Инфоурок Математика Другие методич. материалыБілім сайысы "Озық ойлы оқушы"

Білім сайысы "Озық ойлы оқушы"

Скачать материал

 

 

 

 

 

“Озық ойлы оқушы” атты білім сайысының әзірлемесі

 

 

Мақсаты: – оқушыларды ойландыруға;

        өз ойларын ашық айтуға;

        пікір таластыруға;

        дұрыс сөйлей білуге;

        өз бетімен ізденіп, жұмыс істеуге:

        шығармашылығын дамытуға тәрбиелеу

 

Әдісі:  Сұрақ – жауап,  ізденушілік.

Түрі:  Жарыс  сабақ.

Жабдықталуы:  Мультимедиалық құрылғы.

Безендіруі:  Қанатты сөздер, шарлар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ құрылымдары.

 

 

 

Жұмыс түрі

Уақыты

Іс- әрекет

1

Ұйымдастыру

2 мин

Оқушыларды түгендеу.

2

Кіріспе

5 мин

Бастаушылар сөйлейді.Қатысушыларды және әділ қазыларды таныстыру.                                                           Мұғалімнің сөзі.

3

Негізгі бөлім:

1.Бәйге.

 

15 мин

 

30 сұрақ қойылады.Әр сұраққа 10 сек уақыт беріледі.

 

 

2.Озып шық.

 

 

25мин

Математикалық есептер ,қызықты сұрақтар, жұмбақ есептер слайдпен беріледі де,соңында дұрыс жауабы көрсетіледі.

 

3.Сен білесін бе?

 

 

15мин

Қызықты хабарламалар айтылады.

 

4.Шешендік.

15 мин

Тақырып бойынша өз ойларын ортаға салады.

4

Қорытынды.

3 мин

Марапаттау, құттықтау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Қымбатты  білім  сүйетін  жас  достар!

2. Сіздерді  басталғалы  отырған  ойынды  тамашалауға  шақырамыз!

Бірге: Білім  алып  бүгін міне  колледжде ,

  Еңбек  етем  егеменді  еліме,  дей  келе  математика – жаратылыстану  апталығындағы  кезекті  сайысты  бастаймыз.

1.       Қазылар  орнықтырар  әділдікті,

Кімдердің  жауаптары  кәміл  шықты.

Білім  мен  тапқырлықтың  сайысында,

Жеңіске  жетер  дейміз  нағыз  мықты.

2. Қазылар  алқасымен  таныс  болыңыздар

1.  Досмағанбетов С.С -  жалпы білім беретін пәндер бірлестігінін төрағасы.

2.Мешелова Р.Ж – директордың ғылыми –әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары.

3.Оқытушылар. 

2.      Әрқашанда  білім  көптік  етпеген,

Талапсыз  жан  мұратына  жетпеген.

Сәлем  бердік,  ұландарға  талапкер,

Дос  көңілден,  адал,  аппақ  ниетпен!   

Оқушылар  бір – бірлеп  келеді  де,  өз  орындарына  тұрады.

1. Бүгінгі  білім сайысына  қатысушылар  сыныбымыздың  үздік  оқушылары:

1.

2. 

3. 

4. 

5. 

6.

 

 

 

 

 

 

 

Сауалнама  бойынша  таныстыру.

Мұғалімнің  сөзі:  Ойынға  қатысушыларға  қойылатын  талаптар  негізінен  төрт  бөлімнен  тұрады. ( Тақтадағы  жазуларға  назар  аудару )  Ал  кәне,  іске  сәт! 

1.       Қарап  тұрмай  бәйгеге  де  еріңіз,

Шәкірттерге  әділ  шешім  беріңіз,

Жүзден  жүйрік,  мыңнан  тұлпар  шығарар,

Бәйге,  бәйге,  бәйгені  бір  көріңіз!

1.Абайдың  шын  аты

2.100 жыл

3.Үш  таңбалы  сандар  неше?

4.Қазақ  елінің  ең  алғаш  академигі                   

5.Орта Азияның  ежелгі  ойшылы

6.Қазақстандағы  ескі  қалаларды  ата

7.Заттың ең ұсақ бөлшегі.

8.Үшбұрыштың  төбесін  қарсы  жатқан  қабырғасының ортасымен  қосатын  кесінді

9.« Геометрия » терминінің  мағнасы

10. Табиғи жарық көзі

11.Координаттар  жүйесін  ең  алғаш  енгізген  адам  кім?

12.« Миллион » ұғымын  қазақ  еліне  алғаш  танытқан  кім?

13Орыстың  қай  атақты  жазушысы  университеттің  физика – математика  факультетін  бітірген?

14.Шеңбер  ұзындығын  диаметрге  қатынасы неге  тең?

15.Қандай  көл планетаның інжу – маржаны деп аталады?

16.Тік бұрышты  үшбұрыштың  қабырғаларын ата

17.Бес таңбалы сан берілген, одан  кейінгі 6 таңбалы болады, Берілген сан қандай?

18.Қазақ халқы  қай  санды киелі сан дейді. Неге?

19.« Түмен » сөзі нені  білдіреді  және  қай елдің сөзі?

20.Жерді қоршап тұрған ауа қабаты

21.Түбір  таңбасы қалай аталады?

22.Қандай санды « Шайтан »  сан деп атайды?

23.Мұнай көлемін қандай бірлікпен өлшейді?

24.Дисплей басқаша қалай аталады?

25.Электр шамының сымы неден жасалған?

26.Дәлелдеуді қажет ететін математикалық сөйлем

27.Электр заряды жоқ бөлшек

28.Бағытталған кесінді.

29.Санның жүзден бір бөлігі.

30.Үлкен хорда.

 

Бірінші  турдың  ұпай  санын  көрейік.

 

 

2.       Алдағы  біз  баратын  бағыт  анық,

Сәйгүлік  екеніңді  тағы  таныт.

Бәйгеде  аттың  басын  тартпас  болар,

Ал  енді  тізгіндерді  ағыталық

Ал  енді  келесі  кезекке  көшейік. Мұнда  сіздер  есептер  шығарып,  жауабын  айтасыздар.  Әр  дұрыс  есеп  5 ұпаймен  бағаланады.

Экранға  назар  аударыңыздар!

Слайдтар  бойынша  бірінші  есептің  берілгені  оқылады  да, оқушылардың  жауабынан  соң  шешімі  көрсетіледі.

         Адамнан  ғылым  айла  асырмаған,

         Құпиясын  құлыптап  жасырмаған.

         Кел  екеуміз  ғылымның  тілін  зерттеп,

         Бір  жұмбағын  ашайық  ашылмаған.

3 турға  байланысты,  оқушылар  өздері  даярлаған  мәліметтермен  таныстырады.

         Сайысымыз  жалғасады  ағаттасақ,

         Шыңымыз  билік  болар,  білім  қусақ.

         Өмір  деген  өлеңмен  үйлеспей ме?

         Жадыратар  жанымызды  ән  тыңдасақ.

3 – сайыстың  қорытындысын  көрейік.

         Сайыс  толқын  жатқандай  асып,  тасып,

         Біреу  мәлім,  біреулер  шалыс  басып,

         Бұл  сайыста  байқалар  ғұлама  ойлар.

         Жеңсең  де,  жеңілсеңде  қалма  жасып!

Озат  ойлы  оқушылардың  шешендік  өнерін  тыңдалық.

Әр  оқушы  өзіне  тиесілі  тақырыпты  ашады.

Ойлауға  2 минут  уақыт  беріледі.

Бұдан  кейін  көрермендермен  жарыс  өткізіледі

        

        

 

        

 

          Көрермендер  жиналған  бұл  сайысқа

         Құр  қарап,  тыныш  отыру  жараса ма?

         Сыныптас,  туыс,  досқа  танысқа  емес.

         Соқ  қолыңды  білімді  жас  талапқа!

Әділ  қазылар  алқасына  сөз  беріледі  Құттықтау  және  марапаттау. Арасында  көрермендермен  сайыс  өткізуге  болады,  ұпайын  өзі  таңдаған  ойыншыға  береді.

Мұғалімнің  қорытынды  сөзі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                          Есептер.

1.Математикада  “ мысқал ”  сөзі  нені  білдіреді?

Жауабы:  Мысқал  сөзі  қазақ  арасында  кең  тараған,  байырғы  өлшеулік  термин  Мысқал – доля,  4,44 грамм

2.Аяқ  киім  дүкеніне  4 қырықаяқ  келді,  бәрінің  аяқкиімдері  бірдей.  Бір  қырықаяқтың  аяқтарының  артқы  жартысында  аяқкиімі  жоқ,  екіншісінің  - алдыңғы  жартысында  аяқкиімі  жоқ,  үшіншісінің  тек  оң  аяқтарында  аяқкиімі  бар,  төртіншісінде – тек  сол  аяқтарында  бар.  Олар  дүкеннен  аяқкиім  сатып  алып,  толық  киініп,  кетіп  қалды.  Қырықаяқтар  дүкеннен  неше  пар  аяқкиім  сатып  алған? Жауабы:  60  аяқ киім.

3.Мына  гүлдердің  қайсысы  математик  әйелдің  құрметіне  аталған.  Лилия,  астра,  гортензия,  хризантема,  георина.

Жауабы:  1723 – 1788 жылы өмір сүрген француз математигі Гортензин Лекот құрметіне аталған. Ол гүл Индиядан әкелінген гортензия деп аталады.

4.Жеке  тұлға  180 000  теңге  несие  алған. Оны  1,5 жылда  25% - мен  қосып  төлеуі  керек. Сонда  ол  айына  неше  теңгеден  төлейді  екен?

Жауабы:  13 750 тг

5Трапецияның  орта  сызығын  есепте,  егер  табандары  10 см  және  8 см  болса?

Жауабы:  9 см

6.Шекті  есепте:

Жауабы: 

7. Өрнекті ықшамда:         sincos

 

Жауабы:  sin2

 

8.Газетті  3 рет  жыртты, сосын  біреуін  3 рет  тағы  жыртты,  осылай  40 рет  қайталады. Неше  бөлік  шықты?

Жауабы:   81

9.Темекі  шеккен  бала  өзінің  өмірінің  15% - ын  қысқартады. Егер  Қазақстанда  орташа  өмір  сүру  66  жас  болса, онда  қазір  темекі  шегіп  жүрген  бала  неше  жыл  өмір  сүреді?

Жауабы:  56

10.Microsoft Office  бағдарламаларын ата және оларды топтастыр

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                         

 

                                            

 

 

 

                                                    Қолданылған  әдебиеттер

1. Математика  в  казахстанской  школе.Республиканский  научно – методический  журнал. 2006 г

2. С. Елубаев  Қазақтың  байырғы  есептері.

Алматы 1996 ж.

3. Сандар  ойындары  авт.  Н.Ақбай.

4. Математиктер  жайындағы  әңгімелер.  авт.  М. Депман.

5. Өз  шығармашылығымнан.

6. Н.В. Богомолов.  « Практические  занятие  по  математике» Издательство «Высшая математика» 1983 г

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бәйге  сұрақтарының жауаптары:

1.     Ибраһим

2.     Ғасыр

3.     990

4.     Қ.Сатбаев

5.     Аль-Фараби

6.     Сайрам, Тараз т.б

7.     Атом

8.     Медиана

9.     Жер өлшеу

10. Күн

11. Р.Декарт

12. Ы.Алтынсарин

13. Грибоедов

14.  Пи

15. Байкал

16. Гипотенуза, катет,катет

17. 100 000

18. «7»

19. «Мың басы»

20. Атмосфера

21. Радикал

22. 13

23. Борель

24. Монитор

25. Вольфрам

26. Теорема

27. Нейтрон

28. Вектор

29. Пайыз

30. Диаметр

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Білім сайысы "Озық ойлы оқушы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Логопед

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 056 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.12.2015 914
    • DOCX 32.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ерманова Сара Есенбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ерманова Сара Есенбаевна
    Ерманова Сара Есенбаевна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7630
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методические и практические аспекты развития пространственного мышления школьников на уроках математики

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 124 человека

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету "Математика" в условиях реализации ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 203 человека из 55 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 511 человек

Курс повышения квалификации

Развитие функциональной грамотности у обучающихся средствами математики

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 210 человек из 53 регионов
  • Этот курс уже прошли 861 человек

Мини-курс

Современные подходы к духовно-нравственному воспитанию дошкольников

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Управление и стратегическое развитие высшего образования

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Архитектурное творчество для подростков (обучение детей от 12 лет и старше)

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе