Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Директору, завучу / Другие методич. материалы / «Білім беру технопарк» жобасы авторы және жоба жетекшісі п. ғ. к. Нұрсұлтан Назарбаев, Білім беру Қорының кеңесшісі Ф. Я.Вассерман «Биоақпарат және синергетика» технологиясын пайдалана отырып, оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Директору, завучу

«Білім беру технопарк» жобасы авторы және жоба жетекшісі п. ғ. к. Нұрсұлтан Назарбаев, Білім беру Қорының кеңесшісі Ф. Я.Вассерман «Биоақпарат және синергетика» технологиясын пайдалана отырып, оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.

библиотека
материалов

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Гуманитарлық- педагогикалық колледжі


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі ұсынған жалпы орта білім беретін мектептерде сапалы білім беруді басқару «Биоақпараттану және синергетика» (БжС) технологиясы, «Білім беру технопарк» жобасы.

Технология авторы және жоба жетекшісі п. ғ. к. Нұрсұлтан Назарбаев, Білім беру Қорының кеңесшісі Ф. Я. Вассерман, Ғылыми жетекші п. ғ. д. , профессор, РБАИ БМ кеңесшісі Жайтапова А. А.

Технологиялық карталардың базасы жаратылыстану-ғылыми және қоғамдық ізгіліктік бағыттарға негізделген.


hello_html_m42d19012.jpg


Әдістемелік нұсқаулық


«Биоақпарат және синергетика» технологиясын пайдалана отырып, оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.

(2015-2016 оқу жылының инновациялық технологияларды оқыту

процессіне енгізу жоспарына сай)








Ақсукент 2015-2016 оқу жылы

Колледждің әдістемелік кеңес отырысында қаралды және бекітуге ұсынылды. Хаттама №____ «____» ____________2015ж.




Колледж әдіскері____________А. Қ. Мамбетова



«Дизайн» пән бірлестігінің отырысында қаралып, бекітілді.

Хаттама № ___, «_ _»__желтоқсан__ 2015 ж.


Пән бірлестігінің төрайымы ____________ Ш. Х. Наркулова



Құрастырған оқытушы ___________ Р. Г. Жунисбекова




Аннотация: Әдістемелік нұсқауда "«Биоақпарат және синергетика» технологиясын пайдалана отырып, оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру. " Жаңа инновациялық технологияның бірі ретінде Ф. Я. Вассерманның «Биоақпарат және синергетика» технологиясын қолдану жолдарын көрсету. 11-алгоритмдік картамен жұмыс жасау әдістемесімен танысу. Қазақстанда сертификатталған технологиялары қатарында.






















А л ғ ы с ө з


Жаңа инновациялық технологияның бірі ретінде Ф. Я. Вассерманның «Биоақпарат және синергетика» технологиясы 1999-2000 оқу жылынан бастап сабақтарды Қазақстанда бірнеше мектеп осы технология бойынша өткізіп келеді. Біздің әдістемелік тақырыбымыз «Биоақпарат және синергетика технологиясын пайдалана отырып, оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру. »

Биоақпарат дегеніміз- биологиялық кеңістіктегі бірнеше ақпараттың алмасу заңдары мен принциптері.

Синергетика дегеніміз- күрделі ( бір қалыпты емес) жүйелердің өзін-өзі басқаруы.

«БжС» технологиясының басқа технологияларға қарағанда ерекшелігі бар. «БжС» технологиясы үш жақты қамтамасыз етеді: оқу, даму, тәрбие.


Қатысатын оқытушылар: Р. Г. Жунисбекова-спикер. М. Қайнарбекова, Е. Қосқұлақов. М. Мырзаев, М. Абдулхаков.

hello_html_1d751b77.jpg













«Биоақпарат және синергетика» технологиясын пайдалана отырып, оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.

Семинарда қолданылатын материалдар: Слайд-презентация, видеожазба, тренингтер, маркерлер.  
Оқыту әдістері:Сұрақ-жауап, түсіндіру әдісі «Галерия», «БББ», «Ойлаудың бес гүлі».  
Дерек көздері: Әдістемелік нұсқау. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.
Тапсырмалар: Топтық талдау, салыстыру
. Қазіргі уақытта білім сапасына қойылатын мақсат- білім сапасын арттыру. Бүгінгі таңда білім беру саласында әртүрлі сипаттағы және бағыттағы инновациялар енгізілуде. Азды-көпті мемлекеттік жүргізіліп, мазмұнға, ұйымдастыруға оқыту әдістері мен технологияларына жаңалықтар кіруде. Білім беру саласына енген жаңалықтарға мына өзгерістерді жатқызамыз:
- оқу тәрбие мекемелерінің жаңашыл басқарылуы;
- білімнің қоғамдағы орны және сол жүйені қаржыландыру деңгейін арттыру;
Білім сапасын арттырудың бір жолы ол жаңа инновациялық технологияларды енгізу.

Осы технологиямен өткізілген сабақты дәстүрлі сабақпен салыстыратын болсақ:


«БжС» технологиясымен

Дәстүрлі сабақ

Даму

Оқу

Тәрбиелеу


Бір жақты


Өлшемдер болады

Өлшемдер нақты болмайды

Сабақтың әр бөлімінің сапасын анықтауға болады

Әр сабақ бөлімінің сапасы анықталмайды

Қазіргі сәтте 11 базалы технологиялық картаның 5 көрсетілген. Олар: «Алгоритм», «Биоинтернет», «Жаттықтырғыш», «Ауызша сабақ-1» және «Ауызша сабақ-2». Аталған карталар МББЖМС сәйкес оқытудың жоғары сапасына жету міндеттерін шешеді. Карталар 11 жылдық тәжірибе нәтижесі бойынша жаңартылып және жетілдіре толықтырылған. : алгоритм, биоинтернет, жаттықтырғыш, ауызша сабақ 1, ауызша сабақ 2, ауызша сабақ 3, қисын, көшбасшы, КТС, БАЖ.

Өлшемдер:

1. КЕФ- күрделілікті есептеу формуласы.

ТКШ- төменгі күрделілік шегі

АКШ- аралық күрделілік шегі

ЖКШ- жоғары күрделілік шегі

Мысалы: математика пәні бойынша:

ТКШ- 1-5 аралығындағы сандар 124+542

АКШ- 1-9 аралығындағы сандар 167+283

ЖКШ- 5-9 аралығындағы сандар 689+759

Қазақ тілі пәні бойынша:

ТКШ- жай сөйлем

АКШ- күрделі сөйлем

ЖКШ- салалас құрмалас сөйлем

2. Нормативті уақытты анықтау- 5 оқушы + 30 секунд

Сабақтың сапасы - 63%

3. Сөздік қор өлшемі:

1-класс- 25 сөз

2-класс- 31 сөз

3-класс- 37 сөз

4-класс- 44 сөз

Сөздік қор үшке бөлінеді:

  1. Жалпы сөздік қор – ана тілінде белгілі уақытта нормативтік мөлшерге сай сөз жазу.

  2. Арнайы сөздік қор – белгілі уақытта жеке пәндерден меңгерілген тақырып бойынша нормативтік мөлшерге сай пәндік терминдер, түсініктер ережелер жазу.

  3. Тақырыптық сөздік қор – ана тілінде белгілі уақытта тақырыпқа байланысты нормативтік мөлшерге сай пәндік терминдер , түсініктер, ережелер жазу.

Сөздік қорды орындау уақыты – 5 минут.

Сергітулер түрлері:

Жылдамдық – Бұл сергіту барлығы 9 жылдамдықтан тұрады. Мұғалім кез-келген 100-ге дейінгі санды айтады, мысалы 16, балалар хормен 17 деп жауап беру керек. Егер бүкіл сынып бірдей айтса онда екінші жылдамдыққа көшуге болады.

Талаптар: балалар жауабы өте тез және бірдей болуы керек. Балалардың үш рет қателесуі немесе бірдей жауап бермеуі, осы сыныптың жылдамдығын қайта анықтауына себеп болады.

Тақ немесе жұп сандармен өткізуге болады. Мысалы: 2,4,6,8,. . т. б. немесе керісінше 98,96,94,. . т. б.

Күрделендіру: Жылдамдық сергітуде операциялық символдарды тез ауыстырып өткізуге болады, плюс және минус. Мысалы: 1-жылдамдық мұғалім 12+ дейді, жауап 13, немесе 17- дейді, жауап 16.

Сергітулер үнемі ауыстырылып тұрғаны жөн. Ондай болмаған жағдайда сергітулер қызығушылықты немесе мәселенің мәнін жоғалтуы мүмкін. Сергіту уақыты- 5минут.

Есте сақтау- жылдамдық параметрі 9-жылдамдық. Көлемі-7. Мысалы: мұғалім 7 дейді, оқушылар хормен 7 дейді.

Күрделендіру: мысалы: мұғалім 1268 дейді, оқушылар хормен 1269 дейді.

Есте сақтаудың көріністі дамуы. Қолдануы: тақтаға 7-14-21 тірек сөздер жазылады. Тақтадағы тірек сөздердің 3-4 өшіреміз. Оқушылар жетпей тұрған сөзді есіне түсіріп орнына қояды. Жаттауға 30 секунд уақыт беріледі.

Арнайы психологиялық сергітулер.

  1. Босаңсыту сергітулері:

А) сол қолмен жазу, синхронды жазу(екі қолмен), сандар, әріптер, геометриялық фигуралар.

Б) дауыссыз дыбыстарды әндетіп айту,хормен жақсы әндетіп айту деңгейіне дейін.

2. Ауыстырғыш сергітулер.

А) өткен сабақтан алған әсер сақталып, зейіні төмендеген жағдайда көңілді өтіп жатқан сабаққа бұру үшін.

Б) еңбек, дене шынықтыру сабақтарынан кейінгі сабақтарға зейінін аудару үшін.

Қолдану тәртібі:

А) көзді жауып қойып өткізеді. Керемет адамдардың өмірі туралы тарихтар, аңыздар, мифтер айтылады. Балалар тақырыпты көз алдына келтіріп, сабаққа деген қызығушылығын сезінеді.

Б) вирусқа қарсы- алгоритмикалық түрде жазбаша тапсырмалар беріледі. Мысалы: 100-ге дейінгі жұп сандарды жазу. Мұғалім тапсырманы орындауда кедергілер жасайды. Осы кедергілерге қарамастан тапсырмаларды дұрыс орындаған балаларды мұғалім марапаттайды.

3. Ұйымдастыру сергітулері.

Ережелерді,түсінікті, терминді хормен айту. Дұрыс амалдарды ұжым болып айту. Қиын сөздерді, сөз тіркестерін ұжым болып айту.

4. Құрылымды сергітулер.

Технологиялық карталау негізі.

Шын мәнінде технологиялық карталардың сипаттамасы мұғалім мен оқушылардың (мақсатқа жету, ұйымдастыру, бақылау және реттеу іс-әрекеті) іс-әрекеттерін суреттей келе технологиялық жобалау мен құрастыру деңгейінде білім беру үрдісін елестету болып табылады. Технологиялық карта оқу іс-әрекетін басқарудың негізі болып табылады. Педагогикалық әдебиеттерді зерттеп қарағанда, қазіргі заманғы оқыту үрдісінде басқару мақсатының, олардың жетістікке жету әдістері мен тәсілдерінің бір-бірімен байланыстылығы жеткіліксіз жасалынған. Атап айтсақ, мысалы, 1 кестеде (В. С. Кукушинаның классификациясы бойынша) таңдау жетістіктерін анықтайтын, олардың 16 түрлі себебін ескеруді қажет ететін, мұғалім тарапынан берілетін оптималды оқытудың әдіс-тәсілдерін жоспарлау үрдісі көрсетілген.

- 1. В. С. Кукушина бойынша оқыту әдістерін таңдауға әсер ететін себептер тізімі.

Себептер

Себепке әсер етеін коэфф.

Орын

1

Оқыту мақсаты. Қажетті жетістікке жетудің оқыту деңгейі

0,90

1

2

Оқытудың ынталандыру деңгейі

0,86

2

3

Оқытудың заңдылық ұстанымдарын жүзеге асыру

0,84

3

4

Жүзеге асырлатын талаптар мен мазмұндар көлемі

0,80

4

5

Оқу материалының күрделілігі мен мен қажетті өлшем шегі

0,78

5

6

Оқушылардың дайындық деңгейі

0,65

6

7

Оқушылардың белсенділіктері, қызығушылықтары

0,65

7

8

Оқушылардың жасы, оқу жұмысына жарамдылықтары

0,62

8

9

Оқыту дағдыларының қалыптылығы. Оқытудағы жаттығушылық пен шыдамдылығы

0,60

9

10

Оқыту уақыты

0,55

10

12

Өткен алдыңғы сабақтағы әдіс-тәсілдерді қолдану

0,40

12

13

Сабақтың типі мен құрылымы

0,38

13

14

Оқу еңбегі үрдісінде қалыптасатын (бірге жұмыс жасайтын және билік жүргізуде) мұғалім мен оқушы арасындағы бір-бірімен қарым-қатынасы

0,37

14

15

Сыныптағы оқушылар саны

0,36

15

Осы кестенің талдауы, оқыту әдістерінің оптималды таңдалуына көрсетілген себептерінің сәйкес келуі негізінде жатқаны көрсетілген. В. С. Кукушинаның ойы бойынша – осы кестенің авторы – қазіргі таңдағы оқытудың көптеген жағдайларда теоретикалы – көп ықпал ету әдістеріне сүйене отырып, олардың қолдануға болатын мүмкіндіктері бар. Сонымен қатар, автор ескертеді: шын мәнінде үнемі алдын-ала болжанбаған кездейсоқтық әсер етеді. Одан басқа да, біздің ойымызша, әсерлілік себептері 3 кестеде көрсетілген. Оқытудың сапасын төмендететін объективті себеп-салдары болып табылатыны алдын-ала болжанбаған салдарлармен кездейсоқтықтардың санының өсу дәрежес, өз коэффициенттерінің шегімен азаюын көрсетеді. Нақты айтқанда, мұғалімге – оптималды әдістерді ешбір сәтті нәтижелі кепілдіксіз таңдауды міндеттеме жүктеледі. Бұл мәселелер тудырып, қарама-қайшылықтарды, бір жағынан оқытудың талап ететін сапасын алуды, екінші жағынан тұрақты нәтижені алудың әсерлі тәсілдерінің жоқтығын көрсетеді. «БжС» технологиясында осы аталған мәселелердің барлығы да технологиялық карталар арқылы шешіледі. Онда №1 кестеде көрсетілген сабаққа қойылатын процессуалды талаптардың барлығы да қоса қамтылған мәселелерді шеше алады. Сонымен, үнемі жаңғыртылған және тұрақты нәтижеге жетуге болады. Мұғалімнің сабаққа деген минималды уақытпен дайындалған, кез келген сабақты аса жоғары сапамен өткізуге мүмкіндік беретін барлығы 11 технологиялық карта құрылған.

Технологиялық карта бойынша жұмыс жасау ережесі.

Құметті мұғалімдер, технология – бұл қажетті сапаны қаматамасыз ететін, іс-әрекет бұйрығы мен жоспарын орындайтын технологиялық регламентпен шектелген, іс-шаралар мен үрдістен тұратын жүйе. Технология 1999 жылдан бастап өңделуде. Тәжірибелік фазаны, технологияны өңдеуге 100-ден астам мектеп және бес мың мұғалім қатысты. Сондықтан да, бүгін біз Сіздерге «БжС» технологиясының аса жетілдірілген кәсіби нұсқасы 2011 жылғы үлгісін ұсынып отырмыз. Технология ИСО 9000 стандарт талаптарына сәйкес өңделген. Бұл стандарттың философиясы, барлық оқушылар оқу үрдісінде сапаны жетілдіруге қатысатын сапа саясатына сай стандартты анықтайды. Осыған орай технологиялық карта бойынша жұмыс жасау барысында оқушыларды мұғаліммен бірге жалпы мақсатқа, нәтижеге жетуге жетелейтіндей баулуды қажет етеді. Карта бойынша жұмыс жасау ережесімен оқушыларды таныстыруды, және де пәнді меңгеруде сабақ барысында олардың ойларын дамытуға мақсатталғаны жайында хабардар етуді қажет етеді. Мысалы: барлық сабақ барысында балалар жасайтын шапалақ олардың зейіндерін арттыруға қызымет етеді. Шапалақ тек «Алгоритм» картасында ғана міндетті болып табылады. Бірақ, оларды басқа карталарда ұйымдастырушылық шаралар ретінде зейіндерін сабаққа аударуға қолданылуына тыйым салынбайды. Тапсырмаларды тексеру шараларын дұрыс орындауды аса қажет етеді. Бұл оқу материалдарын диагностикалау мен өлшемдік шегін анқытауда алынған ақпараттардың объективтілігін анықтайды.

Әрбір оқу сабақтары типінің өз қисыны бар: Кіріспе сабақ: мотивация > меңгерілетін тақырыпты елестету > практикалық және әлеуметтіліктің мәнін ұғыну > түйсіну.

1 тип Оқу сабақтарының меңгерілуі және жаңа материалды біріншілік бекіту бойынша мынадай қисында болады: мотивация > оқушылардың субъективті тәжірибесін өзектендіру > қабылдауды ұйымдастыру > ұғынуды ұйымдастыру > түйсіну. Түсінудің біріншілік тексерілуі > біріншілік бекітуді ұйымдастыру > талдау > түйсіну.

2 тип Білімді бекіту және іс-әрекеттер бойынша оқыту сабақтары: мотивация > алдыңғы білімдері мен іс-әрекеттер тәсілдерін өзектендіру > стандартты және өзгермелі жағдаяттарда білімді қолдану үлгісін құрау > білімді өз беттерінше қолдану > бақылау және өздік бақылау > түзету > түйсіну.

3 тип Білім мен іс-әрекеттер тәсілдерін кешенді қолдану бойынша оқыту сабақтары: мотивация > білім мен іс-әрекеттер тәсілдері кешендерін өзектендіру > жаңа және ұқсас жағдаяттарда өз беттерінше білімін қолдану > бақылау және өздік бақылау > түзету > түйсіну.

4 тип Білім және іс-әрекеттер тәсілдерін жалпылау мен жүйелеу бойынша оқыту сабақтары: мотивация > оқу материалдарының мазмұнын талдау > оқу материалдарының негізгісін бөліп алу > жалпылау және жүйелеу > пәнішілік және пәнаралық байланысты қалыптастыру > түйсіну.

5 тип Білім және іс-әрекеттер тәсілдерін бағалау мен түзету, тексеру бойынша оқыту сабақтары: мотивация > өз беттерінше тапсырмаларды орындау > өздік бақылау > бақылау > талдау > бағалау > түзету > түйсіну.

«АЛГОРИТМ», «БИОИНТЕРНЕТ», «ЖАТТЫҚТЫРҒЫШ» КЛАССИКАЛЫҚ ҮШТІК ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАЛАР «ҮШТІК» КАРТАЛАР ОҚЫЛАТЫН ТАҚЫРЫПТАР БОЙЫНША ББД МЕҢГЕРУДЕ МЖББС ТАЛАБЫН ОРЫНДАУҒА НЕГІЗДЕЛГЕН.

Үштік карталардың бірі «Алгоритм» сабақтың келесі екі түріне жатады: Кіріспе сабақ: мотвация > оқытылып жатқан тақырыптың бейнесін елестету > практикалық және әлеуметтік мағынаны ұғыну > түйсіну.

1 тип –жаңа материалдарды оқып білу мен бастапқы бекіту сабақтары келесі қисынға ие: мотивация > оқушылардың субъектілік тәжірибесін өзектендіру > қабылдауды ұйымдастыру > ұғынуды ұйымдастыру > түйсіну. Түсініктің алғашқы тексерілуі > алғашқы бекітуді ұйымдастыру > талдау > түйсіну.

«ҮШТІК-АЛГОРИТМ» карталарының негізгі технологиялық міндеті – мынадай тізбектерді өңдеу: білім – қарапайым білік – қарапайым дағды.

Мақсаты: оқушылардың максималды санымен жаңа тақырыпты сапалы меңгерууге жету. ББД бойынша борыш деңгейін анықтау. Тақырыпты түсіндіруде кемшіліктерді анықта және жою. Жетістікке жеткен адам көрсеткіші ретінде, пәнді сапалы меңгеруге қызығушылық таныту және ынталану.

Міндеті: технологиялық карталардың регламентінің орындалуы.

Күтілетін нәтиже: алға қойылған мақсатқа жету.

1. Оқушылар саны бойынша жаңа оқу материалын ЖКШ (жоғары күрделі шектік) деңгейінде м ұғалімнің пәндік құзыреттілігі мен сабақ нәтижесін анықтау.

Оқушылар саны

Деңгейі

Нәтиже

7 оқушыға дейін

ЖКШ

1. Дағды бойынша борышкерліктің жоғарғы деңгейі. 2. Мұғалімнің пәндік құзыреттілігінің төменгі деңгейі.

7-ден 14 оқушыға дейін

ЖКШ

1. Дағды бойынша борышкерліктің орташа деңгейі. >2. Мұғалімнің пәндік құзыреттілігінің ортаі деңгейі.

14 оқушыдан және одан жоғары

ЖКШ

1. Дағды бойынша борышкерліктің төменгі деңгейі. 2. Мұғалімнің пәндік құзыреттілігінің жоғары деңгейі.

«Алгоритм» картасының технологиялық сызбасы.

1 тип Жаңа материалдарды оқып білу мен бастапқы бекіту сабақтары келесі қисынға ие: мотивация > оқушылардың субъектілік тәжірибесін өзектендіру > қабылдауды ұйымдастыру > ұғынуды ұйымдастыру > түйсіну. Түсініктің алғашқы тексерілуі > алғашқы бекітуді ұйымдастыру > талдау > түйсіну.

<

1

Ұйымдастыру кезеңі

Үй жұмысы тексерілмейді – бұл жаңа тақырып. Алдыңғы тақырып аяқталған деп саналады және түйсінуді қажет етпейді. Оқушылардың мотивациясы сынып бір топ ретінде болады: тақырыптар уақыты жылдық жоспар бойынша көрсетіледі. Сыныптық-топ < оны максималды қысқа уақыт аралығында жоғары нәтижемен үш карта бойынша өтуі қажет. Мұғалім тақырыптарды оқу барысында үштік карталар бойынша уақытты үнемдеуге және «Қисын», «Көшбасшы», «КТС» карталарында ойнау мүмкіндіктеріне мәлімет береді .

Жұмыстың реті карта бойынша түсіндіріледі. Сыныпты белсендіру үшін < сөз көшбасшыға беріледі.

2

1 цикл «Байқау» «Оқушылардың субъективті тәжірибелерін өзектендіру»

ОӘЖӘ сызбасы бойынша бірінші түсіндіру.

1. Түсіндіру уақыты У1 (У1=х тақтаға жазу).

3

Қабылдауды ұйымдастыру

Тапсырмаларды орындау. Оқушылар бірдей бір шапалақ ұрады, «Байқау» сөзін дәптерлеріне жазады және жұмысқа кіріседі. Мұғалім сынып ішінде аралап жүреді және бірінші түсіндіруден соң оқу материалын сыныптың меңгерген дәрежесін талдайды

Үш тапсырма: ТКШ – АКШ – ЖКШ Жұмыстың аяқталуы 5+30.

4

Ұғынуды ұйымдастыру

Түйсіну Жұмыс аяқталғаннан соң оқушылар дәптерлерін алмастырады, «Қолдағы қаламсап – бұл қателік» бұйрығы беріледі. Тапсырмаларды орындаудың кезеңді тексерілуі. Орындау сапасы әрбір деңгейде жеке анықталады. Тақтада мынадай жазу болады: ТКШ =; АКШ =; ЖКШ =.

Жұмыс аяқталысымен тақтаға бірден барлық жауаптарды жазуға тиым салынады.

5

2 цикл «Бекіту» «Оқушылардың субъективті тәжірибесін өзектендіру»

Екінші түсіндіру. Мұғалім сыныптан сұрақ-жауап алады және өз ойынша оқушылардың көбі жіберген қателіктер бойынша ОӘЖӘ сызбасы кезеңіндегіден жаңаша түсіндіруді бастайды. Түсіндіру уақыты бірінші кезеңдегі түсіндіруден 2 есе кем болады.

1. Түсіндіру уақыты У2 (У2=х тақтаға жазу).

6

Қабылдауды ұйымдастыру

Тапсырманы орындау. Оқушылар бірдей екі рет шапалақ ұрады, дәптерлеріне «Бекіту» сөзін жазады және тапсырманы орындауға кіріседі. Мұғалім сынып ішінде аралап жүреді және бірінші түсіндіруден соң оқу материалын сыныптың меңгерген дәрежесін талдайды.

Үш тапсырма: «Егер-онда» сызбасы бойынша. Жұмыстың аяқталу 5+30.

7

Ұғынуды ұйымдастыру Түйсіну

Жұмыс аяқталғаннан соң оқушылар дәптерлерін алмастырады, «Қолдағы қаламсап – бұл қателік» командасы беріледі. Тапсырмаларды орындаудың кезеңді тексерілуі. Орындау сапасы әрбір деңгейде жеке анықталады.

Тақтада мынадай жазу болады: ТКШ =; АКШ =; ЖКШ =. Жұмыс аяқталысымен тақтаға бірден барлық жауаптарды жазуға тиым салынады.

8

3 цикл. «Жады» «Оқушылардың субъективті тәжірибесін өзектендіру»

Үшінші түсіндіру. Мұғалім сыныптан сұрақ-жауап алады және өз ойынша оқушылардың көбі жіберген қателіктер бойынша ОӘЖӘ сызбасы кезеңіндегіден жаңаша түсіндіруді бастайды. Түсіндіру уақыты екінші кезеңдегі түсіндіруден 2 есе кем болады.

1. Түсіндіру уақыты У2 (У2=х тақтаға жазу).

9

Қабылдауды ұйымдастыру

Тапсырманы орындау. Оқушылар бірдей үш рет шапалақ ұрады, дәптерлеріне «Есте сақтау» сөзін жазады және тапсырманы орындауға кіріседі. Мұғалім сынып ішінде аралап жүреді және бірінші түсіндіруден соң оқу материалын сыныптың меңгерген дәрежесін талдайды.

Үш тапсырма: «Егер-онда» сызбасы бойынша. Жұмыстың аяқталу 5+30.

10

Ұғынуды ұйымдастыру

Жұмыс аяқталғаннан соң оқушылар дәптерлерін алмастырады, «Қолдағы қаламсап – бұл қателік» бұйрығы беріледі. Тапсырмаларды орындаудың кезеңді тексерілуі. Орындау сапасы әрбір деңгейде жеке анықталады. Тақтада мынадай жазу болады: ТКШ =; АКШ =; ЖКШ =.

Жұмыс аяқталысымен тақтаға бірден барлық жауаптарды жазуға тиым салынады.

11

Түйсіну

1. Сыныпқа байланысты ОӘЖӘ сызбасы мен материалды меңгеру деңгейі анықталады. 2. «Биоинтернет» картасымен жұмыс жасау бойынша сарапшылар тобы анықталады. 3. Сол тақырып бойынша сабақ нәтижесін ескере отырып жұмыс уақытының болжамын береді. 4. Егер де, сол күні «Биоинтернет» картасы бойынша сабақ жоқ болса, онда үйге тапсырма береді: ОӘЖӘ сызбасы бойынша өз іс-әрекеттерін қысқаша айтып беру және тапсырмаларды шеше білу білігі. 5. Мұғалім тағы да тақырыптың аяқталумен карталар бойынша уақытты үнемдеуге «Қисын», «Көшбасшы», «КТС» карталарында ойнау мүмкіндіктеріне мәлімет береді .

Үйге тапсырма саны 10 кем болмауы тиіс. Тапсырманы оқулықтан немесе өз еркінше беруге болады.

12

Ескерту

Егер де, «Алгоритм» картасында сыныптың білім деңгейі 63% сапаға шықса, онда мұғалім келесі тақырыпқа қөшуге құқығы бар. Ол тақырып аяқталды деп саналады.

Уақытты үнемдеуге дағыданыңыз.

2 кесте. «Егер-онда» үш деңгейлі күрделілік тапсырма деңгейін іріктеу сызбасы



Алынған нәтиже


Жоспарланған тапсырма

1

Егер

ТКШ≥ 63%

АКШ≤ 63%

ЖКШ≤ 63%

1-онда

ТКШ

ТКШ

АКШ

2

Егер

ТКШ≥ 63%

АКШ> 63%

ЖКШ≤ 63%

2-онда

АКШ

АКШ

ЖКШ

3

Егер

ТКШ≥ 63%

АКШ> 63%

ЖКШ> 63%

3-онда

АКШ

ЖКШ

ЖКШ

4

Егер

ТКШ≥ 63%

АКШ≤ 63%

ЖКШ> 63%

4-онда

Тапсырмадағы қателік. Тапсырманың күрделілік шектігі талапқа сай келмегенде.

Бұл кестемен жұмыс әрбір кезең соңында жүргізіледі. Жаңа кезең үшін тапсырмаларды таңдау алдыңғы нәтиже бойынша жүзеге асады. Мысалы: Кестенің «Алынған нәтиже» бағанынан таңдаймыз және «онда» сілтемесінен «Жоспарланған тапсырма» деңгейін табамыз. «Алгоритм» картасы бойынша жұмыстың әсерлілігін санауды бастаймыз: - барлық сабақ барысында үш рет – түзету, бақылау, өздік бақылау және түйсіну жүргізіледі; - кері байланыс сызбасы бойынша оқу тапсырмаларының күрделілік деңгейі шектелініп беріледі; - алдыңғы тақырыптарға байланысты білім мен дағды бойынша барлық қарыздары (борышкерлік) анықталады; - мұғалімнің дайындық деңгейі анықталады. Келесі технологиялық картаға көшеміз.

«ҮШТІК - БИОИНТЕРНЕТ» КАРТАСЫ.

Мақсаты: өткен тақырып бойынша 63% -ға жеткен оқушылардың білім мен білілгін сөйлеу арқылы нақты бекіту. Балаларды бірыңғай ақпараттық кеңістік – ұжымдық парасаттылыққа кіріктіру. Сабақта, «оқы да - тоқы» ұстанымын жүзеге асыра отырып, оқушылардың жұмысын ұйымдастыру. Жетістікке жеткен адам көрсеткіші ретінде, пәнді сапалы меңгеруге қызығушылық таныту және ынталану. Міндеті: технологиялық карталардың регламентінің орындалуы.

Күтілетін нәтиже: алға қойылған мақсатқа жету.

«Биоинтернет» картасының технологиялық сызбасы 2 тип іс-әрекет амалы мен білімді бекіту бойынша оқу сабағы: мотивация > жетекші білім мен іс-әрекет амалдарын өзектендіру > стандарттық және өзгермелі жағдаяттарда білімді қолдану үлгілерін құру > білімді өз бетінше қолдану > бақылау және өздік бақылау > түзету > түйсіну.

1

Ұйымдастыру кезең Түйсіну

«Алгоритм» картасынан кейін уйге тапсырма берілсе оны тексеру. Оқушылардың мотивациясы сынып бір топ ретінде болады: тақырыптар уақыты жылдық жоспар бойынша көрсетіледі. Сыныптық-топ оны максималды қысқа уақыт аралығында жоғары нәтижемен үш карта бойынша өтуі қажет. Мұғалім тақырыптарды оқу барысында үштік карталар бойынша уақытты үнемдеуге және «Қисын», «Көшбасшы», «КТС» карталарында ойнау мүмкіндіктеріне мәлімет береді .

Жұмыстың реті карта бойынша түсіндіріледі. ООМ бойынша жұмыс барысын жүтіндіру. Сыныпты белсендіру үшін сөз көшбасшыға беріледі.

2

Жетекші білімдері мен іс-әрекет тәсілдерін өзектілендіру

Тақтаға мұғаліммен біргелесіп үздіксіз ОӘЖӘ сызбасы бойынша қатаң түрде жүйені шешетін кем дегенде үш сарапшы шақырылады. Терминологиялық дұрыс сөйлеуге баса көңіл аударылады. Есте сақтаңыз! Терминологиялық және арнайы ереже дұрыс сөйлеу оқушының психалық дұрыс дамуы болып табылады және керісінше.

Сыныптағы оқушылар, сарапшылар тарапынан тексерілетін, олардың сөйлеуіне қойылатын талаптарды білуі тиіс

3

1 цикл. Стандартты және өзгермелі жағдаятта білімді қолдану үлгісін құрау

Сынып үш тапсырма алады ТКШ – АКШ – ЖКШ. Жұмыс аяқталғаннан соң оқушылар дәптерлерін алмастырады, «Қолдағы қаламсап – бұл қателік» бұйрығы беріледі. Тапсырмаларды орындаудың кезеңді тексеріледі. Орындау сапасы әрбір деңгейде жеке анықталады. Тексеру регламенті «Алгоритм» каратасындағыдай жүргізіледі.

Жұмыстың аяқталуы 5+30 формуласы бойынша. Сыныпты үш топқа бөлу – Альфа: ТКШ–АКШ-ЖКШ, Бета: АКШ-ТКШ, Гамаа: ТКШ тапсырмаларын орындау арқылы жүзеге асырылады.

4

Білімді өз бетінше қолдану

Орындалған жұмыстар бойынша қатемен жұмыс. «Альфа» тобының сарапшылары ООМ толтырады және «Бета» топтарына сыныппен жұмыс жасауына бағыттайды.

Сынып ОӘЖӘ сызбасы негізінде сол тақырып бойынша жұмыс істейді.

5

Бақылау және өздік бақылау

«Бета» тобындағы сынақ тапсырғандары ООМ толтырады және «Гамма» тобына түсіндіруге көшеді немесе оз топтарында жағдаяттар бойынша жұмыс жасайды. Ешбір оқушы жұмыссыз отырмайды, тіпті сарапшылар қасына тақалмаса да өз бетінше ОӘЖӘ сызбасы бойынша айтуға үйренеді. .

Жұмыстың аяқталғаны ООМ ұяшықтарының толтырылуы бойынша анықталады. Сынақ тапсырғандар мен сарапшыларды қосқанда 63% кем болмауы тиіс.

6

Түзету

Сынып үш тапсырма алады ТКШ – АКШ – ЖКШ. Жұмыс аяқталғаннан соң оқушылар дәптерлерін алмастырады, «Қолдағы қаламсап – бұл қателік» бұйрығы беріледі. Тапсырмаларды орындаудың кезеңді тексеріледі. Орындау сапасы әрбір деңгейде жеке анықталады. Тексеру регламенті «Алгоритм» каратасындағыдай жүргізіледі.

Жұмыстың аяқталуы тек «Бета» және «Гамма» топтары үшін 5+30 формуласы бойынша. Сыныпты үш топқа бөлу – Альфа: ТКШ–АКШ-ЖКШ, Бета: АКШ-ТКШ, Гамаа: ТКШ тапсырмаларын орындау арқылы жүзеге асырылады.

7

2 цикл. Стандартты және өзгермелі жағдаятта білімді қолдану үлгісін құрау

Орындалған жұмыстар бойынша қатемен жұмыс. «Альфа» тобының срапшылары ООМ толтырады және «Бета» топтарына сыныппен жұмыс жасауына бағыттайды.

Сынып ОӘЖӘ сызбасы негізінде сол тақырып бойынша жұмыс істейді.

8

Білімді өз бетінше қолдану

«Бета» тобындағы сынақ тапсырғандары ООМ толтырады және «Гамма» тобына түсіндіруге көшеді немесе оз топтарында жағдаяттар бойынша жұмыс жасайды. Ешбір оқушы жұмыссыз отырмайды, тіпті сарапшылар қасына тақалмаса да өз бетінше ОӘЖӘ сызбасы бойынша айтуға үйренеді. .

Жұмыстың аяқталғаны ООМ ұяшықтарының толтырылуы бойынша анықталады. Сынақ тапсырғандар мен сарапшыларды қосқанда 63% кем болмауы тиіс.

9

Бақылау және өздік бақылау

Сынып үш тапсырма алады ТКШ – АКШ – ЖКШ. Жұмыс аяқталғаннан соң оқушылар дәптерлерін алмастырады, «Қолдағы қаламсап – бұл қателік» бұйрығы беріледі. Тапсырмаларды орындаудың кезеңді тексеріледі. Орындау сапасы әрбір деңгейде жеке анықталады. Тексеру регламенті «Алгоритм» картасындағыдай жүргізіледі.

Жұмыстың аяқталуы тек «Бета» және «Гамма» топтары үшін 5+30 формуласы бойынша. Сыныпты үш топқа бөлу – Альфа: ТКШ–АКШ-ЖКШ, Бета: АКШ-ТКШ, Гама: ТКШ тапсырмаларын орындау арқылы жүзеге асырылады.

10


Екінші айналымның (цикл) қорытындысы шығарылады. Мұғалім, өткен цикл бойынша жоғары деңгейге жетпеген оқушыларға бастапқыда тағайындалған сарапшыларды қайта сол оқушылармен жұмыс жасауына бағыттайды. Жауапкершілік және кері байланыс заңдылығы әрекет етуі керек.

Сынып көшбасшысы

11

Түйсіну

Бірінші айналымның (цикл) қорытындысы шығарылады. Мұғалім, өткен цикл бойынша жоғары деңгейге жетпеген оқушыларға бастапқыда тағайындалған сарапшыларды қайта сол оқушылармен жұмыс жасауына бағыттайды. Жауапкершілік және кері байланыс заңдылығы әрекет етуі керек. ООМ – жаңартылады.

Сынып көшбасшысы оқушыларды белсендіріп, әрбір оқушының басқалардан басымдылығы мен кемшіліктерін ескертіп, атап көрсетеді.

12

Түсінік беру

Цикл саны шектелмейді. Мұғалім барлық сынып бойынша және сарапшылардың жұмысын карта бойынша барлық жұмыс барысына бағыт беріп отырады. Оқушылардың түсіндіру және тапсырманы дұрыс шешу біліктерін қатаң түрде тексереді.

Карта бойынша жұмыстың аяқталуы: оқушылардың 63% «Альфа» тобына өтуі міндетті.

13

Бағалау

Бағалау деңгей бойынша жүргізіледі: Альфа – 5 ұпай, Бета – 4 ұпай, Гамма – 3 ұпай. «Биоинтернет» картасы бойынша жұмыстың аяқталуы, «Альфа» тобына өткізуге оқушыларды ұсынған сарапшылардың жұмысы әсерлі болуы үшін сыныптың заң шығарушылары бонустар қояды.

Мұғалім сыныптық-команда мен көшбасшының тырысып күш салуы жұмысының сапасын ескереді.

14

Үй тапсырмасы

«Альфа» тобы ЖКШ 10 тапсырмасынан кем емес орындайды. Алты сарапшы ЖКШ 30 тапсырмасын орындайды. Бұл сарапшылар «Жаттықтырғыш» картасында мұғалімнің көмекшісі болады және де сабақта барлық топтың оқушыларының тапсырмаларының дұрыс орындалуын тексереді. 2. «Бета» тобы АКШ 10 тапсырма және ЖКШ 5 тапсырма орындауы тиіс. 3. «Гамма» тобы ТКШ тапсырмасы 10 кем емес және АКШ 5 тапсырма орындауы тиіс.

Карта бойынша жұмыс барысының аяқталуы мұғалім тағы да тақырыптың аяқталу уақыты мен «Қисын», «Көшбасшы», «КТС» карталары бойынша мәліметтер болжамын береді.

Сабақта сапалы білім беруді басқарудың қосымша тәсілінің бірі орынға отырғызу матрицасы – ООМ. Сабақ басталмас бұрын міндетті түрде тақтаға бормен ООМ сызылады немесе мектептің еркімен қосымша тақта жасалуы мүмкін. Сабақта оқушылардың саны орынға отырғызылуы бойынша көрсетіледі. Әрбір оқушының жеке сайты немесе орынының коды болады.

А

Б   

Д-3

 

 

 


А

Б   

Д-3

 

 

 


А

Б   

Д-3

 

 

+





Түсінік беру:берілген кестеде оқушылар сабақ бойы өзінің қозғалыс бағытын көрсетеді. Өзінің сайтына өз әріптестерінің мекен–жайын белгілеп, әр әріптесінің сайтына алу белгісін қояды. Мысалы: терезенің тұсында бірінші партада отырған бала А-1 коды бар, ол үшінші партада үшінші қатарда отырған әріптесіне Д-3 көмекке барады. ООМ бойынша көрініп тұр: А-1 Д-3 көмектеседі. Осы сәттен бастап А-1 – «мұғалім», Д-3 «оқушы». Уақыт аяқталысымен мұғалім қондыру орнының сайтында алу белгісі бар оқушылардан сабақ сұрайды. Жұмыс аяғында мұғалім одан ары қарай сабақ барысын түзету үшін сарапшылардың жұмыс сапасын көруге мүмкіндік алады.

Әрбір баланың өзінің жеке сайты бар, сабақ барысында оны өз бетінше жеке тұлға етіп қалыптастыруына ықпал жасаушы құралы ретінде қолданып, ол оның жекеменшігі болып саналады.

«Биоинтернет» картасы бойынша жұмыс жасаудағы оқушылардың мотивациясы

Балаларға бір-біріне көмектесудің құндылығы мен ережені түсіндіруді мұғалім тарапынан қажет етіледі. Атап айтқанда, (шешімін таптым+түсіндіре білдім=меңгердім) формула мазмұнын нақты ашуды қажет етеді. Балалар үшін сөйлеу дамытушылығының мән-мағынасын шешуші формула (білім – бұл өз ойын нақты да анық түрде жеткізе білу) көзқарасын атап айтуға болады. Барлық сынып және әрбір баланың негізгі міндеті бірыңғай команда құру болып табылады. Мына формула бойынша: өзгеге қол ұшын беріп көмектесу арқылы, өзіңе де көмек беру мүмкіндігің бар – деген ұранмен әрбір сабақта пәнді меңгеру барысында бір-біріне көмектесудің мәнін балаларға жетік түсіндіру аса қажет болып табылады. «Бір нәрсені үйренгің келсе - өзгеге үйрет» ұстаным бойынша тақырыпты дұрыс меңгеру үшін сыныптағы әрбір оқушының өз бетінше, түрлі тәсілмен сабақты түсіндіруге мүмкіндік береді.

Есте сақта! Толық бірыңғай объективті мәселе бойынша, мұғалім тарапынан берілетін ақпарат әрбір оқушыға толық көлемде және аса жоғары сапалы түрде биоақпарат заңы бойынша жетуі мүмкін емес. Осы мәселені шешудің бір жолы білімді таратудың түрлі нұсқаларын қолдану. Ақпаратты тарату үрдісінде оқушыларды етене кірістіру осы мәселені шешудің бір жолы болып табылады. сынып үшін ұран – сабақ бұл ұжымдық ойын, ойынға кім қатыспайды сол жеңілді деген сөз. Әрбір кезеңнен соң сыныпты жетістіктері үшін міндетті түрде мадақтап отыру қажет. Әрбір кезеңнің міндетті түрде нәтижелерін жария етіп отыру қажет. Артта қалып қойған оқушылар зейінін арттырып және олардың жұмысқа деген қарқынын шабыттандырып отыруды ерекше қажет етеді.

«МАТЕМАТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҚТЫРҒЫШ» ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАСЫ.

Мақсаты: Оқытылатын тақырып бойынша білім, білік және дағдыны қалыптастыруында және меңгеруге жеткізуде оқушылардың 63% талап ететін нормативті сапаға жеткізу. Жетістікке жеткен адам көрсеткіші ретінде, пәнді сапалы меңгеруге қызығушылық таныту және ынталану.

Міндеті: Технологиялық картаның регламентін орындау. Жоспарланған нәтиже: қойылған мақсатқа жету.

Оқу сабағының 3 типі. Іс-әрекет тәсілдері мен білімді кешенді қолдану бойынша оқыту сабағы: мотивация > іс-әрекеттер мен кешенді білімді өзектендіру > ұқсас және жаңа жағдаяттарда білімін өз бетінше қолдану > бақылау және өздік бақылау > түзету > түйсіну.

1

1 цикл Ұйымдастыру кезең Мотивация

«Биоинтернет» картасынан кейін уйге тапсырма берілсе оны тексеру. Оқушылардың мотивациясы сынып бір топ ретінде болады: тақырыптар уақыты жылдық жоспар бойынша көрсетіледі. Сыныптық-топ оны максималды қысқа уақыт аралығында жоғары нәтижемен өтуі қажет. Мұғалім тақырыптарды оқу барысында уақытты үнемдеуге және «Қисын», «Көшбасшы», «КТС» карталарында ойнау мүмкіндіктеріне мәлімет береді. Ұжымды белсендіру үшін көшбасшыға сөз беріледі.

Жұмыстың реті карта бойынша түсіндіріледі. Сарапшылардың жұмысты түсіндіруі. Карта бойынша жұмыс нормативі: «Альфа» тобындағы оқушылардың 63% кем емес ЖКШ деңгейіндегі 30 тапсырмадан кем емес тапсырманы орындауы қажет.

2

1 цикл Жетекші білімдері мен іс-әрекет тәсілдерін өзектілендіру

Сынып үш тапсырма алады ТКШ – АКШ – ЖКШ. Жұмыс аяқталғаннан соң оқушылар дәптерлерін алмастырады, «Қолдағы қаламсап – бұл қателік» бұйрығы беріледі. Тапсырмаларды орындаудың кезеңді тексеріледі. Орындау сапасы әрбір деңгейде жеке анықталады. Тексеру регламенті «Алгоритм» кратасындағыдай жүргізіледі.

Жұмыстың аяқталуы 5+30 формуласы бойынша. Сыныпты үш топқа бөлу – Альфа: ТКШ–АКШ-ЖКШ, Бета: АКШ-ТКШ, Гамаа: ТКШ тапсырмаларын орындау арқылы жүзеге асырылады.

 

Карта бойынша сыныптың орналасу ережесі

«Альфа» тобы әрбір қатардың бірінші нұсқасында отырады. «Альфа» тобындағы оқушылар бір-бірден әрбір партада отырады. «Бета» тобы әрбір қатардың екінші нұсқасында отырады. «Гамма» тобы қалған орындарды иеленеді.

Әрбір топ тапсырмаларының орындалуын бақылау үшін алты сарапшы бекітіледі: «Альфа»-3 сарапшы, «Бета»-2 сарапшы, «Гамма»-1 сарапшы.

3

Ұқсас және жаңа жағдаяттарда білімді өз бетінше қолдану

«Бета» және «Гамма» топтарының оқушылары өздерінің күрделілік шегі бойынша 10 тапсырмадан алады. «Альфа» 30 тапсырма алып, уақыттың нормативінің шектеуінсіз жұмыс жасайды.

Жұмыстың аяқталуы тек «Бета» және «Гамма» топтары үшін 5+30 формуласы бойынша.

4

Бақылау және өздік бақылау

Жұмыс аяқталғаннан соң оқушылар дәптерлерін алмастырады, «Қолдағы қаламсап – бұл қателік» бұйрығы беріледі. «Бетта» және «Гамма» топтарында тапсырмаларды орындауы кезеңді тексеріледі. Орындау сапасы әрбір деңгейде жеке анықталады. Тексеру регламенті «Алгоритм» каратасындағыдай жүргізіледі

Рұхсат 1. 10 тапсырмадан 1 қате болып оны келесі кезеңде өз бетімен түзетуге келісілген жағдайда. Егер де, қате саны көп болатын болса онда, оқушы төменгі деңгейге өтеді.

5

Түйсіну

Мұғалім сарапшылар көмегімен дөрекі сипатты қателерге назар аударып және оқушылардың топтан топқа ауысуын реттейді. «Бета» және «Гамма» топ оқушылары өз күрделілік деңгейіндегі 10 тапсырманы және де оған қосымша алдында қателер жіберілген тапсырмаларды қосып алады.

Оқушылардың бір топтан басқа топқа ауыстырылуы үлгерім бойынша жүзеге асырылады. Егер де, «Альфа» тобындағы оқушы сарапшының ойы бойынша тапсырманы шешу деңгейімен сәйкес келмесе, онда ол оқушыны «Бета» тобына алмастыруға болады.

6

Мотивация

Мұғалім оқушылардың жұмысының әсерлілігін анықтайды және оқушылардың жетістіктеріне сүйене отырып оқытылған тақырыптың аяқталу уақытын болжайды.

Міндетті түрде сыныптың көшбасшысына сөз беріледі.

 

Келесі цикл

Келесі цикл

Келесі цикл

 

 

Оқушылардың 63% әрбірі жоғары күрделі шектегі 30 тапсырмалардың барлығын да орындағанда ғана карта бойынша жұмыс тоқтатылады.

Мұғалім сыныпқа алғыс айтады.

8

Үй тапсырмасы

Үйге тапсырманы «Бета» және «Гамма» тобындағы оқушылар алады.

Өзінің күрделілік деңгейінен 10 тапсырмадан кем емес.

9

Бағалау

Бағалар деңгей бойынша қойылады: Альфа-5 ұпай, Бета-4 ұпай, Гамма-3 ұпай. «Жаттықтырғыш» картасы бойынша жұмыстың аяқталуы, «Альфа» тобына өткізуге оқушыларды ұсынған сарапшылардың жұмысы әсерлі болуы үшін сыныптың заң шығарушылары бонустар қояды.

Мұғалім «Гамма» тобындағы бір-екі оқушыға 4 ұпай беруіне құқылы егер де, олар сабақ барысында белсенділік танытып талпынса.

«Қисын» картасы.

Мақсаты: оқытылатын пәнді үштік топпен жұмыс істеу есебінен оқу материалын сапалы меңгертуде нормативті деңгейге жеткізу мен сыни және қисынды ойлауды дамыту. Жетістікке жеткен адам көрсеткіші ретінде, пәнді сапалы меңгеруге қызығушылық таныту және ынталану. Міндеті: Сабақты технологиялық картаға сай өткізу.

Жоспарланған нәтиже: қойылған мақсатқа жету.

Іс-әрекет амалы мен білімді жүйелеу және қорытындылау бойынша оқу сабағы: мотивация > оқу материал мазмұнын талдау > оқу материалындағы ең негізгілерін ерекшелеу > жүйелеу және қорытындылау > пәнішілік және пәнаралық байланысты қалыптастыру > түйсіну.

1

Ұйымдастыру кезең Мотивация

Үй жұмысы тексерілмейді- бұл жаңа тақырып. Сынып өз бетінше үштікке бөлінеді. Әрбір үштікте үш роль: «Орындаушы»- тапсырманың дұрыс орындалуына жауап береді; «Сыншы»-қатені табуға жауап береді; «Шабыттандырушы»-топтың сәтті жұмыс жасауына жауап береді. Әрбір үштік өз аттарын қояды. Карта бойынша жұмыс нәтижесін ендіретін тақтадан әрбір үштік үш ұяшықты алады. Оқушылар мотивациясы топпен ізденіс жұмысын жүргізу. Мұғалім оқушы ролін анықтамайды.

Карта бойынша жұмыс ретін түсіндіреді. Сыныпты белсендіру үшін сынып көшбасшысына сөз беріледі. Жауап үшін ұяшыққа ұпай саны немесе алу белгісі қойылады.

2

1 кезең. 1 цикл Оқу материалының мазмұнын талдау

Сыныпқа тапсырма мұғалімнің стратегиясы бойынша беріледі, егер: 1. Алгебра, Физика, Химия, Геометрия – ТКШ деңгейінің бір тапсырмасы. 2. Тереңдетілген бағдарлама бойынша сыныпты дайындау – сынып үшін жауабы белгілі тапсырмалар. Карта бойынша мұғалім жұмыстың мақсаты мен міндеттерін түсіндіреді. Бұл ізденіс стандартты емес шешім. Топпен нәтижеге жету білігі қалыптасады.

Бірінші үштік бойынша орындау уақыты.

3

2 кезең оқу материалындағы ең негізгілерін ерекшелеу

Тақтаға шешу жолдарын түсіндіруге шығатыны тапсырманы бірінші үштіктің арасынан алғаш болып шығарған ең үздік оқушы емес, керісінше нашар шығарған оқушы шығады. «Қисын» картасында үштікте кез келген ролді иеленетін (сыншы, орындаушы немесе шабыттандырушы) әлсіз оқушы қатысында «ең күшті оқушы емес» термині қолданылуы тиіс.

Бірінші үштік 1 ұпай алады.

4

3 кезең жүйелеу және қорытындылау

Сыныптың барлық үштігі «миға шабуыл» әдісімен тақтада тұрған оқушыға сұрақ қояды. тақтада тұрған оқушы әрбір дұрыс жауап үшін өз үштігіне бір ұпай қосып отырады. Ұпай сандары мен жауаптарға шек жоқ. . Тақтадағы жауап беріп тұрған оқушы сұраққа жауап бере алмаса, сұрақ қойған үштік өз ұяшықтарына ұпай санын алып отырады.

Мұғалім сабақ барысының бірде бір кезеңінде сұрақтың жауабын айтып, көмектеспеуі керек.

5

4 кезең пәнішілік және пәнаралық байланысты қалыптастыру

Тақтада жұмыс жасап жатқан оқушының түсіндіргеніне бақылау жасап, дұрыс бағыт беріп отырады, егер де, - қате тауып оны түзетпесе өз орынына қайтарады; - оқушы түсіндіріп бере алмаса немсе қатені түзетпесе, мұғалім сыныпта оқушыны орына қайтаруы тиіс. Мұғалім 1 ұпайдан 3 ұпайға дейін кемітуге құқығы бар егер де, - қандай да бір үштік өз шешімдерін табуға талпынбай, тек қана сұрақ қою арқылы ұпай санын жинаса; - қандай-да бір себеппен алдында қойылған сұрақты қайталаса; талқылау үрдісінде шулап немесе ашу-ызаға берілген қарым-қатынас жасағанда.

Әрбір оқушының ұпай санын алуға мүмкіндігі бар.

6

5 кезең Түйсіну

Үш ұпайлық жүйе бойынша сыншылар тарапынан сұрақ қою арқылы өткізіледі – үштіктің жалпы талдау жұмысы 1 ұпай, үстіртін жауап – 2 ұпай, терең жауап– 3 ұпай.

1. Сыншыларға түйсіну жүргізу барысында өз топтарының талдауын сәтті жасау шегінде қосымша 1 ұпайдан 3 ұпайға дейін қоюға мүмкіндік бар.

7

Ұйымдастыру кезеңі

3 ұпайдан және одан жоғары ұпай алған үштік «Альфа» тобына көшеді; 2 ұпай алған үштік «Бета» тобына; 1 ұпай алған үштік «Гамма» тобына көшеді.

Әрбір топтың ұяшықтарының астңғы бөлігіне ұпай сандарының барлық қосындысы жазылады. Ұяшықтардың өзіндегі сандарды жояды.

 

1 кезең. 2 цикл Оқу материалының мазмұнын талдау

Сыныпқа тапсырма мұғалімнің стратегиясы бойынша беріледі, егер: 1. Алгебра, Физика, Химия, Геометрия – АКШ деңгейінің бір тапсырмасы. 2. Тереңдетілген бағдарлама бойынша сыныпты дайындау – сынып үшін жауап шешімінің қиын тапсырмалары. Карта бойынша мұғалім жұмыстың мақсаты мен міндеттерін түсіндіреді. Бұл ізденіс стандартты емес шешім. Топпен нәтижеге жету білігі қалыптасады.

 

 

Ұйымдастыру кезеңі

Үштіктің айналымы. 3 ұпайдан бастап одан жоғары ұпай алған үштік топ «Альфа» тобына көшеді немесе қалады; 2 ұпай алған үштік топ «Бета» тобына көшеді немесе қалады; 1 ұпай алған үштік топ «Гамма» тобына көшеді немесе қалады.

Әрбір топтың ұяшықтарының астңғы бөлігіне ұпай сандарының барлық қосындысы жазылады. Ұяшықтардың өзіндегі сандарды жояды.

8

1 кезең. 3 цикл Оқу материалының мазмұнын талдау

Сыныпқа тапсырма мұғалімнің стратегиясы бойынша беріледі, егер: 1. Алгебра, Физика, Химия, Геометрия – ЖКШ деңгейінің бір тапсырмасы. 2. Тереңдетілген бағдарлама бойынша сыныпты дайындау – сынып үшін жауабы белгісіз тапсырмалары. Карта бойынша мұғалім жұмыстың мақсаты мен міндеттерін түсіндіреді. Бұл ізденіс стандартты емес шешім. Топпен нәтижеге жету білігі қалыптасады.


 

Ұйымдастыру кезеңі

Үштіктің айналымы. 3 ұпайдан бастап одан жоғары ұпай алған үштік топ «Альфа» тобына көшеді немесе қалады; 2 ұпай алған үштік топ «Бета» тобына көшеді немесе қалады; 1 ұпай алған үштік топ «Гамма» тобына көшеді немесе қалады.

Әрбір топтың ұяшықтарының астңғы бөлігіне ұпай сандарының барлық қосындысы жазылады. Ұяшықтардың өзіндегі сандарды жояды.

9

Бағалау

Журналға қойылған бағалар реті мынадай нормативтер бойынша болады: - «Альфа» - 5 ұпай, - «Бета» - 4 ұпай, - «Гамма» - 3 ұпай. Бірінші 3 орынды алған үштік мынадай тұрғыда бонустар алады: 1 орын – 10 ұпай әрбір оқушыға. 2 орын – 8 ұпай әрбір оқушыға. 3 орын – 6 ұпай әрбір оқушыға. Үштіктің жетістігіне тәуелсіз түрде, сабақ барысында өз бетінше соңғы кезеңде стандартты емес түрде тапсырманың жауабын берген оқушыға 5 ұпай журналға қоюға мұғалімнің құқығы бар. Жеңімпаз үштік үшін, осы аталған карта бойынша, үштіктің құрамы өзгермеген жағдайда кез-келген бір сабақта мұғалім тарапынан көмек алуына мүмкіндіктері бар.

Карта бойынша сапа нормативі орындалды деп саналады: егер де, оқушылардың 63% АКШ деңгейінде «Альфа» тобына шықса. №3 кестені қараңыз.

10

Үй тапсырмасы

«Бета», «Гамма» үштік топқа үй тапсырмасы беріледі.

Топтық жұмыстың қорытындысын шығару. Сыныптың көшбасшысына сөз беріледі.

«Көшбасшы» картасы.

5 тип – оқу сабағы. Білімді және іс-әрекет тәсілдерін тексеру, бағалау және түзету бойынша оқу сабағы: мотивация > тапсырмаларды өз бетінше орындау > өзіндік бақылау > бақылау > талдау > бағалау > түзету > түйсіну. Мақсаты: оқу материалдарын сапалы меңгеру барысында нормативтік деңгейге жеткізу. Менеджерлік құзыреттілігін дамыту: жоспарлау, топта жұмыс жасау білігі, алға қойылған мақсатқа жете білу. Сәттілікке жеткен тұлға көрсеткіші сияқты, пәнді сапалы түрде меңгеруге ынталану және қызығушылық таныту. Тосын жағдайларға тұрақты және бәсекеге қабілеттілігін дамыту. Сабақтың міндеті: технологиялық картаның регламаентін орындау.

Жоспарланған нәтиже: алға қойылған мақсатқа жету. Бұл картада үш деңгей орын алады. «Классик», «Шебер» және «Супер ойын». Әрбір деңгейге өз бағдарламасы өңделіп жасалған, ол №1-5 кестелерінде көрсетілген.

1

Ұйымдастыру кезеңі. Мотивация

Алдыңғы картаның қорытындысы бойынша тапсырма алған оқушылардан үй тапсырмасы тексеріледі. Сыныптағы оқушылар санына байланысты теңдей үш топқа бөлінеді. Теңдей бөлінбейтін қалдық қалатын болса , онда сол пәнді анағұрлым қиын меңгеретін оқушыларды модератор етіп сайлайды, ол мұғалімнің көмекшісі болып табылады. Әрбір қатар өздерінің көшбасшыларын таңдап, топтың атын қояды. Тақтада карта бойынша нәтижелерді ендіретін кесте ілінеді, №1 кесте

Карта бойынша жұмыс жасау реті түсіндіріледі. Сыныпты белсендіру үшін көшбасшыға сөз беріледі. Мұғалім топтың көшбасшысын тағайындауына тиым салынады, оқушылар өздері таңдайды.

2

1. Кезең. Классик Тапсырманы өз бетінше орындау

№2 кесте бойынша осы кезеңде жұмыс жасау ережесі сыныпқа түсіндіріледі. Әр топ өздері орындайтын тапсырмалар саны мен уақытты өздері айтып, ұсыныс жасайды.

Ережемен жұмыс жасау кестесі әрбір топтың қолында болуы тиіс.

3

1 кезең. Өздік бақылау

Тақтадағы көрсетілген№ 1 кестеге таңдалған мәліметтер жазылып, топ жұмыс жасауға кіріседі.

Сабақ барысын жазуды тақтаға модератор жүргізеді.

4

3 кезең. Бақылау

Алға қойылған мақсатқа жету үшін топтың көшбасшысы топ жұмысын ұйымдастырып, бақылайды.

Бір де бір кезеңде мұғалім тарапынан көмек көрсетілмейді.

5

4 кезең Талдау

Топ алған уақыттың толық соңына дейін бір минуты қалғанға дейін өз жұмыстарын талдап, тапсырмалар саны мен орындау уақытына өзгерістер енгізе алады.

Хронометраж таймер бойынша жүргізіледі.

6

5 кезең Бағалау

Топ өз жұмыстарын аяқтап, бірін-бірі тексеру әдісімен тапсырмалардың дұрыс орындалуын тексереді. Орындалған тапсырмалардың аяқталған сәтінде топтан модератор тапсырмаларды жинап алып, тексеру үшін басқа топқа олардың дайындығына қарай береді.

Әр топ өздері белгілеп айтқан уақыт бойынша тапсырмаларды аяқтайды.

7

Түзету

Мұғалім әр топтың көшбасшысымен жұмыс барысын талқылайды. Сарапшылар өз ойларын айтады, және де сынып келесі «Шебер» деңгейіне көшеді. Сыныпта ең үздік менеджерлік жұмысты айқындау және оны көрсету аса маңызды болып табылады.

 

 

Бағалау

1 орын – 3 ұпай, 2 орын – 2 ұпай, 3 орын – 1 ұпай

 

 

2 кезең. «Шебер»

Сондай ретпен

 

 

3 кезең «Супер ойын»

Сондай ретпен

 

8

1 орын – 3 ұпай
2 орын – 2 ұпай
3 орын – 1 ұпай

 

 

9

Сабақ соңындағы қорытынды бағалау

7 ден 9 ұпайға дейін алған топ үшін жұрналға қойылатын баға 5. 5 тен 7 ге дейін ұпай алса жұрналға қойылатын баға 4. 3 тен 5 ұпайға дейін алған топқа жұрналға қойылатын баға 3. 8-9 ұпайдан жинаған топтар үшін әрбір оқушыға тәрбие жұрналына 9 бонустан қойылады.

 

10

Үй тапсырмасы

3 деген бағаны алған топқа үй тапсырмасы беріледі.

Топтық жұмысты қорытындылау. Сыныптың көшбасшысына сөз беру.

№1 кесте. «Көшбасшы» картасы бойынша жұмыс жасау барысында мәліметтерді тіркеу кестесі. Сыныптағы тақтаға ендіріледі және оны модератор-оқушы жүргізеді.

Топ аты

Сұраныс

Түзету

Сұраныс бойынша нәтиженің ұпай-болжамы

Нәтиженің балдық мәліметі

Топтық жұмыстың қорытындысы Сынып көшбасшысына сөз

тапсырмалар саны

уақыт

уақыт

тапсырмалар саны

Классик

Шебер

Супер ойын

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№2 Кесте. 10 оқушыдан тұратын үш топ үшін «Көшбасшы» картасы бойынша сабақты жүргізу үшін есептік көрсеткіштер

Ойын деңгейі

ЖКШ АКШ ТКШ санының шегі

1 тапсырма ұпайы

27-30 оқушыдан сыныптағы тапсырманы орындау уақыты

Ұпай бойынша уақытты үнемдеу құны

1 тапсырма үшін норманы жоғарылатуға уақытты үнемдегені үшін бонустар

Ұпай бойынша айып салу

1 ТКШ «Классик»

2-4-6

ЖКШ-5 АКШ-3 ТКШ-1

1-7 сын-8 мин 8-11 сын-16 мин

1 мин - 3

ЖКШ-5 АКШ-3 ТКШ-1

ЖКШ-5 АКШ-3 ТКШ-1

АКШ өту, егер де барлық үш топ та 3 ЖКШ тапсырмаларына сұраныс беріп және барлығын да дұрыс орындаса

2 АКШ «Шебер класс»

4-5-3

ЖКШ-6 АКШ-4 ТКШ-2

1-7 сын-10 мин 8-11 сын-20 мин

1 мин - 5

ЖКШ-6 АКШ-4 ТКШ-2

ЖКШ-6 АКШ-4 ТКШ-2

ЖКШ өту, егер де барлық үш топ та 5 ЖКШ тапсырмаларына сұраныс беріп және барлығын да дұрыс орындаса

3 ЖКШ «Супер ойын»

6-4-2

ЖКШ-9 АКШ-6 ТКШ-3

1-7 сын-12 мин 8-11 сын-24 мин

1 мин - 8

ЖКШ-9 АКШ-6 ТКШ-3

ЖКШ-9 АКШ-6 ТКШ-2

Ескерту 1: бұл кесте сыныптағы 30 оқушының әр топта 10 оқушыдан болғанда жұмыс жасауға арналған кесте. Норматив негізінде оқушылар санының аз сыныптары үшін жалпы уақытты көбейтуге рұхсат етілген 2, 3, 4 кестелерінде берілген (1 кетенің 4 бағанын қараңыз).

Ескерту 2: ойынның кез келген уақытында топ уақытты үнемдеп түзетулер енгізуге құқығы бар, бірақ та уақыттың толық аяқталуыфна бір минут қалғанда.

Ескерту 3: айып салу уақыт бонусына да әсер етеді, ол мына кезде орын алады: егер де, топ сұраныс алып ол сұранысты орындамаса, уақыт бонусынан орындалмаған тапсырмаларға ұпай сандарынан алынып тасталынады.

№ 3 кесте. «Классик» ТКШ деңгейінде түрлі толтырылымды сыныптар үшін тапсырмаларды орындаудың жалпы және қосымша уақыт нормативі.

Сыныптағы оқушылар саны

Бір топтағы оқушылар саны

Қосымша уақыт

Қорытынды уақыт

9-12

3-4

4 мин

1-7 сын–16 мин, 8-11 сын–28 мин

15-18

5-6

3 мин

1-7 сын–15 мин, 8-11 сын– 27 мин

21-24

7-8

2 мин

1-7 сын–14 мин, 8-11 сын–26 мин

«КТС» КҮНШУАҚ, ТҮЙМЕДАҚ, САМАЛ-ЖЕЛ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАСЫ

Мақсаты: оқытылатын тақырыптың оқыту сапасының нормативті көрсеткішіне жетісту. Оқушылардың үш деңгейлі күрелеліктегі ұқсас тақырыптары мен толық тарау бойынша өз бетінше оқу тапсырмаларын құрастыру бойынша дағдыларын бекіту. Ізденіс іс-әрекеттерін дамыту. Оқыту сапасының қорытынды мониторингі. Міндеті: технологиялық картаның регламентін орындау. Күтілетін нәтиже: мақсатқа жету.

5 типті оқыту сабағы. Іс-әрекеттер әдістері мен білімді түзету, бағалау және тексеру бойынша оқу сабағы: мотивация > тапсырмаларды өз бетінше орындау > өзіндік бақылау > бақылау > талдау > бағалау > түзету > түйсіну.

1

1 цикл Ұйымдастыру кезеңі мотивация

Оқушылардың мотивациясы сынып-команда ретінде. Сынып-команда бұл карта бойынша аса жоғары нәтижемен көрінуі тиіс. Сыныпты белсендіру үшін көшбасшыға сөз беріледі.

Карта бойынша жұмыс реті түсіндіріледі. Сарапшылар жұмысын түсіндіру. Карта бойынша жұмыс нормативі: ЖКШ деңгейіндегі 30 тапсырмадан кем емес «Альфа» тобы оқушыларының 63% орындауы тиіс.

2

1 кезең Тапсырмаларды өз бетінше орындау

Сынып үш тапсырма алады ТКШ – АКШ – ЖКШ. Жұмыс аяқталғаннан соң оқушылар дәптерлерін алмастырады, «Қолдағы қаламсап – бұл қателік» бұйрығы беріледі. Тапсырмаларды орындаудың кезеңді тексеріледі. Орындау сапасы әрбір деңгейде жеке анықталады. Тексеру регламенті «Алгоритм» кратасындағыдай жүргізіледі.

Жұмыстың аяқталуы 5+30 формуласы бойынша. Орындау сапасы бойынша сыныпты үш-төрт топқа 7 адамнан бөлу – Альфа: ТКШ–АКШ-ЖКШ, Бета: АКШ-ТКШ, Гамаа: ТКШ, Дельта ТКШ.

3

Өздік бақылау

«Альфа» тобы өткен тақырып бойынша, күрделілігі-ЖКШ тапсырмаларын орындайды. «Бета» тобы өткен тақырып бойынша, күрделілігі-ЖКШ, АКШ тапсырмаларын орындайды. «Гамма» тобы өткен тақырып бойынша, күрделілігі-АКШ, ТКШ тапсырмаларын орындайды. «Дельта» тобы өткен тақырып бойынша, күрделілігі-ТКШ тапсырмаларын орындайды. Әр топ «Көшбасшысын» таңдап алады.

Әр оқушы өз бетінше тапсырмалар құрастырады және екі кезеңді шешеді, соңынан оны сағат тіліне сәйкес оң жақта отырған әріптесіне ұсынады, ол өз кезегімен келесі 2 кезең тапсырмаларын орындап одан ары қарай береді.

4

Бақылау

Әр топ күрделілігі мен сапасы. жоғары тапсырмалардың максималды санын өз бетінше орындауға мақсат алады. Мұғалім топтың жұмыс жасауын қадағалайды.

Жұмыс жасау уақыты. 30 минут. Әр оқушы өзі құрастырған мысалдың алдына өз фамилиясын жазады.

5

Талдау

Жұмыс соңында өзара тексеру жүргізіледі: - «Альфа» тобының жұмысын мұғалім тексереді; - «Бета» тобының жұмысын «Альфа» тобы тексереді; - «Гамма» тобының жұмысын «Бета» тобы тексереді; - «Дельта» тобының жұмысын «Гамма» тобы тексереді.

Келісілмеген қарама-қайшылық туған жағдайларды мұғалім қарайды.

6

Түзету

Тақтаға әр топтың нәтижелері енгізіледі: - барлығы жалпы қанша жасалынды; - қандай күрделілік деңгейде; - қанша қате табылды.

Әр топтың жұмыс сапасы талқыланады.

7

Түйсіну

Мұғалім жұмыс нәтижесі мен бақылау бойынша топтар арасынан күшті және әлсіздердің орынын алмастырады. Топтардың баға көрсеткіштері сапа күрделілігі, шапшаңдығы мен орындалған тапсырмалар көлеміне сай болады. Егер де, оқушы әдейі оңай тапсырма құрастырып немесе басқалардың құрастырған күрделі тапсырмаларын шеше алмаса онда – бұл ол оқушыны басқа әлсіз топқа алмастыруды қажет етеді. Топтың жұмыс жасау шапшаңдығына ілесе алмаған оқушы да, сол сияқты әлсіз топқа көшіріледі.

Топтар да нашар оқушының үлгермеуі туралы, басқа төменгі топқа алмастыруға ұжымдық ойларын айтуға құқықтары бар.

8-14

2 кезең

1 кезеңнің қайталануы.

Жұмыс ережесі мен регламент басқа кезеңдерде өзгермейді.

15

Бағалау

Бағалау деңгей бойынша жүргізіледі: Альфа-5 ұпай. Бета-4 ұпай («Альфа» тобында жұмыс жасаған оқушылар 5 деген баға алады). Гамма – 3 ұпай. Дельта – бағаланбайды.

«КТС» картасы бойынша қорытындылау, «Альфа» тобындағы оқушыларға сыныптағы заң шығарушылар 5 бонустан береді.

16

Үй тапсырмасы

«Дельта» және «Гамма» тобында оқитын оқушылар үйге тапсырма алады.

 

ІЗГІЛІКТІ БАҒЫТТАҒЫ БАЗАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАЛАР СЕРИЯСЫ «АУЫЗША САБАҚ» «АУЫЗША САБАҚ - 1»

Мақсаты: сабақта норматив талабына сай оқушылардың оқу материалын 63% меңгеруіндегі логикалық және сыни тұрғыдан ойлау шапшаңдығын, сөздік қорын, ақпараттық құзыреттілілгін дамыту. Сәттілікке жеткен тұлға көрсеткіші сияқты, пәнді сапалы түрде меңгеруге ынталану және қызығушылық таныту. Міндеті: технологиялық картаның регламаентін орындау.

«АУЫЗША САБАҚ-1» КАРТАСЫНЫҢ СЫЗБАСЫ

1 тип Жаңа материалды оқып және оны бекіту бойынша сабақ келесі қисынмен жүзеге асады: мотивация > оқушының субъекті тәжірибесін өзектендіру > қабылдауды ұйымдастыру > ұғынуды ұйымдастыру > түсінуді біріншілік тексеру > біріншілік бектуді ұйымдастыру > талдау > түйсіну.

1

Ұйымдастыру кезеңі мотивация

Үй жұмысы тексерілмейді – бұл жаңа тақырып. Өткен тақырып аяқталған және түйсінуді талап етпейді. Оқушылардың мотивациясы сынып бір топ ретінде болады: тақырыптар уақыты жылдық жоспар бойынша көрсетіледі. Мұғалім тақырыптарды оқу барысында уақытты үнемдеуге және «Ауызша сабақ-1» картасында ойнау мүмкіндіктеріне мәлімет береді.

Карта бойынша жұмыс жасау реті түсіндіріледі. Ұжымды белсендіру үшін көшбасшыға сөз беріледі. ООМ бойынша жұмыс.

2

Оқушылардың субъекті тәжірибесін өзектендіру

Өткен сабақ тақырыбы бойынша ерсілі-қарсылы сұрақ қою. ООМ бойынша материалды бекіту үшін тексеру жүргізіледі (Бұл кезеңдегі, бұл карата бойынша оқушылардың 63% норматив көрсеткішке жетуге қиындық тудырғаныүшін 25. 02. 11 ж Ақтөбе қ №51 мектептің тарих пәннің «Кәсіби» мұғалімі Қ. Сұлтанованың ұсынысына байланысты түзету енгізілді).

Біріншілік белгілеу. барлық оқушылардың нәтижелері бойынша қосу немесе алу белгілері қойылады.

3

Қабылдауды ұйымдастыру. 2 сөзден тұратын түсінік екі сөз ретінде саналады. Жады бойынша рухсат: бір сөз шегеріледі

Сабақ басталмас бұрын мұғалім тақтаға оқытылатын тақырып бойынша 7, 14, немесе 21 кілтті сөздерді жазады. 7 сөз бастапқы кезең. 14 сөз егер сынып 7 сөзді жеңіл естерінде сақтаса. 21 сөз егер сынып 14 сөзді меңгерсе. Тақырып ішінде мұғалім сөздердің мағынасын түсіндіреді. кілтті сөздер жабылады. Оқушылар тақтадағы барлық сөздерді естерінде сақтауы тиіс. Берілген уақыт аяқталысымен сөздерді жасырып қояды және оқушылар сол кеткен уақыт аралығындағыдай уақыт ішінде естеріне сөздерді түсіруі тиіс. Мұғалім сұрақ-жауап жүргізеді, нормаға сай есте ақлған сөздерді айтқан оқушыға ООМ ұяшығына қосу белгісі қойылады.

Екіншілік белгілеу. Есте сақтауға уақыт нормативі 7 сөз – 30 сек. 14 сөз-1 мин-15 сек. 21 сөз – 2 мин-30 сек.

4

Ұғынуды ұйымдастыру

Оқушылар оқулықтың бір бет парағындағы мәтінді 3 минут ішінде оқып шығуы тиіс. Мұғалім олардың материалды оқыған білімдеріне қатысты сұрақ-жауап алатыны жайында ескертуі тиіс.

1-2 сынып: 5 минут бір бет мәтінге; 3-4 және 7-11 сыныптар: 4 мәтіннің бір бетіне 4 минут; 5-6 сынып: мәтін бетіне 3 минут.

5

Түсінудің біріншілік тексеруі

Қарама-қарсы сұрақ қою. Мұғалім ООМ бойынша оқушыларды ретсіз түрде сабақтың тақырыбына байланысты кілттік сөздерді қоса сұрайды.

Үшіншілік белгілеу. барлық оқушылардың нәтижелері бойынша қосу немесе алу белгілері қойылады.

6

Біріншілік бекітуді ұйымдастыру

Қарама-қарсы сұрақ қою. Мұғалім тақырыпқа сай ретсіз оқушыларды ООМ арқылы сұрайды. Сұрақтар меңгеру сапасын тексеруге арналған тұрғыда болғаны абзал. «Иа» немесе «Жоқ» деген жауап беретін сұрақтар болмауы тиіс.

Төртінші белгілеу. барлық оқушылардың нәтижелері бойынша қосу немесе алу белгілері қойылады.

7

Талдау Уақыт 5 минут

Оқытылған тақырып бойынша тақырыптық сөздік қорды (ТСҚ) тексеру жүргізіледі. Сөз қысқартылмаған түрде, түсінікті етіп жазылады. шығарма түрінде жазуға рұхсат беріледі. Көмекші сөз және жалғау сөз болып саналмайды. ТСҚ нормативі төменде келтірілген.

Бесінші белгілеу барлық оқушылардың нәтижелері бойынша қосу немесе алу белгілері қойылады.

8

Түйсіну

1. Сыныптың материалды меңгеру деңгейі анықталады. 2. Сабақтың нәтижесін ескере отырып сол тақырып бойынша жұмыс уақыты болжанады. Мұғалім тағы да тақырыптың аяқталуын болжап, «Ауызша саба 3» картасындағы ойын ережелерінің мүмкіндіктерін айтады.

 

9

Журналға баға қою келесі норматив бойынша жүзеге асырылады: - 4- 5 белгі – 5 ұпай. - 3 белгі – 4 ұпай. -2 белгі – 3 ұпай. -1 белгі – 2 ұпай.

Сапа нормативі: оқушылардың 63% 5 ұпайдан алуы тиіс. 3 кестені қара. 10 Үй тапсырмасы 4 белгіден кем алған оқушылар үйге тапсырма алады.

 

№3 кесте. Жас ерекшелігіне қарай оқытудың сапасы мен сөздік қор көлемін анықтайтын нормативті салыстырмалы кесте.

Сөздік қор бойынша есептеулер

Сабақта сыныптағы оқушылар санына байланысты сапа нормативін есептеу

Сыныптар

Сөздік қор нормативі

Сыныптағы оқушылардың жалпы саны

Сапа нормативі: 63% оқушылар сыныпта норманы орындауы тиіс

1

25

30 оқушы

19 оқушы

2

31

29-28

18

3

37

27

17

4

44

26-25

16

5

50

24

15

6

56

23-22

14

7-11

63

21-20

13

«Азызша сабақ - 1» картасы бойынша технологиялық сабақ сапасының мониторингісі

Сапалы технологиялық нәтиже алу үшін, сабақтың әр кезеңі мен бүкіл сабақ барысы өлшенеді. Бүл үшін сабақтың технологиялық кезеңі бойынша негізгі 5 көрсеткіші жасалған, ол мұғалім тарапынан ООМ арқылы қойылатын алу және қосу белгілерімен көрінетін белгілер. 1. Өткен тақырып бойынша қарама-қарсы сұрақ қою. 2. Тірек сөздерді есте сақтау бойынша жадысына. Бақылау – (оқушылардың бір-бірін өздері тексеруі). 3. Сөздік қоры бойынша сөз саны үшін. 4. Қарама-қарсы сұрақтар үшін. 5. Сыни көзқараспен сұрақ қойғаны үшін. Ескерту! ООМ мұғалімнің еркі бойынша жазбаша түрде баға қоюына тиым салынады. Технология – сапа заңы. Жауап бар болса-ұпай бар, жауап жоқ болса, ұпай да жоқ. Технологиялық регламентті бұзуға болмайды. Әрбір оқушы сабақта өз кемшілігін көруі тиіс және әр сабақ барысында ол кемшіліктерді жоюға тырысуы керек. Нұсқау: технологиялық нормадан тыс–үлгермеуші оқушыларды, мұғалім журналға баға қойғанда білуге ұмтылған балалаларды мадақтап, мақтаулар айтып отыруды қажет етеді. Бірақ та, сабақ барысында мұндай кері әсері бар іс-әрекеттерді технологиялық белгілеуде қолдануға тиым салынады.

Зейін мен есте сақтауды дамыту бойынша жұмыс ережесі

Ескертпе:
Оқушылар сөзді есте сақтағаннан соң, блок ашылады. Балалар қалып қойған сөздерді дәптерлеріне орына келтіріп жазады. Тілшілер үшін бұл кезең жаңа сөздерді есте сақтау формасының бірі болып табылады. Мысалы: 7 сөздің үш сөзі өшіріледі. Бірақ, балалар ол сөздермен сөйлем, сөз тіркестерін құру арқылы жаттықтыру жұмыстарын жүргізіп, оларды ұмытпай есте сақтауы қажет. Ары қарай өшірілген сөздер орына келтіріледі, бірақ та, басқа сөздер өшіріліп сөздермен жұмыс жасау жалғасады.

Мәтінмен жұмыс жасау

Оқушылар берілген мәтінмен тірек сөздерді тауып, тақырыптағы сөздің мәнін ашады. Сондай-ақ, мұғалім қарама-қарсы және сын тұрғысынан сұрақ қою барысында баланың көңілін әрбір ұсақ бөлшекке назар аударылатыны жайында ескертіп, балалар, мәтінге аса назар аударып оқулары қажеттілігі жөнінде мұғалім тарапынан нұсқаулық алады. Картаның негізгі мақсатын есте сақтау қажет, ол: оперативті ойлау қабілетін дамыта отырып, оқу материалын сапалы меңгеру және берілген тақырып бойынша сыныптың барлық күш-жігерін ақпаратты өңдеуге біріктіру.

Қарама-қарсы сұрақ қою

Жұмыс соңында мұғалім мәтіндегі тірек сөздермен жұмыстың нәтижесі бойынша бүкіл сыныптан сұра-жауап алады. Сонымен қатар, мұғалім оқушылардың тақырыптағы әрбір ұсақ бөлшектерін, ең негізгілерді баса нақты табу біліктілігін дұрыс жолға қою мақсатында тақырып бойынша сұрақтар қояды. Мұғалім осы аталған карта бойынша оқыту сапасының ең негізгі ұстанымдарын дұрыс қолданғаны жөн: - сандық құрылуы - сыныппен жұмыс жасауда анықталған ақпарат көлемін нақтылы өңдеу білігі. – сапа құрылуы – сол және басқа да тақырып негізінде жатқан нақты ақпараттар көлемін сыныппен біргелесе отырып жұмыс жасау білігі. – оқытудағы синергизм – сынып оқуға ену барысында және білімді алу нәтижесінде ақпараттарды өңдейтін жүйе – үрдіскер, бірыңғай ағза болып құрылады. Бұл оқу кеңістігінде тұрақты сапаны алу үшін, оқу аймағы қорын тиімді, әсерлі бөлшектеп пайдалануға мүмкіндік береді. Ескерту. Оқушыларды мынадай тұрғыда белсендіру қажет: ұсынылып отырған білімнің барлығын бірден бір оқушының меңгеруі мүмкін емес, бірақ жалпы сынып болып біріккен жағдайда берілген жүктемені әрбірі теңдей етіп бөліп алу барысында білімнің үлкен көлемін меңгеруге және денсаулық пен танымдық қуанышын сақтау мүмкіндік туады.

Сын тұрғысынан сұрақ қою

Мұғалім оқушыларға әдейі дұрыс емес сұрақтар қояды. Мәтінде көрсетілген сол тақырыптардың барлық мәліметтері тексеріледі. Сын тұрғысынан сұрақ қою кезеңі диагностикалық болып табылады, те осы кезеңде ғана мәтінмен жұмыс сапасын анықтауға болады. Осы кезеңдегі режимде балаларрдың мәтінмен мұқият және терең жұмыс жасауға мүмкіндік беріп, қажетті түйсіну деңгейінің мүмкіндігі туады. Сын тұрғысынан сұрақ қою сабақты бекіту фазасы болып табылады. осы кезең оқушының ойлау қабілетін тиімді қалыптастырады, мектепте және мектептен тыс күйзеліс жағдайларын қалыпқа келтіретін бейімдеу факторы болып табылады.

«АУЫЗША САБАҚ-2» ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАСЫ

мақсаты: Оқу материалының оқушылар 63% өз бетінше шығармашыл-ізденіс жұмысы арқылы меңгеру. Баланың өз еңбегң нәтижесінде тұрақты оң мотивация мен түйсіну тудыру. Оқу техникасының көлемін, сапасын және шапшаңдығын арттыру. ойлау шапшаңдығын, жады мен зейінді дамыту. Жетістікке жеткен адам көрсеткіші ретінде, пәнді сапалы меңгеруге қызығушылық таныту және ынталандыру. Міндеті: Технологиялық картаның регламентін орындау. Жоспарланған нәтиже: қойылған мақсатқа жету. 2 тип Білім мен іс-әрекет амалдарын бекіту бойынша оқу дәрісі: мотивация > жетекші білім мен іс-әрекеттер тәсілдерін өзектендіру > ұқсас және жаңа жағдаяттарда білімді қолданудың үлгісін құру > білімді өз бетінше қолдану > бақылау және өздік бақылау > түзету > түйсіну.

1

Ұйымдастыру кезеңі Мотивация. бұл картада оқушылардың сабақты құруға қатыса алатын мүмкіндіктері бар.

Үй жұмысы тексерілмейді – бұл жаңа тақырып. Өткен тақырып аяқталған және түйсінуді талап етпейді. Оқушылардың мотивациясы сынып бір топ ретінде болады: тақырыптар уақыты жылдық жоспар бойынша көрсетіледі. Мұғалім тақырыптарды оқу барысында уақытты үнемдеуге және «Ауызша сабақ-3» картасында ойнау мүмкіндіктеріне мәлімет береді.

Карта бойынша жұмыс жасау реті түсіндіріледі. Ұжымды белсендіру үшін көшбасшыға сөз беріледі. ООМ бойынша жұмыс.

2

Оқушылардың субъекті тәжірибесін өзектендіру. «Ауз саб-1» картасының ережесі бойынша 7, 14 немесе 21 сөз санын таңдау

Сабақ басында мұғалім жаңа тақырыпқа кірспе түсініктеме беріп өтеді. Оқушыларды термин сздер мен түсініктермен таныстырады. Оқушылар мәтінді бір бет параққа 3 минуттық есеппен көңіл аударып оқып, оның ішінен тірек сөздерді табуы тиіс. оқушылар мұғалімнің рухсатымен тапқан тірек сөздерін айтады. Мұғалім ООМ белгілейді. Тіпті оқушы бір-ақ сөз тапса да, ол да бір белгілеу алады. Мұғалім барлық оқушылардың тірек сөзді табуына белсенділік танытады. Мұғаліп тірек сөздер эталонын сабаққа дейін тағайындап қояды.

1-2 сынып: 5 минут бір бет мәтінге; 3-4 және 7-11 сыныптар: 4 мәтіннің бір бетіне 4 минут; 5-6 сынып: мәтін бетіне 3 минут. қосу және алу белгісі. Біріншілік белгілеу.

3

Қабылдауды ұйымдастыру. Есте сақтауға уақыт нормативі 7 сөз – 30 сек. 14 сөз-1 мин-15 сек. 21 сөз – 2 мин-30 сек.

Кілтті сөздер жабылады. Оқушылар тақтадағы барлық сөздерді естерінде сақтауы тиіс. Берілген уақыт аяқталысымен сөздерді жасырып қояды және оқушылар сол кеткен уақыт аралығындағыдай уақыт ішінде естеріне сөздерді түсіруі тиіс. Мұғалім сұрақ-жауап жүргізеді, нормаға сай есте ақлған сөздерді айтқан оқушыға ООМ ұяшығына екінші қосу белгісі қойылады.

Екіншілік белгілеу. барлық оқушылардың нәтижелері бойынша қосу немесе алу белгілері қойылады. Жады бойынша рухсат бір сөз кем.

4

Ұғынуды ұйымдастыру

Қарама-қарсы сұрақ қою. Мұғалім ООМ бойынша оқушыларды ретсіз түрде сабақтың тақырыбына байланысты кілттік сөздерді қоса сұрайды.

Үшіншілік белгілеу. барлық оқушылардың нәтижелері бойынша қосу немесе алу белгілері қойылады.

5

Түсінудің біріншілік тексеруі

Оқушылардың бірін бірі тестілеуі. Оқушылар өткен тақырып бойынша тестілер құрастырады және орынға отырғызу матрицасы арқылы сұралады. Өзге оқушының сайт номерін айту арқылы жүзеге асырылады. Бірін бірі тестілеу нәтижесі бойынша белгі қою ережесі: 1. Тестіні шешетін оқушы дұрыс жауабы үшін ООМ қосу белгісін алады. 2. Тестіні шешетін оқушы дұрыс емес жауабы үшін ООМ алу белгісін алады. 3. Тест құраушы оқушы ООМ қосу белгісін алады егер де, ол қойған сұраққа дұрыс жауап алынбаса. 4. Тест құраушы оқушы ООМ алу белгісін алады егер де, ол қойған сұраққа дұрыс жауап алынса.

Бірінші нұсқадағы оқушылар тест тапсырмаларын дайындайды, ал екінші нұсқадағылар жауап береді. Төртінші белгілеу .

6

Біріншілік бекітуді ұйымдастыру Уақыт 5 минут

Оқытылған тақырып бойынша тақырыптық сөздік қорды (ТСҚ) тексеру жүргізіледі. Сөз қысқартылмаған түрде, түсінікті етіп жазылады. шығарма түрінде жазуға рұхсат беріледі. Көмекші сөз және жалғау сөз болып саналмайды. ТСҚ нормативі төменде келтірілген.

Бесінші белгілеу
барлық оқушылардың нәтижелері бойынша қосу немесе алу белгілері қойылады.

7

Талдау

1. Сыныптың материалды меңгеру деңгейі анықталады. 2. Сабақтың нәтижесін ескере отырып сол тақырып бойынша жұмыс уақыты болжанады.

 

8

Түйсіну

Мұғалім тағы да тақырыптың аяқталуын болжап, «Ауызша саба 3» картасындағы ойын ережелерінің мүмкіндіктерін айтады.

 

9

Бағалау

Журналға баға қою келесі норматив бойынша жүзеге асырылады: - 4- 5 белгі – 5 ұпай. - 3 белгі – 4 ұпай. -2 белгі – 3 ұпай. -1 белгі – 2 ұпай.

Сапа нормативі карта бойынша орындалды деп есептеледі егер де,: оқушылардың 63% 5 ұпайдан алса. 3 кестені қара. 10 Үй тапсырмасы 4 белгіден кем алған оқушылар үйге тапсырма алады.

Сапалы технологиялық нәтиже алу үшін, сабақ толығымен және әр кезеңдері өлшенеді. Бүл үшін сабақтың технологиялық кезеңі бойынша негізгі 4 көрсеткіші жасалған, ол мұғалім тарапынан ООМ арқылы қойылатын алу және қосу белгілерімен көрінетін белгілер. 1. Тірек сөздерді іздеу. 2. Жады үшін. 3. Қарама-қарсы сұрақтар үшін. 4. тестілеу үшін. 5 Сөздік қор үшін. Бұл картада бес белгі келісілген түрде ерекшеленген, себебі бұл тестілеу кезеңінде сыныптың жартысы жауап беруге қатыспайды.

«Ауызша сабақ-3» картасы

Бұл картаға 25. 02. 11 ж өзгерістер енгізілді. Бұл кезеңдегі, бұл карата бойынша оқушылардың 63% норматив көрсеткішке жетуге қиындық тудырғаныүшін Ақтөбе қ №51 мектептің тарих пәннің «Кәсіби» мұғалімі Қ. Сұлтанованың ұсынысына байланысты түзету енгізілді. 3 тип Білім мен іс-әрекет амалдарының кешенді қолдану бойынша оқу дәрісі: мотивация > білім мен іс-әрекеттер тәсілдерінің кешенін өзектендіру > ұқсас және жаңа жағдаяттарда өз бетінше білімдерін қолдану > бақылау және өздік бақылау > түзету > түйсіну.

1

Ұйымдастыру кезеңі Мотивация

Үй жұмысы тексерілмейді- бұл жаңа тақырып. Сынып өз бетінше үштікке бөлінеді. Әрбір үштікте үш роль: «Орындаушы»- тапсырманың дұрыс орындалуына жауап береді; «Сыншы»-қатені табуға жауап береді; «Шабыттандырушы»-топтың сәтті жұмыс жасауына жауап береді. Әрбір үштік өз аттарын қояды. Карта бойынша жұмыс нәтижесін ендіретін тақтадан әрбір үштік үш ұяшықты алады. Оқушылар мотивациясы топпен ізденіс жұмысын жүргізу.

Карта бойынша жұмыс ретін түсіндіреді. Сыныпты белсендіру үшін сынып көшбасшысына сөз беріледі. Жауап үшін ұяшыққа ұпай саны немесе алу белгісі қойылады.

2

1 кезең Іс-әрекет тәсілдері мен білімдер кешенін өзектендіру

Оқытылған тақырып бойынша тақырыптық сөздік қорды (ТСҚ) тексеру жүргізіледі. Сөз қысқартылмаған түрде, түсінікті етіп жазылады. шығарма түрінде жазуға рұхсат беріледі. Көмекші сөз және жалғау сөз болып саналмайды.

Уақыт 5 минут. Норма: - үштікке және оқушы ұяшығына бір ұпай қойылады. Бірінші белгілеу.

3

2 кезең Ұқсас және жаңа жағдаяттарды шешуге өз бетінше білімдерін қолдану

Тірек сөздерін іздеу. Ол мәтінмен жұмыс жүргізу барысында жүргізіледі. Мәтінмен жұмыс жасау уақытының жаңа нормативтері ендіріледі. Үштіктің тақтаға жазылған әр бір кілт сөзі үшін бір ұпай алады. Ұпай тек, қол көтеріп, өздерінің кілт сөзінің жаңа нұсқасын ұсынған жағдайда қойылады. Кілт немесе түйін сөздерінің сапасы сабаққа дейінгі мұғалімнің жасаған түйін сөздер тізімімен сәйкес келуі тиіс. Жеке үштіктің беретін түйін сөз саны – 3 кем болмауы тиіс. Тірек сөздерінің эталонын мұғалім сабаққа дейін дайындайды. 2 сөзден құралған мағыналы сөз екі сөз ретінде есептелінеді.

1-2 сынып: 5 минут бір бет мәтінге; 3-4 және 7-11 сыныптар: 4 мәтіннің бір бетіне 4 минут; 5-6 сынып: мәтін бетіне 3 минут Әр сөз үшін үштік мүшенің біреуі 1 ұпай алады. Екінші белгілеу.

4

3 кезең өздік бақылау и бақылау

Есте сақтап тірек сөздерді жазу Сөз саны – 21, рухсат 19 сөз. Әр үштік 3 ұпай алуға құқылы, орындалған нормативтер үшін әр бір мүшесіне бір ұпайдан алады. Үштіктер арасында өз-өздерін тексеру жүргізіледі. Тексеріп болғаннан соң, нәтижесін үштіктер мұғалмге ұсынады.

Үшінші белгілеу. топ ұяшығына бір санын және алу белгісін қояды.

5

4 кезең Түзету

Үш ұпайлық жүйе бойынша сыншылар тарапынан сұрақ қою арқылы өткізіледі – үштіктің жалпы талдау жұмысы 1 ұпай, үстіртін жауап – 2 ұпай, терең жауап– 3 ұпай.

Төртінші белгілеу. Әр оқушы бір ұпайдан алуы мүмкін.

6

5 кезең Рефлексия

Тестілеу. бірінші үштік мадақтау бір ұпайын алады. Сұрақтар себеп-салдарға бағытталған нақты болуы тиіс: себебін, жағдайын айт, неге? Не үшін? Неден? Немен байланысты? қандай үлгіде? Қарапайым тұрғыдағы сұрақтар есептелінбейді, мынадай типтегі: уақыт, атын ата немесе қайда болы? Дұрыс емес сұраққа 3 ұпайдан айып салынады. 1 Егер үштіктің ішінен бір оқушы қорытынды жауап берсе, онда барлығы да үш ұпай алады; 2. Егер үштіктің ішінен бір оқушы қорытынды жауап бермесе, онда дұрыс жауапты екінші оқушы беруі тиіс, ол кезде барлық үштік екі ұпай алады; 3. Егер екінші оқушы қорытынды жауап бермесе, онда дұрыс жауапты үшінші оқушы беруі тиіс, ол кезде барлық үштік бір ұпай алады. 4. Тестіні құрастырушы үштік бір ұпай алады егер де, бірінші сұраққа дұрыс жауап алынбаса; 5. Тестіні құрастырушы үштік екі ұпай алады егер де, екінші сұраққа дұрыс жауап алынбаса; 6. Тестіні құрастырушы үштік үш ұпай алады егер де, үшінші сұраққа дұрыс жауап алынбаса; 7. Сабақ барысында қалып қойған екі топ үштігіне келісілген түрде балдық қатынас бойынша үздік үштік ретінде 3 рет немесе бір реттік өз сәттілік бақтарын сынауға бір дуэл ретінде сұрақ-жауап беріледі. Үш ұпайлық жүйе бойынша сыншылар тарапынан сұрақ қою арқылы өткізіледі – үштіктің жалпы талдау жұмысы 1 ұпай, үстіртін жауап – 2 ұпай, терең жауап– 3 ұпай.

Бесінші белгілеу. Әр үштік 3 ұпай алуға құқылы, 1 ұпайдан әр оқушыға. Алтыншы белгілеу. Әр оқушы бір ұпайдан алуға құқылы.

7

6 кезең Білім және іс-әрекеттер кешенін өзектендіру

Мәселелік сұрақ-жауап. Бірінші үштік бір ұпай алады. Мәселелік сұрақтың соңғы кезеңінде 9 ұпайлық санды шегімен бөлшектеуді ұсынады: 3 ұпай – оқытылатын тақырыптағы жауап реті өзгертілмей бергенде; 6 ұпай - оқытылатын тақырыптағы жауап реті бөлшектеп өзгертіліп бергенде; 9 ұпай - оқытылатын тақырыптағы жауап реті толығымен өзгертіліп, стандартты емес, ерекше,айрықша жауап бергенде.

Жетінші белгілеу.
Ұпай сандары барлық үштікке бірдей бөлінеді.

8

7 кезең Түзету және түйсіну

Үш ұпайлық жүйе бойынша сыншылар тарапынан сұрақ қою арқылы өткізіледі – үштіктің жалпы талдау жұмысы 1 ұпай, үстіртін жауап – 2 ұпай, терең жауап– 3 ұпай.

Сегізінші белгілеу.
Әр оқушы бір ұпайдан алуға құқылы.

9

Бағалау

Журналға қойылатын баға келесі нормативтер арқылы жүзеге асырылады: - 6 дан бастап және одан жоғары – 5 ұпай, - 5- белгі – 4 ұпай; - 4 белгі – 3 ұпай. 3 бірінші орынды алған үштік мынадай сандық бонустар алады: 1 орын- 10 ұпай әр оқушыға. 2 орын – 8 ұпай әр оқушыға. 3 орын – 6 ұпай әр оқушыға. Алынған бонустар тәрбие журналына ендіріледі. Сабақтың соңғы кезеңінде үштік жетістігіне қатысынсыз стандартты емес жауап берген оқушыға 5 ұпайлық бағаны жұрналға қоюға мұғалім құқылы. Жеңіске жеткен үштік осы карта бойынша кез келген сабақта, үштік құрамы сақталған жағдайда, бір рет мұғалімнің көмегін ала алады.

Сапа нормативі карта бойынша орындалды деп есептеледі егер де,: оқушылардың 63% 5 ұпайдан алса. 3 кестені қара.

10

Үйге тапсырма

4 тен кем орын алған үштік оқушылары үйге тапсырма алады.

Топтық жұмыстың қорытындысы. Сынып көшбасшысына сөз беріледі.

Сабақтың соңғы кезеңінде үштік жетістігіне қатысынсыз қажетті жауапты сапалы түрде берген кезде оқушыға 5 ұпайлық бағаны жұрналға қоюға мұғалім құқылы. Жеңіске жеткен үштік осы карта бойынша кез келген сабақта, үштік құрамы сақталған жағдайда, бір рет мұғалімнің көмегін ала алады.

«БАЖ» КАРТАСЫ «БЕЛГІЛІ», «АРНАЙЫ», «ЖАҢА»

Мқсаты: оқылатын тақырыптың оқыту сапасының нормативті көрсеткішне жету. Кірісте ақпаратты реттеу білігін қалыптастыру. Ақпараттық құзыреттілігін дамыту. Оқушылар үшін - индукция және дедукция, зейін, қабылдау, жадыны жаттықтыру және толығымен ойлау түрлерін түйінді қалыптастыру. Дұрыс жазу шапшаңдығы мен техникасын дамыту. Міндеті: Карта регламентін орындау. ұяшықтарды дұрыс толтыра отырып, кілтті сөздер арқылы ақпараттың белгілі көлемін арттыру. Жоспарланған нәтиде: Алға қойылған мақсатқа жету. Оқу үрдісіне деген жоғарғы мотивация. Кестені толтыру әдістемесі: кесте үш бағанды бөлікке бөлінеді: белгілі, арнайы, жаңа.

1. Әр баған лекциялық материалдың берілген шегіне байланысты толтырылады. Арнайы мағынасына қарай, белгілі пәннің тілін көрсететін арнайы - сөздер бөлек жазылып көрсетіледі. Мысалы, тарих: эпохалар, күндер, сандар, тарихи тұлғалар, тарихи терминдер. «Белгілі» бағанына оқушыға таныс тірек сөздер жазылады, ал «Жаңа» бағанына – белгісіз. Оқушыларға конспектілеу рухсат етілмейді. Кестенің үш бағанын толтыру, мұғалімнің сабаққа дейін әр бағанға жеке таңдалып нақтыланған түсінікке негізделінген болуы тиіс. «Белгілі, арнайы, жаңа» кестесі

Белгілі

Арнайы

Жаңа

Напалеон – белгілі, мүмкін торттың аталуы бойынша

1812 жыл – бұл дата

Напал Ресейге шабуыл жасады – бұл оқиға

3 тип оқу сабағы
Білім және іс-әрекет тәсілдерін кешенді түрде қолдану бойынша оқу сабағы: мотивация > білім мен іс-әрекеттер тәсілдерінің кешенін өзектендіру > ұқсас және жаңа жағдаяттарда өз бетінше білімдерін қолдану > бақылау және өздік бақылау > түзету > түйсіну.

Ұйымдастыру кезеңі Мотивация

Оқушылардың мотивациясы сынып бір топ ретінде болады: тақырыптар уақыты жылдық жоспар бойынша көрсетіледі. Мұғалім тақырыптарды оқу барысында уақытты үнемдеуге және «Ауызша сабақ-3» картасында ойнау мүмкіндіктеріне мәлімет береді.

Карта бойынша жұмыс ретін түсіндіреді. Сыныпты белсендіру үшін сынып көшбасшысына сөз беріледі.

1 кезең Іс-әрекет тәсілдері мен білімдер кешенін өзектендіру

Өткен сабақтың тақырыбы бойынша қарама-қарсы сұрақ. Үй жұмысын тексеру.

Бірінші белгілеу.

Ұқсас және жаңа жағдаяттарда өз бетінше білімдерін қолдану

Мұғалім дәріс оқиды, оқушылардың жұмысындағы анағұрлым сипатты қателерді табу үшін мүмкіндігінше сыныпта арлап жүреді. Ақпаратты жеткізу тәсілі әр түрлі болуы мүмкін: фильм көру, аудио тыңдау арқылы, мультимедиялық тұсаукесер, монолог, диалог, оқулықтағы мәтінді өңдеу барысындағы талқылау немесе мұғалімнің еркімен таңдалған кітап.

Мұғалім 5 минуттан кем емес 10 минуттан артық емес уақыт арлығында дәріс (лекция) оқиды.

 

Мұғалімнің жоспарлаған түсініктен оқушы қажетті бағанға сөздің 60% кем емес сәйкесті сөздерді жазған жағдайда қосу белгісі қойылады. Егер де, уақыт мүмкіндігі болса, мұғалім оқушыға үш бағандағы жазған сөздерінің барлығын оқытады, бірақ жоспарлы кезеңге белгі (баға) қойылмайды.

 

Түзету

Бұл кезеңде «Арнайы» бағанын толтыру бойынша оқушылар жұмысына кең ауқымды талдау жасалынады. Мысалдар келтіріледі және оқушылардың анағұрлым сипатты қателерін анықтайды. Қойылған міндеттерді шешу үшін дұрыс жолдары көрсетіледі.

Баға қойылып және кезең аяқталғаннан соң мұғалім өзінің жоспарлық түсініктерін оқиды.

Түйсіну

Мұғалім тағы да, «Жаңа» бағанын толтыру ұстанымын, «Арнайы» бағанын толтыру барысындағы мәліметтердің нәтижесін айта отырып түсіндіреді.

бірінші кезеңде сәтті орындаған оқушыларды ауызша мадақтап өтеді.

2 кезең

«Жаңа» бағанының толтыру.

1 кезең қайталанады.

 

Егер де, уақыт мүмкіндігі болса, мұғалім оқушыға үш бағандағы жазған сөздерінің барлығын оқытады, бірақ жоспарлы кезеңде ғана белгі (баға) қойылады.

 

3 кезең

«Белгілі» бағанының толтырылуы.

1 кезең қайталанады.

 

Егер де, уақыт мүмкіндігі болса, мұғалім оқушыға үш бағандағы жазған сөздерінің барлығын оқытады, бірақ жоспарлы кезеңде ғана белгі (баға) қойылады.

Төртінші белгілеу.

Сөздік қор

Оқушылар оқытылып жатқан тақырыпқа сай ТСҚ (тақырыптық сөздік қор) жазады.

Бесінші белгілеу.

Бағалау

Журналға баға қою келесі норматив бойынша жүзеге асады: - 4-5 белгі – 5 ұпай; - 3 белгі – 4 ұпай; - 2 белгі – 3 ұпай; - 1 белгі – 2 ұпай.

Сапа нормативі карта бойынша орындалды деп есептеледі егер де,: оқушылардың 63% 5 ұпайдан алса. 3 кестені қара.

Үйге тапсырма

4 тен кем орын алған үштік оқушылары үйге тапсырма алады.

 

ӘМБЕБЕП КАРТАСЫ

Жұмыс ережесі. Карта бойынша мақсат: Оқытылып жатқан тақырып бойынша оқытудың сапалы көрсеткіш нормативіне жету. Мұғалімнің пәндік және педагогикалық кұзыреттілігін, оның шығармашыл потенциалын арттыру. Технологиялық карталау формасының көп түрлілігін дамыту. Оқушылардың оқуға деген ынталарын арттыру. Міндеті: қолданыста бар карталар негізінде сабақ құрылымын құрастыру. Күтілетін нәтиже: сабақтың мақсатын орындау.

Әмбебеп картамен жұмыс жасауға «Ауызша сабақ» карталары жиынтығы бойынша сынақ тапсырған мұғалімдерге ғана рухсат беріледі.

Әмбебап картасы мұғалімнің өз бетінше сабақты құрастыруы үшін негізделген. Сабаққа сай келетін, осыға дейінгі үйренген кез-келген технологиялық карталардың элементін таңдап алуына мұғалімнің құқығы бар. Картада «БжС» технологиясы бойынша анағұрлым кең шығармашыл түрде сабақ өткізуге мүмкіндік беретін элементтердің барлығы да картада жинақталып, қамтылған. Негізгі шарт – технологиялық кезеңдердің дұрыс жүзеге асу ережесін сақтау және 4 базалық бағалау критерийлерінің негізінде сынып жұмысын ООМ бойынша жұмыс жасау мониторингісі: 1. Тірек сөздерді есте сақтау бойынша жады үшін. 2. СҚ сөздер саны үшін. 3. Қарама-қарсы сұрақ үшін. 4. Сын тұрғысынан сұрақ қою үшін (оның ішінде бір-бірін тестілеу де жатады). . Ескертпе! Мұғалімнің еркі бойынша өз бетінше баға қоюға болмайды. Технология – сапа заңы. Жауап бар болса-ұпай бар, жауап жоқ болса, ұпай да жоқ. Мұғалім журналға оқушының жауабы үшін бес бағасын қоя алады, бірақ та СҚ ұпай бере алмайды еге де, нормативке сай болмаса. Технологиялық регламентті бұзуға болмайды – бұл технология заңы. Нұсқау: технологиялық нормадан тыс–үлгермеуші оқушыларды, мұғалім журналға баға қойғанда білуге ұмтылған балалаларды мадақтап, мақтаулар айтып отыруды қажет етеді.

6. «Ауызша сабақ» – 1,2,3, және «Әмбебап» картасы – гуманитарлық пәндер саласында оқу материалдарын меңгеруге арналған. Бұл технология бойынша ойлаудың барлық типін дамыту принципі берілген.
7. «КТС» ( Күншуақ,түймедақ,самалшық) картасы – күрделі,жоғары деңгей картасы. Оқу үрдісінде бала дамуының жоғары көрсеткішін көрсетеді.
8. «БАЖ» ( белгілі,арнайы,жаңа) картасы – әртүрлі ақпараттар ағымымен жұмыс жүргізу біліктілігін қалыптастырып,сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамытады.
Аталған технологиялық карталарды сабақтың типтеріне қарай қалай таңдауға болады?
Кесте 1.


рс

Технологиялық карта

Кіріспе:
білім

Бекіту:
түсіну

Қолдану

Анализ

Син
тез

Жалпылау

Бағалау

1

Алгоритм

+

 

 

 

 

 

 

2

Биоинтернет

 

+

 

 

 

 

 

3

Жаттықтыр
ғыш

 

 

+

 

 

 

 

4

Көшбасшы

 

 

 

+

 

 

 

5

Қисын

 

 

 

+

+

+

 

6

Ауызша сабақ

 

 

 

 

 

+

+

Биоинформатика және синергетика технологиясымен танысып, саралай келе төмендегідей артықшылықтарды бөліп алуға болады:

  • нақты нәтижеге, сапа көрсеткішіне бағытталуы;

  • оқыту формасының белсенділігі;

  • жекелей , даралап оқытуды қамтамасыз етеді;

  • деңгейлеп оқытуды жүзеге асырады;

  • түзету, коррекция және рефлексия  жұмыстарын сабақтың әрбір кезеңінде іске асыруға болады;

  • зерттеу- ізденушілік дағдыларын дамытуға ықпал етеді.

Ағымдағы тексеру жұмыстары тек бақылау ғана емес диагностикалық сипатта да қызмет атқарады. Оның мақсаты- түзету жұмыстарының қажеттілік деңгейін анықтау.
Оқушылардың біріккен жұмыстарын топта, шағын топтарда ұйымдастыру олардың бойында субъектіліктің алғы шарты болатын  төмендегідей дағдыларды қалыптастыруға бағытталған:

  • жаңа материалды өз беттерінше игеру;

  • шығармашылық тұрғыда ойлау, талдау, қорытынды жасау;

  • -өз ойларын басқа оқушыларға толықтай жеткізу;

  • мәселе қою;

  • ұйымдастыру, басқару іскерлігін жүзеге асыру;

  • өзін- өзі тексеру, бағалау.

Сол арқылы оқушыларда пәннің мазмұнын білумен қатар белсенділік, жауапкершілік, бастамашылдық сияқты құнды тұлғалық қасиеттер қалыптасады, яғни субъект ретінде дамиды.  
Бағалау ООМ (отырғызу орындарының матрицасы)арқылы жүргізіледі,дұрыс жауап + белгіленеді, жауап болмаса-. Ойлану уақыты -3 сек.

А

Б


В

Г


Д

Е

Д-3



+++++






+





+


Сабақтарда байқалғаны:

  • оқушылар көп уақыт бойы белсенді, тапсырмаларды өз беттерінше орындайды;

  • дағды қалыптасады, шаршамайды және өз білетінін    басқаға үйретеді ;

  • өзара қарым-қатынас қалыптасады;

  • жұппен, топпен, ұжымдық жұмыс түрлері қолданылады;

  • бағалаудың түрлі формаларын пайдаланады;

  • машықтандыру жаттығулары жасалады;

  • оқушылардың шебер орындауы үнемі уақытпен шектеледі;

  • сыныптағы ешбір оқушы қалыс қалмайды;

  • сыныптағы әр оқушымен жұмыс жасауға мүмкіндігі бар.

Оқушылардың еске сақтау қабілетін, зейінін, ойлау қабілетін, жылдамдығын дамытуға ықпалы зор. Білімнің үлкен көлемін меңгеруде де оқушылар жаппай ой қозғалысына түседі де бүкіл сыныпқа жүктеме бөлінеді, сөйтіп тану қуанышына мүмкіндік туады.

Тренинг Мақсаты: мұғалімдердің психикалық көңіл-күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау, ұжымда сыйластық қарым-қатынас орнату.

Құрметті әріптестер, бүгін сіздердің психикалық көңіл-күйлеріңізді көтеруге, өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге, өз-өзіңізге құрметпен қарауға, бір-бірімізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға арналған әуенді терапия сағатына ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.

  1. Аутотренинг.

Дүниеде мұғалімдіктен құрметті мамандық жоқ. Бұл өте қиын, күрделі міндет. Нағыз мұғалім өзі оқытатын пәнді, соған байланысты ғылым саласын терең білуімен, сол білімін балаларға дұрыс жеткізумен көзге түсіп ерекшеленеді.

Оқушылардың интеллектуалдық дәрежесінің күннен күнге артуына байланысты мектепте жұмыс істеу барған сайын күрделеніп келеді. Қазіргі заман талабына сай білімді, интеллектуалды, ғылым мен техникадан, өнер мен саясаттан хабары бар, жан-жақты мінезге бай мұғалім жоғары бағаланады.

1-жаттығу: «Жылылық сыйлау»

Мақсаты:   Әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір-біріне жылылық сыйлау.

Көршіңді оң жақтан құшақта,

Көршіңді сол жақтан құшақта,

Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,

Сол жақтағы көршіңе бір жымиып

Бүгінгі тренинг барысы,

Біз- үлкен отбасы!

 2-жаттығу. «Аялы алақан»

Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту.

Шеңбер бойымен отыру. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісінің қолынан ұстап, мына сөздерге жауап алуы тиіс.

Есіміз кім? Өзіңізді таныстыра кетіңіз?  Сізге не ұнайды?

3. Тест «Ашуыңызды ірке білесіз бе?»

Бұл тест 20 сұрақтан тұрады. Әр сұрақтың 3 жауабының біреуін таңдау керек. Мұғалімнің бәрі бірдей емес. Әр мұғалімнің шыдамдылығы әр алуан.

1-жауапқа 1 ұпай, 2-жауапқа- 2 ұпай, 3-жауапқа-3 ұпай

1. Егер басшымен ұрысысып қалсаңыз, татуласуға жол іздейсіз бе?

1) Әрқашан; 2) Анда-санда; 3)Ешқашан;

  1. Қиын жағдайда өзіңізді қалай ұстайсыз?

1) Ішімнен ашуланамын; 2) Өз-өзімді ұстаймын; 3)Өз-өзімді ұстай алмаймын;

3) Ұстаздар сізді қандай адам деп санайды?

1) Өзімшіл және қызғаншақ; 2) Мейірімді; 3) Салмақты және өз-өзіне сенімді;

4) Егер сізге жауапты жұмыс берілсе не деп жауап бересіз?

1) Сенімсіздікпен келісім беремін; 2) Ойланбай келісем; 3) Өзімнің тыныштығым үшін келіспеймін;

5) Егер сіздің рұқсатыңызсыз мұғалім үстеліңізден қағаз алса, сіз өзіңізді қалай ұстайсыз?

1) Қатты ұрсамын; 2) Орнына қойдырамын; 3) Тағы ештеңе керек жоқ па деп сұраймын;

6) Егер сіздің күйеуіңіз (әйеліңіз) жұмыстан кешігіп келсе оны қалай қарсы аласыз?

1) Сен неге кешіктің? 2) Кеше қайда қаңғыдың? 3) Мен енді уайымдай бастадым.

7) Сіз өзіңізді машинаның рөлінде қалай ұстайсыз?

1) Алдындағы машинаны қуып жатасыз; 2)Сізге бәрібір, қанша машина озады;

3) Машинаны қатты жылдамдығына салам.

8) Сіз өмірге қалай қарайсыз?

1) Орташа; 2) Жеңіл; 3) Қатты.

9. Егер жолыңыз болмаса сіз не істейсіз?

1) Жаланы басқа біреуден көремін; 2) Көнесіз; 3) Келесі жолы абай боласыз.

10. Жастардың өзінің бос уақытын дұрыс өткізбеуіне сіз қалай қарайсыз?

1) Оларға тыйым салу керек; 2)Оларды дұрыс ұйымдастыру керек (мәдениетті демалу) 3) Солармен біз неге әуреленеміз;

  1. Егер сіздің жұмыс орныңызға басқа біреуді қойса, сіз қайтесіз?

1)Несіне босқа жүйке-жүйемді тоздырам; 2)Оның бет-әлпеті бастыққа ұнады;

3) Келесі ретте менің жолым болады;

  1. Қорқынышты киноны қалай көресіз?

1) Қорқасыз; 2) Жалығасыз; 3) Жақсы көңіл бөлем;

  1. Жолдың кедергісінен маңызды жиналысқа кешіксеңіз:

1) Жиналыста мазасызданып кетесіз; 2) Тіл табысуға тырысасыз; 3) Өкінесіз;

  1. Спорттық жетістіктерге қалай қарайсыз?

1) Жеңуге тырысасыз; 2) Өзіңізді жас сезінесіз; 3) Жеңілсеңіз ашуланасыз;

15) Егер сізді мейрамханада дұрыс күтпесе:

1) Айғай-шу болмас үшін үндемейсіз; 2) Күтушіні шақырып сөгіс бересіз; 3) Арыз кітабымен директорға барасыз.

16)Сіздің балаңызды мектепте ренжітсе:

1) Мұғаліммен сөйлесем; 2) Ренжіткен баланың ата-анасына айқай шақырамын;

3) Балаға «өзің ақылмен шеш» деймін;

17) Сіз қандай адамсыз?

1) Орташа; 2) Өз-өзіме сенімді; 3) Өткір.

18) Егер мектеп есігінің алдында әріптеспен қақтығысып қалсаңыз, ол сізден кешірім сұраса сіз не дейсіз?

1) Оқасы жоқ; 2) Көзіңе қарамайсың ба; 3) Кешіріңіз мен кінәлімін.

19) Жастардың арасындағы бұзақылыққа қалай қарайсыз?

1) Қашан бұл жастарға тыйым салынады; 2)Жүрекке тиетін жаза беру керек; 3) Тек қана жастарды кінәламау, бұл жерде тәрбиешілер де кінәлі.

20) Егер бұл дүниеге аң болып келсеңіз, қай аңды тандайтын едіңіз?

1) Жолбарыс; 2) Үй мысығы; 3) Аю.

Жауабы: 36-44 ұпай алса, мұғалім өз-өзіне сенімді, шыншыл, өмірде өз жолын таңдай білген, агрессиясы орташа адам.

45-тен жоғары ұпай алса, ол өте ашушаң, басқа адамдарға қатал қарайтын, өз-өзін ұстай алмайтын адам. Жеңіске жету үшін, биікке көтерілу үшін, ол жанұясын, қоршаған ұжымын құрбандыққа шалуы мүмкін.

35-ұпайдан төмен алған мұғалім өте мейірімді, өз-өзіне толық сенбейтін адам, оған өмірде кішкене батылдық сенімдік қажет.

Пәні: Қазақстанның бейнелеу өнері

Сабақтың тақырыбы: Пайдалы қазбалар

Сабақтың мақсаты:

1. Пайдалы қазбалар туралы білімін тиянақтау, бекіту, жинақтау;

2. Ой-өрісін, шығармашылық қабілетін дамыту;

3. Ұжымшылдыққа, адамгершілікке, сыйластыққа тәрбиелеу;

Сабақта қолдалынатын технология: «Биоақпарат және синергетика технологиясы»

Технологиялық карта түрі: Ауызша сабақ – 3

Сабақтың барысы:

1-кезең

Ұйымдастыру. Сабақтың мақсатын хабарлау.

2-кезең

Оқушылар үштіктерге бөлінеді: сыншы, дем беруші, орындаушы.

Әр топ өздеріне ат қояды. ООМ ( оқушылардың орындық матрицасын) сызу.

3-кезең

Топтың атауы

Д

О

С





Жаттығу. Тақырыптық сөздік қор. Осы білім бойынша тақырыптық сөздік қор жазу. Деңгей 44 сөз. Уақыты 5 минут. Егер топтағы оқушылардың үшеуі де деңгейге жетсе, онда ООМ-ға 3 ұпай, егер екі оқушы деңгейге жетсе 2 ұпай, бір оқушы деңгейге жетсе 1 ұпай жазылады.

4-кезең

Кілтті сөзді табу. Осы білім бойынша әр топ 21 кілтті сөзді табу керек. Уақыт біткен соң топтардан сұрау жүргізіледі. Егер топтағы оқушылардың таңдаған сөздері мұғалімнің сөзімен сәйкес келсе, онда 1 ұпай жазылады. Бірақ алдыңғы топтың тапқан сөздерін келесі топ қайталамауы керек.

21 кілтті сөзді түгел тауып болған соң топтағы үш оқушы әрқайсысы 7 сөзден жаттауы тиіс. Жаттауға 30 секунд беріледі, жаттаған сөздерін жазуға 30 секунд беріледі. Егер 19-21 сөзді жатқа жазса, онда ООМ-ға 1 ұпай, 18 сөзден төмен жазса, онда 0 ұпай жазылады.

21 кілтті сөз:

1. Темір

8. Мырыш

15. Тұз

2. Мыс

9. Тас көмір

16. Фосфорит

3. Жез

10. Антрацит

17. Асбест

4. Қола

11. Кәдімгі тас көмір

18. Әктас

5. Алюминий

12. Қоңыр көмір

19. Бор

6. Боксит

13. Мұнай

20. Мәрмәр

7. Қорғасын

14. Газ

21. Ұлутас

4-жаттығу. «Ашулы шарлар»

Шарты: 8-10 қатысушы ортаға шығып, бір-бір шарды үрлеп, оларды үрлеп, оларды байлау сұралады.

Қатысушыларға түсіндіру керек. Шарлар адамның денесін бейнелейтінін, ал оның ішіндегі ауа-адам сезімі. Қатсыушылар қолдарындағы шарды аяқтарымен жаруы керек.

-Шарды жарғанда қандай сезімде болдыңыздар? Ашуды осылай шығару дұрыс жол ма? Ондай ашудан кейін қандай сезімде боласыздар?

-Бұлай қатты жарылған шар агрессияны білдіреді. Ол қауіпті.

-Енді қатысушылар келесі шарларды үрлейді, оны байламай ұстап тұрады. Бұл шарлар ашу толы сезімді білдіреді, ал енді жайлап қана жарты ауасын шығарайық. Шар кішірейді. Бірақ жарылмады. Бұл нені білдіреді? Егер біз ашуымызды бақылап шығарсақ, ол ешкімге зақым келтірмейді.

-Енді қатысушылар шардағы ауаны толығымен сыртқа шығарады. Бұл дегеніміз ашудың қауіпсіз жолын табу – ол әр адамның өз қолында екеніндігін тұжырымдау.

«Стоп-кадр» Мәтіннің жарты бөлігін оқып,ары қарай не болатынын сұраймын (топпен шешеді) Әр топ өз ойын ортаға салып, айтады.

5-кезең

Қарама-қарсы сұрақ - дуель. Бұл кезеңде әр топ осы білім бойынша бір күрделі сұрақ дайындайды. Бір топ екінші топты дуельге шақырады, яғни дайындаған сұрағын қояды. Қойылған сұраққа бірінші оқушы бірден жауап берсе, онда ООМ-ға 3 ұпай жазылады. Егер бірінші оқушы бірден жауап бере алмай екінші оқушы жауап берсе, онда 2 ұпайжауап берген топқа, ал 1 ұпай сұрақ қойсаң топқа жазылады. Егер екінші оқушыда жауап бере алмай үшінші оқушы жауап берсе, онда жауап беруші топқа 1 ұпай, ал сұрақ қоюшы топқа 2 ұпай жазылады. Ал сұраққа мүлдем жауап бере алмаса, онда сұрақ қоюшы топқа 3 ұпай жазылады.

Егер топтың саны тақ болған жағдайда, онда аз ұпай жинаған топқа мүмкіндік беріледі. Сыншылар өз тобының жұмысын қорытындылайды

6-кезең -Идеялар жарысы.

Мұғалім сабақтың тақырыбы бойынша дәстүрлі емес шешімді іздеуге тапсырма береді. Тапсырма: Пайдалы қазбаларды жерден қазып алған кезде олардың табиғи түрі «әдемі» болмайды. Енді осы пайдалы қазбаларды «әдемі» «әсем» сөздерімен қалай байланыстыруға болады? Байланыстыруға болса дәлелде және суретін салып көрсетіңіз. Жұмыс уақыты бірінші топ бойынша. Әрбір топ өз идеяларын ортаға салады. ООМ-са ұпай сандарын жазу. Егер берілген тапсырманы оқулық бойынша, яғни оқулықтағы мәліметтер бойынша жауап берсе, онда 3 ұпай, егер оқулықтағымәліметке өз ойларынан қосып жауап берсе, онда 6 ұпай, ал егер мүлде жаңа айтса, онда 9 ұпай беріледі.

Сыншылар өз тобының жұмысын қорытындылайды.

7-кезең- Қорытындылау. Бағалау. Жалпы ұпай санын есептеу. Орындарды анықтау.

1-орын – 5 5 5; 2-орын – 5 5 4; 3-орын – 5 4 4

8-кезең

Орын алған топтарды марапаттау. 1-орын алған топқа келесі сабақта мұғалімнен көмек алуға болады. Ұпай есептеп қорытындылау.

Қорытынды:

Технология бойынша оқушылардың өздерінің қателерімен жұмыс жасауы бойынша өзара бағалауын талдау.

hello_html_7ee87e3.png


-Тренингке қатысқандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар!


Қолданылған әдебиеттер:


1. Бакли Р. , Кейпл Д. Теория и практика тренинга. - Питер, 2002 г.


2. Торн К. , Макей Д. Тренинг. Настольная книга тренера. - Питер, 2001 г.


3. Изен Н. В. , Пахомов Ю. В. Психотренинг игры и упражнения. — П. , 2000 г.


4. Көмекбаева Л. К. Білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметті ұйымдастыру. – А. -2002 ж.


5. Прутченков А. С. Социально-психологический тренинг в школе. -эксимо-пресс, 2001 г.


6. Сидоренко Е. В. Мотивационный тренинг – Р; 2000 г.






Кері байланыс парағы

Аты – жөнің_______________________________________________________

Семинар тақырыбы________________________________________________________

Семинар өзектілігі__________________________________________________________

Не үйрендің_______________________________________________________

Пікірің____________________________________________________________

Ұ

БҮГІНГІ САБАҚ ҰНАДЫ МА?

сынысың __________

hello_html_m651e7fdf.jpghello_html_mdfb9c20.jpghello_html_752db650.jpg


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 05.01.2016
Раздел Директору, завучу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров775
Номер материала ДВ-306901
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх