Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Рабочие программы / "Білімді ұрпақ-ел тірегі" сыныпаралық сайыс 5-6 сыныптар

"Білімді ұрпақ-ел тірегі" сыныпаралық сайыс 5-6 сыныптар

  • Математика

Поделитесь материалом с коллегами:


9 орта мектеп













«Білімді ұрпақ – ел тірегі»


(5-6 сыныптар сайысы)




















2013-2014оқу жылы






Мақсаты: оқушылардың математикадан алған білімдерін тереңдету, өткен тақырыптар бойынша білімдерін пысықтау, оқушының ой-өрісін кеңейту, шығармашылық қабілеттерін, зейінділігін дамыту, есте сақтау қабілетін дамыту арқылы өз ойын жеткізе білу дағдысын қалыптастыру.Оқушыларды ұйымшылдыққа, тапқырлыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Өту түрі: топтық сайыс.

Пән аралық байланыс: дене тәрбиесі, қазақ әдебиеті.

«Ғылым майданының қатарындағы жауынгері тек үнемі оқу,іздену, талпыну, өмір мектебінен өту арқылы ғана оны ірі қайраткер дәрежесіне дейін көтереді»-деп Қаныш Сәтпаев айтып кеткендей болашақ тек білімді жастар екені даусыз.

Асыл тастан, өнер жастан

Шығады деп дарынды.

Халық айтса қалт айтпайды,

Әрқашанда нанымды,- деп Абай атамыз айтқандай 5-6 сынып оқушылары арасында өткелі отырған сайысымызды бастаймыз.

Болашақ білім-ғылым тұтқасында,

Мұны әркім әрқашан ұстасында.

Заманның компьютердей кезеңінде,

Математика тағы тұр көшбасында,- дей келе сайысымыздың өтілу тәртібімен таныстырып өтейін.

І тур: Топтардың сәлемдесуі.

ІІ тур: Блиц-турнир.

ІІІ тур: Пингвиндер сайысы.

ІV тур: «Жүйрік болсаң озып көр» (жұмбақ шешу)

V тур: «Ширату»

VІ тур: : Сөздерқұрау

Армысыздар құрметті төрешілер,

Сайысын әрбір топтың көресіздер.

Таразының екі басын тең қойып,

Сіздер бүгін әділ баға берерсіздер - деп әділқазылармен таныстарсақ:

Мектеп директоры: Мусин Талғат Қайдарович

Оқу ісінің меңгерушісі: Кусаинов Сұңғат Каримович

Политехникалық бірлестік жетекшісі: Абдрахманова Бақытгүл Нұроллақызы


І тур: Есептен сайысады қос команда,

Алға озар ең мықтысы осы жолда.

Көпшілік өнерлерін қызықтасақ,

Сұрайық шығуларын жұрт алдына- деп, командаларды ортаға шақырамыз.








Сәлемдесу: «Тұлпар» 5-сынып

hello_html_6ba0b975.jpg

Сәлемдесу: «Барыс» 6-сынып


hello_html_653e890d.jpg

Мәңгі бақи есте қалар,

Қызықты бір жиын болсын!

Білімдірек шәкірт озар,

Сұрақтар қиын болсын, -дей отырып,сайысымыздың екінші айналымын бастайық.


ІІ тур: Блиц турнир 10 сұрақ әр дұрыс жауап 1 ұпай

«Тұлпар» командасының сұрақтары:

  1. 1метр 1 дициметрден неше сантиметр артық? (90см)

  2. Қандай өрнекті әріпті өрнек деп атайды? (құрамында әрпі бар өрнек)

  3. Натурал сандар нешеден басталады? (1-ден)

  4. Үстелде 4 алма жатыр, оның біреуі 2-ге бөлінген, үстелде неше алма жатыр? (4 алма)

  5. 7 жай сан ба, құрама сан ба? (жай сан)

  6. Квадраттың қабырғасы 9см, периметрі нешеге тең? (36см)

  7. Бір жанұяда 5 ұлдың бір –бірден қарындасы бар.Жанұяда барлығы неше бала бар? (6 бала)

  8. Сағат үшті көрсеткенде , оның сағатының және минутының тілдері қандай бұрыш жасайды. (тік бұрыш)

  9. Қандай үш таңбалы сандардың қосындысы олардың көбейтіндісіне тең? (1,2,3)

10) 4және 5 сандарымен жазылатын барлық екі таңбалы сандарды ата. (44,45,54,55)

11) 50саусақ көріну үшін неше баланың қолы керек. (5 баланың)

12) Ұшбұрыштың периметрінің формуласы дегеніміз (барлық қабырғаларының қосындысы)

13)Шеңбердің кез келген нүктелерін центірімен қосатын кесінді (радиус)

14)Шарты, сұрағы, шешуі, жауабы. (есеп)

15)Үшбұрыштың төбесі,бұрышы және ... болады ? (қабырғасы)



«Барыс» командасының сұрақтары:

  1. 1минут 1 сағаттан неше минут кем? (59минут)

  2. Айырмашылығы тек таңбаларында болатын сандар не деп аталады? (қарама-қарсы сандар)

  3. Ең кіші үш таңбалы сан? (100)

  4. Бірлігі мен ондығын қосқанда 2-ге тең болатын екі таңбалы санды ата. (11н/е 20)

  5. ¾ кері сан (4/3)

  6. Алымы бөлімінен кіші бөлшек не деп аталады? (дұрыс бөлшек)

  7. 4 пен 5-тің арасына қандай таңба қойылғанда 4-тен артық 5-тен кем сан шығады? (үтір)

  8. Анарда бір бүтін, екі жарты, төрт ширек алма болды.Барлығын қосқанда неше алма? (3)

  9. Екіге бөлінбейтін сандар? (тақ)

10) Саудагер бір затты 7 теңгеге сатып алып оны 8 теңгеге сатты.Сол затты 9 теңгеге сатып алып, қайта 10 теңгеге сатты. Саудагер қанша пайда тапты? (2теңге)

11) Сағаттың төрттен бір бөлігінде неше минут бар? (15 мин)

  1. ) Бір таңбалы санға дәл сондай сан тіркеп жазса ,неше есе өседі? (11)

  2. )Екі қатынастың теңдігі? (пропорция)

  3. )Жүргендегі екі аяқ арасындағы алшақтық қалай аталады? (қадам, адым)

  4. ) 900 кем бұрыш (сүйір)

ІІІ тур: «Пингвиндер сайысы» .Мұнда оқушылар тақтада жазылған 5 есепті, аяғына допты қыстырып алып, түсіріп алмай есепті шығарады.Қай топ бірінші шығарып болса, сол топ жеңіске жетеді.1ұпай қосылады.

«Тұлпар» тобының есептері: «Барыс»

1)84-50+11=45 1) 84-11+50=123

2)27+53+49=129 2) 53+24-32=45

3)67*8=536 3)84*6=504

4) (32+17)-43=6 4) (43+32)-17=58

5) 96-58+77=115 5) (85-28)+14=71

Ойла ойла тереңнен,

Жақсы емес-ау көп бөгелген.

Сұрақтарды шешпесең,

Өте алмайсың бөгеттен,-деп

ІV тур: «Жүйрік болсаң озып көр»турынада келіп жеттік.

«Тұлпар» тобына:

1)Бір –бірімен жарысқан

Төрт аю, бір арыстан

Екі қоймен бір түлкі

Бәрі нешеу кім білді? /8/

2)Жүз төрт түйме, он бір ине / есепшот/

3) Нәрселерді санағанда

Керек ол бізге ауадай

Айтыңдаршы бұл қандай сан

Жан-жағына қарамай?/натурал сан/

4)Алды артымыз тексіз де,

Жете алмайсың біздерге.

Сәуле менен кесінді

Шыққан тегін білсінде (түзу)

5)Доп емес, дөңгелек емес,

Ұқсас бірақ достарым

Тыңда ол ең негізгі

Дәл жауапты қостадым /шеңбер/

6) Жерден көтеру оңай, бірақ лақтыру қиын. Ол не? /мамық/

«барыс» тобына:

  1. Бес бұтақта ағашта

Бұтақ сайын бес алма

Беруін бер алашқа

Қалады сонда қанша алма? /24/

2)Біз санбыз....

Сызықпен бөлінген

Математиканы ұқпас адамға

Құбыжық боп көрінген.

Дұрыс, бұрыс, аралас,

Ондық болып бөлінген. /бөлшек сан/

3) Бүтін сан,бөлшек сандар

Барлығыда бар онда

Бұл қандай сан айтыңдаршы

Оң теріс сан бәрі де /рационал сан/

4) Санасаң бір үйде төртеу бар,

Қаласаң аузыңды өртейтін нәр /бұрыш/

  1. Бірдей санды бір неше рет

Көбейтуден тұрады

Егер оны ықшамдасаң,

Қандай атау болады? /дәреже/

6)Теңізде қандай тастар табылмайды? /құрғақ/


V тур: «Ширату» (5 ұпай)

«Тұлпар» тобына:

Шырпымен 9 шаршы орналастыр,осы фигурадан 8 шырпы алып таста, сонда 5 шаршы қалады.


«Барыс» тобына:

Бөлменің төрт қабырғасына 10орындықты үш-үштен келетіндей етіп орналастыр.



VІ тур: : Сөздер құрау


«Тұлпар» тобына: « аралас» сөзіне әр түрлі сөздер құрау.Әр сөзге 1 ұпайдан беріледі.


«Барыс» тобына: «бөлшек» сөзіне әр түрлі сөздер құрау.Әр сөзге 1 ұпайдан

беріледі.

Көрермендермен ойын:

Автор
Дата добавления 10.12.2015
Раздел Математика
Подраздел Рабочие программы
Просмотров182
Номер материала ДВ-247172
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх