Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Другие методич. материалы / Биология "Генетика ғылымы және оның зерттеу әдістері. Әдістемелік көмекші құрал" (11 сынып)

Биология "Генетика ғылымы және оның зерттеу әдістері. Әдістемелік көмекші құрал" (11 сынып)

  • Биология

Поделитесь материалом с коллегами:

Генетика ғылымы және оның зерттеу әдістері.

Әдістемелік көмекші құрал.



Бағдарламаны ШҚО Тарбағатай ауданы Көкжыра ауылындағы М.Әуезов атындағы орта мектептің биология пәнінің мұғалімі Ығиева Құралай жасады.

ШҚО Тарбағатай ауданы Көкжыра ауылындағы М:Әуезов атындағы орта мектебінің жаратылыстану-математика бағытымен оқитын биология пәні бойынша кәсіпке бағдарлай оқытатын «Генетика» курсының бағдарламасы.

/11 сынып. Аптасына 1 сағатттан, 34 сағат/

Биологиялық ғылымдардың бір саласы болып келетін генетика ғылымы қазіргі кезде аса маңызды және күннен-күнге қарыштап даму үстіндегі ғылым. Бұл ғылым биологиямен байланысты басқа ғылым салалары- медицина, микробиология, биохимия, цитология, селекция, экология, химия, эмбриология ғылымдарымен тығыз байланыста. Генетика ғылымындағы қазіргі уақытта ашылып жатқан жаңалықтардың барлығы осы ғылым салаларымен өзара сабақтастырылып түсіндіріледі. Сол себепті биология пәні бойынша кәсіпке бағдарлай оқытуда осы курс ұсынылады.



Курстың өзектілігі:

Тірі ағзалардың генетикалық құрылымында әлі де болса ашылмай жатқан құпияөте көп. Ағзаның биохимиялыққ құрамы жасушалар мен ұлпаның өзара үйлесімді қызметінің реттелуін қамтамасыз етеді. Оқу бағдарламасындағы биология пәні бойынша генетика тарауынан кең көлемде көптеген мағлұматтар берілмеген. Берілген материалдар мен тапсырмалар генетика ғылымын тереңдетіп оқуға, оны терең меңгеруге қиындықтар туғызады. Сондықтан генетика тарауын тереңдетіп оқыту мақсатында осы курс енгізіліп отыр. Бәсекеге қабілетті дамыған елдің білімді маманы болуға бағыттауда көп көмегін тигізеді деген ойдамыз.

Жаратылыстану-математика бағыты бойынша осы бағдарлы курсты оқыған оқушы бүгінгі күні ең өзекті мәселе болып отырған қоршаған ортаның ластануы, адам денсаулығы, оның бүгінгі және болашақтағы тірі ағзалардың эволюциялық және жеке дамуына мутациялық әсері, медициналық генетика негіздері, адамзаттың генетикалық құндылығын сақтау мәселелері туралы тиянақты білім мен біліктілікпен қаруланған, теориялық білімін практикада пайдалана білуге дағдыланған тұлға болуға тиіс. Генетика курсын оқыту барысында оқушылардың өз бетімен ізденіп, шығармашылық қабілеттерін дамытуға мол мүмкіндіктер беріле отырып,жаратылыстану ғылымдарының негізіндегі түйінді құзыреттіліктерінің қалыптасуына жол ашылады.



Курстың мақсаты:

Әлемде қарыштап даму үстіндегі генетика ғылымының соңғы жетістіктерімен қаруландыру. Генетика курсы бойынша жинақтаған білімі мен біліктігін барлық жаратылыстың үйлесімділігі мен бірлігін талдап, түсінуде қолдана білу,тұлғаның оқуын барынша даралап,оның бойында қалай оқу керектігін үйренуге барынша мән беріп,бәсекеге қабілетті тұлға ретінде дамуына сай дағдыларын қалыптастыруға жетісу.



Курстың міндеті:

Қазіргі уақыттағы қоршаған ортаның ластануы, оның тірі организмдерге әсері жайлы:

  • тұқымқуалаушылық пен өзгергіштіктің тірі организмдер мен эволюциядағы рөлі;

  • физикалық, химиялық және биологиялық ластанудың адамның тұқымқуалаушылығына тигізетін зияны;

  • қоршаған ортаны мутагендік фактолардан таза ұстаудың маңызы;

  • медициналық генетика негіздерін;

  • генетикалық есептерді шығару жолдары;

  • қан топтарын анықтай білу дағдыларын дамыту.



Оқушыларға қойылатын талаптар:

  • терминдер, түсініктемелер мен анықтамаларды талдап, олардың өзара байланысын түсіндіре білу;

  • өздігінен ізденіп білім алу және алған білімін өмірде қолдана білуге дағдылану;

  • компьютермен, интернетпен, БАҚ-пен жұмыс істей білу шеберліктерін дамыту;

  • шығармашылық қабілетін арттыра отырып, топпен жұмыс жасай білу, пікірсайыс, ойталастарда өз ойлары мен сезімдерін еркін жеткізіп, өзіне қарасты объективті пікір білдіре алуы дағдыларының болуы;

  • жаратылыстану ғылымдары негізінде өздерінің қабілеттерін,біліктіліктерін және барынша әлеуетті мүмкіндіктерін дамытуға талпыну.



Бағдарлама 4 бөлімнен тұрады.

1 бөлім Генетика ғылымы және оның зерттеу әдістері.

2 бөлім Тұқымқуалаушылықтың материалдық негізі.

3 бөлім Тұқымқуалаушылық заңы туралы.

4 бөлім Қоршаған орта және генетика.

  1. тарау. Генетика ғылымы және оны зерттеу әдістері.



    1. Генетика ғылының даму тарихы. Генетика ғылымына еңбегі сіңгенғалымдар.

Қазақстанның генетик ғалымдары, олардың осы саладағы жетістіктері мен заманауи ғылымның дамуында алатын орны.

    1. Генетика ғылымы, оның зерттеу обьектілері, мақсаты мен міндеттері. Биологияның басқа салалармен байланысы. Медициналық генетика, педагогикалық генетика және молекулалық генетиканың негіздері.

    2. Жынысты анықтаудың хромосомалық теориясы. Жыныспен тіркесіп тұқым қуалайтын белгілер, оларды анықтаудың маңызы.

    3. Адамның тұқымқуалаушылығы мен өзгергіштігін зерттеудің әдістері. Адамдағы доминатты және рецессивті белгілері. Кариотип. Генетикалық карталар. Генетикалық әдістер, олардың маңызы. Генеологиялық, цитогенетикалық, егіздерді салыстыру, популяциялық, биометриялық әдістер және олардың адамның өмір сүру мүмкіндігін жақсарту мақсатындағы ролі.

2 тарау. Тұқымқуалаушылықтың материалдық негізі.

2.1 Жасуша құрылысы, оның зерттелу тарихы.

Цитология ғылымының басқа ғылым салаларымен байланысы. Микроскоп, оның құрылысы. Прокариот пен эукариот жасушаларының ерекшеліктері.

2.2 Жасуша мембранасы, оның құрамы, құрылысы, маңызы. Жасуша мембранасындағы

органикалық заттар, құрамы мен маңызы. Өсімдік жасушасының мембранасының

жануар жасаушасының мембранасынан ерекшеліктері.

2.3 Цитоплазма және оның органиодтары. Цитоплазманың құрамы мен қызметі.

Пластидтер.Гольджи жиынтығы. ЭПТ. Рибосомалар. Лизосома. Вакуоль. Жасуша орталығы мен қосындылары.

2.4 Ядро. Құрамы, құрылысы, маңызы. Ядрошықтар.Ядро шырыны. Ядроның тұқымқулаушылықтағы ролі. Геммерлинг тәжірибесі.

Хромосомалар, құрамы, құрылысы, әр түрлі типтері. Тұқымқуалау мен өзгергіштіктегі маңызы.

2.5 ДНҚ молекуласының құрылысы, құрамы, маңызы. Нуклеотидтер. Пуриндік және пиримидиндік негіз, оның құрамы мен құрылысы. ДНҚ молекуласының құрылысының зерттелуі және пайдаланған әдістер. ДНҚ молекуласының редупликациясы.

2.6 РНҚ молекуласының құрылысы, құрамы, маңызы. Нуклеотиттері.

2.7 Жасушаның бөлінуі. Митоз. Митоз фазалары. Цитокинез. Амитоз. Эндомитоз. Политения. Митоздың тұқымқуалаушылықтағы маңызы. Мейоз. Мейоздың фазалары мен кезеңдері. Мейоздың тұқымқуалаушылықтағы маңызы. Жыныс клеткалараның пайда болуы-Гаметогенез. Спрематогенез. Оогенез. Ұрықтану.

2.8 Тұқымқуалаушылықтың молекулалық негіздері. Геннің структурасы мен әсері. Ақуыз биосинтезі және оны реттеу. Ақуыз биосинтезіндегі нуклейн қышқылдарының ролі. Транскрипция. Трансляция.

2.9 Гендік инженерия. Оның мақсаттары мен міндеттері. Гендерді алу жолдары. Гендер банкі. Трансплантация. Трансгенез. Трансформация. Трансдукция. Өзара гибридтендіру.

  1. тарау. Тұқымқуалаушылықтың негізгі заңдылықтары.

3.1 Тұқымқуалаудың заңдылықтары. Біркелкілік заңы. Ажырау заңы. Белгілердің тәуелсіз ажырау заңы. Аллелизм, генотип, фенотип. Моногибридті, дигибридті және полигибридті будандастыру заңдары.

3.2 Тұқым қуалаудың хромосомалық теориясы. Тіркесіп тұқым қуалау. Кроссинговер.

3.3 Гендердің өзара әрекеттесу типтері. Комплементарлық. Эпитаз. Полимерия.

3.4 Өзгергіштік және оның классификациясы. Тұқым қуалайтын өзгергіштік түрлері: комбинациялық, корреляция, гомологиялық, мутациялық өзгергіштіктер.

3.5 Мутациялардың классификациясы. Геномды мутациялар. Хромосомды мутациялар: делеция, инверсия, дупликация, транслокация. Гендік мутациялар. Цитоплазмалық мутациялар. Индуцирленген мутациялар.

3.6 Генетика және селекция. Инбридинг, аутбридинг, гетерозис. Топкросс. Поликросс. Линиялардың жеке комбинациялаушы қабілеттілігі. Полиплоидия және оның түрлері. Автополиплоидия. Аллополиплоидия. Жануарларда кездесетін полиплоидиялар. Полиплоидті формалардың алыну әдістері. Гаплоидия. Гаплоидтарды алу әдістері. Гетероплоидия.

3.7 Модификациялық өзгергіштік. Өсімдіктерді және жануарлардағы модификациялық өзгергіштіктер, олардың гентикалық маңызы.

3.8 Эволюцияның генетикалық негізі. Популяциялар генетикасы. Харди-Вайнберг заңы.

  1. тарау. Қоршаған орта және генетика.

4.1 Қоршаған орта және адам денсаулығы. Қазіргі замандағы экологиялық проблемалардың пайда болу себептері. Ластағыш заттар.

4.2 Қоршаған ортаның химиялықластануы. Улы газдар, улы заттар, ауыр металдар,химиялық тыңайтқыштар,пестицидтермен ластану түрлері. Озон қабатының жұқаруы. Қышқыл жауындар. Улы тұмандар.

4.3 Қоршаған ортаның радиациялық ластануы. Радиоактивті сәулелер. Ионданған сәулелер. Сәулелік аурулар. Нуклейдтер. Полигондардың зардаптары.

4.4 Қоршаған ортаның биологиялық ластануы. Жұқпалы аурулар, олардың түрлері. Гепатит. СПИД. Энцефалит. Бактериологиялық қару, оның зардаптары.

4.5 Қазақстандағы экологиялық зардап аймақтары. Полигондар аймағы. Ракеталық полигондар. Қалдықсыз технология. Зиянды қалдықтарды жою немесе қауіпсіздендіру.

4.5 Ноосфера эволюциясындағы табиғат пен адам арасындағы табиғи үйлесімділік пен тепе- теңдікті сақтауда ғылыми- техникалық прогресті дамытудың маңызы.



ШҚО Тарбағатай ауданы Көкжыра ауылындағы

М.Әуезов атындағы орта мектебінің

биология пәні мұғалімі: Ығиева Құралай Жұмағалиқызы





Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 16.01.2016
Раздел Биология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров388
Номер материала ДВ-346300
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх