Инфоурок Другое Другие методич. материалыБілім мазмұнын жаңарту- оқушылардың функционалдық сауыттылығын жүзеге асырудың алғы шарты

Білім мазмұнын жаңарту- оқушылардың функционалдық сауыттылығын жүзеге асырудың алғы шарты

Скачать материал

Білім мазмұнын жаңарту- оқушылардың функционалдық сауыттылығын жүзеге асырудың алғы шарты

 

Абдрахманова Р.Т.

 Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы

«Ақмола облысы бойынша 

ПҚ БАИ, ДБО тренері.

                                                                                                               

                                                                     

        Еңбек нарығына бәсекелестік заманында әрбір тұлғаның білім сапасын арттыру, алған білімін күнделікті өмірде қолдана білу қабілетін дамыту заманауи мектеп алдында тұрған өзекті мәселе болып отырғаны сөзсіз.

      Жаңа қоғам кеңістігінде жас ұрпаққа жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. ХХІ ғасыр ғылым мен  білімнің  қарыштап дамыған ғасыры деп аталатыны мәлім. Сондықтан қазіргі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәліметтер беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, қатаң бәсеке жағдайында өмір сүріп, жаңа дәуір жаңалықтарымен суарылып отыруына қолдау көрсетуге  тиісті. Бұл істе нәтижеге қол жеткізу ұшін, мұғалімнің – қоғамдағы болып жатқан тез өзгеріп тұратын әлеуметтік-экономикалық, педагогикалық өзгерістерге тез төселгіш, жаңаша ойлау жүйесін меңгерген, жан-жақты білімдарлығы, тұтас дүниетанымы болуы қажет. Өз пәнінің шеңберінде қалып қойған мұғалім балаға білім, тәрбие берудегі биік мақсаттарға жете алмайтыны анық. Қазақстанның бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде. Ал жас ұрпақты  жан-жақты, терең білімді етіп қалыптастырудың бірден-бір жолы - оқушыға білімді терең игертудің тиімді  әдіс-тәсілдерін іздестіру, шығармашыққа жетелеу. Бұл жағдайда мұғалімнің терең біліктілігі қажет. Қазіргі заман талабына сай ойшыл, ғылыми-әдістемелік біліммен терең қаруланған, педагогика мен психологияны жетік меңгерген шебер мұғалім қажет.

          Білім сапасы-мұғалімдер қызметінің сапасы. Оқушыларға нені үйрету керек екенін мемлекеттік стандарттар, бағдарламалар белгілейді. Ал «қалай оқыту керек?» деген сұраққа жауапты тек мұғалімнің кәсіби даярлығынан, өз ісін жоспарлай, өзінің нақты мақсаттарын болжап, көре алуынан, баланың әрекетін ұйымдастыра алатын шеберлігінен іздеу керек. Білім беру жүйесін жаңғыртудың басты бағыты ретінде оқушылардың өзін дамытуы және қоғам өміріне пайдалы үлес қосуы үшін ақпаратты өздігінен алу, талдау, құрылымдау және тиімді пайдалануын көрсетуге болады.

  Функционалдық сауаттылық, яғни «адамның өмірдің және іс-әрекеттің түрлі саласында қолданбалы білім негізінде қалыпты тіршілік міндеттерін шешу қабілеті» – осы процестің өзегі болып саналады.

 Осыған орай, білім беру ұйымдарындағы оқыту процесі оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталуы тиіс. Пәндік талаптарды жеке пәндердің құралдары арқылы жүзеге асыру мүмкін болса, білім берудің тұлғалық және метапәндік нәтиже талаптарын мектептің негізгі білім беру бағдарламасына енетін барлық оқу пәндері, курстары және модульдерінің бірлескен және келісілген әсері арқылы жүзеге асыруға болады.

 Білім сапасының мәнін ашу, педагогикалық квалиметрия, оқушылардың білімдік және біліктік сапасы, оқушылардың деңгейлік тұрғыдан білімділігі, білім беру сапасының мониторингі және диагностикасы, оқушылардың жетістіктерін бағалау, құзыреттілік тұрғы сияқты мәселелерге соңғы жылдары көп көңіл бөлінуде.

Мұғалімдік мамандықты биіккке көтеретін күш – оның кәсіби құзырлылығы.

        «Құзырлылық» ұғымы  соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. Құзырлылықтың  латын тілінен тікелей аудармасы белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде  беделді түрде үкім шығара алады дегенді білдіреді.

        Кәсіби–педагогикалық құзырлылық бұл оқу-тәрбие міндеттерін өнімді шешу, мамандықты тұлға қалыптастыру құралына айналдыру қабілеті.

    Құзырлылық – нәтижеге бағдарланған жаңа білім беру жүйесінің сапалық критерийі ретінде әлеуметтік және өмірлік  көзқарастырды қамтитын құндылықтарды  есепке алу қажет.

       Нәтижеге бағдарланған жалпы орта білім берудің жаңа жүйесіне көшу психологиялық-педагогикалық кадрларды кәсіби даярлауды ұйымдастырудың мазмұны мен технологияларын, мақсаттар проблемаларын өзектендіреді. Әдіснамалық шешімдердің бірі кәсіби  дайындықтың мақсатты бағдарына сәйкес басшының, мұғалімнің, мектеп психологының кәсіби-тұлғалық құзіреттілігін қалыптастыру болып табылады.     

Құзырлылық – алға қойған мақсатқа жету үшін субъектінің ішкі және  сыртқы ресурстарын тиімді ұйымдастыра алуға дайындығынан көрінетін білім беру нәтижесі.

       Функционалдық сауаттылық білім мазмұны жаңартылған мектептің өзекті мәселесі  болып табылады және мектеп түлегінің өзгермелі жағдайда әлеуметтік икемділігі мен әрекетін жүзеге асыру қабілетінде пайда болатын оқушылардың сапалық кешенін дамытуды көздейді.

·        Білім философиясындағы негізгі құндылық –адам.

·        Білім парадигмасындағы пәндік –білімдік көзқарас, жеке-тұлғалық сипат алып отыр.

·        Білім стандарты жаппай міндетті білім, білік, дағдының орнына күтілетін нәтиже ретінде функционалдық сауаттылықты қойып отыр.

Функционалдық сауаттылық негізінде білім мазмұны білімге бағытталған компонентімен ғана шектеліп қалмайды, өмірлік мәселелерді шешудегі  тәжірибенің тұтастығына, білімнің әлеуметтік маңыздылығына баса көңіл аударылады.

     Функционалдық сауаттылық бірінші орынға оқушының ақпаратпен қамтамасыз етілуін емес,

* нақты болып жатқан құбылыстарды түсіндірудегі, танып білудегі,

*  жаңа техника мен технологияларды меңгерудегі,

*  адамдар арасындағы байланыста өз қылықтарын бағалаудағы,

* өмірдегі жанұя мүшесі, қоғам мүшесі, көрермен, қала  т.б.әлеуметтік роліндегі,

*  құқықтық  нормадағы және әкімшілік құрылымдағы  ситуацияларды шешудегі біліктілікті қояды.

       Сондықтан да құзырлылық тәсіл негізінде  «үйрету» немесе «оқыту» терминдерін пайдалану мүмкін емес. Немесе  оқулықтарда берілетін авторлық көзқараспен тоқталу емес,  мәтін мазмұнына оқушының көзқарасын, өз пікірн қалыптастыратындай  тапсырмалар жүйесі ойластырылуы қажет.

         А.В. Хуторский, Джон Равен еңбектеріне сүйенетін болсақ, құзырлылық тәсіл алдын-ала  ойластырылған ситуацияларға оқушыларды «кірістіру», «енгізу» арқылы шешіледі. Бұдан білім мазмұнын толық практикаға бағыттау керек деген ұғымды қалыптастыру емес, құзырлылық тәсіл ерекшелігі оның іргелілігін сақтай отырып, дайын білімді меңгертудің орнына,  ол білімнің қандай жағдайда, қалай қалыптасқандығын оқушыға іздендіру, зерттеу жұмыстарын ұйымдастыра отырып білімді меңгерту болып табылады.

       Құзырлылық-тақтадағы жауабын мәтіннен алып, тақылдап тұрған жауаппен емес, жаңа өнімнің жасалуымен, алынуымен бағаланады.       Сонда ғана, оқулықтар оқушының өз бетімен жұмыс жасау құралы ролін атқарады және  ол оқулық оқушының танымдық, пәндік, практикалық, тұлғалық тәжірибесінің күрделі пайымдамасы, синтезі ретінде оқушы құзырлылығын  арттыруға мүмкіндік жасай алады. Мұндай оқулықтар: біріншіден, тұлға қасиеттеріне болжам жасай отырып, тұлға қасиеттерін дамытудың  диагностикалы мақсатын айқындауы қажет;

екіншіден, шешімі «өзіндік» дәрежеде қабылданатын проблемалық тапсырмалар арқылы оқушы өз қызметін ұйымдастыруы қажет;

үшіншіден, оқулық оқушының өз-өзіне бақылау жасауына, түзетулер  жасауына жағдай туғызуы қажет.

Оқушылардың пәндік білімдеріне, ептіліктеріне және дағдыларына (БЕД) сүйене отырып, оқу пәндері арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту үдерісі ойлау дағдыларын қалыптастыру негізінде жүзеге асады (1-сурет). Ойлау дағдыларын қалыптастыру және дамыту құралдарына тапсырма түрінде берілген пәндік БЕД жатады, ал ұйымдастыру формасына – проблемалық жағдайлар жатады. Осыған байланысты, ойлау дағдыларының өзі БЕД-тердің құзыреттілікке көшуінің құралы ретінде қызмет атқарады, яғни олардың функционалдық сауаттылығы.

 

Функционалдық сауаттылық мазмұны.jpg

 

Бұл орайда Джон Равен құзырлылық табиғаты индивидтің өздік дамуының, өзін-өзі ұйымдастыруының, қызметтік, тұлғалық тәжірибесін жинақтаудың салдары деген пайымдауына сүйене отырып, ең бастысы:

ü білім беру аймақтарындағы құзырлылық деңгей белгілерін анықтау;

ü қажетті және жеткілікті  тапсырма – ситуациялар жинағын айқындау;

ü қиын ситуациялардан шығудағы оқушы қызметін ұйымдастырудың технологиясын ойластыру керек деген тұжырымға тоқталуға болады.

Ұлы ағартушы А.Байтұрсынов «Бала оқытуды жақсы білейін деген адам әуелі балаларға үйрететін нәрселерін өзі жақсы білуі керек» деген тұжырымында шығармашыл мұғалім шығармашыл шәкірт дайындайтынын нақтылайды. Сондықтан білім мазмұны жаңартылған мектептің ұстазы өскелең заман талабына сәйкес шығармашылыққа бейім, зерттеу жұмысы тәсілдерін қолдана алатын маман болғаны жөн.

 

  Қолданылған әдебиеттер:

1.     Байтажикова, К.А. Материалы августовской конференции/
К.А. Байтажикова. Научно-практический центр «Дарын» МОН РК – /
10-12 августа, 2012.
//Электронный ресурс. – Режим доступа: http://daryn.kz.

  1. Ғылыми жаратылыстану циклы пәндері бойынша жобалық тапсырмалар. Астана 2015 Ы.Алтынсарин ат.Ұлттық білім академиясы.

3.          Крупник, С.А. Функциональная грамотность / С.А. Крупник,
В.В. Мацкевич
. - М.: Педагогика, 2010.

  1. Тұрғынбаева Б.А. Мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту: теория және тәжірибе. Алматы, 2005ж.
Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Білім мазмұнын жаңарту- оқушылардың функционалдық сауыттылығын жүзеге асырудың алғы шарты"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор риск-менеджмента

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 986 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.11.2016 1055
    • DOCX 102.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абдрахманова Рысты Темиртасовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 28693
    • Всего материалов: 25

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 475 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 324 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 847 человек

Мини-курс

Психология обучения и развития детей: от садика до школы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Мини-курс

Экономика и управление

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Цифровая трансформация в бизнесе: аспекты управления и развития

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе