Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Другие методич. материалы / «Білім биржасы» зияткерлік ойыны 5-7 сыныптар

«Білім биржасы» зияткерлік ойыны 5-7 сыныптар


  • Математика

Поделитесь материалом с коллегами:

«Білімді азамат – ел ертеңі», «Білім мен даналық – адам көркі», «Халыққа наннан кейінгі ең қажеттісі – білім» т.с.с. білім туралы ұлы тұлғалардың сөздері мен қазақтың нақыл сөздері бекерден бекерге айтылмаса керек.

Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шыңдай-тын, білімге қызығушылығын арттыратын «Білім биржасы» атты сайысымызды ұсынамын.

Тақырыбы: «Білім биржасы» зияткерлік ойыны.

Мақсаты:

Білімділік: Білімге деген қызығушылықтары мен белсен-діліктерін арттыру.

Дамытушылық: Оқушыларды алғырлыққа, шапшаңдыққа, тапқыр-лығын, зеректігін, ойлауға икемділігін дамытуға ықпал ету.

Тәрбиелік: Оқушыларды алғырлыққа, шапшаңдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Түрі: Сайыс

Көрнекілігі: Плакаттар, үлестірмелі материалдар, қанатты сөздер, кеспе қағаздар.

Сайыстың бағдарламасы: Кіріспе сөз (мұғалім)

І. Таныстыру

ІІ. Білім аукцоны

ІІІ. Эрудиттер сайысы.

ІV. Таңдау- табыс.

V. Сыйлықтар аукционы

VI. «Даталы күндер»

Мұғалім: Үлгілі тәртіп, жақсы оқу,

Алға қойған мақсаты.

Әрқашанда мектепте,

Шығып жүрген жақсы аты.

Жиналған ылғи дарындар,

Жүрегі от боп жалындар.

Тапқырлар тобын халайық,

Қол соғып қарсы алайық – деп ортаға сайысқа қатысатын 3 топты шақырамыз.

Әділ қазы, ақ қазыға бір сәлем

Әділдікке бас иеді күллі әлем

Жүйрік озар сайыстарда неше бір

Сарапқа сап әділдікпен шеше біл – деп әділқазылар алқасымен таныстыру.

Енді құрметті қатысушы топ мүшелері, тобыңызды таныстырып өтсеңіздер!

Ойла-ойла тереңнен

Жақсы емес көп бөгелген

Сұраққа жауап білмесең

Өте алмайсың көпірден – деп сайысымыздың

І бөлімі: «Білім аукционы»атты бөлімінен бастаймыз. Бұл бөлімде экономикалық ойынның шартымен оқушыларға 6 сұрақ қойылады. Дұрыс жауап беру арқылы топ өз ақша қорын жинайды.

1 лот – Ежелгі дүние тарихы пәні қойылады.

Сұрақ: Әлемде адамзат баласы қаншалықты көп болғанымен, олардың сырт келбеті – түрі-түсі, шашы, көзінің түстері, бас сүйегі мен бет пішіні, нәсілдері бір-бірінен өзгеше болып жаратылады. Оның себебі не?

Жауабы: Табиғат ерекшеліктеріне байланысты.

2 лот. Аукционға математика пәні қойылады.

Сұрақ: Үш ат жегілген шана 1 сағатта 15 км жүріп өткен. Әрбір аттың жылдамдығы қандай?

Жауабы: 15 км/сағ.

3 лот. Ұлы тұлғалар галереясы.

hello_html_m563fd3ad.jpg

Сіздердің назарларыңызға ұсынылып отырған “Ұлы тұлға – бала би” деген атақтан дана би атаққа ие болған, жоңғар шапқыншылығы кезінде қазақ халқының атынан елшілікке жіберілген. Ол атақты адамның елшілікке барғандағы сөздері бізге жеткен. Яғни, “Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды. Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз”. Бұл ұлы адам кім?

4 лот. Аукционға орыс тілі пәні қойылады.

Вопрос: Найдите лишнее слово в ряду: загадка, задача, ребус, игра, шарада?

Ответ: игра.

5 лот. Күміс қобдиша.

Сұрақ: Қобдишада не жасырынған?

Жануарға ұқсас атым бар,

Бағдар көрсетер затым бар.

Кілемше үстінде тұрамын,

Ең қажетті құралмын.

Білсеңдер, қане айтыңдар!

Жауабы: тышқан (компьтердің құрылғысы)

6 лот. Аукционға қазақ әдебиеті пәні қойылады.

Сұрақ: - Өзің білмес ісіңді

Білгендерден сұрап біл.

Өліп жатсаң наданнан,

Қабіріңді жырақ қыл! – деген өсиет сөзді кім айтты және қай шығармадан алынды?

Жауабы: “Жиренше мен Қарашаш сұлу” әңгімесі (шешендік сөзі), Жиреншенің сөзі.

II-тур. Эрудиттер сайысы.

5 сынып:

  1. ҚР Мемлекеттік Туының авторы кім? (Шакен Ниязбеков)

  2. Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде нешінші орын алады? (9)

  3. «Жанұя» сөзінің ағылшынша аудармасы. (family)

  4. Сөз және оның мағынасын зерттейтін сала. (Лексика)

  5. Шеңбердің бойындағы екі нүктені қосатын және центр арқылы өтетін кесінді. (Диаметр)

  6. Көбейтіндісі 1-ге тең бөлшектер қандай бөлшектер деп аталады? (өзара кері сандар)

  7. «Көмектесу» сөзінің ағылшынша аудармасы. (Help: һелп)

  8. 1 километрде неше метр? (1000м )

  9. Алгоритм сөзі қай ғалымның атынан шыққан? (Мұхаммед әл Хорезми)

  10. Компьютердің ақпаратты қағазға басып шығаруға арналған құрылғысы (принтер)

11. Ақпаратты алу,жинақтау, сақтау,түрлендіру, жөнелту, және пайдалану тәсілдері туралы ғылым. (Информатика)

12. Терезені қосымша жабу батырмасы? (Alt+F4)

13. Тарих атасы кім? (Герадот)

14. Ғалымдардың ежелгі адамды атауы (Епті адам)

15. Белгілі жердегі тұрғындардың сөйлеу тілінде ғана қолданылатын сөздер. (Диалект сөздер)

16. «Жеті Жарғы» заңдар жинағын жасауға қатысқан билер? (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)

17. Табиғат құбылыстары мен олардың дамуының жалпы заңдарын танумен шұғылданатын ғылым. (Жаратылыстану)

18. Жердің су қабатын қалай атайды? (Гидросфера)

19. Дүние жүзіндегі ең үлкен мұхит (Тынық мұхит 180 млн.кв.км)

20. Аспан денелерінің ішінде Ай үлкен бе Жер үлкен бе? (Ай)

6 сынып:

  1. Жандарбек Мәлібекұлы және Шот-Аман Уалихан ҚР-ның қай рәмізінің авторлары (Елтаңба)

  2. «Бау бақша» сөзінің ағылшынша аудармасы. (Garden, гадн)

  3. Әл-Каши ондық бөлшектер туралы қандай кітап жазды? (Арифметика кілті, 1437ж)

  4. Алымы бөлімінен кіші бөлшек (Дұрыс бөлшек)

  5. Шеңбердің бойындағы кез келген нүктені центрмен қосатын кесінді. (Радиус)

  6. Merry christmass when is Christmas day? (The twenty fift’s of december)

  7. Ортақ бөлгіші 1-ге тең сан (Жай сандар)

  8. Пернетақтаның неше пернесі бар? (104)

  9. Қағаздағы ақпаратты компьютерге енгізу құрылғысы (Сканер)

  10. Компьютердің миы. (Процессор)

11. Палеолит дәуіріне жататын еңбек құралдары табылған өңір? (Жамбыл облысы)

12. Ежелгі тас дәуірі қалай аталады? (Палеолит)

13. Жердің Күнді бір рет айналып шығуына кететін уақыт (1 жыл)

14. Адамзаттың өткен тарихын заттық деректер бойынша зерттейтін ғылым.(Археология)

15. Ең шағын материк. (Австралия)

16. Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен. (Ніл)

17. Жердің ауа қабаты қалай аталады? (Атмосфера)

18. Ең кішкентай құс. (Калибри)

19. Натурал сандар нешеден басталады?

20. Қай айда 28 күн бар? (Барлық)

3 топқа арналған сұрақтар:

  1. ҚР-ның жаңа Әнұраны қай жылдан бастап айтылып жүр? (2006ж)

  2. Мифтік ескі наным бойынша атын тура айтуға тыйым салынған сөздер тіл білімінде қалай аталады? (Табу)

  3. Тіл білімінің дыбыстық жағын зерттейтін сала. (Фонетика)

  4. Last year (Ласт йеа) қазақша аудармасы (өткен жыл)

  5. Нәрселерді санауда қолданылатын сандар. (Натурал сандар)

  6. Бөлгіштерінің саны екіден көп натурал сандар. (Құрама сандар)

  7. Would you like some coffe (Олд ю лайк сам кофи) (Yes, Ilaik coffe

No, I down’t like)

  1. Батыс Түрік қағанаты өмір сүрген жылдар? (603-704жж)

  2. «Дін үшін Соғыс» ұранымен араб қолбасшысы Насыр Ибн Сейяр Қазақстанның оңтүстігін басып алған жылдар? (737-748жж)

  3. Жошы ұлысының жерінде құрылған алғашқы мемлекет (Алтын Орда)

11. Сурет салуға арналған бағдарлама. (Paint)

12. Күннің шығып, одан соң батып, ертесі қайтадан шыққанға дейінгі аралық қалай аталады? (Тәулік)

13. Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал. (Барометр)

14. Материктің ішіндегі тұйық сулы өлке. (Көл)

15. Вирусты кері әсерін жоятын программа. (Антивирус)

16. «Delete» пернесінің қызметі. (Әріпті жою)

17. Ақпарат тасымалдаушылар. (Флешка, диск)

18. Шөлге төзімді жануар. (Түйе)

19. Жердің тіршілік қабаты. (Биосфера)

20. Бүкіләлемдік тартылыс заңын кім ашты?

III-тур. Таңдау-табыс.

Қазақ тілі. Екі буынды екі сөздің бірінен-бірінің айырмашылығы – бірінші дыбысында. Егер бірінші дыбысы еріндік жіңішке дауыстыдан басталса, құс аты болады, егер езулік жіңішке дауыстыдан басталса, сан есім болады. Ол қандай сөздер?

Жауабы: үкі, екі.

Орыс тілі. Сколько букв и сколько звуков в слове “съем” и в слове “семь”?

Ответ: 4 буквы, 3 звука

Математика. Бөрененің ұзындығы 120 см. Оның бөлігін кесіп тастады. Қалған бөлігінің ұзындығы қанша?

Жауабы:

Информатика. 19 жасында яғни 1642 жылы дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасын жасап шығарған ғалым? (Блез Паскаль)

Қазақстан тарихы (сурет-сұрақ).

hello_html_25d9956d.jpg

Алдарыңыздағы тарихи-мәдени ескерткіштің салынғанына 600 жылдан астам уақыт болды. Ұзындығы 60 метр, ені 45 метрден астам, биіктігі 40 метрге жуық. Онда түрлі мақсатқа пайдаланылатын 35 бөлме бар. Оның айналасына қазақтың хандары мен басқа да белгілі адамдары жерленген. Бұл қай ескерткіш және Қазақстанның қай жерінде орналасқан?

Жауабы: Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Түркістан қаласы.

IV-тур. Сыйлықтар аукционы.

1 лот.

Тілі бар, үні жоқ,

Өзін адам түсінген

Жүрегі бар да, қаны жоқ,

Сөйлеп тұрған ішінен. /кітап/

2 лот. Он екі парақ-

Он екі ақ қанат,

Жауабы әсем-ақ,

Сызылған тақталап. /дәптер/

3 лот. Ол – оқушы құралы,

Қатеңді түзетіп тұрады. /өшіргіш/

4 лот. Дүниеге тұмсықсыз-ақ келеді,

Дегенмен тұмсығынан өледі. /қалам/

5 лот. Күн-күн сайын жыртылдық,

Өміріміз бір жылдық. /күнтізбе/

6 лот.

Тебеннің ұшы түйір,

Аяғы біреу, қолы жоқ,

Шиыр-шиыр жолы көп.

Өзі сөйлей білмейді,

Салған ізі сөйлейді. /қаламсап/

7 лот.

Жоқ өзінде бас та,

Қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында. /сызғыш/

8 лот.

Бірге барып сыныпқа,

Бірге үйіне қайтады.

Оның бетін кім ашса,

Әр бағаңды айтады. |күнделік/

V бөлім «Кім жылдам». Оқушыларға жеке парақтарда есептер беріледі. Олар 1 минут ішінде дұрыс жауабын табу керек.



  1. 17+8:5+75-11*3-107=

  2. 69:23+81*5-110:10+69=

  3. 42-21*4:4+5*7-82=

  4. 38*3+16:13-8+48*2=

Жауабы: барлығының жауабы 100



VI бөлім «Даталы күндер» деп аталады. Мұнда қалған оқушыларға даталы сұрақтар қойылады.



  1. Балаларды қорғау күні (1 маусым)

  2. Білім күні (1 қырқүйек)

  3. Адам құқығы күні (10 желтоқсан)

  4. Халқаралық әйелдер күні (8 наурыз)

  5. Әлемдік денсаулық күні (7 сәуір)

  6. Тәуелсіздік күні (16 желтоқсан)

  7. Қазақстанның халқаралық ынтымақ күні (1 мамыр)

  8. Қазақстан Республикасы қарулы күштер күні (7 мамыр)

  9. Конституция күні (30 тамыз)

  10. Наурыз мейрамы (22 наурыз)

  11. Халқаралық ЖҚТБ-ға қарсы күрес күні (1 желтоқсан)








Автор
Дата добавления 04.04.2016
Раздел Математика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров275
Номер материала ДБ-009056
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх