Инфоурок Информатика Другие методич. материалы"Білім биржасы"сайысы (8,9,10 Сынып)

"Білім биржасы"сайысы (8,9,10 Сынып)

Скачать материал

БІЛІМ БИРЖАСЫ

 зияткерлік ойыны

 

Мақсаты: Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, қызықтыру арқылы білімін тереңдету, зияткерлік қабілетін дамыту.

Ойын барысы: Ойынға 4 адамнан тұратын 4 топ қатысады. Ойын 4 турдан тұрады.

І-тур Білім аукционы. Экономикалық ойынның шартымен оқушыларға 6 сұрақ қойылады. Дұрыс жауап беру арқылы топ өз ақша қорын жинайды.

ІІ-тур. Эрудиттер сайысы. Топтар шапшаң түрде берілген сұрақтардың жауабын айтуы тиіс.

ІІІ-тур. Таңдау-табыс. Әрбір топ математика және информатика пәндері бойынша әртүрлі тапсырмалар орындайды.

ІҮ-тур. Сыйлықтар аукционы. Топтар жинаған ақша қорын сыйлықтарға айырбастайды.

Қажетті құралдар: күміс қобдиша, әртүрлі купюрадағы  «теңгелер».

Техникалық құрал: компьютер, проектор, микрофон, жылжымалы экран, әуен орталығы.

Бағдарламалық жабдық: MS PowerPoint-та жасалған слайдтар.

 

Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар мен білімге құштар жас өрендер!

          «Білім биржасы» атты зияткерлік ойынға хош келдіңіздер! Ойынымыздың алдында білім сайысының әділ эксперт мүшелерімен таныс болыңыздар. (Эксперт төрағасы мен мүшелерімен таныстыру).

         Алдарыңызға өз білімімен, ақыл-ойымен, эрудициялық ерекшеленген әр топтың білімді оқушылары.

Ендеше кезек оқушыларда (Әр топ өз аты мен ұранымен таныстырады).

8 сынып :  1 топ  

9 сынып :  2 топ

10 сынып : 3 топ

  «Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы- білім»,- деген екен шығыс ғұламасы Әбу-р-Райхан әл Буруни. Ендеше, білім байлығы саудаға түсер аукционымызды бастайық.

      Аукцион шартымен таныс болыңыздар. Бүгін аукционымызда сауда «теңге» атты ақша бірлігімен жүргізіледі.

Әзірше әр топтың қорында 5000 теңгеден бар.  Бұл-бастапқы капитал.

Өз капиталыңызды көбейту- өз қолдарыңызда.

       Аукциондарда  математика және информатика пәндерінен алған білімдерінді көрсетесіздер.

     Математика және ,информатика пәнінен сұрақтардың бастапқы бағасы- 200 теңге. Топ капитаны бағаны 200 теңгеден жоғарылата алады. Баға көрсеткіштері: 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000 теңге. Ең жоғары баға ұсынған соң сұрақ оқылады. Егер дұрыс жауап айтылса- баға құны сол топқа беріледі, ал қате жауап айтылса, онда топ капитанынан сол ақшаны қайтарады. Ескерту: егер топ қорында бар барлық сомаға сұрақ сатып алып қателессе, онда – банкрот, өкінішке орай, ол топ аукционға қатыса алмайды.

         Сонымен, «Білім-біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік- сол білімді іске асыра білу дағдысы», деген ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсыновтың сөздеріне сүйеніп, «Білім аукционы» атты І турды бастайық.

 

Аукционға №1 лот- ЕТ даму тарихы бойынша сұрақ қойылады.  Сауданы бастаймыз. Бастапқы баға- 200 теңге. Қай топ жоғары баға береді? (әр топ өздері ұсынған бағаларын айтады) ең жоғары бағаға сұрақ оқылады.

Дұрыс жауап берген жағдайда  топ өз қорына  200  теңге қосады.

Сұрағы: Бұл санау құрылғыларын гректер мен Батыс Еуропалықтар «абак» деп, қытайлықтар «суанпан», деп атаған, ал, жапондықтар не деп атаған? (Серобян).

№2 лот. Информатикаға анықтама бер.  (Ақпараттық процестерді зертейтін ғылым информатика деп аталады).

№3 лот. Ұлы тұлғалар галериясы.

1846 жылы Бэббидж машинасына бағдарлама жазған бағдарламашыны табыңыз? (Ада Лавлейс)

№4 лот. Компьютер деген не?   (Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрылғы)

№5 лот. Күміс қобдиша. (сауда жүргізіледі.) Қобдишада не жасырынған?

Жануарға ұқсас атым бар,

Бағдар көрсетер затым бар.

Кілемше үстінде тұрамын.

Ең қажетті құралмын.

Білсеңдер, қане айтыңдар!Жауабы: тышқан ( енгізу құрылғысы)

№6 лот. Вирустарды жоюға және табуға мүмкіндік беретін программа.  (Антивирустық программа)

 

Осымен І-тур аяқталды. І- турдың қорытындысын эксперт мүшелерінен сұрайық.  Жоғары капитал жинаған топ_____________

         Біздің екінші турымыз «Эрудиттер сайысы» деп аталады. Әр топқа берілген уақыт-1 минут.

Әрбір дұрыс жауап құны- 200 теңге. Сұрақтың жауабын білмеген жағдайда  «келесі» деп айту сұралады. Ендеше, «Тіл қаруы-сөз, сөз қаруы-ой, ақылды ой, алғыр сөз- адамның ең жоғарғы қасиеті», -деген Ғабиден Мұстафиннің сөзімен сайысты ең көп капиталы бар топтан бастаймыз. Дайынбыз ба? Уақыт.

 

ІІ тур. Эрудиттер сайысы.

 

№1 топқа арналған сұрақтар.

1.     Бір килобайт қанша байтқа тең?

2.     Компьютердің ішкі жады.

3.     Компьтердің экранына ақпарат қандай құрылғының көмегімен шығады?

4.     Принтердің неше түрі бар?

5.     Қағаздағы кескінді түсіріп дисплей экранына шығаруға арналған құрылғы.

6.     Іске қосу- батырмасын ата.

7.     Әр түрлі графикалық кескіндерді салуға, редакциялауға мүмкіндік беретін бағдарлама.

8.     Баспа құралы.

9.     Бүкіл жер шарын қамтитын көптеген әр түрлі компьютерлер және компьютерлік желілердің жиынтығы.

10. Әр түрлі қорларды, мысалы, бағдарламаларды, құжаттарды  және принтерлерді бірігіп пайдалану үшін бір-бірімен жалғастырылған компьютерлер тобы.

 

№2 топқа арналған сұрақтар.

 

1.     Дүниежүзілік компьютер арасындағы байланыс ортасы?

2. Информация өлшем бірлігі?

3. Windows  сөзінің аудармасы?

4. Белгілі бір атпен жазылған мәліметтер жиыны?

5. Мәліметтер енгізу пернесі?

6. Деректерді сақтауға арналған құрылғы

7. Сурет салуға арналған программа

8. Курсордың оң жағындағы символдарды өшіру пернесі?

9. Математикалық формулалармен символдарды енгізу редакторы?

10. Графикалық информацияны компьютерге енгізу құрылғысы?

 

№3 топқа арналған сұрақтар.

 

1.     Бірмезгілде қатар басылған осы екі перне жасаған әрекетті болдырмайды.

2.     Монитор, жүйелік блок, пернетақта қандай құрылғылар?

3.     Логарифм сызғышын ойлап тапқан

4.     Сандардын аталу, жазылу жүйесі

5.     Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас.

6.      Компьютердің “миы”

7.     Ақпараттың қайнар көзі

8.     Римдік санау жүйесіндегі С әрпі қай санды білдіреді?

9.     2*2 қай уақытта 100-ге болады?

10. Ауқымды желіге қосылу үшін  ... қажет

 

 ІІ-турдың қорытындысын эксперт мүшелерінен сұрайық.  Жоғары капитал жинаған топ_____________

 

Барлық  топ бастапқы 5000 капиталды қайтарады. І-ші, ІІ –ші турдан жинаған өздерінің капиталдарын ойынға тігеді.  Әр топтан бір оқушы шығып компьютерге жайғасып «тосын сый» сурет салуға кіріседі. Суретті  ІІІ тур біткенше салу керек. Топ мүшелері 3 адамнан қалады.

        Енді, «Білекке сенген заманда- ешкімге есе бермедік,

        Білімге сенер заманда қапы қалып жүрмейік», -деген Абылай ханның ойлы сөзімен келесі турымызға көшейік.. Әр дұрыс жауап 200 теңгемен есептеледі.

 

ІІІ-тур «Таңдау-табыс»

 

Ғалымдар

тарих

информация

математика

10

10

10

10

20

20

20

20

30

30

30

30

 

ҒАЛЫМДАР

10 - Гидростатика принципін ашқан, «Эврика»-деп айқайлап, көне аралап жүгірмемен белгілі. Аса көрнекті грек математигі,  «Маған ұзын тұтқа мен тіреу нүктесін беріңдерші, сонда мен Жерді орнынан жылжытамын»,-деген кім?  Жауабы: Архимед Б.д.д. 287 – 212 жж

20 - Әлемге әйгілі бірінші математик, Б.э.д 1700ж оның математикалық есептегре құрылған еңбегі ұзындығы 6 метр (20 фунт) папирус орамасына жазылған. Солардың біреуі санды ұдайы екі еселеу арқылы көбейту тәсілін көрсетеді. Осы есеп бинарлық жүйеге із салады, соның арқасында бүгінгі сандық техналогияларға қол жетті.

Жауабы: Ахмес Шамамен б.д.д 1700 ж

30 - Грек ғалымы математика мен  қатар астрономия, география, тарихты да жақсы білген. Ол жай сандарды табудың тәсілін ойлап тауып, сол кездегі белгілі әлем картасы мен аспан денелерінің картасын жасаған, сондай-ақ (високосный) жылды еңгізудің қажеттілігін негіздеген. Оның негізгі жетістігі – Жердің көлемін адамдар оның шар тәріздес екенін білгенге дейін есептеп шығаруы.

Жауабы: Эратосфен   Б.д.д. 276 – 194 жж

 

ТАРИХ

10 — екі өлшемді фигураларды, яки жазықтықта жатқан фигураларды, олардың қасиеттерін зерттейтін геометрия бөліміАлғашқы  жүйелі түрде зерттелген шығарма Евклидтің «Бастамалар» (латынша: 'Elementa') атты еңбегі болып табылады

Жауабы:  Планиметрия (латынша: planum — жазықтық, көне грекше: )

20 – Геометрия деген сөзге  анықтама бер –  Жауабы: грекше сөз, гео — жер, метро — өлшеу деген мағына береді).

30 – Қазіргі араб цифрлары деп аталып жүрген цифрлар мен ондық санау жүйесі қай елде шыққан ?  Жауабы: Үндістанда

 

ИНФОРМАТИКА

10 –Адам ақпаратпен не істейді?   (1. сақтайды, 2. жеткізеді, 3. өңдейді).

20 –Информатикаға анықтама бер.  (Ақпараттық процестерді зертейтін ғылым информатика деп аталады).

30 –ЭЕМ неше буынға бөлінеді?   (Бес буынға)

 

МАТЕМАТИКА

10 – Параллелепипедтің неше қыры, неше жағы бар?(12 қыры, 6 жағы)

20 - Бір нүктеден шығып, екі сәуледен құралатын геометриялық фигура. (бұрыш)

30 - Үшбұрыштың төбесі мен қарсы жатқан қабырғасының ортасын қосатын кесінді.(медиана)

Эксперттерден ІІІ-турдың қорытындысын сұрау.

Енді біз ең қызықты соңғы тур «Сыйлықтар аукционына» көшеміз. Әр топ «тосын сый» суреттері аукционға қояды. Жинаған ақша қорын  «тосын сый» суреттерге айырбастай аласыздар. Әр лотта жұмбақ жасырылған, жұмбақтың жауабы дұрыс болса- сыйлық сіздікі. Егер  де  жұмбақ жауабы қате болса ақша қорларың нөлге айналады. Яғни тоқырау (банкрот)  Бастапқы баға -500 теңге. Кім жоғары баға ұсынады.

 

Лоттардағы жұмбақтарды оқу.

1-Сұрақ. Санау жүйесіне байланысты есеп.

     Мен 1111 жастамын. Мектеп табалдырығын 111 жасымда аттадым. Мен... 10001 мектептің 1001 сыныбында оқимын. Біздің сыныпта  барлығы 11001 оқушы. Менің арманым келешекте атақты компьютер маманы болу.

Дұрыс жауабы: Мен 15 жастамын. Мектеп табалдырығын 7 жасымда аттадым. Мен..71 мектептің 9 сыныбында оқимын. Біздің сыныпта барлығы 25 оқушы. Менің арманым келешекте атақты компьютер маманы болу.

 

2- сұрақ . Қай қалалардың балалары Әділет, Еркін, Ерлан үшеуі лагерьде кездесті? Бұлардың біреуі – Оралдан, екіншісі – Ақтаудан, үшіншісі – Астанадан келген. Ерлан мен Оралдан келген Еркін екеуі бір бөлмеге орналасты, бұлардың екеуі де Ақтауда болып көрмегендігі болса, қай бала қай қаладан келген? Жауабы: (Әділет – Ақтаудан, Еркін – Оралдан, Ерлан – Астанадан келген)

 

Ендеше, ендігі кезек эксперттерде. (Марапаттау рәсіміне кезек беріледі).

«Ешқашан да бәрін білемін, енді маған бұдан артық үйренетін ештеңе жоқ  деп санаушы болма»,- деген Н.Д.Зилинскийдің сөзімен бүгінгідей зияткерлік сайыстарда өз білімімізбен биіктерден көріне берейік.

«Білім биржасы» ойынын аяқтаймыз. Білім алудан кеш қалмаңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«№228 Ш.Бәкіров атындағы орта мектебі» КММ

 

 

 

 

Тексерілді:

 

 

 

БІЛІМ БИРЖАСЫ 
 зияткерлік ойыны

 

 

 

 

                    Күні: 30.01 2016 ж

                    Сыныптар: 8-9-10

             Пәні: математика, информатика

             Пән мұғалімі: Н.Мырзабекова 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2015-2016 оқу жылы

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Білім биржасы"сайысы (8,9,10 Сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Режиссер монтажа

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 264 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.02.2016 1484
    • DOCX 32.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мырзабекова Нургуль Рысбеккызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 19178
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методы и инструменты современного моделирования

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 69 человек

Курс профессиональной переподготовки

Создание и обеспечение электронного архива с использованием информационно-коммуникационных технологий

Специалист по формированию электронного архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 36 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Информатика")

Учитель информатики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Мини-курс

Сохранение и продвижение традиционных российских ценностей и культуры

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 22 человека

Мини-курс

Педагогические идеи выдающихся педагогов и критиков

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Практика гештальт-терапии: техники и инструменты

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 311 человек из 64 регионов
  • Этот курс уже прошли 65 человек