Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / Білімділік: Жаңа сабақ мазмұнын түсіндіру. Дамытушылық: Өтілген сабақпен салыстыру арқылы теориялық білімін, тіл байлығын, сөздік қорын, мазмұнын жүйелеп жеткізу қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Табиғатты қорғауға, ұйымшыл болуға тәрбиелеу

Білімділік: Жаңа сабақ мазмұнын түсіндіру. Дамытушылық: Өтілген сабақпен салыстыру арқылы теориялық білімін, тіл байлығын, сөздік қорын, мазмұнын жүйелеп жеткізу қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Табиғатты қорғауға, ұйымшыл болуға тәрбиелеу



Внимание! Сегодня последний день приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Пәннің аты:Дүниетану

Уақыты:

12.02.2016ж

Кабинет:№11

Мұғалім:Нурбосынова.А.Ш.

Сабақтың атауы

Орман – тоғай өсімдіктері мен жануарлары

Мақсаты:

Күтілетін нәтиже:

Білімділік: Жаңа сабақ мазмұнын түсіндіру.
Дамытушылық: Өтілген сабақпен салыстыру арқылы теориялық білімін, тіл байлығын, сөздік қорын, мазмұнын жүйелеп жеткізу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Табиғатты қорғауға, ұйымшыл болуға тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі: суреттер, А4.А3 маркер байланысты диск.
Әдісі: СТО тех стратегиялары,түсіндіру, баяндау, әңгімелеу, сұрақ - жауап, жинақтау, талдау, эссе жазу

Психологиялық ахуал

Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

hello_html_m52f44b93.jpghello_html_5c4f805b.jpg

1.Орман, тоғай сөздерін топтастыру


- Орман – жер бетіндегі табиғи қорлардың, оның ішінде өсімдіктер жамылғысының басты бір типі. Құрамында бір - біріне жақын өскен ағаштың бір немесе бірнеше түрлері бар табиғи кешен.

-Тоғай – шөл және шөлейт аймақтардың жайылма сулы өзен алаптарында өсетін орман.

Мағынаны тану

Мұғалімнің түсіндірмесі - Орталық Азияның Сырдария мен Әмудария, Шу - Іле т. б. өзендер бойында, аралдарда кездеседі.
Еліміздің солтүстігіндегі Оңтүстік Орал мен Алтайға дейінгі кең алқаптың жазық бөлігінде шағын ормандар өседі. Далалы және шөлді жерлердегі кішірек өзендер мен көлдердің жағасында шоқ тоғайлар көп. Орман мен тоғайлардың өсімдіктеріне қолайлы жағдайлар жеткілікті, топырағы құнарлы, ылғалы мол, топырағы қыста тоң болып қатып қалмайды. Жануарларына мол азық, ыңғайлы баспана да бар.
Қызылжар қаласының төңірегінде қайыңды ормандар жиі кездеседі. Қарағайлы орман мен шыршалы орманның қандай ерекшелігі бар екенін айту. Жарық түсетін қарағайлы орман сияқты жерлерде, топырағы құнарлы, ылғалы мол жерлерде қойбүлдірген, таңқурай, тошала, қарақат, долана, мүкжидек, сиырбүлдірген, мойыл, балшытыр, айдаршөп, қоғажай көктерек. қарағай, шырша, қайың сияқты өсімдіктер көп. Кауфман көкгүлі «Қызыл кітапқа»енген. Орман өсімдіктері адамға пайдалы, дәрілік қасиеті бар. Оларды емдік шөптер дейді.
Суреттер бойынша түсіндіру.
Шөлейт пен шөлдегі өзен аңғарында, кішігірім көл жағалауында ну тоғайлар өседі. Шағын тоғайлар ылғалы бар сайларда кездеседі. Тоғайда жидек көп. Өзен аңғарларында шабындықтар жайқалады. Тоғайда терек, тораңғы, бұталардан шеңгел, ұшқат өседі. Жануарлары да ағашты, бұталы жердің тіршілік жағдайына бейімделген. Көпшілігінің түсі ағаш діңіне ұқсас қызғылт, қоңыр, сұр немесе жапырақ тәрізді теңбіл, жасылдау болады. Сілеусін, борша тышқан, тиін — жануарлары, тоқылдақ, көкқарға, шымшық, жапалақ — орман қамқоршылары. Тоғай жануарлары бартоғай бұғысы, елік, қасқыр, түлкі. Қалың тоғайларда қырғауыл, мысықторғай, жамансары кездеседі.


«ЖИГСО» әдісі арқылы әр топ өзіне берілген тақырыпты ашады.

1топ.Орманда өсетін ағаштар туралы әңгімелеу.

2топ.Орманда өсетін өсімдіктер және емдік шөптер туралы әңгімелеу.

3топ.Орманда тіршілік ететін жануарлар туралы әңгімелеу.

4топ.Орман құстары туралы әңгімелеу.

Сергіту сәті

Тиін, сілеусін, қасқыр, түлкі суреттері берілген.Төрт топтан бір оқушыдан шығып сол суретті маңдайына қойып оқушыларға көрсетеді.оқушылар сипаттап айтады.Оқушы сипаттауы бойынша суреттегі заттың атын айту керек.

Ой толғаныс

«Бес минуттық эссе»

1.Орман –тоғай өсімдіктерін сақтап қорғаудың қажеттілігі бар ма?

2.Орман- тоғайдың адам үшін маңызы бар ма?

3.Орман-тоғайлардың жануарлары неге алуан түрлі болады?

4.Өзің тұратын жерлерде қандай орман немесе шағын тоғайлар бар?

Үйге тапсырма

Мәтінді оқып мазмұндау. Сурет салу

Күнделіктеріне жазып алу

Бағалау

Жинаған стикерлеріне және топ басшысының қойған бағаларымен бағалау

  1. Үй тапсырмасы

  2. Қызығушылығын ояту

  3. 1 тапсырма бойынша

  4. 2 тапсырма бойынша

  5. Қорытынды балл



Топ басшысы бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

hello_html_m27338236.jpg

1.Бүгін не үйрендіңіз

2.Ең маңыздысы

3.Сұрақ











57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 29.09.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Рабочие программы
Просмотров13
Номер материала ДБ-223727
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх