Инфоурок Другое Другие методич. материалыБілім мазмұнын жаңарту бойынша қолданатын тиімді әдіс - тәсілдердің түрлерін қазақ тілі сабақтарында қолдану

Білім мазмұнын жаңарту бойынша қолданатын тиімді әдіс - тәсілдердің түрлерін қазақ тілі сабақтарында қолдану

Скачать материал

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Амаргала Бақыт Сатпековна

             Коммуналдық мемлекеттік мекеме «Ақсу қаласы  №4 орта мектебі»

 

   Білім мазмұнын жаңарту бойынша қолданатын тиімді әдіс - тәсілдердің түрлерін  қазақ тілі сабақтарында қолдану

Қайырлы күн құрметті семинарға қатысушылар! Мен бүгін сіздерге  " Білім мазмұнын жаңарту бойынша қолданатын тиімді әдіс-тәсілдердің түрлерін  қазақ тілі сабақтарында қолдану"  тақырыбында өз тәжірбимен бөліскеніме қуаныштымын.

Сіздерді келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Сіздерге игілік, барлық бастамаларда сәттілік, ертеңге сенімділік тілеймін. 

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

 «Мен елімді сүйемін» тренингі

1.Егер сіздердің достарыңыз бар  болса, көршілеріңіздің басынан сипаңыз;    

2. Егер сіздердің  балаларыңыз  бар болса, өз басыңызды сипаңыз;                 

3.Егер сіз, туысқандарыңызды  жақсы көрсеңіз көршіңізді құшақтаңыз;                 

4. Егер сіз мектепті жақсы көрсеңіз, аяғыңды топырлатыңыз; 

5.Егер сіз Отанымызды, Қазақстанымызды  жақсы көрсеңіздер, алақаңдарыңызды соғыңыз!

         Қазіргі кезде білім беруге қойылатын талаптарға  сай тиімді әдіс- тәсілдерді  әр мұғалім  сабақтарында қолдануы тиіс. Жаңартылған  білім беру бағдарламасында  қазақ  тілі пәнінің берілу жайы өзгеше. Бағдарламада  оқушының төрт тілдік дағдысын: тыңдалым,айтылым,оқылым,жазылым жетілдіруге бағытталған. Бұл төрт дағды оқу жоспарында «Шиыршық әдісімен» орналастырылған және бір –бірімен тығыз байланысты. Яғни, жыл бойына бірнеше рет қайталанып отырады және сынып өскен сайын тілдік мақсат та күрделене түседі.

Оқушыларды заманауи әдіс –тәсілдермен оқытып, ой –өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу  қажеттілігі де осы себептен туындап отыр.        

Білім берудің негізгі мақсаты  - білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды  талап етеді.

Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану-заман талабы.

 Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр.

Өз  білімінің нәтижесінде оқушы бойында сын тұғысынан ойлау, білімін шығармашылықпен пайдалана білу, зерттеушілік дағдылары, АКТ дағдылары, топта және жеке жұмыс істей білуі, тілдік дағдылары, қойылған міндеттер мен күрделі мәселелерді шеше білу дағдылары қалыптасады.

Жалпы оқушылар жаңа бағдарламаны дұрыс  қабылдау үшін қазақ тілі сабақтарында   оқыту әдісін дұрыс таңдау  ең басты  мақсаттардың  бірі.

Қазақ тілі сабағында сөздік  құзыреттілікті дамыту үшін мынадай әдіс-тәсілдерді  қолданамын: сұрақ-жауап, түсінігін айтқызу, көрнекілік,  кітаппен жұмыс, суретпен жұмыс, аудио-бейне тәсілдері, интерактивті әдістер.

Қазақ тілін үйреткенде, тілді  қызықты ету және бала жадысында сақталу үшін не істеу керек? Негізінен балаларға  тілді, есте сақтау арқылы үйретеміз.  Бала  есінде ақпаратты  сақтаудың  екі жолы бар. Оны жүрекке жол деп те айтуға болады.

 Жүрекке жол

 

 

 

 

Есте сақтаудың, қабылдаудың екі түрі

                                  


Біз ақпаратты ми арқылы  және жүрек арқылы қабылдаймыз. Егер сіздерден бір ай, бір жыл бұрын не болғанын сұрасам, оны еске түсіру қиынрақ болар, өйткені біз ақпаратты ми арқылы қабылдадық. Ал керсінше, бір ай, бір жыл бұрын қандай қуанышты, не ренішті оқиға  болды десем, бірден есіңізге түсіресіз, өйткені  ол ақпаратты жүрек арқылы сақтадыңыз.

Сонда ақпаратты жүрек арқылы қалай қабылдауға болады деген сұрақ туындайды.

Оқушыға тілді үйреткенде, оны  міндетті түрде қызықтырып, уәжін көтеру керек. Ол үшін  сабағымызда  әдіс-тәсілдері, яғни стратегияларды шеберлікпен тиімді қолдану қажет, бұрынғы дәстүрлі сабақтардағыдай  дайын  идеяларды ұсынып, өзіміз түсіндіріп, сыныпты басқарып жатқанның пайдасы жоқ,   оқушылардың өздеріне білім мен идеяларды құруыларына мүмкіндік беру керек. Сабақ – оқытудың барлық кезеңінде мұғалім мен баланың бірлесіп істейтін тиімді әдістердің жүйесін пайдалану қажет.

Қазақ тілі сабағында қолданылатын әдістерім: 

 

Психологиялық ахуал туғызуда. Сабақтың басы(2-5 минут)

«Мен елімді сүйемін» тренингі

1.Егер сенің досың бар  болса, көршінің басын сипа;        

 2. Егер сенің  анаң бар болса, өз басыңды сипа;                 

3.Егер сен, әкеңді жақсы көрсең көршіңді құшақта;                 

4. Егер сен  мектепті жақсы көрсең, аяғыңды топырлат; 

5.Егер сен Отанымызды, Қазақстанымызды  жақсы көрсең, алақаныңды соқ!

 

- Сәлемдесу.

Амансыз ба, жер ата!
Амансыз ба, күн ана!
Амансыз ба, достарым!
Сәлеметсіз
 бе, қонақтар!
Сәлеметсіз бе, мұғалім!

 

Әр елдің амандасу салты арқылы бір- бірімен амандасу.

Жұптарын тауып, бір –біріне қарама –қарсы тұрады. Әр елдің амандасу салтын жасайды.

              Қазақтар -қол алысады

              Италияндықтар -   құшақтасады

              Бразилиялықтар - бір бірінің  иығын қағады

              Зимбабалықтар –арқасымен  амандасады

              Македониялықтар –  шынтақпен амандасады

              Никарагулықтар -  иықпен амандасады

              Австралиялықтар - шапалақ ұрып серкіреді

Комплимент  айту

Шеңберге тұру. Оқушылар бір-бірінің қасиеттерін айтып бөліседі.

(Миша ақылды,  Салтанат әдемі, Никита күшті...)

 

Сабақтың ортасында қолданылатын әдіс – тәсілдер.

Сөздік әдістер: түсіндіру, әңгіме, әңгімелесу,кітаппен жұмыс. 
Көрнекі әдістер: иллюстрация және демонстрация. 

Жұптық жұмыс.Кеспе әріптерден сөз жинау

  

 

Көрнекілік әдісі

     

Суреттер сөйлейді әдісі

          

Карусель (екі шеңбер) әдісі. Белгілі бір тақырыпқа байланысты сұрақ беріледі. Кім? Не? Қандай? т.б. сұрақтарға жауап беру.

 

 

 

 «3 қадам»  әдісі арқылы тілдерін дамыту.

       

Қадамдар:

1) Бұл - менің анам.

2)Оның аты -  ___________

3) Ол әдемі. (Ол ақылды, ол күшті)

 

            

 

АКТ қолдану әдіс – тәсілдер.Қазіргі сабаққа қойылатын талап тұрғысынан техникалық құралдарды, кестелер, сызбалар, үнтаспа жазбаларын пайдалану арқылы оқушылардың есту, көру сезімдеріне әсер ете отырып, олардың ойлану қабілетін дамытуға көңіл бөлінеді. Қолданылатын көрнекіліктер оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады, түсіндірілген материалдарды саналы меңгертуге ықпал жасайды. Оқушылардың білім сапасының көп жағдайларда төмен болуы, осындай түрлі ойлау әрекеттеріне бейімделмеуден, дағды бермеуден деп айтуға болады. 
      

 

Стоп – кадр әдісі. Видеоны көріп,кім туралы екенін табу

«Интервью» әдісі. Жұптасып бір бірінен интервью алады.

 

Сабақтың қызықты өтуі үшін  әртүрлі  әдіс-тәсілдерді  қолданамын. Соның ұтымды бір түрі — ойын арқылы тіл дамыту болып табылады. Енді бірнеше ойын түрлерін айта кетейін:

 «Ойлан тап» оқыта үйрету ойыны. 

Мұғалім кім? деген сұрақ қойғанда, оқушылар ата, әке, іні деп жауап беруге тиіс. Мұғалім қандай? деп сұрақ қойғанда, ақылды, әдемі, күшті деп жауап берулері керек (мақсаты: оқушылар қойылған сұрақты түсініп, оған дұрыс жауап таңдай білулері керек. Яғни кім? деген сұраққа сызғыш деп жауап берілмейді).

 

 «Мені түсін» оқыта үйрету ойыны.

Бұл ойынды жекелеген сөздер мен сөз тіркестерінің айтылуын меңгерту кезеңінде қолдану тиімді. Ойынның бір артықшылығы- алдын ала қосымша дайындықты қажет етпейді. Мұғалім тақта алдына оқушыларды бір қатар етіп тұрғызады. қатардың бас жағына өзі тұрып, жанындағы оқушыға жаңа сөздердің бірін сыбырлап айтады. Оқушы дәл осылай сол сөзді келесі оқушыға сыбырлап айтады. Ойын осылай жалғасады. Қатар аяқталғанда, соңғы тұрған оқушы өзі естіген сөзін дауыстап айтады. Алғашында мұғалім жасырған сөз бен соңғы сөз салыстырылып, бастапқыда сөзді бұзып айтқан оқушы сол сөзді бірнеше рет қайталайды. Осылайша бірнеше сөз жасырылып, олардың айтылуы бірнеше рет қайталанады.

Сабақтың соңында қолданатын тиімді әдіс – тәсілдер.

Шабадан – әрі қарай менің керегіме жарайды. Чемодан – всё, что пригодится в дальнейшем.

 

Ет тартқыш– алған ақпаратты өңдеймін, қорытамын. Мясорубка – информацию переработаю.

 

Себет – барлық ақпаратты  тастаймын. Корзина – всё выброшу.

 

 

 «Кері байланыс Сэндвичі» немесе «Мадақтау сэндвичі»

              1 қабат – түсінгені туралы оң пікір;

              2 қабат – сыни көзқарас, нені өзгерту керек және қалай өзгерту керек;

              3 қабат  – оң көзқарас бере отырып, болашаққа ұыныс беру: маған ұнады , дегенмен келесі жолы

”Бес саусақ” әдісі

http://www.myrapgame.ru/data/photos/1/1/1/10/9627_658a44_530_600.png

 «Бағдаршам» тактикасы

 «Бағдаршамды » түсінгенін анықтау үшін қолданыңыз.

Мысалы:

Қызыл түс– түсінген жоқпын;

Сары түс–  тағы да практика  қажет  ететін сұрақтар бар;

Жасыл түс– барлығы  түсінікті.

 

 

Әрине, осы әдістердің ішінде көпшілік қауымға белгілі, көп қолданылып жүргендері де бар, сонымен қатар, осы әдіс-тәсілдерді оқытушы өз пәнінің ерекшелігіне байланысты түрлендіріп, құрастыруына және қосымша элементтер енгізуіне де болады. Қазақ  тілі сабақтарында білім мазмұнын жаңарту бойынша қолданатын тиімді әдіс - тәсілдердің түрлерін  оқытуда қолданылатын  әдістердің  басқада түрлерін ары қарай іздеп, талдап қарастыруға болады.

Қорыта келе осы әдіс-тәсілдерді қолдану нәтижесі:

1.     Оқушы тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуға;

2.     Оқуға жағымды қызығушылық қалыптастыруға;

3.     Белсенді сөздік қорын, ауызша және жазбаша тілін ұстартуға;

4.     Тұлғаның қиындықтарға даяр  болу және оны білу, қарым – қатынас, ойын, танымдық, өзін- өзі бекіту  қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Білім мазмұнын жаңарту бойынша қолданатын тиімді әдіс - тәсілдердің түрлерін қазақ тілі сабақтарында қолдану"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Режиссер-постановщик

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 198 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.05.2017 2367
    • DOCX 1.2 мбайт
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Амаргала Бакыт Сатпековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Амаргала Бакыт Сатпековна
    Амаргала Бакыт Сатпековна
    • На сайте: 8 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 2
    • Всего просмотров: 41968
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой