Инфоурок Другое Рабочие программыБілім беру жүйесін басқаруда интерактивті технологияларды жүзеге асыру. Қолданбалы бағдарлама

Білім беру жүйесін басқаруда интерактивті технологияларды жүзеге асыру. Қолданбалы бағдарлама

Скачать материал

Мазмұны

Кіріспе

1. Оқушыларды ақпараттық қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне толық, тиімді араластыру.

1.1 Оқытудың ақпараттық технологиясында қолданылатын бағдарламаны қамтамасыз етудің категориясы

1.2 Интерактивтік тақта

 1.3  «ACTIVBOARD» интерактивті тақта мүмкіндіктерін орта мектепте      қолдану

1.4 Интерактивтік тақтаның элементтері

1.5 Интерактивтік аспаптар

 1.6 Интерактивтік оқыту концепциясы мен технологиясы

2.Колеждегі білім беру жүйесін басқаруда интерактивті  технологияларды жүзеге асыру.

2.1 Оқытудың жалпы принциптері. Интерактивті оқытудың негізгі   әдістері

2.2 Интерактивті оқыту әдістері

2.3 Интерактивті технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың біліктілігін арттыру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Көптеген басқа да технологиялық жаңалықтарды ашу тәрізді ғаламдық компьютерлік желі де әскери бағыттағы зерттеу жобаларының негізінде құрылған.1957  жылы Советтер Одағында тұңғыш жасанды Жер серігінің ұшырылуы КСРО мен АҚШ арасында технологиялық жарыстың бастамасы болды.1958 жылы АҚШ қорғаныс Министрлігі жанындағы әскери салада ғылым-зерттеу қызметін үйлестіру мен жүргізу үшін арнайы Алдыңғы қатарлы Зертте Жобалары Агентігі ұйымдастырылды.Оның қарамағында ядролық соғыс басталған жағдайда байланыс пен коммуникация қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар болды.Байланыстың мұндай жүйесі көпшілік буындарының істен шыққан және бүлінген күннің өзінде барынша  төзімді әне қызмет атқара алатындай қабілетке ие болуы тиіс.

1967 жылы мәліметтерді жеткізу желісін құру үшін,ел арасында шашылған Алдыңғы қатарлы Зертте Жобалары Агентігі компьютерлерін әдеттегі телефон сымдармен жалғау арқылы пайдалану жөніндегі шешім қабылданды. Алдыңғы қатарлы Зертте Жобалары Агентігі аталған тұнғыш компьютерлік желіні құру жөніндегі жұмыстар жедел жргізілді және 1968 жылы оның тптары пайда болды,алғашқысы Лос-Анджелестегі Калифорния университетінде,екіншісі Стенфорд зерттеу институтында құрылды.1969 жылдың қыркүйек айында осы орталықтар араснда алғаш рет компьютер арқылы хабар лмасу жүргізілді,нәтижесінде Алдыңғы қатарлы Зертте Жобалары Агентігі желісі пайда болды. 1969 жылы желтоқсан аында Алдыңғы қатарлы Зертте Жобалары Агентігінде төрт торап құрылса,1970 жылы сегіз,1971 жылы қыркүйек айында  15 торапқа жеткен.1971 жылы бағдарламашы Рэй Томлисон электрондық почта  жүйесін әзірледі,онда адрес көрсетуге алғаш рет @ белгісі пайдаланды.1974 жылы алғашқ коммерциялық Алдыңғы қатарлы Зертте Жобалары Агентігінің қосымшасы ашылды.ол терминал режимінде қашықтағы компьютерлерді пайдалануды қамтамасыз етеді.

Әлемдік өркениетке қадам басқан Қазақстанның қоғамдық-саяси,экономикалық,мәдени дамудағы жңа бастамалар мен түбегейліөзгерістер білім беру жүйесінде өз әсерін тигізіп,білім деңгейін,оқыту әдіснамасын жетілдіруде тың ізденістер жасауға мүмкіншілік туғызып отырӨзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі-педагогикалық құралдарды меңгерген,өзін-өзі жетілдіруге талпынған,рухани дамыған,шығармашыл тұлға.Ол жетістігі,біліктілігі арқылы қалыптасады,дамиды.Жаңа формация мұғаліміне қойылатын талаптар:бәсекеге қабілеттілгі,білім беру сапасының жоғары болуы,кәсіби шеберлігі,әдістемелк жұмыстағы шеберлігі.

          Біліктілікті арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің мәнін түсінуге,соның нәтижесінде өзіндік іс әрекетке енуге және жеке өміріндегі тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байлансты қалыптасады.Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен потенциялдық мүмкіндіктермен келеді.Сондықтан олардың функционалдық сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен ұштастыру үшін нәтижеге бағытталған білім беру үрдісінде мақсатты түрде білім беретін,қалыптастыратын,дамытатын андрогогикалық процесс қажет.Қазіргі білім беру парадигмасы ‘”білікті адамға” бағытталған біліммнен  “мәдениет адамына”бағытталған білімге көшуді көздейді.Дәстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты мақсаты – мамандарды игеру  ғана болса,қазіргі кезде әлемдік білім кеңестігіне ене отырып,бәсекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзрлық қабілетіне сүйену арқыл нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну-өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Педагог мамандардың жаңа технологияны меңгерген сауаттылығы,мәдениеті және құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесі.Сондықтан да бүгінгі таңда студенттерге пәнді тиімді ұғындырудың бірі –жаңа технология негіздері болып табылады.

Технологияның білім үрдісін дамыту ерекшеліктері:

·        Технологияны қолдану арқылы білімнің сапасын көтеру

·        Жаңа технологияларды меңгерген педагогтар арқылы білім беру мазмұнын жаңарту

·        Жағңа технологияларды қолдану саласы бойынша оқушылардың мамандыққа баулу механизімін құру

·        Отандық білім беру жүйелерін біртұтас әлемдік ақпараттық білідік кеңістікке ену арқылы сабақтастыру

Оқытудың жаңа технологияларын таңдаудың М.М Поташник ұсынған критерийлері:

Ø  Қазіргі ғылымның адам туралы жетістктері мен табыстары

Ø Педагогикалық озат тәжірибе

Ø Оқушылардың іс тәжірибесі,интуициясы,шығармашылығы

Оқыту технологиясы төменд көрсетілген алгоритм бойынша іске асырылады:

Педагогикалық технология-тәжірибеде жүзеге асыру-педагогикалық жүйе-әдістемелі жүйе-дидактикалық үдеріс.

Оқытудың ақпараттық технологиясы – бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар (кино, аудио және видеоқұралдар, компьютерлер, телекоммуникациялық желілер).

Оқытудың ақпараттық технологиясы – білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау (педагогикалық іс-әрекетті өзгерту), білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін ақпараттық технологияның қосымшасы деп түсіну керек.

Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты – «оқушыларды ақпараттық қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне толық, тиімді араластыру» болып табылады.

Төмендегі қасиеттер білім жүйесінің өзіндік ерекшелігі болып саналады.

  Тұтынушының қолдану сапасында;

  Нәтижесінде әр түрлі салаларда қолданылатын, ақпараттық технологияларды жасаушы сапасында.

Бірақ компьютер мүмкіндіктерін асыра бағалауға болмайды, өйткені ақпарат беру – бұл білім мен мәдениетті беру емес, сондықтан ақпараттық технологиялар педагогтарға тек қосымша тиімді құрал ретінде қызмет атқарады.

Көптеген елдердің ғылыми орталықтары мен оқу орындарында нақ осы білім қажеттілігі үшін мамандандырылған компьютерлік жүйелер саны дайындалды, олар оқу-тәрбие үрдісінде әр түрлі жағынан қолдауға бағытталды. Бұл – жүйелердің негізгі түрлері болып табылады.

  Компьютерлік бағдарламаланған оқыту – бұл сәйкесінше, компьютерлік бағдарламалардың көмегімен бағдарламалық оқыту механизмдерін жүзеге асыратын технология;

 Материалды компьютердің көмегімен оқу – оқушының жаңа материалды әр түрлі құралдардың, оның ішінде компьютердің көмегімен өз бетінше оқуын болжайды. Бұл жерде оқу іс-әрекетінің сипаты айтылмайды, оқу нұсқауларының жиынымен іске асырылуы мүмкін. Мұның өзі бағдарламалық оқыту әдісінің мәнін ашады;

 Материалды компьютер қоры негізінде оқу – алдыңғы технологиялар, технологиялық құралдардың алуан түрін (оның ішінде дәстүрлі оқулықтар, аудио және видеожазбалар және т.б.) қолданумен айрықшаланатын болса, мұнда бағдарлама құралдарын, оқушылардың өз бетінше тиімді оқуын арттыратын бағдарламаларды басымырақ қолдану жүргізіледі;

 Компьютер қорымен оқыту – білім берудің барлық мүмкін боларлық формаларын қолдану (мұғалімнің қатысуымен), шын мәнінде, жоғарыда айтылғандармен сәйкес келеді;

 Компьютердің көмегімен бағалау – өз бетінше оқыту технологиясы деп қарастырылады, дегенмен ол практикада басқаларға құрамдас элемент болып кіріп жүр. Мұндай жүйе оқылатын пәннің мазмұны мен дәстүрлі оқытуда қолданылатын немесе оқыту бағдарламаларында жүзеге асырылатын әдістерге тәуелсіз;

Компьютерлік коммуникация – білім беру және оны жеткізумен қамтамасыз ете отырып, жоғарыда аталған технологиялардың барлығының ажырамас құрамы болып табылады. Жергілікті, аймақтық және басқа компьютерлік желілерді қолдану үшін жұмсалады. Компьютерлік коммуникация жекелеген оқу орындарының, қаланың, аймақтың, елдің ақпараттық білім жүйесінің мүмкіндіктерін көрсетеді.

Оқытудың ақпараттық технологиялары осы ақпараттық білім жүйесінің шегінде жүзеге асырылатын болғандықтан, осы білім технологиясына ақпараттық және бағдарламалық қолдаумен көрсететін құралдар бір ғана компьютермен, оған енгізілген бағдарламамен шектеліп қалмауы керек. Шын мәнінде бәрі керісінше, оқытудың ақпараттық технологияларының бағдарламалық құралдары және білім технологияларының өздері ақпараттық білім ортасына – ақпараттық білім жүйесінен бөлінген жүйешелер түрінде қосылады.

1.1 Оқытудың ақпараттық технологиясында қолданылатын бағдарламаны қамтамасыз етудің категориясы.

 Оқытудың ақпараттық технологиясында қолданылатын бағдарламаны қамтамасыз етуді бірнеше категорияға бөлуге болады:

 -Оқытатын, бақылайтын және үйрететін жүйелер;

-Ақпарат іздеу жүйесі;

-Модельдеу бағдарламалары, микромирлер;

- Танымдық сипаттағы инструменттік құралдар;

 -Әмбебап сипаттағы инструменттік құралдар;

Коммуникацияны қамтамасыз етуге арналған инструменттік құралдар.

Модельдеу бағдарламалары мен микромирлер – бұл ерекше аз мамандандырылған бағдарламалар, оларды компьютерде арнайы қолдану және оның кейбір мәселелерін зерттеуге тура келеді.

Инструменттік құралдар деп – жаңа электрондық ресурстар жасауды қамтамасыз ететін бағдарламаларды атайды:

 -әр түрлі форматты файлдар;

-мәліметтер қоры;

-бағдарламалық модульдер;

-жекелеген бағдарламалар мен бағдарламалар жиыны.

Мұндай құралдар пәндік-бағытта болуы мүмкін, сол секілді нақты міндеттер ерекшелігі мен қолдану саласына тәуелді болмауы да мүмкін. Білім үрдісінде қолдануға негізделетін бағдарламалық құралдарда сақталатын негізгі талаптар – бұл жеңілдік пен табиғилық, оқушының оқу материалымен жеңіл танысуына мүмкіндік жасау. Бағдарламаларға сай келетін талаптар мен сипаттамаларды HCI (ағылшын тілінде “Human – Computer Interface” – «Интерфейс-адам-компьютер») аббревиатурасымен белгілеу қабылданған. Бұл сөзбе-сөз аударуды «адаммен сұхбаттасуға арналған компьютерлік бағдарламалар» деп түсінуге болады.

           Білімді ақпараттандыру жағдайында болып жатқан кемшіліктерге қарамастан, оны «ақпараттық революция» деп атауға болады, өйткені қол жетерлік табыстар мыналар:

-  ақпаратты ұсынудың жаңа формасы. Қызықты, жанды немесе алдын ала жазылған мультимедиалық ақпарат тек текстен емес, графикалық бейнелерден, анимациядан, дыбыстан және видеоүзінділерден құралып, Internet желісі арқылы беріледі немесе басқа телекоммуникациялық құралдар арқылы компакт-дискілерге жазылады;

-  жаңа кітапханалар. Интеллектуальдық ресурстар көлемі және табыстары өседі. Internet злектрондық кітапхана каталогтарымен бірігіп, жер қашықтығы мен уақыт айырмашылығына қарамастан, зор ақпараттар көлемін жинауға қол жеткізеді. Әрине, мұндай кітапханалар онда сақталатын ақпараттарға толық жол аша бермейді;

-  оқу сабақтарының жаңа формалары. Студенттер мен оқытушылардың виртуальды семинарлар және лабораториялар режімінде бірігіп жұмыс жасауы, сонымен бірге жаңа синхрондық мүмкіндік пайда болды. Бірқатар студенттер үшін мұндай жұмыс формалары анағұрлым ыңғайлы, өйткені дәстүрлі оқытуға қарағанда, оларға өз мүмкіндіктеріне қарай, өздеріне қолайлы графикпен жұмыс жасау және артық ескертулермен кездеспей отырып ашу қызықты;

-  білімнің жаңа құрылымы. Бүгінгі күні білім жүйесіне жаңа құрылым беру үшін телекоммуникация жүйелерімен толықтырылуы қажет, сонымен қатар білім үрдісіне ақпараттық және коммуникациялық технологияларды енгізуде жоғары біліктілікке ие мамандар керек.

Көбінесе қашықтан оқыту бағдарламалары оған барынша мол қол жеткізуге мақсатталған және оқыту сапасына аса анық емес талаптар қояды. Мұндай бағдарламаның білім сапасын жетілдіруі үшін орындауы міндетті талаптар қатарын құрастыруға болады:

-  сапасы мен мүмкіндігі жоғары білім кеңістігін құру, кәдімгі оқу орындары ұсынатын мүмкіндіктерден жоғары білім ортасын жасау;

-  Internet желісінде әмбебап компьютерлік кітапхана құру, кез келген уақытта қолданушыға қол жеткізерлік және кәдімгі кітапханаға көлемді ақпарат беруі тиіс;

-  желі бойынша педагогтармен қарым-қатынас ұйымдастыру;

-  оқытушының да, оқушының да білімін компьютермен тексеру жүйесін жасау.

Төмендегідей базалық шарттар сақталған жағдайда сапалы білімге қол жеткізуге болады:

-  қымбат тұратын технологиялар мен бағдарлама өнімдерін қолдану;

-  іштей және қашықтан оқыту түрлерін  біріктіру;

-  қажетті ақпараттық ресурстарды табуды жеңілдететін толық каталогтар жасау.

 

 

 

 

 1.2  Интерактивтік тақта

Интерактивтік тақтасы бар əдістемелік зерттеме сіздерді 21–ші ғасырдың сыныптарындағы жұмыспен таныстырады, сабақтар, тұсаукесерлер, конференциялар, көрмелер жəне т.б. құру үшін арнайы құралдарды игеруге мүмкіндік береді. Интерактивтік оқыту сізге ақпаратпен алмасуды, оқытуды ұйымдастыруды, əр сабақта оқыту сапасын бағалауды ұйымдастыруға көмектеседі.

Астана қаласы Политехникалық колледжінің оқытушылары

сіздерге ACTIVboard интерактивтік тақтасын пайдаланып, ACTIVstudio бағдарламасымен қамтамасыз етуді іс жүзінде қолдануға жəне оны біздің жұмысымызда қолдану бойынша əдістемелік ұсыныстарын  жасады.

 

1.3  «ACTIVBOARD» интерактивті тақта мүмкіндіктерін орта мектепте      қолдану.

ACTIVstudio бағдарламасы жайында

ACTIVstudio бағдарламасымен қамтамасыз ету - презентацияларды өткізу үшін жəне оқу барысында пайдалану үшін арнайы шығарылған. Ол ACTIVboard жүйесін жəне “ACTIV”pen қаламын пайдалану үшін жасалды.

ACTIVstudio көптеген функциялардан тұрады, олар презентацияларды құруға жəне өткізуге мүмкіндік береді, мəліметтерге арнайы тиімділіктерді қосуға, негізгі сəттерді көрсетуге, қосымша ақпараттарды кіргізетін немесе дəрісханаға берілетін түсініктемелерді, белгілер мен сілтемелерді қосуға, сонымен қатар басқа да көптеген мүмкіндіктері бар. Əрі қарай осы мүмкіндіктер толық сипатталған.

 «ACTIVBOARD - ты» іске қосу

1. Проекторды қосу үшін компьютерді желіге қосып, пульті алып проекторға дəлдеңіз, содан соң сол жақ жоғарғы бұрыштағы батырманы екі рет басыңыз. F4. батырмасын басыңыз. Пайдаланушының атынтеріңіз, мысалы: “BOARD” жəне пароль мысалы.

2. Қаламмен екі рет интерактивтік тақтаның жұмыс панелінде орналасқан AV - белгісін басыңыз. Экранда екі хабарлама шығуы мүмкін ОК басыңыз (Cурет 1).

 

Сурет 1. Аспаптар тақтасы.

 

Флипчартты құру (таза бетті білдіреді)

1. Басты аспаптар панелінде орналасқан AV - белгісін қаламмен 1рет басыңыз.

2. 1 – ші бетпен жұмыс аяқталған соң, қаламмен менюді басыңыз - содан соң «Сақтау» батырмасын басыңыз.

3. Келесі бетке өту үшін интерактивтік тақтаның функционалды  панелдегі оң жағындағы жуан көрсеткішті   басыңыз.

 

Интерактивтік тақтаның басты панелімен жұмыс істеу

1.  «Қалам» - бұл құралды белсенді ету үшін қалам белгісін басыңыз. Ол басты панелдің оң жағында орналасқан.

2. Басты панелдегі таңдалған түске қаламды апарамыз, мысалы : көк.

Қаламды тақтадан алмай сөзді жазыңыз.

 

1.4 Интерактивтік тақтаның элементтері.

          Интерактивтік тақта – қаламнан, тақтадан, пульттен, активоуттан, планшеттен, проектордан, 2 мультимедиалық құрылымнан жəне бағдарламамен қамтамасыз етуден тұрады. (ИТ əр құрастырушысы туралы анықтама береміз). (Дадим определение

каждого из составляющих ИД).

Қалам –  құрал, ол жазу мен суреттерді салу кезіндегі белгілерді көрсету үшін қолданылады. Қалам оң жəне сол жақ батырмалардан тұрады. Сол жақ батырма мəліметтерді жазу үшін арналған. Оң жақ батырма қызғылт түске ие, оны басқан кезде көмек алуға болады. Онымен жұмыс жасаған кезде қаламды тақтадан 1 мм қашықтықта ұстау керек.

Тақта – бұл керекті мəлімметтерді көрсететін экран.

Активоут  –  құрылым, тестілеу кезінде оқушылардың қолданылатын құралы.

Планшет –  бұл өзінде жазылған ақпараттарды ИТ экранына жіберетін құрал. Сонымен қатар бұл құралды интерактивтік тақтадан қашықта да пайдалануға болады. (Мысалы: дəрісхананың артқы жағында)

Проектор – ИТ жарық беруге жəне іске қосуға арналған құрылым.

2 мультимедиалық құрылғы – дыбыс шығаратын құрал.

Пульт – проекторды іске қосу үшін қолданылатын құрал.

 

1.5 Интерактивтік аспаптар.

“ACTIV studio” белгілер қосуға, нысаналар құруға, арнайы тиімділіктерді қолдануға жəне презентацияда интерактивтік элементтерді пайдалануға мүмкіндік беретін бір қатар аспаптардан тұрады. Бұл аспаптарға рұқсат аспаптар панелінің көмегі арқылы жүзеге асырылады.

ACTIVboard калибровкасы

ACTIVboard немесе “proACTIVboard”-ты қолдану кезінде, егер экран немесе проектор қандай да бір себептермен орын ауыстырса, мүмкін, калибровканы қайта орындау керек болады. Осы жағдайда ACTIVpen қаламының ұшы экрандағы курсормен қосылады. Калибровканың сəйкес процедурасы жайында қосымшамəліметтер алу үшін, тез жұмыс бастау бойынша басшылықты қарау

керек, ол белгілі экранның жиынтығына кіреді.

Жүйенің калибровкасын орындағаннан кейін экрандағы курсордың жағдайымен, “ACTIVpen “ қаламының ұшы сай келетініне көзіңізді жеткізіңіз.

 

         «Басқару панельдерін пайдалану»

Көмек – бағдарламаның кез–келген элементіне тақаған кезде, қаламды тақтадан 1 мм қашықтықта қаламның сары нүктесіне басып ұстаңыз, сонда жылжымалы көмек шығады.

Құралдар (аспаптар):

Флипчарт – басты жұмыс аумағы, оны AV белгісі көмегімен құрады (Сурет 2).

 

 

Сурет 2. Флипчарт

 

 «Меню» (мəзір) - батырмасы “ACTIV Studio” қызметіне рұқсат алу үшін қызмет етеді.

Бағыттауыш –еркімен таңдау құралы. Нысананы таңдауға, онымен манипуляциялауға, орын ауыстыруға, өлшемін өзгертуге жəне тағы басқа қызметтерді орындауға мүмкіндік береді.

Қалам –белгілерді, жазу мен суреттерді салу үшін қолданылады.

Маркер – мəтіннің, бейненің үстінен сурет салуға арналған.

Өшіргіш – парақ бетіндегі қателерді немесе керек емес нысаналарды өшіру үшін қызмет етеді.

Болдырмау - алдындағы кездейсоқ əрекеттерді болдырмау үшін қызмет етеді.

 Қалпына келтіру – абайсызда өшірілген əрекетті қайтару үшін қызмет етеді.

 Енінің селекторы – пернетақтадан, қаламның көлемінен жəне т. б. Енгізілген мəтіннің өлшемін өзгертуге арналған.

 

        

 «Нысаналарды басқару»

 

Нысаналарды таңдау. Нысаналарды ерекшелеу

1. Келесі бетке көшу үшін интерактивтік тақтаның функционалдық панелінің оң жағында орналасқан жуан бағыттауышын басу керек.

2. Қалам құралына басып мына «кітап» сөзін жазыңыз.

3. Құралды белсенді ету үшін бағыттауышы жоғары батырманы басыңыз. Кейін таңдаған сөзді белгілеу үшін мысалы, «кітап», интерактивтік тақтаның сол жақ жоғары бұрышындағы бос аумақты қаламмен шерту керек.

Қаламды тақтадан алыңыз – бұл «Кітап» өзінің ерекшеленгенін көрсетеді. Нысана “АУЫСТЫРУ БАҒЫТТАУШЫЛАРЫ” деп аталатын төртбұрыштармен қоршалады.

Ерекшелеу рамкасының көмегімен нысана қасиеттерін өзгертуНысананы жылжытуды бастаңыз.Нысаналардың орнын ауыстыру үшін АУЫСТЫРУ БАҒЫТТАУШЫЛАРЫН пайдалану қажет, оларға қаламды орнатып, ИТ-дан босатпай, қаламның орнын ауыстырыңыз.  (3- сурет)

 

 

Сурет 3.  ИТ-дан босатпай, қаламның орнын ауыстыру

 «Əдемі беттерді құру»

 «Кітапхананың» ашылуы

«Кітапхананы» ашу үшін функционалдық панелдегі аспаптық терезедегі «Кітапхана» (кітаптар бейнеленген) белгісіне қаламды  əкеліп, шерту керек 

(Cурет 4).

 

 

Сурет 4. Кітаптар бейнеленген белгі

 «Кітапхана» аспаптардың қызметтік панельінде бейнелердің  көп қоры бар, оларды өз флипчартын құру үшін пайдалануға болады.

 «Жалпы кітапханаға» қатынау рұқсаты

«Кітапхананы» ашқаннан кейін «Қорлар ағашы» пайда болады, оның жоғары жағында келесі бөлімдер орналасқан:

1. «Жалпы кітапхана» (Екі бас бейнеленген).

2. «Жеке кітапхана» (Бір бас бейнеленген).

3. «Қорларды іздеу» (Лупа бейнеленген).

4. «Қорлардың басқа папкасы» (сары папка бейнеленген)

«Жалпы кітапханада» келесі қорлар бар:

1. Фондық бейнелер

2. Дыбыстар

3. Тор

4. Тақырыптары бойынша берілген бейнелер

5. Мəтін

6. Фигуралар

7. Телеграфтық ленталар

«Жеке кітапханаға» əртүрлі дерек көздерінен алынған қажетті мəліметтерді кіргізуге болады.

«Əдемі беттерді құру»

Бірінші қадам – флипчарт құру. Ол үшін басты панельде орналасқан AV - белгісін қаламмен 1 рет басыңыз.

Екінші қадам – «Кітапхананы» , ашыңыз, ол үшін батырмасын басыңыз «Қорлардың ағашын көрсету»

Үшінші қадам – «Қорлар ағашынан» керекті тақырыпты  таңдаңыз, мысалы, «Жануарлар» тақырыбы. Егер суретті көшіріп алғыңыз келсе, таңдаған суретті қаламмен басыңыз, қаламды суреттен алмай флипчарттың бос аумағына көшіріңіз. Суретті флипчарттың бос орынына қойғаннан кейін, оның өлшемін өзгертіңіз

Суретті үлкейту, кішірейту

Егер сіз суреттің қозғалмайтындығын қаласаңыз,  онда нысананы блоктап тастау керек. Ол үшін қаламды суретке тақап, қаламды тақтаға тигізбей қызғылт батырманы басыңыз, пайда болған менюден «Өзгерту» содан соң «Блоктауды» таңдаңыз.

 «Графиктер жəне мəтінді пайдалану»

Графиктің суретін салу

«Кітапхананы» ашып торға  басыңыз, эскиздер панелінен торды таңдап оны флипчарттың басты бетіне апарыңыз. Кітапхананы жабыңыз.  Қаламды басты менюдегі «Қалам» құралына апарыңыз, ACTIVpen бұрышында қызғылт батырма бар. Осыбатырманы «Қалам» сөзіне тигізбей басыңыз. Бұл аспаптардың жаңа кешені ашылуына əкеледі.Қызыл түс пен сызудың сегізгі енін таңдаңыз. Модификатор тізімінен – көлденең сызықты құралын таңдаңыз. Бұл құралдың  көмегімен сіз біздің графиктің абциссасының осін сыза аласыз:

1. Сіздің сызығыңыз басталатын жерді басыңыз.

2. Қаламды тақта үстінде ұстай отырып, сіздің сызығыңыз бітетін жерге апарыңыз.

3. Аяқтау үшін қаламды жіберіңіз.

4. Енді “Тік сызық” құралына басыңыз жəне сіздің графигіңіздің ординатының осін сызыңыз.

5. «Тікбұрыш»   құралын басыңыз. Осы құралды пайдаланып бағандық диаграмма салуға болады.

6. Көлденең жəне тігінен қиылысатын нүктені басыңыз.

7. Диаграмманың бағанын салу үшін қаламды тақтада ұстай отырып, оны жоғары көтеріңіз. Көшіру кезінде бағанды көруге болады. Сіз қалаған баған болмайынша қаламды жібермеңіз.

8. Сіз кез–келген уақытта ұнамаған əрекеттеріңізді болдыртпауыңызға болады, ол үшін мына - құралды қолданады.

9. Жоғарыта көрсетілгендей, өзіңіздің диаграммаңызға тағы үш баған қосыңыз.

10.Барлық əрекеттерден кейін қаламның модификаторлар терімін жабыңыз.

«Флипчарт» себетін пайдалану

Ості алып тастаудың жақсы тəсілі, флипчарт себетін пайдалану.

1. Басты панелде орналасқан белгілеу құралын басыңыз.

2. Оны белгілеу үшін тігінен сызықты екі рет басыңыз.

3. Сызыққа қайта басыңыз, “ACTIVpen” – ді тақтада ұстай отырып, флипчарт себетіне апарыңыз. Сіз оған курсормен себетке жеткен кезде, Флипчарт себеті ашылады,.

4. “ACTIVpen” – ді жіберген кезде сурет парақ бетінен  жоғалады.

 «Құю» құралын пайдалану

Таңдалған фигураны белгілі бір түспен бояу үшін құю құралы пайдаланылады.

1. «Құю» батырмасын басыңыз. Қызғылт түсті таңдаңыз, бірінші бағанның ішінде басыңыз. Ол қызғылт түске боялады..

2. Басқа түстерді таңдап, қалған түстерді бояңыз.«Power tools» терімін таныстыру

1. Басты панелдегі «Power tools»  батырмасын басыңыз. Көптеген жаңа құрылғылар кешені шығады. Əзірше, біз экрандық пернетақта құрылғысын қолданамыз,   оның көмегімен мəтінді терудің басқа тəсілін көрсету үшін. «Мəтін» құралы

1. «Мəтін (текст)»  құрылғысын таңдаңыз, парақ бетінің сол жақ бос аумағын 1 рет шертіңіз. Флипчартта жаңа мəтін редакторы пайда болады, олардың көмегімен сіз өзіңізге керекті стильді таңдай аласыз. Мəтін редакторының бірінші жолы шрифт атынан тұрады, сіз оны осы уақытта қолданасыз. (Сурет 6)

 

 

Сурет 6. Мәтін редакторы

 

2. Шрифт атауының қасында «төмен»  бағыттауышын басыңыз. Түсуші меню (мəзір) пайда болады.

3. Барлық шрифтерді көру үшін айналу бағыттауышын  қолданыңыз. Arial – ды (немесе басқа шрифт), ACTIVpen көмегімен басып таңдаңыз.

4. Сол əдісті қолдана отырып шрифт өлшемін 20–ға дейін өзгертіңіз.

5. Енді егер қасынызда пернетақта болса, 1 санын теріңіз. Оны қайда қоямын деп, əзірше уайымдамаңыз.

Егер қасынызда компьютерге қосылған, пернетақта болмаса, мазаланбаңыз, келесі тарауларда сипатталған тəсілді пайдаланып, санды басып шығарыңыз.

6. Мəтін (Текст) редактілеу терімін жабу үшін, батырмасын басыңыз.

 

Экранды пернетақта (Сурет 7).

 

Сурет 7.  Экранды пернетақта

   Басты панелде орналасқан «Текст»  белгісін басыңыз, содан кейін сіз мəтінді орналастыруыңыз келген флипчарт бетін ашыңыз. Мəтінді редактілеу терімі тағы пайда болады. «2» санын экранды пернетақтада басу үшін       “ACTIVpen” қолдаңыңыз. Бұны аяқтаған соң басқа парақты ашып, оған «3» санын теріңіз.

Егер қаласаңыз, қосымша сандарды қосқан сайын, əртүрлі беттерге басыңыз. Олардың қайда орналасатынына мазаланбаңыз, кейін біз оны керекті жерге орналастырамыз.

Экранды пернетақтаны, мəтінді редактілеу терімін жəне «Power

Tools» терімін жабыңыз.

 

Парақ бетіне орналастыру

1. Белгілеу  құралына басыңыз. Сандарды графиктің керекті жерлеріне орналастырыңыз.

2. Басты панелдің ең жоғарғы батырмасы «Басты меню - ді» басыңыз, меню пайда болады. «Флипчарт» сөзін басыңыз, содан кейін басқа меню пайда болады. Одан «Сақтау», содан кейін «Менің флипчартым» менюін таңдаңыз. Барлық флипчарттарды бір жерде сақтау, бұл жақсы ой, оларды кейін тез тауып алуға көмектеседі.

3. «Флипчартты сақтау» терезесі шығады. Файлдың атын теріңіз де «Сақтау» батырмасын басыңыз.

4. Осы басшылықтың көмегімен сіздің шығарған беттеріңізді көру үшін «Алдыңғы бет»   батырмасын басыңыз.

5. “ACTIV studio” жабу үшін: басты менюшығуды таңдаңыз.

Ескерту: Егер сіз флипчартты қайта ашқыңыз келсе, ACTIV studio – ны іске қосыңыз, содан кейінМенюФлипчартАшуМенің флипчарттарымжолын таңдаңыз. Жаңа терезе пайда болады. Сіздің атыңызбен сақталған флипчартты таңдап, «Ашу» батырмасын басыңыз.

  «Қосымша мүмкіндіктер»

Телеграфтық ленталарды құру.

Телеграфтық лентаның құралы бізге мəтіндік хабарламалар шығаруға көмектеседі, олар экранда көрсетіледі. Телеграфтық лента құрылғысын басқан кезде меню шығады, ол бізге телеграфтық лентаны ашуға, сақтауға немесе телеграфтық лентаны редактілеуге, мүмкіндік береді.

1. Құралдардың басты панельінде «Балға»  . құралын басамыз. Құралдардың қосымша панелі пайда болады.

2. Лента құралын басамыз .

3. Контекстік меню: “Құру—Таңдау—Жаңа сөз енгізу”.

4. Меню құралдарын қолдана отырып түсін, орналасу орнын, көлеңке

қосуға (үстінең, ортасынан, астынан) өзгертуге болады.

Фотоаппараттың жəне камераның қызметтері

 

        «Камера» құралы үстелдік компьютерден, флипчарттан бейнені, сонымен қатар тоқтатылған видео немесе анимацияның кадрларын түсіру үшін пайдаланылады. Толық экранның немесе белгілі бір бөлігінің суретін түсіру үшін жасауға болады. Фотография – бұл жай экран бейнесі, сондықтан ондағы барлық нысаналары редактілеу мүмкін емес.

1. Құралдардың басты панельінде «фотоаппарат»   белгісін басыңыз.

2. Контекстік меню саласы, сынған сызық пайда болады.

3. Сол жақ жоғары бұрышында фотоаппараттар панелі пайда болады.

4. Аумақты таңдаймыз, экранда пунктирлі төртбұрыш пайда болады. Бұл төртбұрышты экранның кез–келген жеріне қоюға болады, ол үшін төртбұрышты баса отырып, қажетті жерге орналастыруға болады.

5. Маркерді түсірілетін суреттің керекті көлеміне дейін жылжытыңыз.

6. Ағымдағы суретті түсіру үшін бірінші фотоаппараты басыңыз.

7. Егер сіз сурет істегіңіз келсе жəне оны келесі бетке орналастырғыңыз келсе, онда екінші фотоаппаратты басыңыз.

 

            «ACTIVOTE» тестілеуші құралын пайдалану

 «ACTIVOTE» құралы оқушылардың бір бөлім, тақырып жəне т.б. бойынша білімін тексеруге мүмкіндік береді. Бұл құрал білім мен ептіліктерді тексеру кезінде оқытушылардың жұмысына едəуір көмектеседі. «ACTIVOTE - пен» жұмысты бастаудың екі тəсілі бар.

1 тəсіл: “Пуск—Программы—ACTIV SOFTWARE—Activ studio2”.

2 тəсіл: “ACTIIVOTE” арқылы. Бұл тəсілдің көмегімен “Active studio2” ашпай–ақ “ACTIIVOTE” пайдалануға болады.

1. Басты меню—Флипчарт—ACTIIVOTE—Құрылғы—Ел (Ресей).

2. Тақтаның идентификаторлық каналын таңдаңыз.

3. Батырманы басыңыз. Құрылғыларды тіркеу бағдарламасының терезесінде құрылғыны тіркеңіз.

4. Бірінші құрылғыда тіркеңіз, батырмасын басыңыз “ACTIIVOTE” жəне оны қызыл түсті индикатор жанғанша ұстаңыз, содан соң ұзақ уақыт жасыл түс жанғанша ұстаңыз. Құрылғы тіркелгенқұрылғылардың тізімінде пайда болады.

5. Бұл процедураны басқа да тіркелуі керек құрылғыларға қолданыңыз. Тіркелгеннен кейін «Тоқта» - Жабу батырмасын басыңыз.

6. Құрылғыны жасырын немесе ашық түрде қолдануға болады.

7. Пайдаланушылардың мəліметтер базасын құру үшін “Меню – ACTIVOTE – Мəліметтер қоры –Пайдаланушы– Қосу - Фамилия, Аты – ОК- Жабу” басу қажет.

8. Папка құрамыз: Атын енгізіміз – Папка – мысалы: бөлім атауы (топ) - Жабу.

9. Меню – ACTIVOTE –сұрақтардың шебері –сыртқы беттке атау беру – əрі қарай – сұрақты тереміз –Таңдаудың көптілігі– Дұрыс жауап – жауаптың нұсқалары– Менің флипчарттарымда сақтау.

10. Тестілеу

1. «Менің флипчарттарымды» ашып, тесті табамыз

2. Панелдер тақтасында “ACTIVOTE” – ты басамыз

3. Сол жақ жоғары бұрышта тестерлер бейнесі шығады.Оқушылар тестерлермен жұмыс істейді.

4. Диаграмма пайда болғаннан кейін жауаптардың «Көрсету тəртібін» жағамыз - «Диаграммаларды қою» флипчарттың осы парағында сақталады.

«ACTIVTABLET» графикалық планшетімен жұмыс

“ACTIVTABLET” оқытушыға кез–келген сипаттамалары Pentium-III, 128-Мб ОЗУ кем емес ДК конспект дайындауға көмектеседі.

Қарапайым, түсінікті “Active studio” бағдарламамен қамтамасыз ету Web беттерімен, “ACTIVTABLET” графикалық планшетімен бірге, анағұрлым тиімді жұмыс істейді.

«ACTIVSLATE» графикалық панелімен жұмыс

“ACTIVslate” жылжымалы терезесі туралы

 “ACTIVslate” компьютердің курсорымен дистанциялық басқару қызметін көрсетеді. “ACTIVpen” құралын “ACTIVslate” үсті арқылы жылжытқанда, курсорды “Windows” экраны арқылы жылжытуға болады. “ACTIVpen” құралын “ACTIVslate” – ке əкеліп басқанда, компьютерде тышқанның сол жақ батырмасы басылады. “ACTIVpen” құралының бұрышындағы батырманы басқанда тышқанның оң жақ

батырмасы басылады. “ACTIVslate” – ге “ACTIVpen “құралын тақаған кезде ACTIVslate” – тегі мəлімет трансиверлер арқылы кабельдерге таралады. Содан кейін кабельдер арқылы мəліметтер компьютерге  беріледі жəне тышқанның мəліметтеріне айнлады. Компьютерге дұрыс жəне жұмыс істейтін драйвер орнату қажет.

          «ACTIVSLATE басқару» бағдарламасы

1. “ACTIVSLATE” - те тіркелген құрылғылардың жалпы санын көрсету.

2. “ACTIVSLATE” – те құрылғыларын тіркеу.

3. “ACTIVSLATE” құрылғыларының белсенділігі жəне болдырмау.

4. Канал мен жүйенің индификаторларын таңдау.

“ACTIVSLATE” – те құрылғыларын тіркеу.

1. Құрылғы тек келесі жағдайларда ғана тіркеледі:

1.1 бірінші қолдану алдында

1.2 каналдың өзгеруі кезінде

2. Тіркелу бағдарламасының терезесін ашу үшін, “тіркеу” терезесін

басыңыз.

3. Каналдың нөмірін жəне жүйе индификаторын таңдаңыз.

4. «ACTIVSLATE» құрылғысын тіркеу үшін «Тіркеу» бағдарламасының терезесінің батырмасын басыңыз жəне «ACTIVSLATE» құрылғысын тіркеу батырмасын таңдаңыз.

5. Pin код нөмірін енгізіңіз.

6. Бағдарламаны жабу

1.6 Интерактивтік оқыту концепциясы мен технологиясы

Сабақ - оқытуды ұйымдастырудың бір формасы.

Оқыту формасы адамзат қоғамының дамуымен бірге қалыптасты. Оқыту процесінің ең ертеде қалыптасқан түрі жеке оқыту болды. Келесі кезең жеке-топтық оқыту әдіс болды. ХVІІ ғасырдың басына қарай бұл оқыту формалары қоғам қажеттілігін өтей алмай қалды. Осы кезеңнен бастап алғашқы топтық оқыту әдіс қолданылып, ол қазіргі кездегі сыныптық-сабақ жүйесінің негізі болды. Сыныптық-сабақтық жүйенің авторы ретінде Я. А. Каменскийді атайды.

Оқытуды ұйымдастырудың бұл түрінің сипаттамалары мынандай:

-    оқудың негізгі бірлігі сабақ;

-    оқушылар жастары бойынша сыныптарға бөлінеді;

-    мектептегі оқыту кезеңі;

-    сабаққа қатысу бәріне міндетті;

-    сабақ кестесі, үзіліс, каникул кезеңдері жыл бойын қамтиды;

-   сыныптағы барлық оқушылардың жұмыстары бір тақырып және бәріне ортақ бір жоспар бойынша жүзеге асырылады;

-    оқыту барысын мұғалім басқарады.

Сабақтың құрылымы мен типтерге бөлудің қазіргі заманғы ұлгісі.

Сабақ – мұғалімнің шығармашылығы. Тіпті бірыңғай технлологияны қолданатын, бір тақырыпқа арналған сабақ әр ұстазда түрліще болып шығады. Кез-келген сабақтың  анық мақсаты болу керек. Сондықтан қазіргі заманғы дидактикада сабақ типтерін былай класификациялайды.

-    жаңа сабақ өту;

-    дағды мен біліктілігін қалыптастыру және дамыту;

-    білімін, біліктілігін, дағдысын бекіту мен пайдалану;

-    оқыту және білімді жүйелеу;

-    білімін, біліктілігін, дағдысын бақылау және коррекциялау;

-    кіріктірілген сабақ.

             Мұғалім алдымен сабақта не істейтінін жоспарлайды, содан соң калай және қандай әдіспен жүзеге асыратынын анықтайды. Сабақтың құрылымы мақсат пен мазмұн арқылы анықталады, кездейсоқ таңдалуы мүмкін емес.Оқыту концепциясы мен технологиясы

Оқыту барысында кем дегенде мазмұндық (нені оқыту), процесуалдық (қалай оқыту), мотивациялық (оқушылар әрекетін қалай белсенді етуге

болады) жәнге ұйымдастыру (оқушы мен мұғалім әрекетіннің құрылымын қалай жасау керек) жағын бөліп қарауға болады. Осы жақтардың әрқайсысына бірқатар концепция сәйкес келеді.
         Мазмұндық жағына - мазмұнды қарам-қатынас, оқу материалын кұрделендіру, оқу пәндерін кіріктіру /интеграция/, дидактикалық бірліктерді ірілендіру және т.б.
         Процесуалдық жағына – программалау концепциясы, проблемалық, интерактивтік оқыту т.б.
         Мотивациялық – оқуы барысын мотивациялық қамтамасыз ету концепциясы, танымдық қызығушылық қалыптастыру, т.б.
Ұйымдастыру – гуманитарлық педагогика идеялары, педагогикалық еңбектестік концепциясы, оқу пәніне «шому» (М. П. Щетини), орталықтандырылған (концентрированные) оқыту т.б.
         Осы концепциялардың бәрі өз кезегінде технологиямен қамтамасыз етіледі. Мысалы, прблемалық оқыту концепциясы: проблемалы-сұқбатасып оқыту, проблемалы-тапсырмаларлық, проблемалы-алгоритмдік, проблемалы-контекстік, проблемалы-модулдік, проблемалық-компьютерлік оқыту.
         Интерактитік оқыту технологиясы мен концепциясы интеракция (ағлш. Interaction - өзара әсер, бір-біріне әсер ету) құбылысына негізделген. Оқыту барысынде жеке тұлғалар арсында танымдық қарым-қатынас орнап, оның субъектілерінің бәрі өзара қатынасқа түседі. Әр оқушының жеке жұмысы мен оның жеке тұлғасын дамыту адамдардың бір-бірімен сөйлесу және өз ара әрекеттесу барысында жүзеге асады.
         Осы концепцияны жақтаушылардың ойынша, осындай ситуацияның жиі қолданылатыны және ыңғайлы түрі оқу ойындары болып табылады. М. В. Кларин, Ю. С. Тюнников және басқалар ойындардың білім беру мүмкіндіктерін зерттеген: ойындар педагокқа оқытудың (білім, білік, дағды) қоданылуын, жаттығу мен өңделуін, әркімнің мүмкіндігін ескеруді, білім деңгейі әртүрлі оқушыларды ойынға тең дәрежеде қатыстыру нәтижелерін көрсететін мүмкіндік береді, Сонымен қатар ойындарда барынша эмоциялық-тұлғалық әсер ету, коомуникативті білктілік пен дағды қалыптастыру, қарым-қатынас құндылығы сияқты мүмкіндіктер бар. Сондықтан оқу ойындарын қолдану мектеп оқуышларының жеке және тұлғалық сапаларын тәрбиелеуге қолайлы.
          Интерактивтік оқу технолгиясы (ИОТ) – деп нәтижесінде оқу әрекеті барысында олардың өзара мотивациялық, инетеллектуалдық, эмоцияналдық және басқада жақтарынан жетістіктерге жетуді сезіну ситуациясын тудыра алатын, оқушыларға  педагогикалық әсерлі танымдық қарым-қатынас құруға  кепілдік беретін, мұғалім мен оқушының іс әрекетін оқу ойындары түрінде ұйымдастыру тәсілдерін айтамыз.
         ИОТ-сын қолданатын оқыту процесінің құрылымында мына кезеңдерді бөліп көрсетуге болады:
1. Бағыттау. Ойынға қатысушылар мен эксперттерді дайындау кезеңі. Мұғалім жұмыс тәртібін ұсынады, оқушылармен бірге сабақтың басты мақсаты мен тапсырмаларын жасайды, оқу проблемасын құрастырады.
2. Ойын-сабақты өткізуге дайындық. Бұл ситуация, нұсқаулар, қойылымдар мен басқа да материалдарды оқыту  кезеңі. Мұғалім сценарий жасайды, ойын тапсырмаларына, ережесіне, ролдерге, ойын бөлімдеріне, ұпай санау тәртібіне (ойын таблосы құрылады) тоқталады. Оқушылар қосмша ақпарат жинайды, мұғаліммен ақылдасады, ойын барысын және мазмұнын туралы оөара талқыдлайды.
3. Ойынды өткізу. Бұл кезеңде ойын процесінің өзі жүзеге асады. Ойын басталғаннан кейін ешкімнің оған араласыуға және бағытын өзгертуге қақысы жоқ. Тек жүргізуші ғана қатысушының әрекетін бағыттап отырады, егер ол бастапқы мақсаттан ауытқып бара жатса. Мұғалім ойынды бастағаннан кейін, аса қажет болмаса оған қатынаспауы керек. Бұл жерде мұғалімнің міндеті; ойын әрекеттерін, нәтижелерін, ұпай санауды бақылау және түсініспеушілік болған жағдайда түсіндіру, оқушылардың сұрағына жауап бері немесе өтініші бойынша оның жұмысына көмектесу.
4. Ойынды талқылау. Ойын нәтижесін талдау, талқылау және бағалау кезеңі. Мұғалім талқылау жүргізеді, оның барысында эксперттер сөйлейді, қатысушылар өз пікірлерін айтады, өз поязицияларын және шешімдерін қорғайды, қорытынды жасайды, таңғалыстарын айтады, ойын барысында туындаған қиындықтары, идеясы туралы әңгімелейді.
ИОТ-сын пайдалану әр оқушының іс-әрекетін сабақтастыруға (өзара әсерлесудің бүтіндей жүйесі пайда болады: мұғалім – оқушы, мұғалім – сынып, оқушылар – сынып, оқушылар-оқулыар, топ – топ, топ- оқушы), оның оқу әрекетін және тұлғалар арасындағы танымдық қатынастарын байланыстыруға мүмкіндік береді.
           
II.Колеждегі білім беру жүйесін басқаруда интерактивті технологияларды жүзеге асыру.

Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі

- Пән бойынша базалық білімді  меңгеру;

- Алған білімді жүйелеу;

- Өзін - өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;

- Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру;

- Оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру.

         Бұл технологияны оқу материалын хабарлау және оқушылардың ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс деп қарауға болады.

         Оқушылардың көпшілігі естігенінің 5 % және көргенін 20 % есте сақтайтыны белгілі. Аудио – және видеоақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50 % дейін арттырады.

         Қазіргі кезде сабаққа дайындалу барысында мұғалім сабақ мазмұны оқушылар үшін танымдылығы жағынан қызықты әрі жаңаша өтуі үшін өзінің бағалы уақытын қажетті материалды іздеу мен жүйелеуге жұмсайды. Ал жекелеген курс бойынша мәселелік – бағдарлы оқу бағдарламалары пакетінің болуы мұғалімге «мұғалім – оқушы» жүйесінде ақпаратты беруді, өңдеуді және қайталауды жаңаша ұйымдастыруына мүмкіндік береді. Бірақ, мұның барлығы жүзеге асуы үшін мұғалім компьютерлік оқыту технологиясы бойынша білімдер мен іскерліктерді игеруі қажет. Бұл дайындық диференциалды болуы тиіс. Себебі, әрбір пән мұғалімдері үшін компьютерді оқыту үрдісінде пайдалану әр түрлі сипатқа ие.

         Ғылым ғасырының табалдырығынан аттағалы тұрған қазіргі таңда компьютер өмірдің барлық саласына кеңінен енуде.

         Елбасы атап көрсеткендей «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте – өте қажет» - жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісіне оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.

         Білім берудің ақпараттандыру процесі пән мұғалімдеріне жаңа ақпараттық технологияны жан - жақты пайдалану саласына үлкен талап қояды.

         Іс тәжірибемде интерактивті құрылғылардың барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық даралығын қалыптастыру үшін сабақта төмендегі іс – шаралардың қолданудың маңызының зор екенін байқадым.

-Оқушының дайындық деңгейін, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалдарды меңгеруге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесіне интерактивті құрылғылардың мүмкіндіктерін пайдалану

-Оқытудың жаңа әдістері мен формаларын (проблемалық, ұйымдастырушылық іс - әрекетін компьютерлік ойындар және т. б.) сабақта жиі қолдану.

-Проблемалық зерттеу, аналитикалық және модельдеу әдістерін қолдану арқылы классикалық әдістерді жетілдіру.

-Жаңа ақпараттық технология құралдарын (жаңа типті компьютерлер, телекоммуникация, виртуальды орта және мультимедия – технология, интерактивті құрылғылар) пайдалану арқылы оқу процесінің материалдық – техникалық базасын жетілдіру.

          Сабақ материалы Power Point презентациясы немесе мәтіндік ақпарат түрінде беріледі. Сонымен қатар, материалдың құрамына кесте, диаграмма, сурет, басқарушы батырмалар, гиперсілтемелер, графиктер болады. Түсіндіру барысында мұғалім тақтаның алдында тұрып жасырулы ақпаратты және объектілерді көрсете алады және өзгертеді. Сабақтың соңында қолданылған материалды есте сақтап, қажет жағдайда қайталап қолдана алады. Интерактівтік тақтамен жұмыс істеу барысында жасалған файлдар белгілі бір форматпен сақталады, сонымен қатар PDF форматында да сақтап, оқушыға электрондық пошта арқылы жіберуге болады. Мұғалім алдын – ала дайындаған сабақты оқушының білімін , біліктілігін, дағдысын бақылауға бағытталған тапсырмаларды орындауға береді.  Сабақтың барысында тапсырманы орындау бойынша ауызша түсіндіру жүргізіледі, интерактивтік тақтаны пайдалану арқылы теориялық материал қайталанады. Қажетті жағдайда, оқытушы тақта арқылы мысал есепті шығаруды, графиктерді құруды, құрал – саймандарды қолдануды көрсетіп түсіндіреді. Мұғалім оқушыны тақтаға шығарып, оған жеке тапсырма береді, оған қалғандардың көңіл бөлу үшін бағыт береді және бақылап отырады.

          Мұғалім алдыңғы сабақта өтілген материалды ашып, өткен сабақты қайталай алады. Мұндай әдістеме сабақта екпінді түрде өткізуге мүмкіндік береді. Тақтада жұмыс істеген мұғалім мен оқушының орындаған іс - әрекеттерін есте сақтап келесі сабақта қолдануға болады.

         Сонымен, интерактивтік тақта сабаққа қатысушылардың барлығының ойын бір ортаға жинақтап, қажет ақпаратты өңдеу арқылы жалпыланған ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады. Алдын ала дайындалған оқу материалдары – презентациялар, мәтіндік, графикалық ақпараттық объектілер – сабақтың жақсы өтуін және барлық ақпарат түрлерін қолдануды қамтамасыз етеді. Сонымен, «Активті экран» кешенін қолдану арқылы оқыту үрдісінде жаңа дидактикалық мүмкіншіліктерді ашуға мүмкіндік береді.

         Ақ тақта режимі – ең қарапайым режим. Ақ тақта режимін қолданғанда оны ақ бет қағазбен жұмыс жасағандай және тақырыпқа қажетті жерін белгілеулермен, негізгі ұғымдарын ерекшелеу үшін түрлі түсті қаламды қолдануға болады. Ақ беттің артына фон ретінде мазмұнды суретті пайдалануға болады. Тақтаның бұл қасиеті, мысалы географиядан, физика, биологиядан және т.б. пәндерден сабақ жүргізгенде ыңғайлы. Фон ретінде географиялық картаны, физикалық аспаптардың суреттерін алуға болады және сабақ барысында қажет болса картаға белгі салуға, жазуға мүмкіншілік бар.

         Екінші режим – Office режимі. Бұл режим сабаққа қажетті дайындық жұмыстарын, яғни материалдар даярлауға ыңғайлы. Сабаққа дайындық жұмыстары Word мәтіндік редакторының, Excel электрондық кестесінің құжаттары, Power Point – презентациясы болуы мүмкін. Мысалы, Microsoft Word құралдарымен төрт түрлі мәтіндік тапсырмаларды қамтитын құжат әзірлеуге болады. Осы құжатта тапсырмаларды қайталап, жауаптарының дұрыс нұсқаларын немесе амалдардың дұрыс тізбегін көрсету керек. Қайталанған тапсырмаларды сурет салу панелінің «төртбұрыш» объектілерімен жасырамыз. Сабақта қажет кезде бұл құжатты интерактивті тақтаның Office режимінде ашу қажет. Бұл режим Microsoft Office – нің барлық мүмкіншілігін ұсынады. Сондай мүмкіншіліктерінің бірі – құрылған құжатқа мәтінді қосуға болады, яғни экраннан түсірілген суретпен емес құжатпен тікелей жұмыс жасаймыз. Сонымен, мұғалім оқушыны тестілік тапсырмаға жазбаша жауап беруге тақтаға шығарып, оқушының жауабын дұрыс жауаптарымен салыстыра алады («тік төртбұрыш» объектісін жылжыту немесе жою арқылы) және дайындалған материалды шаблон ретінде келесі сабақтарды пайдалану үшін сақтап қоюға болады.

         Үшінші режим -   тақтаның интерактивті режимдегі жұмысы.

Сабақтарды жүргізуде өткен материалды қайталау қажет, сондай жағдайда интерактивті тақтаның сілтеме жасауға арналған компонентін қолдануға болады. Бұл компонент арқылы Microsoft Office құралдары арқылы құрылған құжаттарға, графиктік редакторлардың немесе программалау ортасының көмегімен құрылған файлдарға, интернет беттеріне  сілтемелерді ұйымдастыруға мүмкіншілік береді.

Прожектор және Шторка құралдары экранның белгілі бір кішігірім аумағын көрсетуге арналған. Прожектор құралы аудиторияның назарын бір объектіге аударуға арналған. Экран бетінде бір мезгілде бірнеше объектілер орналасқан болса, оның қажет объектісін ерекшелеп, қалғанын жауып қоюға арналған. Шторка экранның бір бөлігін жауып қоюға арналған (есеп шығаруда дұрыс жауаптарын, оқушыларға әзір белгісіз ақпаратты) және материалды оқу барысында мүмкіндігінше тақтаның қажет бөлігін көрсету.

Қазіргі уақытта «қоғамды ақпараттандыру», «білім беруді ақпараттандыру » деген сөз тіркестері біздің сөздік қорымызға еніп кетті. Олай болса, қоғамды ақпараттандыру дегеніміз не? Қоғамдық ақпараттандыру дегеніміз – ғылыми техникалық прогресс жетістіктерінің күнделікті тұрмысқа ауқымды енуінің нәтижесі, яғни адам өміріне іс - әрекеттің интеллектуалды түрлерінің жан – жақты әсер етуі мен ролінің жоғарылауына байланысты объективті процесс .

Ол оқыту мазмұны, әдісі мен ұйымдастыру түрлерінің өзгерісін тездетеді. Бұл процестегі негізгі мәселе білім берудің мазмұны мен мақсатын өзгерту болып табылады, ал оны технологиялық жағынан қамтамасыз ету - өндірістік мәселе.

Қоғамды индустрияландыру кезеңінде білім беру жүйесі алдыңғы кезекте, маманданған сауатты тұтынушыларды дайындауға бағытталса, ал білім беруді ақпараттандыру жағдайында бұл мәселе білім берудің негізгі мақсатына ауысады. Мұндағы негізгі мақсат – оқушының қоршаған әлем жайында табиғи ғылыми болжамын қалыптастырумен жалпы ізгілікті адамгершілікке дайындау болып саналады.

Қазіргі заман мұғалімнен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық – психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.

Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі мақсаты оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Осы мақсатты орындау барысында оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда жаңа әдістерді қолдану қажеттілігі туындап отыр. XXI ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, интерактивті құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.

Еліміздегі саяси, әлеуметтік – экономикалық өзгерістерге сай білім беруді ақпараттандыру бағытында мектебімізде жүргізіліп жатқан жұмыстар ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылуда.

XXI ғасыр – ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер, интерактивті құралдардың көмегімен оқыту нәтижелерін зерттеудегі ғылыми проблемаларды шешу ең басты орын алады. Бұған себеп оқыту процесінде туындайтын компьютерлендірудің педагогикалық- психологиялық жаңа проблемалары әлі толық шешілмегені.

Білім беру жүйесін ақпараттандыру білім беру үшін үлкен перспективалар ашады. Соңғы жылдары компьютерлік, телекоммуникациялық техника мен технологиялардың қоғам өміріндегі ролі мен орнында түбегейлі өзгерістер болды. Ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға оқу және жазу қабілеті сияқты сапалармен бірге қатарға және әрбір адам үшін қажетті шартқа айналды.

Әрбір елдің технологиялық даму дәрежесіне оның экономикалық қуаты мен халқының тұрмыс деңгейі ғана емес, сол елдің әлемдік қоғамдастықта алатын орны, басқа елдермен экономикалық және саяси ықпалдасу мүмкіндіктері, сондай – ақ ұлттық қауіпсіздік мәселелерін шешуіне байланысты. Сонымен қатар, әлдебір елде қазіргі технологияның дамуы мен қолдануының деңгейі оның материалдық базасының дамуымен қатар емес, негізінен қоғамды парасаттандыру деңгейімен, оның жаңа білімді туындату, игеру және қолдана білу қабілетімен де анықталады.

Жедел дамып отырған ғылыми – техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізіне айналады. Ақпараттық - технологиялық дамуға және оның қарқынына экономиканың жағдайы, адамдардың тұрмыс деңгейі, ұлттық қауіпсіздік, бүкіл дүниежүзілік қауымдастықтағы мемлекеттің ролі тәуелді болады. Тұтас дүние қалыптастыру мен қоғамдастықтар, жеке адам мен бүкіл дүниежүзілік қоғамдастықтың өмір сүруі үшін жаңа жағдайларды қамтамасыз етуде ақпараттық - телекоммуникациялық   технологиялар маңызды роль атқарады.

Ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу – ағарту саласының оқыту үрдісіне жаңа технологиялық әдістер оның ішінде интерактивті құралдарды кең көлемде қолдануды қажет етеді.

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығыда – мектеп.

Мектептердің білім деңгейін көтеру және онда интерактивті құралдарды пайдалану арқылы оқу – тәрбие процесін тиісті деңгейге көтеру, мектеп ұстаздарының, басшыларының, педагогикалық ұжжымның жүйелі басшылыққа алған бағыты деп есептейміз. Интерактивті құралдарды қолдану негізінде мектепте жаратылыстану бағытының пәндерін оқыту сапасын арттырып, білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады деуге болады.

Мектепті ақпараттандыруға осылай мемлекет тарапынан үлкен экономикалық қолдау көрсетіліп, оны оқыту, үйрету мәселесі бүкіл халықтық деңгейге көтерілсе ғана біздің еліміз өндірістің жоғары психологиясын меңгерген дүиежүзілік бәсекеге төтеп беретін, өндіріс өнімдерін өндіре алатын алдыңғы қатарлы мемлекетке айналады. Ол дәрежеге жетуге қажетті білім алуына біздің жас ұрпақтың қабілетінің жететініне сенім мол.

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Ел басы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.

Компьютер және интерактивті құралдар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстармен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде - өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашу керек. Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағында, оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологияларды ғана тиімді деп санауға болады.

Оқушылардың интерактивті құралдар көмегімен қалыптасатын және жүзеге асырылатын ойлау қабілеті бұрынғы технологиялар арқылы берілетін ойлау жүйесінен өзгеше болатындықтан, тек ойлау қабілеті түсінігі ғана емес, қабылдау, есте сақтау жоғарғы деңгейде болады.

         Интерактивті құралдардың келесі ерекшеліктерін атап өтуге болады:

1.Бормен тақтаға жазылған кескінді интерактивті тақтадағы түрлі – түсті айқын, ұқыпты кескінмен салыстыруға болмайды

2. Тақта мен бордың көмегімен әр түрлі қосымшалары бар жұмысты түсіндіру қиын әрі мүмкін емес.

3. Слайдтарда, флипчартта қателер жіберілсе, тез арада түзетуге болады

4.  Сабақта ACTIVote тестілеу жүйесі арқылы тест алу мүмкіндігін қолдануға болады

5. ACTIVwand указкасының көмегімен тақтаның жоғарғы бөлігіне кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді.

6. Сабақта көрнекілікті қолдану деңгейі артады.

7. Сабақтың өнімділігі артады.

8. Оқушылардың білім деңгейіне оң әсер етеді

2.1 Оқытудың жалпы принциптері. Интерактивті оқытудың негізгі   әдістері

Оқытудың әдеттегі әдістері (мысалы: лекция, оқу, рефераттар жазу) мінез-құлқындағы қауіпсіздік дағдыларын қалыптастырмайды. әлемдік тәжірибе көрсеткендей, оқытудың тиімді әдістерінің бірі тренинг (ағылш. «to train» - оқыту, жаттықтыру). Егер оқыту интерактивті жүргізілсе, яғни ақпарат ала отырып түсініксіз сәттерді талқылауға, сұрақ қоюға мүмкіндік алса берілген ақпаратты тез меңгереді және алған білімдерін бекіте отырып, мінез-құлық дағдылары қалыптасады.

Тренинг жүргізуге қойылатын талаптар:

• оқушылар бір-біріне бетпе-бет отыратындай етіп айналдыра орындықтар қоюға мүмкіндігі бар кең бөлме (бұл жағдайда еркін пікір алмасуға, жаттығулар мен серігу кезеңдерін жүргізуге ыңғайлы болады. Бір-біріне сенімділік артып, қызығушылық танытады, ынталы болады);

• тренингке қатысушылар саны 20-25 адамнан аспауы керек. «бұл сенім атмосферасын туғызатын және барлық қатысушылардың назарын  тұрақты аударуға мүмкіндік беретін қатысушылар саны);

• бүкіл тренинг бойында достық көзқарастағы сенімді атмосфераны жасау және қолдау;

• тренингке қатысушыларды марапаттап отыру және барлығының оған  қатысуын қадағалау;

• оқытушы-жаттықтырушы өз пікірін ұсынбай-ақ қатысушыларды сабақтың мақсатын орындауға жетелеуі тиіс;

• оқытушы-жаттықтырушы әрбір жаттығудың уақыт шеңберін сақтауы керек;

• тренингтің бірінші сабағында «танысу» жаттығуы өткізіледі және «келісім» (топтық жұмыс ережесі) қабылданады;

• теориялық жадығат пен интерактивті жаттығулардың, серігудің арасында сабақтастық болуы керек;

• кез-келген тренинг сабақ басталарда сол сабақтың мақсаты мен міндеттері айтылады, ал соңында қортындыланады;

• кез-келген тренинг қандай мақсат қойылса да, әрдайым танысу мен жұмыс ережесін жасаудан басталады.

Танысу

Танысу кез-келген тренингтің бірінші сабағының қажетті бөлімі болып табылады. Қатысушылар бір-бірін танитын болса да танысу сәті жүргізіледі. Танысу топты жинақтауға, қатысушыларды оқыту процесіне тартуға, қарым-қатынас дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Егер қатысушылар оқыту процесінің ары қарай жалғасуына қызығушылық танытса, онда танысу сәтінің мақсаты орындалған деп есептеуге болады.

Танысу ойындары:

«Кесек қар» ойыны. Барлық қатысушылар өз кезегімен есімдерін атап шығады. Әрбір келесі отырған адам өз есімінен бұрын алдыңғы қатысушының есімін қайталайды.

«Екі шындық, бір өтірік» ойыны. Оқушыларға өзі туралы екі ақиқат және бір шындыққа жанаспайтын пайымдаулар айту ұсынылады. Мысалы: Мен Алматыда туып-өстім, «Ару» фильмінде басты рөлде ойнадым, балмұздақты жақсы көремін.

«Тренинг шеңбері» бойынша көршісін таныстыру. Бұл жаттығу жұптасып өткізіледі. Бір минут өзара әңгімелескеннен кейін әрқайсысы көршісінің аты-жөнімен, шұғылданатын сүйікті ісімен таныстырады.

«Келісім» (топтың жұмыс ережесін) қабылдау

 Оқушылар сабақтың басынан бастап өзінің оқуына жауапкершілігін сезіну үшін және жадығатты меңгеру тиімділігін арттыру үшін келісім, яғни тренинг сабағындағы мінез-құлық ережесін қабылдау ұсынылады. Келісім мәтіні алдын ала тақтаға немесе қағазға жазылады. Қағазда болса көрінетін орынға ілінеді. Келісімнің әрбір тармағы оқылады және бірлесіп талқылағаннан кейін қабылданады. Оқушылар ұсынған жаңа тармақтар қабылдануы да мүмкін. Дауыс бергеннен кейін барлық қатысушылар келісімнің тармақтарының орындалуына жауапкершілікте болатынын топқа түсіндіру қажет. Келісімнің қабылдануы әрбір қатысушы өз сезімдері мен көзқарастарын білдіруге, сын мен мысқыл нысаны болудан қаймықпауға, әрбір артық әрекеті сабақта талқыланып, топтан тысқары шықпайтынына сенімді болуына ықпал етеді. Келісім тренинг толық аяқталғанша ілулі тұрады.

Келісім үлгісі:

• бәріміз де өз оқуымызға жауаптымыз;

• бір-бірімізді тыңдаймыз, сөз бөлмейміз;

• «көтерілген қол» ережесімен кезекпен сөйлейміз;

• тек істің мәні бойынша айтамыз;

• өз пікірімізбен бөлісеміз;

• мағынасыз сұрақтар қойылмайды;

• басқалардың сезімін бағалаймыз;

• құпиялылықты сақтаймыз;

• уақыт шектеуін сақтаймыз;

Оқыту

Әрбір сабақ өтілетін тақырыпты, оның мақсаты мен міндеттерін белгілеуден басталады. Сабақ басталғанға дейін оқушылардың ақпараттану деңгейін алдын ала білу үшін сауалнама жүргізуге болады. Сауалнамалар тренинг толық аяқталғанға дейін сақталады, соңында оқушылардың білім деңгейі қайта бағаланады. Нәтижесін салыстыра отырып, оқушылардың білімі мен дағдыларында қандай өзгерістер болғанын білуге, тренинг тиімділігіне баға беруге болады. Осы кезеңде ақпарат беру мен практикалық дағдыларды, дұрыс шешім қабылдау шеберліктерін қалыптастыру жаттығуларын ұштастырудың маңызы зор. Мінез-құлықтың өзгеруіне себептерді нақтылау үшін АҚТҚ/ЖҚТБ мәселесіне оқушылардың назарын аударып, бұның әрқайсысының алдында кездесетін көкейтесті мәселе екеніне көзін жеткізу керек.

Бұл әдістемелік  ұсыныстардағы жаттығуларды оқытушы өз қалауынша пайдалана алады. Оқытушы алдындағы дәрісхананың дайындық деңгейіне сәйкес жаттығуларды алмастыруына болады.

Сабақты қортындылау

Тренингтің кез-келген сабағының соңында қортынды жасалады. Әдетте, бұл процедура оқушылар өздерінің әсерлерімен, сезімдерімен бөлісуіне, талап-тілектерін ортаға салуына есептелінген. Сауалнама, «сыр ашу» парақтарын толтыру түрінде де өткізуге болады.

Жаттықтырушы-оқытушы семинарға қатысушылардан қандай жаңалықты білгендерін, оларға пайдалы, қызықты болған жағдаяттарды сұрай алады. Өтілген жадығатты бекіту үшін олардың қандай жаттығу жасағанын есіне түсіруін өтінуіне болады.

2.2 Интерактивті оқыту әдістері.

Оқытудың интерактивті әдістері еш уақытта дәрістік жадығатты алмастыра алмайды, бірақ оның толық меңгерілуіне көмектеседі, өзіндік пікір, арақатынас, мінез-құлық дағдыларын қалыптастырады.

«Ойға шабуыл». Бұл әдісте оқушының қойылған сұраққа қайтарған кез-келген жауабы есепке алынады. Айтылған пікірге бірден баға бермей, оны қағазға немесе тақтаға жазып түсірудің маңызы бар. Олардан берген жауаптарының негізделуі, түсіндірмесі сұралмайтынын оқушылар білуі тиіс. «Ойға шабуыл» «4-5 минуттан аспауы керек, аяқталғаннан кейін жауаптардың барлық нұсқаларын талқылап, бастылары таңдап алынады да, қосалқылары қалдырылады, яғни жауаптың тиімді нұсқасын топ талқысы таңдайды. Бұл әдіс мынадай қажеттіліктерде тиімді болады:

• күрделі және даулы мәселелерді талқылағанда;

• өзіне сенімсіз оқушыларды талқылау ісіне ынталандыруға;

• қысқа мерзімде көп ұсыныс-пікір жинақтау қажет болғанда;

• дәрісхананың ақпараттануын немесе дайындығын анықтауға;

Шағын топтардағы жұмыс. Оқушылар 4-5 адамнан шағын топтарға бөлінеді. Оларды бөлуге әртүрлі әдіс қолданылады. Мысалы, мұғалім оқушыларға бір, екі, үш, төрт деп санауды ұсынады. Санақ саны қанша топ құру қажетіне сәйксс алынады. Біріншілер бір топқа, екіншілер екінші топқа т.с.с. топтасады. Шағын топтардағы жұмыс барлық қатысушыларды белсенді іс-әрекетке, ашық пікір алмасуға, пікір сайысқа тартуға мүмкіндік береді. Тапсырма орындалғаннан кейін әр топ орталарынан жұмыс қортындысын хабарлайтын жетекші таңдайды.

Бақылау парағы немесе тест.

Бұл әдіс оқушылардың тақырыпқа сәйкес мағлұматтарды білу деңгейін немесе олардың тақырыпқа көзқарасын анықтауға көмектеседі. Қатысушылар жауаптарының нұсқасын тиісті бағаналарға («дұрыс», «дұрыс емес», «келісемін», «келіспеймін», «білмеймін») белгілейді.

Мысалы:

 

 

дұрыс

дұрыс емес

білмеймін

АҚТҚ маса шаққанда жұғады

 

+

 

 

Сонан кейін жауаптарын бір-бірімен салыстырып талқылайды. Қортындысы мұғалімнің қатысуымен талқылаудан соң шығарылады.

Рөлдік ойын. Шағын топтарда (3-4 оқушы) жүргізіледі. Қатысушылар кескіндегі (тақтадағы, парақтағы) тапсырмаларды алған соң рөлдерді бөліседі, жағдаятты рөлде ойнап, бүкіл топқа көрсетеді. Мұғалім рөлдерді балалардың мінез-құлқына сәйкес өзі бөліп бере алады. Бұл әдістің артықшылығы, қатысушылар нақты ұсынылған жағдайда өзін көрсете алады, шын мәнінде жағдаятты ұғынады, қайсыбір әрекет болғанда да оның салдары қандай болатынын сезініп, дұрыс шешім қабылдауға жаттығады. Ойын аяқталған соң осындай жағдайларда тиімді әрекет жасау жолдарын бірлесіп талқылайды. Рөлді орындағандарды талқылаудан бұрын рахмет айтып босатқан дұрыс.

Құндылықты, пікірді, көзқарасты анықтауға жаттығулар. Жұмыстың бұл түрі талқыланған мәселе бойынша қатысушылардың түсінігін, көзқарасын, өмірдегі ұстанымын анықтауға мүмкіндік береді.

1-нұсқа. Парақтағы ( «келісемін», «келіспеймін», «білмеймін») бағаналарда өзінің көзқарасын белгілейді. Мысалы: « АҚТҚ жұқтырған адамды оқшаулау керек»

 

келісемін

келісуге болады

білмеймін

келіспеймін

келісуге болмайды

 

+

 

 

 

 

Одан әрі шешімдерін жұптарда, топтарда талқылап, өз көзқарасын қорғайды. Топта пікірталас ұйымдастыруға болады. Соңынан мұғалім оқушыдан осы мәселеге деген пікірінің өзгерген, өзгермегенін сұрайды.

2-нұсқа. Егер бөлме мүмкіндігінше үлкен болса, онда бүкіл бөлме бойымен ойша сызық жүргізіп, оның бір басына «келісемін», екінші басына «келіспеймін»,  ортасына «күмәнім бар» деп жазылған парақтар ілінеді. Оқушылар тұжырымды тыңдағаннан кейін, өз пікіріне сәйкес орынға барып тұрады. әрбір құрылған топ сыбайлас пікірлерін ортаға салып, өз ұстанымдарын түсіндіреді. Бұл әдіс тек пікір алмасуға ғана емес, сондай-ақ өзіне сенімі берік болуына көмектеседі. Қатысушыларға әрқайсысының өз пікірін айтуға құқылы екенін түсіндіру қажет.

Жобалар жасау.  Бұл әдіс оқушыларды ойша мектептен тысқары шығарып, талқыланып отырған мәселе бойынша өз әрекеттерінің жобасын жасауына мүмкінік береді. Ең бастысы, топ немесе жеке қатысушы өзінің жобасын қорғауға, оның артықшылығын басқалар алдында дәлелдеуге,  достарының пікірін білу мүмкіндігіне ие болады.

Мысалы: «Өз қалаңда ЖҚТБ-ның алдын алу шараларының жобасын жасаңдар». Оқушылар қосымша мәліметтер алуға арнайы мекемелерге, кітапханаға т.с.с. барып, сұрау салуына болады. Тақырыпқа сәйкес газет-журналдардағы мақалаларды, суреттерді жинауға ұсыныс беруге болады, жиналған жадығатты топ болып талқылай келіп, жоба жасайды.

Бейнефильмдер. Бейнефильмдерді тақырыпты меңгертуге қосымша материал ретінде пайдалануға болады. Фильмді көрсетер алдында оқушылардың назарын негізгі 4-5 мәселеге аударуын ескерту қажет. Ол фильмнің мазмұнын талқылауға негіз болады. Алдын ала таңдап қойған көріністерге келгенде фильмді тоқтатып, пікірталас жүргізіледі.

Серігу. Тренинг-сабақ барысындағы психологиялық және физикалық жүктемелесін азайту мақсатында серігу жаттығулары жасалады. Серігу кезеңі де өзара қатынас дағдыларының дамуына септігін тигізеді. Назар аудару қажеттігі бар жаттығу жұмыстары алдында қозғалысы көп серігу ойындарын жүргізудің қажеті жоқ.

Серігу үлгілері:

«Салат» ойыны: Оқушылар шеңбер құрып тұрады да, жемістердің атын кезекпен атап шығады: алма, алмұрт, шабдалы, өрік. Алдымен алмалардың, сонан кейін алмұрттардың, тағы басқаларының орын ауыстыруларын сұрап, қозғалысқа келтіреді.

Оқушыларға өзінің жұмыс қабілетін бес баллдық жүйемен бағалау ұсынылады. Мысалы, мен бүгін 3 баллдық деңгейде тұрмын, себебі ұйқым қанбаған.

Назар аударуға және байқампаздыққа жаттықтыратын ойын. Стол үстіне кез-келген бірнеше зат қойылады. Оқушылардың біреуі өз қалауымен заттарды мұқият қарап шығады да, сыртқа шығып кетеді. Мұғалім заттың бірін алып тастайды. Сырттағы оқушыны шақырып, жоқ заттың атын атауды сұрайды.

«Мен сияқты жаса». Оқушылар шеңбер жасап орналасады. Ортасына жүргізуші шығып бір жаттығу жасайды, оны басқалары қайталайды. Келесі оқушы ортаға шығып жүргізуші ретінде басқа бір жаттығу көрсетеді. Осылайша 3-4 минут жалғасады.

«Сын есімді қос». Оқушылар шеңбер жасап орналасады. Ортасындағы жүргізуші допты кез келген біреуіне лақтырады да, өз есімінің бірінші әрпінен басталатын сын есімді қосып айтады. (Мысалы: Асқар-алтындай, Берік-болаттай, Ескендір-есті, т.б.) допты қағып алғаны өз кезегімен есімін сын есім қосып атайды да, келесіге тастайды. Ойын 3-4 минут жалғасады.

Интерактивті оқыту әдістемесінің артықшылығы:

• жадығаттың тиімді меңгерілуіне мүмкіндік береді;

• қызығушылық туғызады:

• белсенді қатысқандар марапатталады;

• сезімге ықылас аударылады;

• жан-жақты, әсіресе мінез-құлыққа әсер етеді;

• кері байланыс (дәрісхананың жауап қайтару әрекеті) жүзеге асырылады;

• арақатынас және өзіндік пікір қалыптастырады;

Тренингте оқыту міндеттері:

• ақпарат беру;

• жасөспірімдер мінез-құлқының қауіптен қорғану бағытына өзгеруіне ықпал ету;

• мінез-құлқында жауапкершілік дағдыларын қалыптастыру;

        2.3 Интерактивті технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың біліктілігін арттыру.

Технология - өнім шығару процесінде жүзеге асырылатын шикізат формасы, материалды немесе жартылай фабрикатты өңдеу, олардың қалып-күйін, қасиеттерін өзгерту тәсілдерінің жиынтығы. Технологияның ғылым ретінде атқаратын міндеті - практикадағы ең тиімді өндірістік процесті анықтау және оны пайдалану мақсатында химиялыкқ, физикалық, механикалық және басқа да заңдылықтарды анықтау.

Оқыту - белгілі бір мақсат бағытында ұйымдастырылған, жоспарлы күйде тұрақты жүзеге тапсырылатын, педагогтар, тәлімгерлер т.б. жетекшілігімен жүргізілетін білімді, білікті және дағдыларды меңгеру процесі.

Оқыту технологиясы төмеңдегідей шараларға бөлінеді:

1) білімнің, ғылыми жетістіктердің, техниканың белгілі бір аймағында қойылған мақсатқа жету бағытында ұйымдастырылған, жоспарлы түрде тұрақты жүзеге асырылатын білімді, білікті және дағдыларды меңгеру процесі;

2) оқыту, өздігінен білім апу және өзін-өзі бақылау процестерін қажет етіп, соларды жүзеге асыратын шарттарды қалыптастыруды қамтамасыз ететін әдістер, тәсілдер, құралдар жиынтығы.

Интерактивті режим - командалар мен жауапттар алмасу арқылы атқарылатын тұтынушы мен жүйенің жұмыс істеу режимі.

Оқытудың интерактивті режимі - оқушының жүйемен белсенді түрде өзара әрекеттесуі арқылы орындалатын, әр түрлі оқыту, бақылау, новигация (бірінен-біріне ауысу) құралдары арқылы педагог жұмысын атқара алатын білім беру процесі субъектілерінің диалогтық жұмыс режимі.

       Негізгі әдістемелік инновациялар бүгінгі таңда оқытудың интерктивті әдістерін қолданумен байланысты. «Интерактив» сөзі бізге ағылшын тілінің «interact» деген сөзінен келген. «Іnter»- бұл «өзара», «act» - әрекет ету дегенді білдіреді.

Интерактивті сөзі - өзара әрекет ету бейімділігін білдіреді немесе әңгімелесу, әлде кіммен (адаммен) не болмаса әлде немен (мысалы, компьютермен) сұхбаттасу режімінде болады. Демек, интерактивті оқыту – бұл, ең алдымен, сұхбаттасып оқыту, оның барысында оқытушы мен оқушының өзара әрекет етуі жүзеге асырылады. 

       Бұл өзара әрекеттестіктің ерекшелігі мыналардан тұрады:

        * білім субъектілерінің бір мағыналық кеңістікке келуі;

* күрделі мәселелер өрісінде шешілетін тапсырмаларды бірігіп көтеру, яғни бірыңғай шығармашылық кеңістікке қосылу;

* тапсырмаларды шешуді жүзеге асыратын әдістер мен құралдарды таңдауда келісушілік;

* жақын эмоциялық жағдайларда онсол күйге бірге түсуі, тапсырмаларды қабылдау мен жүзеге асыруда бойда болатын үндес сезімдерді бастан кешуі.

        Интерактивті оқытудың мәні мынада, оқу процесі іс жүзінде барлық оқушы таным үрдісіне тартылатындай болып ұйымдастырылуы тиіс, олардың осыған байланысты не біледі, нені ойлайды  түсінуге және рефлекстеуге мүмкіндігі болуы тиіс. Таным процесінде оқушылардың біріккен іс-әрекеті, әркім өзінің жеке-дара үлесін қосатын, оқу материалдарын меңгеруді білдіреді, білімдерін, идеяларын, іс-әрекет тәсілдерін алмасу жүргізіледі. Және де бұл мейірімділік пен өзара бір-біріне қолдау көрсету аясында болады, ол тек қана жаңа білім алуға мүмкіндік беріп қоймайды, таным әрекетінің өзін де дамытады, оны қызметтестік пен кооперацияның әлде қайда жоғары нысандарына ауыстырады.

         Интерактивті әдістердің мәндік ерекшелігі, сипаттамасы – бұл субъектілердің өзара әрекеттестігінің бір бағыттағы белсенділігінің жоғарылығы, қатысушылардың өзара әрекеттестігі, эмоционалдық, рухани бірігуі.

       Қытайдың бір нақыл сөзінде: «Маған айтшы – мен ұмытып қаламын; маған көрсетші – менің есімде қалады; өзіме істетші – мен сонда түсінемін» делінген. Осы сөздерден интерактивті оқытудың мәні өз көрінісін табады.

        Интерактивті әдістерді пайдалану кезінде оқушылар түсіну процесіне толық қанды қатысушылар болады, оның тәжірибесі оқу танымының негізгі қайнар көзі қызметін атқарады. Оқытушы дайын білімді бермейді, бірақ оқушыларды өз бетімен ізденуге үйретеді. Білім берудің дәстүрлі нысандарымен салыстырғанда, интерактивті оқытуда оқытушы мен оқушының өзара әрекеттестігі ауысады: педагогтың белсенділігі оқушының белсенділігіне орын береді, ал педагогтың тапсырмалары олардың инициативасы үшін жағдай жасаушы болады.

Педагог өзі арқылы оқу ақпаратын жіберетін, өзіне тән фильтр рөлінен бас тартады, және жұмыста ақпарат көздерінің біреуінен көмекші рөлін атқарады.

Интерактивті оқыту интенсивті оқытуда да кеңінен қолданылады.

Бұл әдістерді игеру және қолдану үшін, оқытушыға топтық өзара әрекеттердің әр түрлі әдістемелерін білу қажет. Интерактивті оқыту өзара түсінікті, өзара әрекеттестікті, өзара байытуды қамтамасыз етеді.

Интерактивті әдістер ешқандай жағдайда да дәрістік материалдардың орнын ауыстырмайды, бірақ оны жақсы меңгеруге септігін тигізеді, және ең маңыздысы: пікірді,  қатынастарды, мінез-құлық машығын қалыптастырады.

        Интерактивті оқыту әдістеріне білім алу және оны дамыту процесіне белсенді ат салысуға тарту  жатады:

        «Ми штурмы» (шабуыл)

                                          * Шағын-лекциялар

                                          * Топтардағы жұмыс

                                          * Бақылау парағы немесе сынақ

                                          * рөлдік ойын

                                          * ойын жаттығулары

                                          * жобаны әзірлеу

                                          * жағдайлық тапсырмаларды шешу

                                          * Сапаршыны (визитерді) шақыру

                                          * Сарапшы топтарының пікірсайыстары

                                          * Сұхбаттар

                                          * Сахналау

                                          * Жағдайдан жеңілу

                                          * Оқушының рөліне ену

                                          *  Сюжеттік суреттерді талқылау

                                          *  Сұрақ – Квиз (бақылау) және т. б.

 

Интерактивті әдіске сондай-ақ әр түрлі көмекші құралдарды пайдалана отырып: тақта, кітаптар,  бейне материалдар, слайдылар, флипчарттар, постерлер, компьютерлер және т.т. таныстырулар жатады. 

Сонымен қатар, оқу процесіне топтық пікірсайыстар, жазбаша мазмұндамалар және шығармалар, сұхбаттар, жастарды «тең – теңімен» қағидаты бойынша құрдастарымен жұмыс істеуге оқыту, бейнефильмдер мен бейнесюжеттерді қарап шығып талқылау, әртүрлі науқандар мен акцияларды өткізу.

Оқудың интерактивті әдістері үлгілері:

     «Ми шабуылы»,  «ми штурмы» («дельфи» әдісі) – бұл әдіс, берілген сұраққа кез-келген оқушы жауап бере алатын әдіс. Маңыздысы айтылған көзқарасқа бірден баға қоймау керек, барлығын қабылдау қажет және әрқайсысының пікірін тақтаға немесе парақ қағазға жазған дұрыс. Қатысушылар олардан негіздеме немесе сұраққа түсініктеме талап етілмейтінін түсінулері керек.

 «Ми шабуылы» хабарландыруды анықтау керек болғанда және/немесе қатысушылардың белгілі сұраққа қатынасы кезінде қолданылады. Жұмыстың бұл нысанын кері байланыс алу үшін қолдануға болады.

 Өткізу алгоритмі:

1. Қатысушыларға талқылау үшін белгілі бір тақырып немесе сұрақ беру.

2. осы мәселе бойынша өзінің ойын айтуға ұсыныс жасау.

3. Айтылғандардың барлығын жазу (олардың бәрін қарсылықсыз қабылдау керек). Егер сізге ол түсініксіз болатын болса, айтылғандарды қайталап анықтауға жол беріледі (кез-келген жағдайда идея қатысушының аузынан қалай шықса, солай жазылады).

4. Барлық идеялар мен талқылаулар айтылып біткеннен кейін, берілген тапсырма қандай болғанын қайталау керек, және қатысушылардың сөзінен сіз не жазып алдыңыз соның барлығын тізіп шығу керек.

5. Қатысушылардан, олардың пікірі бойынша алынған нәтижеден қандай қорытынды жасауға болатынын және тренингтің тақырыбымен байланысты оның қалай болатынын сұрай отырып жұмысты аяқтау қажет.

«Ми шабуылы» аяқталғаннан кейін (көп уақытты алмай, орташа 4-5 минут), жауаптың барлық нұсқаларын талқылау керек, бастыларын және  келесілерін таңдау қажет. «Ми шабуылы» қажеттілігіне қарай тиімді әдіс болып табылады:

-  даулы мәселелерді талқылау

- талқылауға  қатысуға онша  сенімді емес қатысушыларды ынталандыру;

- қысқа мерзім ішінде идеяны көптеп жинау;

- дәрісханалардың дайындығы мен хабарландырылуын анықтау.

Интерактивті тақтаны сабақта пайдаланудың маңыздылығы, яғни оның көмегімен оқыту үдерісіндегі өзекті мәселелерді шешуге болатындығы анықталған.

Оның маңыздылығы:

-оқу-тәрбиелік үрдістің сапасын арттыру; оны ғылыми-техникалық прогрестің осы заманғы деңгейіне көтеру;

-оқыту үрдісіндегі жекелеп, саралап оқыту идеяларын дамыту;

-білім, билік, дағды деңгейін қалыптастыру;

-білімнің тереңдігі;

-сабақта техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды қолдану тиімділігі;

- оқытушының педтехнологияны игеруі,сонымен қатар оқушылардың білімін шындалуы;

-тексеру түрлері, бағалауы;

-оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыруы;

-практикалық дағдыларды игеруін арттыруы;

Заңғар жазушы Мұхтар Әуезов «Халықты халықпен теңестіретін-білім» деп, атап көрсеткендей, қай елдің болсын өркендеп өсіп-өнуі сол елдің білім деңгейі мен даму жүйесіне байланысты. Рухани ұлттық қажеттілікке жараған білім-ең мықты білім, оның нәрін бойына сіңірген ұрпақ елімізді гүлдендіріп, болашағымызды дамыта алады. Ал сол білімді шәкірт санасына себуші-ұстаз. Ендеше, оқытушылар жаңалықтардан қалмай, жасы мен қызметіне қарамай үнемі білім алып, ақпараттық дәуірдің белсенді мүшесі болуы керек. Бұл орайда мемлекетіміздің білім беру жүйесін модернизациялаудың 2015 жылға дейінгі тұжырымдамасында көрсетілген «Өмірлік білімнен-баршаға өмір бойы игерілетін білім» қағидасы оқу-тәрбие процесінде ақпараттық технологияларды

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал
Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

5 938 528 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.04.2017 4528
    • DOCX 253 кбайт
    • 11 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ерманова Рысжан Наушабекқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ерманова Рысжан Наушабекқызы
    Ерманова Рысжан Наушабекқызы
    • На сайте: 5 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 56702
    • Всего материалов: 12

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой