Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Другие методич. материалы / "Биология әлемі" сайыс сабақ

"Биология әлемі" сайыс сабақ

  • Биология

Поделитесь материалом с коллегами:

Шанханай негізгі мектебі

Бекітемін

мектеп директоры Б.Р. Мақұлбеков



Тексерілді

ДОІЖО М.Т. Оразымбетова









«Биология әлемі»

/сайыс сабақ/



Сыныбы: 7 ,6, 9.

Биология пәнінің мұғалімі: С.М.Мұратбек











2016-2017


6-7-9 сыныптар арасында

Сыныптан тыс іс-шара «Биология әлемі»

Түрі: сайыс
Мақсаты: оқушылардың ой-өрістерін дамыта отырып,логикалық ойлау қабілеттерін дамыту,табандылықпен шешім қабылдауға,оны дәлелдеуге үйрету,биология пәніне деген қызығушылықтарын арттыра отырып, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар
Жүсіп Баласағұн

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Политехникалық пәндер бірлестігінің «Білімдіге есік ашық» атты апталығында өткелі отырған «Биология әлемі» атты сайысына қош келдіңіздер.
Сайысқа қатысушы оқушылармыз 6-7-9 сынып оқушылары.

Біздің бүгінгі сайысымыз ІІ-топтаң, V-кезеңнен тұрады.

       І-топ «Табиғат»

     ІІ-топ «Өсімдік»

І-кезең «Бәйге»

ІІ-кезең «Ойлы болсаң – озып көр»

ІІІ-кезең «Ойлап тап»

ІV-кезең «кім шапшаң»

V-кезең «кім өнерлі»

Сайыскерлеріміздің біліміне,шеберлігіне әділ-бағасын беретін әділ қазылармен таныс болыңыздар:
1. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары- Оразымбетова Меруерт Тәліпқызы

2.Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары -Төлепбергенова Айман Амангелдіқызы
3. Математика пәнінің мұғалімі –Кабылова Бақыт Ахметкерімқызы

 Сайыскерлерімізге сәттілік тілей отырып,сайысымыздың 1–ші кезеңін бастаймыз.
1-кезең «Бәйге»

Бұл кезеңде әр топқа сұрақ қойылады. Сұраққа топ бйынша жауап береді.

«Табиғат» тобына сұрақтар

1.     Алғаш жасушаны көрген ғалым (Роберт Гук)

2.    Бидайдың жемісі қалай аталады (Дәнек)

3.     Микроскоптың көзбен көруге арналған бөлігі (Окуляр)

4.    Гүлдің көбеюге қатысатын бөлімдері (Аталық, аналық)

5.     Жасушаның көбеюіне қатысатын бөлігі (Ядро)

6.  Адамға ең жақын жүретін және бірге тұратын жануарлар (Ит, мысық)

7.     Ұрықтан дамитын тамыр (негізгі тамыр)

8.   Бір жылда екі рет төлдейді (Ешкі)

9.     Микроскоптың жарық түсіретін бөлігі (Айна)

10.   Кенгуру неше метрге секіре алады (Он)

11.     Өсімдіктің ұзарып өсуін қамтамасыз ететін ұлпа (Түзуші)

12.   Қоян жылына неше рет балалайды (3-4)



«Өсімдік» тобына сұрақтар

1.     Негізгі тамыр өте жақсы жетілген тамыр жүйесі (Кіндік тамыр жүйесі)

2.     Өркеннің бүршік, жапырақ өсетін жуандау бөлігі (Буын)

3.   Саңырауқұлақты зерттейтін ғылым (Микология)

4.    Ұша алмайтын құс (Пингвин)

5.  Тері ауруларын зерттейтін ғылым (Дерматолог)

6.   Заттың түсіңн ажырата алмайтын ауру (Дальтонизм)

7.   Қан беруші адам (Донор)

8.   Ересек адамда неше тіс болады (32)

9.  Жүректі зерттейтін ғылым (Кардиология)

10.  Ең үлкен құс (Страус)

11.   Тісті емдейтін дәрігер (Стоматология)

12.   Қаназдық ауруы (Анемия)

2-кезең «Ойлы болсаң – озып көр»

Бұл кезеңде әр топқа жұмбақ жасырылады. Егер бір топ жауап бермесе, екінші топ жауап береді.

1.     Дәмі де жоқ, түсі де жоқ,

Пайдаланбас кісі де жоқ.        Су

Отқа жанбас, суға батпас.       Мұз

 

2.     Жерге қазық қақтым,

Басына айдар тақтым.        Сәбіз

 

3.     Қалың киім ұнатады,

Шешіндірсең, жылатады.    Пияз

 

4.     Әдемі түнде,

Мен жүрсем, жүреі бірге.    Ай

 

5.     Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоы бар.   Қой

 

6.     Ерте тұрады,

Жар салады.       Қораз

 

7.     Іші жұмсақ, сырты қатты,

Еті қызыл, сүті тәтті.        Қарбыз

 

8.     Терісі бар, жүні жоқ,

Жүрегі бар, ізі жоқ.

Қанаты бар, ұшпайды,

Су астында қыстайды.     Балық

 

9.     Екі ағайынды, екеуі де бір үйде

Бірін-бірі көрмейді.                    Көз

 

    10. Күннің нұрын сүйемін,

     Күнге басымды иемін.

     Моншағым жоқ мойнымда,

     Үлкен қапақ киемін.         Күнбағыс

 

3-кезең «Ойлап тап»

Бұл кезеңде ойыншыларымыз жасырылған сөзді тауып, сол сөзді жазу керек.

  1.     ..... – сатып алған ауру              (Ішімдік)

2.     Арақ ішіп, .... шеккен,

Денсаулықтың түбіне жеткен  (Темекі)

     3.  ... – улы зат                                 (Есірткі)

     4.  ... – денсаулық кепілі                 (Тазалық)

     5. Денсаулы - ... негізі                     (Байлық)

4-кезең "КІМ ШАПШАҢ" ЗЕРТТЕУЛЕР НЫСАНЫН ТАП
Кезең мақсаты:
Берілген цифрларды таңдап,онда жасырылған ғылым саласының зерттеу нысанын анықтау
1.Ихтиология-
2.Маммалогия-
3.Герпетология-
4.Вирусология-
5.Микробиология-
6.Лихенология-
7.Микология-
8.Бактериология-
9.Гелминтология-


5. "КІМ ӨНЕРЛІ"КЕЗЕҢІ
(әр сайыскерге бір-бір конверт,ішінде тапсырма жазылған,соны образға еніп,қимылмен көрсету керек)
1. Гүлдің солуын қимылмен көрсет
2 Судан шығып қалған балық
3. таңертең ерте тұрған қораз даусын салу
4.Мысықтан қорқып қашқан тышқан
5 гүлдерді тозаңдандырып жүрген ара болу
  6. «КІМ ТАПҚЫР» КЕЗЕҢІ
Әр топқа бір-бір сурет беріліп, онда не бейнеленгенін анықтау керек

Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті.Биік-биік асулардан көрініп,тек жетістіктерге жете берулеріңе тілек білдіреміз.Қорытынды сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.
Әділқазылар алқасы жеңімпаз топты анықтап,қорытындысын шығарды.Жеңімпаз оқушы анықталды.
Қош ,сау болыңыздар!















































Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 18.11.2016
Раздел Биология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров60
Номер материала ДБ-365075
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх