Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Другие методич. материалы / Биология пәнінен сыныптан тыс жұмыс "Қызықты биология"

Биология пәнінен сыныптан тыс жұмыс "Қызықты биология"


  • Биология

Поделитесь материалом с коллегами:

Сыныптан тыс іс-шара «Қызықты биология»

Мақсаты: Оқушылардың биология пәніне қызығушылығын оята отырып, білімін тиянақтау.

Міндеттері:

  • Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттыру;

  • Топта жұмыла жұмыс істіеуге үйрету;


Сабақ түрі: интеллектуалды ойын

Сайыстың барысы:


жүргізуші:Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар!

9 – 11 сыныптар арасында өткізілетін «Қызықты биология» атты танымдық сайысымызға қош келіпсіздер!

Ақыл - тон, аңдағанға тозбайтұғын,

Білім – кен, қанша болса азбайтұғын.

Қатарыңозашауып бара жатса,

Арқаңныңауруы не қозбайтұғын, - депТұрмағамбет Ізтілеуов айтқандай, білімдіксайысымызды бастаймыз.

Бүгінгі ойынға әрбір сыныптан 5 оқушыдан қатысады. Алдымен топ ішінде өзара ақылдаса отырып топтың лидерін, топтың атын, және девизін ойластырасыздар, сонымен қатар сіздерге берілген эмблеманың мәнісін түсіндіресіздер. Ол үшін сіздерге 2 минут уақыт беріледі. Уақыт аяқталған соң топта сайлаған лидер таныстырады.

Ойынымызды әрі қарай жалғастырамыз, ол үшін ойынның барысымен және шарттарымен таныстырып өтейік. Ойын 4 раундтан тұрады:

I раунд: Викторина

II раунд:Үй тапсырмасы

III раунд: «Білгенге маржан» (көрермендермен жұмыс)

IV раунд: Пантомима

жүргізуші: Олай болса I раундымызды бастаймыз. Онда келесідей ережелер мен шарттар белгіленген:

  • Бірінші бастау құқығы жеребе арқылы шешіледі;

  • Сұрақтар 5 категорияға бөлінген, әрбір категорияда 10 баллдан 50 баллға дейін бағаланған сұрақтар берілген, сұрақты таңдау топтың еркінде;

  • Берілген сұраққа дұрыс жауап берген жағдайда, сұраққа белгіленген балл топтың қоржынына кіреді;

  • Ал дұрыс жауап бере алмаған жағдайда, жауап беру құқығы қарсыластарға беріледі;

  • 10-30 баллға дейінгі сұрақтарға 30с, ал 40-50 баллдық сұрақтарға 1 мин-ке дейін уақыт беріледі, жауап дайын болған жағдайда уақытты тлқтатуға болады;

  • Сұраққа бір ғана нақты жауап қабылданады;

Сондай-ақ ойында келесідей жеңілдіктер қарастырылған:

  • «Сәттілік!» - топ берілген сұраққа дұрыс жауап қайтарған жағдайда, балл саны екі еселенеді, дұрыс жауап қайтармаса балл топ қоржынынан алынбайды.

  • «Өз ойыным» - топ берілген сұраққа балл санын көтеруге не түсіруге құқығы бар.

  • Сұрақ-аукцион – бір топ екінші топтың сұрағын сатып ала алады.

Ойын шарттары сіздерге түсінікті ме? Олай болса бастайық, іске сәт!


1-категория:«Ең.,ең.,ең..»

10. Дүние жүзіндегі ең алып құс? (түйеқұс)

20. Ең тез өсетін өсімдік? (бамбук)

30. Ең ежелгі астық дақылы? (бидай)

40. Ең тереңде өсетін балдыр? (қызыл балдыр)

50. Теңіз жануарларымен жасалған ең үлкен құрылыс?(Үлкен барьерлі риф)

2-категория: «Логика биологияда»


10. Бала аяғы жоқ тоғыз, басы жоқ алты, ортан белі жоқ сегіз балық ұстады. Барлығынешеу? (0)

20. Бес адамға бес алманы бөлу керек, әр адам бір алманы алса, бір алма себетте қалу үшін қалай бөлеміз? (бір адам бір алманы себетпен қоса алады)

30. Сұрақ-аукцион. Асқабақтың дұрыс өнуіне және пісуіне 60 күн қажет. Егер 1 маусымда дәнін ексек, оның дәнін қай уақыттан бастап жинаймыз?(30 шілде)

40. Тоғыз бас, жиырма екі аяқ. Неше тауық, неше ешкі? (екі ешкі, жеті тауық)

50. Еуропалықтар бұдан 400 жыл бұрын картоптың дәмін білген. Ал РесейдекартопI Петр кезінде 1700 жылы әкелінген. Ресейліктер бұл өсімдікпен неше жылдан бері таныс?(314 жыл)

3-категория: Әзілді биология

10. Қандай зиянкес көбелектің атын, химия пәнінде жиі қолданады? (моль)

20. Сәттілік: Қайсысының аяғы көп: бес осьминогта ма әлде төрт кальмарда ма? (бірдей)

30. Бірдейекізебраныңболуымүмкінбе? (жоқ)

40. Арыстан мықты ма әлде жолбарыс мықты ма? (жолбарыс)

50. Китті акула (китовая акула) адамдытолығыменжұта ала ма? (жоқ, ол тек планктондармен қоректенеді)

4-категория: «Мозаика»

10. Екі ағзаның селбесуінен құралған табиғи индикатор? (қына)

20. Қандай аурудың аты латын тілінен аударғанда «тұншықтыру» деген мағынаны білдіреді? (ангина)

30. Қазақта «түйме» деп қандай жануарды атайды? (жылан)

40. Жапонияның елтаңбасында бейнеленген «ақ айдаһар гүлі» қалай аталады? (хризантема)

50. Американың Брюнкс қаласында хайуанаттар бағының қызметкері баққа кіре берісте кәдімгі айнаны іледі де, астына жазу жазып қояды. Онда не жазды деп ойлайсыздар? (Сіз жер бетіндегі ең қауіпті жыртқышты көріп тұрсыз....)


5-категория: « Биологиялықжұмбақтар»


10. Өсімдіктің қай мүшесі «жасыл асхана» деп аталады? (жапырақ)

20. Мойны сұрақ белгісі.Бұл қандай көл құсы? (аққу)

30. Көк ала шапан киеді, күннің көзін сүйеді? (қарбыз)

40. Ақкөйлектікөкжелек,

Ормандаорныбірбөлек.

Әнніңатыдеседі,

Сыздыжердеөседі, бұл не? (қайың)

50. Көк жүзiнде жылжып жай,

Керуен құрған тiзiлiп,

Iлгек-iлгек шынжырдай,

Қалмайды олар үзiлiп? (тырна)


жүргізуші:Жақсы, осымен ойынымыздың бірінші кезеңі өз мәресіне жетті. Жинаған баллдарыңызды санап шығып, айтыңыздар.

Келесі раунд «Үй тапсырмасына» көшейік, 1-ші ойында анықталған ретпен көрсетесіздер. Бұл ойында ................төрелік етеді, әр топтың жұмысын 10-нан 50 баллға дейін бағалайды.

Екінші раундты қорытындылау үшін ..................сөз беріледі.

Ендігі кезек сіздерді қолдауға келген көрермендерге беріледі. Олай болса үшінші раундымызды бастаймыз. Әрбір топтың жақтастарына 5 сұрақ қойылады, сіздер бірден жауап берулеріңіз керек. Әрбір дұрыс жауапқа 10 баллдан беріледі және ол топ қоржынына қосылады. Сұрақтың жауабын білмеген жағдайда «жауап жоқ» деп айтыңыздар, келесі сұрақ оқылады.



9 сыныптың жақтастарына сұрақтар:

  • Тіршіліктің қарапайым өлшем бірлігі (жасуша)

  • Өсімдіктерге жасыл түс беретін пигмент қайсысы? (хлорофилл)

  • Жасушаның «энергетикалық стансасы» деп аталады (митохондрия)

  • Ең ұзақ тарихи кезең (Архей)

  • Ұрықтың дамуы қалай аталады? (эмбриогенез)


10 сыныптың жақтастарына сұрақтар:

  • Тұқым қуалаудың гомологтік қатарлар заңын ашқан ғалым (Вавилов)

  • Ағзадағы сыртқы белгілерінің жиынтығы (фенотип)

  • Мүктерді зерттейтін ғылым (бриология)

  • Балдыр жасушасына жасыл түс береді (хромотофор)

  • Бір қабатты ұрық (бластула)


11 сыныптың жақтастарына сұрақтар:

  • Жарық қандай факторға жатады (Абиотикалық)

  • Осы заманғы типті адамдар қалай аталады (кроманьондықтар)

  • Бірлестіктер экологиясы (синэкология)

  • Топырақта тіршілік ететін ағзалар (геобионттар)

  • Тіршілік үшін күрес барысында тірі қалатындар (мықтылар)


жүргізуші:Соңғы шешуші раундты бастаймыз. Ол «Пантомима» деп аталады. Бұл кезең «Крокодил» ойынының желісі бойынша өтеді. Топтан кезекпен-кезек шығасыздар, сіздерге сурет жасырамыз. Соны сіз өз тобыңызға мимика, жест арқылы жеткізесіз, ал қалған топ мүшелері оны табу керек.

Бұл ойынның шарты сөйлеуге болмайды, сөйлеген жағдайда есептелмейді. Әрбір дұрыс табылған сөзге 10 баллдан беріледі, әрбір суретке 40 с уақыт беріледі. Ойынның шарты түсінікті болса бастаймыз!

Енді ойынымыз қызықтырақ болу үшін тапсырманы қиындатамыз, енді сіздер қандай да бір биологиялық процесті табуларыңыз керек, мысалы тыныс алу, жеке даму деген сияқты. Ол үшін 2 немесе 3 адам шығуына болады, сіздерге күрделігіне қарай 1 мин уақыт беріледі. Әрбір дұрыс жауапқа 20 балл беріледі.

Ойынымыз өте қызықты әрі тартысты өтті, енді қорытындылайық. Өздеріңіздің жинаған баллдарыңызды санап шығыңыздар.


Рефлексия.


Сізге ойын ұнады ма,қандай әсер алдыңыз? ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Ұнамаса, не нәрсе көңіліңізден шықпады

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Ойынның қай бөлімі сізге ерекше ұнады? Қойылған сұрақтар сіз үшін қиын болды ма?

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Сіз бұл ойынға қандай баға берер едіңіз?

hello_html_5a914bb6.pnghello_html_3338e37e.png


Сонымен бүгінгі «Қызықты биология» атты сайысымыз өз мәресіне жетті.Алда әлі де биік - биік асулардан көріне беріңдер деп тілек білдіреміз.












Кішкенекөл қазақ мектеп–гимназиясы












Сыныптан тыс іс-шара

«Қызықты биология»









Өткізген: биология пәнінің мұғалімі

Кабуйдуллина З.С.












2015–2016 жж


Автор
Дата добавления 28.05.2016
Раздел Биология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1036
Номер материала ДБ-101889
Получить свидетельство о публикации

Комментарии:

1 месяц назад
жақсы құрылған сабақ жоспары.

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх