Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыБір Отан! Бір тағдыр! Бір Елбасы!

Бір Отан! Бір тағдыр! Бір Елбасы!

Скачать материал

Тақырыбы: Бір Отан! Бір тағдыр! Бір Елбасы!

Мақсаты: 1. 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні мерекесінің мәнін ашу; Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;2. Елбасындай Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелеу; 3.Оқушылардың бойында Елбасына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін қалыптастыру;

Көрнекілігі: слайдтар,нақыл сөздер, Нұрсұлтан Назарбаевтың портреті, шиырма, кітап көрмесі

Барысы:
Мұғалім:
- Құрметті оқушылар! Барша Қазақстан халқы 1 желтоқсанда Тұңғыш Президент күні мерекесін тойлайды. Осыған апталық жоспарланып, салтанатты жиын, спорттық жарыстар, кітап көрмесі, тақырыптық кештер ұйымдастырылуда.  «Елін сүйген, елі  сүйген  Елбасы» деп ұрандай келе«Бір Отан! Бір тағдыр! Бір Елбасы!» ашық тәрбие сағатын өткізіп отырмыз. 
- Неліктен Тұңғыш Президент күні мерекесі 1 желтоқсанда аталып отыр? Өйткені1991 жылы 1желтоқсанда Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.

- Ал Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі мен қызметі туралы не білесіздер?
Оқушылар өздері білетін мәліметтерін айтып шығады. Сосын жоспар бойынша дайындалған фактілерді слайд арқылы көрсетіп, түсіндіру.
1991 жылдың 1 желтоқ­са­­­нын­­да Қазақстан Республи­касын­да ал­ғашқы жалпы ха­лық­­тық Прези­дент сайлауы өтіп, сайлау­шылардың 98,78 пайыз даусымен Нұрсұлтан Назарбаев жеңіске жеткен еді. Жиынның құттықтау сөзін сөй­леген Елбасы: «Бүгін жай күн емес, Тұңғыш Президент күні мейрамы. АлТұңғыш Президент – ол мен. 1991 жылытұң­ғышрет мен сайланғанбо­ла­тын­мын. Бірақ, мәселеондаемес. Осы жылықазақхал­қыөзініңтарихындатұң­ғышреттәуелсіз ел болып, Көш­бас­шы­сынсайлады. Солсенімніңарқа­сында мен Қазақстанныңтә­уел­­сіз­дігінжарияладым. Әйтпесе, олболмаседі. Ха­лықменіңмойнымаүл­кенжауап­кершілікартып, иы­ғымакөпнәрсеніжүктеді. Сон­дықтан, мен тек қанахалықтыңтапсырмасынорындағанадаммын. Талай­данберіқолдап, қорғапбір­не­шемәртесайлап, басынакө­тергенхалқымнанайналайын. Елгеқызмететуденешқашанталмаймыз!» деді.

Елбасы туралы ой-толғаулар

1-Біздің Президентіміз –Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.

Ата-бабам тұлпар мініп ойқастап, Әрбір сөзі кесек-кесек ой тастап.

Тәуелсіз ел Президенті сайланды, қазағымның Нұрсұлтаны ел бастап!

2-Елінің егемендігін, ынтымақты, тұтастық, бірлікті ойлаған, ұрпақтың саналығына мән берген, ар мен намысты биік ұстаған, әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері, тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп тұңғыш елбасы болды. Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы

3-Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.

Туды ұстап тура жолға түсіріп,    Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,Бір керемет жасады - ау кісілік!

4- Бүгінгі күн бізге ОҢАЙЛЫҚПЕН КЕЛГЕН ЖОҚ.Тәуелсіз ел атану үшін, қаншама аға-апаларымыз, ата-бабаларымыз тер төкті. Соның арқасында бүгінде біз, Тәуелсіз, дербес, әлем таныған Қазақстан атанып отырмыз. Қазақ деген атымызды алғанға дейін қазақ халқының басынан не өтпеді, не көрмеді.

Қазақстан дейтін менің бар елім . Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған, Бұл далада атам қолға ту алған,

Бұл далада жылап келіп, уанған Бұл даланы көріп алғаш қуанған

Бұл далада өскен жанда жоқ арман! (Қ.Аманжолов)

5-: Әлем таныған, дарынды тұлға, іскер- саясатшы, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев сол күннен бері 21жыл ел басқарып келеді. Ол Қазақстанды бүгінде әлемге әйгілі мемлекет етіп, атын шығарды. Ел экономикасын түзеп, болашақта көш бастаушы елдердің қатарына қосу үшін аянбай еңбек етуде.

6- Елі құрмет тұтқан, Елағамыз, Ел үшін еңбек еткен Елбасымыз- Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолына шолу жасайық.

1-«Балалық шағы»Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6 - шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау - бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Өзі еске алғандай, өсірген аз - маз өнімдерін сатып, үй - ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата - анасын қатты құрмет тұтты. 

2- «Жұмысшы Нұрсұлтан»
 Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург – жұмысшы мамандығын меңгерді. Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.

3-Президенттің саяси өмірбаянының бастауы 
• Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды. Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.

Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.
• 1991 жылы 1 желтоқсанда Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады. 
• 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы
«Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады. 
• 1992 жылы 4 маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.

•1993 жылы 15 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы – Теңге айналымға енді. 
• 1995 жылы 28 қаңтарында тәуелсіз ҚР – ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды.
• 1998 жыл 10 маусым Астана - ҚР - ның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы - Н. Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР - ның Үкіметі және Парламент көшіп келді. Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады. 1998 жылы 10 маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды.
• 2006 жылы 7 қаңтарда әнұран қабылданды.
Егемен елім әнұраны жаңарды, “Менің Қазақстаным” жер жүзіне таралды. 
Сөзін жазған Жұмекен Нажмединов /1956 жыл/ және Нұрсұлтан Назарбаев /2005 жыл/.Әні Шәмші Қадыаяқовтікі, 1956 жыл. 

4-«Ғылыми атақтары» 
Экономика ғылымдарының докторы.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясыың, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Әл - Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры. Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі. М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.
• Басқа лауазымдары мен мансаптары 
*Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы.
*Қазақстанның Қарулы Күштерінің Жоғары Бас Қолбасшысы.
*Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасы.
*Нұр Отан Халықтық - демократиялық партиясының төрағасы.
*ОБСЕ - нің бас төреғасы

5-«Елбасы отбасымен»
Жұбайы — Сара Алпысқызы — Халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорын басқарады.
Дариға — саясат ғылымдарының докторы, "Хабар" Ақпараттық агенттігінің директорлар Кеңесінің Төрайымы; 
Динара — Н. Ә. Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады; 
Әлия — бизнеспен айналысады, «Элитстрой» құрылыс компаниясын басқарады. 

Мұғалім: - Санамызды, дүниетанымымызды, мінезімізді де жаңаша қалыптастыруда Қазақстанның тәуелсіздігі жылдарында қыруар іс атқарылды. Бірақ олардың ішінде екеуін атап өту керек. Біріншісі – 1997 жылы Президент Н. Назарбаев ұсынған «Қазақстан – 2030» даму стратегиясы, екіншісі – елорданың Алматыдан Астанаға көшірілуі.Расында, Қазақстан жиырма жылдың ішінде басқа мемлекеттер жүз жылда жетпеген жетістіктерге жетті. Енді, міне, елдікті еңселі, тәуелсіздікті тұғырлы ететін тағы бір мемлекеттік мерекенің тұсауын кесіп, дүбірлетіп атап өтті. Олай етуге хақысы бар. Мемлекет басшысы мерекелік жиында «Біз бар болғаны жиырма жылдың ішінде адамның ойына келмейтін, армандамайтын мақсаттарға жеттік.

Біріншіден, әлем картасында жоқ мемлекетті құрдық. Екіншіден, елдің экономикасын түзеп, жағдайын жасадық. Ешбір қазақ шетелде батырақ болып жүрген жоқ. Керісінше, олар бізге келіп жұмыс істеп жатыр. Үшіншіден, біз мемлекеттің қауіпсіздігін нығайттық. Төртін­шіден, Қазақстанды бүкіл дүние жүзіне паш еттік. Бізді сыйлап, құрмет тұтатындар көбейді» деді.Біз бағындырған бұл биіктер, әрине, Елбасының көреген, сарабдал саясатының арқасы екені сөзсіз. Өйткені, қазақтың шыққан қай шыңы да Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты.

Елі еріне сенім артса, ері еліне арқа сүйейді

Қара күштің емес, ой мен бі­лім­­нің ғасыры келгендігін үнемі қайталайтын Президент жастарға арқа сүйейтінін осы жолы да­ айтып өтті. «Сіздер, жастар, тәуелсіздіктің құрдасы болып табыласыздар. Сіздер басқа заманда өмірге келдіңіздер. Мына ұлы далада бабаларымыздың қаны мен тері төгілген. Сол кең даланы әрі қарай аман-есен алып барып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу – сіз бен біздің парызымыз» деді. Қазақстанды бүкіл дүниежүзі танығанын, еліміз үлкен құрметке бөленгенін тағы бір тілге тиек етті. «Болашақта осы жұмыстарды әрі қарай атқаратын сіздер бола­сыз­дар. Сондықтан, жасалып жатқан барлық шаруалар сіздер үшін! Біздің мойнымыздағы міндет болашақта жастарға жүктеледі» деді Президент. Қазақ жастарының бұл мақсат-міндетті жауапкершілікпен атқара­ты­нына сенімін де білдірді.Елбасының «Қазақстан -2030» жолдауында көрсетілген: «Қорытынды сөзімді жас ұрпаққа, Қазақстан жастарына арнасам деймін. Сіздер егемен Қазақстанда өмір сүріп жатқан азаматтардың бірінші ұрпағысыздар. Сондықтан да сіздердің алдарыңызда іске асырудың біз қол жеткізбек болған болашақты өздеріңіз бен балаларыңыз үшін өз қолдарыңызбен орнатудың шексіз мүмкіндіктері ашылып тұр. Ендеше Қазақстанның болашағы сіздердің қолдарыңызда»«Қазақстан – бақытты ел, Президенті танымды, халқы қарымды, досы көп ел екенін де мақтан тұтамыз. Ел тарихын тұлғалар жасайды. Тұлға – елдің тұғыры, Тұлға – елдің тұтқасы. Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осындай тұлға! 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Бір Отан! Бір тағдыр! Бір Елбасы!"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий хозяйством

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 040 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.01.2016 1642
    • DOCX 19.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Калдыбаева М К. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Калдыбаева М К
    Калдыбаева М К
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8513
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках математики у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 75 человек

Курс повышения квалификации

Особенности преподавания литературного чтения в условиях реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 197 человек

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика обучения информатике в начальной школе

Учитель информатики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 96 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 222 человека

Мини-курс

Сенсорные системы и развитие нервной системы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 83 человека из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 41 человек

Мини-курс

Психология обучения и развития детей: от садика до школы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Мини-курс

Психология семейных отношений: понимание, следствия и решения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 47 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 18 человек