Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Конспекты / Биология пәні Сабақ жоспары 11 сынып.

Биология пәні Сабақ жоспары 11 сынып.

Международный конкурс по математике «Поверь в себя»

для учеников 1-11 классов и дошкольников с ЛЮБЫМ уровнем знаний

Задания конкурса по математике «Поверь в себя» разработаны таким образом, чтобы каждый ученик вне зависимости от уровня подготовки смог проявить себя.

К ОПЛАТЕ ЗА ОДНОГО УЧЕНИКА: ВСЕГО 28 РУБ.

Конкурс проходит полностью дистанционно. Это значит, что ребенок сам решает задания, сидя за своим домашним компьютером (по желанию учителя дети могут решать задания и организованно в компьютерном классе).

Подробнее о конкурсе - https://urokimatematiki.ru/


Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Биология

Поделитесь материалом с коллегами:



Биология 11 – сынып кун-----------------------
Сабақтың тақырыбы:. Адам эволюциясының бағыттары.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік:«Адамның шығу тегі» тарауын халықтың даналық сөздерімен, нәсілдік, тектілік ұғымдарымен байланыстыру.
Дамытушылық: Оқушыларды нақыл сөздердің мазмұнын өз ойымен қорытынды жасауға үйрету.
Тәрбиелілік: Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: көрнекі баяндау. СТО элементін пайдалану
Сабақтың пән аралық байланысы:
Сабақтың көрнекілігі: сызба - нұсқа, тірек - сызба, кесте.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
Амандасу. Сабаққа әзірлеу. Түгендеу.

ІІ. Ой сергіту сұрақтары:
1. Қазіргі кезде адамның шығу тегін, дамуын және қазіргі кезге дейінгі қалыптасуын зерттейтін ғылым.
(Антропология )
2. Адам пайда болған заман (Кайнозой)
3. Адамның тарихи дамуы ( Антропогенез)
4. Адамның қазып алынған сүйек қалдықтарын зерттейтін ғылым (Палеоантропология)
5. Крамоньондықтар кімдерге жатады? (Саналы адамға)
6. Қандай адамтәрізді маймылдың бас сүйек құрылысы мен көкірек бөлігінің жазықтығы адамға ұқсас болады? (Гиббон )
7. Қандай адамтәрізді маймылдың 385 анатомиялық белгілері адамға ұқсас? (Горилла)
8. 1871 жылы шыққан «Адамның шығу тегі және жыныстық сұрыпталу» еңбегінің авторы кім? (Ч.Дарвин )
9. Өте ертедегі адам – Қытай адамы (Синантроп )
10. Еңбек әрекеті, сөз, ойлау антропогенездің қозғаушы күшінің қай факторына жатады? (Әлеуметтік )
ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту.
1. Электрондық оқулықпен жұмыс. Адамның түрлі нәсілдері.
2. Қосымша мәліметтер. Жер шарындағы барлық нәсілдер негізгі белгілері жөнінен өзара ұқсас. Миклухо – Маклай Жаңа Гвинея тұрғындарының арасында көп жыл болып, австралоидтық кіші нәсілге жататын папуастардың мәдени дамуы мен ой – өрісі басқа халықтардан бірде – бір кем
еместігін көрсеткен - ді. Адамзаттың ой – өрісі және ойлау қабілеті нәсіліне сәйкес еместігін И. М. Сеченов пен Н. Г. Чернышевский де дәлелдеп берді.
Ежелгі адамдар (архантроптар). 1891 жылы голланд ғалымы Эжен Дюбуа Ява аралынан тасқа айналған ежелгі адамның қазба қалдықтарын тапты. Бұл қаңқа қалдықтарының бұдан бұрынғы 1,9 млн — 650 мың жыл аралығында өмір сүрген адамның сүйектері екендігі анықталды. Оны Эйсен Дюбуа питекантроп деп атады. Ол гректің "Pithekos"маймыл және "anthropos" — адам сөзінен — алынып, маймыладам деген ұғымды білдіреді. Оның бас сүйегіндегі қас үсті доғасы ерекше алға қарай шығыңқы, маңдайы артқа қарай жазық тайқы болып келген. Ал шүйде сүйегі артқа қарай шығыңқы. Бұл адамтектес маймылдарға ғана тән белгілер. Оның миының салмағы 900 г, яғни адамтектес маймылдардың миынан біршама үлкен.Питекантроптың ортан жілігінің құрылысы адамның ортан жілігіне ұқсас болуы, оның тік екі аяқпен жүріп тіршілік еткенін аңғартады. Оның кейбір белгілерінің маймылға, ал кей белгілерінің адамға ұқсастығына байланысты оған маймыладам (питекантроп) деген ат берілді. Кейіннен оның қаңқа қалдықтары Қытай, Германия, Венгрия, Солтүстік және Оңтүстік Африка жерлерінен де табылды. Питекантроптың қаңқа қалдықтары табылған кезде, әлі де аустралопитектердің де, епті адамдардың да қаңқа қалдықтары табылмаған еді. Сондықтан көп уакытқа дейін питекантроптар адамтектес маймылдар мен адамдар арасын байланыстыратын тіршілік. Питекантроптар иесі саналып келді. Қазіргі кезде питекантроптарды архантроптарға (ежелгі адамдарға) немесе тік жүретін адамға ("ноmо erectus") жатқызады. Ежелгі адамдардың сыртқы дене құрылысының едәуір айырмашылықтарына қарамастан, олардың бәрін бір ғана түрге жатқызады. Архантроптар жер бетінде бұдан 1 млн жыл мен 500 мың жылдар аралығындағы кезеңде тіршілік еткен. Бұларды қаңқа қалдықтарының табылған жерлеріне сәйкес питекантроп, синантроп (қытай адамы), гейдельберг адамдары деп те атайды. Ежелгі адамдардың сыртқы белгілері аустралопитектермен, епті адамдармен салыстырғанда қазіргі адамдарға көбірек ұқсас әрі миының салмағы да үлкен. 750, 900 г, кейде 1000—1100 г-дай. Архантроптардың бойының ұзындығы 165—170 см, бұл белгілердің бәрі де олардың қазіргі адамдарға едәуір ұқсас екендігін дәлелдей түседі. Дегенмен архантроптардың қас үсті доғасы айқын байқалады әрі маңдайы тайқы және жазық, иегі алға қарай шығыңқы емес. Ежелгі адамдардың жақ сүйектері ірі, бас сүйегінің бет бөлімі жақсы дамыған, ал ми сауыты әлі де кішілеу.

Архантроптардың бір тобы — синантроптар (қытай адамы) Шығыс Азия аймағында тіршілік еткен. Синантроптардың қаңқа қалдығы 1937 жылы Пекин маңындағы үңгірден табылды. Олар аң терілерін киім ретінде пайдаланып, үңгірлерде тұрған және тас құралдарды әрі отты пайдаланған. Синантроптардың көп белгілері питекантроптармен салыстырғанда қазіргі адамдарға көбірек ұқсайды. 1907 жылы Германияның Гейдельберг қаласының маңынан ежелгі адамның қаңқа қалдығы табылған. Оны ғалымдар Гейдельберг адамы деп атап, архантроптарға жатқызды. Архантроптардың тіршілік әрекеттерінде де күрделі өзгерістер болғандығы байқалады. Олар көбіне ірі жануарларды ұжымдасып аулаған, отты пайдалана білген. Тастан құралдар жасауды жетілдірген. Тұрмыс қажетіне қарай тастардың шеттерін өткірлеп, үшкірлеп шапқыға, кескіге, қашауға ұқсас құралдар жасай білген. Архантроптардың тарихи даму кезеңіндегі негізгі ерекшеліктің бірі— сөздің пайда болуы. Сөз ежелгі адамдар арасындағы басты қарым- қатынас құралы болған. Өйткені олардың миының маңдай және самай бөліктерінің жақсы дамуы, дыбыстық ақпаратты қабылдау қабілетінің жақсы жетілгендігіне дәлел болады. Архантроптардың қаңқа қалдықтары Орталық және Солтүстік Африкадан, Оңтүстік Еуропа мен Алдыңғы Азия өңірінен де көптеп табылған. Бұл аймақтардан кейіннен архантроптар бірте-бірте Еуропа мен Азияның басқа да жерлеріне таралған деген пікірлер бар. Қазақстан жерінде де ежелгі адамдардың қоныс мекендері, пайдаланған тас құралдары мен аулаған жабайы жануарларының қаңқа калдықтары көптеп табылды. Басқалардың қаңқа калдықтары табылған емес. Соңғы жылдары Қазақстанда жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстары соны дәлелдейді. Тас дәуіріне қатысты тастан жасалынған құралдар Қазақстанда алғаш рет 1928 жылы Алтын Қолат жайлауының маңынан табылған. Кейіннен мұндай тас құралдар Жамбыл облысы Қызылту елді мекенінен де табылды. Осындай зерттеулер нәтижесінде ғалымдар Қазақстан жерінде ежелгі адамдардың қоныс мекендері шоғырланған бірнеше аймақты анықтады. Ондай аймақтарға Маңғыстау, Үстірт, Оңтүстік Қазақстандағы Қаратау, Солтүстіктегі ұсақ таулы Көкшетау және Нарын- Бұқтырма, Ертіс маңы жатады. Архантроптар, негізінен, үңгірлерде өмір сүрген. Көптеген ғалымдар орталық немесе солтүстік Африка жеріндегі архантроптардың топтарынан казіргі адамдар пайда болған деген пікірді қолдайды. Архантроптардан бастап қазіргі адамдардың келіп шығуы 500 мың жылдай уақыт аралығын қамтыған. Архантроптардың эволюциясында ми салмағының артуы, қоғамдасып тіршілік ету, еңбек құралдарын жетілдіре түсу және отты пайдалану — эволюцияның басты бағыттары болды

ІІІ. Сабақты бекіту.. Сөзжұмбақ шешу.

1. Қазақ халқы мен үндіс нәсілінің арасында ұқсастық бар екендігін айтқан ғалым.
2. Нәсілдердің бір тобы.
3. Нәсілдер туралы ұғымды ғылымға енгізген ғалым.
4. Әлеуметтік дарвинизм теориясын сынаған қоғам қайраткері.
5. Нәсілдердің бір тобы.
6. Нәсілдердің таралуы туралы пікір.
7. Нәсілдердің таралуы туралы пікір.
8. Әлеуметтік дарвинизм теориясын орыс ғалымы.
9. Нәсілдердің Солтүстік Америкада тараған тобы.

Шешуі: Монголоид.
ІV. Үйге тапсырма беру.
VІ. Оқушыларды бағалау. 217-226 бет оку































































Өзін-өзі тану 11 сынып кун-----------------

Сабақтың тақырыбы: Ағайын - ер ырысы

Сабақтың мақсаты: Отбасы әдебі,ағайын – туыс туралы түсініктерін қалыптастыру.

Сабақтың міндеттері: Отбасының,ағайын – туғанның қадір – қасиетін ұғындыру.Туыстық атаулардың мәнін ашу.

Ағайын,туыс арасындағы сыйлаымды қарым – қатынасымның мәнін ұғындыру.

Ағайынды сыйлауға , құрметтеуге,салт – дәстүрді дәріптеуге,қадірін білуге тәрбиелеу

Сабақ түрі: Жаңа сабақты меңгеру. Әдіс – тәсілдері: Сұрақ – жауап,жағдаяатты шешу.

Сабақ барысы

I Ұйымдастыру II Өткенді пысықтау

«Отбасы,отау,отағасы,отанасы» деген ұғымдарды қалай түсінеміз?

Отбасы негізі дер ойлайсыз?

Отбасының берекелі болуы кімге байланысты?

Отбасы берік болуы үшін ерлі зайыптылар бойында қандай қасиеттер болуы шарт.

Отбасын құру үшін өзіңе қандай талаптар қоясын және отбасын құруға дайынсыңба?

Бала тәрбиесінде қандай отбасы ережелерін білесің?

Ұй жұмысын тексеру: Отбасы ережесі ішінен өзің таңдаған ережеге өз ойларын жазып келу.

III Жаңа сабақ: Өздеріңіз айтып өткендей адамгершілік қасиет ,саналылық барлығы отбасынан бастау алып,тұла бойына сіңеді екен.Отбасында адам бойына сіңіріп өсетін тәрбиенің бірі бұл - сыйластықты ұғыну.Олай болса бүгін біз «Ағайын - ер ырысы» атты тақырыптың мәнін ашып,ұғынбақпыз.

Шаттық шеңбері: Оқулығымызда қаз дауысты Қазыбек бидің ағайын туралы жырын барлығымыз оқып,талдайық.

Тілек тілеу.Ағайын – туысқандық деген ұғымдар ата – бабадан бізге мирас болып келе жатқан дәстүр.Қазақ ағайын,жегжат,туыстық қ/қатынасқа ерекше мән берген халық.Ешкім де туысқан – туғансыз,ағайынсыз емес..Ағайын туыс дегеніміз сол бір түбірден өскен бір ағаштың бұтақтары тәрізді.Көрген тәрбиесі,алған нәрі,бұрынғыдан қалған мирас мурасы,алпыс екі тамыры арқылы тұла бойға тараған қаны бір. Ағайынды қадір тұту,оларды сыйлау,қиыншылық кезеңде қол ұшын беру,қуанышына ортақтасу,бір – біріне тілектеc болып және әр адамның міндет

 ІІІ Жаңа сабақ

Өздеріңіз айтып өткендей адамгершілік қасиет ,саналылық барлығы отбасынан бастау алып, адамның тұла бойына сіңеді екен.Отбасында адам бойына сіңіріп өсетін тәрбиенің бірі бұл - туыстықты,сыйластықты ұғыну.Олай болса бүгін біз «Ағайын - ер ырысы» атты тақырыптың мәнін ашып,ұғынбақпыз.

Әңгімелесу

Біздің бүгінгі сөз ететін қарым-қатынас түрі бұл үйлесімді қарым-қатынас.Қарым –қатынас жасау адамның ұлтына,салт- дәстүріне, мінез құлқына, темпераментіне және жас ерекшелігіне тікелей байланысты.Әсіресе сыйластық ұғымына қарым-қатынас ұғымына қазақ халқы ежелден мән беріп, оны салт –дәстүрмен ұштастырып күні бүгінге дейін жеткізіп келеді.

«Ағайын тату болса –ат көп, абысын тату болса –ас көп» деген мақалдың мағынасын қалай түсінесің?

Туыс-туғандардың қадірін алғаш қашан байқадың?

Қазақ халқының бауырмалдығы туралы қандай шығармалар оқыдың?

Мәтінмен жұмыс

А.Әбдіразақовтың «Ағайын» өлеңі берілген.Осы өлеңді төмендегі сұрақтар арқылы талдау.

Ағайынды өз қалауыңша таңдап алуға бола ма?

Ағайынмен тату болу үшін не істей алар едің?

Кестемен жұмыс

Ақсақал және ел ағасының ауыл жастары арасында үлкен сыйласымды қарым-қатынас орнаған.Ақылшы, әр іске төрелік жасаған, күрделі істерді шешкен.

Бата беру; ас қайыру; ат байлар.

Ағасы бардың жағасы бар;

Ата тұрып ұл сөйлегеннен без;

Ер адамның киімін аяқ асты етуге болмайды.

Келін

Келін өзі түскен жеріндегі әулеттің күйеуінен үлкен адамның алдында өте сыпайы, кішіге қамқор бола білген

Сәлем ету, қайын ағалары мен іні-сіңілеріне ат қойған. Келінге үй көрсету, бастаңғы беташарт.б

Келіні жақсы үйдің , керегесі алтын;

Келін бойын жасырады,даусын таудан асырады;

Абысын тату болса, ас көп.

Үйге оң аяқпен аттату;

Бетін ашуға ағайындардың ибалы келіндерге ұсыныс еткен;

Құда

Қазақ құдаларын құдайындай сыйлаған, төрден орын берген

Киіт беру, құда шақырып қонақ асы беру

Құда мың жылдық;

Назар аударуға М.Ниязбековтың мәтіні ұсынылған. Мәтінде туыстық қатынастың сабақтастық тобы анықталады

Өз жұрты –күншілдеу

Қайын жұрты –сынышыл

Нағашы- ізетті

Мәтінмен жұмыс

Ф. Оңғарсынованың « Бауырластарыма» өлеңін оқып, талдау.

Бауыр, туыс-туған, ағайын-жекжат туралы қандай мақал-мәтелдер білесің?

Өз бауырларыңа қандай тілектер айтар едің?

6.Дәйексөз

Бала болсаң, болғандай бол,

Ағайынға қорғандай бол

Н. Наушабекұлы

ІV. Үйге тапсырма

95-98 бет оку «Менің алтын тұғырым» тақырыбына өз отбасы туралы фото –көрме ұйымдастыру









Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy



Автор
Дата добавления 19.11.2016
Раздел Биология
Подраздел Конспекты
Просмотров45
Номер материала ДБ-367632
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх