Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / "Білім кілті- Әліппе" тәрбие сағаты
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

"Білім кілті- Әліппе" тәрбие сағаты

библиотека
материалов

«Әліппемен қоштасу» музыка ойнап тұрады.Ұстазым әні

Мұғалім: Армысыздар,аналар!

Бармысыздар,балалар,

Сөзіме құлақ салыңыз

Бір серпініп қалыңыз

Әліппеге арналмақ

Бүгінгі жыр әніміз.

Құрметті ұстаздар,ата-аналар!

1 а сынып оқушыларының «Білім кілті-Әліппе!» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер.Балалардың қолдарына тұңғыш ұстаған,бетін ашқан-Әліппе.Бұл кітап –бүкіл әлем дүниесінің алғашқы есігі,білімге алғаш бастайтын белес.

1-жүргізуші: Асқар

Армысыздар,қадірлі кеш қонағы

Бүгін бізде мереке,аса мәнді

Қуанып зер салайық,ей,халайық!

,Балғындарды қошеметтеп,қарсы алайық!

2-жүргізуші:Дариға

Шашу,қане, шашайық,

Ақ сандықты ашайық.

Бұл мереке,бұл тойды

Қол соғып,қане,бастайық!(музыка ойнап тұрады,балалар шығады )

Балғындарды құттықтауға ортаға Әулиекөл бастауыш мектебінің директоры Бибігүл Алдабергенқызын шақырайық.

1-жүргізуші: Дариға,менің есіме бір нәрсе түсіп кетті.Осыдан үш жыл бұрын менің де әліппемен қоштасқаным. Білесің бе, Дариға, мен әліппемді сол күні әжеме силадым.

2-жүргізуші: Қызық екен!Әжең не істейді?

1-жүргізуші: Әже- деген асыл қазына ғой.Біздің алғашқы ұстазымызда әже,себебі ол ертегі айтып береді.Ал,ата,әже,әке, ана деген сөзді әліппеден оқып үйрендік.Ендеше,оқушыларды тыңдайық.

Әліппе:Аида(осы кезде әліппе келеді.)

Армысыздар ,балалар!

Армысыздар,ата-ана!

Болашаққа жол бастар

Әліппе келді ортаға

Білім деген ғажаптың

Әліппесін меңгерген

Келешегі қазақтың

Басталады сендерден.

1-жүргізуші:Әліппе,біз сізге ризамыз.Балалар сіздің арқаңызда көп нәрсені танып білді.

2-жүргізуші:Қазір, балалар,сіздің арқаңызда оқуды,жазуды,санауды біледі.

Әліппе: Аида:Олай болса, балаларымның білімін тексеріп көрейін.Бірнеше сұрақтар қоюға рұқсат етіңіздер:

1.Қазақ тілінде неше әріп бар?Неше қосарлы дыбыс бар?Қандай белгілер бар? Дыбыс дегеніміз не?Тілдің қатысына қарай дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?Қанша дауысты дыбыс бар?Әріп дегеніміз не?Әріптен не құраймыз?Буыннан ше?Сөзден?Сөйлем қалай жазылады?

Жарайсыңдар,балалар,менің көзім жетті.Мен сендерге ризамын.

Аида:Кім маған мақал айтып береді?

  1. Тіл -адам ойының айнасы. Айдарбек

  2. Тіл тағдыры-ел тағдыры. Аяжан

  3. Ана тілі-ой өсіреді. Тамирис

4. Ең тәтті де-тіл Маржан

Ең ащы да –тіл

Ең жұмсақ та –тіл

Ең қатты да –тіл.

Аида: Кім жаңылтпаштар айтады?

1.Доп-доп,доп екен Еркежан

Доп қуғандар көп екен.

Допты қуды Төлеген

Төлеген тым тебеген.

2.Оқуға салақтар Ибраева

Тек кітап парақтар

Сабақта алақтар

Далада далбақтар

Аида: Ал,балалар,кім маған өтірік өлең айтып береді?

1.Мен өзім кішкентайдан өрге бастым Ақбота

Табаныма сурет сап,көрме аштым

Көлеңкемді қораға қамап қойып

Өтірік сурет салудан жалықпаспын.

2.Бір күні дәп алдымнан айна көрдім Аманбол

Бос айнаға қарауды пайда көрдім

Қарасам қарсы алдымда ,көк желкем тұр

Ойладым,мұндай адам қайдан көрдім

3.Сабағымда жүр едім Айым

Қонаққа бақа шақырды

Көлге келсем су беріп

Аш қалдырды,қатырды.

1-жүргізуші: Әліппе, балалардың сізге дайындаған тақпақтары да бар.

1.Өтті оқудан сан сабақ Жұлдыз

Бүгін үлкен салтанат

Оқулықпен достассақ

Әліппемен қоштаспақ

2.Келгенде алғаш мектепке Арыстан

Білмеуші едік әріпте

Оқимыз қазір ертекті

Үйреткен оны ,Әліппе!

3.Таныстырған 42 әріппен Еркеназ

Қош бол менің,ең сүйікті Әліппем!(бірге)

Сенің арқаң,оқи,жаза білгенім

Саутты адам қатарына кіргенім

4.Әліппемен қош айтысып қаламыз Ерасыл

Енді қолға басқа кітап аламыз

Ата-ана қуанышқа ортақ бол

Сауатты боп,шықты міне,балаңыз

5.Қош бол құтты ,әліппем Диана

Көп нәрсені үйреткен

Таныстырып әріппен

Тақылдатып сөйлеткен

Рахмет саған,Әліппем (бірге)

Әліппе:Балаларым,мен сендерге сондай риза болдым.Енді өзімнің Ана тіліме ұялмай тапсыратын болдым.Оны да ренжітпейтіндеріңе толық сенемін.Сау болыңдар!Жақсы оқыңдар.

Хор: «Қош бол, әліппе»әні

2-жүргізуші:

Көзді ашып жұмғанша

Хош айтысты ,әліппе

Сыйлар білім өзіңе

«Ана тілің!» төрлетсін

Дүбірлі думан басталсын

Жүректерді ән тербеп

Шәкірттерің қуансын

Ана тілі: (Балзия келеді)

Ана тілі біздің туған анамыз

Анамыздай силап бағып,қағамыз

Ана тілін бағаласақ қалай біз

Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.

Ана тілін кім аялай білмесе

Анасынан безген ұл деп қараңыз

Ана тілі туған жердің тілімен

Ақылымен,танымын

Түсіндірем бәріңе

Ана тілі пәнімен

Ана тілім құралым

Ана тілім сырласым

Ана тілім болмаса

Мықты болмас тұрағым

1-жүргізуші:

Ана тілім,сізге арналған оқушылардың тақпақтары бар.Ортаға шақырайық!

1.Ана тілін білмеген- Муканова

Ақылы жоқ,желік бас

Ана тілін сүймеген

Халқын сүйіп жарытпас.

2.Ана тілім Жансая

Жүрегісің анамның

Жүрек-ана,

Мен өзіңнен жаралдым.

3.Сол тілменен дүниені аттадым Іңкәр

Таптым бүкіл тіршіліктің атауын

Жатты онда уыз тілі анамның

Жатты онда аманаты атаның.

2-жүргізуші

Ән :Біз бақытты балдырған орындайтын қыздар тобы (қалғандары шығып кетеді

1-жүргізуші:

Ана тілді қадірлейік,сөйлейік!

Көк туымыз желбіресін ,мәңгілік!

Көрініс: «Көк ту» 1-бөлім

Мағжан: Балалар сендермен танысуға бола ма?Не істеп жатырсыңдар?

Дәулет:Біз қала жасап жатырмыз. Мынау Қазақстандағы ең үлкен қала.Мен өскенде сәулетші болмын.

Ұлықбек:Ал,мен өскенде ғарышкер боламын,Тоқтар ағам сияқты.

Әділ:Мен дәрігер боламын.Сен қайдан келдің?

Мағжан:Мен ауылдан келдім.Енді қалада оқимын.Әкем қалада оқысаң,көп нәрсені үйренесің деді.Спортпен шұғылданамын.Маған қала ұнайды.

Елхон:Сенің атың кім?(бәрімен танысып шығады. )

Дәулет:Кел,бізбен бірге ойна.

2-бөлім

(Айдарбек айғайлап келеді)

Алақай,әкем маған машина сатып әперді!

Мағжан:Ананы қара!Біздің туды қорлап машинасына тағып алыпты.

Әкел,ол біздің ту

Айдарбек:Жоқ,ол менікі,әкем сатып әперді.

Мағжан:Ол біздің ту,сен орыссың.(итеріп жібереді,құлайды,жылап кетіп қалады)

Елхон:Мағжан сенікі дұрыс болмады.

Ұлықбек:Достарды ренжітуге болмайды.

Дәулет:Біз сенімен ойнамаймыз

Мағжан: Ей,қойыңдаршы!

3-бөлім

(Мағжан қуанып атасына келеді)

Мағжан:Ата,ата,мынаны қара!Менде еліміздің туы бар.

Атасы:Оны қайдан алдың?

Мағжан:Бір орыс баладан тартып алдым.Біздің туды қорлап машинасына тағып алыпты.

Атасы:Әй,балам-ай,бұның дұрыс болмапты.Ұят болды ғой,құлыным.

Мағжан:Неге,ол орыс емес пе?

Атасы:Әлгі орыс балада Қазақстан азаматы,балам.Ол бала туымызды қадірлей біледі екен.Өзге ұлт өкілдеріне біз тек ризашылығымызды білдіруіміз керек.Әлгі орыс баласы Ильия Ильинде екі мәрте олимпиада жүлдегері.Біздің туымызды екі мәрте көкке көтерген.

Теледидарды қосшы,балам. (үнтаспа Ильия туралы)

Мағжан:Ата!.Мен Мағжаннан кешірім сұрап келейін.

(Мағжан жүгіріп кетеді,алдынан кішкентай қыз шығады.)

Қыз:Аға,анау добымды алып берші,суға түсіп кетті.

Мағжан:Мә,ала ғой.

Қыз: Қандай мейірімді бала,рахмет!

4-бөлім

(Мағжан жүгіріп балаларға келеді.Олар асық ойнап жатады)

Мағжан:Дима,Дима,кешірші мені.

Дима:Кет,сенімен ойнамаймын.

Ұлықбек.Дима,кешірші оны.Ол білген жоқ

Мағжан:Мә,туыңды ала ғой.Енді дос болайықшы.

Хормен:Біз доспыз.Мәңгілік біргеміз.

Атасы:Дұрыс балалар,ешқашан жұптарың жазылмасын.(музыка ойнайды.)

1-жүргізуші

Би:Қыздар тобы

2-жүргізуші

Қөрініс: Томпақ бала

(Диас,Нияз,Ахметжан,Дәулет.Әділ,Маржан)(төменде балалар таласып жатады)

Диас: Мен өскенде әнші боламын

Нияз:Мен өскенде суретші боламын

Ахметжан:Мен өскенде батыр боламын.

Дәулет:Ал мен өскенде .... Қазір тұра тұрыңдар,атасына жүгіріп келеді.(атасы кітап оқып отырады)

Дәулет:Ата,ата,мен өскенде кім боламын?

Атасы:Балам,мамандықты өзің таңдауың керек.

Дәулет:Мен өскенде ұшқыш боламын,жоқ мені аспанда ешкім көрмейді.Жоқ,спортшы боламын,менен бәрі қорқатын болады.Аааа,таптым,ата,мен сиқыршы боламы,бәрін де құртып жіберемін.(атасының құлағына сыбырлайды. )

Дәулет:Мен таптым.Мен өскенде сиқыршы боламын.

Диас:Әйдік болсаң,машинаны құртып жіберші

Нияз:Анау ойыншықты қозғашы.

Ахметжан:Анау тасты қозғашы

Дәулет оны да қозғайды:ахалай-махалай!

Ахмержан:Жарайсың,ертең кел,ойнаймыз!

Дәулет:Ата,тұр,саған көп-көп рахмет!

Атасы:Балам ,машинаны,ойыншықты мен қозғадым.Ал анау тасты кім қозғады?

Дәулет:Сонда мен шынымен сиқыршы болып кеттім бе?

Маржан:Шал –ау ол мен ғой»

Дәулет: Әже саған да көп-көп рахмет!

Ана тілі:

Құтты болсын,балалар,

Алға аттаған қадамың!

Білім деп соқсын жүрегің,

Жолыңа бестік шашамын.(5 –ті шашады)

1-жүргізуші.

Жайнасын әрбір күндерің

Жолдарың қашанда ақ болсын!

Жайқалып тұрған көктемгі

Өмірің сенің гүл болсын(сахнаға гүл шашады) (осы кезде қыздар сахнаға шығады.)

Би:Ұлдар тобы (төменде билейді)

Ата-ана:Қарлыға (Қарлыға ортаға шығады)

Әліппені бітірді балаларым

Әліппеден нәр алған даналарым

Өзі оқып,жазатын халге жетті

Құтты болсын қадамы балалардың

Балалардың білімі құтты болсын,

Денсаулығы әрқашан мықты болсын

Білімдерін әрі қарай дамытатын

Ерінбейтін,еңбекқор,мықты болсын!

1-жүргізуші

Хор:Балдырған

2-жүргізуші:осымен « Білім кілті –Әліппе»атты тәрбие сағатымыз аяқталды.Хош ,сау ,болыңыздар!




















Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 02.02.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров110
Номер материала ДВ-405710
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх