Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалы"Білімді жастар-ел болашағы" интеллектуалды ойын

"Білімді жастар-ел болашағы" интеллектуалды ойын

Скачать материал

Тақырыбы: Білімді жастар- ел болашағы
Мақсаты:

 Оқушылардың интеллектуалды білімдерін шыңдау, тереңдету; 
Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін елімізде болған жетістіктеріміз бен 
қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 
өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған , қызмет еткен жерлері туралы оқушылардың аған білімдерін көрсету; 
Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын 
сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу. 
Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа 
тәрбиелеу; 
Көрнекілік: өлең жолдары, үзінділер, презентация. 
Түрі: интеллектуалды ойын-сайыс 
Ойын барысы: 
Ұйымдастыру. 
- Ойынның тақырыбы мен мақсатымен (слайд) таныстыру. 


Сәлеметсіздерме құрметті қонақтар және оқушылар! Бүгін біз « Білімді жастар- ел болашағы » атты интеллектуалды ойынымызды 1 желтоқсан қазақ халқының тұңғыш президентінің сайланған күні мерекесіне байланысты өткізгелі отырмыз. 
- Ойынымыздың мақсаты тәуелсіздігімізді алғаннан кейінгі жеткен жетістіктеріміз бен қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған , қызмет еткен жерлері туралы оқушылардың аған білімдерін көрсету. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімнің қалыптасуына ықпал жасау. Ойынымыз сайыс түрінде өтетін болғандықтан сіздерді топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа шақырамыз. 


1. Көңілді тапқыштар, алғырлар,
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
-
2. Ең алдымен сайысқа қатысушылармен танысып өтейік.
1 топ. Болашақ

1. Теңелова Мейіргүл

2. Болатова Бану

3. Қалданова Мадина

4. Айдаралин Мирлан

 

 

2 топ. Тұлпар

1. Серікбаев Жандос

2. Сәрсенбай Жанел

3. Ержан Еркебұлан

4. Шамилов Нұрдаулет

 
1.Әділқазы алқасына бір сәлем!

Әділдікке бас иеді күллі әлем!
Жүйрік озар сайыстарда неше бір.
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл!
Сайыстың әділ бағасын беретін, әділқазы алқасымен таныс болыңыздар.

 

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

2.
Бәйгеге түсіп жарыспай 
Жүйріктің бағы жанар ма? 
Білім мен өнер жарысып, 
Тәрбие, тәлім табар мән. 
Бұл бәйге ойдың бәйгесі 
Кім жүйрік ойға, сол алда,-дегендей, бүгінгі интеллектуалды ойынымыз 8 сыныптар арасында өткелі отыр. Әр сынып бір топты құрайды. Ендеше ойынның бөлімдерімен таныс болыңыздар


1. - Бүгінгі интеллектуалды ойын 6  бөлімнен тұрады:
І кезең "Қас қағым сәтте"
ІІ кезең “Тұлғаны тани біл ”
ІІІ кезең “ Түсін мені ”
ІV кезең « Елбасына сыйлық»

V кезең  Kazakhstan Quiz

VІ кезең  Капитандар сайысы

 

І топ. Топтың аты – «Тұлпар» 
Ұраны:
Асау тұлпар желдей ескен арынды, 
Оқу менен еңбекке сал барыңды. 

ІІ-топ. Топтың аты – «Болашақ» 
Ұраны: Болашақтың ұл-қызымыз 
Көркейтеміз елді біз. 



 

2. Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Бүгін осы сайыста жеңіске жет,
Білімді, әрі білікті жас жеткіншек
- деп сайысымыздың 1 - бөлімін бастаймыз.

1.

І - кезең.“Қас – қағым сәтте” деп аталады.
Бұл сайыста әр топқа 5 сұрақтан қойылады. Әр сұрақ 5  ұпаймен есептеледі.
Сонымен, топтарға сәттілік тілей отыра, ойынымызды бастаймыз.

   1 - тобы:
1. Президентіміз Н.Ә.Назарбаев қай жылы дүниеге келді?  (1940 ж 6 шілде)
2. Бірінші Президент күні қашан тойланады? (1 желтоқсан)
3
Нұрсұлтан Назарбаевтың атын қойған кім? (әжесі Мырзабала)
4.
Н.Ә. Назарбаевтың сөзіне жазылған «Үшқоңыр» әнін қай әншілер орындайды?  (Музарт)
5. Н.Назарбаевтың  қыздары? ( Дариға, Динара, Әлия)

2 - тобы:
1. Н.Ә.Назарбаев қай жерде дүниеге келді? (Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында)
2.Н.Ә.Назарбаевтың жұбайы?(С.А.Назарбаева)
3.
 Н.Ә.Назарбаев еңбек жолын қандай мамандық бойынша бастады? 
( металлургия зауытында қатардағы жұмысшы)

4. 1- желтоқсанда Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты республикамыздың президенті етіп сайлады. Қай жылы?
( 1991 жыл)

5.  Н.Назарбаевтың анасы? (Әлжан)


2. Өз ойыңды ашық айтып,
Түйіндейміз білімді.
Әр нәрсенің жауабын тез
Айтайықшы ұғымды.

1. Алдағы білім шыңына ең білімді топ шығады деп “Тұлғаны тани біл”сайысын бастаймыз.
Бұл сайыста көрсетілген тұлғалар туралы өз білгендерің айтасыңдар. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.
Әр топ санды айтады. Сол санда жазлыған тұлға туралы айтасындар.

Бекзат Саттарханов, Әлия Молдагулова, Илья Ильин, Геннадий Головкин

Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова (шын есімі Ілия, майдандас достары «Лия» деп атапты)  – Кеңес Одағының Батыры (1944), мергенефрейтор.

1925 ж. 25 қазанда Ақтөбе облысы, Қобда ауданының Бұлақ ауылында Сарқұлов Нұрмұхаммед және Молдағұлова Маржанның отбасында дүниеге келген. Бала кезінде анасынан айырылып (1933 ж.), кейіннен Алматыда ағасының қолында тұрған, ал 1935 ж. бастап Ленинград, Красногвардейский ауданы, Гурдин көшесіндегі №46-шы балалар үйінде тәрбиеленген. Санкт-Петербургтегі 9-орта мектебінде оқыды.[1] Оқудағы озаттығы және үлгілі тәртібі үшін Әлия Қырымдағы Бүкілодақтық пионерлер лагері – Артекке жіберіледі.

 

Илья Ильин 1988 жылдың 24 мамырында Қызылорда қаласында дүниеге келген. Отбасында үш ұл баланың кенжесі. Ильяның әйелі – Наталья Ильина. Ол 2005 жылы онымен танысып, 2012 жылы той жасап, үйленді. Оның қызы – Милана Ильина. Әкесі – Александр Ильин. Анасы – Галина Ильина. Спорт залға алғашқы рет алты жасында үлкен ағасы Андрейге еріп келді. Алғашқы бапкері Вилорий Пак болатын.

Қазақстандық тұңғыш олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы (20082012), әлемнің төрт дүркін чемпионы (2005200620112014) және Қазақстан чемпионы [1]. Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. "Динамо" спорт клубының құрамында өнер көрсетеді. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аға лейтенанты.

 

Бекзат Сейілханұлы Саттарханов (4 сәуір, 1980 жыл, Түркістан, Қазақстан - 31 желтоқсан, 2000 жыл, Шымкент, Қазақстан) – қазақстандық боксшы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанға еңбек сіңірген спорт шебері. 2000 жылы өткен Сидней Олимпиадасының жартылай жеңіл салмақ бойынша чемпионы (57 кг дейін). І дәрежелі «Барыс» орденінің бірінші иегері.

 

Головкин Геннадий Геннадьевич (8 сәуір 1982 жыл Қарағанды, Қазақстан)  — қазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақта өнер көрсетеді. Орта салмақтағы әлем чемпионы (IBO тұжырымы, 2010 - қ.у; WBA тұжырымы, 2011 - қ.у; уақытша WBC, 2014 - қ.у). The Ring журналына сәйкес P4P салмақ дәрежесіне қарамастан үздік боксшылардың ондығына кіреді. 2013 жылдың соңында WBA тұжырымы бойынша орта салмақ дәрежесіндегі қазақстандық суперчемпион Геннадий Головкин беделді американдық USA Today басылымының нұсқасы бойынша «Жыл боксшысы» атанған болатын.

 

 

 

Қанат Исламұлы (13 қыркүйек 1984 жыл, Шыңжаң, Қытай) — қазақ кәсіпқой боксшысы, WBA FedeCaribe тұжырымының чемпионы. Яғни, Қанат Ислам орташа жеңіл салмақ бойынша Кариб аймағының үздігі. Әуесқой боксшы ретінде Қытай Халық Республикасы Ұлттық құрама командасының құрамында Пекин Олимпиадасының қола жүлдегері, Чикагода өткен Әлем чемпионатының (2007) және Азия ойындарының (2006) қола жүлдегері. Қытайдың 10 дүркін чемпионы. Ұлты - қазақ. 2010 жылы азаматтығын ауыстырып, атамекені Қазақстанға көшіп келіп "Астана Арландары" кәсіби клубының мүшесі болып 2012 жылға дейін өнер көрсеткен. Қазір кәсіпқой боксшы, Нельсон промоутерлік клуб атынан шығып 12 жекпе жек өткізіп онын нокаутпен жеңіске жеткен. Лақап аты - Қазақ.

 

Димаш Құдайберген (Дінмұхаммед Қанатұлы Құдайберген24 мамыр 1994 жылАқтөбе) — қазақстандық әнші. Витебск қаласында өткен XXIV Халықаралық эстрадалық ән орындаушылар «Славян базары-2015» байқауында Гран-при жеңіп алған, «Халық сүйіктісі» Ұлттық сыйлығының лауреаты[1], «Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға лайықты үлес қосқаны үшін» Қазақстан Республикасының Президенті Құрмет грамотасымен марапатталған, «ABU TV song»халықаралық фестивалінің қатысушысы 

27 наурызда 2017 Қазақстанның сүйікті әншісі Димаш Құдайбергенов "Top Chinese Music Awards" номинацияның жеңімпазы атанды. Әншінің PR-директоры Алпамыс Шаримовтың айтуы бойынша, біздің әнші "Азиядағы ең атақты әнші" номинациясын жеңіп алды. Марапаттау церемониясы кезінде Димаш SOS d'un terrien en détresse әнін орындады.[3]

15 сәуір 2017 Димаш Құдайбергенов Қытайдағы "Singer 2017" жобасында екінші орын алды. 

 

 

ІІІ – кезең «Сандар сыры»


Бұл кезеңде берілген сандардың еліміздің мерекелік атаулы күндерімен сәйкестігін атайсыздар. Бұл тапсырма ортақ. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай. ( 1 минут)

16, 1, 22, 30, 6,9,  7, 4, 8, 12

16-желтоқсан Тәуелсіздік күні

1-желтоқсан  Тұңғыш Президент күні

22-наурыз  Наурыз мерекесі

30 тамыз Конституция күні

6 шілде  Астана күні

9 мамыр Жеңіс күні

7 мамыр Отан қорғаушылар күні

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні

4-маусым Рәміздер күні

12-сәуір Ғарышкерлер күні


- Қорытынды жасаймыз. ( әр топ оқып, карточкаларын әділқазыларға тапсырады)

 

 

ІV  кезең. “Елбасына сыйлық»
1. Бұл турда әр топ берілген әр түрлі қағаздар мен бояулар арқылы Елбасына өз сыйлықтарын даярлайды.

Қорытынды жасаймыз.

 

2. V кезең.

Kazakhstan Quiz Questions

1. When did Kazakhstan proclaim independence?
a) 22
February 1948
b) 28 May 1984
c) 21 August 1976
d) 16 December 1991

2. Which country is to the north of Kazakhstan?
a)
Mongolia
b)
Russia
c)
Nepal
d)
Iran

3. Which lake is to the southwest of Kazakhstan?
a)
Lake Huron
b) Lake Ontario
c) Dead Sea
d)
Caspian Sea

4. Which is the capital of Kazakhstan?
a) Omsk
b) Astana
c) Talghar
d) Orenburg

5. Which is the currency of Kazakhstan?
a) Rouble
b) Ashrafi
c) Tenge
d) Dinar

6. Who was Kazakhstan’s prime minister in 1993?
a)
DaniyalAkhmetov
b)
Karim Masimov
c) NurlanIsakov
d)
Sergey Tereshchenko

7. Who was Kazakhstan’s president in 2001?
a) ZarmakhanTuyakbay
b)
NursultanNazarbayev
c)
AkezhanKazhegeldin
d) NurlanBagimbayev

8. Which is the official language of Kazakhstan?
a) Amharic
b) Kazakh
c) Persian
d) Kurdish

9. When did the khanate of the Little Horde accept Russian protection?
a) 1706
b) 1731
c) 1725
d) 1694

10. When did Russia abolish the khanate of the Great Horde?
a) 1824
b) 1840
c) 1836
d) 1848

 

NursultanNazarbayev (Photo credit: Wikipedia)

1. When did Kazakhstan proclaim independence?
d) 16 December 1991

2. Which country is to the north of Kazakhstan?
b) Russia

3. Which lake is to the southwest of Kazakhstan?
d) Caspian Sea

 

Sponsored Content

 

4. Which is the capital of Kazakhstan?ғу
b) Astana

5. Which is the currency of Kazakhstan?
c) Tenge

6. Who was Kazakhstan’s prime minister in 1993?
d) Sergey Tereshchenko

7. Who was Kazakhstan’s president in 2001?
b) NursultanNazarbayev

8. Which is the official language of Kazakhstan?
b) Kazakh

9. When did the khanate of the Little Horde accept Russian protection?
b) 1731

10. When did Russia abolish the khanate of the Great Horde?
d) 1848

 

 

 

VІ кезең.  – «капитандар сайысы» осы турда капитандар « егер мен президент болсам ...» тақырыбына шағын эссе жазу керек. Капитандарға дайындалу уақыты 3 минут.

Капитандар сөзі.


1. Қорытынды

Ту тігілді халқымның бүгін бағына, 
Жас өрендер желбіретіп, нық ұста. 
Ғасырларға жалғастырып елдікті, 
Дақ түсіме ата-баба арына! 
Үлгі бізге ағалардың ерлігі, 
Ұлағатты, өнегелі еңбегі. 
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары, 
Бүгінгі ұрпақ -болар елдің ертеңі! 
Еліміздің ертеңі сендерсіңдер, бар үміт, Қазақстан ертеңгі күні сендердің қолдарыңда, біз сендерге сенеміз, елімізге адал қызмет етіп, әрқашан армандарың орындала берсін демекпін. 
Бүгінгі сайысқа өте жақсы қатысқандарың үшін сендерге, қонақтарға көп рахмет айтамын. Берекелі, мерекелі күндер көп болсын, күніміз әрқашан күлімдеп ата берсін деген тілекпен ойынымызды аяқтаймын.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Білімді жастар-ел болашағы" интеллектуалды ойын"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор десткого сада

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:


Елбасы күніне орай Оқушылардың интеллектуалды білімдерін шыңдау, тереңдету, Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін елімізде болған жетістіктеріміз бен қазақ халқының тұңғыш президенті НұрсұлтанӘбішұлы Назарбаевтың

өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған , қызмет еткен жерлері туралы оқушылардың алған білімдерін көрсету мақсатында 7-8 сыныптарға арналған интеллектуалды ойын.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 299 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.02.2018 3679
    • DOCX 51.8 кбайт
    • 59 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бакирова Айгерим Нурлановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бакирова Айгерим Нурлановна
    Бакирова Айгерим Нурлановна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 38752
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности реализации Федеральной рабочей программы воспитания в школе

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 90 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 249 человек

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 216 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 549 человек

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 54 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 141 человек

Мини-курс

Event-менеджмент и видеопродакшн: от концепции до успешной реализации

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 10 человек

Мини-курс

Психология взаимоотношений, прощения и самопонимания

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 135 человек из 52 регионов
  • Этот курс уже прошли 41 человек

Мини-курс

Профессиональное развитие педагога: успехи и карьера в образовании

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе