Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалы"Білім сапасын көтеру - оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және дамытудың маңызды шарты"

"Білім сапасын көтеру - оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және дамытудың маңызды шарты"

Скачать материал

        "Білім  сапасын  көтеру - оқушының  функционалдық  сауаттылығын   

                      қалыптастыру   және  дамытудың  маңызды  шарты"

.Білім – бір құрал.

Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды,

не істесе де келістіріп істейді.
Ахмет Байтұрсынұлы

        Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Олай болса, функционалдық сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім, білік, дағдылардың жиынтығынан құралады. Ал кең мағынасында ол тек білік пен білімділік әлеміне барудың жолы ғана емес, ол – ұлттың, елдің немесе жеке адамдар тобының мәдени және әлеуметтік дамуының өлшемі. Осындай сапалық сипаты тұрғысынан қарағанда функционалдық сауаттылық жеке адамды дамытудың тетігі ретінде қолданылады. Еліміздің  болашағы  біздің  оқушы  жастарымыздың  қолында. Келешектің  гүлденуі, дамыған  отыз  елдің  қатарына  қосылуы  сауатты  оқушыларға байланысты. Мектеп  қабырғасынан  біз  осындай  ортада  өзін  көрсете, ұстай  алатын  азаматтарды  тәрбиелеуіміз  қажет. Мектеп  қабырғасында  біз  оқушыларға  қандай  білім  бере  аламыз? Біз  олардың  функционалдық  сауаттылығын  қалыптастыра   және  дамыта  аламыз  ба  деген  сұрақтар  туындайды. Осы  тарапта  мемлекет  тарапынан  мұғалімдерге  көп  көмек  көрсетіліп  жатыр. Елбасымыздың  жүргізіп  жатқан  саясаты  арқасында  Ұлыбританиямен  бірігіп  мұғалімдердің  сауаттылығын, біліктілігін  арттыру   жоспары  жүзеге  асты.Сондай-ақ  Қазақстанда тұңғыш рет функционалдық сауаттылықты дамытудың 2012-2016 жылдарға арналған жұмыс жоспары әзірленді . Осындай  саясат  арқасында  мүмкіншіліктер  болып  тұрғанда  оқушыларға  неге  тиімді  де сауатты  білім  бермеске. Білім алу үдерісі туралы біздің жалпы түсінігімізге қарамастан, біз қалай білім алатынымызды толық түсінеміз деп айта алмаймыз. Бірақ психология саласындағы арнайы әдебиетте осы нысанды зерттеушілердің негізгі үш тобы анықталған: әлеуметтік психологтар, мотивациялық, аффективті теоретиктер және когнитивті психологтар.Мектептерде  оқушылардың  білім  сапасын  көтеру, олардың  функцоналдық  сауаттылығын  қалыптастыру  және  дамыту  әрқашан   басты  мақсат  болып  табылады. Мектепте білім беру сапасын дамытудың басты бағдарларының бірі –оқушылардың білімділік деңгейін бағалау технологиясын жаңашаландыру болып белгіленді. Біздің  оқушыларымыздың  даму, қабылдау  функциалары  қандай? Біз  мұғалімдер  күнделіктегі  сабағымызды  қалай  жоспарлауымыз  керек?

        Сапалы білім беру – мұғалім бейнесімен танылатын сан алуан элементтер арасындағы байланыс болып табылады, ол өзі белгілі бір деңгейде тәуелді жағдайлар жасалынған кезде жүзеге асырылады. Сапалы білім беру оқушылардың, қоршаған орта және оқыту, білім алу мүмкіндіктерінің бірлігі ретінде қарастырылады. Сабақ  оқушыларға  қызықты  болу  үшін, біз  мұғалімдер  көрнекілікер  мен  қосымша  материалдар, видиофильмдер, роликтер  пайдаланамыз. Бірақ  біз  сабағымыз  мақсатына  жетті  деп  толық  айта  аламыз  ба? Оқытудың қандай жолы қолданылса да, қарастырылатын екі көзқарас бар. Біріншіден, оқушының  жеке тұлға және әлеуметтік нысан ретіндегі келешегі, екіншіден, білім берудің оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас нәтижесі ретінде қарастырылуы. Мұғалімнің қасиеттерін бағалау барысында бағалаушы факторлар жиынтығын пайдалана отырып, қасиетті өзінше түсіндіріп беретіндігін ұғыну қажет. Оқушылардың  функционалдық  сауттылығын  қалыптастыру  барысында  мен  өзімнің  үш  айлық  білімімді  жетілдіру  курсында  алған  біліміме, тәжіриебеме  сүйене  отырып, жеті  модульді  толық  болмасада  қолдана  отырып, сабағымды  қызықты  өткізуге  тырысамын  және  осындай  стандартты  түрде  емес  сабаққа  оқушылардың  қызығушылықтары  артып, қазақ тілі  сабағында  олар  өздерін  басқа  қырларынан  көрсету  арқылы, олардың  білім  сапалары  артуда  деп  айта  аламын. Егер  оқушыларға  жеке  тапсырмалар  беріп, әрқашан  ізденісте  болуын  қадағаласақ,  неге  олардың  білім  сапалары  артпайды? Осылай  өз  білімдерін  мұғалімнің  жол  сілтеуімен  өз  беттерінше  білім  сауттылығын  арттырса  оқушылар  ештеңеден  ұтылмайды  деп  ойлаймын. Қазіргі  таңда  білім  сапасын  арттыру  үшін  сабақтарда  ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану  өте  тиімді. Біріншіден  оқушылардың  пәнге  деген  қызығушылығы  оянады  және  үйге  берілген  тапсырмаларды  интернет  желілерінен  іздеу  барысында   түрлі  білім  сайттарына  кіріп  өз  білімдерін  толықтай  жетілдіре  алады. Соның   арқасында  білім  сапасы  артып  білімін  тиімді  қолдана  алады  деп  ойлаймын. Оқуды  тиімді бағалау және білім беру үшін тиімді бағалауды түсіну білім беру мен оқытудағы барлық жаңа тәсілдермен тығыз байланысты. Балалар өздерінің түсініктерін құра алатын белсенді оқушылар болатын болса, онда мұғалімдер үшін де, оқушылар үшін де осы түсініктің мәнін білу аса маңызды, өйткені ол оқыту барысында ілгерілеу қадамдарын айқындау мен оған қолдау көрсету үшін қажет. Соңғы зерттеу жұмыстары біздің ұғымымызда формативті бағалау үдерісінің едәуір дамуы мен оны білім беру мен білім алуда қолдану мүмкіндігіне серпін берді. Балаларға  өздерінің қандай мақсатқа жетуді көздейтінін, мақсатқа жету өлшемдерін түсіну не үшін керек екенін білу маңызды. Сол  арқылы  олар  келешек  білімдеріне  серпіліс  алады. Олар   сыныптастары  арасында, құрбы-құрастырының  арасында  көшбасшы  болуға  талпынады. Талпыныс  болған  жерде  білім  сапасы  жоғары, оқушының  функционалды  сауаттылығы  айқын  болады.Функционалды  сауаттылық  дегеніміз  не? Функционалдық сауаттылық  дегеніміз-адамдардың әлеуметтік , мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның маман-дығына , жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Функционалдық сауаттылықты дамыту білім-түсіну-қолдану-жүйелеу және жинақтау сияқты өлшемдер бойынша оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа тәсілдерін талап етеді. Функционалдық сауаттылықты дамытуда оқушылардың жетістіктерін мониторингтеу мен кешенді бағалаудың маңызы ерекше. Ұлттық жоспарды іске асыру оқушылардың бойында функционалдық сауаттылықты қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Елбасымыздың  ерекше көңіл бөліп отырған білім мен еңбек қызметін меңгеру жаңа мотивацияны тудырады.  Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады.
Мұндағы басшылыққа алынатын сапалар:
-белсенділік
-шығармашылық тұрғыда ойлау
-шешім қабылдай алу
-өз кәсібін дұрыс таңдай алу
-өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады.
Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады.
Қазіргі  таңда  оқушының  функционалды сауаттылығымен  қалай  күресу  керек? Білім  беру  саласында  ойымыз  сан-саққа  жүгіреді. Егерде  әр  қайсымыз терең  ойланып, біліктілігімізді  жетілдіріп  отырсақ   осы  сұрақ  төңірегінде  әр  мұғалімді  ойландырып  сабақтарында    жаңа  бағыт  тауып  жұмыс  істеуге  итермелейтін   күш  туар еді. Сондықтан кез келген  мұғалімнің оқыту құралдары оның өз болжамдарының, білімі мен сенімі, көзқарастарының жиынтығынан тұруға тиіс. Бұл элементтердің барлығын жинақтасақ, жеке тұлғаның ерекше  «білім беру сызбалары» құралады. Оқушылрдың  білім  сапасын  көтеру, олардың  функционалдық  сауттылығын    және  дамытуда   үш  тұлға, үш  күш, үш  бағыттылы  адамдар  қосылып  жұмыс  істеуі  керек.

          Олар:  МҰҒАЛІМ-АТА-АНА-ОҚУШЫ.  Осы  тірек-схема  бойынша  жұмыс  істесек  үлкен  бір  жетістікке  жетеріміз  анық. Уақытылы оқушының  білімін, оның  деңгейін, сауаттылығын  байқасақ,онда   оның  дамуына, өсуіне  үлес  қоса  отырып  келешекте  сауатты  да, білімді  азамат  болуына  ықпал  ете  аламыз. Оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру біртұтас әдістемелік жүйенің жасалуын талап етеді. Ол білім берудің мақсатынан бастап оқытудың түпкі нәтижесіне дейінгі аралықтағы компоненттердің бірлігі арқылы жүзеге асады. Сондықтан мақсатқа қол жеткізудің басты құралы саналатын білім мазмұны оқушының функционалдық сауаттылығына негізделіп, сынып сайын күрделендіріліп отыру керек. Бүгінгі қоғамның талабы оқушының пән арқылы мектептен тыс өмірде қолдана алатын құзыреттіліктерді меңгеруін қажет етеді. Орыс тілді мектептердегі қазақ тілі пәнінің мақсаты оқушының әлеуметтік-қоғамдық ортада сөйлесім әрекетінің түрлерін өз қажетіне қарай қолдана алуын қамтамасыз ететін функционалдық сауаттылықты қалыптастыру болып табылады. Бұл мақсатқа жету үшін лингвомәденитанымдық аспектілерге ерекше көңіл бөлінуі  қажет.

 

 

                                                  "КОНФЕРЕНЦИЯ"

Баяндама авторының/ авторларының  аты-жөні

Мектеп, қала/ аудан

Жобаны  қорғау  тілі

Секция

Баяндама  тақырыбы

Қажетті  құрал, бағдарламалық қамтамасыз  ету

1

Мақсұт  Әсел  Ахметханқызы

Қарабалық  ауданы, Приречный  орта  мектебі

Қазақ тілі

Қазақ  тілі  және  қазақ  әдебиеті

"Білім  сапасын  көтеру-оқушының функционалдық  сауаттылығын қалыптастыру және  дамытудың  маңызды  шарты"

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Білім сапасын көтеру - оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және дамытудың маңызды шарты""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Бизнер-тренер

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 218 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.11.2015 2506
    • DOCX 20.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Максут Асель Ахметхановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Максут Асель Ахметхановна
    Максут Асель Ахметхановна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 47585
    • Всего материалов: 13

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы профориентационной работы в деятельности педагога

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 93 человека из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 120 человек

Курс повышения квалификации

Особенности реализации Федеральной рабочей программы воспитания в школе

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 90 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 249 человек

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 752 человека из 74 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 941 человек

Мини-курс

Финансовый анализ

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 12 регионов

Мини-курс

Цифровые компетенции и навыки: работа с презентациями

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 178 человек из 48 регионов
  • Этот курс уже прошли 36 человек

Мини-курс

Финансовое моделирование и управление инвестиционными проектами

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе