Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Другие методич. материалы / “Бинго - интелектуал” сайыстың жоспары.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Иностранные языки

“Бинго - интелектуал” сайыстың жоспары.

библиотека
материалов

Қостанай облысы, Денисов ауданы, Әйет селосы

















Бинго - интелектуал” сайысы


Білім – таусылмайтын кен.”

9 сынып



















Сәуле Утарбаева

«Академик Т.Б.Дарқамбаев атындағы

Әйет орта мектебі» ММ

қазақ тілі пәнінің мұғалімі

Бинго - интелектуал” сайыстың жоспары.

Сайыстың тақырыбы: Білім – таусылмайтын кен.

Сайыстың мақсаты:

  1. Білімдік: Оқушыларға тақырыпқа байланысты сөйлем құрастырып, дұрыс айтуға, сөйлеуге үйрету. Тіл туралы білімдерін жүйелеп, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтқызып, алған білімдерін бекіту.

  2. Дамытушылық: Қазақ тілінде ойлау, есте сақтау, сөйлеу қабілеттерінің дамуына жол ашу, іскерлігін қалыптастыру. Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Мемлекеттік тілді білу - өмір талабы екеніне көздерін жеткізу. Оқушылардың өз ана тілін сыйлауға тәрбиелеу.

Көрнекілік, құрал – жабдықтар: кестелер, үлестірме парақшалар, дабыл, түсті белгілер, нөмірлермен қапшық,


2


13


7

24

21


10


12


27

15



18


20


4

23


3

29



14


28

16


26


22



9

19


25


6


17


30


1


5

11

8


Оқудың әдіс – тәсілдері: жүппен, топпен жұмыс, сайыс, сөздіктермен жұмыс. Ізденіс, сұхбат, монолог.

Сайыстың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Сәлемдесу.

ә) Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын айту (1 шумақ)

б) кезекші сұхбаты.

  1. Сайыстың тақырыбын, мақсатың айту.

  2. 1 жүргізуші:

Таразылап, талқылар,

Алдыңда тұр асқар сын.

Ортаға шық, ұландар,

Бинго ойыны басталсын!

Енді ойынымызды бастайық.

2 жүргізуші:

Балалар, бұл жол басы даналыққа,

Келіңдер,түсіп, байқап, қаралық та

Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,

Соларды көре тұра қалалық па ?!

Сәт сапар! Ойынға қатысушы сайыскерлер!

Біріншіден, сайыстың әділқазыларды сыйлап алайық.

Ал, енді ойынның шартымен танысайық. (Ойынның шарты түсіндіріледі).

Ойын шарты:

1 – қатардағы нөмірлер жеңіл деңгейлі сұрақтар.

2 – қатардағы нөмірлер орташа деңгейлі сұрақтар.

3 – қатардағы нөмірлер қиын деңгейлі сұрақтар.

  1. Мен қаптан нөмір аламын, сол нөмір кестедегі 3 деңгейдегі бір сұрақ нөміріне сәйкес келеді.

  2. Сұрақ бір рет оқылады, оқылғаннан соң, дабыл қағылғаннан кейін 45 секунд ішінде ойлануға уақыт беріледі.

  3. Тек дабыл берілгеннен кейін ғана бірден жауап беруге болады. Ескерту: дабыл соғылмай жатып, түс белгісін көтеруге, жауап беруге болмайды.

  4. Егер дабыл қағылғаннан кейін берілген жауап дұрыс болмаса, онда қалған топ берілген уақытты пайдаланып, ойланып жауап беруге болады.

  5. Дабыл қағылғанға дейін топтар жауап беру белгісін көтеріп қойса, онда ол топтың жауабы қабылданбайды және жауап беруге құқы жоқ.

  6. Егер дұрыс жауап берілсе, кестедегі нөмірді жауап беруші топтың түс белгісімен жабамыз.

  7. Егер сұраққа жауап берілмесе кестегі сұрақ (нөмірі) ақ түспен жабылады.

  8. Егер Бинго түсіп жауап берілсе әр деңгейдің ұпайына 10 ұпай қосымша қосылады.

1 – деңгей сұрағына 10 ұпай. Бинго –20 ұпай.

2 – деңгей сұрағына 20 ұпай. Бинго –30 ұпай.

3 – деңгей сұрағына 30 ұпай. Бинго –40 ұпай.

Ойын кестедегі нөмірлер жабылғаннан кейін бітеді. Егер екі топ бірдей ұпай жинаса қосымша сұрақ беріледі де, жеңімпаз анықталады.

Енді ойынымызды бастайық.

Бинго сұрақтары:

1 – деңгей

  1. Қазақ тілінде неше септік бар? (7)

  2. Қазақ алфавитінде неше дауыссыз дыбыстар бар? (25)

  3. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін ата. (бастауыш, баяндауыш)

  4. Зат есім дегеніміз не? Сұрақтарын ата, мысал келтір.

  5. Абайдың шын аты кім? (Ибраһим)

  6. Республика күні қай айда, қай күні тойланады? (25 қазан)

  7. Қазақ тілінде неше жалғау бар? (4)

  8. Дауыссыз дыбыстар қалай бөлінеді? (қатаң, ұяң, үнді)

  9. Қазақ тілінде буынның 3 түрі бар. Қандай? (ашық, тұйық, бітеу)

  10. Сөйлемнің түрлерін ата. (хабарлы, лепті, сұраулы)

Бинго: Республикамыздағы бір өзеннің аты батыр сөзінің синонимі мен бастағы бір мүше атынан құралған. Ол қай өзен? (Ертіс)

2 – деңгей

  1. Сын есімнің қандай шырайлары бар? (жай, салыстырмалы, күшейтпелі).

  2. ҚР Мемлекеттік Төл теңгесі қашан қабылданды? (1993)

  3. Қазақтың белді билерін ата. (Төле, Әйтеке, Қазыбек, Қараменді)

  4. Қазақ тұңғыш космонавт кім? (Тоқтар Әубәкіров)

  5. Астана қаласы қай өзеннің жағасында орналасқан? (Есіл)

  6. Ат үстінде ойналатын қандай ұлттық ойындарды білесіңдер? (Бәйге, жорға, көкпар тарту, теңге алу, қыз қуу,жамбы ату, аударыспақ)

  7. Құрмалас сөйлемнің түрлерін ата. (сабақтас, салалас, аралас)

  8. Сенің әкенің әкесі саған кім болады? (ата)

  9. Отан туралы 3 мақал –мәтел айтып бер.

  10. Қазақ тілін зерттеген қандай ғалымдарды білесің? (Радлов, Сауранбаев, А.Байтұрсынов, С. Аманжолов)

Бинго: Оңға қарай оқысаң да, солға қарай оқысаң да зат есім болатын сөздер? (ана, ата, іні, апа, ара)

3 – деңгей

  1. Құрамында 3 Т әрпі келетін негізгі сын есімді ата. (тәтті)

  2. Оңға қарай оқысаң да, солға қарай оқысаң да сын есім болатын сөздер? (ала, көк, қызық)

  3. Қай жылы және қай айда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды? (30 тамыз, 1995)

  4. Елтаңбада не бейнеленген? (шанырақ, жұлдыз, пырақтар, “Қазақстан” деген жазуы)

  5. Сенің атаң мен әжеңнің жалғыз ұлы саған кім болады? (әке)

  6. Бес бұтақты ағашта –

Бұтақ сайын бес алма

Біреуін бер Маратқа

Сонда болмақ неше алма? (24)

  1. Қолы жоқ сурет салады,

Тісі жоқ тістеп алады. (аяз)

  1. К” әрпінен бастасаң

Суда өмір сүреді,

К” –ні алып тастасаң

Үй күзетіп, үреді. (кит - ит)

  1. Еттен жасалған ұлттық тағамдарды ата. (қазақша ет, қуырдақ, қазы, қарта, құйрық - бауыр, шұжық)

  2. Қазақ тіліне ең жақын тілдер қандай? (қырғыз, татар, башқұрт, ноғай, қарақалпақ)

Бинго: Өздеріңіз білетін екі сөз. Диалогта сөйлем басында келеді. Ауызекі сөйлескенде, сөйлем ретінде жиі кездеседі. Кейде олар “ашуланса”қарсылық мән де береді. (Жоқ, иә)

Ойынның сұрақтары.

Музыка ойналады.

1 жүргізуші: Біздің ойынымыз өз мәресіне жетті. Бүгінгі сайысымызды қорытындылау үшін сөзді Валентина Васильевнаға береміз.

(ортаға жеңімпаз топ шақырылып, марапатталады)

Білім – таусылмайтын кен.

(Сақұлақ шешен.)

Білімі бардың аты өседі,

Білімі жоқтың аты өшеді.

(Ж. Баласағұни)

Білімді адам дәулетінен айырылса да қайғырмайды, оның байлығы – білім.

(С. Сарайи)

Үйренер нәрсең – білім мен мейірімділік.

(Ж. Баласағұни)

Біз де осы айтылғандарды өзімізге басты бағыт ете отырып, бүгінгі “Бинго - интелектуал” сайысының аяқталғанын хабарлаймыз.







1 топ:

Герасемчук Максим

Жандосов Тимур

Кобзарь Кристина

Зинченко Надежда

Шевцова Любовь

Бучко Василий

2 топ:

Савтенко Лада

Голубинский Семен

Бочкова Екатерина

Баязитов Кайрат

Стародубцев Виктор

Снурницен Станислав











































Білім – таусылмайтын кен.

(Сақұлақ шешен.)


Білімі бардың аты өседі,

Білімі жоқтың аты өшеді.

(Ж. Баласағұни)



Білімді адам дәулетінен айырылса да қайғырмайды, оның байлығы – білім.

(С. Сарайи)


Үйренер нәрсең – білім мен мейірімділік.

(Ж. Баласағұни)



Автор
Дата добавления 29.03.2016
Раздел Иностранные языки
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров184
Номер материала ДВ-566761
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх