Инфоурок Биология Рабочие программыБиология пәнінен 7 сыныпқа арналған сабақ жоспары

Биология пәнінен 7 сыныпқа арналған сабақ жоспары

Скачать материал

Сыныбы:   7                       Күні:                           Пәні:биология

Сабақтың тақырыбы: §9. Гидраның ішкі құрылысы. Денесінің қосқабаттылығы. Эктодерма және энтодерма. Жасушаларының әр түрлілігі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға ішекқуыстылар типіне жататын гидра туралы түсіндіріп,  негізгі ерекшеліктеріне сипаттама беру

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа,тазалыққа тәрбиелеу

Сабақтың типі: жаңа білім беру

Сабақтың түрі: дәріс

Пәнаралық байланыс:география,экология

Көрнекіліктер: Электронды оқулық,қима қағаздар,ылғалды препарат

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Үй тапсырмасын қайталау

3.Үй тапсырмасын бекіту

4.Жаңа сабақ

5.Сабақты бекіту

6.Сабақты қорыту

7.Оқушылар білімін бағалау

8.Үйге тапсырма

1.Ұйымдастыру кезеңі

А. Оқушылармен сәлемдесу

Ә. Оқушыларды түгелдеу

Б. Сынып тазалығына көңіл бөлу

2.Үй тапсырмасын сұрау.       

1.   Көпжасушалы жануарларға қандай жануарлар жатады?

2. Регенерация деген не ?

3. Су астында қаңқалардың үйіндісінен пайда болатын түзілістер қалай аталады?

IY Жаңа сабақ

         Гидра (Hydra oligactis) — қарапайым құрылысты полиптің бірі. Биіктігі 1 см-ге жуык, ұзына бойы созылған қапшық тәрізді, табанымен субстратқа бекініп өмір сүреді. Өзендер мен шалшык суларда жиі кездеседі.

         Гидраның денесі эктодерма және энтодерма қабатынан кұралған. Олардың арасындағы мезоглея қабаты өте жұка құрылымсыз қоймалжың заттан тұрады. Денесінің алдыңғы жағында  6-12 қармалауышпен қоршалған ауыз тесігі орналаскан. Ол, энтодермалық клеткаларымен астарланған гастральдык куысына ашылады.

         Гидраның эктодерма қабаты алты түрлі клеткалардан құралған. Олар: 1.жабынды эпителиальды клеткалары,

2. эпителиальды-бүлшықет клеткалары,

3. интерстициальды немесе аралық,

4. атқыш,

5. жыныс

6. нерв клеткалары.

        Эпителиальды-бұлшықет клеткалары цилиндр немесе призма тәрізді, өзінің түбімен мезоглея қабатына бағытталып, сол жерде өскіншелер түрінде созылады. Өскіншенің цитоплазмасы жіңішке жиырылғыш талшығын құрайды. Осындай эпителиальды клеткаларының өскіншелері бірігіп бойлай созылып орналасады, олар жиырылғанда гидраның денесі тартылып қысқарады. Ал клеткалардың негізгі цилиндрлік бөлігі бір қабатты жабынды эпителиді құрайды. Сонымен эпителиальды-бұлшықет  клеткалары жабынды эпителидің және жиырылу қызметін атқарады.

       Эпителиальды-бұлшықет клеткалардың арасында ұсақ аралық немесе интерстициальды клеткалар орналасқан, олардан жыныс және атқыш клеткалар пайда болады. Атқыш немесе қалақай клеткалары алмұрт тәрізді, ішінде қатты қабықты сопақша атпа капсуласы орналасқан. Капсула улы затқа толы және оның ішінде іші қуыс спираль тәрізді оралған жіпше жатады. Атқыш клетканың  сыртында қылтанақ тәрізді — книдоциль деп аталатын сезгіш талшығы болады, оны ұсақ түктер айнала қоршаған. Егер сезгіш талшыққа бір организм тиіп кетсе, онда ол ауыткып, клетканы қоздырады да, капсула ішіндегі спираль тәрізді жіпше атылып денеге шаншылады. Жіпшемен бірге капсуланың ішіндегі күйдіргіш немесе улы сұйық затта қоса бүркіледі.

        Құрылысы мен атқаратын қызметіне байланысты капсуланың бірнеше түрі кездеседі. Пенетранттар — капсуласы ірі, атқыш жіпшесін жауының немесе қорегінің денесіне сұғып жіберіп, улы заттарымен оны жансыздандырады. Вольвенттер — капсуласы ұсақ, атқыш жіпшесі қысқалау, қорегін жіпшемен шырмап алады. Глютинанттар — капсуласы созылыңкы, атқыш жіпшесі ұзын, жабысқак, өз қорегіне кілегейленіп калады. Осындай күрылысты атқыш клеткалар қорғаныс және қорегін аулау қызметін атқарады. Атқыш клеткалар көбінесе қармалауыштарда және ауыз тесігінің айналасында шоғырланып орналасады.

       Жыныс клеткалары аралык, (интерстициальды) клеткалардан қалыптасып, аталық клеткалары — сперматозоидтары ауыз полюсіне, ал аналық — жұмыртқалары табанына жақын орналасады. Гидралар дара және қос (гермафродиттер) жыныстылар.

        Гидраның эпителиальды — бұлшықет клеткаларының астында жұлдыз пішінді нерв клеткалары жатады. Олар өздерінің тармақ ұштары арқылы бір-бірімен сабақтасьш нерв торын түзеді. Осындай кұрылысты жүйені диффузия типті нерв жүйесі деп атайды. Гидраларда екі нерв шоғырын байқауға болады, олар ауыз аймағында және табанында. Гидраны тітіркендірсе денесі түгелімен жиырылады.

         Гидраның энтодерма клеткалары ауыз шетінен бастап гастральды қуысын түгел іштей астарлап жатады. Энтодерманың негізін үш түрлі клеткалар түзейді, олар эпителиальды-бүлшықет, талшықты және без клеткалары. Эпителиальды-бұлшықет клеткаларының құрылысы эктодерма қабатындағы эпителиальды-бұлшықет клеткаларына ұқсас, тек олардың жиырылғыш өскіншелері сақина тәрізді көлденең орналасқан, олар жиырылғанда гидраның денесі жіңішкеріп созылады. Эпителиальды- бұлшықет клеткаларының призмалык немесе цилиндрлік бөлігі гастральды қуысына бағытталып, жалған аяқтарының немесе 2-3 талшығының жәрдемімен гастраль қуысына түскен ұсак жәндіктерді ұстап, клетканың ішінде қорытады. Гастральдык куысқа түскен ірі қоректер (дафния, циклоп, балықтардың шабағы) энтодерманың безді клеткаларынан бөлініп шыкқан ас қорыту сөлдерінің әсерімен қорытылып, қорытылмаған қалдықтар ауыз тесігі аркылы сыртқа шығарылып отырады. Сонымен гидраньң ас қорытуы клетка ішілік және қуыс ішілік болып келеді. Осыған байланысты гидраның ішкі қуысы гастраль немесе ішек қуысы деп аталады.

Y Сабақты бекіту                               

1.  Гидраның денесі неше қабаттан тұрады?

2.  Эктодерма қабаты қандай клеткалардан тұрады?

3. Эпитиалды клетка дегеніміз не?

4. Гастраль қуысы дегеніміз не?

5. Вольвенттер дегеніміз не?      

VII Бағалау                                         

VIII Үйге тапсырма.  Гидраның ішкі құрылысы. Денесінің қосқабаттылығы. Эктодерма және энтодерма. Жасушаларының әр түрлілігін оқу.

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Биология пәнінен 7 сыныпқа арналған сабақ жоспары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Главный бухгалтер

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 619 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.10.2015 1577
    • DOCX 18.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Туменбаева Гульнара Бактыбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 2613
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Государственная итоговая аттестация как средство проверки и оценки компетенций учащихся по биологии

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 273 человека

Курс профессиональной переподготовки

Биология и химия: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель биологии и химии

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 322 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 138 человек

Курс повышения квалификации

Инновационные технологии обучения биологии как основа реализации ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 135 человек из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 517 человек

Мини-курс

Успешая команда: опросы, сторис

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы искусствознания

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 10 человек

Мини-курс

Медико-педагогические аспекты обучения и тренировки

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе