Инфоурок / Биология / Другие методич. материалы / "Биология және география сабақтарында ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділіг і"
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 216 курсов со скидкой 40%

"Биология және география сабақтарында ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділіг і"

библиотека
материалов

Биология және география сабақтарында ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігі


Оспанова Г. А.

Астана қаласы №25 орта мектеп


«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен

байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа

білім беру өте қажет»

Н.Ә.Назарбаев


Білім беру кеңістігінде қазіргі таңда білім беру - әлеуметтік құрылымның маңызды элементтеріне айналды. Дүние жүзінде білімнің әлеуметтік ролі артты. Адамның болашағы оның қазіргі алған білімінің сапасына, көлеміне, ойлау деңгейіне байланысты.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» дегені мәлім. Ендеше қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи-танымдық, педагогикалық-психологиялық, саяси-экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етіледі. Ал заман талабы мұғалімдерге жан-жақты жетілген, көпсалалы дайындық иесі болуды жүктейді. Мұғалім мақсаты бүгінгі заман талабына сай әлеуметтендіру-қарым-қатынас жасай білетін, өмірлік мақсатына жете білетін, өмірлік және адамгершілік құндылықтарды ұстанатын, өзінің қажеттілігі мен қызығушылықтарын қоғам талаптарына сәйкес шектей білетін білімді, білікті, өздігінен тығырықтан шығар жол таба білетін іскер тұлға тәрбиелеу.

Нарықтық қатынастар орныға бастаған егемен еліміздегі білім мекемелерінің алдына оқушыларға берілетін білім мен тәрбие сапасын көтеру және жақсарту міндеттері қойылды. Соңғы уақытта заман ағымына байланысты білім мазмұнында көптеген түбегейлі өзгерістер болуда. Біздің мемлекетімізде жаңа телекоммуникациялық құралдың дамып келе жатқаны сөзсіз. Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі мақсаты оқушылардың ақпарат мәдениетін қалыптастыру. Осы мақсатты орындау барысында оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда жаңа әдістерді қолдану қажеттілігі туындап отыр. ХХІ ғасыр - ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер, интерактивті құралдардың көмегімен оқыту нәтижесін зерттеудегі ғылыми мәселелерді шешу ең басты орын алып отыр. Соңғы жылдарда ақпараттық-коммуникациялық заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану айтарлықтай нәтиже беруде.

Қазіргі уақытта жаратылыстану –ғылыми білім беруде сабақ барысында интерактивті құралдарды қолдануда. Интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашып отыр. Қазіргі кезде сабаққа дайындалу барысында мұғалім сабақ мазмұны оқушылар үшін танымдылығы жағынан қызықты әрі жаңаша өту үшін өзінің бағалы уақытын қажетті материалдар іздеу мен жүйелеуге жұмсайды. Мұғалім алдыңғы сабақта өтілген материалды ашып, өткен сабақты қайталай алады. Тақтада жұмыс істеген мұғалім мен оқушының орындаған іс-әрекеттерін есте сақтап келесі сабақта қолдануға болады. Сонымен , интерактивті тақта сабаққа қатысушылардың барлығының ойын бір ортаға жинақтап, қажетті ақпаратты өңдеу арқылы жалпыланған ақпараттық білікті қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады. Сабақты түсіндіру барысында мұғалім тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды DVD, CD-ROM және Интернет ресурстарын қолдана алады. Бұл кезде мұғалім қосымшаны іске қосу, Web-түйін мазмұнын қарастыру, ақпарат сақтау, белгі жасау тышқанды ауыстыратын арнайы қалам арқылы жазулар жазу және т.б. әрекеттерді жеңіл орындай алады. Білім беруде кез- келген «Электрондық оқулықтарды » пайдалану оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттырып, қана қоймай логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға. шығармашылықпен жұмыс жасауына жағдай жасайды. Осы орайда биология, география пәндерін оқытуда қолданылатын жаңа ақпараттық технологиларға электрондық оқулықтарды жатқызуға болады. Электрондық оқулық оқушының уақытын үнемдеуіне, алған білімдерін кеңейтуге мүмкіндік береді. Әрбір оқушы қалаған тақырыптары бойынша тапсырмалар орындап, тестке жауап беріп, зертханалық жұмыстарды орындауға дағдыланады.Электрондық оқулықтар арқылы суреттер бейнекөріністер көрсетуге, дыбыс, және музыка тыңдауға болады. Бұл әрине, мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады.   Компьютерлер мен интерактивті тақта оқушылардың тілдік құзіреттілігін, шығармашылық потенциалын дамыту құралы ретінде пайдалану интеллектуалдық, эстететикалық және ақпараттық сауаттылығын арттыруға көмектеседі, ал көрнекі құрал ретінде пайдалану оқу-танымдық үрдіс тиімділігінарттырады.

Биология, география сабақтарында да АКТ-ны келесі түрлерін қолдануға болады:

-Сабақ кезінде жаңа материалды өтуде слайд, презентация, флипчарттарды қолдану;

- Жаңа сабақты әлектрондық оқулық, интернет материалдарының бірнеше фрагменттерін қолдануға;

-Зертханалық, сарамандық жұмыстарда;

-Түрлі тапсырмалар мен тест орындауда;

Әр сабақта компьютерлік технология арқылы барынша толық жұмыс істеу оқытушыдан шеберлікті, іскерлікті, өте жоғары ұйымдастырушылықты қажет етеді.

Мысалы:10-сыныпта «Жасушалық теория» бөлімін өткенде слайд-презентацияларды қолдану арқылы өзіндік ізденісін дамыту. Оқулықтағы мәтінге қосымша суреттер, түсіндірме материалдар көре отырып, оқушылар түртіп алу әдісімен жұмыс атқара алады, жауабын табуға талпынады. 11-сыныпта «Микроэволюция» тақырыбын өткенде, презентацияны пайдалана отырып, тақырыпты жеңіл менгереді, табиғи сұрыпталудың формаларын салыстыра отырып жете түсінеді, өмірден мысалдар келтіріп, табиғи құбылыстардың жүру зандылықтарын ажырата білуге дағдыланады. Ақпаратты –коммуникативті технологияны биология сабақтарында қолдану сабақтың сапасын елеулі түрде арттыратыны сөзсіз. Биология, география сабақтарында слайдтардың көмегімен мысалдарды, есептерді тақтада көрсетуге, биологиялық сергіту сәттерін ұйымдастыруға, бақылау, тест жұмыстарын жазған кезде оқушының білімін тексеруге болады. Мұндай сабақ уақытында сыныптағы оқушылардың қарам-қатынас жақсарады. Тапсырманы оқушылар өз сөздерімен түсіндіріп, компьютер алдындағы қорқыныш жойылады, аса күрделі тапсырмаларды қызығушылықпен орындауға тырысады.

География пәні басқа пәндермен салыстырғанда, картамен тығыз байланысты екенін ескеріп, оқушылардың география сабағында материк пен дүние бөлігіндегі және аралдағы елдер мен халықтар жайында қызғылықты деректерді тек оқулық мәтініндегі берілген карта, сызба, сурет немесе диаграммаларды пайдаланумен ғана шектелмей, электрондық оқулықта көрсетілген бейне арқылы пайдаланған тиімдірек.

Оқушылар оқулықпен жұмыс істеу  барысында географиялық әдебиеттер мен карталар, сызбалар, суреттер және қосымша кестелерді пайдалану арқылы білім мен біліктіліктерін арттыратын болса, көзбен көріп, электрондық оқулықтың көмегімен есте сақтау қабілетін және пәнге қызығушылығын арттырады.

6 - сыныпта «Физикалық география» курсындағы карта және план тарауынан алған теориялық білімін, дағдыларын күнделікті өмірде қандай да бір тәжірибеде практикамен ұштастыра білген жағдайда, оқушы жеке іс-әрекетін өзі ұйымдастырып, шығармашылыққа қабілеті жоғарылайды. Картаның тілін білу барысында оқушы алдымен қарапайым планды оқи білуі керек. Планды түсіріп, оқи білу үшін алдымен шартты белгілерді білуі қажет. Осы мақсатта компьютердің көмегімен топографиялық  диктант немесе деңгейлік тапсырмалар алған тиімді. Оқушының өз бетінше зерттеу жүргізуі оның көкейінде жүрген сауалға жоспарлы түрде жауап  табуға үлкен ықпалын тигізеді.

7-сыныпта өтілетін «Материктер мен мұхиттар географиясы» курсында оқушылар материктер мен дүние бөліктері тарауында географиялық орнынан бастап, жекелеген елдермен және олардың халқы туралы танысумен аяқтайды. Әрбір материктің географиялық орнын анықтап, оның географиялық объектілерін (бұғаздарын, шығанақтарын, түбектерін, аралдарын, теңіздерін, өзен-көлдерін, сарқырамаларын, тауларын, жазықтарын, ойпаттарын, үстірттерін, шөлдерін және т.б.) картадан жаттанды түрде көрсету үшін оқушылардың есте сақтау қабілетін арттыру электрондық  оқулықтың көмегі арқылы іске асады. Материктің табиғат белдемдерін, климаттық белдеулерін, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін оқулықтан игергерумен қатар, информатикамен тығыз байланыстырып, компьютерде ақпараттық технологияларды және электрондық оқулықтарды пайдаланып, елдерге саяхатқа шығу оқушылардың пәнге деген қызығушылығын одан әрі аттырары сөзсіз.

Жаңа ақпараттық технологияны пайдаланудың білім берудегі ерекшеліктер мыналар:

-          түрлі анықтамалық ақпараттар алады;

-          оқушылар өздігінен білім алады;

-          пәнге қызығушылығы артады, сондықтан оқу үлгерімі көтеріледі;

-          оқушының шығармашылық ізденісі жоғарылайды;

-          қосымша терең білім алады және өзін-өзі тексереді;

-          тақырыпқа қажетті бейнекөріністі тамашалап, талдайды;

-          дидактикалық материалды қолдану тиімділігі артады;

-          сарамандық жұмыстарды өзбетімен жүргізуге дағдыланады;

-           кескін картамен жұмыстанады;

-          дайындалған материалды қайта-қайта қарауға мүмкіндігі болады;

-          оқушы мен мұғалімнің шығармашылық қарым-қатынасы мен ізденісін арттырады;

-          әңгімелерін әрлеуге көмектеседі;

-          ҰБТ-ға дайындалуға көмектеседі;

-          деңгейлік тапсырмалар орындайды;

-          тесттік тапсырмалар шешеді.

Қорыта келгенде, қазіргі кездегі жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие үрдісінде әлеуметтік сұраныс технология деңгейінің жетістігін талап етеді, яғни оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын модернизациялау деңгейінен (бағдарлама, оқулық, оқу курстары) өтіп, екінші саты– ақпараттық технология деңгейіне көтеріледі. Ақпараттық технологияларды сабақта үнемі және жүйелі қолдану оқушылардың пәнге қызығушылықтарын оятып, өзіне деген сенімін ұлғайтады,  сабақтың сапасын арттыруға кеңінен жол ашады және уақыт үнемделеді, оқу әдісі мен құралдарын таңдауға, түрлендіріп отыруға мүмкіндік туғызады.


Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.
2. Мұхамбетжанова С.Т., Мелдебекова М.Т. Педагогтардың ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша құзырлылықтарын қалыптастыру әдістемесі. Алматы. ЖШС «Дайыр Баспасы», 2010 ж.
3. Жолдасова Б.Б. Инновациялық технологияларды білім беруде қолдану. Білім, №5, 2007ж.
4.
Оқу үрдісінде интерактивті тәсілдерді пайдалану тиімділігі «Қазақстан мектебі» №3, 2012 жыл.

5. Оқу пәндеріне мазмұндық сапасын жақсартудың өзекті мәселелері «География, биология, экология орта мектепте» №2, 2012 жыл.





Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-181032

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"