Инфоурок Биология Рабочие программыБиологиядан сыныптан тыс жұмыс "Химия және табиғатты қорғау" 10-11 сыныптар

Биологиядан сыныптан тыс жұмыс "Химия және табиғатты қорғау" 10-11 сыныптар

Скачать материал

Кажекенова Эльмира Асимхановна

«№30 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

 ШҚО Семей қаласы

Биологиядан сыныптан тыс жұмыс

10-11 сыныптар

Тақырыбы: Химия және табиғатты қорғау

Мақсаты: Химия пәні мен қоршаған ортаны және химияның қоршаған ортамен байланысын көрсету.

Міндеті: Ойлай білу, салыстыра білу, өздерінің көзқарастарын білдіру және қорытындылай білу.

Ұжымда бірігіп жұмыс істей алуы және бірін – бірі тыңдай білуі.

Қоршаған ортаны таза ұстауға, қорғауға, қастерлеуге тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ – жауап, өз ойларын білдіруі, қосымша ақпараттар.

Барысы:

1.     Кіріспе сөз.

Құрметті ұстаздар мен оқушылар «Химия және табиғатты қорғау» тақырыбы аясында өтетін дөңгелек столымызға қош келдіңіздер.

Химия пәні заттарды, олардың қасиеттерін басқа заттарға айналып түрленуін қарастырады. Химияның міндеті – заттарды қолдану үшін қасиеттерін айқындау, адамдардың сұранысына қажет жаңа химиялық заттар алу, табиғи қорларды орынды пайдаланып, қоршаған ортаны қорғау.

 Бүгінгі таңда адам-табиғат қатынасы қазіргі қоғамның аса өзекті мәселелерінің біріне айналды. В.И.Вернадский «Бүгінде тіршілікті сақтап қалу үшін бүкіл адамзат біртұтас және саналы одақ ретінде әрекет етуі керек» - деп бастаған кезең келді. Әрбір жеке адам «Өзіме ғана емес, өзгеге де жақсы болуы қажет» деген ұстанымды еске ұстап, табиғатты қорғауға атсалысуы қажет.

2.     Оқушыларға тапсырма: Химия мен қоршаған ортаның байланысының оң және теріс жақтарын көрсет.

 Оқушылардың жауаптары бойынша ой бөлісу.

3.     Химия және химия өнеркәсібінің өркендеуі шаруашылықтың барлық салаларының дамуына, жалпы ғылыми-техникалық прогрестің жеделдеуіне әсер етті. Қазіргі қоғамда әрбір адам өзінің химия ғасырында өмір сүріп отырғанын жақсы біледі. Өйткені химия адамды сырт киіммен ғана қамтамасыз етіп қоймай тамақтандырады, әрі емдейді. Олардың баспаналы болып, өмірін көркейтуіне көмектеседі. Адамдар химияның қызметін әр сағат, әр секундта көреді десек артық айтқандық емес.

 Бүгінгі дөңгелек столда химияның суға, атмосфераға, адамға әсерін қарастырамыз.

       Су.

Судың ластануы

Асем 10 сынып оқушысы: Қазақстанға ағып келетін өзендердің көпжылдық маңыздылығын орташа есеппен бағаласақ, соңғы 30 жылда жылына 25,3 тек­ше шақырымға азайғаны байқалады жергілікті сулар бойынша – 10,3, трансшекаралық сулар бойынша – 15,2. Бұл ауа­ райының ұзақ мерзімді болжамының өзгеруіне сәйкес келеді. Трансшекаралық ағып келетін сулар азаяды деген болжамдарды ескергенде 2020 жылға қарай республикада су ресурстарының әрі қарай азаюы жылына 86 текше шақырымға дейін жетпек. Естеріңізге сала кетейін, жерасты су көзі әдетте ірі өзендердің бассейніне жинақталған. Бұл жер үсті ресурстарымен тығыз гидравликалық байланысы бар екенін көрсетеді. Сондықтан да оларды пайдалану келісілген түрде жүзеге асуы керек: бір “элементті” шамадан тыс пайдалану екіншісінің жағдайына міндетті түрде әсер етеді. Табиғи-климаттық факторды да естен шығаруға болмайды. Гидрометеорология, гидрология мен су ресурстарын пайдалану мәселелері біртұтас дүние ретінде қаралуы керек. Су нысандары ахуалын шынайы біліп отыру үшін жоспарлы түрде мониторинг жүргізілуі. Ол суды қауіпсіз пайдалану және қауіпті жағдайлардың алдын алу үшін қажет.

– Біріншіден, ел ішінде су ресурстарын қорғау мен ұтымды пайдалану қажет. Ол үшін кіріктірілген басқарудың ұлттық жоспарын қабылдау керек және соның негізінде тұтастай оңалту жұмыстарын, қолданыстағы су шаруашылығы инфрақұрылымын  жетілдіру  қажет. Бұдан тыс, барлық жерде жаңа су үнемдеу технологияларын, өндірістік үрдістерді басқарудың автоматтандырылған жүйелерін енгізіп, мемлекеттік және бастапқы су есептеуді жолға қою керек. Алғашқы тәжірибелердің нәтижелері көңіл көншітеді. Мәселен, Оңтүстік Қазақстан облысындағы “Жаңа Ақдала”  агрофирмасы қызанақ өсіру үшін тамшылатып суару технологиясын енгізді. Соның арқасында алынған өнім көлемі 3,5 есе артып, су шығыны 2,8 есеге азайды. Тыңайтқыш заттарды қолданудағы үнемдеу 30%-ға, ал өсімдікті ауылшаруашылық  өңдеуге кеткен шығын 40%-ға кеміді. Ақмола, Қарағанды және  Павлодар облыстарында картоп өсіруде америкалық “Валей” суару мәшинелері қолданысқа сәтті енгізілуде. Нәтижесінде, егістік суын үш есе үнемдей отырып, өнім көлемін арттыруға қол жеткізілді. Бүгінде мемлекет тарапынан ресурстарды үнемдеуге баса көңіл бөлініп отыр деуге болады. Атап айтқанда, ресурс үнемдейтін озық технологияларды енгізу үшін ұзақ мерзімді жеңілдетілген несие берілуде. Бұл ауыл шаруашылық өнімдерінің өзіндік құнын төмендетіп, рыноктағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жасалып отыр.

Арал теңізі

Азат 11 сынып оқушысы: Бүкіл әлемге назарын аударған Қазақстанның ең шиеленіскен экологиялық проблемасы – Арал теңізінің проблемасы. Мақта және егістігіне Сырдария мен Әмудария өзендерінің суын мейірімсіз пайдалану осы апаттың себебі болып табылады. Адам іс-әрекетінің нәтижесінде Арал теңізіне аталған өзендердің суы өте аз мөлшерде жетті. Бұл теңізге келетін му көздері болмағандықтан, Арал теңізі 30 жылға жуық аралықта өз суының жартысынан айрылды, сөйтіп іс жүзінде екі көлге – қазақстандық және өзбектік көлге бөлінді. Соның нәтижесінде бұрынғы теңіз түбінде орасан үлкен тұзды аумақ түзілді. Миллиондаған тонна шаң және тұзды жел көтеріп, едәуір қашықтыққа үрлеп жеткізді де, өте үлкен аумақты тұз басады. Сөйтіп бұл апаттың зардабы Орталық Азияның барлық республикаларына дерлік тиді. Орталық Азияның республикаларының үкіметі Аралды құтқару жөнінде бірқатар пәрменді шараларға келісті. Бірінші кезекте Арал теңізіне құятын өзендер ағысын ұлғайту жөнініде шаралар қабылданатын болады. Сондай-ақ құмды бекіту үшін бұрынғы теңіз түбіне ағаш отырғызу жұмысы кеңінен өткізілмекші. Арал проблемасымен шұғылданатын сарапшылар тіпті теңізді бұрынғы ернеуіне жеткізіп, қалпына келтіре алмағанның өзінде су деңгейін көтеру толық іске асатын жұмыс екеніне сенімді. Зоологтар байқағандай, Арал маңының солтүстігінде кейбір құстардың ұя салуға оралуы да мұндағы бұрынғы экожүйені қалпына келтіру мүмкіндігі барын білдіреді. АҚШ, Жапония, Канада ғалымдарының Арал теңізінің суын бұрынғы деңгейіне жеткізу үшін 200 миллиард доллар қажет дейтін көрінеді. Аралды бұрынғы қалпына келтіру үшін іргелі зерттеу жолымен Каспий-Арал каналының ғылыми-техникалық дәлелдемесі жасалынады. Каспий теңізінен деңгейі бір кезде көтеріліп, бір кезде төмендеп кететіні, яғни ғасырлық тербелісі бұрыннан белгілі құбылыс. Соңғы көтерілуінде теңіз деңгейі 214 см-ге өсіпті. Каспиймен шекарасы жанасқан мемлекетттердің (Ресей, Казақстан, Иран, Түрікменстан, Әзірбайжан) біраз жағалық жерлері судың астында қалды. Кәзірдің өзінде де бұл елдердің мұнай өндіріп тұрған көптеген кен орындары мен халық орналасқан жерлері су астына кету қаупі бар.

Егер жоғарыда көрсетілген (214 см) судың қабатын Каспий теңізінің акваториясының ауданына (380 000 км2) көбейтсек, ол 800 км текше километр (800 км3) су болады. Бір кызығы, дәл осыншама су көлемі кұрып бара жатқаны Аралға жетпей тұр! Каспий теңізіндегі артық суды шарпып алып Аралға құйса екі теңіз де өздерінің баяғы күйлеріне келер еді. Мұны екі теңізді каналмен косу арқылы оңай жүзеге асыруға болады. Арал Каспийден 74 метр биіктікте орналасқан және екеуінің арақашықтығы 500 километрді құрайды. Жоба бойынша Каспий-Арал каналын  салуды 2 кезеңге бөліп жүргізу керек.

 Алдымен каналдың аса терең емес табан бөлігін минерал жыныстың ішінен

қазып, одан шыққан топырақты каналды бойлайжағалауға үйеді. Каналды бетонмен каптап, жылына 25 текше километр (25 км3) су жүретіндей етіп іскеқосады. Екінші кезеңде, каналдың жағасында жиналған үйінді топырақты тегістеп жайып, каналдың екіжағынан бірдей дамба көтереді. Соның нәтижесінде каналдың көлемі  кенейіп,40 текше километр (40 км3) сужүретін болады. Бұл есептеу жайдан-жай, 

кездейсоқ алынып отырған жоқ. Олар Аралды қалпына келтіружұмысында құрылысқа өте аз шығын жұмсап, энергияны үнемді пайдалануға мүмкіндік береді.

Арал апатына себеп болған факторлар:

1)      жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу

2)      ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау

3)      суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу

4)      жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау

5)      табиғат ресурстарын пайдалануға жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі

Каспий теңізі

10 сынып оқушысы Сымбат:

Аймақта үш басты экологиялық проблемасын атап өтуге тболады:
  1. Қошқар-Ата қалдық сақтау қоймасының проблемасы, онда 105 млн тонна улы және радиоктивті қалдықтар сақталады. СКЗ және ХГМЗ зауыттарының толық тоқтап тұруына байланысты 1988 жылдан бастап ағынды сулар ағызылып жіберілмейді. Сұық фазаның деңгейі төмендеуде. Қазіргі уақытта жалпы көлемі 77км жер тазартылып, көлемі 30км жағажайлар пайда болды. Қалдық сақтау қоймасы жөніндегі проблемалық мәселелерді шешу үшін миллиондаған қаражат қажет.
   2. БН-350 реакторлық зауытының істен шығуы, оны радиациялық қауіпсіз жағдайға келтіру.

   3. Каспий теңізінің Солтүстік теңіз қайраңында мұнай операцияларын жүргізу және Каспий теңізінің теңіз қайраңын игеру кезінде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мәселелерді шешудегі негізгі проблемалардың бірі – толыққанды экологиялық мониторингтің болмауы. Қазақстан Республикасының оны жүзеге асыру үшін тиісті база жасақталмаған. Аймақтың тағы да бір проблемасы қоршаған ортаны қорғау компоненттеріне жасалған толыққанды мемлекеттік мониторингтің жоқтығы болып табылады. Теңіз көлігінің көтеріңкі қарқынды қозғалысы нәтижесінде теңіз ортасына, оның флорасы мен фаунасына әсері өрши түседі, ол жағалаудағы аймақтарға және сулы ортаға экологиялық мониторинг жүргізуді талап етеді. Каспий теңізі жағалауының 1350 км бақылаусыз қалып отыр. Қазіргі уақытта құрғақ жүктерден басқа жылына 5 млн мұнайды тасу жүзеге асырылатын теңіз портының жұмысына тұрақты бақылау жетіспейді. Зертханалар мен инспекторлық құрамның көптігінен теңіз портының акваториында, сондай-ақ Каспий теңізінің қалған аумағындағы теңіз суының сапалы құрамына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын жағдай жоқ.

Сұрақтар:

1.   Өнеркәсіп пен судың ластануының арасында қандай байланыс бар деп ойлайсыңдар?

2.   Арал теңізін қалпына келтіруге болады деп ойлайсыңдар ма?

3.   Суды ластамай мұнай өндіруге бола ма?

 

Атмосфера.

10 сынып оқушысы Ақнұр: Атсофера ластануының негізгі көздері: көлік шығарындысы, мұнай газ кешені, қара металлургия, жылу энергетикасы, түсті металлургия.  Қаладағы ауаның ластану көздері: өндірістің ескірген технологиялары, тиімсіз тазартқыз құрылыстар, қолданылатын отынның төмен сапасы, қуаттың жаңғыртылған көздерінің аз пайдаланылуы. Касiп орындардын 20%-тен астамынын нормативтiк санитарлык коргау аймагынын болмауы себептi ондiрiс орталыктары халкынын басым болiгi  зиянды шыгарындылардын асерi жогары аймакта турып жатыр.Автомобиль санынын күрт кобеюi iрi калаларда(Алматы,Оскемен,Шымкент) комiртегi оксидi мен азот диоксидi жиналуын улгайтады,мундай заттардын орташа жылдык шогырлануы бул калаларда шектi молшерден асып туседi. Атмосферанын ластануы сондай-ак комiрсутегi шикiзатынын бурынгы кен орындарын дамытумен жане жана кен орындарын игерумен де байланысты, бул атмосферанын кукiртсутегiмен,меркаптандармен ластануын улгайта туседi. 1993 жылдан 2000 жылга дейiн зиянды заттардын атмосферага шыгарылуы негiзiнен ондiрiс кулдырауынын есебiнен 5,1млн тоннадан 3,2млн тоннага дейiн кемiдi.Сонгы жылдары атмосферага зиянды заттардын шыгарылуын 3,2-3,4млн тонна денгейiнде сараптаманы енгiзудiн жане коршаган ортаны коргау саласындагы мемлекеттiк бакылау жургiзудiн натижесiнде кол жеткiзді.

Озон қабаты

10 сынып оқушысы Жансая: Жердiң озон қабатының бұзылуы адам, жануарлар, өсiмдiктер мен микроорганизмдер тiршiлiгi үшiн ықтимал қатер болып табылады. 1973 жылдан бергi байқаулар Қазақстанның үстiндегi озон қабатының қалыңдығы 5-7%-кe азайғанын көрсеттi. Монреаль хаттамасына сәйкес қабылданған, озон қабатын бұзатын заттарды пайдалануды реттеу жөнiндегi шаралар әлемде 1986 жылдың деңгейiмен салыстырғанда оның 10 eceгe азаюына ықпал еттi. Бiздiң ел озон қабатын сақтау туралы халықаралық келiсiмдерге 1998 жылы қосылды. Қазiргi уақытта Қазақстанда озон бұзғыш заттарды (ОБЗ) пайдалануды қысқарту және оларды айналымнан алып қою, озон қабатын бұзбайтын заттарды қолданумен жаңа технологияларды енгiзу жөнiндегi жұмыстар жүргізілуде. Озон қабатын бұзу қатерiн жоюдың негiзгi жолдары мыналар болып табылады: ОБЗ пайдаланудан жедел бас тартуды және оларды қауiпсiз жоюды қамтамасыз ету, ОБЗ-дың заңсыз айналымының алдын алу және қолға алынған күш-жiгердiң табыстылығына көз жеткiзу үшiн тропосферада оның жиналуының тұрақты мониторингін жүргізу. Сондай-ақ 2004 жылдың барысында ОБЗ пайдаланатын кәсiпорындардың қызметiн лицензиялау жөнiндегi қажеттi нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау, ОБЗ пайдалану қызметiмен айналысатын мамандарды оқытуды және Қазақстанның үстiндегi озон қабатының жай-күйiн зерделеу жөнiнде iргелi ғылыми зерттеулер жүргiзудi бастау, сондай-ақ жаңа технологияларды енгiзу жолымен ОБЗ пайдалануды қысқарту және қолданыстан алу жөнiндегi жұмыстарды жалғастыру қажет болады. Осы iс-шараларды жүргiзу нәтижесiнде ОБЗ шығарындысы қысқарып, ол Жердiң озон қабатын сақтауға септiгiн тигiзетiн болды

Ауыр металдар

11 сынып оқушысы Еламан: Өндіріс орындарынан бөлінген экотоксиканттар метерологиялық фактордың әсерінен атмосферада, суда және топырақта кең таралып, тірі организмдердің тіршілік әрекетіне кері әсер етуде. Зиянды қалдық заттардың қоршаған ортаға түсуін, жиналуы мен миграциясын зерттеу олардың тірі организмдерге әсерн дұрыс бағалауға мүмкіндік береді. Ауыр металдар  – тығыздығы темірдің тығыздығынан (7,874 г/см3) артық болатын түсті металдар тобы. Оларға мырыш, қорғасын, қалайы, марганец, висмут, мыс, сынап, сүрме, никель, кадмий жатады. Ауыр металдардың көптеген қосылыстары, әсіресе, тұздары организм үшін зиянды. Олар тағам, су, ауа арқылы организмге түскенде ыдырамайды, кейбір органдарды (бүйрек, бауыр, буын, т.б.) жиналып, денсаулыққа қауіп төндіреді. Сондықтан Ауыр металдардың қоршаған ортадағы мөлшері белгіленген шамадан аспауы керек.

Радиоактивті ластану

10 сынып оқушысы Мұратхан: Радиоактивтi ластану Қазақстанның экологиялық қауiпсiздiгiне елеулi нақтылы қатер төндiредi, олардың көздерi мынадай негiзгi төрт топқа бөлiнедi: жұмыс iстемей тұрған уран өндiрушi және уран өңдеушi кәсiпорындардың қалдықтары (уран кен орындардың үйiндiлерi, өздiгiнен төгiлетiн ұңғымалар, қалдық қоймалары, технологиялық желiлердiң бөлшектелген жабдығы); ядролық қаруды сынау нәтижесiнде ластанған аумақтар;
мұнай өндiру өнеркәсiбi мен мұнай жабдығының қалдықтары; ядролық реакторлардың жұмыс iстеуi нәтижесiнде пайда болған қалдықтар мен радиоизотоптық өнiм (иондаушы сәулеленудiң пайдаланудан шыққан көздерi).
Қазақстанда табиғи радиактивтiлiктiң жоғары деңгейiн беретiн уран берушi алты iрi геологиялық өңiр, көптеген шағын кен орындары мен уран байқалатын кенiштер, уран өндiрушi кәсiпорындар мен ядролық жарылыстар жасалған жерлерде шоғырланған қалдықтар бар. Қазақстан аумағының 30%-iнде адам денсаулығына айтарлықтай қауiп төндiретiн табиғи радиактивтi газ - радонның жоғары бөлiнуiнiң ықтимал мүмкiндiгi орын алған. Радионуклидтермен ластанған суды ауыз су мен шаруашылық мұқтаждықтар үшiн пайдалану қауiптi болып табылады. Қазақстанның кәсiпорындарында иондаушы сәулелердiң пайдаланудан қалған 50 мыңнан астам көздерi бар және радиациялық зерттеу барысында 16-сы адам үшiн аса қауiптi болған 700-ден астам бақылаусыз көздер анықталып, жойылды. Халықтың радиоактивтi улануын және қоршаған ортаның ластану қаупiнiң алдын алу үшiн: радиоактивтi ластану көздерiн түгендеу жөнiндегi жұмысты аяқтау және 2005 жылға дейiн табиғи радиактивтiлiктiң халықтың денсаулығына терiс әсерiн зерттеудi қамтитын бағдарлама әзiрлеу, сондай-ақ құрылысқа арналған алаңдарды таңдау мен табиғи құрылыс материалдарын пайдалану кезiнде шектеу шараларын қабылдау; ауыз судың табиғи көздерiнiң радиоактивтi ластануына бақылау жүргiзу және Мұнай ұңғымалары мен өздiгiнен төгiлетiн және өздiгiнен ағатын гидрогеологиялық ұңғымаларды жою және консервациялау бағдарламасының шеңберiнде радионуклидтердiң жоғары құрамы бар гидрогеологиялық ұңғымаларды жою; жоғары радиациялық сәуле алу қаупi туралы халықты уақытылы хабардар ету жөнiнде шаралар әзiрлеу; 2005 жылға қарай Уран өндiру өнеркәсiбiнiң радиоактивтi үйiндiлерiн түгендеу және олардың қоршаған орта мен халықтың денсаулығына әсерiн айқындау жөнiндегi жұмысты аяқтау қажет. Проблеманың кешендi шешiлуi радиоактивтi қалдықтарды ұқсату мен көму жөнiнде мамандандырылған ұйым құруды көзделуi тиiс.
Аталған iс-шараларды жүргiзудiң нәтижесi халықтың сәуле алуы мен қоршаған ортаның радиоактивтiк ластануын төмендету болмақ.

Қазақстандағы экологиялық проблемалар шиеленісуі жалпы әлемдік шиеленістен кем емес. Еліміздің тарихындағ ең қайғылы парақтардың бірі – Семей ядролық сынақ полигонының өмірге келуі. Алғашқы атомдық жаралыс дауысы 1949 жылы тамыздың 29-ы, таңғы сағат 7-де естілді. Семей ядролық полигоны айданында 450-ден астам жер үсті және жер асты ядролық сынақтарының өткізілуі нәтижесінде атмосфераға, гидросфераға және литосфераға өте үлкен мөлшерде радиоактивті материалдар шығарылды. Тек Семей ядролық полигонының ғана емес, соған жақын жатқан орасан үлкен аумақтарды (Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жезқазған облыстарымен Ресей Федерациясының Алтай өлкесі) радиоактивті ластануға ұшырады. Соның нәтижесінде саол аумақтағы көптеген тірі ағзалар және тұрған халықтар зардап шекті. Полигон аймағында күні бүгінге дейін топырақ және өсімдіктер ластанған.

Сұрақтар:

1.   Тіршілікті озон қабатынан қорғау үшін не істеуге болады деп ойлайсыңдар?

2.   Ядролық жарылыссыз өмір сүруге болады ма?

3.   Ауаның ластануы қалаларда неге жоғары деп ойлайсыңдар?

Адам.

Тағамдық қоспа

10 сынып оқушысы Аяулым:

Тағамдық қоспаларды мынадай топтарға бөлуге болады:

Е100-Е182 бояғыштар

Е200-Е280 консервант

Е300-Е391 қышқылдықты реттегіш

Е400-Е481 тұрақтандырыш

Е500-Е585 әртүрлі

Е600-Е637 дәм мен хош иісті күшейткіштер

Е700-Е899 запас нөмірлер

Е900-Е967 тәттілендіргіш

Е1100-Е1105 ферментті заттар

Кез келген қоспаның өзінің аты бар.Шатаспас үшін Е индексі және номер беріледі.Е дегеніміз Еуропа деген сөзден шыққан.Бұл Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының арнайы комиссиясы Еуропаның тамақ өндірісінде қолдануға болатын мақұлданған сөз.

Тағамдық қоспалардың қауіптілігі:

1.Бүйрек пен бауыр ауруын тудыруы мүмкін.

2.Асқазан-ішек ауруларын тудыруы мүмкін.

3.Аллергиялық реакцияларды туғызады және т.б.

Тұрмыстық зат қалдығы

11 сынып оқушысы Дана: Республикада өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтардың мониторингiн, оларды сақтауды, ұқсатуды және кәдеге жаратуды қамтитын қалдықтарды басқарудың мемлекеттiк жүйесi жоқ. Қазақстанның аумағында өндiрiс пен тұтыну қалдықтарының 20 млрд. тоннадан астамы, оның iшiнде 6,7 млрд. тонна улы заттар жинақталған, әрi олардың ұлғаю үрдiсi байқалуда. Бұл ескiрген технологияларды қолданумен, сапасыз шикiзатпен және отынмен, кәсiпорындардың өндiрiс қалдықтарын кәдеге жарату мен қайта құнарландыруға қаражат салуға құлықсыздығымен түсiндiрiледi. Уытты қалдықтарды қоса алғанда, өндiрiс қалдықтары әлi күнге, көбiнесе тиiстi экологиялық нормалар мен талаптарды сақтамастан, түрлi жинақтағыштарда қойылып, сақталады. Осының нәтижесiнде көптеген өңiрлердiң топырағы, жер асты және жер үстi сулары қарқынды ластануға ұшыраған. Қойылатын қалдықтардың үнемi ұлғайып отырған көлемi жаңа техногендiк ландшафтар қалыптастырады. Yйiндiлер мен террикондар биiктiгi өскен сайын олар шаң құраудың неғұрлым қарқынды көздерiне айналады. Қатты тұрмыстық қалдықтардың негiзгi массасы құрауыштарға бөлшектенбестен шығарылып, ашық күресiндерге тасылады және қойылады, оның 97%-i Қазақстан Республикасының табиғат қорғау және санитарлық заңнамасы талаптарына сай емес. Оларды орналастыру және жайғастыру жобасыз және қоршаған ортаға әсерi бағаланбастан жүргiзiлген. Республикада қатты тұрмыстық қалдықтардың шамамен тек 5%-i ғана кәдеге жаратылады немесе жағылады. Өндiрiстiк және тұрмыстық қалдықтарға байланысты проблемаларды шешу үшiн өндiрiстiк және тұрмыстық қалдықтарды басқаруды жетiлдiру жөнiндегi салалық және өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлеу қажет. Осы бағдарламалар шеңберiнде қатты қалдықтарды басқару жүйесiнiң әзiрленуi, қалдықтарды басқару құрылымын реформалау, қалдықтардың жинақталуын кемiтуге бағытталған нормативтiк құжаттарды әзiрлеу және енгiзу, қалдықтарды басқарудың есебiн жүргiзу және бақылау жүйесiн ұйымдастыру, қалдықтарды ұқсату және қайталама пайдалану жөнiндегі үлгiлiк бағдарламаны әзiрлеу, неғұрлым таза өндiрiстi енгiзу жөнiндегi ғылыми зерттеулердi жүргiзу, қалдықтарды ұқсату жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге ақпараттық қолдау көрсету, қалдықтарды басқарудың үдемелi жүйелерiне мамандарды оқытуды ұйымдастыру, өндiрiстiк қалдықтарды көму мен өнеркәсiптiк және басқа да ағынды суларды жерге төгу шарттары бойынша республика аумағын аудандарға бөлу көзделуi тиiс.

Дәрі –дәрмектер

11 сынып оқушысы Дина: Өсімдіктердің дәрілік қасиеттерінің негізі: алкалоидтар, гликозидтер, кумариндер, флавоноидтер, дубильді заттар, эфир майлары.

Алкалоидтар- құрамында азотты органикалық  қосылыстары бар негізді заттар. Өзінің атын арабтың “алкалис”- негіз және  гректің “ейдос”- ұқсас, яғни негізге ұқсас деген сөзінен алған. Қазір алкалоидтардың 2 мыңнан астам түрлері белгілі, олардың 30-нан астамы медицинада қолданылады. Негізінен  жүйкені  қоздыру және басу  үшін қолданылады, қан қысымын көтеріп –түсіреді, сондай-ақ бактерицидті қасиеттеріде бар. Өсімдік құрамында 0,2-0,5% мөлшерінде кездеседі. Барбаристің –көкбояу тамырында-ол 15%.

Гликозидтер – қант малекуласы мен гликозидтті гидроксилдің басқа химиялық қосылыстар- агликондар немесе гениндермен қосылған күрделі  қосылысты зат. Медицинада олар негізінен жүрек ауруларына қолданаады. Қазір  гликозидтер мен олардың агликондарының 150 түрі белгілі болып отыр.Олар негізінен өте ащы дәмді болып келеді. Ең көп қолданылатыны  - К-строфантин мен інжугүл жапырақтары-нан алынатын –конвалятоксин және кендірдің тамырынан алынатын цимарин заттары.

Флавоноидтар - өз атын  латынның “флавиум”-сары деген сөзінен алған. Негізен түрлі химиялық қосылыстардан тұратын фенолды заттар. Көпшілік флавоноидтер бактерицидттік, жараны жазу үшін қолданылады. Сондай-ақ  ағзадағы  радиоактивті заттарды шығаруға  қолданылады. Залалсыз  бояғыштар негізінде  тамақ өнеркәсібінде  көп қолданылады.

Дубильді заттар – теріні қатайту, сапасын  көтеру мақсатында  қолданылады. Өсімдіктерде 10-20% кейде 70%-ке дейін кездеседі екен. Медицинада жараның үстінің тез бітуі үшін және олардың сілемейлі қабатына  микроағзалардың түспеуі үшін қолданылады. Кей түрлері улануға қарсы да қолданылады.

Кумариндер - Алғаш рет кумарин Оңтүстік Америкада өсетін  кумаруна ағашынан (Dipterix odorata) алынған. Ең негізі  - кумарин ядросы. Жарықта  түсін өзгертетін қасиеттері бар. Медицинада ағзаның өсуіне, қатерлі ісіктің алдын алуға, антибиотиктік қасиеттерімен пайдалы.

Эфир майы – ұшқыр, иісті зат. Өсімдіктерден алынады. Сезім мүшелеріне тез әсер етіп кейде оң, кейде кері әсер етуі мүмкін. Медицинада дезинфициялау,  бактерицидтік қасиеті және қақырық түсіру үшін пайдаланады, бүйрек пен зәр шығару ағзаларын қоздырады. Көбінесе  басқа иісті басу үшін  қолданылады.

Сұрақтар:

1.   Тағамдық қоспалардың адам ағзасына әсері?

2.   Дәрі-дәрмектерді қолданған адам аурудан бірден және мүлдем жазылып кетеді деп ойлайсыңдар?

3.   Өндірістік және тұрмыстық қалдықтарға көміліп қалмаймыз ба?

Химияның негізгі заңдылықтары табиғаттың жалпы заңдылықтарымен үндесіп жатыр. Химия және химия өнеркәсібінің өркендеуі шаруашылықтың барлық салаларының дамуына, жалпы ғылыми – техникалық прогрестің жеделдеуіне әсер етті.

Бірнеше ғасыр бойы «Табиғат – сарқылмас байлық көзі, адамға керегінің бәрін беріп, қажетсізінің бәрін тастауға болатын түпсіз құдық» деген сананы өзгертіп, жаңаша ойлауға бағыттау, сөйтіп экологиялық сананы қалыптастыру – жедел қолдануды талап ететін, ұзақ мерзімді шара. Оны іс – жүзіне асыруда адамзат қоғамы үлкен сыннан өтпек.

Бүгінде дамыған мемлекеттер Д.И.Менделеевтің «Химияда қалдық жоқ, тек пайдаға аспаған шикізат бар»  деп көрегендікпен қалдықсыз өндіріс құру қажеттелігін меңзеген еді.

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Биологиядан сыныптан тыс жұмыс "Химия және табиғатты қорғау" 10-11 сыныптар"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Таргетолог

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Кажекенова Эльмира Асимхановна

«№30 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

 ШҚО Семей қаласы

Биологиядан сыныптан тыс жұмыс

10-11 сыныптар

Тақырыбы: Химия және табиғатты қорғау

Мақсаты: Химия пәні мен қоршаған ортаны және химияның қоршаған ортамен байланысын көрсету.

Міндеті: Ойлай білу, салыстыра білу, өздерінің көзқарастарын білдіру және қорытындылай білу.

Ұжымда бірігіп жұмыс істей алуы және бірін – бірі тыңдай білуі.

Қоршаған ортаны таза ұстауға, қорғауға, қастерлеуге тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ – жауап, өз ойларын білдіруі, қосымша ақпараттар.

Барысы:

1.     Кіріспе сөз.

Құрметті ұстаздар мен оқушылар «Химия және табиғатты қорғау» тақырыбы аясында өтетін дөңгелек столымызға қош келдіңіздер.

Химия пәні заттарды, олардың қасиеттерін басқа заттарға айналып түрленуін қарастырады. Химияның міндеті – заттарды қолдану үшін қасиеттерін айқындау, адамдардың сұранысына қажет жаңа химиялық заттар алу, табиғи қорларды орынды пайдаланып, қоршаған ортаны қорғау.

 Бүгінгі таңда адам-табиғат қатынасы қазіргі қоғамның аса өзекті мәселелерінің біріне айналды.В.И.Вернадский «Бүгінде тіршілікті сақтап қалу үшін бүкіл адамзат біртұтас және саналы одақ ретінде әрекет етуі керек» - деп бастаған кезең келді. Әрбір жеке адам «Өзіме ғана емес, өзгеге де жақсы болуы қажет» деген ұстанымды еске ұстап, табиғатты қорғауға атсалысуы қажет.

2.     Оқушыларға тапсырма: Химия мен қоршаған ортаның байланысының оң және теріс жақтарын көрсет.

Оқушылардың жауаптары бойынша ой бөлісу.

3.     Химия және химия өнеркәсібінің өркендеуі шаруашылықтың барлық салаларының дамуына, жалпы ғылыми-техникалық прогрестің жеделдеуіне әсер етті. Қазіргі қоғамда әрбір адам өзінің химия ғасырында өмір сүріп отырғанын жақсы біледі. Өйткені химия адамды сырт киіммен ғана қамтамасыз етіп қоймай тамақтандырады, әрі емдейді. Олардың баспаналы болып, өмірін көркейтуіне көмектеседі. Адамдар химияның қызметін әр сағат, әр секундта көреді десек артық айтқандық емес.

Бүгінгі дөңгелек столда химияның суға, атмосфераға, адамға әсерін қарастырамыз.

       Су.

Судың ластануы

Асем 10 сынып оқушысы: Қазақстанға ағып келетін өзендердің көпжылдық маңыздылығын орташа есеппен бағаласақ, соңғы 30 жылда жылына 25,3 тек­ше шақырымға азайғаны байқалады жергілікті сулар бойынша – 10,3, трансшекаралық сулар бойынша – 15,2. Бұл ауа­ райының ұзақ мерзімді болжамының өзгеруіне сәйкес келеді. Трансшекаралық ағып келетін сулар азаяды деген болжамдарды ескергенде 2020 жылға қарай республикада су ресурстарының әрі қарай азаюы жылына 86 текше шақырымға дейін жетпек. Естеріңізге сала кетейін, жерасты су көзі әдетте ірі өзендердің бассейніне жинақталған. Бұл жер үсті ресурстарымен тығыз гидравликалық байланысы бар екенін көрсетеді. Сондықтан да оларды пайдалану келісілген түрде жүзеге асуы керек: бір “элементті” шамадан тыс пайдалану екіншісінің жағдайына міндетті түрде әсер етеді. Табиғи-климаттық факторды да естен шығаруға болмайды. Гидрометеорология, гидрология мен су ресурстарын пайдалану мәселелері біртұтас дүние ретінде қаралуы керек. Су нысандары ахуалын шынайы біліп отыру үшін жоспарлы түрде мониторинг жүргізілуі. Ол суды қауіпсіз пайдалану және қауіпті жағдайлардың алдын алу үшін қажет.

– Біріншіден, ел ішінде су ресурстарын қорғау мен ұтымды пайдалану қажет. Ол үшін кіріктірілген басқарудың ұлттық жоспарын қабылдау керек және соның негізінде тұтастай оңалту жұмыстарын, қолданыстағы су шаруашылығы инфрақұрылымын  жетілдіру  қажет. Бұдан тыс, барлық жерде жаңа су үнемдеу технологияларын, өндірістік үрдістерді басқарудың автоматтандырылған жүйелерін енгізіп, мемлекеттік және бастапқы су есептеуді жолға қою керек. Алғашқы тәжірибелердің нәтижелері көңіл көншітеді. Мәселен, Оңтүстік Қазақстан облысындағы “Жаңа Ақдала”  агрофирмасы қызанақ өсіру үшін тамшылатып суару технологиясын енгізді. Соның арқасында алынған өнім көлемі 3,5 есе артып, су шығыны 2,8 есеге азайды. Тыңайтқыш заттарды қолданудағы үнемдеу 30%-ға, ал өсімдікті ауылшаруашылық  өңдеуге кеткен шығын 40%-ға кеміді. Ақмола, Қарағанды және  Павлодар облыстарында картоп өсіруде америкалық “Валей” суару мәшинелері қолданысқа сәтті енгізілуде. Нәтижесінде, егістік суын үш есе үнемдей отырып, өнім көлемін арттыруға қол жеткізілді. Бүгінде мемлекет тарапынан ресурстарды үнемдеуге баса көңіл бөлініп отыр деуге болады. Атап айтқанда, ресурс үнемдейтін озық технологияларды енгізу үшін ұзақ мерзімді жеңілдетілген несие берілуде. Бұл ауыл шаруашылық өнімдерінің өзіндік құнын төмендетіп, рыноктағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жасалып отыр.

Арал теңізі

Азат 11 сынып оқушысы:Бүкіл әлемге назарын аударған Қазақстанның ең шиеленіскен экологиялық проблемасы – Арал теңізінің проблемасы. Мақта және егістігіне Сырдария мен Әмудария өзендерінің суын мейірімсіз пайдалану осы апаттың себебі болып табылады. Адам іс-әрекетінің нәтижесінде Арал теңізіне аталған өзендердің суы өте аз мөлшерде жетті. Бұл теңізге келетін му көздері болмағандықтан, Арал теңізі 30 жылға жуық аралықта өз суының жартысынан айрылды, сөйтіп іс жүзінде екі көлге – қазақстандық және өзбектік көлге бөлінді. Соның нәтижесінде бұрынғы теңіз түбінде орасан үлкен тұзды аумақ түзілді. Миллиондаған тонна шаң және тұзды жел көтеріп, едәуір қашықтыққа үрлеп жеткізді де, өте үлкен аумақты тұз басады. Сөйтіп бұл апаттың зардабы Орталық Азияның барлық республикаларына дерлік тиді. Орталық Азияның республикаларының үкіметі Аралды құтқару жөнінде бірқатар пәрменді шараларға келісті. Бірінші кезекте Арал теңізіне құятын өзендер ағысын ұлғайту жөнініде шаралар қабылданатын болады. Сондай-ақ құмды бекіту үшін бұрынғы теңіз түбіне ағаш отырғызу жұмысы кеңінен өткізілмекші. Арал проблемасымен шұғылданатын сарапшылар тіпті теңізді бұрынғы ернеуіне жеткізіп, қалпына келтіре алмағанның өзінде су деңгейін көтеру толық іске асатын жұмыс екеніне сенімді. Зоологтар байқағандай, Арал маңының солтүстігінде кейбір құстардың ұя салуға оралуы да мұндағы бұрынғы экожүйені қалпына келтіру мүмкіндігі барын білдіреді.АҚШ, Жапония, Канада ғалымдарының Арал теңізінің суын бұрынғы деңгейіне жеткізу үшін 200 миллиард доллар қажет дейтін көрінеді. Аралды бұрынғы қалпына келтіру үшін іргелі зерттеу жолымен Каспий-Арал каналының ғылыми-техникалық дәлелдемесі жасалынады. Каспий теңізінен деңгейі бір кезде көтеріліп, бір кезде төмендеп кететіні, яғни ғасырлық тербелісі бұрыннан белгілі құбылыс. Соңғы көтерілуінде теңіз деңгейі 214 см-ге өсіпті. Каспиймен шекарасы жанасқан мемлекетттердің (Ресей, Казақстан, Иран, Түрікменстан, Әзірбайжан) біраз жағалық жерлері судың астында қалды. Кәзірдің өзінде де бұл елдердің мұнай өндіріп тұрған көптеген кен орындары мен халық орналасқан жерлері су астына кету қаупі бар.

Егер жоғарыда көрсетілген (214 см) судың қабатын Каспий теңізінің акваториясының ауданына (380 000 км2) көбейтсек, ол 800 км текше километр (800 км3) су болады. Бір кызығы, дәл осыншама су көлемі кұрып бара жатқаны Аралға жетпей тұр! Каспий теңізіндегі артық суды шарпып алып Аралға құйса екі теңіз де өздерінің баяғы күйлеріне келер еді. Мұны екі теңізді каналмен косу арқылы оңай жүзеге асыруға болады. Арал Каспийден 74 метр биіктікте орналасқан және екеуінің арақашықтығы 500 километрді құрайды. Жоба бойынша Каспий-Аралканалын  салуды2 кезеңге бөліп жүргізукерек.

 Алдымен каналдыңаса терең емес табан бөлігін минерал жыныстың ішінен

қазып, одан шыққан топырақты каналды бойлайжағалауға үйеді. Каналды бетонмен каптап, жылына 25 текше километр (25 км3) су жүретіндей етіп іскеқосады. Екінші кезеңде, каналдың жағасында жиналған үйінді топырақты тегістеп жайып, каналдың екіжағынан бірдей дамба көтереді. Соның нәтижесінде каналдың көлемі кенейіп,40 текше километр (40 км3) сужүретін болады. Бұл есептеужайдан-жай, 

кездейсоқ алынып отырған жоқ. Олар Аралды қалпына келтіружұмысында құрылысқа өте аз шығын жұмсап, энергияны үнемді пайдалануға мүмкіндік береді.

Арал апатынасебепболғанфакторлар: 1)      жергіліктіжердіңтарихи-табиғиерекшеліктерінескермеу 2)      ауылшаруашылығындұрысжоспарламау, судыңқорынесепкеалмау 3)      суды өтекөпқажетететінкүріш, мақтадақылдарынбарыншакөбейтіпжіберу 4)      жердіигерудіңагротехникалықшараларынсақтамаужәне суды үнемдіпайдаланбау 5)      табиғатресурстарынпайдалануғажіберілгенқателіктер мен оны меңгерудіңғылымитұрғыданнегізделмеуі

Каспий теңізі

10 сынып оқушысы Сымбат:

Аймақтаүшбастыэкологиялықпроблемасынатапөтугетболады:
1. Қошқар-Атақалдықсақтауқоймасыныңпроблемасы, онда 105 млн тонна улыжәнерадиоктивтіқалдықтарсақталады. СКЗ және ХГМЗ зауыттарыныңтолықтоқтаптұруынабайланысты 1988 жылданбастапағындысуларағызылыпжіберілмейді. Сұықфазаныңдеңгейітөмендеуде. Қазіргіуақыттажалпыкөлемі 77км жертазартылып, көлемі 30км жағажайларпайдаболды. Қалдықсақтауқоймасыжөніндегіпроблемалықмәселелердішешуүшінмиллиондағанқаражатқажет.
   2. 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 624 521 материал в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.12.2014 1873
    • DOCX 44.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кажекенова Эльмира Асимхановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 38057
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Анатомия и физиология: теория и методика преподавания в образовательной организации

Преподаватель анатомии и физиологии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 21 региона

Курс повышения квалификации

ФГОС общего образования: формирование универсальных учебных действий на уроке биологии

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 88 человек из 39 регионов
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания биологии в условиях реализации ФГОС

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 68 человек из 38 регионов

Мини-курс

Путь к внутреннему спокойствию: освобождение от тревоги, злости и стыда

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 308 человек из 65 регионов

Мини-курс

Психологические особенности педагогического общения

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 19 регионов

Мини-курс

Подростковые проблемы: индивидуальный подход

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 269 человек из 65 регионов