Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Другие методич. материалы / Биология пәнінен ашық сабақтың тақырыбы "Онтогенез-ағзаның жеке дамуы"

Биология пәнінен ашық сабақтың тақырыбы "Онтогенез-ағзаның жеке дамуы"

  • Биология

Поделитесь материалом с коллегами:

«Онтогенез-жеке даму» 9- сынып

Сабақтың тақырыбы: §35 Онтогенез-организмдердің жеке дамуы.

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларға онтогенез,Эмбриогенез,шала және толық түрленіп даму жайлы білім беру.

2. Жаңа сабақпен өткен сабақты ұштастыра отырып оқушылардың білімдерін одан әрі дамыту және білімге деген ынтасын арттыру,өздігінен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.

3. Оқушыларды ізденімпаздыққа,жауапкершілікке және өз ойларын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Жаңа білімді бекіту

Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап,жұптық жұмыс,топтық жұмыс,жеке жұмыс,эссе жазу

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеу.

Қызығушылықты ояту- Топқа бөлу.Топ басшысы сайланады.

I I.Үй тапсырмасын тексеру:Қайталау сұрақтары-

1.Организмдердің көбею жолдарын ата.

2. Жабық тұқымды өсімдіктер қалай көбейеді?

3. Қосарланып ұрықтануды ашқан ғалым кім?

4.Тірі ағзаларға көбею не үшін қажет?

5. Митоз фазаларын ата.

6. Тірі ағзалардың жыныссыз және жынысты жолмен көбеюінің бір-бірінен айырмашылығы қандай?

I I I. Білім бекіту тапсырмалары-Тірек сызбамен жұмыс.

IV. Биологиялық терминдермен жұмыс- «Гүлдер» ойыны

V. Сәйкестік тесті.

1.Бүршіктену

2.Гаметалар

3.Ұрпақтар жалғасуы

4. Овогенез

5. Партеногенез

6.Сперматазоид

7. Митоз

8.Зигота

9. Мейоз

10.Интерфаза

1.Көбеюдің биологиялық мәні

2. Ұрықтанбаған жасушадан аналықтардың дамуы.

3.Гидраның жыныссыз жолмен көбеюі

4.Жұмыртқажасушасының дамуы.

5.Аталық жыныс жасушасы

6. .Ұрықтанған жасуша

7. Жасушаның бөлінуге дайындық кезеңі

8. Дене жасушасының бөліну жолы

9. Жыныс жасушасының бөліну жолы

10.Жыныс жасушасы

V I. Жаңа сабақ-Онтогенез-организмдердің жеке дамуы.

1.Жас ғалымдар ретінде 2 топқа тапсырмалар беріледі.1топқаЛанцетниктің даму суреті

2 топқа Көлбақаның даму суреті

Слайд материалдары арқылы оқушылардың жауаптары толықтырылып,түсіндіріледі.

V I I. «Болашақ ұрпақ сау болуы үшін адамға қандай кеңес берер едіңдер?» эссе жазу

V I I I .Бекіту-Тест жұмысы.

1. Онтогенез бұл;
а) ағзаның жаңа дамуы c) ұрықтың дамуы
в) ағзаның жеке дамуы д) ұрықтан кейінгі даму
2. Бластула;
а) үш қабатты ұрық c) бір қабатты ұрық
в) бластомерлер д) төрт қабатты ұрық
3. Гаструла;
а) бір қабатты ұрық c) төрт қабатты ұрық
в) бес қабатты ұрық д) үш қабатты ұрық
4. Нейрула;
а) жеке мүшелердің дамуы c) сыртқы мүшелердің дамуы
в) ішкі мүшелердің дамуы д) жүйке жасушаларының дамуы
5. Эмбриогенез дегеніміз не?
а) түрленіп даму c) ұрықтың дамуы
в) толық түрленіп даму д) ұрықтан кейінгі даму
6. Шала түрленіп дамуда болмайтын саты
а) жұмыртқа c) имаго
в) қуыршақ д) дернәсіл
7. Эмбриология ғылымының негізін салушы ғалым кім?
а)А.О Ковалевский с)И.И Мечников
в)К.Бэр д)Э.Геккель
8. Ланцетниктің ұрығының дамуын зерттеген:
а)А.О Ковалевский с)И.И Мечников
в)К.Бэр д)Э.Геккель
9. Көлбақаның дамуы:
а) түрленіп даму c) тура даму
в) толық түрленіп даму д) ұрықтан кейінгі даму
10. Постэмбриогенез деген не?
а) түрленіп даму c) ұрықтың дамуы
в) толық түрленіп даму д) ұрықтан кейінгі даму

Тест жауаптарымен тексеріледі.

IX. Қорытындылау-кері байланыс(бағдаршам)

Үйге тапсырма: §35 оқу,154 беттегі кесте,сұрақтар.

Бағалау.


Бағалау парағы


Оқушының аты-жөні

Сұрақ-жауап

Тірек-сызба

терминдер

Сәйкестік тесті

Зерттеу жұмысы

Эссе жазу

Тест жұмысы

бағасы

Қор-ды баға





























































Білім беруде жаңа интербелсенді әдістер технологиясын қолдану.


Әлем елдерінің біразы бұдан 40-50 жыл бұрын

игерген әдіс-тәсілдер мен озық технологиялар

бұл күнде әрбір оқытушының басты құралы

болып отыр. Қазіргі уақыт талабы болып отырған

жаңа технологиялардың өзі жаңадан

пайда болған емес, оның негізі бұрын

қаланған, тек қазір өзгеріске ұшыраған

«...Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру - бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз... Ал жас ұрпақтың тағдыры- ұстаздардың қолында»

Н.Назарбаев

«Интерактивті» сөзін ағылшын тілінен

аударғанда «бірлесіп әрекет жасау» деген мағынаны білдіреді.

Білім берудегі интерактивтік технология -бірін-бірі толықтыратын және барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту технологиясы. Бұл сабақ барысында оқушының ұжымдық жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес.

Атауы

Мақсаты

Мәні

Механизмі

Даралап

Оқушылардың танымдық, шығармашылық ой-өрісін дамыту

Оқу-танымдық міндеттерді дәйекті және мақсаткерлікпен ұсыну

Ізденістік әдістер;танымдық міндеттер қою, ой операцияларын жүзеге асыру

Модульдік оқыту

Оқытуды оңтайландыру, жеке ттұлғаның ойлау деңгейін бейімдеу

Оқушының жеке жұмысын ізденімпаздықпен орындауы

Мәселелік әдіс, жеке қарқынмен жұмыс

Дамыта оқыту

Жеке тұлғаны және оның қасиеттерін, ойлау қабілетін дамыту

Білімін, біліктіліктерін шығармашылық ойлау қабілеті арқылы әлеуметін жетілдіру

Оқушыларды алуан түрлі ой қызметі түріне тарту.

Саралап оқыту

Ойлау қабілетін және т.б. қабілеттерін дамытуға оңтайлы жағдай туғызу

Бағдарламалық материалды әр түрлі жобадағы деңгейде ұсыну, міндетті деңгейден төмен емес.

Жеке дара оқыту әдістері

Ойын арқылы

Білімді, білікті, дағдыны игерудің тұлғалық- қызметтік сипатын қамтамассыз ету

Ақпараттар іздеуге, өңдеуге, игеруге бағытталған өз бетінше атқарылатын танымдық қызмет

Шығармашылық қызметке тартатын ойын әдістері


Оқытудың интерактивті әдісі.

Оқытудың тәжірбиелерді дамытуға бағытталуы .

Елде болып жатқан саяси, әлеуметтік, экономикалық және басқадай өзгерістер білім беру жүйесіне де әсерін тигізді. Бұл өзгерістер оқу орындарында жаңа пәндер енгізіп қана қоймай, дәріс беру әдістемесінің өзін өзгерту қажеттігін туғызды. Біздің еліміз дамудың демократикалық жолын таңдап алғандықтан қазіргі кезде шешім қабылдауға халықты тартудың да маңызы зор. Бұл аудиториядағы жұмысқа да қатысты: оқушылар сабақ кезінде мейлінше белсенділік танытуға тиіс. Міне оқушылардың сондай белсенділігін арттыруға мүмкіндік жасайтын әдістемелік амалдарды көбіне интерактивті деп атайды.

«Интерактивті оқыту әдістемесі».

Егерде сабақ үстінде оқушылар мен оқытушылардың арасында тығыз қарым-қатынас байқалса бұлайша оқытуды біз интерактивті деп атаймыз. Әдетте мұндай қарым-қатынас оқушылар әлдебір мәселені талқылап, соның шешімін табуға тырысқан кезде байқалады. Бұл жерде оқушылардың жауаптарынан гөрі мәселенің шешімін табуға талпынғаны маңыздырақ. Себебі интерактивті оқытудың басты мақсатының өзі сол- оқушыларды өз бетінше ой қорытып, жауап таратуға үйрету.

Интерактивті әдістеме өзара қарым-қатынастың мол ауқымын қамтиды.

Оқу процесінің барысында оқушылар мыналармен қарым-қатынасқа түседі:

оқытушымен (оқушылар оқытушының сұрағына жауап берген кезде);

шақырылған адамдармен (немесе топ оқушыларының өздері әлдебір ұйымдар мен адамдарға баруы мүмкін);

өзге оқушылармен (бірігіп жұмыс істеу барысында);

шағын топтармен (3-5 оқушымен);

оқушылардың үлкен тобымен (көбіне пікірталас, топ болып әлдебір мәселені талқылау барысында);

оқушылардың тобымен және халықпен (топ әлеуметтік сауалнама жүргізеді);

кейбір техника түрлерімен (мысалға компьютермен).

Топтың сандық құрамы оқудың немесе өзара қарым-қатынастың сапасын айқындамайды. «Өзара қарым-қатынас» әдісінің ерекшелігі- оқушы өзгелермен араласу барысында ашылатүсетін болады. hello_html_1de60a49.gif


hello_html_12796134.gif


hello_html_m5756cd1a.gif

Күтілетін нәтиже:

Егер әр бір оқушы өзін-өзі бағалап, өзгені де бағалай алатын болса рухани-адмгершілік қасиеттерін жүрегіне ұялата білетін болсақ, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде меңгере отырып өмірден өз орнын табуға мүмкіндік береді.


Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 20.01.2016
Раздел Биология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров290
Номер материала ДВ-360040
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх