Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Другие методич. материалы / "Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер

"Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Математика

Поделитесь материалом с коллегами:



«Қаралды» «Бекітемін »

ӘБ жетекшісі №14 мектеп-гимназия

_________ директоры

« 19.01 » 2016ж __________ Надеин О.А.

« 19.01 » 2016ж




hello_html_5cc2200c.png




" Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер "

тақырыбында сабақ жоспары

(математика,6ә сыныбы)





Орындаған:ІI санатты математика

пәні мұғалімі:Мамбетов А.Т.








Астана – 2016 жыл




Пән : математика

Сыныбы: 6ә

күні: 19.01.2016ж

Тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер

Мақсаты: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулердіңтүбірін табу біліктілігін қалыптастыру

Міндеттері: 1. Білімділік:
Тақырып бойынша алған білімдерін тиянақтау, есеп шығару барысында оқушылардың ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын қалыптастыру.

2. Дамытушылық
Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдарысын жетілдіру. Белсенділіктерін және оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру.

3 Тәрбиелік:

Оқушылардың теориялық білімін практикалық шеберлікпен ұштастыру, ұйымшылдыққа ұқыптылыққа тәрбиелеу..

Сабақтың түрі: ашық сабақ

Сабақтың типі: өтілген тақырыпты пысықтау және қорытындылау сабағы.

Сабақты өту тәсілі: оқытудағы жаңа тәсілдер,ой толғау,жеке және топтық жұмыс,деңгейлік тапсырмаларды орындау.

Көрнекілік құралдар: оқу құралдары, таратпа материалдар

Күтілетін нәтиже: Пәнге қызығушылығы артады, теңдеудің түбірін әртүрлі тәсілдермен табу біліктілігі қалыптасады, шығарылған есептерді талдауды үйренеді.

Сабақтың жоспары: 1. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылармен сәлемдесу!Олардың сабаққа деген көңіл күйін анықтау.(қасындағы оқушының көңіл күйін қысқаша сипаттау)

ә) сабақтың мақсатын жариялау:

сабағымыз өткен тақырыпты пысықтауға арналған болып, жеті басқыштан тұрады:

I.Үй тапсырмасын тексеру.

II.Деңгейлік тапсырмалар орындау(топтық жұмыс).

III.Логикалық тапсырмалар орындау.

IV.Кітаппен жұмыс(деңгейлік тапсырмаларды орындау.)

V.Тест тапсырмаларын орындау.

VI.Сөзжұмбақ шешу.

VII.Үйге тапырма

Тапсырмаларды бағалау: (қателерін тауып,өзін-өзі бағалау критериі:барлығы дұрыс-5 балл,екі қате-4 балл, төрт қате- 3 балл,одан артық болса-2 балл.)

Қайталауға арналған сұрақтар:

1.Қандай түрдегі теңдеу бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп аталады?

2.Мәндес теңдеулер дегенімізне?

3.Теңдеудің түбірі теңдеуді қандай санды теңдікке айналдыру керек?

4.Теңдеуді шешуде қолданылатын 1-қасиет қандай?

5.Теңдеуді шешуде қолданылатын 2-қасиет қандай?

6.ax=b түріндегі теңдеуді шешудің неше түрлі жағдайы бар?

14 мектеп-гимназиясы математика 6ә сыныбы пән мұғалімі: Мамбетов А.Т.

Сабақтың тақырыбы

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер


Сабақтың

мақсаты

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулердің түбірін табу біліктілігін қалыптастыру


Міндеттері

1. Білімділік:
Тақырып бойынша алған білімдерін тиянақтау, есеп шығару барысында оқушылардың ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын қалыптастыру.

2. Дамытушылық: 
Логиканың ойлау қабілеті мен есептеу дағдарысын жетілдіру. Белсенділіктерін арттыру, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру.

3 Тәрбиелік:

Оқушылардың теориялық білімін практикалық шеберлікпен ұштастыру, ұйымшылдыққа ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

Пәнге қызығушылығы артады, теңдеудің түбірін әртүрлі тәсілдермен табу біліктілігі қалыптасады, шығарылған есептерді талдауды игереді.

Сабақтың түрі: ашық сабақ

Сабақтың типі: өтілген тақырыпты пысықтау және қорытындылау сабағы

Сабақты өту тәсілі:оқытудағы жаңа тәсілдер,ой толғау,,деңгейлік тапсырмаларды орындау

Көрнекілік:оқу құралдары, таратпа материалдар,есептерді шешу кестелері

Сабақтың жоспары

Мұғалімнің әрекеті

Оқушы әрекеті

Күтілетін нәтиже

1.Сабақты ұйымдастыру


Оқушылармен сәлемдесу!Олардың сабаққа деген көңіл күйін анықтау.

(қасындағы оқушының көңіл күйін қысқаша сипаттау)

Сабақтың мақсатын айту 2 мин

Орындарын тауып, сабаққа дайындалады

Оқушы күнделікті

тәртіпке үйренеді

сабақтағы көңіл-күйін білдіреді

2. Оқушылардың жаңа сабаққа қы-зығушылығын ояту және белсенділігін артттыру


Ауызша сұрақ-жауап 5мин


Сұрақтарға жауап жазады

Өткенді қайталап,

сабаққа көңіл аударады

Тапсырмалар

1.Үй тапсырмасын тексеру

3мин

Тапсырманы тексеріп,бағалайды

Қателермен жұмыс

2. Деңгейлік тап-сырмалар орындау.

Топтық жұмыс

Тапсырма №2 5мин

шешімін тауып, бірін-бірі бағалайды

Ой толғауды үйренеді, көшбасшы басқаларға үлгі көрсетеді

3. Логикалық тапсырмалар орындау.

Тапсырма №3 8 мин

Тапсырманы орындайды

Өз бетімен жұмыс жасап логикалық пікір жүрітуді үйренеді

4.Кітаппен жұмыс

9 мин

Деңгейлік тапсырма-ларды орындайды

Білім деңгейін бағалауды үйренеді

Сергіту сәті

2мин

Көз демалдыруға қимыл әрекет жасау

Сергіту, шапшаңдық

5.Тест

4мин

Тапсырманы орындайды

Өз бетімен жұмыс жасап бағалауды үйренеді

6.Ой толғау

3 мин

Сұрақтарға жауап беру

тақырыпқа қатысты сөз-жұмбақ шешуді үйренеді

7.Үйге тапсырма

№ № № 1 мин

Күнделікке жазып қояды

Білімді үйде пысықтайды

Сабақты қорыту

Тапсырмаларды орындау нәтижесін талдап,оқушыларды бағалайды 3мин

Күнделік ұсыну

Жасаған еңбегінің нәтижесін білу

1 тапсырма Үй жұмысын тексеріп,бағалау . № №


2 Деңгейлік тапсырмалар:


А деңгей-

  1. 2х+17=22+3x 2) 21x+45=17+14x 3) 3x-1=3(x-2)

2х-3х=22-17 21x-14x=17-45 3x-1=3x-6

-x=5 7x=-28 3x-3x=-6+1

x=-5 x=-4 0x=-5 теңдеудің шешімі жоқ

Тексеру: 2*(-5)+17=22+3*(-5) 21*(-4)+45=17+14*(-4)

7=7 -39=-39


В деңгей

9,5x+2=5,7x-5,6 2) 3(2x-9)=5(x-4) 3)4x+5(3-2x)=5-11x

9,5x-5,7x=-5,6-2 6х-27=5x-20 4x+15-10x=5-11x

3,8x=-7,6 6x-5x=-20+27 4x-10x+11x=5-15

x=-2 x=7 5x=-10 x=-2

Т:9,5*(-2)+2=5,7*(-2)-5,6 3(2*7-9)=5(7-4) 4*(-2)+5(3-2*(-2))=5-11*(-2)

19=19 15=15 27=27


С деңгей

  1. 7(3-2x)=15(1-x) 2) 8x+3(7-2x)= 4x+3 3) 5(2y-9)+6y=4(3y-2)- 21

21-14x=15-15x 8x+21-6x=4x+3 10y-45+6y=12y-8-21

-14x+15x=15-21 8x-6x-4x=3-21 10y+6y-12y=-8-21+45

x=-6 -2x=-18 4y=16

Т:7(3-2*(-6))=15(1-(-6)) x=9 y=4

105=105 Т:8*9+3(7-2*9)=4*9+3 Т:5(2*4-9)+6*4=4(3*4-2)-21

39=39 19=19


3 Логикалық есептер.

Сұрақ белгісінің орнына тиісті санды қойыңыз

1) 8 6 5

3 10 ?

4 6 5 12 15 9

(4*6)/8=3 (5*12)/6=10 (15*9)/5=27

3

12

8

7

28

24

5

20

?

2)

3*4=12, 12-4=8

7*4=28, 28-4=24

5*4=20, 20-4=16





4 Тест тапсырмалары

Теңдеуді шешу.

1)0*х=5

А)0 Б)5 С)Түбірі жоқ

2)х+4= 9

А) 0 Б) 1 С) 5

3) 6х-7=х+3

А) 2 Б) – 7 С) - 4

4) 3х=1

А) 3 Б) hello_html_7f8f9891.gif С) 1

5) 7х+3= 7х+5

А) 0 Б) түбірі жоқ С) 7



Теңдеулер тарихы беттерінен

ӘЛ ХОРЕЗМИ (783–850). Толық есімі – Әбу Абдаллах (немесе Абу Жаббар) Мұхаммед ибн Мұса Әл Хорезми. Адамзат өркениетінің дамуына және қалыптасуны өлшеусіз үлес қосқан, көне өркениеттер тағылымының тал бесіктерінің бірі Ежелгі Хорезм еліндегі Хиуа қаласында дүниеге келген. Ол - әйгілі «Шығыстың жеті жұлдызының» бірі, әлемдік қазіргі алгебра ғылымының негізін салушы ретінде белгілі. Орта ғасырлық Ұлы ғалым - математик, астроном (жұлдызшы), тарихшы, жағрапияшы. Деректер бойынша арғы аталары бұл аймақта, Соғды әлемінде кең таралған зороастризм дінінің қасиетті абыздарынан болған. 

Қазіргі кезде бастапқы негізге сүйеніп, белгілі бір ережеге бағына, жалғасып-сабақтасып жүретін есептеу жүйесін "алгоритм" деп атайды. "Китаб ал-джабр валь -мукабала" («Құрастырулар мен қарсылықтар (салыстырулар) туралы») кітабы екі тараудан құралған: алгебра мен геометрия туралы қағидалар бөлімі және тәжірибелік-есептеулер бөлімдерінен. Кітаптың теориялық бөлімінде сызықтық және квадраттық теңдеулердің (линиялық және квадраттық) шешілу жолдары анықталады.

6.Сөзжұмбақты шешу

hello_html_56a1a7a2.png



1. Математикалық 4 амалдың бірі?

2. 6-сынып математика оқулығының авторы.

3. Қосу амалына кері амал?

4. Бүтін және бөлшек бөліктен тұратын сан.

5. Айырмашылығы таңбасында болатын сандар?

6. Алымы бөлімінен үлкен болатын бөлшек қалай аталады?

7. Әріпті өрнектің теңдігін не дейміз?

8. Бүтін және бөлшек сандарды қандай сандар деп атаймыз?

9. Нәрселерді санағанда қолданылатын сандар?











1. Математикалық 4 амалдың бірі?

2. 6-сынып математика оқулығының авторы.








Аты-жөні_________________________

Өзін –өзі бағалау бетшесі Күні_____ Сыныбы_____

Үйге тапсырма

Бекіту сұрақтары

Деңгейлік тапсырмалар

Логикалық тапсырмалар

тест

сөзжұмбақ

Қорытынды












Аты-жөні_________________________

Өзін –өзі бағалау бетшесі Күні_____ Сыныбы_____

Үйге тапсырма

Бекіту сұрақтары

Деңгейлік тапсырмалар

Логикалық тапсырмалар

тест

сөзжұмбақ

Қорытынды












Аты-жөні_________________________

Өзін –өзі бағалау бетшесі Күні_____ Сыныбы_____

Үйге тапсырма

Бекіту сұрақтары

Деңгейлік тапсырмалар

Логикалық тапсырмалар

тест

сөзжұмбақ

Қорытынды








6ә сыныбында математика пәнінен «Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер» тақырыбы бойынша өткізілген сабаққа жазылған сараптама.

Пән мұғалімі: Мамбетов А.Т.


1.Сыныптың характеристикасы---гимназиялық сынып,30 оқушы бар.

2. Сабақтың тақырыбы.

«Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер» тақырыбы математика пәнінің актуалды тақырыптарының бірі болып есептеледі, теңдеудің түбірлерін табуда қасиеттерден дұрыс пайдалану осы тақырыпты игерудің негізгі мәселесі болып саналады.

3.Мақсаты: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулердің түбірін табу біліктілігін қалыптастыру

Міндеттері: 1. Білімділік:
Тақырып бойынша алған білімдерін тиянақтау, есеп шығару барысында оқушылардың ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын қалыптастыру.

2. Дамытушылық
Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдарысын жетілдіру. Белсенділіктерін және оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру.

3 Тәрбиелік:

Оқушылардың теориялық білімін практикалық шеберлікпен ұштастыру, ұйымшылдыққа ұқыптылыққа тәрбиелеу..

Сабақтың түрі: ашық сабақ

4.Сабақтың типі: өтілген тақырыпты пысықтау және қорытындылау сабағы.

5.Сабақты өту тәсілі: оқытудағы жаңа тәсілдер,ой толғау,жеке және топтық жұмыс,деңгейлік тапсырмаларды орындау,


6.Сабақты өтуде жоғарыдағы сабақ структурасын пайдалану себебі:

  • оқушының білім деңгейіне қарай есептерді және оларды шешу тәсілдерін пайдалану,

  • топтық және жеке жұмыстардың берілуі

оқушының сабақтағы белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Оқушы білімінің деңгейін бақылау ауызша сұрақ-жауап,тест тапсырмалары,жеке есеп шығару арқылы жүзеге асырылды.

Уақыттан тиімді пайдалану, оқушылардың жеке белсенділігі, олардың берген жауаптары мен орындаған тапсырмаларының нәтижелері сабақтың айтарлықтай деңгейде өтті деп есептеуге мүмкіндік береді.

7.Сабақ барысындағы тапсырмалар мен үй тапсырмасы әрбір оқушының деңгейін ескере отырып берілді.

8.Сабақ барысында оқушылар мен мұғалім арасында қарым қатынас жоғары деңгейде болды,олар бір-бірімен топтасып әркім өз деңгейінде тапсырма орындады. Сабақтағы тапсырмалар,яғни сабақтың өзі оқушыларға көп мәліметтер берді деп есептеймін: бірін-бірі бағалау,есептерді талдау,өз пікірімен бөлісу,пікірталас жүріту және бұрынғы білімдерін пайдалану арқылы тақырыптың мақсаты игерілді.

Жалпы қорытынды бойынша сабаққа қойылған мақсатқа жетістім деп есептеймін.




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 29.01.2016
Раздел Математика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров76
Номер материала ДВ-393003
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх