Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Биология / Конспекты / Биология "Вирустардың тіршілікке зияны" 10- сынып
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Биология

Биология "Вирустардың тіршілікке зияны" 10- сынып

библиотека
материалов

Сыныбы 10 «ә»

Сабақтың тақырыбы

Қарапайым құрылысты алғашқы организмдер. Прокариоттар. Вирустар-тіршіліктің жасушасыз түрі.

Мақсаты

Бактериялардың жіктелуі туралы түсінік беру

Күтілетін нәтижелер


Бактериялардың тіршілік әрекеті туралы біледі; айырмашылықтарын сипаттайды; пайда- зиянын тұжырымдайды

Керекті жабдықтар

Оқыту әдістемесі, интернет

Қолданылатын әдістер

Үй тапсырмасын тексеруде «Сәйкесін тап» тапсырмасы, жаңа сабақты меңгертуде қосымша деректермен жұмыс, бекітуде тірек - сызба құру

Сабақ барысы:

Сабақ кезең

дері

Уа-қы-ты

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріс

пе


1

мин


10

мин

Сыныппен амандасу, топтарға бөлу

Мынадай сөз бар күнді қандай көңіл күймен бастасаң, солай өтеді. Олай болса бүгінгі күнімізді күлкімен бастайық, бір-бірімізге қарап жақсы тілегімізді айтып, жымиып, сабақ барысында көтеріңкі көңіл күйде болайық. (оқушылар қолдарыңдағы смайлик бар қағазды көрсетіп, көңіл-күйлерінің жақсы екендігін бір-біріне көрсетеді.)Бүгінгі сабақ барысында сіздер мұқият, тапқыр болып, ең бастысы өз білімдеріңіз бен жұмыс жасау қабілеттеріңізді көрсетеді деп сенеміз. Ендеше бір-бірімізге сәттілік тілейік.

Үй тапсырмасын сұрау:

-Миға шабуыл

Өткен сабақтағы білімдерімен бүгінгі сабақты байланыстыра отырып сұрақтар қою)

1. Тірі ағзаның негізгі қасиеттеріне не жатады?

2. Прокариоттар дегеніміз не? Мысал келтір.

3. Эукариоттар дегеніміз не? Мысал келтір

4. Жер бетіндегі барлық ағза жасушадан тұрады ма?

5. Жасушалы ағзаларды тіршілік ету әркеттеріне байланысты қандай топтарға бөлінеді?

6. Тірі табиғат дүниесі дегеніміз не?

7. Тірі ағзаның жасушасыз түріне не жатады?

Сәйкесін тап:

  1. «Антогонизм» туралы ілімді қалыптастырды

  2. Ашу процестері микроорганизмдердің іс әрекетіне тікелей байланысты екендігін дәлелдеді

  3. Страсбург университетінде микроорганизмдер туралы еңбегін қорғады

  4. Күкіртті бактерияларды зерттеді

  5. Ұсақ ағзалар мен зең саңырауқұлақтарын тұңғыш көріп, сипаттады

  6. «Табиғат жүйесі» еңбегін жазды

  7. Хемосинтезді ашты

А) М.М. Тереховский В) И.И. Мечников

С) К.Линней Д) А. Левенгук Е) Л.Пастер

И) С.Н.Виноградский.


Тапсырма №1 Анықтамалық әдебиеттерде вирусқа қандай анықтама берілген? Соны анықтаңыздар.

Тапсырма №2 Ағылшын ғалымы, нобель сыйлығының иегері Медавр Питер Браун «Бұл (вирус) белоктың түйіршік ішіндегі жағымсыз жаңалығы» деп неліктен айтқын?

Тапсырма №3

Сонымен вирустар туралы не білесіздер? Вирус деп нені ойлайсыздар?

1. Әр қайсысы дәптерлеріне вирустың суретін өздерінің ойынша салады.

2. Вирусқа байланысты не білетіндерін естеріне түсіреді.

3.Кестені толтырады.

4. Кестенің сол жағына вирус туралы білгендерін жазады.

5. Бір-бірімен пікір алмасады.

6. Әр қайсысы вирус жайлы білетіндерін сынып алдында айтып шы ғады.


Білемін

Білгім келеді

Білдім

 




 





Сәйкесін табу тапсырмаларын орындап, өзін –өзі тексереді


Тұсау-кесер



2 мин


Сұрақ: Пайда болғанына 3 млрд жыл болған цианобактериялар әлі де сулы ортада тіршілік етеді. Неліктен деп ойлайсыздар?

(оқушылар жауабын тыңдаймын)

Жауап: Сулы ортаның басқа орталар мен салыстырғанда тұрақты болуы себебінен

Сұраққа ойланып, жауап береді

Негізгі бөлім


15

мин










































6 мин

Оқушылар төмендегідей қосымша деректер әкелуі керек, олар әкелмеген жағдайда өзім беремін.

Морфологиясы-бактериялардың пішіндерінің әр-түрлі болуы жіктеу белгілерінің бірі:

1. Кокккалар-шар пішінді

А) стафилококтар-жүзім алғымы –өкпе қабынуын

Б) стрептококкалар-тізбек тәрізді, тыныс алу жолдарында, ангина, скарлатина ауыруларын қоздырушы, йогуртқа керемет дәм береді;

В) диплококкалар- пневмония

2.Бацилдер-таяқша тәрізді.-сүзек, столбняк, ботулизм, сибирь язвасы;

3.Спирилдер-орама тірізді

4.Вибрион-үтір тәрізді, холера қоздырғышы;

Бактериялардың тіршілік әрекеті:

1.Тыныс алуы:

Оттегін пайдалануға байланысты микроағзалар мынадай 4 топқа бөлінеді:

1.Облигатты аэробтар- тек оттекті ортада мекен ететіндер: Mycobacterium tuberculosis.

2.Факультативті аэробтар- аралық, яғни оттегі болған жағдайда оны пайдаланып, жоқ болса E.coli

3. Облигатты анаэробтар- оттексіз ортада тіршілік ететіндер: Clostridium tetani-топырақта мекен етіп, столбняк қоздырушысы,Clostridium botulinum- нәруызға бай ет өнімдерінде.

4. Микроаэрофилдар- ауадағы оттегінің концентрациясынан төмен ортада мекен етеді-Lactobacillus.

2.Бактериялардың қоректену тәсілдері олардың тіршілік жағдайы сияқты әр- алуан.

Автотрофты- (фототрофты және хемотрофты)

Гетеротрофты-(сапрофитті және паразитті).

Бактериялардың өсуі тек оттегінің концентрациясымен ғана емес, сутектік көрсеткішке де тәуелді:

Рн- қышқылдық ортада өсетін микроағзалар- ацидофилдер;

Негіздік ортада өсетін микроағзалар- алкалофилдер, д.а

3.Бактериялардың көбеюі: видео

Көлденең және тігінен.

Көлденің әдіспен көбейгенде қолайлы жағдайда әр 20 минут сайын бактерия жасушасы екі еселенеді.

Есеп. Егер бактерия жасушасы кедергісіз әр 20 мин сайын көбейсе, 2сағатта ,5 сағатта, оның саны қаншаға жетеді.

Жынысты көбею түрлері-видео көрсетемін

Тақырыпты бекіту үшін «Микроорганизмдердің табиғаттағы маңызы» тақырыбында тірек сызба құрастыру

Бекіту сауалнамасы:

  1. Вирусология ғылымының негізін салушы:

А) Ф.Туорт; в)Д.И.Ивановский; с)У.Стенли.

2. Тіршіліктің жасушасыз формасы:

А) бактерия; в)вирус; с)микроб.

3. Вирус қайда тіршілік етеді?

А) топырақта; в)адамда; с)тірі денелерде.

4. Бактериофагтар:

А) вирустар; в) бактериялар; с) жәндіктер.

5. Вирус құрылысы:

А)денесі, басы, құйрығы; в)ДНҚ мен қабықша; с)ДНҚ не РНҚ және қабықша.

6. Вирус арқылы таралатын аурулар:

А) шешек, туберкулез; в) тұмау, қызылша; с) құтыру, сарып.

7. Полиемелит ауруының белгілері:

А) Дене мүшелерінің жансыздануы; в) жүйкелердің жансыздануы; с)мешел.

8. Бактериофагтың бөлетін ферменті:

А)лизин; в) лизоцим; с) пепсин.

9. Вирусология :

А)микробиологияның саласы; в)медицина саласы; с) экология саласы.

10. “Вирус” сөзі латыншадан аударғанда:

А) су; в) у с) дауа мағынасын береді.














Оқушылар әкелген деректерін ортаға салады немесе мұғалім берген деректерді талдайды.

































Топпен тірек-сызба құрады


Қоры-тынды



2

мин


1 мин

Сабақ бойы жұмыстанулары бойынша оқушыларды бағалаймын, бағаға түсініктеме беремін.

Үйге тапсырма беремін: «Көзге көрінбейтін үлкен әлем» тақырыбына эссе жазу

Рефлексия

Бағаларымен танысады.



Сабақтың өзіндік талдауы:

Бұл сабағымда үй тапсырмасын тексеруде «Сәйкесін тап» тапсырмасы, жаңа сабақты меңгертуде қосымша деректермен жұмыс, бекітуде тірек - сызба құру, жаңа сабақта АКТ-ны арнайы видео материалдары мен қорытындылап жібердім.Жалпы сыныпты екі топқа бөлдім.Әрбір топ мүшелері бір-біріне екі жұлдыз бір тілек айтып әділ, нақты кемшіліктері мен жіберілген қателіктерін мысал келтіру арқылы көрсете білді.Барлық оқушыларда да қызығушылық өте жоғары болды.Себебі «Қарапайым құрылысты алғашқы организмдер. Прокариоттар. Вирустар-тіршіліктің жасушасыз түрі» күнделікті өмірмен ұштасқандықтан оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігі арта түсті.











































«Бактериялардың тіршілік әрекеті » жаңа сабақты талдау үстінде


hello_html_m3dd35a03.gif


















Бекітуде тірек-сызба құру сәтінен


hello_html_m2ad1e212.gif








Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 07.11.2015
Раздел Биология
Подраздел Конспекты
Просмотров326
Номер материала ДВ-130771
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх