Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Білім беру саласы: Қатынас. Таным. Әлеутеттік орта. Бөлімі: ҚМТҚ. Көркем әдебиет. Тақырыбы: Ертегілер еліне саяхат

Білім беру саласы: Қатынас. Таным. Әлеутеттік орта. Бөлімі: ҚМТҚ. Көркем әдебиет. Тақырыбы: Ертегілер еліне саяхат


  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:



Білім беру саласы: Қатынас. Таным. Әлеутеттік орта.

Бөлімі: ҚМТҚ. Көркем әдебиет.

Тақырыбы: Ертегілер еліне саяхат

Мақсаты: Жыл бойы оқыған ертегілерді естеріне түсіріп, қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыруды жалғастыру.

Міндеттері:

Балалардың жыл бойы меңгерген білімдерін пысықтау.

Заттарды сол жақтан оң жаққа оң қолмен тізіп қою дағдыларын бекіту. «Қанша», «Сонша» «Бірдей» ұғымдарды қолдануға жетілдіру.

Заттарды биіктігі, ұзындығы бойынша салыстыруға жаттықтыру.

Заттарды бір-бірінің үстіне қою арқылы салыстыру әдісін бекіту.

Заттардың негізгі қасиеттерін атап ажыратуға үйретуді жалғастыру (түсін, пішінін, көлемін).

Оң және сол қолдарын анықтап білу дағдыларын меңгеруге жалғастыру.

Балалардың ойлау қабілетін,тілін, танымдық қызығушылығын,логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың түрі: Қорытынды

Билингвальды компонент: тышқан – мышка

бақа – лягушка

қоян – заяц

Көрнекіліктер: Үйшік, «Үйшік» ертегісінің кейіпкерлері (ойыншықтар), сиқырлы ұшақ-кілемше, қоңырау, орман пейзажы бейнеленген картинасы, уақыт мезгілдерін анықтауға арналған суреттер

Үлестірмелі құралдар: әр балаға 5 шырша, 5 саңырауқұлақ, ұзындығы әр түрлі екі жолақ, екі жолды жолақ, моншақтың жібі салынған жолақ, пішіндер (шаршы, шеңбер, үшбұрыш)

Сабақтың барысы:

- Балалар, біздің бүгінгі күніміз сәтті, көңілді өту үшін біз бір-бірімізбен таңертең кездескенде «Қайырлы таң!» тілейміз (балалар бір-біріне «қайырлы таң!» тілейді). Осы сиқырлы сөзді келген қонағымызға да тілейік.

- Ал сендер ертегілерді жақсы көресіңдер ме? Қандай ертегілерді білесіңдер? (б.ж: «Бауырсақ», «Шалқан» «Маша мен аю» «Үш аю» т.б)

- Олай болса, біз бүгін бір ертегісіне қонаққа барамыз. Ол қай ертегі екенін өздерің айту керексіңдер. (Тәрбиеші үзіндісін оқиды: Алаңда бір үйшік тұр...)

- Саяхатқа сиқырлы ұшақ-кілеммен барамыз.(Тәрбиеші кілемді жаяды) Бәріміз кілемшеге отырып, сиқырлы сөздерді қайталайық: 1.2.3.

Ұшақ-кілемше ұш!

- Міне, «Үйшікке» де жеттік, қараңдар, біз уақытында келіппіз үйшік әлі бос екен, ертегі басталмапты.

- Балалар, орындарына отырып, мұқият тыңдаңдар: Алаңда бір үйшік тұр. Оны алыстан тышқан көріп қалып, неткен керемет үйшік, бұл кімдікі? (тышқанды алып шығарып көрсетеді)

- Балалар, қалай ойлайсыңдар, тышқан «ұзын» немесе «қысқа» жолмен үйшікке дейін тез жетіп қалады? Біз тышқанға «қысқа» жолды көрсету керекпіз. Сендердің алдарыңда екі жолақ жатыр, олардың ұзындығы және түстері әртүрлі. Жолақтарды бір-бірінің үстіне салып салыстырайық. (Балалар жолақтарды бір-бірінің үстіне салып салыстырады, тышқанды қысқа жолаққа отырғызады)

- Жарайсыңдар, балалар, тышқанға қысқа жолды дұрыс көрсеттіңдер. Үйшіктің есігі ашылып , тышқан ішке кіреді.

- Үйшікті бақа көреді: неткен керемет үйшік, бұл кімдікі? (бақаны алып шығарады) Бақа секіріп келе жатқанда моншағын жоғалтып алыпты. Сендерден көмек сұрайды. Көмектесейік пе бақаға? Тәрелкелеріңде геометриялық пішіндер жатыр, осы пішіндерден бақаға моншақ тізіп берейік. Мені мұқият тыңдап, қай пішінді мен атаймын сол пішінді жіпке тізіңдер. (балалар параққа салынған жіпке пішіндерді тізіп, тәрбиешінің үлгісімен салыстырады)

-Балалар, бақа өте қуанышты, әдемі моншақ жасадыңдар. Енді бақа үйшікке кіріп тышқанмен бірге тұрды.

- Секеңдеп, секіріп алаңқайға қоян келеді, ал онда катар-қатар шыршалар тізіліп тұр. Сендердің алдарыңда да тәрелкеде шыршалар бар, оларды сол жақтан оң жаққа жолақтың үстіңгі жағына тізіп қойыңдар. Естеріңе түсіріңдер, қайда оң қолдарың, қайда сол қолдарың. Шыршалардың қасында секіріп-секіріп қоян бір шыршаның астынан саңырауқұлақ көріп қояды. Бір саңырауқұлақты бір шыршаның астына қойыңдар. Қанша саңырауқұлақ? (біреу) Қанша шырша? (көп) Не артық, не кем? Содан соң қоян әр шыршаның астында саңырауқұлақтар бар екенін байқайды. Әр шыршаның астына бір-бір саңырауқұлақтан қойыңдар. Қанша саңырауқұлақ? (қанша шырша, сонша саңырауқұлақ, бірдей, тепе-тең )

- Балалар, енді қоянмен ойнай тұрайық. Сергіту сәті «Ұзын құлақ сұр қоян...»

- Қоян үйшікке кіріп, бәрі бірге тату өмір сүреді.

- Тыныш, тыныш, шуламаңдар, мында тағы біреу келе жатыр. Әрине түлкіжан.

-Түлкіжан, сен неге сондай көңілсізсің? Балалар, түлкіжан ормандағы достарымен келіспей қалыпты, ол: «түнде ойнаймыз», «таңертең ұйықтаймыз», «кешке балабақшаға барамыз», «күндіз кешкі асты ішеміз» - деп болмайды екен. Көмектесейікші, дұрыстап берейікші.

- Қай мезгілде біз тұамыз, балабақшаға барамыз? (таңертең)

- Қай мезгілде далаға шығып ойнаймыз? (күндіз)

- Қай мезгілде балабақшадан үйге барамыз? (кешке)

- Қай мезгілде төсектерімізге жатамыз, тәтті ұйқыға батамыз? (түнде)

- Сендер қандай ақылды балаларсыңдар! Енді түлкімен «күн мен түн» ойынын ойнайық, мен қоңырауды сылдырлатып тұрсам – бұл күн, сендер серуендейсіңдер, сылдырлатқанды қойсам – бұл түн, сендер тізелеріңді бүгіп отырып, ұйықтайсыңдар.

- Түлкіжан тышқанмен, бақамен, қоянмен бірге тұра бастады. Олар қанша болды?(көп)

- Қасқыр да қоңыс тойына келіп, сыйлық әкелді. Сыйлығы – әдемі сурет. Суретте нелер өсіп тұр? (ағаштар) Бұл қандай ағаштар екенін білесіңдер ме? (шырша, қайың ағашы) Олар бірдей ме? (біреуі биік, біреуі аласа) Қай ағаш биік? Қай ағаш аласа? Суретте нелер ұшып жүр? (көбелектер) Көбелектер қай жақта ұшып жүр?(жоғары жақта) Төмен жақта тағы не өсіп тұр? (саңырауқұлақтар) Жоғары жақта тағы не бар? (бұрттар, күн) Күннің түсі қандай? (сары) Қай пішінге ұқсайды?(шеңберге) Шеңберге тағы қандай заттар ұқсайды? (сағат, доп, алма, машинаның дөңгелектері т.б)

- Қасқыр да бәрімен бірге үйшікте тұра бастады.

- Орманмен аю келеді , ол да үйшікте тұрғысы келеді. Кірем-кірем деп сыймады.

- Олай болса мен шатырда тұрамын – деп, шатырға шығады. Үйшік бір жаққа қыйқайып, «тарс» етіп сынып қалды. Тышқан, бақа, қоян, түлкі, қасқыр үйшіктен әйтеуір жүгіріп аман-есен шыққынға үлгерді.

- Біреулері бөрене тасып, біреулері тақтай аралап, өздеріне үлкен үйшік салып алды. «Бірлік бар жерде тірлік бар» деп, бекер айтпаған. Енді үлкен үйшікте бәріне орын жетеді.

- Ертегі басталмас бұрын үйшікте неше аң болды? (біреу де болған жоқ)

- Содан соң қанша болды? (көп)

- Ал неше бақа үйшікте? (біреу)

- Дұрыс, қоян біреу, түлкі біреу, қасқыр біреу...., ал барлығы көп. Біздің топта да қанша бала? (көп) Ләйлә деген қыз нешеу? (біреу) Мансұр деген ұл қанша? (біреу)

- Жарайсыңдар балалар! Үйшіктегі аңдар сендерге тосын сый дайындап қойыпты. Мына тәттілерді сыйға тартқылары келеді. Қейпкерлермен қоштасып, ұшақ-кілемшемізге отырып, тобымызға қайта оралайық.


Автор
Дата добавления 25.05.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров98
Номер материала ДБ-098628
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх