Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Статьи / БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ЕРЕКШІЛІКТЕРІ.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Информатика

БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ЕРЕКШІЛІКТЕРІ.

библиотека
материалов

Шакенова А.Б., Алматова А.М.

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық

Мемлекеттік педагогикалық институты


Бүгінгі мақсат-әрбір оқушыларға түбегейлі білім мен мәдениеттің негіздерін беру және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасап, жеке тұлға қалыптастыру. Ол үшін қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын терең меңгеру керек. Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары: балаға ізгілік тұрғысынан қорғау, оқыту мен тәрбиенің бірлігі, баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, баланың танымдық және шығармашылық икемділігін дамыту, әр оқушының қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту, барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу, оқу үрдісін оқушының сезінуі. Білім беру технологияларының озық әдістерінің бірі болып табылатын, кәсіптік білім беруге жақсы әсерін тигізетіні — ойын әдісі. Білім беру жүйесінде инновациялы технологияның түрі болып табылатын әрекетті технологиялары қолданылуда. Осындай технологиялардың басты мақсаты — «іскерлік ойын» әдісі.

Технологияны жасау бағыт-бағдары кәсіптік тәжірибелік икемдіктерін жетілдіру жүйесіне бағытталған. Осыған қатысты білім беру ақпараты кәсіптік жұмысты сапалы түрде орындау мүмкіндігін қамтамасыз ететін құрал ретінде қатысты. Ойын әдісі қоғамдық мамандықтарды оқытуда ғана емес, сондай-ақ техникалық мамандықтарға да жоғары тиімді.

Ойын әдісі оқушының материалды ұғынудың барлық амалдарын, қабылдаудың барлық түрлерін қолдана отырып, қанағаттандырады.

Оқушыларға зерттеулік жұмыс және практикалық жұмысы барысында емтиханға дайындалу ұсынылды. Сабақтың жоспары бойынша оқу материалы келесідей модульдерге бөлінеді:

Модуль1. Қазіргі технологиялық басқару объектілерін жіктеу және олардың құрылымы.

Модуль 2. Техникалық реттеу жүйелерінің негізгі түрлері.

Модуль 3. Объектілердің жіктелуі.

Берілген классификация бойынша ойын бағдарламасы дайындалады. Материалды меңгеру үшін әр бөлімге оқушылар бірнеше топқа бөлінеді. Сол оқушылар берілген материал бойынша дайындық жүргізеді де оны жүзеге асырады. Олардың басты мақсаты — оқу материалын тереңдей өз бетімен талдауға көмектесетін ақпаратты берудегі мультимедиялық және басқа да құралдарын барынша пайдалану. Ойын дайындау барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттіліктерін қоса қосымша бейстандартты ойлау мүмкіндігіне ие болады. Топтар арасындағы бәсекелестік ойын әдісінің тиімділігін арттырады. Ойын әр модульге ерекше, айрықша болады.

Топта жұмыс жасағанда оқушылар өз бетімен оқумен айналысады. Әсіресе «білікті»

Оқушы «әлсіздеу» оқушыға өз білімін беру, оқу материалын меңгерудегі қызығушылығын және талпынысын ашу. Бір модуль бойынша ойын нәтижесін қорытындылай келе, топ ең белсенді және білімді жеңімпаз оқушыны тағайындайды. Барлық модульдер бойынша ойын нәтижесін қорытындылағанда топ ұйымдастырушыларынан ең үздік және ойынды ең жақсы, ең тиімді, ең қызықты жасаған топ тағайындалады.

Ойындық әдісті қолдану оқу материалын қабылдау деңгейін бірнеше есе көтереді және келесідей қиындықтарды шешеді:

— оқушының арнайы пәндерді меңгерудегі өзіндік қызығушылығын және уәжін арттыру,
— оқу материалын зерттеуінің сапасын көтеру,
— оқушының өзіндік жұмысы секторын кеңейту,
— пәнді танымдық зерттеу,
— оқушының өзіндік және кәсіби қасиеттерін қалыптастыру.

Ойын әдісін қолданғанда А. Байтұрсыновтың «.....баланы ойынға үйрету, ойынға қатыстыру арқылы ойыны қайсы, үйретуі екенін балалар айырмастай, сезбестей етіп үйрету керек» деген қағидасын өнемі басшылыққа алып отырамын.

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жиі кездесетін сөздер мен сирек кездесетін сөздерді анықтауға жұмыс жасатамын. Мысалы: мұндай тапсырмаларды оқушылар бірінен-бірі оқу арқылы көркем әдебиет тілін кеңінен меңгереді.

Жаңа ақпараттық технологияның басты тиімділігі — бұл мұғалімге қазақ тілі мен әдебиет сабақтарындағы оқу үрдісін өзгертуге, оқытудағы пәнаралық байланысты күшейте отырып, оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге және қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауы.

Қазақ тілі сабағында оқушылар, мақал — мәтелдер, ертегілер сияқты ауыз әдебиеті үлгілерімен танысады. Оқушылардың мақалдарды түсініп, есте сақтауын қамтамасыз ету мақсатында интербелсендіі тақтаның көмегі зор. Оқушыларға тақтаның сурет салу редакторы арқылы тақтада мақалдарды ребус түрінде беріп, оқушылар сол ребусты шешеді. Келесі сабаққа өздері де ребус ойлап тауып, тақтаға салып, басқа оқушылардың шешуін сұрайды. Оқушыларға әуелі слайд көрсету арқылы өлең авторының өмір жолымен таныстырып, осы өлеңнің шығу тарихына ерекше тоқталып, мазмұнын меңгертіп, электронды оқулықта берілген әр түрлі интерактивті тапсырмаларды орындатамын. Бастауыш сыныптарда мәтіні ұзақ әңгімелерді оқыту үлкен қиыншылықтарға әкеп соғады, себебі балалар кітап оқып отырғаннан компьютерде көбірек отырғанын қалайды. Осы мәселенің шешуін де ақпараттық технологиялар көмегімен табуға болады. Үй тапсырмасы ретінде шығармашылық топ құрып, соларға осы әңгімеден үзіндіні кино қылып түсіріп, келесі сабақта интерактивті тақта арқылы сол киноны сыныпқа көрсетуге болады.

Сөйлем құрату-оқушыларды дұрыс та нақты сөйлеуге дағдыландырудың ең тиімді жолы. Оқушылардың ақыл-ойын, санасын дамыта отырып өздігінен жұмыс істей білуіне ерекше көңіл бөлдім. Ой дамыту — тіл дамытумен ұштасады. Тіл дамытудың тиімді құралдарының бірі-жаңылтпаш, жұмбақ айтқызып, оның шешімін табу. Себебі бұлар баланың дүниетанымын, түсінігін, болжағыштығын, ұғымын кеңейтуде және тілін ұстартып, ойын дамытуда маңызды рөл атқарады. Баланың тілін шыңдай түсіп, асықпай, жатық еркін сөйлеуіне көмектеседі. Жаңылтпаштар балаға затты аңғаруға, ой-өрісін дамытуға игі әсерін тигізеді. Балаға жаңылтпаш үйретіп, оны айтқызу сөзді дұрыс сөйлеуге әдеттендіреді, кейбір тілі келмейтін дыбыстарды анық айтуға жаттығады. Жұмбақтарда аталған нәрсенің сипат белгілеріне қарап, балалар олардың шешімін табады. Оқушыларды тез ойлауға, шапшаң жауап беруге, тапқырлыққа үйретеді. Қолданатын жұмбақты оңайынан бастап, бірте-бірте күрделендіріп отырамын. Бірінші сыныптан бастап мақал-мәтелдер көбірек үйретіліп, тілдерін дамытудың негізгі тәсілі- мақал-мәтелдер үйрету. Ана тілі сабақтарында мақалды аяқтау тапсырмаларын жиі пайдаланамын.

Бірлік болмай......................
Татулық — ............................

Орны ауыстырылып берілген мақалды құрастыру тәрізді тапсырмаларды қолданамын:

Көрген, жонар, әке
Күймейсің, үшін, түс, отқа, Отан.

Нәтижесінде баланың тілі, ойлау қабілеті дамиды. Мақал-мәтелдер балаларға ой салумен қатар, оларды көркем және образды сөйлеуге жаттықтырады, сөз байлығын, сөздік қорын дамыта түседі, сөйлеу мәдениетін дамытады.

Оқушылардың ой-қиялын дамытып, эстетикалық сезімдерін ұштай түсетін шығармалардың бірі-ертегілер. Ертегілердің қай түрі болмасын баланың ой-өрісін, тілін, дүниетанымын дамытады, сөз байлығын арттырып, сөздік қорын кеңейте түседі. Сөз-тілдің негізгі өлшемі. Тіл дамытудың басқа түрлері сияқты сөздік жұмысы оқу-тәрбие жұмысының барлық саласында жүргізіледі.Балалар сөзді ұғу арқылы сөйлеу үстінде тілін дамытады. Сөздік жұмысы оқушының ойын дамытумен тығыз байланысты.

Ойы шашыраңқы балалармен айтар ойын тәртіппен, жүйелі сөйлеуге үйрету жұмыстарын сабақта, сабақтан тыс уақытта жүргіземін. Оқушыларды ойды білдіруге көмегі жоқ, артық сөздерді қолданбай, таза сөйлеуге дағдыландыруда жұмыстар жүргізіп жатырмын. Оқушының сөйлегенде асығып-аптықпай немесе тым жайбарақаттыққа салынбай, байсалды сөйлеп үйрену, өзін дұрыс ұстау мәдениетіне де жаттықтыру жұмыстарын жүргіземін. Сонымен қатар әңгімелеу барысында сұрақ қоя білу, өзіне қойылған сұраққа тиянақты жауап қайтара алуға дағдыландыруға да көңіл бөліп отырамын. Оқушыларға көпшілік алдында сөйлей білуге үйрету қажет. Сынып алдында тыңдаушыларға қарап ойын асықпай-саспай, қысылмай айтып беру шеберлігіне үйрету де тілдерін жетілдіріп, ой ұшқырлығын дамытады, көпшілік алдында өзін ұстай алуға дағдыланатынына көзім жетті.

Дәстүрлі сабақта инновациялық тәсілдерді қолдану оқушылардың сөйлеу әрекетін дамытудың бірден-бір тиімдісі болып табылады. Жалпы дәстүрлі сабақ оқушылардың көзқарасын қалыптсатыруда өз шегінен шығармайды. Бұл жерде айта кеткен жөн сыныпта зерек балалар мен қатар шығармашылық және ойлау қабілеті төмен,өз бетінше жұмыс істеуге үйренбегендіктен уақытты бос өткізеді. Олардың жұмысы не мұғалімді не өздерін қанағаттындырмайды. Мұндай жағдайды өзгертуге маған және менің оқушыларыма топпен және жұппен жұмыс істеу тигізеді. Топқа әртүрлі деңгейдегі оқушыларды біріктіремін. Олардың ішінде біреуі жақсы ой айта алатын, біреуі топтағыларды ойға жетелейтін, ал біреуі тек тыңдап, көріп есіңе сақтайтыңдар. Топтағы оқушылар бірігіп оқу материалын қарайды, берілген тапсырманы, бір-біріне түсіндіреді. Тәжірбиеде кездесіп жүргендей осындай жұмыстардан кейін оқушы міндетті түрде оқығанын әңгімелей алады, не мазмұны шағын мазмұндама жаза алады. Әрине мұндай жұмыстарды жүргізу алдын ала оқушының тілін дамытатын таңдай білген жөн. Мысалы: 5сыныпта «Мұратқа жету» тақырыбын өткен кезде мәтінімен жұмыс істегенде «Дана үкілер» техникасын қолдандым.

І-топтың жұмысы: (мәтінмен жұмыс істеудің негізі) Тапсырма: мәтіннен негізгі(жаңа)ұғымдарды тауып, оларды алфавиттік ретте жазыңыз. Сізге жаңалық болған ақпаратты жазыңыз.

ІІ-топ: (Маңызды өмірлік даналық) Тапсырма: мәтіннің негізгі ойын бір сөйлеммен білдіріңіз.

ІІІ-топ:(таныс және таныс емес) Тапсырма: мәтіннен сізге алдында таныс болған және сізге мүлдем таныс емес ақпаратты табыңыз.

ІV-топ: (иллюстрациялық бейнелеу) Тапсырма: мәтіннің негізгі ойын сурет арқылы бейнелеп көріңіз.

V-топ: (Үлгілі боларлық қорытынды) Тапсырма: оқыған мәтіннен келешекте қажет болатын маңызды қорытынды шығаруға бола ма?

Негізгі мақсат — ойды ояту, оқушыға өзіндік ой-пікір,қорытынды шығаруға мүмкіндік беру. Мұғалім жаңа тақырыпты дайын түрінде бермей, оқушылардың өздері күш салып,қаншалықты меңгергендерін қадағалайды. Ол тек көмектеседі ,қосымша фактілер береді, қажет болса өзі түсіндіреді,демек мұғалім оқушылардың танымдық қызметін тек басқарады, бағыт-бағдар береді. Мұғалім өз сабақтарын оқушының идеясын, білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай етіп ұйымдастырады. Сондықтан да қазіргі таңда әрбір ұстаздыңда, оқушының да іс-әрекеті ерекше шығармашылық сипатта болу керек. Жаңаша оқытуда білім балаларға дайын күйінде берілмейді,керісінше, оқушылардың өздерін еркін ұстауға, ойлануға мүмкіндік жасалады. Сабақ оқушылардың өз беттерімен және өзара әрекеттесе отырып, оқып үйренулеріне, ортақ шешімге келулеріне бағытталады.

«Әлем өзгереді,әлеммен бірге бізде өзгереміз сондықтан барша әріптестеріме білімді, тәрбиелі оқушыларды даярлап шығару жеткіліксіз, өзбетінше өмір сүре алатын, адамдар арасындағы қарым-қатынасты меңгерген, бүгінгі күннің талабына сай азамат тәрбиелеу міндетіміз. Қазіргі заман мұғалімнің мәртебесі өздігінен келетін нәрсе емес, ол-көп еңбектенуден туындайтын күрделі мәселе. Егер мұғалім білімді де білікті болса, ол мәртебелі де болады. Ұстаз сыншысы-алдындағы шәкірті. Көп ізденген, көп еңбектенген адамды олар біліп отырады. Сондықтан әр іске жауапкершілікпен қарау керек.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.2014 жылдың17 қаңтар күні жария етілген Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.
2.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, 2007
3.С. Көшімбетова «Оқу—тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың педагогикалық шарттары», Алматы,2008.
4.М. М. Жанпейісова «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде», Алматы,2002.



Автор
Дата добавления 01.04.2016
Раздел Информатика
Подраздел Статьи
Просмотров126
Номер материала ДБ-000352
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх