Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Рабочие программы / Биологиядан сабақ жоспары Осы отрядтардың өкілдері ішіндегі орман және ауылшарушылығы өсімдіктерінің зиянкестері. Бунақденелілер—адам ауруларын тасымалдаушылар. Ауру тасымалдаушылармен күресу.(7-сынып)

Биологиядан сабақ жоспары Осы отрядтардың өкілдері ішіндегі орман және ауылшарушылығы өсімдіктерінің зиянкестері. Бунақденелілер—адам ауруларын тасымалдаушылар. Ауру тасымалдаушылармен күресу.(7-сынып)



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • Биология

Поделитесь материалом с коллегами:

Күні:_____________ 7-класс

Сабақтың тақырыбы: Осы отрядтардың өкілдері ішіндегі орман және ауылшарушылығы

өсімдіктерінің зиянкестері. Бунақденелілер—адам ауруларын тасымалдаушылар. Ауру тасымалдаушылармен күресу.

5 зертханалық жұмыс. Бау және бақша зиянкестерінің жинақтамасын зерттеп қарау. Зиянды бунақденелілерді зерттеп білу.


Сабақтың мақсаты: білімділік: бунақденелілердің толық және шала түрленіп дамитын

отрядтарының ішіндегі орман мен ауылшарушылығына зиянкестері, адамға ауру тасымалдау

шылармен таныстыру; ауру тасымалдаушыларымен күрес жүргізуді үйрету арқылы олардың

білімдерін жетілдіру; зертханалық жұмыс жасау арқылы теориялық білімді практикамен ұштастыру.

дамытушылық: проблемалық жағдайлар мен күнделікті деңгейі артқан тапсырмаларды шешу

кезінде дербес ойлана алуды дамыту, пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.

тәрбиелік: барлық жаратылым деңгейіндегі табиғаттың бірегей құбылысы ретінде тірлікке

ықыласты қарым қатынаста болуға, табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: (ноутбук, эл.оқулық)

Сабақтың көрнекілігі: бунақденелілердің түрлерінің суреттері, слайд-презентация, орман және ауылшарушылығы өсімдіктерінің зиянкестерінің, ауру тасымалдаушыларының суреттері, жинақтамасы.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ,

Сабақ өту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, түгендеу. Сыныпты топқа бөлу.

II Үй тапсырмасын сұрау.

А) Фронтальды сұрақтар.

1. Тірі организмдердің бір - бірімен қарым – қатынасын, оларды қоршаған ортамен байланыстырып зерттейтін ғылым?
2.Буынаяқтылардың шала түрленіп дамитын дернәсілі.
3. Өрмекшітәрізділердің екінші жұп аяғы.
4. Бунақденелілер қандай жәндік?
5. Шаншып сорушы бунақдене.
6. Бұзаубастың мекені.
7. Суда өмір сүретін бунақдене.
8. Үйірлі шегірткелер дернәсілдерінің топтасуы.
9. Жұтқыншақ асты түйіні мен құрсақ жүйке тізбегі бірігіп не түзеді?
10. Бунақденелілердің ересек күйге ауысу сатысы.
11. Өте қауіпті, зиянкес шегіртке атауы.


Ә) «Иә», «Жоқ» ойыны.

1.Бунақденелілер буынаяқтылар типіне жатады

2.Дене бөлімдері: баскөкірек және құрсақ

3.Демтүтік арқылы тыныс алады

4.Масаның ауыз мүшесі-кеміріп-жалаушы.

5.Толық түрленіп даму 4 сатыдан тұрады.

6.Имаго-дернәсілдің бір түрі.

7.Инелік толық түрленіп дамиды.

8. Қанқыз –зиянды жәндік.

9.Жаяушегірткелер -қанатсыз дернәсілдер

10.Энтомология –бунақденелілерді зерттейді


  1. Шала түрленіп дамитын қандай отрядтарды білесіңдер?

  2. Тhello_html_m6e3dea72.gifурақанаттылар а) отрядына қандай бунақденелілер жатады?

  3. Теңқанаттылар ә) ауыз аппараттары қандай?

  4. Бүргелер б) қайда тіршілік етеді?

в) қанаттарының ерекшеліктері қандай?

5. Толық түрленіп дамитын бунақденелілердің қандай отрядтары бар?


III Жаңа сабақты түсіндіру.

  1. Орман және ауылшарушылығы өсімдіктерінің зиянкестері. а) саранчалар, ә) қандалалар, б)қызылша ұзынтұмсығы, в) колорад қоңызы, г) шалғындық және орамжапырақ шыбыны.

  2. Бунақденелілер—адам ауруларын тасымалдаушылар.

  3. Ауру тасымалдаушылармен күресу.


Ой толғау кезеңі.

Топпен жұмыс.  Әр топ таңдаған нұсқаулық картаның  тақырыбын  атап,тақтадағы жұмыс жасауға арналған тақырып жазылған кластердің жартысын  ашады.

 

                                                Нұсқаулық карта №1

Тақырыбы: Адамға ауру тудыратын  ауру таратқыш –бунақденелілер.

Тапсырма: Интернеттен алынған қосымша материалды оқып, дәптерге кластер құру.

Ауызша сұрақтарға жауап беру.

1.Қай отряд және осы топқа жататын бунақденелілер өкілдерін анықтау.

2.Бөлме шыбыны  қандай ауру тудыруы мүмкін?

3.Осы бунақденелілермен қандай  қарсы күрес жүргізуәдістерін білесің?

4.Қандай жеке бас гигиенасын сақтау ережелерін білуіміз қажет?

 

                                                 Нұсқаулық карта №2

Тақырыбы: Ауылшаруашылық өсімдіктерінің зиянкестері.

Тапсырма: Қосымша материалдарды оқып, дәптерге кластер құру.

Ауызша сұрақтарға жауап беру:

1.Қай отряд және осы топқа жататын  бунақденелілер өкілдерін анықтау;

2.Ауылшаруашылық жануарларына қандай ауру тудыруы мүмкін?

 3.Паразит бунақденелілермен күресу амалдары.

 

                                                Нұсқаулық карта№3

Тақырыбы: Орман зиянкестері.

Тапсырма: Қосымша материалдарды оқып, дәптерге кластер құру.

Ауызша сұрақтарға жауап беру:

1.Қай отряд  және осы топқа жататын бунақденелілер өкілдерін анықтау;

 2.Бұл бунақденелілердің қандай пайдасы бар?

 

                                              Нұсқаулық карта №4

Тақырыбы: Ауру тасымалдаушылармен күрес.

Тапсырма: Қосымша материалдарды оқып, дәптерге кластер құру.


ІV. №5 зертханалық жұмыс.

«Бау және бақша зиянкестерінің жинақтамасын зерттеп қарау. Зиянды бунақденелілерді зерттеп білу.»

V. Сабақты бекіту

А) Топпен жұмыс

  1. Сыныпты 4 топқа бөліп тапсырмалар беру. 1-топ қаттықанаттылыр,

  2. 2-топ қабыршаққанаттылыр, 3-топ- жарғаққанаттылыр, 4-топ қосқанаттылар.

Мынадай тапсырмаларды орындау жоспары:

а) отрядына қандай бунақденелілер жатады?

ә) ауыз аппараттары қандай?

б) қайда тіршілік етеді?

в) қанаттарының ерекшеліктері қандай?

г) кез-келген зиянкес бунақдене туралы хабарлама жаса.


Ә) Жұмыс дәптерін жазу.


VІ. Сабақты қорытындылау, бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма беру.

Тақырыпты оқу. Қосымша әдебиеттерден, ақпарат көздерінен мәліметтер алу. Бунақденелілер отрядтарына слайд- презентация жасау.




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 14.02.2016
Раздел Биология
Подраздел Рабочие программы
Просмотров147
Номер материала ДВ-453080
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх