Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Білімді ұрпақ-ертеңгі ел тірегі

Білімді ұрпақ-ертеңгі ел тірегі



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

hello_html_m5513d9.gifhello_html_m19da51a7.gifКүні: 18.02.2016

Тақырыбы: «Білімді ұрпақ - ертеңгі ел тірегі»

Мақсаты: Оқушылардың әр пән бойынша алған білімдерін тексере отырып, ақыл-ой өрісін жан-жақты дамыту.

Ана тілін сүюге, аталы сөзді түсінуге үйретумен бірге елін, жерін қастерлеп, қорғауға тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап.

Техникалық құралдар: интербелсенді тақта, компьютер.

Кіріспе: Мұғалім сөзі.

Армысыздар! Аналар мен ұстаздар!

Бармысыздар!

Болашақтың бастауы,

Балғын шақты балалар!

Қазір сіздерді осы уақытқа дейін алған білімімізді көрсететін «Білімді ұрпақ- ертеңгі ел тірегі» атты интеллектуалды ойынымызды көріп тамашалауға шақырамыз!

Оқушы: Ал келіңдер, келіңдер,

Біріңе- бірің еріңдер.

Біліміңді тексеріп,

Ойынға қатысып көріңдер!

(Ойынға қатысушы оқушыларды ортаға шақырамыз).

Осы аралықта алған білім дәрежемізді өлең-жыр, жұмбақ, мақал-мәтелдермен өрнектеп, барымызды ортаға салайық. Біліміміздің артып, санамыздың өскенін, сөз байлығымыздың молайғанын көрсетейік.

Мұғалім: Ашық-жарқын жүзді,

Әділ-қазылар біздің.

Таңдап баға беруге,

Шақырайық төрге

Төрелік өздеріңізде!

Мұғалімнің түсіндірмесі: Жарыс 7 бөлімнен тұрады. (10-50 балл аралығы). Ұпай саны төмен оқушы әр бөлімнен кейін шығып отырады. Сайысқа 11 оқушы қатысады. Сұрақтардың жауабын айту үшін қолдағы карточканы бірінші көтеру керек. Қате айтса, 2-ші сұрақты біліп тұрса да қатыспайды. Дұрыс жауап –15 балл. Жарыскердің істеріне сәттілік тілеймін!


1-кезең: « Бәйге »

Бәйгенің алғашқы сатысында 1 сұраққа 1 бал беріледі.

1.Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (3)

2.Биылғы жыл қалай аталады? (мешін)

3.Қазақтың көне музыкалық аспаптарын жинаушы кім? (Б.Сарыбаев)

4.Оркестрдегі дерижёрдың міндеті не? (60-70 адамның басын қосып бір адамдай орындату.)

5. Ауданды қалай табамыз? (Ұзындығын еніне көбейтеміз)

6.Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін ата. (Бастауыш, баяндауыш)

7.Сталинге хат жазған алғашқы адам кім? (Тұрар Рысқұлов)

8.Абылайғанның шын аты кім? (Әбілмансұр)

9.Таскөмір қандай пайдалы қазба? (Жанғыш).

10. Жүз жасаған жыр алыбы. (Жамбыл)
11.Бір қорапқа 7 қарындаш сыяды, осындай 8 қорапқа неше қарындаш сыяды? (56)

12. Қазақ балаларына алғаш рет мектеп ашқан кім? (Ыбырай Алтынсарин)

13. Заттың қимыл, іс-әрекетін білдіретін қай сөз табы (Етістік).

14. Қазақ елінің астанасы? (Астана)
15. Жылу сүйгіш өсімдіктерді ата(мақта, үрмебұршақ, асқабақ, күріш, жүгері )


2-кезең – «Көкпар» Мақалды аяқтау (10 балл).

1. Жүз теңгең болғанша,
Жүз досың болсын.
2. Жері байдың – (елі бай).

3. Тазалық, (ден саулық кепілі)

4.Екпей егін шықпас,

(Үйренбей білім жұқпас).

5. Оқу білім бұлағы,

(Білім өмір шырағы).

6. Оқусыз білім жоқ.

(Білімсіз күнің жоқ).

7. Көрк-көрк көсем болады,

Сөйлей, сөйлей шешен болады.

8. Өтірік сөз (өрге баспайды).

9. Досы жоқ адам.....

(Тұзсыз тамақпен тең)

10. Ақыл азбайды, (білім тозбайды).


3-кезең: «Сөз ойла, тез ойла».

1 минутта алдарыңыздағы қағазға мына әріптерден сөз құрау қажет. Әр сөз (10 балл). М:О.П.Д.Ш.І.У.Қ.Т.Б.Н.Р.


4-кезең: «Ғажайып төрттік». Әр цифрды таңдау арқылы пәннің сұрағы шығады. Ең ұпайы аз ойыншы таңдайды. (10 балл)


1.Математика (М)

2.Әдебиеттік оқу. (Ә)

3.Қазақ тілі (Қ)

4.Дүниетану. (Д)


5- кезең: «Ұйқасын тап». (20 балл)

1. Өзінше ноян, 1. Тастан тасқа секіріп

Қорқақ ... ( қоян) Жем тереді... (кекілік)

2. Алмастан тыным, 2. Тауда жүрген тарғыл аң,

Шабады....(құлын) Ол қайратты қабылан.

3.Бата алмас түлкі 3.Сенің бүгін туған күнің

Үсті тікен... (кірпі). Атады атаң ...(құлын)

4. Айбат шегер алыстан 4.Түсі оның сарғылт

Аң патшасы (арыстан) Ол біздің ...(алмұрт)

6-кезең: «Әрі оқу, әрі ойын» сайысы. (10,20,30 балл). Екі тілде айтылады.

1.Соль-тұз. 1. Зря-бекер,

Девочка –( қыз). Сахар- (шекер).

2.Водв су. 2. Ата-ана – родитель,

Хитрый - (қу). Жүргізуші - (водитель).

3. Ураган - дауыл, 3. Өрмекші - паук,

Дождь - (жауын). Курица - (тауық).

4.Количество - сан 4.Үн - звук,

Когда – (қашан). Немере - (внук).

5.Печь – пеш, 5.Тоқсан - четверт,

Петух- әтеш. Бейсенбі - (четверг).


Екі бала жауаптарын жазады.

Қорытынды: 7- кезең – «Шешендер» сайысы. (40-50 балл).

«Компьютер» сөзінің біреуі пайдасын, екіншісі зиянын таңдау бойынша айтады.

Тәуелсіз еліміздің білімді жастары көбейе берсін! Білім берер ұстаздарымыз аман болсын!

Қазылар алқасы қорытындылайды.

Алғыс хат, марапаттау.



























Ынталы орта мектебі «мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі























Сулейменова С.М.




Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-572260

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>