Инфоурок / Физическая культура / Конспекты / "Бір орында тұрып ұзындыққа секіру" (4 класс)

"Бір орында тұрып ұзындыққа секіру" (4 класс)

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

Сыныбы: 4

Өтетін күні: _______________________

Тақырыбы: «Бір орында тұрып ұзындыққа секіру»

Мақсаты: Бір орында тұрын ұзындыққа секірудің әдіс-тәсілдерін үйрету

Міндеттері:

Білімділік:Бір орында тұрын ұзындыққа секірудің әдіс-тәсілдерін бөліктерге бөліп үйрету

Дамытушылық: Оқушылардың бір орында тұрып секіру жаттығуын орындауы үшін керек жылдамдық және күштік қасиеттерін дамыту

Тәрбиелік: Еңбексүйгіштікке, шыдамдылыққа тәрбиелеу

Сабақтың типі: Жаңа тақырып өту

Пәнаралық байланыс: АӘД, информатика, биология

Көрнекілік құралдары: Ысқырық,метр,доптар

Өтетін орны: Спорт алаңы



Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

2 мин

  1. Сапқа тұрғызу

  2. Спорт секторының мәліметі

  3. Сәлемдесу

  4. Сабаққа дайындығына-спорт формаларына, көңіл-күйлеріне назар аудару.

Саптық жаттығулар орындау.

3 мин

  1. оңға,солға және айналып бұрылулар

  2. орында тұрып адымдау

  3. бір қатарлы саптан 2 немесе 3 қатарлы сапқа тұрғызу

Жүгіру және  жүру жаттығуларын  жасаймыз

4мин

  1. Адымдап алға жүру.

  2. Аяқтың ұшымен,қолды жоғары көтеріп жүру.

  3. Қол белде,өкшемен жүру.

  4. Оң қапталмен  жүгіру.

  5. Сол қапталмен жүгіру.

  6. Өкшені артқа лақтырып жүгіру.

  7. Тізені көтеріп жүгіру.

  8. Алға адымдап жүгіру


Демалыс жаттығулары

1 мин

Қолды жоғары көтере тыныс алып,тынысты қалыпқа келтіру

Ара қашықтықты сақтау.

Бой жазу  жаттығуларын жасау.



Үй

тапсырмасын

сұрау

5 мин


Қолды алға созамыз, жоғары   көтереміз, екі жағымызға  созамыз, төмен

түсіреміз (4 рет)

  1. Басымызды  сәл түсіреміз, оңға және солға айналдырамыз            (3 реттен)

  2. Б.қ.Оң қолды алға созып, сол аяқты  көтеріп, оң қолға тигізу.

  3. Сол  қолды алға созып, оң аяқты көтеріп, сол қолға тигізу.          (3 реттен)

  4. Б.қ. Оң қолды еңкейіп, сол аяққа, сол қолды еңкейіп, оң аяққа  тигізу.

  5. (3 реттен)

  6. Екі  қолды алға  созып, тіке  отырып тұру  (4 рет)

Алға , артқа домалау


Жаңа сабақ

8 мин

Бірте-бірте үйрету әдістері:

Екі аяқпен жерге еркін  секіріп түсу

екі аяқты итере отырып, ұзындыққа секіру

жартылай отырып ұзындыққа  секіру

жартылай отырып ұзындыққа  секіру, қол артта

қолды дұрыс ұстап  секіру

аяқты дұрыс ұстап секіру

жерге дұрыс секіріп  түсу

алысқа секіру

  1. Секіру алдындағы бастапқы қалып: «жүзгіштің сөресі», яғни аяқтар жартылай бүгілген, дене алға қарай сәл еңкейген, қолдар жанымызбен артқа;

  2. Екі аяқпен бірге алға қарай итерілу.

  3. Жерге қону барысында аяқ бүгіліп түседі, қол алда

Оқушылар жеке-жеке ұзындыққа секіреді.

Ұлттық дайындық деңгейі (ұлдар) 168 см, (қыздар) 160 см.

Президенттік деңгей (ұлдар) 170 см, (қыздар) 165 см


F:\ашык сабак\625290_html_6b8ce571.jpg




Топқа бөлу

1 мин

  1. 3топқа  бөлу (футбол,воллейбол,баскетбол доптарының суреті арқылы)

  2. Топ басшыларын сайлау.

  3. Қауіпсіздік ережелері.

1.«Поровоз» ойыны

3 мин

Оқушылар тізбек  сап түзет тұрады. «Баста!» деген бұйрық  берілісімен  тізбектегі бірінші  тұрған  ойыншы кедергіден айналып тез жүгіріп келгенде, оған екінші ойыншы ілеседі. Сөйтіп командадағы барлық ойыншы біткенше жүріс  жалғаса береді.Пойыздың  толық  құрамы орнына қайтып келгенде ойын аяқталады.

2. «Допты ұста» ойыны

3 мин

Топ басшысы жүгіріп барып шеңбердің ішіне кіріп допты өзінің командаласына лақтырады,қағып алып келесі ойыншы жүгіріп келіп келесі ойыншыға береді.Ойын осылай жалғаса береді.топ басшысы допты алып шеңберге кіргенде ойын аяқталады.

3. «Кім мерген» ойыны

4 мин

Доппен жүгіріп барып,тұрған нысананы коздеп допты лақтырады.Келесі оқушы барып допты алып келеді.3-ші оқушы барып нысананы көздейді.Ойын осылай жалғаса береді.

4. Алысқа секіру

5мин

Тізбекті  саппен бір сызыққа   келіп тұрған   үш команданың ойыншылары бір-бірден қос аяқпен секіреді. Қайсысы алысқа секірсе, сол өз командасына 1 ұпай алып береді.Ойыншылар таусылғанша ойын жалғаса береді.




Қорытынды

3 мин

1.Бір қатарлы сапқа тұру

2. Сабақтың қорытындысын жасау

Бағалау

2 мин

Сабаққа жақсы қатысқан,жақсы нәтиже  көрсеткен  оқушыларды атап өту.

Үй тапсырмасы

1 мин

1.Үй жағдайларында  секіру жаттығуларын  жасап үйрену.

2.Ұйымдастырып қайтару.





F:\ашык сабак\sportinventar-naprokat-v-Markse.jpgF:\ашык сабак\sportinventar-naprokat-v-Markse.jpgF:\ашык сабак\sportinventar-naprokat-v-Markse.jpgF:\ашык сабак\sportinventar-naprokat-v-Markse.jpgC:\Users\Арай\Desktop\bokserskie-perchatki.jpgC:\Users\Арай\Desktop\kak-vybrat-tennisnuy-raketku.jpg

C:\Users\Арай\Desktop\футбол.jpg

Бір орында  тұрып ұзындыққа секіру. Бір орында тұрып ұзындыққа секіру 2-сыныптан үйретіледі. Бұл секіру жаттығуларында аяқты итеру екі аяқпен бір уақытта орындалады. Секіру техникасы: Тік тұру, аяқ қатар қойылған; аяқтың ұшына көтерілу, бір уақытта қолды алға жоғары көтеру; бірден төмен, алға жоғары, қол қимылдарын жасау, екі аяқпен бірге алға қарай итерілу. Серпілу барысында аяқ алға қойылады, жерге түсу барысында аяқ бүгіліп түседі, қол алда.

Бірте-бірте үйрету әдістері:

Екі аяқпен жерге еркін  секіріп түсу

екі аяқты итере отырып, ұзындыққа секіру

жартылай отырып ұзындыққа  секіру

жартылай отырып ұзындыққа  секіру, қол артта

қолды дұрыс ұстап  секіру

аяқты дұрыс ұстап секіру

жерге дұрыс секіріп  түсу

алысқа секіру

  1. Секіру алдындағы бастапқы қалып: «жүзгіштің сөресі», яғни аяқтар жартылай бүгілген, дене алға қарай сәл еңкейген, қолдар жанымызбен артқа;

  2. Екі аяқпен бірге алға қарай итерілу.

  3. Жерге қону барысында аяқ бүгіліп түседі, қол алда


F:\ашык сабак\625290_html_6b8ce571.jpg


Секірудің - көптеген түрлері бар. Солардың ішіндегі ең қарапайымы – бір орында ұзындыққа секіру. Секірудің бұл түрі кезінде дененің оң жақ және сол жақ жартылары тепе- тең қозғалады. Аяқ алдын – ала бүгіледі, осы кезде бұлшық еттер жиырылып осы төменгі жақтың барлық бөліктері жазылады, соның нәтижесінде дене әуеге көтеріле лақтырылады, сөйтіп ытқы алған бұрышына сәйкес өзінің ауырлық орталығымен доға сызық (парабола) бойымен ұшады.
Физикалық дене үшін де, жануарлар организмі үшін де дененің ауырлық орталығы ұшатын деңгейі мен ауырлық орталық ытқу алатын бұрышы бірдей болады. Бұл байланыстылық мынада, егер ауырлық орталық тірек бетінен оған 900 бұырш жасай ытқитын болса, онда дене есеппен жоғары көтеріле де, қайтадан сол өз орнына түседі. Егер серпу 450 – қа келсе басқа жағдайлар бірдей болғанымен ұшу қашықтығы ең көп болады. Егер, бұл бұрыш 450-тан үлкен, бірақ 900 – тан кіші болса, ұшу төменде, түсу қашықтығы да алыс болмайды. Бірақ, іс жүзінде бірқатар қосымша жағдайлардың ырқ ұшу қашықтығын алыстатуға мүмкіндік бар. Мысалы, қашықтыққа жүріп барып секіретін болса 450- тан аз бұрыш жасай секіргеннің өзінде барынша алысқа ұшып түсуге болады. Бұлай болатын себебі – екпінімен секіргенде ытқу бағыты ғана емес, сонымен бірге дененің екпін алар алдындағы әрекет қимылында үлкен маңызы соққан жел мен арттан қуалай соққан жел де әсер етуі мүмкін.
Секірдің қандай түрі болмасын солардың біреуін орындаған кезде негізгі әсер ететін күштер – жерден күш ала тіреніп жылжып кету күші мен дененің өзінің ауырлық күші болып саналады. Ауырлық орталықтың қалықтау жолын осы екі күштің шамасы мен бағытына байланысты тең әрекет ететін қалықтау жолы деп есептеуге болады. Бүкіл секірісті негізгі төрт кезеңге бөлуге болады. Олар: дайындық кезеңі, ытқу кезеңі, ауада қалықтау және жерге түсу кезеңі деп аталады.
Дайындық кезеңі – тізені бүгуден және осымен бірге мезгілде ауырлық орталық тігінің алға, тірек ауданының шетіне қарай аусуынан басталады.
Ытқу кезеңі - немесе ырғу кезеңі аяқ буындарының бірден тез жазылуынан тұрады. Буындардың осындай шапшаң жазылуы нәтижесінде тіреніп жылжуы дененің ауырлық орталығына беріледі, сөйтіп осының ізінше қалықтау кезеңі басталады. Ытқу сәті өте – мөте жауапты сәт болып табылады, өйткені бүкіл дене бұлшық еттерінің; солардың ішінде аяқ бұлшық еттерінің барынша жиырылуын талап етеді. Табандағы барлық бұлшық еттер жиырылып, балтырдың артқы және сыртқы бетіндегі бұлшық еттер, санның төрт басты бұлшық еттердің бастары ұршық буынының артындағы бұлшық еттер күшті жиырылады.
Қалықтау – кезде дененің ауырлық күшінің доға сызық (траэкториясы) алдын – ала (ытқу кезеңінде) берілгендіктен оның тек сырттан әсер ететін күш арқылы ғана (мысалы, қарсы алдынан соққан неме жолай соққан желдердің күшімен ғана) өзгертуге болады. Секірудің әдетегі жағдайлары кезінде сыртқы күштер денеге айтарлықтай әсер етпейді. Бірақ бұлшық еттердің қозғалыстары арқылы дененің қалпын оның өз ауырлық ортылығының қалықтау деңгейін өзгертуге болады. Дененің көлденең немесе бүгілу қалыптарын келтіруге мүмкіндік бар. Дененің қалпын осылай өзгерту арқылы дәл осы траекторияда қалықтау биіктігі мен қашықтығы белгілі дәрежеде арттыруға немесе азайтуға болады. Таяқшадан асып секірген уақытта дененің бүгу арқылы дененің таяқшадан үстімен өтсе де оның ауырлық орталығын таяқшаның астынан өткізуге болады дейтін пікір бар. Теориялық тұрғыдан бүкіл дененің қозғалысы мен оның ауырлық орталығының қозғалысы арасындай мұндай ара қатынасты мүмкіндеуге болады. Секірген кезде қолдарды қозғалтудың белгілі маңызы бар. Егер түрегеп тұрып қолды шапшаң әрі күшті сермейтін болса, онда бүкіл дененің қозғалысын орын ауыстырып байқауға болады. Қолдарын жұлқып сермеу арқылы спортшы дене өз қалпын қозғалыстарға келтіреді. Сөйтіп солжақ қолдың салмағы дененің салмағынан көп болмағанымен бүкіл дененің, массалық екпінімен жеңеді. Сол себептен секірудің ытқу кезеңінде сермеуі дененің жалпы ауырлық орталығының траекториясы біраз әсер етеді. Қалықтау кезеңінде бүкіл дене өз қалпын ептеп өзгертеді. Егер ұзындыққа секірудің ытқу сәті кезінде ауырлық орталығының тік сызығы тірек ауданының алдынан өтетін болса, жерге түсу сәтінде ол оның арт жағынан өтеді.
Секіру жерге түсу кезеңімен – аяқталады. Жерге түсу кезінде аяқтың бұлшық еттері дене жерге түскенде алатын соққыны жеңілдету жұмыстарын атқарды. Жерге түсу кезінде кезінде аяқ тиетін жер немесе алаң ауырлық орталығының қалықтау доғасының жалғасына орналасса ғана тепе – теңдік сақтауға болады. Басқаша айтқанда, бұл жалғас жерге түсу алаңының ішімен өтуге тиіс. Әдетте ұзындыққа секіоген кезде жерге алдымен өкше тиеді, соның салдарынан аяқ басының солқылдақтық қасиеті толық пайдаланылады. Жерге аяқтың ұшымен түсу аяқ басын қатты бүгуді талап ететіндіктен іс жүзінде оны орындау мүмкін емес. Ытқу сәтінде қолдың жоғары қарай сілтенуі демді ішке қарай алуға ықпал етеді, қалықтау кезінде тыныс біраз тоқталып қалатыны байқалады, ал жерге түсу кезеңі демді іштен шығаруға ықпал етеді.
Дененің айналма қозғалыстардың тәнтанулық сипатамасы – біз жоғарыда айтқандай дененің үдемелі қозғалысынан басқа айналма қозғалыстары да болады. Мұндай қозғалыстар кезінде бүкіл дене өзінің жекелеген нүктелерімен кейбір біліктердің маңында сызып шығады. Айналмалы қазғалыстар көбінесе гимнастикада, коньки мәнерлеп тебуде, суға секіруде және тағы басқа спорт түрлерінде кездеседі. 




Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-551242
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>