Инфоурок Биология Другие методич. материалыБиологиядан ашық сабақ тақырыбы: "Витаминдер және олардың маңызы"

Биологиядан ашық сабақ тақырыбы: "Витаминдер және олардың маңызы"

Скачать материал

«МҰРЫН ЖЫРАУ СЕҢГІРБЕКҰЛЫ АТЫНДАҒЫ МАҢҒЫСТАУ ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МКҚК

 

 

 

 

 

                                                        «Бекітемін»

     Жаратылыстану,математика және информатика

                                              ПЦК жетекшісі __________Дарибаева Г.К

                                   «_____» _________________ 2017ж

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Жас маман-2017» байқауы

Ашық сабақ жоспары

 

Тақырыбы: Витаминдер және олардың маңызы.

 

 

 

                       

 

                                               

                                                                       Өткізген: Муратова А.А

                                                                                биология пәнінің оқытушысы

                                         Курс: I

                                                   Тобы: ШБ-11

                                                           Күні:13.10.2017ж.

                                                               Уақыты: 12:15-13:00

 

 

 

 

 

 

 

Ақтау – 2017 ж.

 

Мамандығы: «Негізгі орта білім беру»

Біліктілігі: «Шетел тілі мұғалімі»

Пәні: Биология

Сабақтың тақырыбы: «Витаминдер және олардың маңызы»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Студенттерге витаминдердің адам өміріндегі маңызы және пайдасы туралы түсіндіру. Авитаминоз, гиповитаминоз, гипервитаминоз ұғымдарының мәнін ашу арқылы өз денсаулығына жауапкершілік сезімін арттыру.

Тәрбиелік:  Студенттерді  жауапкершілікке, өз бетінше білім алуға баулу, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Студенттердің витаминдер туралы білімін толықтыру, дамыту, студенттердің осы пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақта қолданылатын әдіс – тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелесу, түсіндіру, бейнебаян, топтық жұмыс, постер қорғау, «Джигсо әдісі».

Пәнаралық байланыс: Биология, цитология, география, бейнелеу өнері т.б.

Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, презентация, суреттер, маркерлер, жазу дәптері, түрлі-түсті стикерлер,т.б.

 

I. Ұйымдастыру кезеңі:

      - Амандасып,студенттердің сабаққа дайындығын тексеру.

      - Аудитория дайындығы,студенттерді түгендеу.

 

I.I Үй тапсырмасын тексеру

 

1.      «Суретіміз сыр шертеді!»

Мақсаты: Сурет арқылы студенттердің өткен тақырып бойынша  білімдерін бақылау, толықтыру, пысықтау.

Шарты:Оқытушы студенттерге өткен тақырып бойынша  сұрақ қояды,  ал студенттер  шапшаң жауап беруі тиіс,  дұрыс жауаптар фишкалармен бағаланады.

 

2. «Серпілген сауал»

Мақсаты: Өткен тақырып бойынша  ауызша сұрақтар қою арқылы студенттердің алған білімдерін бақылау, толықтыру, пысықтау.

Шарты:Оқытушы студенттерге өткен тақырып бойынша  сұрақтар қояды,  ал студенттер  шапшаң жауап беруі тиіс,  дұрыс жауаптар фишкалармен бағаланады.

1.Тірі организмнің ең кіші бөлшегі қалай аталады? (жасуша)

2.Жасушаның құрылысын,химиялық құрамын зерттейтін ғылым қалай аталады? (цитология ғылымы)

3.Жасушаның 98% құрайтындар нелер? (макроэлементтер)

4.Жасушаның құрамында  неше пайыз су кездеседі? (80%)

5.Жасушаның көбеюіне қатысатын органоид? (ядро)

6.Жасушаның ішін cұйықтыққа толтырып тұратын органоид қалай деп аталады? (цитоплазма)

7.Өсімдік жасушасының сырты немен қапталады? (қабықша)

8.Өсімдікке жасыл түс беретін қандай пластидтер? (хлоропластар)

9. Бейорганикалық заттарды атаңыз? (су мен минералды тұздар)

10. Күн сәулесі әсерінен көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегін бөлетін процес қалай аталады? (фотосинтез ).

 

2.      «Ғалымдар әлеміне саяхат»

Мақсаты: Биология ғылымына үлес қосқан ғалымдар туралы білімдерін пысықтау.

Шарты: Студенттер әр ғалымның қандай ғылымды зерттегендігін сәйкестендіру арқылу табуы керек, дұрыс жауаптар фишкалармен бағаланады.

 

1.Р.Гук

8.Химиялық элементтерді ашты

2.Р.Браун.

6.Микроскопты ашты

3.А.В.Левенгук

1.Жасушаны алғаш рет микроскоп арқылы зерттеген

4.Ян.Пуркине

3.Жасушаның тірі организмдерде болатынын зерттеді

5.Шван мен Шлейден

2.Өсімдік жасушасының ядросын ашты

6.Г.Галилей

7.Әр жасуша өздігінен пайда болады деді

7.Вирхов

4.Жасуша ішіндегі сұйықтықты протоплазма деп атаған

ғалым

8. Д.И.Менделеев

5.Жасуша теориясын ашқан ғалымдар

 

 (Топқа бөлу: Жеміс жидектер арқылы топқа бөлу)

 

 

 III. Жаңа сабақты түсіндіру

 

«Миға шабуыл» әдісі

 Мақсаты: Сұрақтар қою арқылы жаңа тақырып бойынша студенттердің  витаминдер туралы не білетінін анықтау.

Шарты: Жаңа тақырып бойынша сұрақтар қойылады. Дұрыс жауаптар фишкалармен бағаланады.

 

1. Витамин деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? Витаминдер дегеніміз не?

2. Витаминдердің қандай түрлерін білесіздер?

3. Витаминнің адам ағзасы үшін пайдасы қандай?

               

  Жоспар:

1. Витаминдерге сипаттама А, В, С, Д, К, Е витаминдері

2.  Дәрілік витаминдер туралы түсінік

3. Әр түрлі тағамдарда витаминдердің алатын орны

 

4)«Дертке дауа - дәрумендер» (бейнебаян)

Мақсаты: Тақырыпты өмірмен байланыстыру.

Шарты: Тақырыпқа қатысты витаминдер туралы бейнебаян арқылы студенттерге ақпарат беру.    

 

 

 

 

3. «Джигсо әдісі» арқылы постер қорғау

 

Мақсаты: «Үйрете отырып, үйренемін»  қағидасымен студенттердің өздері оқи отырып, өзгені оқытуға үйретуге  дағдыландыру.

Шарты: Студенттер берілген тапсырманы топта талқылай отырып,  постер арқылы тақтада қорғайды.

I топ.  Витаминдердің түрлеріне қысқаша шолу.

II топ. Витаминдерге сипаттама. А,В тобының витаминдерінің адам ағзасы үшін пайдасын түсіндіру.

III топ. С,Д,К витаминдерінің пайдасы туралы түсінік.

IVтоп. Дәрілік витаминдер туралы түсінік.

 

 

I топ.  Витаминдердің түрлеріне қысқаша шолу.

 

Витаминдер – ерекше органикалық заттар. Адам  олардың өте аз мөлшерін ғана пайдаланады. Бірақ витаминсіз біздің  организміміздегі мүшелердің қалыпты жұмыс істеуі мүмкін емес. Витаминдер организмнің  тіршілік  қабілеті үшін қажетті зат, ол адамның дене және ой еңбегін арттырады, оның өсуі мен дамуын, ауруға қарсы тұруын қамтамасыз етеді. Тағам құрамында витаминдер жеткіліксіз болса, организмнің жұмысы нашарлап, қатты ауруға шалдығады. Витаминдер өсімдік  пен жануар өнімдерінен алынатын азық – түліктерде  болады. Адам әр түрлі тағам ішу  арқылы  өзіне қажетті  витаминді  алып отырады. Витаминнің өмір арқауы екенін алғашқыда орыс ғалымы Н. И. Лунин білген көрінеді. Ол 1880 жылы хайуанаттарға ғылыми тәжірибе жасап көреді. Ғалым екі топ тышқанды бөліп алып, арнаулы бөлмеде бағады. Ол тышқанның бір тобын қолға үйретіп, сүтпен асыраса, екінші тобына жасанды, яғни құрамындағы кұнды заттары алынған сүтті беріп байқайды. Байқағанда бірінші топтағы тышқандар өседі, семіреді, тіпті балалап көбейеді. Ал, екінші топтағылар жүдей бастайды да, кейін қырылып бітеді. Сөйтіп, ғалым тәжірибесін қорытады. Ғалым тіршілік үшін арқау болатын арнаулы заттар керектігін шамалайды. Бірақ ғалымның организмге табиғи азық-түлік түрлерінен басқа да қасиетті, нәрлі заттар керек деген бұл пікірін ширек ғасыр бойы ешкім елемей келген болатын.

Тек 1905—1912 жылдары ғана шетел ғалымдары Лунинның ашқан жаңалығын сөзсіз мойындады. Алдымен поляк ғалымы Казимир Функ лабораториялар мен әдебиетте жинақталған нақты материалдарды талдап, оған өз клиникасында тапқанын қосты. Сөйтіп әлгіндей затқа «витамин» деп ат қойыпты. Ол адамның қырқұлақ, тері, нерв, асқазан бұзылысы (пеллагра), аяқ-қолдың салдануы секілді ауыр аурулар ағзаның витаминсіз, немесе витамині кем құнарсыз, арқаусыз тағамдармен күнелткендігінен деп дәлдеп айтты. Витаминдер бірсыпырасы өсімдіктер құрамында болғандықтан олар күрделі химиялық әдіспен айырылатын болды, тіпті синтезденіп өз алдына тазартылып шығарылып жүр.

Ғылми зерттеуге қарағанда витаминдер денедегі уыттағыш арнаулы заттар құрамында болады екен, олар қоректік заттардың ағзаларға сіңімділігін тездететін күшті заттар қатарына кіреді. Адамның денсаулығын нығайтып, оны түрлі аурулардан қорғап, жұмыс қабілетін арттыру үшін витаминдер организмге күнделікті тағамдар арқылы белгілі мөлшерде үзбей жетіп тұруы қажет. Әрине, бұл жағдай тәжірибеде ойлағандай бола бермейді. Қазіргі озат медицина ғылымы витаминдердің сексенге тарта түрін тауып отыр. Бірақ олардың бәрі бірдей пайдаланылмайды. Әзірге әбден сыналған, тіршілік үшін маңызы күшті аз ғана: А, Д, Е, К, С, РР, В12, В12 сияқты витаминдер бар. Бұлардың көпшілігі азық-түліктер құрамында кездесетін болса, бірқатары олардан бөлініп, таза түрінде синтезделіп те шығарылады. Айталык, С витамин — аскорбин қышқылы түрінде, В1 — тиамин түрінде, В2 — рибофлавин, РР — никотиндік қышқыл түрінде (әрине, темекідегі никотиндік қышқылы емес. Е. О.). Витаминдерді  латын алфавитінің бас әріптерімен белгіленіп,физикалық-химиялық қасиеттеріне қарай 2 топқа бөледі:

1)суда еритіндер (С,Р,РР, және В тобының витаминдері);

2) майда еритіндер (А,Д,К,Е) 

А витамині (ретинол) организмнің өсуіне және дамып, жетілуіне әсерін  тигізеді. А витамині жетіспесе, адам қараңғыда көзі көрмейтін ақшам соқыр ауруына шалдығады. Ол организмнің қорғаныш қасиетін арттырады, көздің көргіштігін жақсартады, теріде зат алмасуды реттеуге қатысады. А витамині – балық  бауырында, теңіз  алабұғасында, сары майда, сәбізде, қызанда, т.б. болады. 

В витаминінің түрлері өте көп: В1, В2, В6, В12. Сондықтан оларды В витаминдер тобы деп атайды. В тобының витаминдері зат алмасу, Көптеген ферменттік реакцияларды реттейді. В1 витаминінің(тиамин) жетіспеуі сал ауруы (бери-бери ), Жүрек ауруына шалдықтырады. В 2  (рибофлавин)  жасушаның энергия алмасуын реттейді.Егер жетіспесе көз жанарының бұзылуына әкеліп соқтырады.В 6 (пиридоксин)нәруыз бен майлар алмасуына қажет. В12  (цианокобаламин)витамині жілік майында қызыл қан түйіршіктерінің жетіліп, қанға түсуіне және оттекті тасымалдауға әсер етеді. Бұл витамин жеткіліксіз болса,қан аздық ауруы пайда болады. В15 витамині – жүрек қан тамырларының жұмысына әсер етеді.

С витамині(аскорбин қышқылы) организмнің түрлі жұқпалы ауруларға  қарсы тұруын  арттырады, сүйек  пен тістің  мықтылығын жақсартады. Ол организмге  қыста және көктемде  көбірек қажет. Бұл витамин организмде  жеткілікті болу үшін – көкөніс  пен  жеміс – жидектерді , ашыған қырыққабатты  тағамға көбірек  пайдаланған  жөн. 

Д витамині (кальциферол) организмде  күн сәулесінің әсерінен  түзіледі. Бұл витаминнің  жетіспеуінен жас нәрестелер  мешел ауруымен  ауырады. Мешел ауруымен ауырғанда – баланың ұйқысынашарлап, қаңқасы  дұрыс қалыптаспайды, аяқ  сүйектері  қисайып, басы мен іші  үлкен  болады. Бұл аурудан сақтану  үшін  бала таза ауада, күншуақта көбірек  серуендеу керек.     Біздің дәрі –дәрмек шығаратын өндірістеріміз  тәтті қабықпен  қапталған  дайын витаминдер жасайды. Бірақ витаминдерді  ауру және сау адамдардың  дәрігердің  рұқсатынсыз  өз  бетімен  ішуге  болмайды. Витаминді  дұрыс пайдаланбай,  мөлшерден  көп пайдаланса, әр түрлі ауруларға  ұшырап, денсаулыққа  зиян келтіруі  мүмкін. 

К  витамині  қанның  құрамындағы  қан  ұюға  қатысатын  заттарға  әсерін  тигізеді. Сондықтан бұл  витамин  жетіспегенде – жарақаттанған  адамның қаны  ұйымай , қан  көп кетеді. К витамині қырыққабатта, қызанда  және  бауырда  болады. Оны ішектегі  микроорганизмдер  түзеді. 

 

 

II топ. Витаминдерге сипаттама. А,В тобының витаминдерінің адам ағзасы үшін пайдасын түсіндіру.

Витаминдердің (вита — латин сөзі, бізше — өмір, тіршілік деген мағынада) тіршілік үшін маңызы зор. Егер тамақта витаминдер болмаса не олар аз болса, ағзаларға керекті өзекті заттардың (белок, май, углевод және т. б.) уытталып бойға сіңуі нашарлайды, соның салдарынан организмнің қызметі бұзылады. Витамин жайында жұмыс тәжірибесін қорыта келіп академик А. II. Бах: «био-химия мен физиологияның витамин жөніндегі іліммен ұштаспайтын бөлімдерін табу өте қиын. Дұрысында организмдегі қоректік заттар алмасуы, сезгіштік ағзалар қызметінің дұрыс істелуі, нервтік жүйке жұмыстары, уыттау процесі, дененің өсуі және оның ұрпақ өндіру қызметі және тағы басқалары витаминдермен тығыз байланысты» дейді.

А витамині (аксерофтол) майда ериді, қыздырғанда ыдырамайды, тек оттегі мен күннің күлгін сәулесінің әсерінен ыдырайды. Сырт көрінісі сары май түсті зат. Сәбіздің құрамында каротин түрінде болады. Каротин 2 молекулаға бөлінгенде А1 витамині болады. Балықтың майында, етінде А2 витамині түрінде кездеседі. А1 және А2 – А витаминының түрлері.

А витамині жетіспесе, онда баланың өсуі тежеледі және көзінің өткірлігі нашарлайды халық арасында « соқыр тауық» деп аталатын, яғни іңірде көрмеушілік пайда болады. Оған қоса қуықтың , жатырдың, ішектің, өкпенің кілегей қабығы бұзылады. Балалардың жұқпалы ауыруларға төзімділігі төмнгднйді. Бұлар құрамында А витаминдері бар балық майын, жұмыртқаны, сәбізді жесе біртіндеп жойылады.

В1 витамині (тиамин). Асқорыту, жүрек, жүйке жүйесінің қызметіне өте қажет. Ол белок, май, көмірсу алмасуына қатысатын ферменттердің құрамына кіреді, өсу мен даму, жүрек, қан тамырларының т.б. ішкі мүшелердің қызметінің нервтік реттелуіне қатысады. Бұл витамин ішкен тамақта болмаса, не қажеттіліксіз болса адам «бери-бери» (аяғын сүйретіп басу) немесе полинефрит деген сырқатқа ұшырайды. Ең алғаш Индокитайда, Филипин аралдарында және Жапонияда осындай науқанстар байқалған. Бұл күрішті қабығынан тазартып тағамға пайдаланғанның нәтижесі екені анықталған. Кейін күрішті қабығымен пісірген тағамды жегенде оның болмайтыны белгілі болады. В1 витамині бидайдың қабығында , бұрыштарда, бауыр, бүйрек, жүрек етәнде көп болады.

Тиамин денеде өндірілмейді және қорға жиналып, сақталмайды. Тағаммен келген тиаминнің артық мөлшерінің біразы сыртқа шығарылады, ал біразы тиаминаза ферментінің әсерінен ыдырап пирамин, пирамидин және тиазол деп аталатын заттарға айналады.

Ішек қабырғасынан тиамин қанға өтіп, ұлпаларда фосфоферилаза ферментінің көмегімен фосфарландыру жолымен өзгеріп, декарбоксилаза коферментіне айналып, катализаторлық қызмет атқарады.

В2 витамині (рибофлавин) - сары түсті кристал зат. Суда жақсы ериді. Күннің ультракүлгін сәулелерінің әсерінен оңай тез ыдырайды да, люмифлавин және лиюмихромға айналып, витаминдік қасиеттерінен айырылады.

Ал пісіргенде оның ішіндегі рибофлавин бұзылмайды.Рибофлавин авитаминозы кезінде адамның көзі ауырып катаракта, анемия, яғни қан аздылық, өкпе сырқаты және әлсіздік пайда болады.Рибофлабин жауарлар текті тамақта көп болады. Әсіресе бауыр, бүйрек, ми және бұлшық еттерде көбірек. Оның адамға қажетті тәулік мөлшері 2-3 мг.

В6 (пиридоксин) витамині табиғатта пиридоксаль және пиридоксамин түрінде болады. Олар тотықтырғыш ферменттердің құрамында болады және зат алмасуына қатысады.Пиридоксин жануар текті және өсімдік текті азықтың құрамында жиі кездеседі; бауырда, бұлшық етте, балықта, бидайда, картопта, капустада, күріште, сәбизде және ашытқыда мол болады.Бұл витаминнің қажетті мөлшері тәулігіне 1,5 мг.

В12витамині (цианкобаламин). Бұл витаминді антианемиялық витамин деп те атайды, себебі оның организмінде жетіспеуінен анемия, яғни қан аздылық пайда болады.

Бұл витаминді тағаммен бірге әдеттегідей қабылдағанда оның витаминдік қасиеті азаяды, өйткені ішек – қарындағы микроорганизмдер оны бойына сіңріп, адамға пайдасы болмайды, сондықтан қарын сөліндегі апоеритеинмен қосылып, оны микорбтардан сақтайды да қанға өтіп, қан өндіру мүшелеріне барып, өз қызметін атқарады. Адамның бұл витаминге тәуліктік қажеттілігі 10 – 20 мкг.Мөлшері аз болғанымен, оның тіршіліктегі маңызы зор.

 

III топ. С,Д,К витаминдерінің пайдасы туралы түсінік.

С витамины ( аскорбин қышқылын ) антицингалық фактор деп те атайды. Бұл организмде жетіспесе, құрқұлақ (цинга) ауруы пайда болады және қан тамырларының, әсіресе капилляр тамырларының серпімділігі төмендейді. Сондықтан құрқұлақпен ауырған кісі қансырайды, алдымен қызыл иектері қанағыш болады. Мұның нәтижесінде тіс босап, түсіп қалады және терінің қан тамырларының серпімділігі бұзылып, бетінде қоңыр дақтар пайда болады. Ең қиыны сүйек ұлпасының белок коллагенібұзылып, сүйек сынғыш болады.С гиповитаминоз қыста, көктемде азық-түліктің құнарлығы азайғанда пайда болуы мүмкін, сондықтан оның алдын алу үшін жылдың бұл мезгілінде қосымша аскорбин қышқылын ішу қажет.

Аскорбин қышқылы тирозин және фенилаланин сияқты амин қышқылдарының құрамында болып, белоктың алмасуына қатысады. Жағымсыз жағдайда ол организмнің төзімділігін арттырады, әсіресе сыртқы орта жағдайының өзгеруіне бейімделу қабілетін арттырады. С витаминінің бұл қасиеті баланың бір мектептен екінші мектепке, не сыныптан сыныпқа ауысқанда тұрақты бейімделуіне көмегі көп болады.

С витамині көкеністер мен жемістерде көп болады, әсіресе капустада, картопта, пиязда, бұрышта, жемісөжидекте жеткілікті мөлшерде болады.

Д витамині (калъциферол). Д витамині табиғатта көп жағдайда оның провитамині эргостерин түрінде кездеседі. Эргостерин күн сәулесінің (ультракүлгін) әсерінен Д витаминіне ауысады. Мұндай қасиеттер эргокальциферолда, холекальциферолда бар. Д2 (эргокальциферол) мен        Д3 (холекальцийферол) химиялық құрамы жағынан әр түрлі, дегенмен олардың ағзадағы физикалық-химиялық әсері өте ұқсас. Д2 және Д3 витаминдері түссіз кристал, майларда, эфирде, спиртте, басқа да органикалық еріткіштерде жақсы ериді. Олар минералдың қышқылдар әсерінен бұзылуы мүмкін. Д витамині ағзада минералдық заттар алмасуында ерекше орын алады. Азық құрамындағы кальций, фосфордың, Д витаминінің жетіспеуі мал төлінде мешел ауруының пайда болуына әкеліп соғады. Ересек малда Д витамині мен минералдың заттардың жетпегендігінен тірсек және тізе буындары ісінеді, бұл ауру остеомаляция деп аталады. Ағзада Д витаминінің жетіспеуінің салдарынан мал жүнді жалап, топырақ жейді, аз қозғалады, ересек малдың өнімі азайып, жата береді, көп жағдайда қысыр қалады, тістері қозғалып, тұяқтары сына бастайды. Д витамині ағзадағы көптеген маңызды зат алмасу процестеріне, өсіресе кальций мен фосфордың алмасуына қатысады.
            Е витамині (токоферол). АғзадаЕ витаминінің жетіспеуі малдың жыныс бездерінің, жүйке жүйесі жұмысының бұзылуына өкеліп соғады. Е витамині азық құрамында көп кездеседі. Е витаминінің қайнар көзі — көк өсімдіктердің жапырағы, сапалы пішен жөне астық тұқымдастардың дәндері. Рационда май және протеин мөлшерден тым артық болса, онда малдық Е витаминіне қажеттілігі арта түседі. Малды азықтандыру тәжірибесінде Е витаминінің жетіспеуі өте сирек кездеседі, себебі соңғы уақытта онеркөсіп майда еритін витаминдерді өндіріп шығарады.

К витамині (филлохинон). Қазіргі күні К витаминінің жеті түрі белгілі, бірақ үш түрі К1, К2, К3 жиі пайдаланылады. К1 витамині (альфа-филлохинон) — 1939 жылы жүгеріден алынған. Таза күйінде ол сарғылт, майлы сұйық, май еріткіштерде ериді. Нейтралдық ортада қыздыруға төзімді, ультракүлгін сәуле өсерінен бұзылады. К2 витамині микроорганизмдерде кездеседі, алғаш рет шіріген балық ұнынан табылған. Химиялық құрамы жағынан К1 витаминінен ерекше. Ол сары кристалды ұнтақ, суда ерімейді, май еріткіш ертінділерде ериді. Жарық пен қыздыруға төзімсіз. К витамині жасыл өсімдіктердің жапырақтарында, сүрлемде көп болады, ал астық тұқымдас дақылдардың дөндерінде, тамыр-түйнек жемістілерде өте аз. Малдың ас қорыту жолдарындағы бактериялар К витаминін түзеді. К витаминінің жетіспеуі малдардың қан ұюына өсер етеді, бүйректе протромбинніқ құрылуы төмендейді. Күйіс малы К витаминіне қажеттіліктерін табиғи азықтардан толықтырады, тек ауылшаруашылық құсты жөне шошқаны азықтандырғанда К витаминінің мөлшерін қадағалайды. Қазіргі уақытта өнеркәсіп К витаминінің туындысы К3 викасол шығарады. С витамині (аскорбин цышцылы) барлық тірі өсімдік жасушаларында болады. Аскорбин қышқылы жас көк өсімдіктер, сонымен бірге тамыр-түйнек жемістілерде өте көп. Аскорбин қышқылы жануар ұлпаларында өте аз

 

IVтоп. Дәрілік витаминдер туралы түсінік.

Аскорбин қышқылы организм тіндерінде жақсы таралады, плацентарлық бөгет арқылы және емшек сүтіне өтеді. Плазма ақуыздарымен байланысуы - 25%. Плазмадағы аскорбин қышқылының концентрациясы нормада шамамен 10-20 мкг/мл құрайды. Лейкоциттерге, тромбоциттерге, содан соң – барлық тіндерге жеңіл өтеді; анағұрлым жоғары концентрациясына безді ағзаларда, лейкоциттерде, бауырда және көз бұршағында жетеді; плацента арқылы өтеді. Аскорбин қышқылының концентрациясы эритроциттер мен плазмаға қарағанда лейкоциттер мен тромбоциттерде жоғары. Тапшылық жағдайында лейкоциттердегі концентрация кешірек әрі баяулау төмендейді және плазмадағы концентрацияға қарағанда тапшылықты бағалаудың ең жақсы критерийі болып табылады.

Көбіне бауырда дезоксиаскорбин және одан әрі қарай қымыздық-сірке қышқылына және аскорбат-2-сульфатқа метаболизденеді. Өзгермеген түрде және метаболиттер түрінде бүйрекпен, ішек арқылы, термен, емшек сүтімен шығарылады. Жоғары дозаларда тағайындағанда шығарылу жылдамдығы күрт күшейеді. Темекі тарту және этанол қолдану организмнің қорын кенет төмендете отырып, аскорбин қышқылының бұзылуын (белсенді емес метаболитке айналуы) жеделдетеді. Гемодиализде шығарылады. Аскорбин қышқылы (С витамині) адам организмінде түзілмейді, тек аспен түседі. Фармакологиялық әсерлері: тәуліктік қажеттіліктен (90 мг) едәуір асып түсетін мөлшерде, гипо- және авитаминоз (цинга) симптомдарын жылдам қайтаруын қоспағанда, мүлдем дерлік әсер етпейді. Физиологиялық қызметтері: кейбір гидроксилдену және амидтену реакцияларының кофакторы болып табылады - электрондарды оларды қалпына келтіру эквивалентімен қамсыздандыру арқылы ферменттерге тасымалдайды. Гидроксипролин және гидроксилизин түзе отырып (коллагеннің пострансляциялық модификациясы) проколлагеннің пролинді және лизинді қалдықтарының гидроксилденуі, гидрокситриметиллизин түзу арқылы лизин бүйір тізбектерінің ақуыздарда тотықтануы (карнитин синтезі үдерісінде), фолий қышқылының фолин қышқылына дейін тотықтануы, бауыр микросомаларындағы дәрілік заттардың метаболизмі мен дофаминнің норадреналин түзу арқылы гидроксилдену реакцияларына қатысады. Окситоцин, антидиуретикалық гормон және холицистокинин процессингісіне қатысатын амидтеуші ферменттердің белсенділігін арттырады. Бүйрек үсті бездерінің стероидогенезіне қатысады. Тіндердегі негізгі рөлі - коллагеннің, протеогликандар мен тіс, сүйек және қылтамырлар эндотелийінің басқа органикалық компоненттерінің синтезіне қатысу. фИммунологиялық реакцияларды реттейді (антидене синтезін, комплементтің, интерферонның С3-компонентін белсенділендіреді), фагоцитозға ықпал етеді, организмнің жұқпаларға қарсыласуын арттырады. Гистаминнің босап шығуын тежейді және деградациясын тездетеді, простагландиндер мен басқа да қабыну медиаторларының түзілуін бәсеңдетеді.

Қолданылуы

- С витаминінің гиповитаминозы мен авитаминозының (цинга) алдын алуда және емдеуде

- геморрагиялық диатезде, капилляротоксикозда, қан кетулерде (мұрыннан, тісті жұлудан кейін, өкпеден, жатырдан, сәуле ауруынан туындаған) кешенді ем құрамында

- организмнің өсу, жүктілік, лактация, дене және психикалық жүктемелері кезеңіндегі қажеттілігі артқанда

- өткерген жұқпалы аурулардан және интоксикациядан кейінгі реконвалесценцияда

- бауыр ауруларының кешенді емі құрамында (созылмалы гепатит пен цирроз)

Жағымсыз әсерлері

-         бас ауыруы, шаршау сезімі

-         артериялық қысымның көтерілуі, миокардиодистрофия

-         ұйқы безі эндокриндік қызметінің бәсеңдеуі (гипергликемия, глюкозурия)

-         тромбоцитоз, анемия, нейтрофилез, гипокалиемия

-         гиперпротромбинемия, тромбоз, қылтамырлар өткізгіштігінің төмендеуі және тін трофикасының нашарлауы

 

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Күріш кебегінен алып, ол затты витамин деп атаған ғалым кім?  (Поляк ғалымы К.Функ)

2. Авитаминоз деген не?  (Ағзада қандай да бір дәруменнің жетіспеуі)

3. Дәрумендердің ағзада шамадан тыс болуы ? ( Гипервитаминоз)

4. Дәрумендер қандай топтарға жіктеледі? (Суде еритін, майда еритін)

5. Ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұру әрекетін арттыратын дәрумен?

(С аскорбин қышқылы)

6. Бұл дәруменің ағзада жетіспеуі мешел ауруының туындауына себепші. (Д Кальциферол)

7. Қазіргі кезде витаминнің қанша түрі белгілі?  ( 80 түрі)

8. Тағам құрамында дәрумендерді сақтап қалудың тиімді түрлері?  (жұқалап аршу, арнайы ыдыста сақтау, кептіру, консервілеу, мұздату)

9. Адам ағзасында  Д витаминін синтездеуге қатысатын сәуле?  ( Ультракүлгін)

10. Витаминді ең алғаш тапқан ғалым?  (Н.И.Лунин)

 

 

(Студенттерге арналған пайдалы  кеңестер, яғни үлестірмелі материалдар беріледі)

 

 

Кері байланыс.

 

https://botan.cc/prepod/_bloks/pic/pe2kgkl-020.png

 

 V. Қорытынды.

 

1) Үйге тапсырма

А) Витаминдер туралы қызықты бейнебаяндар дайындау

В) Витаминдердің пайдасы туралы мәлімет жинақтау.

2) Бағалау

Әр топтың студенттеріне фишка тарату арқылы бағалаймын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Биологиядан ашық сабақ тақырыбы: "Витаминдер және олардың маңызы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Главный хранитель

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 534 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Задания по биологии для проведения промежуточной аттестации для студентов 1 курса обучающихся по ППКРС
  • Учебник: «Биология. Общая биология (базовый уровень)», Сивоглазов В.И., Агафонова И.Б., Захарова Е.Т.
  • Тема: Глава 2. Клетка
  • 20.12.2017
  • 844
  • 0
«Биология. Общая биология (базовый уровень)», Сивоглазов В.И., Агафонова И.Б., Захарова Е.Т.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.12.2017 2562
    • DOCX 100.9 кбайт
    • 12 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Муратова Алия Амангельдиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Муратова Алия Амангельдиевна
    Муратова Алия Амангельдиевна
    • На сайте: 6 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 2617
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Анатомия и физиология: теория и методика преподавания в образовательной организации

Преподаватель анатомии и физиологии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 172 человека

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Биология")

Учитель биологии

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «Биология» в условиях реализации ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 43 человека из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 395 человек

Мини-курс

Карьерный навигатор: эффективный поиск работы

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 16 регионов

Мини-курс

Эффективная корпоративная коммуникация

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Читательская грамотность у школьников

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 67 человек