Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Статьи / Биологиядан қиын тақырыптарды оқытуда сыни тұрғыдан ойлау әдістерін қолдану
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Биология

Биологиядан қиын тақырыптарды оқытуда сыни тұрғыдан ойлау әдістерін қолдану

библиотека
материалов

Биологиядан қиын тақырыптарды оқытуда сыни тұрғыдан ойлау әдістерін қолдану

Курчум ауданы,Монекей орта мектебінің III деңгейлі, химия-биология пәндері мұғалімі

Сағиева Бақтыгүл Есеновна


Бүгінгі  заман – бәсекелестік пен жоғары технологиялар заманы, ғылым мен білім  заманы.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» стартегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты  Жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін басты орынға қойылып отыр. Жаһандану үрдісінде, шығармашылық ізденістегі, әр баланың ақыл-ой еңбегінің дамуына ықпал жасайтын негізгі тұлғаның бірі – оқушының ұстазы. Ұстаз — білімді де білікті болса ғана, оқушы  сапалы білім алады. Білім саласындағы түбегейлі өзгерістер ұстаздан үлкен жауапкершілікті талап етеді. Бұл өзгерістерді енгізу дұрыс па? Өздігінен білім алатын, жан-жақты ізденетін, талпынатын, алдағы өмір жолын өзі болжай алатын тұлға тәрбиелеу -ұстаздың қолында. Ал қоғамдағы жаңа өзгерістер ұстаздардың кәсіби біліміндегі  жаңашылдықты талап етеді. Бүгінгі мемлекет алдындағы  басты міндет – білім беру жүйесін жаңарту болып отыр.

Білім беру жүйесі — бұл ұлттық мәдениеттің, ұлттық сана — сезімнің даму көрсеткіші болып отыр. Ол экономика, саясат, мәдениет саласындағы өзгерістерді бейнелеп қана қоймайды, сонымен бірге осы түбегейлі өзгерістерге белсенді ықпал етеді. Бүгінгі таңдағы білім беру саласында қолданылып жүрген бағдарламаның басты міндеті – мұғалімдерге педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалауға бағыттау, оқыта отырып, баланың ерекшелігін қалыптастыру, белсенділігін арттыру, өз бетінше білім қабылдауға, ой түйіндеуге дағдыландыру. Сондықтан да бұл тәсілдерді сабақта қолданудың маңызы өте зор. Бұл бағдарлама бір-бірімен байланысты жеті модулден тұрады.

1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

4. Оқыту мен оқуда ақпараттық – коммуникациялық

технологияларды ( АКТ) пайдалану.

5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.

6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

7. Оқытуды басқару және көшбасшылық.

Бағдарламаның негізгі мақсаты: Қазақстандық білім беру жағдайында бағдарламаның тұжырымдамалық негіздерінің іс жүзінде ойдағыдай жүзеге асырылуын және мұғалімнің  өз бойында дағдылардың қалыптасқандығын көрсетуін қамтамасыз ету. Қазақстандық мұғалімдерді  кәсіби қоғамдастығы аясында белсенді жұмыс істеуге дайындау.

Бағдарламадағы берілген  жеті  модульді кіріктіре отырып,  өткізген сабақтар арқылы оқушылардың қызығушылықтары артып, тапсырмаларды жүйелі орындап, бір – бірімен топтаса отырып жұмыстар жасай білуге дағдыланды. Мұғалімнің педагогикалық біліктіліктілігін көтеру үрдісіне педагогикалық құндылықтарды, жаңа технологияларды  шығармашылық іс-тәжірибелерді, ақпараттық  мультимедиялық техникаларды пайдалану білім берудің тиімді, нәтижелі үрдістеріне жатады.

Жаңа формациялы мұғалім кәсіби шеберлігін жетілдіретін жаңа стильдегі тұлғалық-адамгершілік бағыттарын, педагогикалық шындықты және ондағы үздіксіз іс – әрекетті, жүйелі түрде қабылдау қабілеттерін, пән саласындағы еркін бағытты меңгеріп және қазіргі педагогикалық технологияларды игеруі тиіс. Білім беру талаптарын өзгерту біліктілікті арттыру жүйесін жаңашылдандыру міндетін алға қояды, ал оның мақсаттарын жүзеге асыру біздің  алдымыздағы міндетіміз. Білімді ұрпақ — болашақ еліміздің жарқында кемелденген көшін алға бастайтын білімді де білікті  жеке тұлға қалыптасуы тиіс деп ойлаймын.

«Біз өмір бойына жететін білім алу» моделінен «өмір бойы білім алып өту» моделіне көшуге тиіспіз. Болашаққа біліммен қадам басып, лайықты қолтаңбамызды  қалдырайық. Біз осындай сабақтарды жиі өткізу арқылы көптеген нәтижелерге қол жеткізе аламыз.

Сыни тұрғыдан ойлау тұлғаның өзіндік жеке ойлауы болып табылады.Оқыту процесі сыни тұрғыдан ойлауды дамыту қағидаларына негізделетін болса, әрбір оқушы өз ойымен пікірін және бағалауды басқалардан тәуелсіз құрады. Оқушының айтқан пікірі қойылған мәселе бойынша оң шешімін табуға сәйкес келмесе де «сенің пікірің дұрыс емес» деп  сырттай баға беруге жол берілмейді. Оқушының жекелік (өзіндік) ой-пікірін білдіру сыни тұрғыдан ойлаудың алғашқы әрі маңызды сипаты болып табылады. Сыни тұрғыдан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мақсаттан басталады. Сыни тұрғыдан ойлаудың принципіне негізделген сабақ нақты мақсатқа негізделген мазмұнды әрекетке айналады да, нағыз өмір қиындықтарын шеше алатын болады.

Сыни тұрғысынан ойлау — сынау емес, шыңдалған ой.

Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын пайдалану оқытудың әртүрлі формаларын қолданып, оқушылар қз ойларын анық жеткізіп, қателесуден қорықпау керектігіне, өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруді, ізденіске баулып, естіп, көріп, білгенін түйіндеп, пайдалана білуге үйретуді көздейді. Әр уақытта сабақта оқушылапрдың сыни ойлауын дамыту мен сындарлы көзқарасты қалыптастыруды басшылыққа аламын. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы-білімнің дайын күйінде берілмеуі. Осы арада оқушылардың арасынан дарынды оқушылар анықтала бастайды. Олар топ арасында өзіндік пікірлерімен ғана емес, көшбасшылық қасиетімен таныла бастайды. Олар топтық жұмыста белсенділік танытып, қасындағы серіктестеріне бағыт беріп, кей жағдайда белсенді емес, оқушылардың ашылуына да көп көмегін тигізеді.

Тақырып бойынша түйінді идеялар берілген соң білу, түсіну, талдау, жинақтау және бағалау бойынша мақсат беріледі. Проектор, суреттер, постерлер, итернет ресурстары көмегімен сыни тұрғыдан ойлау, топтық, жұптық жұмыстар және өзара бағалау әдістерімен оқушылар өз ойларын жүйелеп жеткізеді, бір-бірін мұқият тыңдап, толықтырып, өзара силастық, ынтымақтастық қалыптасады, критерий арқылы бағалай алады, қатемен жұмыс жасай алады және ортақ қорытынды жасайды.

Мысалы: «Жыныс генетикасы» деген тақырыбында оқушылардың зейінін сабаққа аудара отырып, сыни тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша «Ой ашар»  мақсатында оқушыларға  сыныбымызға «Хат келді» деген тапсырмамен бастадым. Хат ішіндегі сұрақтар: «Жеті ата туралы не білесің», «Өзіңнің жеті атаңды жатқа білесің бе». Осындай сұрақтарды бере отырып, жауап алу кезінде  диалогтық оқыту – арқылы (мұғалім — оқушы,оқушы-мұғалім) арасында байланыс « Ой қозғау » бөлімінде «Ата-бабамыз балалары үй боларда неліктен жеті атаға көп мән берген? деген тақырыпта ой тастай отырып оқушылардан тиянақты жауап алынады.

«Кім жылдам?» бөлімінде әр топқа бес сұрақтан беріп отырып, жауап алынады. Мысалы

-қан топтары

-гемофилия ауруының белгілері

-қан топтарының ерекшелігі

-Қан топтарының тұқым қуалауы

-басыңқы гендер қалай аталады

Оқушылар өз пікірлерінің бағаланатынын жақсы сезінеді. Өзіне деген сезімі аздау оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып жұмысқа басқа оқушылармен бірлесе қатысуға көмегі тиеді. Сыныптағы барлық оқушылар өздерінің пікірлерін ұсынып, сұрақтарға жауап беруге қатысады. Ұсынған стратегиялар оқушыларға өздерінің пікірлерін ашық айта отырып, берілген сұрақтарға жауап беруге белсене қатысады.

СТО әдістерін сабақтарда үнемі пайдалану тиімді . Мысалы: «Түртіп алу» стратегиясы бойынша: БББ кестесін толтыру.

Бұл кестені толтыртудағы мақсат тақырып бойынша түсініктерін қалыптастыру.

«Ой дамыту» бағытында жаңа тақырыпқа байланысты сұрақтар беріледі. Олар оқулықтағы А; В; С тапсырмасындағы сұрақтарды топ   болып орындайды.Оқушылардың жас ерекшелігін, деңгейін ескере отырып, бастапқы кезеңдегі оңай сұрақтан бастап дағдыландырып, жоғары деңгейдегі сұрақтарға дейін  сұрақтарды ойланып, жүйелі жауап береді.

Жаңашыл мұғалім әр уақытта  үнемі жаңалыққа ұмтылуы керек. Жаңа технологиялардың қарқынды даму  кезеңінде,  әрбір ұстаз өзінің кәсіби  шеберлігін жаңа әдіс — тәсілдер арқылы жетілдіріліп отырады.

Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сай оқыту мен оқу модулі бойынша  СТО әдісінің  «Джиксо»  стратегиясы бойынша үш топқа төмендегідей тапсырмалар беруге болады.

1- топ: генетикаға жалпы сипаттама;  2- топ: жыныстық хромосомалар;  3- топ: жыныспен тіркесіп тұқым қуалау. Әр топ бір -біріне  барып   түсіндіреді.

Тағы бір айта кететіні, сергіту сәтінің оқушылар үшін маңызы ерекше. Сондықтан сабақ барысында сергіту сәттерін қолдану тиімді.

Сыни тұрғыдан ойлау « ойлау туралы ойлану » деп сипатталған. Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Сыни тұрғыдан ойлау тұлғаның өзіндік жеке ойлауы болып табылады. Ойлау өзіндік сипатқа ие болғанда ғана сыни тұрғыдан ойлағандық болып табылады, оқушының айтқан пікірі қойылған мәселе бойынша оң шешімін табуға сәйкес келмесе де «сенің пікірің дұрыс емес» деп  сырттай баға беруге жол берілмейді.Оқушының жекелік (өзіндік) ой-пікірін білдіру сыни тұрғыдан ойлаудың алғашқы әрі маңызды сипаты болып табылады. Сыни тұрғыдан ойлаудың принципіне негізделген сабақ нақты мақсатқа негізделген мазмұнды әрекетке айналады да, нағыз өмір қиындықтарын шеше алатын болады..  Тақырыпқа сәйкес қызығушылықты ояту бағытында, оқушылар    білімдерін нақтылау мақсатында оқушыларға сұрақтар беріп, қойылған сұрақтарға нақты жауап берулері керек екенін және ойлануға бір, екі минут берілетіні жайлы айтылады.

«Сын тұрғысынан ойлау технологиясын» сабақтарымда пайдаланған  кезімде, топтық, жұмыстарды, шығармашылық тапсырмаларды орындау барысында бағалап отырамын. «Заттар және энергия алмасуы» тақырыбын  өткізген кезде оқушыларға топтық, жұптық және танымдық  тапсырмалар бердім, атап айтатын болсам: Семантикалық карта, биологиялық диктант, дискуссиялық өрнек деген тапсырмаларды топтасып орындап, ұпайлар беріп отырды. «Сабақтың қызметі мен түрлері» деген тақырыбымда «Көпір» тапсырмасы бойынша  сұрақтарға жауап берулеріне қарай бағаланды. «Түсіну» жүйесі бойынша топ мүшелері бір-біріне сұрақтарға жауап берулеріне қарай баға қойып отырды. Зертханалық жұмыста берілген тапсырмаларды жақсы орындаған оқушылар ұпайлар қою арқылы бағаланды. «Жинақтау » жүйесі бойынша  топ мүшелері тест тапсырмаларын орындап, бағалап отырды.

10 сыныпқа өткізген «Өзгергіштік» тақырыбындағы   сабағымда әр тапсырмаларды орындау барысында оқушылар өз-өздерін және жұптарын бағалап отырды, «жұбынды бағала» деген қиындыларын таратып отырдым. Ол қиындыларда: «Бүгінгі сабақтан не түсіндіңіз?» Бүгінгі түсінігіңізді қаншаға бағалар едіңіз? (Өте жақсы, жақсы, орташа, төмен) Осы бағаны неліктен таңдаңыз?» деген сұрақтар берілді. «Қосмекенділер класы»  тақырыбын өткен кезде  оқушыларға сабақ барысында бағалау парақшасын тараттым. Оқушылар сол бағалау парақшасына  өз – өздерін бағалап отырды. Экранда көрсетілген бағалау ұпайларын басшылыққа алды. Сабақты қорытындылаған кезде топ жетекшісі топ мүшелерін бағалады. Сабақ соңында стикерлерге оқушылар сабақтан алған әсерлерін жазды. Бағалау парақтарын толтырар алдында оқушыларға шыншыл болуға және нағыз ойындағы әділ бағаны қоюға шақырдым және  оқушылардың  бағалау парақшасын жинақтап қорытынды бағаларын журналға қойдым.

Бағалау    парағы . Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау .

Оқушының

аты-жөні

Сұрақ жауап

Мәтінмен жұмыс

Жеке

тапсырма

АКТ мен

жұмыс


Шығармашылық

тапсырма

З /ж

Тест

сы

Диалог

Ұ

Б















10 — 12  ұпай  «5»;

7 — 9   ұпай «4»;

4  —  6  ұпай «3»; 

0  –  3 ұпай «2».

Автор
Дата добавления 24.04.2016
Раздел Биология
Подраздел Статьи
Просмотров216
Номер материала ДБ-050867
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх