Инфоурок Школьному психологу СтатьиБІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ДИАЛОГ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ ӘДІСІ

БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ДИАЛОГ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ ӘДІСІ

Скачать материал

Білім беру жүйесіндегі диалог арқылы оқыту әдісі

 

Шынболат Ф.Р.

 

«Казрис» негізгі мектебі, Қызылорда қ.

 

    Қазіргі заман талабына сай мұғалім «білім бұлағы» емес, «білім бұлағына» жеткізуші, яғни білім алу жетекшісі болуы тиіс. Осы кезде мұғалімнің талапқа сай оқушының білім алу белсенділігін жоғарылату мақсатында жаңа технологиялар меңгеруі қажеттілігі туындап отыр.
    
Бүгінгі таңда тұрған негізгі мәселе – жеке тұлғаны жан-жақты дамыту. Жеке тұлға дегеніміз – қоғам мақсатына сай, ойлау-сөйлеу қабілетінің нәтижесінде саналы әрекет, қарым-қатынас жасайтын, рухани, зерделілік мінез-құлық ерекшеліктерімен дараланатын адам. Олай болса, жеке тұлғаны дамыту ұшін оқытудың жаңа әдістерімен оқытып, тәрбиелеуіміз керек.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында білім беруді дамытудың мақсаттары мен міндеттеріне сайма-сай, ғаламдық  стратегиялық мақсаттарға жетуді қамтамасыз етуге қабілетті білім берудің жаңа ұлттық моделін енгізу жоспарланған. Қоғамның әлеуметтік сұранысын орындау – білім беру жүйесін реформалау – ұлттық мұраны зерттеп, оның құндылықтарын жаңа заманның талабына сай қолданысқа енгізбейінше мүмкін емес [1, С.145].

    Осы орайда білімнің жаңа үлгісі өзіне сәйкес жаңа мұғалімдерді талап етеді. Ол мұғалім шығармашылықпен қызметтің барлық келеңді-келеңсіз жақтарын зерттеп-меңгеруге ынталы, өзінің пәнін жетік меңгерген, кез-келген педагогикалық жағдайда өзінің білімділігін, парасаттылығын, ақылдылығын, мәдениеттілігі, іскерлігі, шеберлігі арқасында шеше алатын, педагогикалық үрдістің нәтижесін жақсартуға ұмтылған мұғалім болу керек.
Сабақ беруге және оқытуға барынша мақсатқа сай және креативті амалдарды дамытуда орталық аспект мұғалім мен оқушы арасындағы қарым - қатынастардың түсінікті болуы керек. Егер оқытуға белсенділік пен өзара әрекет кіретін болса, ол тиімдірек бола алады.
Оқуды белсендіруге және диалог түрінде оқытуды белсендіруге ықпал ететін кез келген тәсілді қолдау мектептің басынан бастап құқықтар тең бөлінген орын екенін білдіретін фактіні растайды; сабақ беру мен оқыту талқылау үдерісінде жүзеге асырылуға және ынтымақтастық қолдануға тиіс, сондықтан мұғалімдер оқушыларға өз бетінше орындау құқығын беретін, сыныпта аса демократиялық атмосферасын қалыптастыратын тәсілмен оқыту үдерісін көңіл бөле ұйымдастыруы керек.

    Қазіргі кезеңде Қазақстан үшін азаматтар бойындағы өзіндік қасиеттерге нұқсан келтірмей жаңа қасиеттерді , дербестікті және таңдау мен шешім қабылдау жағдайындағы жағымды тұлғааралық қарым-қатынас орнатуға, қоғамдағы тиімділікті арттыруға әсер ететін білім, білік, дағдыларды ұлттық мәдениет аясында қалыптастыру мәселесі тұр. Білім беру жүйесі арқылы ғана оқыту мен тәрбиелеудегі жеке тұлғаға бағытталған жұмыс нәтижесінде тұлғаның белсенді өмірлік ұстанымын және өзара жағымды қарым-қатынас қалыптастыруға бағытталған [2, С.13].

    Қарым-қатынасты дұрыс қалыптастыру үшін де оқыту әдісін дұрыс таңдай және оны қолдана білген жөн.

    Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтың маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мерсер мен Литлон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатынын атап көрсетті. Зерттеулерде ересектермен интерактивті қарым - қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнативті дамуына әсер ететіндігі айтылған.
Выготский когнетиві дамудың оқушылар өздерінің«Жақын арадағы даму аймағында» (ЖАДА) жұмыс істесе жағдайда жақсаратынын атап көрсетеді. Диалог барысында оқушылар нәтижеге жету үшін күш-жігерін жұмсайтын және Мерсер (2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы жүзеге асады.

    Оқушылар диалог әдісін қолдана отырып, мысалы:талқылау, білімді бірлесіп құру, түсіну мен дағдыларды қалыптастыру арқылы білім алады. Әрбір сабақта оқушыларға сұрақтар қою арқылы, тақырып бойынша өз ойларын айтуға мүмкіндік береді. Өзара талқылау арқылы, түрлі ойлардың болатындығын, бір - бірінің түсінуіне көмектесетінін көрсетеді. Сұхбаттасу арқылы өз ойларын дәлелдеуге тырысты. Оқушылардың қандай деңгейде екенін түсінуге көмектеседі. Диалогтік тәсілдің оқушылардың ашылуына, ойын жеткізуіне, сөздік қорының молаюына көмектеседі [3].

    Оқытудағы әңгімелесу қарым –қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес , идеялар екіжақты бағытта және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды деп Александер ( 2004 ) айтады. Диалог барысында оқушылар (Олардың мұғалімдері де) келісілген нәтижеге жету үшін күш – жігерін жұмсайтын және Мерсер (2000) сипаттап айтқандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасуда» тең құқылы серіктестер болатыны белгілі болды. Мерсердің зерттеуі бойынша әңгімелесу оқушының білім алуының тиімді тәсілі болып табылады. Мерсер әңгімелесудің үш түрін атап көрсетті. Оқуда қолданылатын әңгімелесу түрлері: Олар әңгіме-дебат, топтық әңгіме, зерттеушілік әңгіме. Мерсердің айтуынша, ұжымдық түсіну мен білім беруге қол жеткізу аясындағы табысты талқылауларда әңгімелесудің зерттеушілік түрі басымдыққа ие болады. Зерттеу жұмыстарын талдау барысында оқушылардың білім алуы, тыңдауы және сөйлеуі арасындағы байланыс анықталды. Барнс (1976) пен Мерсердің (2000) айтуынша, зерттеушілік әңгіме - мұғалімдердің оқушыларды әңгімеге тартқанда қажетті әңгіменің түрі. Зерттеушілік әңгіме барысында оқушылар өз сыныптастарымен шағын топтарда жұмыс жасайды. Оларда ортақ проблема болады, бұл мәселе бойынша бірлескен түсінік қалыптастырады; идеялармен пікір алмасып, бір – бірінің идеяларын талқылайды,баға береді; ұжымдық білім мен түсінікті қалыптастырады. Яғни, оқушылар бірлесе отырып ойланады. Бұлай жұмыс істеген оқушылардың дәлелдері пікір алмасудың нәтижесі болып табылады.

    Сыныпта сұрақ қоюдың үлгісі «бастама-жауап-кейінгі әрекет» нысаны бойынша қойылған сұрақ екендігі анықталған. Бұл модуль әңгімеге сыныпта бастама жасайтын және де оны бақылап отыратын адам мұғалім болатын жағдайларды көрсетеді  деп  Мерсер (1995) тұжырымдаған. Сұрақ қоя білудің өзі маңызды болып табылады. Сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді жолына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп , оны жақсарта және кеңейте алады. Тақырыпты түсінуге арналған мұғалімдердің қолданатын екі түрлі төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтарын көп қолданылады деген де пікір бар. Төмен дәрежелі сұрақтар жаттап алуға бағытталған және оған берілетін жауап «дұрыс» немесе «дұрыс емес» деп бағаланады. Бірақ , жоғары дәрежелі сұрақтар қойылғанда, оқушылар ақпаратты белгілі бір жолдармен қолдануға, қайта құруға, кеңейтуге, бағалауға және талдауға тиіс болады. Оқушылардың түрлі мүмкіндіктеріне сай сұрақты саралап қоюға болады. Өз оқушыларымыздың біліміне қолдау көрсету үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты түрлі техникаларын пайдалансақ болады.Түрткі болуға арналған жауап алу үшін, оқушының жауабын түзетуге көмектесу үшін қажет, айталық, сұрақты қарапайым етіп қою, өткен материалға оралу, ойға салу сияқты болып келеді.Сынақтан өткізуге арналған сұрақтар оқушыларға толық жауап беруге , өз ойларын анық айтуға өз идеяларын дамытуға көмектесетіндей етіп жасалуы керек, «Сіз мысал келтіре аласыз ба?» дегендей сұрақтар тапсырманы орындағанда оқушыға бағдар беріп отырады. Сұрақты басқа оқушыларға қайта бағыттау, мысалы, «Көмектесе алатындар бар ма» деген секілді сұрақтар беруге болады. Диалогтік әңгімеде мұғалім сұрақтары мен жауаптары және оқушылардың да сұрақтары маңызды. Мұғалім оқушылардың жауаптарын, білім деңгейін тексеру үшін ғана емес, оларға ойларын ашық жеткізуге, дамытуға және кеңейтуге мүмкіндік беру үшін де пайдаланылады. Рэгг және Браун (2001) оқушылардың жауаптары мен түсініктемелеріне қарай әрекет етудің бірнеше түрлерін ұсынды.      Оқушыларға жауап беруге уақыт беру керек, мүмкіндігінше сұрақтар мен жауаптарды олардың сөздеріне орайластырып қойған дұрыс. Сұрақ қойылғаннан кейінгі кідіріспен қатар зерттеуде мұғалім оқушының жауабын алғаннан кейінде кідіріс жасау керек екені де атап көрсетілген. Харгривс және Гэлтон (2002) жалпы алғанда мұғалім сұрақ қойғаннан кейін оны қайталап сол сұрақты өзге оқушыға басқаша қоймас бұрын маманмен екі секундтай кідіретіндігін анықтаған. Ойлануға берілетін уақыттың ұлғаюы (әсіресе күрделі жауаптар үшін) оқушыларға өз жауаптарын түзетуге, нақтылауға және дұрыстауға мүмкіндік береді [3].

    Қорыта келе, оқушылардың білетін, білмейтіндігін анықтау үшін жақсы қарым-қатынас, тілдік дағдыларының болуын талап етеді. Әңгімелесу пәрменді құрал болып табылады, оның көмегімен мұғалім оқушылардың оқу үдерісін қолдай және дамыта алады. Сыныпта диалогті пайдалану арқылы мұғалімдер оқушылардың білім сапасына ерекше оң әсер ете алады. Оқушылардың білімі мен ойлау қабілетін зерттеуге шынайы ұмтылу оқу үдерісіне барынша қызықтыру үшін ынталандыру болып табылады. Диалогтік идея тәсіліне сәйкес, сауалнама мен топтық жұмыс оқушылардың оқуын жақсартуға қабілетті.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1.      Академик Зұлқайнар Алдамжаров атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті. //ҒЫЛЫМИ ХАБАРШЫСЫ// Желтоқсан, 4/2014

2.      А.Ш. Танирбергенова, //Тұлғааралық қарым-қатынас психологиясы// Астана, 2013.

3.      «12-жылдық білім» журналы, №1,2,2008 ж

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ДИАЛОГ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ ӘДІСІ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Дефектоскопист

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 820 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.05.2016 2002
    • DOCX 19.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шынболат Феруза Рахимовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шынболат Феруза Рахимовна
    Шынболат Феруза Рахимовна
    • На сайте: 7 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 26981
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности реализации ФГОС для обучающихся с умственной отсталостью (интеллектуальными нарушениями) в общеобразовательных организациях

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 175 человек из 45 регионов
  • Этот курс уже прошли 695 человек

Курс профессиональной переподготовки

Детская психология: диагностика особенностей развития, психологическая помощь и психокоррекция

Психолог

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 770 человек из 78 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 124 человека

Курс повышения квалификации

Организация деятельности олигофренопедагога

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 231 человек

Мини-курс

Политология: теория, практика, законодательство

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление и стратегическое развитие высшего образования

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Практика гештальт-терапии: техники и инструменты

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 312 человек из 64 регионов
  • Этот курс уже прошли 63 человека