Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Конспекты / "Биология әлемінде" сайыс (сыныптан тыс шара)

"Биология әлемінде" сайыс (сыныптан тыс шара)

Международный конкурс по математике «Поверь в себя»

для учеников 1-11 классов и дошкольников с ЛЮБЫМ уровнем знаний

Задания конкурса по математике «Поверь в себя» разработаны таким образом, чтобы каждый ученик вне зависимости от уровня подготовки смог проявить себя.

К ОПЛАТЕ ЗА ОДНОГО УЧЕНИКА: ВСЕГО 28 РУБ.

Конкурс проходит полностью дистанционно. Это значит, что ребенок сам решает задания, сидя за своим домашним компьютером (по желанию учителя дети могут решать задания и организованно в компьютерном классе).

Подробнее о конкурсе - https://urokimatematiki.ru/


Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Биология

Поделитесь материалом с коллегами:

Биология әлемінде.

Армысыздар құрметті ұстаздар,оқушылар! Бүгінгі «Биология әлемінде » атты кешімізге қош келдіңіздер!
Биология –түпсіз терең зор ғылым,
Қамтитұғын тіршіліктің барлығын.
Адам менен өсімдік,жануарлар дүниесін,
Зерттейтұғын тарауымен әр бірін.
Зерттей білсең әр ғылымның саласын,
Тауып тұр ғой табиғатпен жарасым.
Оқысаңдар бұл ғылымды тереңдеп
Зор біліммен үлкен ләззат аласың!
«Биология әлемінде» атты сайысымызда 3-топ өздерінің білімдері мен біліктерін ортаға салып,тапқырлығы мен қасиеттерін көрсетпекші. Қошеметпен сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз. 1-ші «Қызғалдақ» тобы , топ басшысы Тұрман Назерке , 2ші «Жауқазын» тобы, топ басшысы Болатқызы Мөлдір,3ші «Бәйшешек»тобы, топ басшысы Бәкібекқызы Фариза.
Осы сайыскерлерімізге әділ баға беретін әділ қазы мүшелерін сайлап алайық.
1.Ұлықпанова М
2.Шатанов Қ 3.Игисинова Г
Білімді мыңды жығады,
Білікті бірді жығады.
Алдағы білім шыңына
Ең білімді топ шығады- дей,келе І кезең
«Бәйге» бөлімін бастаймыз.
« Бәйге» кезеңінің шарты: Әрбір топ берілген әріптердің ішінен әріп таңдайды. Сұраққа сол әріптен басталатын жауап берулері қажет.Дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.1минут уақыт беріледі.5сұрақ қойылады. Ф Х Э
«Ф»
Мечников ашқан құбылыс (фагоцитоз)
Күн сәулесінің әсерінен жапырақта болатын құбылыс (фотосинтез)
Өсімдіктер әлемі (флора)
Тарихи даму (филогенез)
Витаминді ашқан ғалым (Функ)

«Х»
Бір жасушалы балдыр (хлорелла,хломидомонада)
Гендерді тасымалдап,тұқымқуалау қасиетін тасымалдайтын органойд (хромасома)
Желілілерді басқаша қалай атайды? (хордалылар)
Өсімдікке жасыл түс беретін пластид (хлоропласт)
Виноградский ашқан процесс (хемосинтез)
«Э»
Жасуша ішіне қоректік заттардың енуі (эндоцитоз)
Жануарлардың мінез-құлығын зерттейтін ғылым (этология)
Тұқымның қоректену ненің арқасында жүреді? (эндосперм)
Тауық балапанының ұлпасынан табылған органод (эндоплазмалық тор)
Тироксиннің құрамындағы иод жетіспеушілігінен туындайтын ауру (эндемиялық зоб)

ІІ кезең. Сандар сыры.
Бұл кезеңде оқушылар әрбір сұрақты таңдап, жауап береді.Сұрақтарда сандар көрсетілген,оқушылар соның мәнін ашу қажет. Дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.

1300-1400г



33-34

67 млн жыл бұрын

17.6 кДж

38.9 кДж

200

600

5

98%

2%

1665ж

1856-1865ж. 35 жылдан соң

1сұрақ : Адамда ненің салмағы 1300-1400г Жауабы: Мидың салмағы.
2 сұрақ.: Адамда ненің саны 33- 34 Жауабы: Адам омыртқасының саны
3 сұрақ: 67 млн. жыл бұрын қандай заман қалыптасты?
Жауабы:Осы күнгі кайназой заманы қалыптасты.
4сұрақ: Қандай органикалық заттар ыдырағанда 17,6кДж, 38,9 кДж энергия бөлінеді
Жауабы:1г май мен 1г көмірсу,нәруз ыдырағанда бөлінетін энергия
5 сұрақ: Адамда 200 және 600 не бар? Жауабы: 200 сүйек,600 бұлшықет бар
6 сұрақ : Омыртқа бөлімдерін ата
Жауабы:мойын,арқа,бел,сегізкөз,құйымшақ. 7 сұрақ:Жасушаның 98%н не, 2%ын не құрайды? Жауабы:Макроэ\р,микроэ\р 8 сұрақ: Биолгия үшін аса маңызды қандай терминин 1665 ж кім енгізді?
Жауабы: Р.Гук жасушаны ашқан жыл. 9 сұрақ: Қай ғалым 1856 жылы бұршаққа тәжірибе жасап 1865 жылы аяқтады. Онда ол генетика ғылымын анықтады. Бірақ арада 35 жыл өткен соң ғана 1900 жылы генетика ғылымы қалыптасты. Жауабы:Г.Мендель

ІІІ кезең. «Ғажайып төрттік» .
Бұл кезеңде биология ғылымының әр саласы бойынша сұрақтар берілген. Оқушылар қалаған ұяшықтарын таңдап, жауап береді. Ұпай саны ұяшықтың сыртында жазулы. Сұрақ таңдаған топ жауап бере алмаған жағдайда келесі топ жауап беруге болады.
Өсімдіктер
5 ұпай. 1920-1930 ж өсімдіктану оқулығының авторы Ж.Күдерин
10 ұпай .мақтаның ұрық шашатын тұқымы шит.
15 ұпай. Өсімдіктің көбею мүшелері гүл,жеміс,тұқым
20 ұпай. Жер асты,жер үсті мүшелері тегіс үсіп немесе қурап қалатын бір жылдық өсімдіктер. терофиттер

Жануарлар.
5 ұпай. Құйрықты қосмекенді саламандра
10 ұпай. Ең алғаш бауыр неде пайда болды? ұлуда
15 ұпай. Тамағын ішегінен тыс қорытатын жәндік өрмекші
20 ұпай.Тамақ өнеркәсібнде пайдаланылатын микроорганизмдер қалай аталады? Ашытқы бактериялар
Адам ағзасы.
5 ұпай. Қалқанша безден бөлінетін гармон тироксин
10 ұпай. Донардан қан алатын адамды қалай атайды? рецепиент
15 ұпай. Қан топтарын ашқан ғалым К.Ландштейнер
20 ұпай. Ауаға толы өкпе көпіршігі қалай аталады? альвеола
Жалпы биология
5 ұпай. Жасушаның макроэлемент\ін ата нәруыз,липид,көмірсу,нуклейн қыш
10 ұпай. Полисахаридтерді ата крахмал,гликоген,целлюлоза
15 ұпай. Құрылыс қызметін атқаратын нәруыз гистон
20 ұпай.
ДНҚ-ның екі еселенуі редупликация
ІV кезең. «Мені түсін» ойыны. Бұл кезеңде әр топ жеке жеке шығады. Топ басшысына бір сөзді айтамын ол тобындағы қатысушыға сол сөздің атын атамай балама сөздермен түсіндіруі қажет. Мүмкіндігінше биологиялық тілмен. Топ басшысынан басқа қатысушылардың құлақтарына құлаққап кигізіп қоямыз. 1,5 минут уақыт беріледі. Сөзді тапқан оқушыға 5 ұпайдан беріледі.Қолданылатын сөздер: Дәуіт,бегемот,қолтырауын
V кезең. Кімнің еңбегі?
Бұл кезеңде кім бірінші қол көтереді, сол оқушы жауап береді.Сол оқушы жауап бере алмай қалса жауап беру мүмкіндігі ІІ топқа ауысады. Дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады.
1. Адам мүшелерінің 800ден астам суретін салған ғалым Леонардо да Винчи
2. «Биология» терминін алғаш ғылымға енгізген ғалым кім? Ж.Б.Ламарк
3. Тұяқты жануарлардың тарихын зерттеген ғалым кім? В.О.Ковалевский
4. Көмірсу терминін ашқан ғалым К.Шмид
5. Тұңғыш рет 1736 ж бидай ұнынан нәруыз алған ғалым Я.Беккори 6 Эндоплазмалық торды тапқан ғалым кім? К.Портер

Көрермендер көмегі
Қай ғылым саласы? Бұл кезеңде әрбір дұрыс жауап 3 ұпаймен бағаланады.Дұрыс жауабын тапқан оқушы таңдаған тобына өзінің ұпайын береді.
1.Жасушаны зерттейтін ғылым? цитология
2.Жануарларды зерттейтін ғылым? зоология
3. Паразит құрттарды зерттейтін ғылым? гельментология
4. Қынаны зерттейтін ғылым? лихенология
5. Адамның шығу тегін зерттейтін ғылым? антропология
6. Құстарды зерттейтін ғылым? орнитология
7. Жүректің құрылысы мен қызметін зерттейтін ғылым? Кардиология
8. Бунақденелілерді зерттейтін ғылым? энтомология
9. Саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым? Микология
10. Балықты зерттейтін ғылым? ихтиолгия

VІ кезең.Терминдер.
Тақтадан қалаған ұяшықтарын таңдап алып термин сөздердің анықтамасын айтады. Дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады.
1. Селекция (өсімдіктердің жаңа іріктемелерін,жануарлардың бағалы қолтұқымдарын, микроорганизмдердің қажетті штамдарын алу әдістері туралы ғылым саласы.)
2.Генетика (өзгергіштік пен тұқымқуалаушылықты зерттейтін ғылым)
3Пойкилотермді (дене температурасы қоршаған ортаға тәуелді жануарлар)
4Онтогенез (организмнің жеке дамуы)
5Мутация (кездейсоқ пайда болған тұқым қуалайтын тұрақты өзгерістер)
6. Популяция (белгілі бір географиялық аймақта тіршілік етуге бейімделген генетикалық шығу тегі бір ,бір түрге жататын даралар жиынтығы)
7. Гермофродит (қос жынысты) 8.Эукариоттар (ядросы толық жетілген организмдар). 9Анаэробтар (оттексіз ортада өмір сүретін ағзалар)

VІІ кезең.
Ең,ең,ең ... Дұрыс жауап 3ұпаймен бағаланады. Жауап бере алмаған жағдайда келесі топ жауап беруге болады.
І топқа
1. Ең алып құс түйеқұс
2. Ең әдемі құс тауыс
3. Ең ежелгі астық дақылы бидай
4Ең жуан ағаш боабаб
5.Ең ұзақ ұйықтайтын кірпі

ІІтопқа
6.Ең жүйрік аң қабылан
7. Ең биік ұшатын құс ұлар
8 Өте тез өсетін өсімдік бамбук
9.Ең үлкен жеміс асқабақ
10.Ең биік ағаш эвкалипт
ІІІ топқа
11Ең кішкентай өсімдік вольфия
12. Ең үлкен гүл рафлезия
13. Ең тісі көп ұлу(25000)
14.Ең үлкен кеміруші капибара 15 Ең тереңде өсетін балдыр қызыл балдыр

VІІІ кезең Миға шабуыл.Топ басшылар сайысы. 1 минут уақыт беріледі. Әрбір сұрақ 3 ұпаймен бағаланады. Үш топбасшыға да бірдей сұрақтар қойылады. Сондықтан біреуі жауап берген уақытта қалған екі топбасшыға құлаққап кигізіп қоямыз.
1.
Наруызда неше аминқышқылы бар 20
2. Адамдағы хромосома саны 46
3.Бие сүтінен дайындалатын қышқыл сусын қымыз
4. Вирус қазақша не деген маңғына береді? У
5. Кеуде қуысымен құрсақ қуысын бөліп тұратын бұлшықет көкет

6. Жасушаны тапқан кім? Р.Гук
7. Әйгілі тары өсіруші Ш.Берсиев
8. Әйгілі күріш өсіруші Ы.Жақаев
9. Қан беруші адам донор
10. Нейронның қысқа өсіндісі дендрит
11. Пластидтер нешеге бөлінеді? 3
12. Микроскопты ойлап тапқан әкелі-балалы Янсендер
13.
Жасушасы жоқ ағза вирус
14.
Хлоропластың қызметі жасыл түс беру
15. Күн энергисының қатысуымен болатын құбылыс фотосинтез.
16.
Генетика «атасы» Г.Меньдел

Осымен сайыс кезеңдері аяқталды. Әділқазы мүшелері есептеп болғанша залдағы оқушылармен ойын ойнайтын боламыз.Ортаға екі оқушы шығады. Өздеріне көрсетпей маңдайына сурет байлаймыз. Екінші оқушының бинелеуі бойынша өзін табу қажет.

Жеті жоқты шеше отырайық.
1. Таста ... жоқ тамыр 7 . Балықта ... жоқ қабақ
2. Тасбақада ...жоқ талақ 8. Жыланда ... жоқ аяқ
3. Аққуда ... жоқ сүт 9. Құста .... жоқ тіс
4. Жылқыда ... жоқ өт 10. Акулада ... жоқ торсылдақ
5. Итте ... жоқ бұғана сүйек 11. Сиырда ... жоқ күрек тіс
6. Бақада ... жоқ қабырға

Осымен бүгінгі
«Биология әлемінде» атты сайысымыз аяқталды. Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!

Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy



Краткое описание документа:

      «Биология әлемінде» атты сайысымызда 3-топ өздерінің  білімдері мен біліктерін ортаға салып,тапқырлығы мен қасиеттерін көрсетпекші.  Бұл сайыста оқушылар биология пәні бойынша өз білгендерін ортаға салады. 1-ші «Қызғалдақ»  тобы , топ басшысы Тұрман Назерке , 2ші  «Жауқазын» тобы, топ басшысы Болатқызы Мөлдір,3ші «Бәйшешек»тобы, топ басшысы Бәкібекқызы Фариза.

Биология –түпсіз терең зор ғылым,
Қамтитұғын тіршіліктің барлығын.
Адам менен өсімдік,жануарлар дүниесін,
Зерттейтұғын тарауымен әр бірін.
Зерттей білсең  әр ғылымның саласын,
Тауып тұр ғой  табиғатпен жарасым.
Оқысаңдар бұл ғылымды тереңдеп
Зор біліммен үлкен ләззат аласың!

Автор
Дата добавления 04.04.2015
Раздел Биология
Подраздел Конспекты
Просмотров602
Номер материала 473931
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх