Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Білім мен жарық сыйлаушы

Білім мен жарық сыйлаушы

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

Ән «Жаяу» оқушылар билейді.

Абдулла: Аяулым! Тоқташы, қайда асығып барасың!

Аяулым: Туу, Мақсат, Сен білмейсің бе? Бүгін қандай күн екенің?!

Абдулла: Білемін. Бүгін ұстаздар мерекесі гой. Мен де асығып келе жатармын гой.

Аяулым: Мақсат сенін сүйікті ұстаздарын кім? Кімдерге гүл сыйлайсын.

Абдулла: Саған айтуға болмайды. Ол құпия .

Аяулым: Ал мен ең сүйікті ұстаздарыма гүл сыйламақшымын. Бірақ , мен де саған айтпаймын. Бұл тосын сый болмақ.

Абдулла: Қошеметпен құрметпен,

Аяулым: Ұстазға қолды соғайық.

Абдулла: Ендеше мына, халайық,

Аяулым: Орнымыздан тұрайық.



Сахнаға: мәнерлеп оқитын оқушылар шығады.

Тұрыңыздар келе жатыр мұғалім!

Кім боласың?

Кім болсаң да аман бол.

Бастықпысың?

Өте жақсы, тұра қал.

Мұғалімді келеке еткен бар құлар,

Мықты болсаң, мойындарын бұра бар!

Қашан көрсең күнге ұқсаған жанары –

Ұстаздардан көнбіс адам жоқ әлі!

Мектеп көрген әдептілер айтпақшы,

Мұғалімнен шықпаңыздар жоғары

Орындалып, айталық, бір ойдағы іс,

Отырармыз қуанышта, тойда біз.

Сондай кезде есте болар бір нәрсе:

Мұғалімнен бұрын сөйлеп қоймаңыз!

Ақыл. Сана. Сабыр. Талас-тартысу

– Мұғалімнің табиғаты, жалпы осы.

Бос уақыты: ойдан басқа ойы жоқ,

Бос уақыты: әрбір түннің жартысы.

Махабаты: бала және Отаны,

Сүйікті ісі: Қағаз-кітап қопару.

Демалысы: шәкірттерге хат жазу,

Ал, кәсібі: от беру мен от алу!

Қашан көрсең бұл халықтың шат бәрі,

Қашан көрсең күліп бара жатқаны.

Күлетіні: бақыттылық нышаны,

Байлықтары: шәкірттердің хаттары!

Ал, мұғалім барса алдыңа, дұрысы:

Жұрегіңмен сездір дағы ұлы ісін,

Ұшып тұрып, қалбалақтап қол беріп,

Тастай қылып тындырып бер жұмысын!

Кім боласың?

Ұмтылмаңыз жоғары.

Мұғалімнен үлкен адам жоқ әлі!

Кім болмаңыз, прокурор ма, сотсыз ба,

Тұрыңыздар, келе жатыр мұғалім! (Гүл шоқтарын ұсынады)


1-жүргізуші: Бүгін – шұғыласын шартарапқа таратар айтулы күн!

2- жүргізуші: Бүгін – құрметтің ең жоғарғысына лайық асыл жандардың мерейлі күні!

1-жүргізуші: Бүгін – зерделі ұрпақ зердесіне ұлылықты ұғындырып жүрген рухани сәулеткерлердің төл мерекесі!

Хор: Бүгін – Ұстаздар күні.

Құттықтаймыз!


  1. Жүргізуші: Армысыздар, қадірменді ұстаздар мен оқушылар!

  2. Жүргізуші: Қайырлы күн, бүгінгі мерекелік кешіміздің құтты қонақтары.


  1. жүргізуші: Сен білесің бе? Дүниеде білім мен жарық сыйлаушылар кімдер деп ойлайсың?

  2. Жүргізуші: Әрине, Білім мен жарық сыйлаушы біздің аяулы ұстаздарымыз емес пе?


Бірге: Ендеше «Білім мен жарық сыйлаушы» атты мерекелік кешімізге Қош келдіңіздер!

Ән «Ұстаз Ана»


  1. Жүргізуші: Иә, «ұстаз» есімін естігенде көз алдымызға жүзінен ақ таңның арайы сезіліп, мейірімді жүректің, пәк көңілдің иелері елестейтіні сөзсіз!

  2. Жүргізуші: Дұрыс айтасың, Бекарыс! Осындай мейірімді, жылы жүзді ізгі ниетті асыл жандар – біздің ұстаздарымыз. Олар бізді алғаулы армандар аралына жетелеп, болашағымызға жол ашатын рухани ата аналарымыз. Солай емес пе?

  1. Жүргізуші: Әрине, солай! Болашақтың тұлғаларын тәрбиелеп, оқытып жатқан біздің ұстаздарымыз әрқашан мәңгілік құрметке лайық. Олай болса, қымбатты ұстаздар, жүздерінен ұстаздарына деген шын ықылас ниеті бар шәкірттеріңіздің өнері өздеріңізге арналады. Қабыл алыңыздар! Бірге билейік.

«Чунга- чанга» биі


  1. Жүргізуші: Рахмет, өнерлерің өрге жүзсін, өнерпаз өрендер. Бүгінгідей мереке қарсаңында әсем ән де айтылып, нақышты би де биленіп, ақ жүректен ақ тілектер мен жылы лебіздер де ақтарылмақ.


1-жүргізуші: Осынау ұлы мерекеде лицей ұстаздарының бас ұстазы, Күлзипа Пержанқызының мерекелік лебізін барша қауым тыңдағысы келетінін сен білесің бе?

2-жүргізуші: Неге білмеске? Алыста жүрсе де лицеймен бірге соғатын үлкен жүректі шәкірттердің сүйікті ұстазы, мектебіміздің басшысы Күлзипа Пержанқызы Сіздерге сонау Астана қаласынан құттықтау жолдапты. Оқып беруге рұқсат етіңіздер.

Құттықтау оқылады


Аяулым: Мерекелік лебіздерді мен жалғастырайын. Біздің ортамызда ұстаз мамандығынан зейнетке шыққан ардагер ұстаздарымыз отыр. Мен осы сұрақты ______________________ Сізге қойғым келіп тұр. Ұстаз бақыты дегеніміз не?


Аяулым: Лебізіңізге рахмет. Барша ардагер ұстаздарымызға Сіздердің қошеметтеріңіз. Мерекелік ән шашуымыз Сіздер үшін шырқалмақ,

Бірге: Қабыл алыңыздар

Ән «Школа я скучаю»


1-жүргізуші: ___________________білесің бе, мен болашақта ұстаз болғым келеді.


2-жүргізуші: Неге ұстаз болғың келеді?


1-жүргізуші: Ақиық ақын М. Жұмабаев «Алты алаштың баласы бас қосса, төрдегі орын мұғалімдікі» деген екен. Мұғалім болудың қандай мәртебе екенін осы сөзден – ақ аңғаруға болады. Оңай емес, дегенмен мұғалім болуды армандаймын.


1-жүргізуші: Ендеше жас ұстаздарға сәттілік тілеп, куәлік табыстау үшін сахна төріне Құрмет орденінің иегері, ұлағатты ұстаз Күләш Бердікенқызын шақырамыз .

2-жүргізуші: Жас ұстаздар, ұстаздық жолдың биік белестерін бағындыруға жетелейтін куәліктеріңізбен Сіздерді құттықтаймыз. Сіздерге ұстаздық жолда сәттілік тілейміз.


1-жүргізуші: Әрқашан алдыңғы буын ұлағатты ұстаздарымыздың жолын берсін!


2-жүргізуші: Келесі өнеріміз Сіздер үшін,


Бірге: Қабыл алыңыздар.

Ән. Ұстаздар квартеті

Флешмоб


1-жүргізуші: Иә, мұғалім болу қаншалықты қызыққа толы болса, соншалықты қиындығы да кездеседі.


2-жүргізуші: Дұрыс айтасың, Үнемі ізденіс пен тынымсыз тербелісте жүруді талап ететін осынау құдіретті маманның иесі болу – бақыт деп түсінем.


1-жүргізуші: Ендеше, ұстаздық жолда өздерінің қабілет – қарымдарын шыңдап, тәрбиелеу мен білім беру ісінде үлгі болуға лайықты ұстаздарымызды марапаттау сәтіне куә болайық.


2-жүргізуші: Ардақты ұстаздарымызды марапаттау үшін кезекті мектеп әкімшілігіне береміз.


(Марапаттау)


1-жүргізуші: Біз бүгін аяулы да ардақты ұстаздарымызға шын көңілден ақ тілектер жаудырып, әсем әнімізді әуелеттік.


2-жүргізуші: Сіздерге қандай құрмет танытсақ та артық болмайды қымбатты ұстаздар! Өйткені Сіздер бар құрметке лайықсыздар!



2-жүргізуші: Ендеше, біздің ұстаздарымызды құттықтауға келген Ресейден келген өнерпаздардың өнерін тамашалайық.


Орыс биі.


1-жүргізуші: Өнерлерің өрге жүзсін. Ресейден келген достар. Әрқашан жүздеріңізден күлкі арылмасын! Достығымыз арта берсін.


2-жүргізуші: Аяулы ұстаздар, бүгінгі мерекелеріңізбен тағы да құттықтаймыз. Ақ жарқын ақ дидарларыңыздан мейірімділіктің, жылы шырайдың табы кетпесін!


1-жүргізуші: Біз Сіздерді құрметтейміз!


2-жүргізуші: Біз Сіздерді жақсы көреміз!


1-жүргізуші: Өмірлеріңіз – мәнге,


2-жүргізуші: Көңілдеріңіз – әнге,


1-жүргізуші: еңбектеріңіз – табысқа толы болсын.


Ән «Ұстазым менің»


1 – жүргізуші: Келесі мерекелік күндерде кездескенше күн нұрлы болсын!


Бірге: Қош, сау болыңыздар!


Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-510816
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>