Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Білімді мыңды жығар интеллектуалды сайыс

Білімді мыңды жығар интеллектуалды сайыс

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

БІЛІМДІ МЫҢДЫ ЖЫҒАР

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: оқушылардың меңгерген білім дәрежесін тексеру.

Дамытушылығы: олардың ойлау қабілетін тіл байлығын арттыру.

Тәрбиелігі: өлең, жұмбақ, мақал мәтел арқылы оқушылардың рухани – эстетикалық талғамын дамыту.

Түрі: жарыс сабақ.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, орыс тілі.

Көрнекілік: ұлағатты мақал – мәтелдер.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Оқушылармен сәлемдесу.

  2. Сабаққа дайындықтарын тексеру.

II Сабақтың мақсатын хабарлау.


Кіріспе сөз.

Қазақстан жерінде тұратын әр адамның қасиетті борышы атамекенін сүю, мәдениеті мен тілін білу және қадірлеу. Міне, біздің жас мемлекетіміздің тәуелсіздік алғанына да 18 жыл уақыт болды. Ата – баба армандағандай Тәуелсіздік күні жарқырап тұр.

  • Балалар, бүгінгі сабағымыз «Бақытты сәт» ойыны ретінде өтеді, ойынға қатысу үшін оқушылар 2 топқа бөлінеді.

Топқа жетекшілер сайланады. Сонымен қатар қай топ оқушыларының күштірек екенін анықтап беретін әділқазылар сайлап алайық.

Ата – баба аманаты

Еркіндікке Желтоқсаным бастады,

Қазақ жасын бүкіл әлем қоштады.

Сексен алты жаңғырығы жар салып,

«Тәуелсіздік!» ұлы ұранын тастады.

Елемепті қысқы ызғар, суықты,

Өне бойын жастардың қан жуыпты.

Қайрат, Ләззат – аяулы жас қырандар

Өз халқының бағы болып туыпты.

Он екі жыл болды тәуелсіздік туғалы,

Қазақ елі бірлікке бел буғалы.

Он екі жыл болды Қазақстан халқының

Өз тағдырын өзі шешіп тұрғалы.

Көгімде тұр көк байрағым желбіреп,

Әнұранды қараймыз біз елжіреп.

Бабаларды еске алып ержүрек! – деп ақын жырлағандай, «Қазақстан жаңа ғасыр аясында» аталынған «Қазақшаңыз қалай?» атты ойын сайысымызды бастаймыз. Ортаға сайысқа қатысушы оқушылар шақырылады.



Таныстыру.

Сөз кезегін топ жетекшілеріне береміз.

I топ. «Қыран» деп аталады. Қыран құс біздің мемлекеттік туымызда күннін астында қалықтап ұшқан күйінде белгіленген. Осы қыран құстай ғылымның биігінде самғап ұшуға тілек білдіреді.

Қуат – күшін арнаған сүйікті елге

«Қыран» болып самғаймыз биіктерге.

«Қыран құс» тобынан «Тұлпар» тобына жалынды сәлем!

Біздің ұранымыз:

Талпынбаса ғылымға, өнерге кім,

Талаптыға төгілер сәулесі күн.

Талпынамыз шыңдарға, асқарларға

Талпынамыз табысқа кенелуге.


II топ. «Тұлпар» деп аталады. Қасиетті мемлекеттік ел таңбамыздың екі жағында қанатымен көмкеріп тұрған ертедегі тұлпарлар бейнеленген. Тілек, тұлпардай жүйрік болыңдар!

Тұлпарға тән адуын, еркін екпін,

Бойымызда бәрі бар кереметтің.

«Тұлпар» тобынан «Қыран» тобына жалынды сәлем!

Біздің ұранымыз:

Әрбір күнде ғылымға аттанғанда,

Кеуде соғар біз емес мақтағанда.

Қазақстан ғылымын паш етеміз.

Үмітіңді бола ма ақтамауға.


Сайыстың өтілу барысымен таныстыру.


I кезең. Көркем сөз сайысы

(5 ұпаймен бағаланады.)

Әрбір топ өздерінің Қазақстан Тәуелсіздігі, Тіл тақырыбына арнайы дайындап келген өлеңдерін оқиды.

II кезең. 5 ұпаймен бағаланады.

Әрбір топтың қолдарына нөмірленген карточка болады. Қай топ карточкасын бұрын көтерсе, сол топтан жауап береді. Егер бірінші топтың жауабы дұрыс болмаса, екінші топ жауап бере алады.

І топ сұрақтары.

  1. Қазақстан өз тәуелсіздігін қай жылы жариялады? (1991)

  2. Тіл туралы Заң қашан шықты? (1989)

  3. Диалог деген не? (екі кісінің сөйлесуі)

  4. 1986 ж. Желтоқсан құрбандарын ата. (Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев)

  5. Қазақ тіліне тән неше дыбыс бар? (9)

  6. Үш би (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)

  7. Алтын киімді адам табылған жер? (Есік қорғаны, Алматы облысы)

  8. Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан. Қай ақынның өлеңінен? (Абай)

  1. Мемлекеттік рәміздер қай жылы бекітілді? ()

  2. «Үміт» сөзінің синонимі (арман, қиял)

  3. «Қазақстан - 2030» кітабының авторы? (Н.Ә.Назарбаев)

  4. Қазақстан Республикасының елтаңбасы мен тудың авторлары? (Ш.Уәлиханов, Ж.Әлімбеков, Ш. Ниязбеков)

  5. Биыл туғанына 200 жыл толған қазақ ақыны кім? (Махамбет Өтемісұлы)

  6. Шапшаңдықты көрсететін ұлттық ат ойыны? (көкпар)

  7. Тіл білімінің атасы? (А. Байтұрсынов)

  8. 100 жасаған ақын? (Ж. Жабаев)

  9. «Наурыз» сөзі қай тілден алынған? (парсы)

  10. Қазақтың тұңғыш этнограф – ғалымы кім? (Ш. Уәлиханов)

  11. Кеңес Одағының батыр қыздары? (Мәншүк, Әлия)


III кезең. Жұмбақ шешу «Полиглот»

Әр топ өзінің жауабын қазақ, орыс тілдерінде жауап жазып береді. Әрбір дұрыс жауапқа үш ұпайдан беріледі.

Жұмбақтар:

  1. Жайшылықта жекесің,

Қарай қалсаң, екеусің. (Айна, зеркало)

  1. Көп әңгіме, өлеңі,

Күнде ақыл береді.

Жақсы көрсе сені кім,

Саған тиер көмегі. (кітап, книга)

  1. Қыста келген,

Көктемде еріген. (Қар, снег)

  1. Табаныма байладым,

Қос аяқпен айдадым. (шаңғы, лыжи)

  1. Түнде бармын,

Күндіз жоқпын. (жұлдыз бен ай, звезды и луна)

  1. Жеп көрдім ем өзін мен,

Жас шығарады көзімнен. (пияз, лук)


IV кезең. «Менің сүйікті қазақ тілім».

Тест тапсырмаларын шешу.


V кезең. Шешендік өнер «Оратор»

Сайыскерлерге ұсынылатын тақырып. Саған ауылда өмір сүру ұңай ма? Бұл сұраққа бір топ «иә», екіншісі «жоқ» деп жауап беріп, ойларын дәлелдейді. (5 – 6сөйлеммен) 10 ұпаймен бағаланады.


VI кезең. «Жорға сайысы».

Әр топ 2 минут арасында берілген сұрақтарға қанша дұрыс жауап берсе, сонша ұпай жинайды.

Бірінші топқа қойылатын сұрақтар:

  1. Ұлттық музыкалық аспап? (домбыра)

  2. Республика күні? (25 қазан)

  3. Асар дегеніміз не? (көмек)

  4. Оңтүстік астана (Алматы)

  5. Қазақтың атақты кино әртісі, режиссер? (Ш. Айманов)

  6. Біз қай ғасырда өмір сүріп жатырмыз? (21ғасыр)

  7. Тіл тас жарады, тас жармаса... ( бас жарады)

  8. Экологиялық апатқа ұшыраған теңіз? (Арал)

  9. Үш жүздің басын қосқан хан? (Абылайхан)

  10. Қазақ тілінде неше септік бар? (жеті)

  11. Айлы кеште ойнайтын ұлттық ойын? (Ақсүйек)

  12. «Ынтымақ» сөзінің синонимі? (бірлік)


Екінші топқа қойылатын сұрақтар:

  1. Қазақстан Республикасының рәміздері? (Ту, Елтаңба, Әнұран)

  2. Діни мейрамдар (ораза, айт, құрбан айт)

  3. Тұңғыш қазақ ғарышкері? (Т.Әубәкіров)

  4. Солтүстік астана (Астана)

  5. Қобызда ойнаған күйші? (Қорқыт)

  6. Абайдың шын аты (Ибраһим)

  7. Мемлекеттік туда бейнеленген құс? (бүркіт, қыран)

  8. Оқушы сөзінің синонимі (шәкірт)

  9. «Маратпен» қай септікте тұр? (көмектес)

  10. Қазақстандағы қасиетті жер (Түркістан)

  11. Республикадағы тұңғыш президент (Н.Ә.Назарбаев)



Қорытындылау










Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 05.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров102
Номер материала ДВ-420640
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх