Инфоурок Биология Другие методич. материалы"Биология, химия сабақтарындағы сындарлы оқыту". Баяндама

"Биология, химия сабақтарындағы сындарлы оқыту". Баяндама

Скачать материал

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ Бандама пед оқуы.docx

                                                                              Жaй мұғaлiм хaбaрлaйды

                                                                            Жaқcы мұғaлiм түciндiрeдi,

                                                                            Кeрeмeт мұғaлiм көрceтeдi.

                                                                          Ұлы мұғaлiм шaбыттaндырaды.                                                                                                                 Уильям Уорд

 

     Сыни тұрғыдан ойлау - Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Сыни тұрғыдан ойлау баланың ойы мен қабілетінің дамуы үшін аса маңызды тәсіл екендігі баршамызға белгілі.  Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету екі мағынада қарастырылады,   олар: оқушының сыни тұрғыдан ойлауы және мұғалімнің сыни тұрғыдан ойлауы. Мұғалімнің сыни тұрғыдан ойлауы өзінің жұмыс тәжірибесін, өз сабақтарында жаңа тәсілдерді қолдану және оқушыларды бағалау әрекеттерін сыни тұрғыдан қарастыруды  қамтиды. Ал  балалардың сыни тұрғыдан ойлауын дамытуда оларға белгілі бір мәселеге көңіл аударуға, оны алынған басқа да мәліметтермен салыстыруға, мәліметтерді талдауға, синтездеуге, және өздері қорытынды шешім шығаруға бағытталатын жұмыс түрі. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды саналы және оймен қабылдауын көздейді. Ойы сыни тұрғыдан дамыған оқушылар өз ортасында  сыныптастарымен және мұғаліммен сұхбаттасуда өз көзқарасын, өз ойын еркін айта алады, өз көзқарасын қорғай алады.

    Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту әлем ғалымдарының бірлескен еңбегінің нәтижесі деп қарастырылады. Бұл модуль аясында шетелдік ғалымдармен қатар қазақстандық ғалымдардың да еңбегі бар. Аталған модульді оқу үдерісіне енгізуде Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теориялары басшылыққа алынады. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулінің басты мақсаты - кез келген мәлімет пен алынған ақпаратқа сыни тұрғыдан қарап, талдау, синтез жасау және сол алынған ақпарат жөнінде қорытынды жасау болып табылады. Сыни тұрғыдан ойлау – сынау емес, шындалған ойлау. Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану»деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды.  

  Бүгінгі таңда Қазақстанда мұғалімдердің біліктілігін арттыру мақсатында жүзеге асып жатқан Кембридж университетінің әлемдік жоғары деңгейдегі оқыту әдістемелері қанатын кеңге жайып, оқыту үдерісіне шапшаң түрде еніп келеді. Мен сындарлы оқыту теориясының үшінші деңгей бағдарламасын оқып үйрендім. Сабақ барысында оқушылардың бұл оқыту теориясы бойынша нәтижесі анағұрлым артқанына көз жеткіздім. Заманауи оқыту оқушылардың сұранысы екенін әрбір педагог түсіне білуі керек. Сондықтан да оқытудағы Кембридж тәсілі бұл сұранысты қанағаттандыра алады. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары басым болған сайын сабақтың жүйелі, қызықты әрі талантты және дарынды оқушылардың сабаққа  үлгерімі төмен оқушыларға («ЖАДА» – жақын арадағы даму аймағы) тапсырманы орындауда көп көмегі тиетіні айқын көрінеді. Мұғалім мен оқушы, оқушы мен мұғалім арасындағы диалог сабақтың өн бойында өз дәрежесінде іске асырылып отырады. Сабақ барысында әрбір тапсырма бойынша зерттеу үдерістерін басқармай, мұғалім тарапынан    бағыт - бағдар беріледі. Сыни тұрғыдан ойлау оқушылардың  сыни тұрғыдан ойлау, идеяларды синтездеу, басқалардың идеяларының шынайылығымен, басқалардың идеяларына күмәнмен қарауға деген қабілетімен түсіндіріледі. Ал бұндай әрекеттер бүгінгі оқушыға қойылатын басты талаптар, білім сапасын дамытатын алғышарттар екені белгілі.

   Мен осы сыни тұрғыдан оқыту модулінен күтілетін нәтижеге сүйене отырып, оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, еркін түрде өзіндік дәлел, уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір көзқарастары дамыған оқушы қалыптастыруды көздедім. Аталған тақырыптарды  балаға жан-жақты меңгертуде сыни тұрғыдан ойлау модулімен оқытудағы жаңа тәсілдерді ұштастыра отырып өтуді, соның нәтижесінде мемлекеттік стандартты балаға еркін меңгертуді көздедім.

     Сыныбы: 10 «А»

     Пән атауы: Биология.

     Сабақ тақырыбы:  РНҚ құрылымы, оның түрлері мен қызметі. АТФ.

     Сабақ мақсаты: РНҚ құрылымы, түрлері жайлы білімді меңгеру, олардың біздің  өміріміздегі рөлін, түрлерін бір-бірінен ажырата білуге үйрену. АТФ-тың қызметін түсіну.

      Міндеттері: 

                  -білімдерін жетілдіру, есте сақтау қабілеттерін дамыту, еркін жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру;

                   -топта ұйымшылдыққа, өзара ынтымақтастыққа, шапшаң ойлай білуге баулу;    

                   -өз ойын еркін айта алатын, сыни тұрғыдан ойлай білетін тұлға қалыптастыру.

       Күтілетін нәтиже: РНҚ құрылымы, түрлері жайлы білімді меңгереді, олардың біздің  өміріміздегі рөлін, түрлерін бір-бірінен ажырата біледі. АТФ-тың қызметін түсінеді.

      Қолданылатын модульдер:Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру, оқыту, Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану, ОүБ және ОБ.

      Стратегиялық іс-әрекет: «Семантикалық карта» әдісі, «ДЖИГСО» әдісі, «Венн диаграммасы».

Р\с

Уақыт өлшемі

Жоспар мазмұны

Мұғалімнің  іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1

 4  мин.

І.Кіріспе.Ұйымдастыру кезеңі.Сәлемдесу. Жағымды психологиялык ахуалды қалыптастыру. Өзін-өзі реттеу. Топтарға бөлу.

   Сыныпқа кіріп, сәлемдесіп, оқушылардың көңіл-күйіне назар аудару, жылы қабақ таныту. Шаттық шеңберінде тілек білдіру. Нуклейн қышқылының түрлеріне, АТФ-ке байланысты оқушыларды 4 топқа бөлу І топ: рРНҚ, ІІ топ: аРНҚ, ІІІ топ: тРНҚ.    

Оқушылар сәлемдеседі, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. Олар РНҚ типтерін қайталап айту арқылы топтарға бөлінеді.

2

 5  мин.

Үй тапсырмасы. Семантикалық карта.

  Әр топқа семантикалық карта таратып береді.

 Алдарына берілген семантикалық картаны  толтытып, парақтарды ауысып, тақтадағы жауаппен тексереді.

3

20  мин.

Негізгі бөлім.(Жаңа сабақ). РНҚ   түрлері,қызметі. АТФ-энергетикалық нуклеотид.

Жаңа сабақты жақсы меңгеру үшін «ЖИГСО» әдісін пайдаланамын. Тапсырмалар:  І топ.: рРНҚ, ІІ топ: аРНҚ, ІІІ топ: тРНҚ құрылымы мен функциясын оқыту, орындату, қорғату, қадағалау, көмек беру.    

 І топ.: рРНҚ, ІІ топ: аРНҚ, ІІІ топ: тРНҚ құрылымы мен функцияларын оқып, бір-бірлерімен ақылдаса отырып, түсінгендерін флипчартқа түсіріп, қорғайды.

4

мин.

Сабақты бекіту

Жаңа сабақты бекіту үшін « Венн диаграммасын» пайдаланамын. ДНҚ мен РНҚ ұқсастығы мен айырмашылығын ажырату, салыстыру,талдату.

Оқушылар жауаптарын топпен ақылдасып, талқылап, «Венн диаграммасын» толтырады, постер қорғайды.

5

мин.

Бағалау.

Әр топ басшысын сайлап, тапсырма орындау барысында, бағалау парағы арқылы топ мүшелерін бағалатамын, суммативті бағаны қоямын.

Әр топ басшысы өзінің топ мүшелерін бағалайды.

6

мин.

Үйге тапсырма

62-беттегі А,В,С деңгейлік тапсырманы орындауға беру.

Оқушылар білім деңгейіне қарап тапсырмаларды орындайды.

7

мин.

Рефлексия

Оқушыларға жасыл, қызыл түсті стикерлер тарату, тақтаға жүректің суреті бар плакат ілінеді, ол жерде мынадай сұрақтар беріледі:

   -Не ұнады?

   -Не ұнамады?

   -Не білгің келеді?

Оқушылар стикерлерге бүгінгі өткен сабақ бойынша

  -Ненің  ұнағанын,

  -Ненің  ұнамағанын,

  -Не білгісі келеді? деген сұрақтар төңірегінде өз ойларын, сезімдерін жазады.

 

Химия пәні бойынша 10«А» сыныпта «Судың кермектілігі және  жою әдістері» тақырыбында сабақ өту кезінде сындарлы оқыту теориясының мақсаттарын ұстандым. Күтілетін нәтижеге сәйкес оқушылар өз әрекеттерін байқатты. Демек, сындарлы оқыту теориясы ұтымды әдіс-тәсіл.

     Сыныбы: 10 «А»

     Пән атауы: Химия.

     Сабақ тақырыбы: «Судың кермектілігі және  жою әдістері»

     Сабақ мақсаты: Судың кермектілігі  жайлы мәлімет алу, кермектіліктің түрлерін, олардың біздің  өміріміздегі рөлін ұғыну.

      Күтілетін нәтиже: Судың кермектілігі  жайлы мәлімет алады, кермектіліктің түрлерін, олардың біздің  өміріміздегі рөлін ұғынады. Сәйкес реакция теңдеулерін жаза  біледі, білімді өмірмен ұштастыра білуге дағдыланады.                                                                                                                                                                         Қолданылатын модульдер:Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру, оқыту, Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану, ОүБ және ОБ.

      Стратегиялық іс-әрекет: “Ыстық алақан”,  “Фишбон”, «Ойлан, жұптас, бөліс» , «Ақиқат, не жалған»,  “ИНСЕРТ” әдістері.

Р\с

Уақыт өлшемі

Жоспар мазмұны

Мұғалімнің  іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1

 4  мин.

І.Кіріспе.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Жағымды психологиялык ахуалды қалыптастыру. “Ыстық алақан” тренингі. Топтарға бөлу.

   Сыныпқа кіріп, сәлемдесіп, оқушылардың көңіл-күйіне назар аудару, жылы қабақ таныту. Жағымды психологиялык ахуалды қалыптастыру мақсатында “Ыстық алақан” тренингі арқылы  тілек білдіру. Оқушыларды 2 топқа бөлу І топ: Са, ІІ топ: Мg    

Оқушылар сәлемдеседі, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. Олар Са және Мg қосылыстарын ажырату арқылы екі топқа бөлінеді.

2

 5  мин.

Үй тапсырмасы.  Фишбон әдісі.                                                                                                                    

  Әр топқа ресурстар  таратып, үй тапсырмасы бойынша, яғни «Са және Мg қосылыстары» тақырыбы бойынша сұрақтарды балықтың төменгі қаңқаларына жазу тапсырылады, болған соң жұмыстарын бір-бірімен ауысып, балықтың жоғарғы  қаңқаларына жазылған сұрақтарға жауап жазуға нұсқау беріледі.

 Алдарына берілген флипчартқа «Са және Мg қосылыстары» тақырыбы бойынша сұрақтарды балықтың төменгі қаңқаларына жазады, содан соң жұмыстарын бір-бірімен ауысып, сұрақтарға жауап жазады.

3

20  мин.

Негізгі бөлім.(Жаңа сабақ).

 «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі.

Жаңа сабақты жақсы меңгерту үшін ««Ойлан, жұптас, бөліс»» әдісін пайдаланамын. Тапсырмалар:  І топ: Уақытша кермектілікті жою жолдары, ІІ топ: Тұрақты кермектілікті жою жолдарын  оқыту, орындату, қорғату, қадағалау, көмек беру.    

  І топ: Уақытша кермектілікті жою жолдары, ІІ топ: Тұрақты кермектілікті жою жолдарын  оқып, жұпта талқылап, қорғау.

4

мин.

Сабақты бекіту  «Ақиқат не жалған»

Жаңа сабақты бекіту үшін «Ақиқат не жалған» әдісін пайдаланамын. Сабаққа байланысты дұрыс, бұрыс мәліметтерді оқимын. Мысалы: 1.Кальций суда мүлдем ерімейді. (жақсы ериді)

2.Уақытша кермектілікте кальций, магний гидрокарбонаттары болады (ақиқат)

3.Кермектілік техникаға өте пайдалы (жалған)

4.Алмастырғыш иониттер уақытша кермектілікті кетіреді (тұрақты кермектікті жояды),т.б.

 

 

Оқушылар сұрақ дұрыс болса қолдарындағы жасыл стикерлерді, мәлімет қате болса,  сары стикерлерді көтеріп отырады.

5

мин.

Бағалау.

Әр топ басшысын сайлап, тапсырма орындау барысында, бағалау парағы арқылы топ мүшелерін бағалатамын, топ аралық бағалау әдісінде құтыға алтын, күміс, мыс  формулалары жазылған жетондарды іс-әрекеттеріне қарай   салып отырады, сол арқылы бағалатамын.

Әр топ басшысы өзінің топ мүшелерін бағалайды. Екі топ бір-бірін алтын, күміс, мыс  формулалары жазылған жетондарды іс-әрекеттеріне қарай   салып отырады, сол арқылы бағалау жүргізеді.

6

мин.

Үйге тапсырма

Тақырып соңындағы А,В,С деңгейлік тапсырманы, есептерді орындауға беру.

Тақырып соңындағы А,В,С деңгейлік тапсырманы, есептерді орындап келу.

7

мин.

Рефлексия

Оқушыларға жасыл, қызыл түсті стикерлер тарату, тақтаға ИНСЕРТ стратегиясы ілінеді. Оқушылар сабақтағы таныс, жаңа, түсінігіне сәйкес келмейтін, бұл туралы тереңірек білгісі келетін мәліметтерді әуелі жұпта, сосын топта талқылайды, дайын кестеге стикерлерге жазып жапсыру тапсырылады.

Оқушылар сабақтағы таныс, жаңа, түсінігіне сәйкес келмейтін, бұл туралы тереңірек білгісі келетін мәліметтерді әуелі жұпта, сосын топта талқылайды, дайын кестеге стикерлерге жазып жапсырады.

 

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулі туралы қорытынды пікір. Мен өз сабақтарымда оқушыларды топта, жұпта, жеке  жұмыс жасатып, тақырыпты меңгерттім.  Оқушы оқытудың жаңа тәсілдерімен топтық жұмыс жасау үстінде мұғалім - оқушы, оқушы - оқушы болып диалогқа түсу арқылы ойы дамитынын, әңгіме – сұхбаттан гөрі әңгіме – дебатты көбірек қолданатынын байқадым. Бұл- диалог арқылы оқушының сыни ойлауын дамытатын әдіс.

         Мерсер мен Литлтон өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсеткен. Зерттеулерде  ересектермен интерактивті қарым-қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнитивті дамуына әсер ететіндігі айтылған.

         Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады.

         Бұл модуль оқушының өз қабілеттері мен дағдыларын оқу үдерісіндегі белгілі бір дәлелдерді талқылап, қарастыруды қажет ететін модуль. Аталған модульді пайдалана отырып, мен  тақырыптың мазмұнын ашуда да, оқушыларға  топпен жұмыс жасатуға да, тиімді жұмыс түрі екендігін түсіндім.  Топтар өзара бір-бірін тексеріп, барлық қорытындыларды бағалайды, болжамды көзқарастар мен мүмкіндіктердің барлығын қарастырады. Топтағы бақылаушы оқушылар топ мүшелерінің әрекеттеріне қарап, бағалау парақтарына бағалау жүргізіп отырды. Мен де сабақ үстінде оқушылардың әрбір жауабынан соң формативті бағалау жүргізіп отырдым. Сыни тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді болады, олар сұрақ қойып дәлелдерді талдайды мағынаны анықтау үшін саналы түрде стратегиялар қолданады. Айтылған пікірдің дәлелі ретінде сабағымда оқушылардың белсенділігін артқанын байқадым. Мен әр сабағымда рефлексияны дұрыс пайдалануға тырыстым.

         Балаларды диалогпен дәйектеуге, талқылауға тарту белсенді жүргізілген жағдайда, олардың оқуы тиімдірек және зияткерлік жетістіктері жоғары болатынын дәлелдейтін зерттеулер де көбейе түсуде.

         Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді.

         Оқушылар өткен сабақтар туралы жазған рефлексия парақшаларында сындарлы оқытуға оң баға берген. Оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамытып алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білетін тұлға қалыптастыруда сындарлы оқытудың әсері мол екенін атап көрсеткен. Баланың іс-әрекеттерінде өзіне деген сенімі мол, ынталы, сыни тұрғыдан ойлай алатындығы дамыды.

         Тізбектелген сабақтар топтамасына сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулін қолдану мұғалімнің оқыту кезінде ұйымдастыра оқытуына байланысты. Оқушылардың жеке әрі топпен жұмыс жасау негізінде білім алуымен ұштасады. Бұл стратегия оқушының жекелеген мүмкіндіктері мен қабілеттерін ашуға бағытталады. Бұл модульдің ерекшелігі оқу барысында қолданылуы, яғни оқушылардың ауызша және жазбаша тілін, ойлау, есте сақтау қабілетін, әрбір ақпаратқа, сонымен бірге өзінің және басқаның шығармашылығына сыни қарауға, өзінің шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған.

       Нәтижесінде сыни тұрғыдан ойлау модулі арқылы оқушылар ауызша және жазбаша тілін, ойлау, есте сақтау қабілетін дамытты, ынтымақтастық әрекеттері артты, жекелеген қабілеттері артты, сыни көзқарастары дамыды, шығармашылық әрекеттері, пәнге деген қызығушылығы артты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                 Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 2012 ж

2. Химия мектепте. №2, 2013 жыл.

3. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасы(қосымша).

4. Биология. 10-сынып. Н.Г.Асанова, А.Р.Соловьева.

5. Химия. 10-сынып. О.С.Габрилян, Ж.Ә.Шоқыбаев.

6. «Биология және салауаттылық негізі», 2014 жыл №5.

 

 

 

                                      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                          

 

 

                                

 

 

 

 

 

                                 Жоспар

І. Кіріспе

Білім беруді дамытудағы маңызды технология.

ІІ. Негізгі бөлім

Биология сабағындағы сындарлы оқыту.

Оқушыларды химия сабағында сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

ІІІ. Қорытынды

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулі туралы қорытынды пікір.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                               

 

 

 

 

                                                           №52 М.Өтемісұлы атындағы жалпы орта 

                                                          мектебінің биология және химия пәні

                                                          мұғалімі  Турсынова Жаннаттың

                                                          «Биология-химия сабақтарындағы

                                                           сындарлы оқыту» атты баяндамасына                                                                                                                                                 

                                                Пікір

  Баяндамашы Жаннат Тұрсынова Кембридж университетінің әдістемесін оқып- үйреніп, мектепте өткізілген семинар барысында өзінің жаңашыл, ізденімпаз, шебер мұғалім екендігін танытты. Биология және химия сабақтарында оқушыларға білім берудің ұтымды тәсілдерін әрбір сабақтарында пайдаланып келеді. Баяндамаға өзінің атқарған, көз жеткізген жұмыстарын арқау еткен. Оқушылардың пәнге қызығушылығын, білім сапасын арттыруға бағытталған. Баяндама өзіндік тәжірибесіне сүйеніп, маңызды мәліметтерді негізге алып жазылған.

 

 Директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары:     Р.Абылханова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

             №52 М.Өтемісұлы атындағы жалпы орта мектебі

 

 

 

 

 

 

 

                  Б а я н д а м а

 

Тақырыбы: «Биология-химия сабақтарындағы сындарлы оқыту»

Орындаған: Турсынова Ж.Т.

 

 

 

 

 

 

                         

                            Тасқұлақ 2015 жыл      

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Биология, химия сабақтарындағы сындарлы оқыту". Баяндама"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Юрист

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 780 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.10.2015 1375
    • RAR 29.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Турсынова Жаннат Манаповна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Турсынова Жаннат Манаповна
    Турсынова Жаннат Манаповна
    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 47252
    • Всего материалов: 17

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 120 человек из 43 регионов

Курс повышения квалификации

Нанотехнологии и наноматериалы в биологии. Нанобиотехнологическая продукция

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 101 человек

Курс профессиональной переподготовки

Биология: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель биологии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 460 человек из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 159 человек

Курс повышения квалификации

Составление и использование педагогических тестов при обучении биологии

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 95 человек

Мини-курс

Проектное управление

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология аддикции: понимание и распознование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 19 регионов

Мини-курс

Методы маркетинговых исследований в интернете

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 20 регионов