Пәні:
биология
Күні:
15.02.16
Сыныбы:
6ә
Тақырыбы:
Шаршыгүлділер тұқымдасы
Мақсаты:
оқушыларға шаршыгүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктер жөнінде мәлімет бере
отырып, гүлді өсімдіктердің қазіргі кездегі саны жағынан ең көп таралған топ
екенін түсіндіру, мәлімет беру.
Күтілетін
нәтижелері: шаршыгүлді өсімдіктер туралы түсінік бере
алады. Түрлеріне мысал келтіре алады. Шаршыгүлді өсімдіктердің табиғаттағы және
адам өміріндегі маңызын түсіне отырып, оларды қорғау және көбейту керектігін
түсінеді.
Негізгі
идеялары: шаршыгүлді өсімдіктердің маңызын түсіну,
оларды қорғау және көбейту.
Қолданылатын
әдістер: СТО, АКТ, дарынды және талантты балаларды
анықтау, оқытудағы басқару және көшбасшылық, оқушылардың жас ерекшеліктеріне
сәйкес оқыту және оқу, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, оқыту мен оқудағы
жаңа тәсілдер.
Пайдаланылатын
әдебиеттер: Биология, 6 – сынып, Р. Әлімқұлова,
Ә.Әметов, Ж.Қожантаева, Қ.Қайым, Қ.Жұмағұлова. Алматы «Атамұра» 2015ж.
Бөлімдері және уақыты
|
Мұғалімнің іс – әрекеті
|
Оқушының іс – әрекеті
|
Ұйымдастыру
бөлімі
(3 мин)
|
Оқушыларға
карточкалар үлестіру ( күн, бұлт, бұлт арасындағы күн).
Мен
сіздерге мынадай көңіл – күймен келдім. (күнді көрсету)
Ал
сіздердің көңіл – күйлеріңіз қандай?
|
Әрбір
оқушы өзінің көңіл – күйін білдіретін карточканы көтереді.
|
Топқа
бөлу
( 1 мин)
|
Оқушыларға
үлестірме материалдар тарату арқылы топқа бөлемін.
1 – топ.
«Ашықтұқымдылар» тобы.
2 – топ.
«Жабықтұқымдылар» тобы.
|
Оқушылар
берілген қағаздарды таңдап, екі топқа бөлініп отырады. Әр топ өз
топбасшыларын сайлайды.
|
Үй
тапсырмасын тексеру
( 5 мин)
|
Үй
тапсырмасы Бинго ойыны арқылы тексеремін.
|
Оқушыларжеке
–жеке келіп сұрақтарға жауап береді.
|
Жаңа
сабақты түсіндіру
( 15мин)
|
Шаршыгүлділер
тұқымдасы тақырыбын барлық оқушылар оқиды.
|
Оқушылардың
барлығы берілген тапсырманы орындайды.
|
Бекіту
( 2 мин)
|
Зертханалық
жұмыс.
|
Оқушылар
зертханалық жұмыстарын орындайды.
|
Қорытынды
( 15
мин)
|
Менен
сұрақ, сізден жауап тапсырмасы.
|
Оқылған
сұрақтарға оқушылар қол көтеріп жауап береді.
|
Бағалау
( 4 мин)
|
Бағдаршам
бойынша бағалау.
|
Оқушылар
бүгінгі сабақты қалай түсінгендігін бағдаршам түстері бойынша көрсетеді.
|
Үй
тапсырмасы
|
Параграф
42.
|
|
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.