Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / География / Другие методич. материалы / Биосфера туралы түсінік, оның құрамы, құрылымы. Ноосфера ұғымы.(10 класс)

Биосфера туралы түсінік, оның құрамы, құрылымы. Ноосфера ұғымы.(10 класс)

  • География

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақ:

Сыныптар: 10

Күні:

Тақырыбы: Биосфера туралы түсінік,оның құрамы,құрылымы,ноосфера ұғымы

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Биосфера туралы түсінікті қалыптастырып молайту, биосфераның құрамы мен құрылымын, даму кезеңдері мен биосфераны қорғау проблемалары туралы білімді кеңейту, ноосфера туралы түсінікті қалыптастыру.

Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 10 сынып Атлас, Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы

Сабақ түрі: Аралас сабақ


Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (20 мин)

ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (15мин)

ІV кезең – үйге тапсырма беру (4 мин)

V кезең – бағалау кезеңі (2 мин),

VІ кезең – қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушыларды тыныштыққа орнатады.

Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.

ІІ

Ең алдымен мұғалім жер шарының атмосфера, литосфера, гидросферамен қатар келесі төртінші тұйық емес сыртқы қабығы биосфераға көшетінімізді айтады.

Сонымен биосфера Жердің «тіршілік қабығы» деп айтып, оның терминін алғаш рет ғылымға 1875 ж аустралиялық ғалым Э. Зюсс енгізді. Ал 1926 ж орыс ғалымы В. И Вернадский биосфера туралы ілімді негіздеп, оның анықтамасын ұсынды (биосфера – жер шарының барлық тіршілік дүниесі мен олардың арасындағы өзара зат және энергия айналымы тұрақты жүзеге асатын Жердің ерекше қабығы. Биосфераның жоғарғы шекарасын озон қабаты (25-30 км), төменгі шекарасын дүниежүзілік мұхиттың ең терең шұңғымасының табаны деп есептейді. Сосын жер шары бойынша биомассасының таралуын 7-кесте арқылы түсіндіреді. Сосын оқушыларға биосфера құрамы мен құрылымын өз беттерінше оқып, барлық анықтамаларды жаттап алыңдар деп тапсырма береді.

Сосын мұғалім ноосфера деген ұғымын қалыптастырады. Биосфера құрамындағы тірі ағзалардың тұрақты дамуы мен өзгерісі оның жаңа сапалы сатыға көтерілуіне, ноосфераға (ноос – сана, сфера – шар) өтуіне себепші болды. Алғаш рет бұл ұғымды 1927 ж француз оқымыстысы Э. Леруа В. И. Вернадскийдің Сорбонна университетіндегі дәрісін тыңдаған соң енгізген болатын. Ноосфераның көрсеткіштерін көшіріп алыңдар деп айтады.

Одан кейін биосфераны қорғау проблемалары туралы өз ойларынды айтыңдар деп айтады.

Биосфера  — тірі азғалар өмір сүретін жер қабаты. Жер бетінен 10—15 км биікке көтерілгенге дейінгі және 2— 3 км құрғақтан немесе мұхиттардың 10 км түбіне дейінгі жерде азғалар тіршілік етеді. Бұл терминді 1875 жылы бірінші ретАустрияның атақты геологы Э. Зюсс ғылымға енгізді. Бірақ биосфера және оның жер бетінде жүріп жатқан процестері туралы ілімнің негізін салған академик В.И. Вернадский болды. Осы ілім бойынша, биосфера +50 %-дан – 50% -ға дейін температурасы болатын термодинамикалық қабат болып саналады.

Ноосфера (гр. νόος – сана және σφαῖρα – орта, шар) немесе Антропосфера (грек. antһropos — адам, spera — қабық) — биосфераның жаңа жағдайға көшкен деңгейі; адамның саналы түрде жүргізген іс-әрекеттерінен туындайтынжер сферасындағы барлық өзгерістер мен олардың дамуын анықтайтын басты фактор;ғаламдағы адамзаттың мекендейтін аясы. Адам баласы уақыт пен кеңістікке қатысты биосфера шегінде және ғарышта өмір сүре алады. Бірақ адамзаттың тұрақты мекені — Жер..[1]

Ноосфера – ақыл-ой сферасы деген түсінікті алғаш 1927 жылы француз ғалымдары Э.Леруа (1870  1954) мен Тейяр де Шарден Пьер (1881  1955) енгізген.
XX ғасырдың 30 – 40-жылдары ноосфераны материалистік тұрғыдан сипаттап жазған В.И. Вернадский болды. Ол ноосфераны биосфера мен қоғамның өзара қарым-қатынасынан туындайтын тіршіліктің жаңа формасы, бұл саналы, ақыл-ойы жетілген адамзаттың бағыттауымен қалыптасатын биосфераның жаңа эволюциялық жағдайы деп түсіндірді.
Ноосфера – табиғат заңдылықтарының қоғамның ойлау заңдарымен және
 әлеуметтік-экономкалық заңдылықтармен тығыз байланысып жататын біртұтастығын (бүтіндігін) басқарушы жоғарғы тип. Ғылыми-техникалық прогрестіңқарқынды дамуы бұрын игерілмеген жерлерді игеріп, бұрын пайдаланылмай келген табиғат байлықтарын пайдаға асырып қоймай, ғарыш кеңістігін, ғаламшарларды игеруге, ядролық қарулар жасауға мүмкіндік берді.


Оқушылар мұғалімді тыңдап, тақырыпты бірге талдайды.

Оқушылар қысқаша конспект жазып отырады, сұрақтарға жауап береді.

Сосын оқушылар биосфера құрамы мен құрылымын өз беттерінше оқып, барлық анықтамаларды жаттап алады.








Ноосфераның көрсеткіштерін көшіріп алып, содан кейін биосфераны қорғау проблемалары туралы өз ойларынды айтады.

ІІІ

Тақырыпты бекіту үшін мұғалім балаларға келесі тапсырманы береді:

1. Биосфера дегеніміз не? Онда ағзалар қалай таралады? Ағзалардың литосфера, атмофера, гидросфераға әсер етуіне мысал келтіріңдер.

2. Жер бетінде өсімдіктер мен жануарлардың әркелкі таралуын қалай түсінуге болады?

3. Тірі ағзалардың бір-бірімен байланысы қалай жүреді? Жануарлар мен өсімдіктер бір-біріне қалай ықпал етеді? Жер бетінде алғаш қандай ағзалар пайда болды?

Балалар параграфты оқып шығады және тапсырмаларды орындайды. Түсінбеген жерлерін сұрайды.

ІV

Үй жұмысы:

1. §13, 14 оқып, қысқаша конспект жазу.

2. Тапсырмаларды аяқтау.

3. Кескін картаға Енисей, Еділ, Днепр, Лена, және Қазақстанның ірі өзендерін, дүниежүзінің ірі көлдерін, мұздықтары бар тауларды түсіру.

Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.

V

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылардың тәртібіне тоқталады. Қоштасады.

Қоштасады.



Автор
Дата добавления 15.11.2015
Раздел География
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров796
Номер материала ДВ-158911
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх