Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Другие методич. материалы / «Білімді мыңды жығады, білекті бірді жығады!» САЙЫСЫ

«Білімді мыңды жығады, білекті бірді жығады!» САЙЫСЫ



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • Биология

Поделитесь материалом с коллегами:

Анатомия пәнінен «Медицина жұлдыздары»,

үйірмесінің мүшелерінің қатысуымен,

«Білімді мыңды жығады, білекті бірді жығады!»

атты сайыстың бағдарламасы.

Жарыс ұраны: «Оқу қазына – еңбек оның кілті!».

Мақсаты : Оқу жылының аяғында, оқушылардың анатомиядан теория,тәжірибе сабақтарында алған білімдерін зерттеу, емтиханға дайындықтарын білу.

Жарыстың алдында ,анатомия пәнінің оқытушысы, үйірме жетекшісі Оразбекова Алма Тулековнаға сөз беріледі.

1. Жүргізуші: Осы сайысты өткізу себебіміз, анатомиядан барлық тақырыптар өтілді, емтиханның алдында студенттерге дайындық ретінде, сайысқа дайындық кезеңінде студенттердің бір-біріне деген қарым қатынастары,көмектері, білімдерін толықтырулары дамиды.

2. Жүргізуші: Сахна төріне қатысушы топтарды шақырамыз!

1. Жүргізуші: І- турда әр топ өзінің,ұранын,эмблемасын жақтайды.

2. Жүргізуші: Қазіргі кезекте – әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер!

1. Жүргізуші:І-турды орындауға топтарды ортаға шақырамыз.

Әр кезеңнің - жоғары бағасы- 5балл.

2.Жүргізуші: ІІ- тур, «Бәйге жарыс!», бұл турда әр топқа 10 сұрақтан қойылады.

Топтың әр оқушысына – 2 сұрақтан қойылады, жылдам,тез жауаб берулері керек.(оқушылардың ойлау қабілетін дамытады).

І топқа:

1.12-елі шекке, қандай мүшелердің өзектері ашылады?

2. Ми сауытының жұп сүйектерін ата?

3. Диафрагма қандай қуыстарды бөліп тұрады?

4.Кіші жанбас астауы, қандай сүйектерден түзелген?

5. Мидың бүйір қарыншалары қай жерде орналасқан?

6. Евстахи түтігі қандай қуыстарды байланыстырады?

7. Бауыр қай қуыста орналасқан?

8. Қолқаның доға бөлігінен басталатын тамырлар?

9.Көру төмпегі қай мида орналасқан?

10.Ромба ойысы нешінші қарыншаның түбі?



ІІ топқа:

1. Асқазан сөлінің құрамындағы қышқыл?

2.Артерия қанының құрамындағы газ?

3. Қалқан безінің гормонының құрамына кіретін элемент?

4. Ағзаның өсуіне әсер ететін гормонды ата?

5. Сүйектін құрамындағы химиялық элемент?

6. Гемоглобиннің құрамындағы химиялық элемент?

7. Қалқанша серік безінің гормонын ата?

8. Көздің түсінің әр түрлілігі неге байланысты?

9. Қуық қандай қуыста орналасқан?

10. Өкпе альволасында қандай газдар алмасады?

ІІІ тур: Латын тілінен қандайсыз?

Әр топтың оқушысына-2 сұрақтан қойылады, олар орысша, латынша мүшелердің атын айтулары керек.(оқушылардың латын тілін игергендерін анықтайды).

І ІІ

1. Омыртқа – 1. Қабырға –

2. Асқазан – 2. Ортан жілік –

3. Тоқпан жілік – 3. Бауыр –

4. Бүйрек – 4. Жұтқыншақ –

5. Құрт тәрізді өсінді – 5. Тіл –

6. Қынап – 6. Жатыр –

7. Жұлын – 7. Маңдай сүйек –

8. Төс сүйек – 8. Бас миы –

9. Өкпе – 9. Тік ішек –

10. Несепағар – 10. Қуық –















ІV тур. Кім артық? Ойыны.

Әр командаға 3 билеттен беріледі, әр билетте 3 сұрақтан, соның біреуі сол жерге жатпайды, соны табу керек.

1. 3. 5.

1. Қынап 1. Жоғарғы жақ сүйек 1. Мұрын қуысы

2. Жатыр 2. Шықшыт сүйек 2. Өңеш

3. Несеп каналы 3. Шат сүйек 3. Бронхтар

2. 4. 6.

1. Бүйрек 1. Маңдай сүйек 1. Ауыз қуысы

2. Несепағар 2. Шонданай сүйек 2. Жұтқыншақ

3. Жыныс бездері 3. Шүйде сүйек 3. Көмекей



V тур: Жұмбақ шешу.

Әр командаға 2 жұмбақтан жасырылады.

І. ІІ.

1. Қуыс десе болмайды, 1. Отыз екі мықты қаз қатар болып шықты

Астау десе болмайды Он алтысы үсті, он алтысы асты

Бара қалса акушер Кейін бірлеп түсті.

Өлшеп әуре қылады. (Тіс).

( Жамбас астауы).

2. Түрі алмұрт пішінді. 2. Сыртында сүйектен сауыты,

275- күнде пісіп толады 6 – қару жарақты күзеті

Дөп дөңгелек болады. Басқарады адамды 12 жұп әскері.

( Жатыр). ( Мұрын, көз, құлақ, ауыз, нервтер).



ІҮ тур: Сүйектерді құрастыра білесіңбе?

Әр топ билет алады,соның ішіндегі сұрақтар бойынша жауаб береді.(бұл кезеңде топтық бірлестік, білімдерін бір-бірінің білім деңгейлері көрінеді.)



1. Кеуде қуысының сүйектерін құрастыру?

2. Қолдың жіліктерін құрастыру?

VІ тур - Топ жетекшілерінің жарысы:

І топ жетешісіне қойылатын сұрақтар:

1. Бас сүйегі орысша, латынша ?

2. Қолдың буындарын атаңыз?

3. Өкпеге қайсы қан айналу шеңбері кіреді?

4. Жүректің қуыстарын ата?

5. Жатырдың орналасуы?

ІІ топ жетекшісіне қойылатын сұрақтар?

1. Бүйрек орысша латынша?

2. Жүректің қабырға құрылысын ата?

3. Неге уколды көк тамырға салады?

4. Қуық қандай қуыста орналасқан?

5. Аяқтың буындарын атаңыз?

Топтың жігіттері споттық жарысқа дайындалғанша, көрермендермен

«Миға шабуыл!» - ойнын өткізу, сұрақтар:

1. Қимылды қосылыс, қандай қосылыстың түрі?

2. Қимылсыз қосылыстардың түрін атаңдар?

3. Тимус деген, қандай бездің аты?

4. Жүректің латынша, грекше аталуы?

5. Өкпеде қандай газдар алмасады?

6. Бүйрек қай жерде орналасқан?

7. Ащы және тоқ шектердің айырмашалығы?

8. 12-елі шекке, қандай мүшелердің өзектері ашылады?

9. Тік шектің латынша, грекше аталуы?

10. Буындардың пішіндерін атаңдар?

ҮІІІ тур - спорттық жарыстар, 3 түрден өткізіледі.

Топтың құрамындағы жігіттер арасында жарыс:

«Гір көтеру !», « Армреслинг – қол рүрес!», «Отжимание – жерден көтерілу!».

Жарыс соңында, әділқазылар алқасының төрайымы қорытынды сөз беріледі.

Құрастырған:анатомия пәнінің жоғарғы санатты оқытушысы –А.Т.Оразбекова.















57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 25.12.2015
Раздел Биология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров114
Номер материала ДВ-284302
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх