келе ,сабақтарда
түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып,ақпараттық-коммуникациялық технологияларды
пайдалану білім берудегі ең маңызды әдістерінің бірі болып табылатынына көзіміз
жетіп отыр.Осы технологиялар арқылы оқушылардың сабақтарымда сын тұрғысынан
ойлау қабілеттерін дамыта отырып,тұжырымдау, пайымдау, дәлелдеу,салыстыру
дағдыларын дамыта алдым.Жаңа технологияларды ,техникалық
құралдарды сабақта жан-жақты қолдану ,мұғалімнің көптеген
қиындығын қызметтерін жеңілдетіп,осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерінің
пайда болуына мүмкіндік туғызады.
Музыка өнері жеке тұлғаның дамып,
қалыптасуында аса маңызды роль атқарады. Музыка адам саласына, жүйке жүйесіне
ықпал ететін ерекше психофизиологиялық құбылыс болып табылатын дыбыстар арқылы
бейнеленеді. Ал ол дыбыстар – түрлі биіктік пен күштіліктегі жай дыбыстар емес,
адам сезімін бейнелеуші, реттеуші сұлулық заңына сәйкестенген әсерлі әуен
өрнектері.
Әуен-саздың жеке тұлғаның дамып,
қалыптасуындағы әсер-ықпалына адамдар өте ерте кезде-ақ назар аударған. Адамзат
қоғамының дамуының ең алғашқы кезеңдерінің өзінде оны идеялық-психологиялық
қару ретінде қолдана білген.
Музыка – қоғамдық сананың формасы ретінде адамдардың эмоционалдық сезіміне
тікелей ықпал етуші эстетикалық тәрбие құралы. Музыкалық шығармаларды
аспаптарда ойнап үйрену, орындау жеке тұлғаның эстетикалық,
эмоционалды-сезімдік, құндылықты сана-сезімін дамытып, қалыптастырады,
әсемдікті қабылдап, сезінуге талпындырады. Ол эстетикалық тәрбиенің басты
мақсаты болып табылатын жеке тұлғаның эстетикалық талғамын, эстетикалық идеалын
қалыптастырады, болмыстағы құбылыстар мен өнер туындыларындағы әсемдікті саналы
түрде қабылдай білуге үйретеді және өзіндік шығарымпаздық қабілеттерін
дамытады7
Ендеше, адамның рухани дүниесіне әсер ететін
педагогиканың ең күрделі саласы болған музыка сабағында оқушыны жаңа қоғамға
қалай дайындаймыз? Бұндағы басты факторлар:әлемдік стандартқа сай білім беру,
бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу, табысты өмір сүру дағдыларын қалыптастыру
болып табылмақ.
Ұшқан құстай дамыған қоғамда өсіп келе жатқан
қазіргі таңдағы бар ақпаратпен жан-жақтылы қаруланған оқушыларға білім беру мен
оларды таңғалдыра алу оңай болмасы анық. Сондықтанда білім беруші педагог
мамандары кәсіби шеберлігі ұшталған, заманға сай, байқағыш, дарынды,
жасампаздықты меңгерген,этикалы, инновациялды,өн бойынан нәр беретін тұнып
тұрған сарқылмас қазына болуы талап етіледі.
Балаға музыка сабағының басқа пәндерден ерекше екендігін
сезіндіру, музыка сабағында ән салдыру,
балаларды аспапта ойнауға үйрету, балалардың эстетикалық сезімдерін
қалыптастырып әрі қарай дамыту, осылайша музыкаға деген қызығушылығы мен
эмоциялық көзқарасын қалыптастыра алу, музыка сабағындағы болып жатқан
әрекеттерге
қызығушылықпен,әуестендіре алу арқылы әлемдік
стандартқа сай, бәсекеге қабілетті тұлғаны даярлай алу музыка пәнінің мұғалімдеріне байланысты шешім болып табылады.
Сондықтанда оқушыларымның музыка пәнінің адам өміріндегі маңызын ұғынып, алған
білімдерін шынай өмірде қолдана білуге үйрету үшін сабағымда 7 модульді
ықпалдастыру арқылы көптеген жетістіктерге қол жеткіздім. Мысалы: «АКТ»-ны
сабақта пайдалану арқылы интеративті тақтамен тиімді жұмыстар жүргізіп,
интернет кеңістігінде еркін жүріп оқушыларға концерттен
үзінділер,композиторлардың өмірі, сергіту жаттығулары, мультимедиалық көрініс
т.б. ресурстармен тікелей байланыс жасау арқылы сабағымды түрлендіре отырып
оқушылармен сынып ішінде қызықты жұмыстар атқардық.


Мұнымен қатар, әлемнің түпкір-түпкірінен қосылған нәтижелі идеяның туындысы «Cын тұрғысынан ойлау
страгетиясын» сабағымда жиі қолдандым. Бұл үшін ең әуелі сабақты «Көршінің
суреті» атты зейінді шоғырландыру, «Өзім туралы кластер» тренингімен қызықты
әрі көңілді бастап,
«Молекула» Қатысушылар атомдар секілді қозғалыста болады.
Жүргізуші белгілі санды айтқанда, атомдар молекула құрайды. Мысалы, «үш»
дегенде, үш адам бір-бірінің қолынан ұстасып, 3 атомнан тұратын молекула
құрайды.
«Сені көргеніме қуаныштымын...»
жаттығуы
Мақсаты: Қатысушылардың жағымды жақтарын анықтау.
Әрбір қатысушы өз көршісіне келесі сөздерді айтады: «Мен сені көргеніме
қуаныштымын, себебі ...». Бұл сөйлемді адамның сыртқы келбетіне байланысты
сөзбен емес, мінез ерекшеліне байланысты сөзбен аяқтау керек.
Үй жұмысын «Бағдаршам», «Айналмалы бекет» т.б. секілді әдістер
арқылы сұрадым.
Қол соғу, бағалау парақтарын пайдалану, бірін- бірі бағалау,
критерийлер арқылы бағалау, «Жарайсың, ...» сөйлемі арқылы бағалау және
жетістіктерін мөлдір тақтада көрсету сияқты бағалау түрлерін қолданса, кез
келген сабақтан оқушының ынтасы артып,бәсекелестікпен оқуға итермелейді деп ойлаймын.

Жаңа сабақ бастамас бұрын оқушыларға өз ойын ашық айтуға рұхсат
бердім, сабақты «Ой қозғау» әдісін қолдану арқылы композиторлардың өмірі, әннің
шығу тарихы туралы әңгімелер т.б. бейне материалмен бастап түрлі сұрақтар қойып
отырдым. Бұл кезеңде оқушыларға сын тұрғысынан ойлауды тудырып ойлануға уақыт
беруге тура келді және оқушылардың сан түрлі ой-пікірлерін тыңдай отырып, дұрыс
пікір айта алмаған ішін-ара оқушыларға ұрса жөнелмей, керісінше бағыт-бағдар
беріп жетекшілік жасау арқылы көпшілік алдында өз ойын еркін,ашық айтуға
барынша жетеледім. Оқулықпен жұмыс барысында «INSERT» әдісі,
композиторлардың рөлін сомдап оқушылардан қызықты сұрақтар мен жауаптар алу
үшін «Ыстық орындық» әдістерін қолдана отырып сабақты сан қырлы тәсілдермен,
жүздеген ой-пікірлермен бөлістім! Сабақ соңында белсенділік танытқан оқушыларға
смайлик шаптап қолдау білдірдім және оқушылардың ішкі уәжіне құлақ түру үшін
сабақ соңында «Кері байланыс» жасап отыруды дағдыға айландырып оқушы үніне
барынша назар аудардым.

Оқушының
сабақты меңгергендігін немесе меңгере алмағандығын біліп отыру үшін оқушы мен
мұғалім арасындағы кері байланыстың да маңызы өте зор. Сабақ соңында үнемі кері
байланыс жасап, келесі сабақтарды сол арқылы қайтадан түсінік жұмыстары
жүргізіліп отырса, оқушыда кем- кетік қалған жерлері толықтырылып, сынығы
бүтінделеді деп ойлаймын. Кері
байланыстың мына түрлерін үнемі қолданып отыруға болады.

Нәтижесінде, ақпараттық коммуникациялық
технологияларды кеңінен қолдануда оқушыларым еркін ойланып ақыл –ойларын дамыта
түсті,шығармашылық белсенділіктері артып, ұжымдық іс-әрекетке көшті,алған
білімдері кеңи түсумен бірге және сабақты меңгеру процесі жеңіл болды! СТО
технологиясымен жұмыс нәтижесі тіпті керемет!
Оқушылардың өз-өздеріне деген сенімділіктері мен
оқуға деген ынталары артып, тыңдай білу және өз пікірін еш ойланбастан ашық
білдіру, проблемаларды бірлесе шешуге ат салысу дағдылары қалыптаса бастады.
Оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігі
артқасын сабақта білім сапасының артатыны сөзсіз. Ұлы неміс педагогы А.
Дейстербергтің «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім
оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойға үйретеді» – деген еді. Сондықтан да
оқушы белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеретін, ойлауға үйрететін ол –
жаңа инновациялық әдіс-тәсілдері болып табылады. Барлық оқушы өз қызметін ең
төменгі жеңіл тапсырмаларды орындаудан бастайды да, оларды міндетті түрде толық
орындап болғаннан кейін ғана, келесі күрделі деңгейдегі тапсырмаларды орындауға
көшіп отырады. Бұл оқушылар арасында бәсекелестіктің және әр оқушының өз
қабілетіне, қызметіне сәйкес жоғары деңгейге көтерілуіне толық жағдай жасайды..
Өтілетін тақырыптарға байланысты қызықты сергіту ойындарын ойнатудың да сабақ
сапасын арттыруға ықпалы көп.
Қазіргі кезде Қазақстанның білім берудің
ұлттық үлгісі қалыптасуда. Мұны дамытуда, мектептегі әдістемелік қызметті
ұйымдастыру мен басқаруда әдістемелік бірлестіктердің маңызы зор. Нақты айтар
болсақ, бірлестіктерде сабақты зерттеуді жоспарлау, эвалюациялау және мұғалім
жұмысының рейтінгісінде назарда ұстау қажет.
Елбасымыз Н.Назарбаев білім мен ғылым қызметкерлерінің екінші
съезінде «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары.
Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан
жүктелетін міндет өте ауыр» деген болатын.
Олай болса, оқытумен тәрбиелеудің
әдіс-тәсілдерін, жаңашыл педагогтардың тапқан әдістемелерін біліп қана қою жеткіліксіз,
оны әркім өз мүмкіндігінше күнделікті сабақта пайдалану қажет. Мұғалімнің оқушы алдына беделді болуы, оның жауапкершілігіне,
қамқорлығына, талап етуіне байланысты. Қазіргі музыка сабағын арнайы
жабдықталған музыкалық кабинетсіз елестету мүмкін емес. Әр мұғалімнің
эстетикалық талғамына сай безендіріледі және онда міндетті түрде музыкалық
аспаптар техникалық және көрнекті кұралдар болуы шарт. Сонда ғана музыка сабағы нәтижелі болып білім сапасы онан әріге арта
түспек!!!
ҚОРЫТЫНДЫ
Оқытушының көшбасшылық қабілеті ең бірінші сабаққа даярлықтан
басталады, яғни, өтілетін сабақтың жоспарын құру, оны өткізу әдістемесі,
оқушылардың қабілеттерін, жас ерекшеліктерін ескере отырып, иллюстрация,
техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды пайдалану. Мұғалімнің осы
шығармашылық әрекеті арқылы оқушының шығармашылық қабілеті қалыптасады. Ал,
көшбасшылық қабілеттер шығармашылық елес, шығармашылық ойлау арқылы жүзеге
асады. Оқушыны шығармашылық ойлауға, жылдамдыққа, икемділікке, тапқырлыққа үйрету
ол мұғалімнің әр сабағында қалыптасып отыратыны анық.
Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың «Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана,
шәкірт жанына нұр құя алады», – деген сөзі ізденімпаз, жаңаша ұстаздарға
арналғандай. Мұны әрбір оқытушы жадында сақтауы тиіс
Қазақстанның болашағы жасөспірім, жас ұрпақтар біз оларға
болашақта үлкен сенім артамыз. Олардың сол сенімді орындауы үшін біз оларға
үлкен жол көрсетуіміз керек. Әрбір оқытушы өз ісімен, шеберлігімен оқушыға
жеткізе отырып, оны жан – жақты тәрбиелеп санасына құйып отырса, сонда қазақтың
туын көкте желбіретіп, биіктерге асқақтатады және де білімді де білікті жастар
саны артады деп сенемін.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.