Инфоурок Всеобщая история Другие методич. материалыII - Республикалық ғылыми-практикалық конференция: Білім мен ғылым мәңгілік – Елбасы назарында.

Білім мен ғылым мәңгілік – Елбасы назарында.

Скачать материал

Жакупова М.С (Жезқазған, №1 орта мектеп)

 

Білім мен ғылым мәңгілік – Елбасы назарында.

 

     Барша Қазақстандықтардың алдында салмақты да салиқалы ой айтып,әлемді назарына аударып отырған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы тәуелсіз Қазақ елінің болашағын бағдарлап,келешегін кемелді ету жолында тынымсыз еңбек етуде.Халық алдындағы сындарлы жауапкершілік,елі артқан сенім деп қарайтын көшбасшымыз қашанда болсын сертіне беріктік,тірлігіне тұрақтылық танытып келеді.

     Әлемдік өркениетке жетудің бірден–бір жолы–теңіздей терең білімділікте екенін үнемі назарда ұстап келе жатқан Нұрсұлтан Әбішұлы бүгінгі таңда білім және ғылым саласына,ерекше көңіл бөліп отыр.«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл,ғылым, ар,мінез деген нәрселермен озады.Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де ақымақшылық...» деген Абай сөзіне жүгінген Елбасы ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалатынын,ал ол үшін үздіксіз ізденіс пен өмір бойы оқу қажеттігін ескертті.Елбасы тапсырған оқыту үдерісіне заманауи әдістеме мен технологияны енгізу, педагогикалық құрамның сапасын арттыру, біліктілікті растайтын тәуелсіз жүйе құру нақты іс-әрекеттерді талап етеді.      

     Мемлекетіміздегі  әртүрлі деңгейдегі орта,арнаулы және жоғары оқу орындары мен білім мекемелері білім беріп қана қоймай,сондай-ақ алған білімін әлеуметтік бейімделу үдерісінде қолдануға бейімделуі керектігін уақыт қажеттілігі деп ұққанымыз дұрыс.«Елдің болашағын ойлау қажет.ХХІ ғасырда білімсіз өмір сүру мүмкін емес,халықты салауатты да,сауатты өмірге бағыттауымыз керек»–дегенде Елбасы келер ұрпақтың тағдыры мен оның болашағына алаңдаушылық білдіріп қана қоймай,тығырықтан шығар жол да ұсынып отыр.Білім–тек оқытып қана қоятын технологиялық орта емес,ол сонымен қатар қоғамдық сана мен дамудың мақсат – міндеттерін   қалыптастыруға белсенді әсер етуші негізгі фактор.

     Бұл жүйенің басты қозғаушы күші ғылым мен білім жаңалықтарының жедел жүзеге асуына байланысты.Ал оны жүзеге асыратын–ерекше білікті,білімді жастар қолында.Қазіргі таңда Қазақстандағы білім-ғылым саласы жедел дамып,сапасы жағынан алдыңғы қатарлы,озық елдермен бәсекеге түсе алатындай дәрежеге ие.Оған осы саладағы жеткен жетістік-теріміз дәлел.   

     Мұның негізгі себебі де сол,еліміздегі білім беру жүйесінде көптеген өзгерістер болуда.Оған дәлел Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы мұғалімдерді оқыту курстарын ұйымдастырып,өскелең ұрпаққа бәсекеге түсе алатындай саналы да,сапалы білім беруге ұмтылуда.

     Ел жастары сауатсыз болса,ол мемлекеттің болашағы да бұлыңғыр болмақ.Осы мәселеге ерекше көңіл бөлген Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың таяудағы «Нұрлы жол» Жолдауындағы қабылдаған батыл шешімдері әрі таң қалдырады,әрі ризашылыққа бөлейді.Бүгінгі таңда да Нұрсұлтан Әбішұлының білім саласына ерекше көңіл бөліп,тікелей өзі қадағалап отыруы тегін емес.Себебі,дүниенің кілті білімде екенін Елбасы өте жақсы біледі. Елімізде ашылған Қазақ-Британ университеті,КИМЭП,Еуразия универси-теті,Назарбаев университеті мен Назарбаев зияткерлік мектептері–Елбасы идеяларының жеңісті жемісі.Халық келешегінің кемелденуі жолында қызмет ететін ғылым,білім саласында атқарылып жатқан істердің барлығы орасан зор әлеуметтік мәнге,мазмұнға ие.Жаһандану кезеңіндегі түрлі тұрақсыздық пен жаһандық дағдарысқа қарамастан, дамыған елдер қатарына қосылып отырғанымыз да Елбасының білімпаздықпен жүргізіп отырған саясатының арқасы. Экономикасы тұрақты, әлемдік ықпалдастыққа қабілетті, әлемдік қауымдастықтан ойып орын алған елге айналып отырғанымызды біз Елбасы есімімен,Елбасы данышпандығымен тығыз байланыстыра аламыз.«Біз тәуелсіздік алғаннан бері бірыңғай ізденіс үстінде келе жатқан елміз.Iзденіс үстінде дөп басу да,мүлт кету де бола береді.Ештеңе істемеген адам ғана қателеспеуі мүмкін» деген мемлекет басшысы жастарға сенім артып,олардан үлкен үміт күтеді.

    Елбасы белгілеген ең өзекті мәселелер білім беру мекемелерін оңтайландыру,оқу-тәрбие үдерісін жаңғырту,білім беру қызметтерінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру–білім саласының дамуына игі әсерін тигізері сөзсіз.Бүгінгі таңда мемлекет басшысының ізденімпазды-ғының нәтижесінде өмірге келген,қазақстандық білім берудің жаңа моделін қалыптастыруға кіріскен «Назарбаев университеті»–еліміздің көптеген білім беру саласы үшін методикалық-теориялық,практикалық көмек беретін жолбасшы үлгілі оқу орнына айналып отыр.Қазақстанның сапалы мамандарын даярлауда өзіндік бет-бейнесі бар білім ордасына айналды.Елім білімді болса,жаһандық даму үдерісіне білімді ел болып жетсек деген асқақ арманның шынайы жеңісі.Ендеше біз де білім беру жүйесінің өткен заманалардан келе жатқан озық дәстүрін сақтап, жетілдіріп,есесіне жоғары мектеп жүйесіндегі қағидатқа айналып мұз болып қатып қалған тозық әдеттерінен арылып,жаңаша іс бастауымыз қажет.Нақты өміршең үлгіні «Назарбаев университетінен» ала отырып, талапты,талантты жастарды шақыра білудің сан-алуан жолдарын ойластырудан бастап,шет елдік «Кембридж университеті» секілді әбден танылған оқу орындарынан жаңаша ойлай алатын,әлем мойындаған білікті мамандарды шақырып дәріс оқытуда.

    Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, «Бүгінгі қоғам кешегі күннің бауырында туады».Ертеңгі күнді ойлау,қоғам болашағына жақсы үмітпен қарау–бүгінгі балаларды балабақшадан бастап икемді тәрбиелеуге шақырады.Елбасы балаларды сәби жастан–балабақшадан қазақ,орыс, ағылшын тілдерін оқыта тәрбиелеу талабын қойды.

    Ең бастысы Елбасы елге нендей де бір жаңа бастама көтеру алдында оны өзі іздене жүріп табады,өзі бірге жүріп іске асырғысы келеді.Тәуелсіз еліміздің өркениетті даму жолындағы ұлан-ғайыр ізденістері мен ұлы істері іргемізді бекітіп,керегемізді кеңейте түсуде.Неге десеңіз,қазақтың бағына туған Елбасымыздай нар тұлға өмірдің небір жауапты кезеңдерінен елімізді биік дәрежеде алып өтіп келеді. Жоғары тапқырлықпен жүз ойланып,мың толғанып ақыл-ойын салмақтап,Елбасы қол қойған әрбір құжат–Қазақстан болашағына жасалған ерекше қадам.Сол қадамның ұшында тұрған ел тағдыры,бүкіл ел атынан шешім қабылдау қаншалықты жауапты екенін барлығымыз да сезінеміз. Нәтижесін де,көзбен көріп отырмыз.Еліміздің еңсесі көтеріліп,белі бекіп,бұғанасы қатқан өсу жылдары да оңайлыққа түскен жоқ.Елбасының парасатты істерінің жемістері көрініс берді.Президенттің көтеріп жүрген жүгі ең ауыр жүк.

     Қазақстан басшылығына Н.Ә. Назарбаевтың келуі бейне егемендіктің жыл құсындай болды да шықты.Өйткені,үлкен айтыс-тартыста оның байсалды ойы мен батыл шешімдері кім-кімді болмасын бейжай қалдырмайтын.Елбасымыздың бойындағы шешім қабылдау деңгейінің жоғарылығы,батылдығы мен білімділігі көптің көз алдында көрінуінде еді. Бүгінде еліміз үлкен жетістіктерге жетіп,әлемге танылуда. Яғни, әлемдік өркениет көшінде өзіндік бет-бейнесі:мақсат  тұтар мәдениеті, лайықты салт-дәстүрлері бар.«Жаңа әлемдегі–жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында да жарқын болашаққа бастайтын міндеттер мен жаңа кезеңге бет алғанымызды білдіретін тұжырымдар сараланған болатын.Жолдауда туған халқымыздың келер күндердегі игілігі, ұрпағымыздың ертеңгі бақыты үшін ең өзекті мәселелер жөнінде бағыт-бағдар айқын көрсетілген.Президенттің сол Жолдауындағы ерекше маңызды міндеттердің бірі–білім мен ғылым саласын әлемдік деңгейде дамыту,ол үшін ғылымды және отандық ғалымдарды мемлекеттік тұрғыдан қолдау мәселесіне ерекше көңіл бөлінуі.Соның ішінде қазіргі заманғы білім беру мен кәсіптік тұрғыдан қайта даярлауға,«парасатты экономиканың» негіздерін қалыптастыруға,жаңа технологияларды игеру-ге,идеялар мен көзқарастарды пайдалануға,инновациялық экономиканы дамытуға қатысты серпін берер ойлар сараланған.Яғни,Президент бұл орайда әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтындай маман даярлауды ұсынады. Өркендеу  жолына  мемлекетімізге әлемдік стандартқа сай қазіргі заманғы біліммен қаруланған,өздігінен таңдау жасай алатын,жан-жақтылығымен танылатын,мәдениеттер аралық байланысқа дайын әрі іскер,елінің тағдырына жауапкершілікпен қарайтын азамат қажет.Бұл жөнінде Президент:«Білім беру реформасы табысының басты өлшемі–тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады.

     Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз»–деп атап көрсетті.Білім мен ғылым саласына тікелей қатысты бұл мектеп мұғалімдері мен жоғары оқу орындарында дәріс беретін оқытушы–профессорлардың алдына аса маңызды міндет жүктейтіні белгілі.Ұрпақ тәрбиелеу,білім беру саласында қызмет атқарып жүрген азаматтар үшін Жолдауда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы да жауапкершілігі аса зор міндет деп білеміз. Себебі, қай заманда да өркениетке жету жолы, қоғамдық даму үдерісі білім мен ғылымның сапалы деңгейі арқылы ғана жүзеге асады.Бұл жерде Президенттің «Жоғары білім беру саласында дәл және инженерлік ғылымдарды басымдылықпен дамыту–бұл дамуымыздың жаңа кезеңінің міндетті шарты» деп атап өтуінің мәні  тереңде жатыр.

    Елбасы ұсынып отырған «БІЛІМ – ҒЫЛЫМ – ИННОВАЦИЯ» үштігі еліміздің жоғары мектебі үшін әрі сын, әрі сенім. Елбасы  аталған үштікті алға тарта отырып, болашақта әлемдік білім беру үдерісіне өз бетімізбен барып қосылуды міндеттеп отыр. Міндет межесінен табылып, ІЗДЕНІМПАЗДЫҚТЫ Елбасынан үйренейік!

 

Әдебиеттер

1. «Егеменді Қазақстан». 2007 жыл

2. «Егеменді Қазақстан». 2012 жыл

3. Н.Ә.Назарбаев «Түркі өркениеті: дәуірлер жалғастығы» атты халықаралық еуразиялық конгресте сөйлеген сөзінен. Астана, 25.05.2010ж

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "II - Республикалық ғылыми-практикалық конференция: Білім мен ғылым мәңгілік – Елбасы назарында."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Нутрициолог

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 470 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.01.2016 2392
    • DOCX 53.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жакупова Марзия Саментовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жакупова Марзия Саментовна
    Жакупова Марзия Саментовна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 4
    • Всего просмотров: 11874
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 120 человек из 43 регионов

Курс повышения квалификации

Достижение эффективности в преподавании истории на основе осуществления положений историко-культурного стандарта

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 638 человек

Курс профессиональной переподготовки

История и философия науки: теория и методика преподавания при подготовке кадров высшей квалификации

Преподаватель философии науки

600 ч.

9500 руб. 4750 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 30 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету "История" в условиях реализации ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 87 человек из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 539 человек

Мини-курс

Развитие мотивации к обучению

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 155 человек из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 148 человек

Мини-курс

Раннее развитие: комплексный подход к развитию и воспитанию детей от 0 до 7 лет.

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 50 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 21 человек

Мини-курс

Комплексный подход к работе с детьми с тяжелыми нарушениями развития

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе