Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Білім-өшпес жүректе жанған шырақ (3-сынып) Тәрбие сағаты

Білім-өшпес жүректе жанған шырақ (3-сынып) Тәрбие сағаты

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Тәрбие сағатының тақырыбы:Білім-өшпес жүректе жанған шырақ

Мақсаты:
1.Алған білімнің адам өмірінің мән-мағынасы үшін аса қажеттілігіне көз жеткізу, алған білімдерін іс жүзінде көрсете білу.
2.Әр баланың ерекшелігін таныта отырып, білімге деген құштарлығын арттыру. 3.Білімділікке,адамгершілікке, Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: шарлар, ұлағатты сөздер

Ұйымдастыру кезеңі:

І Мұғалім сөзі: Жер үстінде адам өмір өткізер, Бар нәрсеге білім қолды жеткізер. Бар ізгілік тек білімнен алынар , Білімменен аспанға жол салынар

-Армысыздар, ата-аналар, ұстаздар! Бармысыздар, Болашақтың бастауы - Балғын шақты балалар! Қазір сіздер 3-сынып оқушыларының: «Білім- өшпес жүректе жанған шырақ» атты танымдық ойынын тамашалайсыздар.

Ал, келіңдер, келіңдер Бір-біріңе еріңдер! Біліміңді тексеріп, Ойынға қатысып көріңдер! –деп ду қол шапалақпен ортаға сайыкерлерімізі шақырайық.

Алған білімдерімізді ортаға салайық.Біліміміздің артып, санамыздың өскенін, сөз байлығымыздың молайғанын көрсетейік. / Сайыскерлер өздерін таныстырады.

  1. оқушы: 2-оқушы: Өнер толы бойымда Ел билеген хан болсын деп Білім толы ойымда Атымды қойды Есімхан Аягөз атты мен қызға Сол сенімді ақтаймын Кім тең келер ойында Батылдықты жақтаймын.

3-оқушы: 4-оқушы: Менің атым Назерке Оқуда да еңбекте Емеспін мен тым ерке Болып жүрмін тек алда Мектебімде сүйікті Сымбат деген қыз болам Оқып жүрмін тек беске Жарысуға жарадым. 5-оқушы: Мен Қадіржан боламын Ата-анама қолғанат Жалқаулықты сүймеймін Ән айтамын, билеймін.



Ашық арқын жүзді, Әділ қазылар біздің. Таңдап баға беруін Шақырайық төрге. Төрелік өздеріңізден. (Әділ-қазыларды ортаға шақырамыз)

Шәкірттеріме тілерім: « Бірінші байлық- денсаулық» -демекші, денсаулықтарың мықты болсын, ақылды, білімді, ел билейтін ұл мен қыз болыңдар дегім келеді. ІІ Негізгі бөлім Танымдық ойынымыз 6-бөлімнен тұрады. Әр сұрақтың дұрыс жауабына жұлдызшалар беріледі. Ойынға 5 оқушы қатысады. Жоспары:

І белес «Білім керек бәріне» ( мәнерлеп оқу)

ІІ белес «Мен ұнатқан пән» (4 пән бойынша сұрақтар)

ІІІ белес «Атадан қалған асыл мұра» (мақал-мәтелдер, нақыл сөздер)

IV белес «Адымда ойлан » ( логикалық тапсырма)

V белес «Сөз ойла,тез ойла » ( екі жақты оқылатын сөздер )

VІ белес «Тапқыр болсаң, тауып көр» ( қызықты сұрақтар)

Жұмбақ шешу:

Ұзын-ұзын , ұзын жол Ұшына жеткен бар ма екен? Түбі терең қара су Түбіне жеткен бар ма екен? Түбіне жетіп сол судың Қанып ішкен бар ма екен?

І белес : «Білім керек бәріне» мәнерлеп оқу

Аягөз: Қадыр Мырза Әли «Дала» Есімхан: Ыбырай Алтынсарин «Өнер білім бар жұрттар» Назерке: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Сен ғылымға» Сымбат: Өтебай Тұрманжанов «Білім» Қадіржан: Сапарғали Бегалин «Кітап»

Білімнің ұшқырлығын танып сен, Асып-тасып, аптықпа, қалыспа сен. Бір-бірлеп сұрақ қойып бақ сынайық, Оқушылардың байқайық білімдерін.

ІІ белес «Мен ұнатқан пән» (4 пән: қазақ тілі,әдебиеттік оқу, математика, дүниетану пәні бойынша сұрақтар) Кестеге белгілеу

Қазақ тілі: 1.Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігі- түбір 2.Заттың санын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады ? 3.Қосымшаның неше түрі бар, ата ? 2 жұрнақ, жалғау 4.Заттың түр-түсін, сынын білдіретін сөздер қалай аталады ?Сын есім 5.Қазақ тілінде неше ұяң дыбыс бар? 7 (б,в,г,ғ,д,ж,з)

Әдебиеттік оқу: 1.Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан Күз болып дымқыл тұман жерді басқан Қандай өлең, авторы кім? Күз Абай Құнанбаев 2.Астананың бұрынғы аты Ақмола 3. «Менің атым Қожа әңгімесінің авторы кім» ? Б.Соқпақбаев 4.Б.Момышұлы кім ? Жазушы, Кеңес Одағының батыры 5.Еліміз Тәуелсіздігін қашан алды? 16-желтоқсан 1991 жылы

Математика: 1.Барлық қабырғалары тең фигура қалай аталады? Шаршы 2.Фигураның ауданын қалай табады? Ұзындығы мен биік/ң көбей. 3. 100 санында неше ондық бар ? 10 ондық 4.Ең үлкен үш таңбалы сан ? 999 5.Бір жылда неше ай, неше күн бар? 12 ай, 365-366 күн

Дүниетану: 1.Жер бетінің ең құнарлы бөлігі қалай аталады? топырақ 2.Ұя салмайтын, жұмыртқасын басқа ұяға салатын құс? көкек 3. Жерде судың қай түрі көп ? тұзды 4.Қара түсті,аздап жылтырайды, қатты, суға батады, жанады. таскөмір 5.Қазақстанда ең көп жасайтын ағаш? Емен 2000 жыл

Ұшқыр ойға серік болып шеберлік, Сөз кезегін белестерге берелік. Арамызда тапқыш достар көп екен, Солардың енді жауаптарын көрейік!

ІІІ белес «Атадан қалған асыл мұра» Бұл бөлімде әр оқушы сандықшадан қима қағаздарда жазылған тақырып бойынша мақал-мәтелдер жаза отырып, тапқырлық танытады. Айтылған ойларға, ұтымды жауап беру.

«Ұтымды сөздер» -Ізгі оймен ашқан есікті .... қатты жаппа. -Су ішкен құдыққа ... түкірме. -Кісіні танымақ болсаң, ... бітірген ісіне қара. -Адамдықтың белгісі- ... иіліп сәлем бергені. -Білгенің бір тоғыз ... білмегенің тоқсан тоғыз. -Таудай талап бергенше ... бармақтай бақ берсін.

Іздегендер табады , Ғылым жұмбақ тау сындас. Білім – өмір сабағы, Ғұмыр бойы таусылмас.

IV белес «Адымда ойлан» логикалық тапсырма

1.Суретші мектеп бөлмелерін нөмірлеуге тиіс еді.Бөлме саны 100 болса, қанша рет «9» цифрын жазу керек. Қалам , қағазсыз есепте. 20

2.1-ден 10-ға дейінгі сандардың қосындысы неге тең? Оны табудың қандай тез жолы бар? (55-ке тең) 1+2+3+4+5+6+7+8+9+10=55

3.Қандай санның жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр бар? ( он- 10, жүз-100) 4.28 саны қай айда кездеседі? Барлық айда 5.Екі қарғаның бірі оңтүстікке, бірі солтүстікке қарап отыр.Олар бірін-бірі көре ме? көреді

V белес «Сөз ойла,тез ойла». Екі жақты оқылатын сөздерді жазып шық.

Қазақ, ата, ана, аға, апа,іні,ірі, ауа,ара,ақа,аша,ала,аза, нан, шаш, қырық, қызық, қалақ, қылық, қақ, кебек, кесек, кезек,керек, кеуек, қабақ, шеш, көк, кек, тот,тат, түт, тұт,тарат, ене, есе, еле,сес, шалаш.

VІ белес «Тапқыр болсаң, тауып көр» қызықты сұрақтар

1.Кім барлық тілде сөйлейді? 2.Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді? 3.Сандыққа нені тығып қоюға болмайды? 4.Орнынан қозғалмай не өтіп жатыр ? 5.Теңізде қандай тастар болмайды? 6.Көзіңмен көресің, бірақ қолыңмен ұстай алмайсың? 7.Қандай ыдысқа су құйылмайды? 8.Елеуішпен су әкелуге бола ма?

ІІІ Қорытынды Қазылар алқасына сөз (Жеңімпаздарды анықтау, оларды құттықтау, сыйлықтар тапсыру)

Сырлары көп ғылымның Шешілмеген әлі де Тереңдігі білімнің Керек екен бәріне, - Фариза апамыз айтқандай, өмір жолымыз шамшырақ білім болмақ. Сондықтан да талаптарың артып, білім шыңына жете беріңдер.



Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 12.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров216
Номер материала ДВ-445679
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх