Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Бір сабақ бойынша рефлексивтік есебі

Бір сабақ бойынша рефлексивтік есебі


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы Көкпекті орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Оспаонва Нұргүл Рамазанқызының бір сабақ бойынша

рефлексивтік есебі 

«Сабақ беру—үйреншікті, жай ғана шеберлік емес,

ол -үнемі жаңаны табатын өнер » 
М.Жұмабаев 


Деңгейлік оқыту бағдарламасымен танысып, оқып-үйренгенімді тәжірибе барысында жүзеге асырдым. Жеті модульді кіріктіре отырып, оқушылардың қызығушылығын ескеріп, оқуды ұйымдастырдым. Жалпы оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер сан алуан. Бірақ сол әдістер мен тәсілдерді тиімді қолдану ұстаздың міндеті.
Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай «Жақсы мұғалім деген атқа түрлі әдістерді меңгеріп,оларды оқытуда қолдана білу арқылы ғана жетуге болады. Сонымен қатар бірнеше әдісті меңгеріп қана қоймай,өзіне қажет әдісті тауып,пайдалана білуі керек». Осы идеяның аясында мен 1 «Б» сыныбында аймақтық ашық сабақ беруді жөн көрпдім. Ашық сабағымды сауат ашу пәнінен «Х дыбысы мен әрпі » тақырыбы бойынша өткіздім. Сабағымды оқушылардың бұрын білмеген басқа қырларынан танытуы мен ортақ белгісін табуға мүмкіндік туғызған ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырумен бастадым. Сабақтың басында оқушыларды ынтымақтастыру ортасын қалыптастыру мақсатында «Қайырлы күн, досым!» атты алты жолдық өлең шумақтарымен «Жылулық шеңберіне» хормен айтқызу арқылы өткіздім. Жаттығу нәтижесінде оқушылардың көңіл-күйі көтерілді. Оқушыларды қазақтың ұлттық ойны асық туралы мәлімет бере отырып, асқтың түстеріне қарай үш топқа бөлдім. hello_html_m677de44d.gifhello_html_43d45955.gif C:\Users\User\Desktop\рефлексивті есеп\IMG-20151127-WA0004.jpg

«Сенесің бе? » ойыны арқылы өтілген тапсырмаларға шолу жасаттым.Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады,себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады.(Мұғалімге арналған Нұсқаулық 41–бет)

C:\Users\User\Desktop\рефлексивті есеп\20151127_101015.jpg C:\Users\User\Desktop\рефлексивті есеп\20151127_101028.jpg

Олар бір-бірімен диалогтық қарым-қатынасқа түсті. Диалог барысында оқушылар келісілген нәтижеге жету үшін күш - жігерін жұмсайтын және Мерсер (2000) сипаттағандай,білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестіктер болып табылады. (Нұсқаулық 40-бет.) 
Сабақ тақырыбы мен мақсатын айқындауда бірізділікті сақтай отырып
, оқушылардың өздері анықтай алатындай мүмкіндік жасауға тырыстым. Сабақ тақырыбын айқындап алу үшін «Жасырын сөз» әдісін пайдаландым. Топ басшылары келіп жасырын сөзді алып, мағанасын топта талқылап, кітапхана , дәріхана, асхана, туралы ұғым-түсініктерін сыни тұрғыда ойлану арқылы жеткізе білді. Әрі қарай оқушылардың түсінік-танымын арттыруды көздей отырып, х дыбысы туралы жұмбақ жасырдым. Сол кезде Жанайым деген оқушым өз жауабымен таңғалдырды. Бұл оқушымның ойы ұшқыр, ерекше қабілетті екеніне көзім жетті.
Осыдан келіп, сабақ тақырыбын анықтап мақсатын шығара білді үш рет шапалақтау арқылы оқушыларға қолдау көрсетілді. Оқулықпен жұмы, сөздік жұмысы, дыбыстық талдау ашық айтты. Осы сабағымда оқушыларды жеке тұлға ретінде ала отырып, олардың іс-әрекет түрлерін қалыптастыру, өздік, дербес ізденуге баулу мақсатында Елбасы мейрамына қарсы үйде ата –анамен бірлесе отырып хат жазуды үйге тапсырған едім.

C:\Users\User\Desktop\рефлексивті есеп\20151127_102228.jpg C:\Users\User\Desktop\рефлексивті есеп\20151127_102615.jpg

Бұл тапсырма арқылы мен әрбір оқушыны өз бетімен оқуға, талдауға, ойын ашық айтуға өзін-өзі бағалауға жетеледім. Оқушыларымның ерекше қабілеттерін «Почта жәшігі» әдісі бойынша жүргізілген зерттеу жұмыстарынан байқадым. Осы әдіспен жұмыс жасату барысында оқушыларым сыни ойлау дәрежесінің жоғары екенін көрсетті.Оқушылардың зерттеу жұмыстары жоғары дәрежеде болды. Сабақ барысындағы мәселелерді шешу арқылы ауызекі сөйлесуге үйрету – оқушыларды қызықтырады. Оқушылардың креативтілігін дамытуға көңіл бөлдім. Көзбен көру және ауызша ақпарат көздерімен тікелей қарым-қатынас жасау балаларға дәйектеу дағдыларын шынықтыруға және жеке тәсілдермен білім алуға мүмкіндік береді, формалды түрде оқуды азайтады.Оқушылардың бойларын бір сергіту барысында ұлттық намыстарын ояту барысында «Мен қазақпын» атты сергіту сәтін өткіздім.

hello_html_2ea78898.gifC:\Users\User\Desktop\рефлексивті есеп\20151127_102811.jpg

Интерактивті тақтадан жаңа сөздерге байланысты слайдтар көрсетілді. Оқушыларға сұрақ-жауап әдісін пайдалана отырып, Қазақтың хандары туралы білетіндері ортаға салуларын ұсындым. Сол кезде нашар оқитын Толғанай деген оқушым тез әрі шапшаң, тиянақты жауап берді. Ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы сыни ойлату нәтижесінде диалогқа түсіріп, оқушы ойымен санасуға болады, яғни оқушы үнін ести аламыз. Толғанайдың бұл жауабына бір қуанып қалдық. Оқушыларға «Кітапхана » туралы мәтінді 3 топқа бөліп, екі оқушыдан оқыттым. Топтық жұмыс оқушылардың қызығушылығын, жауапкершілігін арттырады. Дәптермен жұмыс жасадық. Х дыбысының жазылу үлгісімен таныстырып. Дәптерге әдемі етіп жазып шығу тапсырылды. Менің мақсатым топта отырып оқушыларымның жұптық әңгіме арқылы сыни тұрғыда не ойлайтынын, олардың білім деңгейін көтеру үшін сабағымда қызығушылықтарын арттыру, оқушылардың не білетінін және нені жасай алатынын, сондай-ақ оларды нені жақсы көретінін, не істегісі келетінін түсіну. Осы орайда постер қорғау әдісі арқылы оқушылардың түсінік танымын арттыруды көздей отырып үш топқа тапсырма бердім.
1 – топ: буындардан сөз құрау, 2 – топ:х дыбысы бар суреттерді жапсыру, 3 - топқа Сөздерден сөйлем құрау.
Бұл тұста дарынды мен талантты оқушылырды анықтадым, сыни пікірлер айтып, бірін-бірі, өзін- өзі бағалауға дағдыланды. Ой ұшқырлығы, сөйлеу мәдениеті дамып, сөздік қоры молайды. Оқушылардың жеке ерекшелігін анақтау бағытында суретпен жұмыс жүргізілді, сурет бойынша әнгіме құрастыруда оқушылар арасында Қойылған сұрақтың салмағына қарай оқушының ойлау деңгейі мен сұранысының қай деңгейде екенін анықтадым. Осы тапсырманы орындағандар, Жанна, Әлихан, Ақылбек, Ерсін, С.Аружан деген оқушылар ойлау дәрежесінің жоғарылығын, ойының ұшқырлығын көрсетті. 
Білім берудегі оқушының жұмысының нәтижесі есебінде біз оқушыға баға қоямыз, алайда, біз осы күнге дейін көп жағдайда жиынтық бағаларды қолданып келдік те, оқушының өз білімін жетілдіруіне мүмкүндік бере алмадық , оқушы алған бағасы ол үшін білімінің көрсеткіші іспеттес болып қала беретін, ендігі жағдайда біз оқушыларымыздың білімін шектемей, оның білім алуына ынталандыру мақсатында формативті бағалауды көптеп пайдаланғанымыз дұрыс болады. Бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылау болып табылады.
Тақырыпты қаншалықты меңгергендігін анықтау мақсатында рефлекция жүргізіп отырдым. «
Бес саусақ » әдісі бойынша жаңа тақырыпты бекітуді жөн санадым. Осы сәтте орташа деңгейдегі оқушы Әсем белсенділік танытып алға суырылып шықты. Орташа деңгейдегі Ернұр да қалыс калған жоқ. Осы сабақ барысында біраз нәрселер қамтылды. Оқушылардың шығармашылық деңгейі қалыптысты. Смайлктарды таңдау арқылы кері байланыс ала алдым.

Менің осы сабағымда сәтті өткен, ойымнан шыққан «жұптасып ойлан, бөліс» әдісі болды. Бұл тек қана менің емес оқушыларыма да өте ұнады. Сергіту сәті кезінде де оқушылар өте жақсы белсенділік танытып қызығушылықпен орындады. Сұрақ- жауап кезінде де мен айтайын, мен шығам деген оқушылардың көшбасшылықтарын байқап, өзім іштей қуандым.

Қорыта айтқанда, сабақтағы жетістігім мына төмендегідей: 
-Оқушылар өз беттерінше ізденуге үйренді. 
-Мәселенің ең негізгі түйінін табуға дағдыланды. 
- Бір - біріне жоғары дәрежедегі сұрақтар қоюға машықтанды. 
- Сабаққа енжар қатысып отырған оқушыларда ерекше белсенділік пайда болды. 
- Ұжымдық, топтық, жұптық жұмыс істеу дағдылары дами бастады. 
Алдағы уақытты жаңаша оқытудың әдіс
- тәсілдерін қолдану арқылы өзгерістер болатынына сенімдімін. Әрине бір сарынды оқуға қалыптасқан баланы топтық жұмыспен еркін ұстау , жаңа тәсілдермен оқыту қиынға соқты. Бірақ, оқушыларыма бұл әдіс - тәсіл бойынша оқыту мен оқу қатты ұнады. Мұғалім бүгін қызықты не әкелді екен? Сабақ қалай өтеді? дегенді көздерінен оқып, маған да сабақ беруіме бір жаңаша құлшыныс пайда болды. 
Қорыта келгенде, бұл жеті модуль идеяларын күнделікті іс- тәжірибемізге ендірсек, жоғарыда айтылғандай кедергілерден арылармыз деген ойдамын.


C:\Users\User\Desktop\рефлексивті есеп\20151127_100559.jpgC:\Users\User\Desktop\рефлексивті есеп\20151127_100701.jpg

C:\Users\User\Desktop\рефлексивті есеп\20151127_101433.jpgC:\Users\User\Desktop\рефлексивті есеп\20151127_101452.jpg

C:\Users\User\Desktop\рефлексивті есеп\20151127_101500.jpgC:\Users\User\Desktop\рефлексивті есеп\20151127_102219.jpg

C:\Users\User\Desktop\рефлексивті есеп\20151127_102228.jpg C:\Users\User\Desktop\рефлексивті есеп\20151127_102338.jpg






Автор
Дата добавления 28.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров193
Номер материала ДВ-388323
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх