Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Білімді жастар - еліміздің болашағы

Білімді жастар - еліміздің болашағы

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов


Ғазиза Өзбергенова

Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицей

Қызылорда қаласы



Білімді жастар - еліміздің болашағы



Білекті бірді жығар ,

Білімді мыңды жығар.

(Халық даналығы)



Адамзат алдында тұратын ұлы мұрат –міндеттердің ең бастысы –өзінің ісін , өмірін жалғастыратын салауытты , саналы , рухани бай және ақыл-парасаты мол , мәдени-ғылыми өресі озық азамат тәрбиелеу . Бұл бізідің қоғам алдындағы борышымыз .Бүгінгі әлемдегі елдер мен халықтардың өзара тарихи байлнысының дамуы ,экономика, мәдениет пен ғылымның әлемдік деңгейге бет бұруы , ертенгі күннің бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп , адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білім мен тәрбиеге ғана тән .

Әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады . Ертең осы елге ие болып тізгінін ұстар азаматтар бүгінгі мектеп оқушысы болғандықтан қазастандық барлық мектептерге бүгінгі жайы, даму бағыты мемлекеттің назарында. Сапалы білім ,саналы тәрбие беру әр ұстаздың алға қойған міндеті болса ,өз ісінің білімді , өнегелі азаматы болу –әр оқушының міндеті . ҚР тәуелсіздік алған қысқа тарихи кезең ішінде әлемдік қауымдастыққа кіре отырып, экономикада айтарлықтай табысқа қол жеткізді .Осы ретте қоғамдық даму деңгейінің ,елдің экономикалық қуаты мен ұлттық қауіпсіздігінің өлшемдері ретінде білім беру жүйесінің адам ресурстарының рөлі мен маңызы арта түседі.Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі өзгерістер білім беруге ,одпн ұтқырлықты жаңа тарихи кезеңінің болмысына парапар әрекет етуді және экономиканың даму қажеттіліктеріне сай болуды талап ете отырып ,оған өз әсерін тигізеді.

Еліміздегі білім берудің ағымдық жағдайына талдай жасау , осы уақытқа дейін қалыптасқан білім беру жүйесінің ескіргендігін ,оны ұйымдастыру және құрылымдық жағынан түбегейлі өзгертудің , білім мазмұнының жаңартудың , қазіргі республика дамуының әлеуметтік-экономикалық және саяси,сол сияқты дамыған елдердің прогрессивті тәжірбиесіне отырып,мамандарды даярлай сапасын жетілдірудің қажет екендігін көрсетті .Еліміздің алдағы ұзақ мерзімді дамуындағы басым бағыттардың бірі –білім мен ғылымды дамыту болмақ.Себебі мемлекет басшысы қойып отырған басты талаптарының бірі –өркениеттің шалқар көшінде бәсекелестікке қол жеткізу үшін білім мен ғылымды жаңа өрістерге шығарып,интеллектуалдық серпліс жасау . Елбасы Н.Ә.Назарбаев Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде оқыған «Қазақстан дағдарыстан кейінгі дүниеде : Болашаққа интеллектуалдық секіріс» атты дәрісінде «Бізге ұлттық интеллектінің діңін құру қажет ,бізге халық аралық денгейге бәсекеге түсе алатын адамдар керек» деп атап көрсеткен болатын.

Ұлы Абайдың: «Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады» - деген сөздері бүгінгі күні ұрпақтын әлемдік ғылыммен прогресс заңдылықтарына сәйкес бәсекеге қабілетті болып қалыптастыру үрдісінде де өзекті болып отыр. Қазақстандық білім беру жүйесіндегі реформалар мектепке дейінгі тәрбиелеу жүйесі мен жоғары оқу орныңдағы білім беру жүйесін қамтиды.

Білім беру ұзақ мерзімді «Қазақстан – 2030» Стратегиясының негізгі мақсаты болып отыр. Қазақстандағы білім беру реформаларының ортақ мақсаты білім беру жүйесінің жана әлеуметтік – экономикалық ортаға бейімделуі болып табылады. Қазақстан Президенті әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына Республиканы кіргізу туралы мақсат қойған болатын. Осы мақсатты жүзеге асыруды білім беру жүйесін дамыту манызды рөл атқарады.

Жаңа мақсаттарды шешу үшін Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасындағы техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, «Қазақстан балалары» бағдарламасы секілді бірқатар бағдарламалық құжаттар мен нормативті актілер қабылданды.

ҚР Президентінің жас дарынды қазақстандықтарға әлемдегі үздік университеттерде білім алуға мүмкіндік беретін «Болашақ» бағдарламасы еліміздегі адам капиталының дамуына қосылған елеулі үлес болды.

Әрбір жеке тұлғаның болашағы өз мектебінде шыңдалады. Ертең осы елге ие болып тәуелсіз еліміздің тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі мектеп оқушылары. «Халықты халықпен,адамды адаммен теңестіретін - білім», - деп ұлы жазушымыз М.Әуезов айтқандай, елімізді өркениетке апарар жолдың бастауында мектеп тұрады. Мектептегі білім - барша әлем тыныс – тіршілігінің алғашқы іргетасы.

Білімді ұрпақ – еліміздің болашағы, ертеңі. Тәуелсіз еліміз қанатын кере жайып,ел мәдениеті өркендеген қазіргі заманда тек білімді жастар ғана ұлтымызды асқақ,елімізді көкке көтереді. Қоғамның негізгі өзегі – жастар. Қазақстанның болашағы жастар еншісінде екенін ескерсек, сол жастардың сапалы білім алып,тәрбиелі, парасатты азамат болып қалыптасуына қоғамның да ықпалы зор екені анық. Саналы қоғамда білімді азаматтармен бірлесе өмір сүрген жастар өз бойында білімге деген құштарлық пен ізгі сезімдерді қалыптастыратыны сөзсіз. Елбасымыз жастардың сапалы білім алып,саналы азамат болуы үшін де қазіргі заманда білім – ғылымға және мәдениетке аса көп назар аударатыны, ғылыми прогрессті дамыту үшін көптеген қызмет атқарып, еліміздің дамуындағы білімнің манызын айтып, нұсқау беруі – бәрі де еліміздің экономикасының қарыштап дамуындағы бірден – бір өзгеріс екені баршамызға айқын. Сондықтан, Қазақстанның жарқын болашағы тек білімді жастармен ғана қалыптаспақ!



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДБ-049104
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>