Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Химия / Рабочие программы / Білім бәсекесін қалыптастырудағы сындарлы оқытудың маңыздылығы
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Химия

Білім бәсекесін қалыптастырудағы сындарлы оқытудың маңыздылығы

библиотека
материалов

Білім бәсекесін қалыптастырудағы сындарлы оқытудың маңыздылығы

Медетова Ләззат Мүталлапқызы

Қызылора облысы Сырдария ауданы №44 орта мектеп



« Бұрынғы жастардың мақсаты айқын, болашағы белгіленіп қойған болатын, ал қазіргі өзгермелі қоғамда мектеп бітірген жастарды өзгеше қоғам күтіп тұрады. Ғылыми- техникалық прогресс пен ғылыми жаңалықтар қолжетімді білім мен ақпарат көлемін мейлінше арттырып жіберді. Индустриалды дәуірдегі мектеп директорларының рөліне қатысты алаңдаушылық арта түсуде. Өйткені мектептер ХІХ ғасырда оқушылар мен жастарды күрделі міндеттермен кездесуге даярлаудағы күрделі міндеттерін шешу үшін дамымаған. Мектеп көшбасшыларынан күтілетін жетістіктер өзгерген сайын, мектеп көшбасшылығының анықтамасы мен ол көшбасшылықты мектеп ішінде бөлу де өзгерді.» ( МАН, 61 бет) Ресурста айтылғандай, қазіргі қоғамға мықты көшбасшы керек екендігін өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Мектеп көшбасшыларының позицияларына : көшбасшылық мүмкіндіктер , командадағы жұмысты ұйымдастыруы және әкімшілік қолдауы , кәсіби қоғамдастықтағы жұмыстар бойынша жетістіктер ,21 ғасыр технологияларын тәжірибеде қолдану жатады. Сонда, мектеп көшбасшылығы мұғалімдерге оқушыларды оқыту әдістерін жақсарту үшін қолайлы жағдай жасай отырып, оқушылардың үлгеріміне ықпал ете алады екен, ал көшбасшылықтың кейбір функциялары оқытуға басқаларынан гөрі әсері болады екен. Әрине, біз үшін оқушылар үлгеріміндегі ең маңызды көрсеткіш –оқыту сапасы болып табылады. Сондықтан да, басшылық мұғалімдердің уәжін арттыруға, мүмкіндіктері мен еңбек жағдайларын жақсартуға бағдарланса,оқушылардың үлгерімін арттыруға мүмкіндік тез болады, нәтижесі көрінеді. Мектеп көшбасшылары қандай тәсілдер арқылы оқыту сапасына ықпал ете алады ? Мұғалімдердің мониторингін жүргізу және бағалау, мұғалімдердің біліктілігін арттыру, бірлескен жұмыс мәдениеті арқылы ықпал ете алады екен.

«Сын тұрғысынан ойлау» тәсілін енгізу оқытуды жаңаша ұйымдастырудың негізгі міндеттерін: оқушылар оқу үдерісін басқарысып қана қоймай, көшбасшылыққа ұмтылатын болады, жеке жұмыстың көлемі азайып, ұжымдық іс - әрекет білім игеруде орта қарым-қатынас құралына айналады, балалардың деңгейіне қарап сараланып, ерекшелігіне қарап даралануы мұғалім емес, балалардың өз еркімен жүзеге аса бастайды. Мұғалімнің сабақтағы көшбасшылық қыры айқындалады.

Ғалымдардың айтуынша, дәстүрлі дидактикада жеті кемшілік бар екен:

1. Бала басқаруға қатыспайды, тек мұғалімге тәуелді болады.

2. Бала білім қажеттілігіне сенбейді, амалсыз айтқанды істейді.

3. Даму жан-жақты емес, сыңар жақ бағытта жүргізіледі.

4. Тапсырма жалпы беріледі, жеке ерекшеліктер ескерілмейді.

5. Іс ұжымдасып атқарылмайды, біріккен әрекет қана бар.

6. Өзара шынайы сұхбат жоқ, тек мәлімет алмасу жүреді.

7. Басты мақсат- адам тәрбиелеу емес, жоспар орындау ғана.

Ал «Сын тұрғысынан ойлау» бұл дидактикаға мүлде қарама-қарсы бағытта жүреді. Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, қалай ойлау керектігі туралы ойлану. Мен сын тұрғысынан ойлау тек мұғалімдерге, жоғарғы сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау деп ойламаймын. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жеткізеді деп ойлаймын.

Қазақта «Сынаны тек,сынамен ұрып шығарады» деген сөз бар.Ұзақ жылдар бойы қалыптасып қалған дәстүрлі оқыту теориясын,сындарлы оқыту теориясының әдіс-тәсілдерін қолданып қана ғана ығыстырып шығара аламыз. «Сындарлы оқыту теориясы оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен астастырыла жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді» (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 10-бет).

«Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді» (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 49-бет).

Біздің мақсатымыз мұғалімдер сын тұрғысынан ойлау стратегияларын пайдалану арқылы , оқушылардың бір - бірін тыңдай білуге, бір-бірлерінің пікірлерін сыйлауға, өз ойларын анық жеткізуге, өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруге , ізденіске баулып, естіп, көріп, білгенін түйіндеп, пайдалана білуге үйретуге қол жеткізуді көздейді. Әрбір мұғалім өзіне сабақта болсын, сабақтан тыс жұмыстарда болсын ,оқушылардың сыни ойлауын дамыту мен сындарлы көзқарасын қалыптастыруды басшылыққа алулары керек. Менің ойымша сыни ойлаудың басты айырмашылығы – әр нәрсенің дайын күйінде берілмеуі. Нақты жағдайда «мынаны былай жасау керек», «мынаны былай жоспарлау керек» деп көрсетпей, мұғалімнің ,оқушының,жалпы жеке тұлғаның , өзінің шығармашылық ойлауының орын алуына мүмкіндік беру, қиындықтан шығатын жолды көрсетпей , сол жолды өзі табуына ықпал ету,шешім қабылдауға үйрету, жауапкершілігін арттыру.

Оқушыларды сапалы біліммен қамтамасыз ету мақсатында ең бірінші,педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, педагогтардың еңбегін мемлекеттік қолдау және ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген.

1. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты дегеніміз- бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мамандарды даярлау жүйесінде оқытудың дуальды жүйесі маңызды рөл атқарады. Қазіргі кезде әлемде оқытудың дуальды жүйесі – кәсіптік-техникалық кадрлар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі болып табылады. Оның ерекшелігі сол, кәсіптік оқыту үдерісінің басым бөлігі оқу орнында емес, кәсіпорындарда өтеді. Кәсіптік және техникалық білім беру жүйесінде қолға алынып отырған жаңғырту шаралары еңбек нарығын индустриялық саланың білікті мамандарымен қамтамасыз етуге негізделіп отыр. Дуальды білім беру жүйесін енгізу мақсатында халықаралық әріптестермен ынтымақтас-

тықта оқытудың инновациялық бағдарламалары әзірленіп жатырғандығы көңіліңді қуантады.Бүгінде әлемнің жетекші кәсіптік техникалық білім беру мекемелерімен арадағы ынтымақтастық дамытылуда. Әлемнің жетекші оқу орындарымен арадағы ынтымақтастық Қазақстандағы техникалық және кәсіптік білімді жаңғырту үдерісін тереңдетуге мүмкіндік беріп отыр.Менің ойымша, сапасы жоғары білімі бар ұрпақ тәрбиелеу арқылы ғана еліміз бәсекеге қабілетті мемлекет болатыны анық деп ойлаймын.

2.Бейінді оқыту жалпы орта білім деңгейінде оқытуды саралау жүйесі ретінде қарастырылады. Осыған сәйкес жоғары сыныптар қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математика бағыттары бойынша оқытылады.

3. Елімізде оқу процесіне автоматтандыру және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу үшін жағдай жасалуда, орта білім беру ұйымдарында электрондық оқыту жүйесі пайдаланыла бастады.

4.12 жылдық білім беруде педагог кадрлардың кәсіби - тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыру басты мақсат болып табылады.Тұлға жан-жақты дамуына негізделіп,алған білімін өмірдің қандай жағдаяттарына қолдана алатындай дәрежеде ұсыну.

5. Кәсіби деңгейдің дамуы үшін мұғалімнің «өзіндік жаңалығы» болуы қажет. Ғылым жаңалығын түрлендіруде өз үлесін қосу арқылы жасаған нәтижелі жұмысын жаңа ортаға икемдеп, өзіндік іс- әрекет жиынтығы арқылы нәтижеге қол жеткізу керек.

6.Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларының халықаралық салыстырмалы зерттеулердегі нəтижелерін (оқушылардың білім жетістіктерін бағалау жөніндегі халықаралық бағдарлама - PISA), 4 жəне 8-сынып оқушыларының математика жəне жаратылыстану саласындағы сауаттылығын бағалау (TIMSS), («Оқу жəне мəтінді түсіну сапасын зерделеу») (PIRLS) көтеру және жаратылыстану-математика пəндері бойынша білім беру оқу бағдарламаларын жетік меңгерген оқушылардың үлесін арттыру мақсаты қойылды.

6. Ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудың түрлері оқушылардың белсенділігін арттыру, іздемпаздыққа үйрету және білімді өз бетінше алуы мен қолдана білетін дарын иесін тәрбиелеу керек деп ойлаймын.

7.Дарынды балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдарында, гимназияда, мектеп-гимназиялар мен лицейлерде, мектеп-лицейлерде және үш тілде оқытатын жалпы білім беретін мектептерде пәндерді тереңдетіп оқыту үшін факультативтер және оқушылардың таңдауы бойынша оқытылады.

8. Әлеуметтік-лингвистикалық жүйе қазіргі қоғамда жүйені реттеу мен жетілдіру жүріп жатыр. Адам өз бейімділігіне лайықты жұмыс істегенде, барын сала кіріскенде ғана еңбегінің жемісін көреді.Сондықтан ересектердің мемлекеттік қазақ тілін үйренуге бейімділіктері мен белсенділіктерін айқындау мәселесінің зор әлеуметтік мәні бар.Жоғарыдағы аталған көрсеткіштеріне қарамастан , қазақстандық білім беру сапасы бәсекеге түсе алмайтындай күйінде қалып отыр.Неге? Өйткені, орта білімге кері әсер ететін факторлар – ескірген әдіс-тәсілдер мен білім беру мазмұнын іріктеу қағидаттары болып табылады. Менің ойымша, оқуға деген ақпараттың шамадан тыс көп болуы, оқушылардың ынтасының төмендеуіне және оқушылар денсаулығының нашарлауына әкеліп соқтырады.Оқыту тұлғаны дамытуға емес, жалаң нәтижелер алуға бағытталған.Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім арқылы дамуын қойып отыр.Яғни, бала жан-жақты дамыған, білімді, өз ісіне және өзгенің ісіне әділ баға бере алатын, өзіне сенімді, отанының әлеуметтік-экономикалық жағынан дамуына зор үлесін қоса алатын азамат болуы тиіс.Жан-жақты дамып,өз ой-пікірін еркін жеткізе алатын болады. Мұғалім тек өз пәнінің білгірі болып қана қоймай, оқытудың қашықтан жүргізу жүйесін,әлемдік интернет жүйесін пайдалана отырып күнделікті сабақта ақпараттарды пайдалануды дағдыға айналдыру қажет.

ХХІ ғасырда оқыту үдерісін ұйымдастыруда жаңа идеялар туындауы тиіс.Кез келген мұғалімнің оқыту құралдары оның өз болжамдарының, білімі мен ұстанымының, көзқарастарының жиынтығынан тұруға тиіс (Пажарес 1992).Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Міне,сондықтан елбасымыз білім беру жүйесін жаңартуға, мұғалімдердің біліктілігін арттыруға үлкен қолдау көрсетіп отыр. Жаңа бетбұрыс ХХІ ғасыр мұғалімінен : оқыту мен зерттеуге ынта жігерін салып,белсенді жұмыс істейтін және оқушыларға қамқорлық көрсете отырып,бағыт бағдар беруін; Әрбір оқушыға қалай оқу керектігін үйретуді, оқытудың мақсаты мен сабақтың нәтижелі де табысты өту өлшемдерін, өзімен оқушылардың бұл өлшемге қалай сәйкес келетінін білуін.«Біз қайда бара жатырмыз?», « Не істеу керек?» ,« Одан әрі не істеу керек?» критерийлерін табысты орындай алуын;оқушыларға дайын білім мен идеяларды ұсынбай,сол идеялар мен білімді оқушылардың өздері құруына түрткі болуды,әріптестерінің кәсіби өсуіне қолдау жасап, көмек көрсетуін талап етеді. (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 15-бет)

Қазақстанның білім беру саласына қандай да бір өзгеріс енгізудің қажеттілігін деңгейлік бағдарламаны оқыған мұғалімдер ғана түсінеді.Заман ілгері жылжып барады, ал біздің білім беру саламыз сол баяғы қалпымыздан өзгере алмай келеміз.Сондықтан қазіргі XXI ғасырдың баласын оқыту жылдан жылға қиындап барады.Баланың білім алуға деген құлшынысының аздығы, қосымша ақпараттардың көптігі, беріліп жатқан білімнің жаттандылығы, өмірмен ұштастырылмағандығы, кейде шамадан тыс тапсырмалар мен өмірге қажетсіз пәндер баланы жалықтырып жібереді.Сол себепті білім беру саласына жаңа толқын, жаңа серпіліс қажет деп ойлаймын.

«Ұстаз – қазына тасыған арбакеш секілді, барар жеріне тез жетуге асықса, қазынасын шашып алуы мүмкін, ал баяу жүрсе, уақытында жете алмауы мүмкін» дегендей әрбір ұстаздың беретін білімі нақты болуы керек. «Педагогика – үй, ал психология ондағы қазына» дегендей мұғалім өз жұмысында оқушылардың мінез – құлықтарын әрқашан зерттеп отыру қажет.

Жазушы және озат қолөнерші Элмерт Хаббард: «Өмірдегі істеуге болатын ең үлкен қателік, оны жасауға деген қорқыныш болып табылады. Егер өсуді көздесеңіз, тәкаппарлықтан арылыңыз, сонда ғана биікті бағындыра алатыныңызға еш күмәнім жоқ» деген екен. Осы сөз бізге, яғни ұстаздар қауымына арнап айтылған сияқты, олай дейтінім, біз бірнәрсені орындауға қорқамыз, өскенді ұнатамыз, бірақ қиындыққа төтеп берудің оңай жолын іздейміз. Егер алдымызға мақсат қойып, соны орындау менің қолымнан келеді десек, біз бағындырмайтын асу болмас. Себебі, ол біздің қолымыздан келеді.













Автор
Дата добавления 08.12.2015
Раздел Химия
Подраздел Рабочие программы
Просмотров365
Номер материала ДВ-242628
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх