Инфоурок Другое Статьи«БИОЛОГИЯ, ХИМИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ КЕЙБІР ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ»

«БИОЛОГИЯ, ХИМИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ КЕЙБІР ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ»

Скачать материал

     ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ МИНИСТРЛІГІ

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

ЖАМБЫЛ  АУДАНЫ  МББ

 

 

 

 

 

 

 

 

Б А Я Н Д А М А

 

Тақырыбы: «БИОЛОГИЯ, ХИМИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА  ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ КЕЙБІР ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ»

 

 

 

Қуанышбаева Гүлзада Қамбарқызы

 

 

 

 

«БЛАГОВЕЩЕНКА №2 ОРТА МЕКТЕБІ» КММ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                         ЖОСПАР

 

І Кіріспе бөлім

 Пәндерді оқытудың ғылыми – педагогикалық проблемалары.

 

 

ІІ Негізгі бөлім

   1. Жаңа технологиялар – білім сапасын арттырудың кепілі.

   2. Биология, химия сабағында оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру.

 

 

ІІІ Қорытынды бөлім

     Оқыту үрдісіндегі жаңа әдіс – тәсілдердің тиімділігі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың  Қазақстан халқына жолдауында «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте     оның білімдік деңгейімен айқындалады» деп айтылған.

Егемендік алған тәуелсіз Қазақстанның әлемдік өркениетке жетудегі бірден-бір дара жолы- білім жүйесі. Орта мектеп- білім жүйесінің ең басты буыны. Орта мектепте  қаланған білім негізі оқушының болашағына жол ашады.

Қазіргі кезеңдегі басты мәселенің бірі жаңа технологиялардың дамуы кезеңінде болашақ ұрпақтың тәрбиесі мен білім алуында ұстаздардың атқаратын рөлі ерекше. Егемен еліміздің болашағы, оның әлемдік өркениеттегі  өз орны, ең алдымен білім мен тәрбиенің бастауы – ұстаз қолында.

        Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық  сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.

      Қанипа  Бітібаеваның «Ой  салу-ұстаз  тарпынан, ойлану-шәкірт  тарапынан,  ойланту- ұстаз  тарапынан,  шешімге  келу- оқушы  тарапынан  болу  керек» деген  пікірдің  психологиялық  жағынан  дұрыс  тұжырым  екендігін  атай  кеткен  жөн.  Өйткені  таным  үдерісі, біріншіден,  ұстаз  бен  оқушының  бірлескен  әрекеті  арқылы  іске асса,  екіншіден,  олардың  әрқайсысы  жеке  тұлға  ретінде  түрліше  әсерге  бөленеді. Танымдық  белсенділік  көрсеткіштеріне  тұрақтылық,  оқу саналылығы, шығармашылық  қабілеттері,  дәстүрден  тыс  оқу  жағдайларындағы  тәртібі,  оқу  міндеттерін  шешудегі  өз  беттілігі  жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 


Прямоугольник: скругленные углы: Мұғалім алдынадағы міндеттерОқушының жан – жақты жұмыс істеу мүмкіндіктеріне жол ашу үшін мұғалімнің алдына мынадай міндеттер қойылады .

 

Прямоугольник: скругленные углы: Сапалы  теориялық білім негіздерін қалыптастыру Прямоугольник: скругленные углы: Оқушының өз бетімен ізденуін ұштау
Прямоугольник: скругленные углы: Ұлттық  дүниетанымға негізделген тәрбие беру
 

 

 


    «Адам  ұрпағымен  мың  жасайды» дейді  халқымыз.  Ұрпақ  жалғастығымен  адамзат  баласы   мың  емес  миллиондаған  жылдар  жасап  келеді.  Жақсылыққа  бастайтын  жарық  жұлдыз – оқу. «Надан   жұрттың  күні – қараң,  келешегі-тұман»  деп М. Дулатов  айтқанындай,  егеменді  еліміздің  тірегі – білімді  ұрпақ.  Сусыз,  құрғақ,  таса,  көлеңке  жерге  дән  ексең  өнбейтіні  сияқты  жас  ұрпағымызды  тәрбиелемесек   өспейді,  өнбейді.  Сондықтан  өз  ұрпағының  өнегелі,  өнерлі,  еңбексүйгіш, абзал  азамат  болып  өсуі  үшін  оқу-тәрбие  үрдісін  тиімді  жүргізу - әрбір  ұстаздың  міндеті.  Осы  орайда  елбасы  Н.Ә. Назарбаев: «Болашақта  еңбек  етіп,  өмір  сүретіндер – бүгінгі  мектеп  оқушылары.  Мұғалім  оларды  қалай  тәрбиелесе,  Қазақстан  сол  деңгейде  болады.  Сондықтан  ұстазға жүктелетін  міндет  ауыр»  дегені  бар.  Қазіргі  заман  мұғалімінен  тек  өз  пәнінің  білгірі  болу  емес,  жаңалыққа   жаны  құмар,  оқытудың  жаңа  технологияларын  шебер  меңгерген,  білімі  мен  білігі  жоғары  тұлға  болу,  ақпараттық сауаттылық  талап  етіледі.  

      ХХІ ғасырдың жан – жақты зердері, дарынды, талантты адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Егеменді ел болып, таңдаулы елу елдің қатарына ену басты мақсатымыз болған соң, білім мен ғылым саласы дүниежүзілік деңгейге сай болуы керек. Елімізде болып жатқан өзгерістер мектеп жұмысына да елеулі жаңалықтар әкеліп отырғаны даусыз. Қазақ тілі мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеріліп жатқанда қазақ тіл пәнін оқыту ісі де жаңаша бағыт алып келеді. Демек, оқушыларға жүйелі білім беруге жаңа талап тұрғысынан қарап, оқыту тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруға міндеттіміз

        Білім – теңіз, оның тереңіне құпиясын аша алатындар ғана бойлай алады. Ондай адамдарды дайындайтын, білім беретін бала жанының бағбаны – мұғалім. Ал мұғалім білімді оқушы санасына сабақ арқылы жеткізеді. «Білім беру – табиғат пен қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруі және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуі» дейді Ж. Қоянбаев. Ендеше келер ұрпаққа тәрбие мен білім берудің, білім сапасын жақсартудың бірден – бір жолы – жаңа технологияларды қолдану. Бүгінгі таңда озат педагог – ғалымдар, тәжірибелі мұғалімдер ойлап тапқан сабақты түрлендіре өткізудің неше түрлі жаңа тәсілдері жеткілікті. Қазақстанда да мектептер үшін оқыту технологияларын дайындау мәселесімен айналысып, ғылым мен практиканы қоса алып жүрген отандық ғалымдарымыз баршылық.

Табличка: Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасыТабличка: Ж. Қараевтың «Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі»Сабақтарда қолданылатын  жаңа технологиялар

 

 

Табличка: Н. Оразахынова «Сатылай кешенді талдау» Табличка: М. Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы»
 

 


    Технология дегеніміз – белгілі бір үрдістерді жүзеге асыру әдістері жайындағы білімдердің жиынтығы, оқу үрдісін жандандыру мақсатында ұйымдастырылған, білгілі бір  мақсатқа жұмылдырылған алдын – ала ойластырылған ықпал мен әсер. Сонымен бірге оқу үрдісін ойдағыдай жүзеге асырудың мазмұнды техникасы және білім алудың жоспарланған нәтижелерге жету үрдісінің сипаттамасы.

Педагогикалық технологиялар – оқу – тәрбие үдерісінің шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген факторларының үйлесімділігі оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жаңа құрамдас бөлігі.

         Оқушылардың  оқу белсенділігін  қалыптастырудың  бір  көзі – жаңа  технологияларды  қолдану  арқылы  сабақты  түрлендіріп  өткізу.  Қазіргі кезде заман талабына сай білім беру үрдісіне 50 – ден астам жаңа технология қолданылады екен. Олардың бірнешеуіне тоқталып өтейік:

         Дамыта оқыту технологиясы – күрделі құрылымды біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін - өзі өзгертуші субъекті дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдай жасалады.

          Деңгейлеп оқыту технологиясы – қазақ тілін деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту үшін тиімді болып табылады. Деңгейлеп  оқыту - әрбір  оқушы өзінің  деңгейінде  оқу  материалын  меңгеруін  қамтамасыз  етеді  және  әр  баланың  танымдық  белсенділігін  арттырады.

              1. Әр  оқушыға  өз  мүмкіндігін  барынша   пайдалана  отырып  білім  алуына  жағдай  жасайды.

               2. Балаларға  бірдей  зейін  аударып,  олармен  саралай  жұмыс  істеуге  мүмкіндік  береді.

               3. Оқушының  жеке  ерекшкліктеріне,  өз  эмоциясын  басқара  білуіне  назар  аударады.

       Сабағымды  өткізу  барысында деңгейлеп  оқыту  технологиясын пайдаланып  көрдім.

     Көптеген  технологиялар  арасында  оқушылардың  оқу  белсенділігін  қалыптастыруға   аса  қолайлы  технология – сын  тұрғысынан  ойлау  жобасы.    Сын тұрғысынан ойлау технологиясы- біріншіден сын тұрғысынан ойлау өзіндік және жеке  ойлау болып  табылады. Ал, сабақ сын тұрғысынан ойлау принциптеріне негізделген болса, әркім ойлары мен пікірлерін тәуелсіз құратын болады.  Екіншіден, сұрақтар қойылып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады.   Үшіншіден, көңілге қонымды дәлелге ұмтылады, мәселені  шешудің жолын іздеп табады. Ал, оқушы белсенділігін қандай тәсілдер арқылы арттыруға болады деген сұрақтарға байланысты «сыни ойлауды дамыту» жобасы авторларының бірі Ч. Темпл төмендегідей әдістерді ұсынады:

-         күтілетін  нәтижелерді нақты айқындау

-         жазба жұмыстарын жиі орындау

-         оқушылардың ой-өрісін дамытатын сұрақтар қою

-         бірлесе оқу тәсілдерін қолдану

-         оқыту пәндерінің әлеммен, күнделікті өмірмен байланысын орнықтыру.

     Сын  тұрғысынан  ойлау  сабақтарында   оқушы  өзін -өзі  еркін  ұстап,  өзгеге  сенімін,  жылуын  күшейтеді.  Оқушының  тақырыпты  толық  меңгеруіне,  уақыт  үнемдеуге,  өз  бетінше  жұмыс  жасауына  өте  ыңғайлы. Сондықтан  өз  сабақтарымда  сын  тұрғысынан  ойлау стратегияларының кебір элементтерін  үнемі  пайдаланып  отырамын.Мысалы, сабақты  бекітуде  «Венн диаграммасы» әдісін  қолдандым.

Овал: ОттегіСол  сияқты үй  тапсырмасын  пысықтау  және  қорытындылау  бөлімдерінде  «Топтастыру»  стратегиясын  тиімді  пайдаландым. 

 

 


Сын  тұрғысынан  ойлау  стратегияларында  оқушы  төмендегідей  нәтижелерге  жетеді.

-         оқушы  өздігінен  жұмыс  істеуге  мүмкіндік  алады.

-         тапсырмаларды  өзі  талдай  алады

-         өз  ойын  анық  жеткізе  алады

-         бір – бірін  бағалайды

-         өз  қателерін  түзетеді

-          жеке  қабілеттері  анықталады

-         бір-бірінен  қалмауға  тырысады

 

    Нәтижесінде жаңа  технология  әдістерін  сабақта  пайдалану  білімді  және  іскерлікті  меңгеруге  әсер  етеді,  себебі  оқушының  танымдық  қабілеттері  білімді  иеленуге  ұмтылдырады. Дамытушылық  рөлі  бар,  яғни  ойлаудың  дербестігін,  қызығуды  және  ынтасын  дамытады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


    Иә, жүйелі қашанда жемісін бермек «Мектептің тірегі де, тілегі де оқыта білетін мұғалім» деп А. Байтұрсынов айтқандай оқытудың озық технологиясын меңгермейінше жас ұрпаққа заман тамабына сай білім беру тиімсіз. Жаңа технология әдістерін тиімді пайдалана білсек мол жетістіктерге жетеріміз сөзсіз. Олқызығушылықтан бастап тақырыпқа болжам жасатып, мақсат қойып, сұрақ беріп, жауап алуға, мазмұнды толық түсінуге жағдай туғызады.

          1. Еркін ойлауға мүмкіндік береді

          2. Ақыл – ойын дамытады

          3. Шығармашылық белсенділігі артады

          4. Тіл байлығын жетілдіреді.

          5. Ұжымдық іс –әрекетке тәрбиелейді.

Біз оқушыларымыздың таланттарын шыңдай түсуін және оның жетілдіре меңгеруін қалаймыз. Осы тұрғыда оқытудың жаңа әдіс – тәсілердін пайдалану тиімді деп әбден айтуға болады. Бұл әдіс – тәсілдер балаларды сауатты жазуға, сөйлей білуге, өз ойларын ауызша – жазбаша еркін баяндауға баулиды, танымдық қасиетін дамытады.     Өзім әр сабағымда оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруды басты назарда ұстаймын. Әртүрлі тәсілердің көптеп қолданылуы оқушыларды шаршатып жалықтырмайды деп толық айта аламын.

        Мен өзім сабақ беретін сыныптарға жаңа әдіс – тәсілдерді көріп, біліп, ізденіп өз тәжірибемде қолданып жүрмін. Кез  келген әдісті қолдану арқылы жұмысымда оң өзгерістер болғанын байқап жүрмін. Біріншіден, оқушылар өз ойын айта алатын болды, кез  келген нәрсені сыни тұрғыдан ойлауға үйренді. Екіншіден, пәнге деген қызығу арта түсті. Сондай – ақ топтық жұмыстар мен жекелей жұмыстар оқушылардың білім деңгейін көтеруге септігін тигізетініне көзім жетті. Оқушылардың өздері істеген жұмыстары естерінде ұзақ сақталатыны айқындалды. Қытайда мынындай мақал бар екен: «Маған айт- мен ұмытып кетемін, үйрет маған- менің есімде қалады, өзіме істет- мен үйренемін» дейді екен. Бұдан шығатын қорытынды оқығаннан – 10%, естігеннен- 20%, көргеннен - 30%, көріп отырып естігеннен - 50%, өздері айтқаннан - 70%, өздері орындағаннан - 90 % оқушы есінде қалады екен. 

              Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында  «Білім беру  жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық  құндылықтар, ғылым мен практика  жетістіктері негізінде  жеке  адамды  қалыпстыруға  және кәсіби  шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар  жасау; ... оқытудың жаңа технологияларын  енгізу, білім беруді  ақпараттандыру,  халықаралық ғаламдық коммуникациялық   желілерге шығу» делінген. Бұл міндеттерді шешу үшін  мектеп ұжымдарының, әр  мұғалімнің күнделікті  ізденісі  арқылы  барлық  жаңалықтар    мен қайта құру,  өзгерістерге  батыл  жол ашарлық  жаңа тәжірибеге,  жаңа қарым қатынасқа өту  қажеттігі туындайды. Сондықтан да әр мұғалім өз  іс - әрекетінде  қажетті  өзгерістерді, әр түрлі  тәжірибелер  жөніндегі  мағлұматтарды, жаңа әдіс  тәсілдерді дер  кезінде  қабылдап, дұрыс пайдалана  білуі  керек.

      «Қыран түлегіне қайырылмас қанат сыйлайды, ұстаз түлегіне алға бастар талап сыйлайды» дейді халқымыз. Жаңа    технологияларды        пайдалана отырып, жас ұрпақтың танымдық қабілетін дамытып, тілге, әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру –  құнарлы жерге сепкен «білім» егінінен мол өнім алуға тырысумен тең.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«БИОЛОГИЯ, ХИМИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ КЕЙБІР ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий отделом архива

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 189 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.06.2016 1336
    • DOCX 79.2 кбайт
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Куанышбаева Гульзада Камбаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 43312
    • Всего материалов: 17

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Педагогические идеи выдающихся педагогов и критиков

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Здоровые взаимоотношения: адаптация и развитие ребенка через привязанность и игрушки

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 89 человек из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 60 человек

Мини-курс

От Зейгарника до Личко: путь к пониманию человеческой психологии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 15 регионов