Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Білімді ұрпақ ел ертеңі

Білімді ұрпақ ел ертеңі

Международный конкурс по математике «Поверь в себя»

для учеников 1-11 классов и дошкольников с ЛЮБЫМ уровнем знаний

Задания конкурса по математике «Поверь в себя» разработаны таким образом, чтобы каждый ученик вне зависимости от уровня подготовки смог проявить себя.

К ОПЛАТЕ ЗА ОДНОГО УЧЕНИКА: ВСЕГО 28 РУБ.

Конкурс проходит полностью дистанционно. Это значит, что ребенок сам решает задания, сидя за своим домашним компьютером (по желанию учителя дети могут решать задания и организованно в компьютерном классе).

Подробнее о конкурсе - https://urokimatematiki.ru/


Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

Білімді ұрпақ – ел ертеңі

Ел ертеңі бүгіннен басталатынын терең түсінген дана халқымыз ежелден «Бала – өмір жалғасы» деп біліп, бала тәрбиесіне ерекше  көңіл бөлген.

Егеменді еліміздің тірегі – білімді, тәрбиелі ұрпақ. Болашақта еліміздің мәртебесін көкке көтеріп, экономикасын дамытатын,бүкіл әлемге Қазақстанды паш ететін  бүгінгі жас ұрпақ. Қазіргі кезде еліміздің білім беру ісінде түбірлі өзгерістер болып жатқаны мәлім. Ал бүгінгі таңда мектептің, мұғалімнің ең қасиетті міндеті - рухани бай, жан-жақты дамыған, дарынды бойында ұлттық құндылықтар бар, сақталған жеке  тұлғаны қалыптастыру. Рухани байлық ең алдымен әр халықтың ұлттық әдет-салты, мәдениеті, өнері және шыққан түп тамырында жататыны белгілі. Сол ұлттық құндылықтарды бүкіл адамзаттың өз ұрпағын тәрбиелеудегі білім берудегі озық ұстанымдармен байланыстыра отырып, әр баланың қабілетін, талантын ашып, өзіне-өзінің сенімін нығайтып, сан қилы өмірде аяғынан тік тұрып кететініндей түрткі жасауымыз қажет. Сол себепті барша ұстаздардың, ата-ананың, қоғамның міндеті әдет-ғұрпымызды, салт-дәстүрімізді жандандырып, ұлттық сана-сезімі жоғары тәрбиелі ұрпақты өсіру.Қазақ халқының  ағартушысы  М.Жұмабаев «...Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті»,- деген. Бұл үлкен міндетті орындауда ұстаздардың ролі жоғары болу керек. Ол ең алдымен мұғалімнің даярлығына,оның іс-тәжірибесінің қалыптасып шыңдалуына байланысты.

Мұғалім-баланың жеке тұлғасын қалыптастырушы, маңызды тәлім-тәрбие өнегесінің бастаушысы, жарқын үлгісі, бала қиялын самғатып,арманын көкке ұсындырушы басты тұлға. Бүгінгі жас өркеннің ертеңгі әлеуметтік –саяси қоғам мүшесі ретінде қалыптасуында тәлім-тәрбиенің маңызы зор екендігі белгілі. Ендеше қоғамдағы қол жеткен тәрбиелік жақсы дәстүр атаулыны пайдаланып,биік адамгершілік қасиеттерге баулу, тәрбиелеу - мұғалімнің басты міндеті. Мұғалім жан-жақты жетілген білімді, әдістемелік шығармашылық   шеберлік иесі, халықтық дәстүр, әдет-ғұрып пен салт-сана   ерекшеліктерін  әлеуметтік  қарым-қатынастар түрлерін кәсіби түрде меңгеруі тиіс. Әсіресе осы кәсіби білік дағдыларын шыңдауы оның ұстаздық тәжірибе жинақтауының ең басты алғы шарты болып табылады.

Келешекте біздің еліміз басқа тәуелсіз елдермен терезесі тең болып өмір сүруі үшін қазақ балаларын ешкімнен кем қылмай, мектеп қабырғасынан - ақ жан-жақты білімді, тәрбиелі етіп шығару үшін сынып жетекші ұлттық құндылықтарды басшылыққа ала отырып тәрбие жұмысын жүргізген абзал.

Қазіргі таңда мұғалім болу, тәрбиеші болу оңай жұмыс емес. Басқа ешбір мамандық адамға дәл мұғалімге қойылғандай талаптар қоймайды. Педагогтық қызметтің жетістігін бағалау да өте қиын. Я.А.Коменский балаларға тәлім-тәрбие беріп ұстаздық көрсететін мұғалімді өте жоғары бағалады: «Мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі. Ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі. Оларға тамаша қызмет тапсырылған,күн астында одан жоғары ешнәрсе болмақ емес». Балалардың санасы мен мінез - құлқының қалыптасуына тәрбиешінің жеке басының, оның моральдық бейнесінің атқаратын рөлі орасан зор. Бұл әсерді өзінің күші жағынан ешнәрсемен салыстыруға болмайды. Бұл - ерекше құдіретті күш.  Орыстың ұлы педагогі Д.К.Ушинский «Тәрбие де барлығы да тәрбиешінің жеке басына негізделуге тиіс.Ешқандай жарғы және бағдарлама, ешқандай оқу орнының жасанды орталығы қаншалықты жетілдірілгенімен тәрбие ісінде жеке адамды алмастыра алмақ емес. Тәрбиешінің тәрбиеленушіге тікелей әсерінсіз мінез-құлыққа сіңерліктей шын тәрбие беру мүмкін емес»деп жазды. Сондықтан тәрбиешінің жеке басына ерекше талаптар жүктеледі. Ерік - қайраты күшті, қазіргі заман талабында өмір сүре алатындай мінезге бай жас өспірімдерді қалыптастыру үшін мұғалімнің өзінің жеке басы сол талаптарға сай болу керек. Мұғалімнің жеке басында сөз бен істің арасында алшақтық болмау керек.

Тәрбие жайындағы белгілі мәліметтер адам баласының тәрбиесіне сүйенеді. С.А. Назарбаеваның  «Ұстаздан ұлағат»атты кітабында: «Тәрбие дегеніміздің өзі, ең алдымен,баланың сезімін оятып, әсершілдігін дамыту сезімді тәрбиелеу - баланы қоғамдық мәні бар,адамдарға жақсылық әкелетін қылық - қасиеттерден рахат, қуаныш табуға баулу деген сөз. Парасаттылық дегеніміз - адамзатқа қызмет ету»,- деп жазылған.

Бала тәрбиесі ең алдымен,аға ұрпақтың жас  жеткіншекке  деген сүйіспеншілігі мен  қамқорлығынан, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан адамгершілік ізгі қасиеттердің жиынтығынан туындайды. Атадан балаға ұласатын ұлттық құндылықтар үлкендердің әңгімесінен, іс-қимылынан  танылып, сезім арқылы жүректен жүрекке беріліп  отырған. Сондықтан егеменді ел жастарының санасына осы ұлттық ұлағатты қасиеттерді сіңіре білудің мәні зор. Адамның адам болып қалыптасуында ата-аналармен қатар,тәрбиеші мен мұғалімнің ролі зор. Яғни,мұғалім мамандығының иелеріне болашақ ұрпақты тәрбиелеуде үлкен жауапкершілік жүктелген. Ф.М.Достоевскийдің «Өзіңнен  өзіңді ізде,өзіңе өзің бағын,өзіңді өзің тани біл»,- дегеніндей, әр мұғалім өзінің бала болғанын,өзінің ата-ана екенін,өзінің оқытушы болып қалыптасып келе  жатқанын ой елегінен жиі-жиі өткізіп отырса,өзге алдындағы жауапкершіліктің сыры бірден айқындала бастайды. Н.А.Добролюбовтің «Мұғалім өзіне шәкірттердің қаншалықты жоғары бағалап қарайтынын есінде сақтаса,оның балаларға тигізетін ықпалы соншалықты күшті болады, соншалықты оның әрбір мақтауы балаларды шаттандырады, оның әрбір ескертуі баланың жүрегіне терең орнығады демек барлық тәрбие жұмысы игілікті болады»,- деп айтқанындай,баламен кездескен сәттен бастап,оның үйіне қайтатын уақытына дейінгі кезеңде баламен тікелей қарым-қатынаста екенін,онымен ішкі сезімі байланыста болатынын бір сәт естен шығармағаны абзал. Сонда ғана ел білікті, парасатты, жан-жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеу ісінде едәуір табыстарға қол жеткізе алады.

Тәрбие кезеңдеріндегі оның өзіне тән заңдылықтарын сәтті жаңашыл тұрғыда шығармашылықпен  пайдалану ұрпақ тәрбиесінің жемісті болуының ең үлкен кепілі болмақ.

Қазақстан Республикасының баянды да тәуелсіз мемлекет болу үшін ұлттық құндылықтар тәрбие арқылы халық педагогикасынан нәр алып, адами құндылықтардың барлық саласын бойына сіңірген, таза ұлтжанды азамат керек. Қазақ мемлекеті үшін бар білімі мен қабілетін сарп ететін, елін, туып-өскен жерін, тілін, халқының тарихын, дінін, мәдениетін біліп,құрметтейтін жеке тұлға тәрбиелеу,жалпы жұртшылық,әкімшіліктер мен білім беру мекемелерінің басты міндеті. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз және оны қалыптастыру басты міндетіміздің бірі» деген сөзін басшылыққа ала отырып, «Менің Отаным - Қазақстан» деп ойлайтын әрбір азамат ұлттық құндылықтарды бала бойына сіңіретін тәрбие жұмысын жүргізуі міндетті.

Ал ұлттық тәрбиеге тікелей ықпал жасайтын білім ордалары, отбасы, қоғам, орта. Сол себепті барша қауымға, соның ішінде ұстаздар қауымына «елім, туып-өскен жерім, мен Қазақстан Республикасының азаматымын» деп жүрегі соғатын ұрпақ тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін оқып-үйрену,оны жүзеге асыру міндеті жүктелген. Қазақстанның болашағы - Ұлтжанды, адами құндылықтарды бойына жиған, қиыншылықтан жол табатын, экономикалық бәсекелестікке қабілетті, ары таза иманжүзді,б іреудің қолдауынсыз өз еңбегімен білім алған, елі мен жерін сүйетінін атқарған ісімен дәлелдеген жастарды көргіміз келеді. Оған үлкен көмегін тигізетін тәрбие түрі - Ұлттық тәрбие беру, жас ұрпаққа сана-сезім мен сенімді қалыптастыру. Ол үшін жастарға ұлттық тәрбиені ел-жұрт, қоғамдық орын, ата-ана болып,жан-жақты ойлана отырып берсек, біздің де,мемлекеттің де көркейетіні даусыз.

Бүгінгі жас ұрпақты сонау замандардан жинақталған ата-бабамыздың мол мұрасымен яғни ұлттық құндылықтарымен сусындату - біздің басты парызымыз. Демек,ұлттық құндылықтарды пайдалана отырып, тәрбиелеу арқылы сынып жетекші ұлттық тұлғаны қалыптастырмақ.

Адамды адам ететін қоршаған орта және тәлім-тәрбие десек,мектеп жасы балаларының тұлғалық ерекшеліктерінің қалыптасуына отбасы мен бірге сынып жетекшінің  де рөлі ерекше .

Ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеу дегеніміз - халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өнерге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру.

Бүгінгі жаһандану үрдісі жүріп жатқан жағдайда ұлттық мүдде, ұлттық тәрбие, ұлттық рухты сақтап қалу - үлкен міндет.Бұл орайда дайын материалдар, тұжырымдамалар, бағдарламалар өте көп, бірақ нәтиже шамалы. Оның себебі толыққанды, жүрекжарды жұмыс жоқтың қасы. Мектептегі екінші ата – ана, сынып жетекші аянбай еңбек ету керек. Жас ұрпақты ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеуде халқымыздың сан ғасырлық тәжірибесі бар екені даусыз. Сондықтан сол мол тәжірибені пайдалану педагогика мен психологияны жете біліп қана қоймай, шығармашылықпен жаңашылдық көзқараспен еңбек етуге  тырысып, ең бірінші жаны таза, рухани биік,адамгершілігі мол,халқына пайдасын тигізетін адам тәрбиелеу - сынып жетекшінің міндеті. Ғұлама Абайдың өсиеттерін жете түсініп, өз тәжірибесінде  тиімді пайдалану.

Әрбір адам ең алдымен өз халқының перзенті,өз Отанының азаматы болу керегі екенін, ұлттың болашағы тек өзіне байланысты болатынын есте ұстауға тиіс. Оның осындай тұжырымға тоқталуына ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер көптеп көмектеседі,Солар арқылы ол жалпы азаматтық әлемге аяқ басып,өз халқының игілігін басқа халықтарға жақын да,түсінікті ете алады.Сондықтан әрбір ұстаз өз кезі мен өткеннің талаптары,объективті факторлар негізінде жеткіншек ұрпақты өмірге даярлап,оны жинақталған тәжірибе арқылы тәрбиелеп отырып,өзінің ата-бабаларының рухани мұрасын игерте түсуі керек.

Ұлы педагог К.Ушинский « Тәрбиенің қайнар көзі тек адамның жеке басының өнегесіне негізделген.Ешқандай жарғы да,бағдарлама да оның орнын баса алмайды»- деп текке айтпаған.

Ендеше еліміз тәуелсіздікке қолы жеткен қазіргі кезде білім беру жүйесіндегі негізгі міндет - ұлтымыздың таным құндылықтарын бойына сіңіріп,салт-дәстүр,әдет-ғұрып мәйегін ұрпақ санасына егу арқылы тәлім-тәрбие беру.

Ұстаз қолында адам тағдыры, болашақ ел тағдыры тұрады. Сол себепті заман талабына сай шығармашылықпен жаңашылдықпен  сан қилы тәрбие жұмыстарын жүргізу - мұғалімнің басты міндеті екенін ұмытпауымыз керек.











Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy



Краткое описание документа:

Ел ертеңі бүгіннен басталатынын терең түсінген дана халқымыз ежелден «Бала – өмір жалғасы» деп біліп, бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген.

Егеменді еліміздің тірегі – білімді, тәрбиелі ұрпақ. Болашақта еліміздің мәртебесін көкке көтеріп, экономикасын дамытатын,бүкіл әлемге Қазақстанды паш ететін бүгінгі жас ұрпақ. Қазіргі кезде еліміздің білім беру ісінде түбірлі өзгерістер болып жатқаны мәлім. Ал бүгінгі таңда мектептің, мұғалімнің ең қасиетті міндеті - рухани бай, жан-жақты дамыған, дарынды бойында ұлттық құндылықтар бар, сақталған жеке тұлғаны қалыптастыру. Рухани байлық ең алдымен әр халықтың ұлттық әдет-салты, мәдениеті, өнері және шыққан түп тамырында жататыны белгілі. Сол ұлттық құндылықтарды бүкіл адамзаттың өз ұрпағын тәрбиелеудегі білім берудегі озық ұстанымдармен байланыстыра отырып, әр баланың қабілетін, талантын ашып, өзіне-өзінің сенімін нығайтып, сан қилы өмірде аяғынан тік тұрып кететініндей түрткі жасауымыз қажет. Сол себепті барша ұстаздардың, ата-ананың, қоғамның міндеті әдет-ғұрпымызды, салт-дәстүрімізді жандандырып, ұлттық сана-сезімі жоғары тәрбиелі ұрпақты өсіру.Қазақ халқының ағартушысы М.Жұмабаев «...Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті»,- деген. Бұл үлкен міндетті орындауда ұстаздардың ролі жоғары болу керек. Ол ең алдымен мұғалімнің даярлығына,оның іс-тәжірибесінің қалыптасып шыңдалуына байланысты.

Автор
Дата добавления 18.05.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров2798
Номер материала 286891
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх