Инфоурок Биология Другие методич. материалыБиология пәнінен сабақ жоспары "Ілкіаңдар және қазіргі сүтқоректілер"

Биология пәнінен сабақ жоспары "Ілкіаңдар және қазіргі сүтқоректілер"

Скачать материал

Сыныбы7

Күні 

Сабақтың тақырыбы

Ілкіаңдар және қазіргі сүтқоректілер

Мақсаты

Сүтқоректілердің екі класс тармағы ілкіаңдар және қазіргі сүтқоректілер түрлерімен танысу, негізгі айрмашылықтарын ажырату

Күтілетін нәтижелер

 

А)Ілкіаңдар және қазіргі сүтқоректілер түрлерін біледі

В)Ілкіаңдар және қазіргі сүтқоректілердің айырмашылығын табады

С) «Сүтқоректілердің табиғаттағы маңызы» туралы эссе жазады

Сабақтағы тапсырмалар

№2,3,4,5,6,7,

Керекті жабдықтар

оқулық, қосымша мәліметтер, дидактикалық материалдар, флипчарт, бағалау парақтары,

бланкілер және т.б.

Сабақбарысы:

Сабақ кезеңдері

Уақыты

Мұғалімәрекеті

 Оқушы әрекеті

Кіріспе

 

 

 

10

 

«Ұлы есімдер»арқылы топқа бөлу. Оқушыларғаесімдер жазылған қағаз үлестіріледі, есімдерді топтастыру арқылы (жыраулар, ақындар, хандар)үштопқабөлінеді (2мин)

«Бинго»әдісі арқылы үй тапсырмасы сұралады.

Мұғалім 6 сұрақтан тұратын 3түрлі бинго парағын үлестіреді және ережесімен таныстырады. Барлық сұраққа жауап берген оқушы «Бинго» деп жұмысты аяқтағанын білдіреді.

АББҚ бар оқушыға №2 бағдар картасы беріледі.

Үй тапсырмасын «Бағдаршам» арқылы өзара бағалатады.(8 мин)

«Ұлы есімдерді» топтастыра отырып  үш топқа бөлінеді.

Жыраулар: Жиембет, Бұқар0 Ақтамберді, Базар, Доспамбет

Ақындар: Абай, Ыбырай, Жұбан, Мағжан, Шәкәрім

Хандар:Керей, Жәнібек, Қасым, Абылай, Жәңгір

 

 

Үйге берілген тапсырма бойынша сұрақтарды қағазға жазып жауап береді. Бірінші аяқтаған оқушы «Бинго» деп жұмысты аяқтағанын білдіріп ортаға шығады. Қалған оқушылар жауапты тексеріп, «Бағдаршам» арқылы бағалайды.

 2 сұрақтан төмен жауап берсе

      3-4 дұрыс болса

      5-6 дұрыс болса

АББҚ бар оқушы бағдар картасын орындайды. Жұмысты аяқтаған соң табыс критерийі арқылы өзін бағалайды.

Тұсаукесер

 

 

 

 

2

«Сиқырлы шаршылар»сұрақтарға жауап беру арқылы тақырыпты ашу

Интербелсенді тақтадан шаршының ішіне жазылған сұрақтарды оқиды.  (2мин)

Табыс критерийлері:

А) Ілкіаңдар және қазіргі сүтқоректілер түрлерін білу

В) Ілкіаңдар және қазіргі сүтқоректілердің айырмашылығын табу

С)«Сүтқоректілердің табиғаттағы маңызы» туралы эссе жазу

Қойылған сұрақтарға жауап беріп жаңа сабақтың тақырыбын ашады

 

 

Негізгібөлім

 

 

 

15

 

Зерттеушілік әңгіме «Венн диаграммасы»  жаңа сабақты меңгеру

1.3 топқа мәтін беріледі;

2.Топ мүшелерін  жеке оқытып,  топта талқылатады;

3.Флипчартқа «Венн диаграммасы» сызып қорғайды;

3. «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі арқылы топтарды өзара бағалатады

1.Берілген мәтін бойынша оқушылар жеке оқиды;

2.Топта жұмыстанады(ойларын ортаға салып, пікір алмасады).

3.Постер қорғап өзге топқа түсіндіреді;

4.«Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі  арқылы топтар өзара бірін- бірі бағалайды

Қорытынды

 

 

 

 

18

«Сүтқоректілердің табиғаттағы маңызы» тақырыбына шағын эссе жаздырып сабақты қорытындылайды (13мин) «Театрдағы әрекет» критерийі бойынша өзара бағалатады

«Тазалық ойыны»кері байланыс парағы үлестіріледі (5мин)

Үй тапсырмасы 58/ 290 бетті оқу, сәйкестендіру кестесіне жауап беру

1.Оқушылар «Сүтқоректілердің табиғаттағы маңызы» тақырыбына арнап эссе жазып, тақырыпты қорытындылайды. «Театрдағы әрекет» критерийі бойынша эссені өзара бағалайды

 

 

 

Оқушылар тақырып бойынша «Тазалық ойыны»әдісімен  кері байланыс орнатады.

 

Тақырыпты оқиды, сәйкестендіру кестесіне жауап береді

Сабақтың өзіндік талдауы

Сабақтың өзіндік талдауы

Бүгін 25 сәуір күні тізбектелген төрт сабағымның соңғысын өткіздім. Сабақтың мақсаты сүтқоректілердің екі класс тармағы ілкіаңдар және қазіргі сүтқоректілер түрлерімен танысу, негізгі айрмашылықтарын ажырату .Осы мақсатты негізге ала отырып күтілетін нәтижелер А)Ілкіаңдар және қазіргі сүтқоректілер түрлерін біледі; В)Ілкіаңдар және қазіргі сүтқоректілердің айырмашылығын табады; С) «Сүтқоректілердің табиғаттағы маңызы»  туралы эссе жазады. Сабақты өткізу барысында мақсатыма жеттім. Мақсатқа жетуімнің себебі әдіс- тәсілдерді тиімді қолданғаным және жоспарды жүйелі құрғаным. Сол әдістерге кеңінен  тоқталып өтсем. Ең бірінші кіріспе бөлімінде оқушыларды  «Ұлы есімдер»  ақындар, жыраулар, хандардың есімдері арқылы өзара  үш топқа бөлдім. Оқушылар есімдерді біріктіру арқылы топқа бөлінді.  Топқа бөлінуге 2 минут жоспарлаған болатынмын, алайда оқушылар жылдамдық танытып уақыттан бұрын үш топқа бөлінді. Үй тапсырмасын өткен тақырыптар бойынша «Бинго» әдісімен сұрадым (3 түрлі бинго 6 сұрақтан тұрды),  сонымен қатар АББҚ бар оқушыға арнап бағдар картасын дайындадым. Бағдар картасына 7 минут,  «Бинго»  8 минут және тексеріп бағалауға 3 минут берілді. Оқушылар тест жұмысын өте жақсы орындады және уақытында аяқтады. Жұмыстарын сағат тілі бойынша ауыстырып бірін- бірі тексерді. Дұрыс жауап интербелсенді тақтадан көрсетілді. Бағалау критерийі тақтадан көрсетілді. Оқушылар 8-10 сұраққа дұрыс жауап берсе «өте жақсы», 6-7 сұраққа жауап берсе «жақсы», 5-1 сұраққа  жауап берсе мұңайып тұрған смайликті таңдап өзін- өзі бағалады. «Смайлик» арқылы өзін- өзі бағалау өте сәтті шықты деп ойлаймын. Сегіз оқушы «5» және төрт оқушы «4» бағасын алды. Үштік алғандар болмады. Тұсаукесер бөлімінде «Ой қозғау» стратегиясы арқылы бейнефильм көрсетілді. Фильм біткеннен кейін түрткі сұрақтар қойылып оқушылар жаңа сабақтың тақырыбын ашты. Жоспар бойынша 2 минут уақыт кетті. Негізгі бөлімде жаңа тақырыпты меңгеру үшін «Джигсо» әдісін қолдандым. Оқулықтағы тақырыпты үш топқа бөліп бердім. Бірінші  жеке,  содан кейін топта талқылауды ұсындым. Топтар өз ішінде пікір алмасып плакатты, муляжды  қолдану арқылы өзге топтарға тақырыпты түсіндіріп берді. Топтар өзара «Сыйлық» әдісі арқылы бірін- бірі бағалады. Сыйлықпен қатар ұсыныстарын да жеткізді. Оқушылар жоспарлаған уақыттан бұрын аяқтады. Тақырыпты жан- жақты қарастырып аша білді. Қорытынды бөлімде зертханалық жұмыс берілді. Зертханалық жұмысты орындау үшін бағдар картасы әр оқушыға үлестірілді. Бағдар картасы бойынша берілген тапсырмаларды оқып,  оқулықтағы суреттерді және көрнекіліктерді қолдана отырып сүтқоректілердің сыртқы құрылысындағы өздеріне тән ерекшеліктерді, қаңқасын, ішкі мүшелердің орналасу тәртібімен танысып қорытынды жазды. Зертханалық жұмыста бағдар картасын, муляжды, плакатты  және ылғалды препаратты қолдану оқушылар үшін өте  қызықты болды. Оқушыларға өзін- өзі бағалау үшін табыс критерийі және кері байланыс парағы үлестірілді. Сабақ соңында үй тапсырмасы берілді.

«Мектептегі тәжірибе кезіндегі орындауға арналған тапсырмалар» бойынша №2 ынтымақтастық атмосферасын қалыптасытыру оқушыларды топқа бөлу кезінде және барлық сабақ бөлімдерінде жүзеге асты деп ойлаймын. Себебі оқушылар топта жұмыс жасаудың ережелерін, бір- бірінің пікірімен санасуды, сыйлауды, қажет кезде көмек беріп ынтымақтастықта жұмыс жасады. №3 тапсырма бойынша оқушыларға сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет ету барысында  жаңа сабақтың тақырыбы оқушыларға хабарланған жоқ оларға ізденіс сұрақтары қойылып, жаңа сабақтың тақырыбын анықтау өздеріне тапсырылды.оқушылардың жауаптары ескеріліп жаңа сабаққа көпір жасалды. №4 бойынша  оқушылардың түсіну дәрежесін бағалау үшін топпен жұмыстану кезінде бірнеше сұрақтар қойылды. Мысалы муляждан немесе суреттен дене мүшелерін көрсетуін сұрап оқушылардың жауаптары тыңдалды. Соған сай сабақта қалай меңгергенін анықтауға болады. №5 тапсырма бойынша топтар өзара бірін- бірі бағалау кезінде сыни тұрғыдан ойлай отырып сабақта көп сөйлемейтін оқушы өзінің ойын білдіріп ұсынысын айтты. №7 бірлескен оқуды жүзеге асыру мақсатында талантты және дарынды оқушыларға деңгейлік сұрақтар қойылды.

Тізбектелген төрт сабақтың алғашқысы болғандықтан бірнеше кемшіліктер кетті. Жаңа тақырыпқа көпір жасағаннан  кейін бүгінгі сабақтан күтілетін нәтижемен оқушыларды таныстыруға, алдағы уақытта сол кемшіліктерді болдырмау үшін әдіс тәсілдердің тиімді түрлерін сабаққа енгізуге, өзімді әліде жетілдіруге  және кері байланыс парағын толтырғаннан кейін  бірнеше оқушыға ауызша оқытуға, не себепті олай бағалағанын сұрауға мақсаттар қойдым.    

Сабақ бойынша өзгертулер

 


1-қосымша                                                                    
Маршуттық карта 2

Пәні: биология

Күні: 25.04

Сынып:7

Тақырыбы: Сүтқоректілердің ертедегі жорғалаушылардан пайда болуы және көптүрлілігі

Оқушының аты-жөні:_____________________________________

Тапсырманы орындауға қажетті нәрсенің бәрі бар ма? (Оқулық, дәптер, қалам, сызғыш)

Шартты белгілер:

-оқулықтан қара;

-тапсырманы түсінбеген немесе орындай алмаған кезде көршіңнен көмек сұрауға болады;

 -уақытты  ескер;

Тапсырманы нұсқаулық бойынша орында   

1-аялдама.Суретте бейнеленген сүтқоректілердің атын жаз. Орындау уақыты: 1минут 3балл

 

 

 

 

 

 
265px-Big-eared-townsend-fledermaus.jpgindex.jpgindex.jpg

 

Табыс критерийлері

Тапсырманы түгел орындасаң -3 балдыбелгіле

 

1 қате болса -2 балдыбелгіле

 

2-3 қате жіберілсе 1 балдыбелгіле

 

Суретке қарап сүтқоректілердің атын жазамын

3

2

1

2-аялдама.Сүтқоректілердің тіршілік ортасына сай аттарын жазып шық; Орындау уақыты: 3 минут   3балл

1.Құрлықта мекендейтін сүтқоректілер:____________________________________________________

2.Жер астында тіршілік ететін сүтқоректілер:_______________________________________________

3.Суда тіршілік ететін сүтқоректілер:______________________________________________________

4.Ұшатын сұтқоректілер:________________________________________________________________

          §58  290 бет

Табыс критерийлері

Тапсырманы түгел орындасаң -3 балдыбелгіле

 

1 қате болса -2 балдыбелгіле

 

2-3 қате жіберілсе 1 балдыбелгіле

 

Сүтқоректілердің тіршілік ортасын ажыратамын

3

2

1

3-аялдама.Суретте берілген сандарды сәйкестендір. Орындау уақыты: 3 минут 3балл

8

 

7

 

6

 

9

 

Омыртқа

Жауырын

Бассүйек

Қабырға

Жамбас

Ортан

жілік

Асық

жілік

Өкше

Табан, башпай сүйектері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Сенің жалпы жинақ балың?

Өте жақсы көрсеткіш – 8-9

Жақсы көрсеткіш – 7-5

Талпындың  -4-1

4-аялдама.   Жарайсың!!!

2-қосымша

Бинго 1

1.Сүтқоректілер мен жорғалаушылардың дене құрылысындағы, тіршілік әрекетіндегі ұқсас белгілер?

2.Сүтқоректілерді зерттейтін ғылым?

3.Сүтқоректілердің терісінде болатын бездер?

4.Жер астында тіршілік ететін сүтқоректілерде жойылған дене бөлігі?

5.Сүтқоректілердің есту мүшесінде пайда болды?

6.Ауада өте жылдам ұшып түнде белсенді тіршілік ететін сүтқоректі?

Бинго 2

1.Сүтқоректілердің экологиялық топтары?

2.Сүтқоректілердің мойын омыртқасының саны?

3.Жер шарында таралған сүтқоректілердің саны?

4.Сүтқоректілердің қаңқасы?

5.Тіршілігі сумен байланысты сүтқоректілер?

6.250-180млн жыл бұрын тіршілік еткен?

Бинго 3

1.Терінің қосалқы бөлімдеріне жатады?

2.Сүтқоректілердің тістері құрылысы мен қызметіне қарай?

3.Сүтқоректілердің ұрығы дамиды?

4.Сиырдың буаз болу мерзімі?

 

5.Сүтқоректілердің жүрегі?

6.Алдыңғы аяқтары мен күрек тістері жақсы жетілген сүтқоректілер?

3-қосымшаКері байланыс парағы

«Тазалық» ойыны

Шарты:Құрметті оқушылар, бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар (жазыңыздар), бүгіні сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар). Ал бүгіні ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар).

 Чемодан

 Қоқыс жәшігі

 Еттартқыш

 

 

 

 

 

4-қосымша«Театрдағы әрекет»эссені бағалау критерийі

Бағасы

Бағалаушылардың іс- әрекеттері

Критерийі

Өте жақсы! Керемет!

Оқушылар орындарынан тұрып, қолдарын жоғары көтеріп «Керемет!», «Фантастика!», «Браво!» сөздерді қолданып шапалақ ұрады.

Сөйлемдері жақсы, мәнерлі байланысқан. Эссенің мазмұны кең. Оқу мәнері әдемі, үлкен жауапкершілікпен жұмыстанған.

Жақсы!

Оқушылар орындарынан тұрып шапалақ ұрады.

Эссе жақсы жазылған. Сөйлемдердің арасында байланыс жоқ. Оқу мәнері жақсы

Жақсы, бірақ....

Орындарында отырып қол соғады.

Эссе жақсы жазылған. Бірақ «менің ойымша сыныптасым әлі де бар ынта жігерін салмаған сияқты», «оның қабілетіне мен сенемін», «тағыда осындай тапсырма берілсе сыныптасым жоғары деңгейде орындап келеді деп сенемін» - деген пікірлер қалыптасады.

Өкінішке орай.....Бірақ,

Біз саған сенеміз! Сенің де қолыңнан келеді! деп пікір білдіреді

Эссе жазылмаған болса

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Биология пәнінен сабақ жоспары "Ілкіаңдар және қазіргі сүтқоректілер""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист в области обращения с отходами

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 981 материал в базе

Материал подходит для УМК

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.06.2018 686
    • DOCX 162.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Казиханова Индира Бисембаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Казиханова Индира Бисембаевна
    Казиханова Индира Бисембаевна
    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9321
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения курсов биологии в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 216 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «Биология» в условиях реализации ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 392 человека

Курс профессиональной переподготовки

Анатомия и физиология: теория и методика преподавания в образовательной организации

Преподаватель анатомии и физиологии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 172 человека

Мини-курс

Дизайн-проектирование: теоретические и творческие аспекты дизайна

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Детско-родительские отношения: эмоциональный аспект

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 19 регионов

Мини-курс

Воспитание будущего поколения: от педагогики до игровых технологий

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 17 человек